Р/с № | Іс-шара | Аяқталу нысаны | Орындау үшін жауаптылар | Орындау мерзімі | Болжанатын шығыстар (мың теңге) | Қаржыландыру көзі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. Заңнаманы жетілдіру және үндестіру жөніндегі заң шығару жұмысы |
1 | Қазақстан Республикасының: 2005 жылғы 16 мамырдағы Адам саудасына қарсы іс-қимыл жасау туралы Еуропа Кеңесінің конвенциясына; 2007 жылғы 25 қазандағы Балаларды сексуалдық пайдаланудан және сексуалдық сипаттағы қол сұғушылықтан қорғау туралы Еуропа Кеңесінің конвенциясына; 2005 жылғы 25 қазандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Адам саудасына, адам органдары мен тіндерін сатуға қарсы күрестегі ынтымақтастығы туралы келісімге қосылуының орындылығы туралы мәселе бойынша ұсыныстар әзірлеу * | ВАК-қа ұсыныстар | ІІМ (жинақтау), Әділетмині, СІМ, БП (келісім бойынша), АҚК (келісім бойынша) | 2015-2016 жылдар | талап етілмейді | - |
2 | Қазақстан Республикасының Еңбекші мигранттар туралы № 97 ХЕҰ-ның конвенциясына және Үй қызметшілері туралы № 189 ХЕҰ-ның конвенциясына қосылуының орындылығы туралы мәселе бойынша ұсыныстар әзірлеу ** | ВАК-қа ұсыныстар | ДСӘДМ (жинақтау), Әділетмині, СІМ, БП (келісім бойынша), АҚК (келісім бойынша) | 2015-2016 жылдар | талап етілмейді | - |
3 | Жәбірленушілерге адам саудасына байланысты қылмыстардан келтірілген зиянның орнын толтыру туралы мәселені заңнамалық деңгейде пысықтау ** | ВАК-қа ақпарат | БП (келісім бойынша) | 2015 жыл | талап етілмейді | - |
4 | Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттарды беру/алу тәртібін жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыру ** | ВАК-қа есеп | ДСӘДМ, ІІМ | жыл сайын | талап етілмейді | - |
2. Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі ұйымдастырушылық-практикалық іс-шаралар |
5 | Адамдарды заңсыз әкетумен, әкелумен және олардың саудасына қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, сондай-ақ әкімдіктердің жанында жұмыс істейтін осыған ұқсас өңірлік комиссиялардың жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету ** | ВАК отырысы | ІІМ (2014-2015 жылдар) ДСӘДМ (2016-2017 жылдар) Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдіктері (2015-2017 жылдар) | 2015-2017 жылдар (жарты жылдықта кемінде бір рет) | талап етілмейді | - |
6 | Адам сатушылардың қылмыстық кірістерін анықтауда, бақылауда және тәркілеуде қаржылық мониторинг органдарының қатысу нәтижелеріне, сондай-ақ осы органдардың құзыретті құқық қорғау органдарымен осы жұмыста өзара іс-қимыл жасасуының тиімділігін арттыру жолдарына талдау жүргізу * | ІІМ-ге ақпарат | Қаржымині, ІІМ, БП (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша) | 2015 жыл | талап етілмейді | - |
7 | Мыналар: 7.1 адам саудасына, адамның органдары мен тіндерін сатуға байланысты қылмыстарды анықтау, ашу және тергеу бойынша; 7.2 адам органдарының, тіндері мен жасушаларының трансшекаралық заңсыз айналымының, трансплантациялау практикасын регламенттейтін заңнаманы бұзудың алдын алу, жолын кесу, анықтау және тергеу бойынша; 7.3 шекара маңы ынтымақтастығы шеңберінде заңсыз көші-қон және адам саудасы арналарын жабу бойынша; 7.4 мақта алқаптарында, темекі плантациялары мен құрылыс нысандарында еңбек етуші заңсыз көшіп-қонушылардың мәжбүрлі еңбек етуін және балалардың еңбегін пайдалануды болдырмау бойынша **; 7.5 қолдан жасалған паспорттарды, визаларды және өзге де құжаттарды заңсыз дайындауды және олардың айналымын анықтау, жолын кесу және тергеу бойынша; 7.6 адам сатушылардан қылмыстық жолмен алынған, оның ішінде мемлекеттік шекаралар арқылы өткізілетін кірістерді анықтау, бақылау, тәркілеу бойынша; 7.7 Интернет желісіндегі порнографиялық сайттарды анықтау және жою, Интернет желісінде порнографиялық сипаттағы порнографиялық материалдарды заңсыз дайындауға және олардың айналымына қатысы бар адамдардың құқыққа қарсы әрекетін анықтау, жолын кесу және тергеу бойынша бірлескен кешенді және/немесе келісілген ведомствоаралық профилактикалық, жедел-іздестіру іс-шаралары мен арнайы операциялар өткізу * | ВАК-қа ақпарат | ІІМ ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша), Қаржымині ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша) ІІМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдіктері, ДСӘДМ, БҒМ, БП (келісім бойынша) ІІМ, БП (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша) ІІМ, Қаржымині, ҰҚК (келісім бойынша) ІІМ, ИДМ, БП (келісім бойынша) | жыл сайын | талап етілмейді | - |
8 | Қазақстанның балаларын асырап алу саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша тексерістер жүргізу * | ВАК-қа ақпарат | БҒМ, БП (келісім бойынша), СІМ | жыл сайын | талап етілмейді | - |
9 | Адам саудасына қарсы іс-қимыл саласында уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау мәселелері бойынша қызметкерлерді бекіту * | бұйрық | БП (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша) | 2015 жылдың бірінші жарты- жылдығы | талап етілмейді | - |
10 | Қылмыстық қудалау барысында сенімді дәлелдеме базасын құру мақсатында адам сатушылардың қылмыстық әрекеттерін тіркеудің жедел-іздестіру әдістері мен техникалық құралдарын басымды пайдалану * | ВАК-қа ақпарат | ІІМ, БП (келісім бойынша) | жыл сайын | 017 «Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде (ІІМ) | РБ |
11 | Адам сатушылардан қылмыстық кірістерін, оның ішінде мемлекеттік шекаралар арқылы өтетін кірістерін анықтауға, бақылауға және тәркілеуге бағытталған бірлескен кешенді және/немесе келісілген ведомствоаралық профилактикалық, жедел-іздестіру іс-шаралары мен арнайы операциялар өткізу тәжірибесімен алмасу мақсатында ТМД органдарының отырыстарына қатысу * | ТМД органдарының жұмысына қатысу | ІІМ, БП (келісім бойынша), МҚІСҚА (келісім бойынша), Қаржымині | жыл сайын | 005 «Шетелдік іссапарлар» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде (СІМ) және 001 «Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстық-атқару жүйесі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттік саясатты айқындау және оның іске асырылуын ұйымдастыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша (ІІМ) | РБ |
12 | Балаларды пайдалану, сондай-ақ оларды халықаралық құқық кәмелетке толмағандарды пайдалану ретінде саралайтын құқық бұзушылықтарды жасауға тарту фактілерін анықтауды, жолын кесуді және тергеуді жандандыруға бағытталған қосымша ұйымдастырушылық шаралар қабылдау * | ВАК-қа ақпарат | ІІМ, БП (келісім бойынша), БҒМ | жыл сайын | талап етілмейді | - |
3. Адам саудасы құрабандарына көмек көрсету жөніндегі ұйымдастырушылық-практикалық іс-шаралар |
13 | Адам саудасы құрбандарына күнделікті көмекті нақты көрсететін коммерциялық емес (үкіметтік емес) қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік қаржылық және өзге де көмек, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде көмек көрсетуді жалғастыру және осындай көмекті көрсету практикасын жетілдіру бойынша шаралар қабылдау * | Астана, Алматы қалаларының және облыстардың дағдарыс орталықтарының қызметі | Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдіктері | жыл сайын | 2015-2017 жылдарға арналған жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат шегінде Астана қаласының әкімдігі 2015 жылы - 3 000,0 2016 жылы - 3 000,0 2017 жылы - 3 000,0 Алматы қаласының әкімдігі 2015 жылы - 700,0 2016 жылы - 700,0 2017 жылы - 700,0 Ақмола облысының әкімдігі 2015 жылы - 1 785,7 Ақтөбе облысының әкімдігі 2015 жылы - 1 000,0
|