Скачать 1.24 Mb.
|
І.2. Жасөспірімдер арасындағы ауытқушылық мінез-құлықтың шығу себептері мен факторлары Адам өмірге келген сәттен бастап үлкен әлеуметтік ортаға тап болады. Оның осы ортада өзін нық, еркін сезінуі мен үйлесімді дамуы үшін көптеген факторлар қажет. Қазіргі көпмәдениетті қоғамда балаға сырттан әсер етуші жағдайлар оның жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғасына ауқымды әсерін тигізеді. Ст.Холл «бала толыққанды дамуы үшін өз халқының сезімдері мен көзқарастарын басынан өткеруі қажет»(17.) деп санайды. Қандай да олқылығы бар баланың даму жағдайы, әдетте қолайсыз, жағымсыз болады. Ол баланың дамуына кері тиетін тәрбиелеуші шағын әлеуметтің сипаттарынан тәрбиелеу-оқыту үрдістерінен және ықпал еткен тәрбиеленушілердің ішкі ұстанымынан құралады. Балалалардың әлеуметтік-педагогикалық олқылығының пайда болу тетігі мен дамуы баланың тұлға болуға деген қажеттілігі мен сондай болу мүмкіндігінің арасындағы қайшылықтар негізінде іске қосылады. Баланың персонализациялануға ұмтылуы оған қатысты референттік топтардың ( бірінші отбасының, одан кейін балалар бақшасындағы және мектептегі құрбыларының ( оның әлеуметтік қалыптарға сай емес жеке дара көріністерін қабылдағысы келмейтіндігімен және құрбыларының жас ерекшелігіне байланысты мұндай ұстанымы педагогтердің және ата- аналардың олқылығы бар балаларға қатынасы негізінде қақтығысқа түседі. Әлеуметтік – педагогикалық олқылық ерте балалық шақтан, шамамен үш жастан басталады, яғни баланың өзіндік санасының, мінез – құлқының ережеге сәйкестігінің және нормативтік іс-әрекетінің дами бастаған шағымен қатар келеді. Жағымсыз даму жағдайында олқылықтардың сандық белгілері мен көріністері жинақталып қалады. Ерте зерттеу, алдын алу және түзету жұмыстары олардың жоғары нәтижелі маңызына ие. Ауытқушы (девианттық) мінез-құлық деп қоғамда қалыптасқан нысандарға сәйкес емес әлеуметтік мінез-құлықты айтамыз ( И.Невский). Белгілі әлеуметтанушы И. Кон девианттық мінез-құлықты психикалық денсаулық, құқық, мәдениет немесе адами қалыптарының жалпы қабылданған қалыптардан ауытқыған іс-әрекет жүйелері ретінде қарастырады. Бейімделуші мінез-құлықтың тұжырымына сәйкес кез келген ауытқушылық бейімделудің бұзылуына алып келеді (психикалық, әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық, қоғамдық). Балалар мен жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқушылық көріністері олардың адамгершілік және әлеуметтік дамуы жағынан дара ерекшеліктер мен тұлғалық көріністеріне, нақты жағдаяттар мен өмір жағдайларына және іс-әрекеттеріне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Мінез-құлықтық реакция бір рет немесе жүйелі түрде әсер ететін өмірдің жағымсыз жағдайларымен және шарттарымен негізделеді. Соңғы жағдайда нақ осы немесе басқа ахуалға алып келетін мінез-құлықтағы өзгерістер біртіндеп тойтарыс беруді, қарсы шығуды, кетіп ұялуды, агрессияны келтіре аламыз. Бұл реакциялардың көрінуі нысандары өте көп болуы мүмкін. Олар әрдайым жойылуымен қоса бұл да жоғалады. Бірақ, ондай жағдайлар жиі қайталанып, бірінің үстіне бірі қатпарлана берсе, онда реакциялар беки түседі және басқа типтегі мінез-құлықтың дамуына алып келетін тұрақты психологиялық кешендер туындайды. Жасөспірімдердің мінезіндегі ауытқушылықтың себептері мен факторларына тоқталып өтсек:
Жасөспірімдер мен балаларға қоршаған адамдардың немқұрайдылығы зейін қоймауы негізінде дамитын әлеуметтік-педгогикалық бақылаусыздық бұл тізбектегі ерекше рөл мен мағынаға ие. Нәтижесінде жалғыздық, қараусыз қалғандық, қажетсіздік, қорғансыздық сезімдері, жасөспірімдердің пікірінің, тағыдырының қызығуы мен икемділіктерінің өз бетінше ұйымға, кооперацияға, өзін-өзі ұйымдастыруға ұмтылуына алып келеді. Қазіргі кездегі жасөспірімдердің жүрген ортасы қолайлы емес. Өйткені, бала ауытқушылық мінез-құлықтың әр түрлі нысандарын мектепке бара жатқанда да, аула мен қоғамдық орындарында да, тіпті үйде де көреді. Дәстүрлі ұлттық құндылықтар нормасының босауы, ата-ананың, әсіресе, отбасындағы әке беделінің төмендігі, мінез-құлықтың тұрақты үлгілері мен моралдық шекаралардың жоқтығы, әлеуметтік бақылаудың босаңсуы жасөспірімдер ортасындағы ауытқушы және өзін-өзі жоюға мінез-құлықтың өсуіне ықпал етеді. Балалалар мен жасөспірімдердің дамуы мен мінез-құлқына кері әсер ететін сыртқы факторларға мыналарды жатқызуға болады:
Жасөспірімдердің түрлі себептермен мектепке бармай қалуы да туындайды. Баланың мектепке бармай қалуының айтарлықтай жиілеп кетуі оны психиатрға қаратуға себеп болады. Кездейсоқ себептерден кездесіп қала беретін төтенше жағадайлар мүлде әр түрлі көріністе болып келуі мүмкін: ата-анасының шешімімен кішкентай інісін немесе қарындасын қарап отыруға баланың үйде қалдырылуы, немесе баланың өз бетімен лағып кетуге бейімділігі, немесе мектпеке барудан қасақана бас тартуы сиықты келтірілген сылтаулардың барлығы оның эмоциональды бұзылуына байланысты болатындықтан, мектепке бармай қалуына осы кінәраты себеп болуы мүмкін. Мектепке барудан бас тартуы – оның сабаққа қатысқысы келмегендігінен, өз кезегінде әр түрлі механизмдердің ықпалы себеп болуы да мүмкін. Бұл жағдайлардың бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар екенін көрейік. Схематикалық процедураның талдауы. 1-суретте келтірілген. Б ![]() ![]() ![]() ![]() (бетімен лағып кеткен) бала мектепке барудан баланы үйде ![]() ![]() ![]() ![]() көліктік мектептен айырылып әлеуметтік фобия қорқу қалу байланыстан әлеуметтік қорқынышты қашқақтау фобия Ең алдымен сабаққа қатыспай лағып жүрген баланың немен айналысатынын анықтау қажет. Егер үйден шығып мектепке кеткен бала сабаққа қатыспаған болып шықса, онда ол кино қарауға театрға кетуі, немесе жолдастырымен ойнап кетуі, немесе басқа бір жерлерде тағы бірдеңелермен айналысып жүруі әбден мүмкін екендігі ешқандай да күмән туғызбайды. Егер бұл шындығында осылай болған болса, онда ата-анасы баланың мектепке бармай, өз бетімен лағып жүретіндігінен мүлде хабарсыз екені әбден мүмкін. Ол мектепке бармай өз бетімен лағып жүрген уақыттарда басқа да қылмысты теріс қылықтарға баруы немесе әлеуметтік жағымсыз әрекеттерге ұрынуы ықтимал. Егер баланың психикалық күйзелісі бұрыннан да бар болса, онда оның ықтимал диагнозы әлеуметтік дезадаптация болуы мүмкін (мектепке бармай, өз бетімен лағып кететіндердің көпшілігінде, әлбетте, болмайды). Егер баланың мектепке бармай үйде қалғаны ата-анасына мәлім болса, онда олардың өздері қалдырғаны немесе баланың өзі мектепке барудан бас тартқаны. Бірінші жағдайда баланың мектепке баруына ата-анасының мүмкіндік бермегені, ал, екіншісінде баланың мектепке өзі барғысы келмегені туралы мағлұматтарды ескерген дұрыс. Егер баланың мектептен бас тартқаны туралы сөз болса, онда біз: мектептен қорқуы, ата-анасынан айырылып қаламын деп қорқуы, әлеуметтік фобия, көліктік фобия немесе әлеуметтік байланыстан қашқақтауы сияқты әр түрлі себептердің нәтижесінде пайда болған эмоциональды күйзелістермен істес боламыз. Әрбір жағадайда бір-екі мәселенің жәрдемімен ықпал жасайтын бұзылу механизмдерінің сипатын анықтауға болады. Біріншіден, бала үйде немесе жолдастарымен болғанда өзін қалай ұстайтынын анқытау пайдалы. Егер оның денсаулығы бірқалыпты жақсы және көңіл-күйі шат-шадыман болып көрінсе, онда біз оның мектепке барудан бас тартуының негізі әлеуметтік байланыстан қашқақтауға тырысуынан деп ұйғаруға толық құқымыз бар. Егер ол қайғыға батып тұнжырап жүретін болса, өзін бақытсыз санап, ешкіммен араласпай жалғызсыраған байғұс болып көрінсе, жолдастарымен қосылып ешқандай жүрмесе және көңіл тоқтатып тереңірек ойлайтын қабілеті төмен болса, онда оның мектепке барудан бас тартуы депрессия түріндегі немесе өте сирек кездесетін шизофрения түріндегі айтарлықтай жиі таралған эмоциональды күйзелістің негізінен деп санауымызға толық дәлел болады. Екіншіден, мектепке барғысы келмеудің сабақ кестесіне байланысының бар-жоғын білу қажеті. Егер баланың мектепке барудан бас тартуының себебі кесте бойынша француз тілі сабағы болатындықтан немесе өзінің жалығып ұзақ отырып қалуына тура келетін қосымша сабақтың күндеріне ылғыи да сәйкес келіп тұратын болса, оның бас тартуы мен мектептегі белгілі бір жағдайдың арасында берік байланыстың бар екенін көрсетеді. Онан кейін қаралатын үшінші мәселе: сабаққа бармай қалу үй ішінің оқиғасына байланысты ма? Бұл симптом шешесінің депрессиясын немесе әкесіне жұмыс істеткізбейтін оның бір ауруын асқындыра ма? Шешесінің жұмысқа үйден шығып кеткен тап сол мезгілі бұл симптомды қоздырып өршіткен жоқ па? Симптомның үй ішіндегі оқиғаға тәуелділігінің ашылуы оның үй ішіндегі немесе отбасындағы жағадайларға байланысты пайда болуына баланың мазасызданып алаңдаушылық туғызуы маңызды рөл атқаратындығы ықтимал екендігін ескертеді. Осыған ұқсаған мінез-құлықтың өте кең таралған механизмдері баланың ата-анасынан айырылып қалу қорқынышынан болады. Мұндай жағдайда баланың жақын туыстарынан айрылысқан кездегі оған тигізетін әсердің өзіне тән бейнесін анықтау қажет. Балалар мен жасөспірмдердің тұлғасындағы және мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың алдын алу оларды психологиялық иммунизациялауды қажет етеді, яғни, әлеуметтік-құзырлы адам болып қалыптасуы үшін мінез-құлықтың психогигиеналық дағдыларына дұрыс таңдай жасай алу біліктерін үйрету. Бұл мақсаттарды орындау үшін қоғамдық дағдарыстың жағымсыз әсерлерін жоятын және түзейтін әлеуметтік-педагогикалық жағдайларды құруға бағытталған мектеп саясатын жүйелеу қажет. Оған мынадай бағыттарды енгізуге болады:
Жасөспірмдердің тұлғалық және әлеуметтік құзырлығын қалыптастыруда, жағымсыз мінез-құлық көріністері түзетуді олардың жағымды «Мен» бейнесін дамытудың, өзін-өзі құрметтеу сезімін, сындарлы ойлау қабілетін, әлеуметтік маңызды мақсаттарды қоя білу білігін және жауапты шешімдер қабылдай алуды дамытудан бастаған жөн. Жасөспірім салауатты өмір салтын калыптастыра алуы үшін оған эмоциясын игере алуға, үйренуді, қақтығысты жеңе алуға үйрету қажет, сынды, өзін-өзі қорғауды, басқа адамдар тарапынан шыққан қысымға қарсылықты агрессиясыз қабылдау әдіс-тәсілдеріне баулуды, зиянды әдеттерге қарсы тұруға үйретуді, қабылдау тәсілдеріне баулуды, зиянды әдеттерге қарсы тұруға үйретуді, салауатты өмір сүруге және пайда болған мәселелерді әлеуметтік-жағымды құралдарымен шешеуге мүмкіндік беретін құндылықтармен қатар қалыптастыру қажет. Балалар мен жасөспірімдер тұлғасы мен мінез-құлқындағы ауытқушылықтың тың алдына алу жұмыстары тек мыналардың негізінде жүзеге асса ғана тиімді болады:
Соңғы жағдай тікелей түрде әлеуметтік қорғалумен байланысты. Оған мыналар кіреді:
Бұл талаптарды орындау жасөспірімдердің барлық топтарымен және типтерімен өткізілетін оқу-тәрбие жұмыстарын педагогикалық дифференциация жолымен жүргізуге мүмкіндік береді. Жоғары да көсретілген талаптарды орындаған жағайда жасөспірімдерге көрсетілген көмектің жиынтығы тұлғаның бірқалыпты үйлесімді дамуын қамтамасыз етеді. |