АҚпараттық коммуникативтік технология қҰралдары көмегімен көрнекілік принципті жүзеге асыру әдістемесі




Скачать 44.06 Kb.
НазваниеАҚпараттық коммуникативтік технология қҰралдары көмегімен көрнекілік принципті жүзеге асыру әдістемесі
Дата конвертации13.02.2016
Размер44.06 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://enu.kz/repository/repository2012/74.doc
ӘӨЖ. 378.016.02:004.9(574)

АҚПАРАТТЫҚ - КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯ ҚҰРАЛДАРЫ КӨМЕГІМЕН КӨРНЕКІЛІК ПРИНЦИПТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ


Досыбекова А.Қ.


М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Шымкент қ.


Ғылыми жетекшілері: Алдешов С.Е. – п.ғ.к., доцент, Бүркіт Ә.Қ. – аға оқытушы


Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту - оқу үдерісінде, оның ішінде жалпы орта мектептің 7-11 сынып информатика пәндерін оқытуда оқу құрал-жабдықтарды тиімді қолдану болып табылады. К.Өстеміров қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдарын былайша жіктейді: заттарды және объективтік шындықтың құбылыстарын шартты құралдармен (сөз, белгі, графика) көрсететін оқу құралдары текстік кестелерді, схемаларды, графикаларды, диаграммаларды, жоспарларды, карталарды, оқу кітаптарын: оқулықтар мен оқу құралдарын, есептер жинақтарын, өзіндік жұмысқа арналған нұсқауларды, дидактикалық материалдарды және т.б. қамтиды [1].

Өз кезегінде білім берудің техникалық құралдары ерекше топты құрайды. Бұл оқу құралдары оқу үдерісі барысындағы хабарларды тарату құралы болып табылады және ол үшін арнайы техникалық жабдықтар қажет болады. Оларға жататындар: транспаранттар, диафильмдер және кинофильмдер, видеофильмдер, дыбыстық таспа жазбалары, компьютерлік бағдарламалар және т .б.

Техникалық құралдар тобына сонымен қатар түрлі проекциялық және дыбыстық аппаратуралар (кинопроекторлар, диапроекторлар, графопроекторлар, магнитофондар, бейнемагнитофондар); тренажёрлар, әмбебап техникалық құралдар, лингафондық құралдар, электрондық - есептеу техникасы жатады.

Оқытудың техникалық құралдарының ішінде қабылдауға арналғандары жиі қолданылады. Олар: 1. Оқытудың экрандық құралдары; 2. Оқытудың дыбыстық құралдары; 3. Оқытудың экрандық – дыбыстық құралдары.

Ал, компьютерлік техниканың (ақпараттық және коммуникациялық технологиялар құралдары) оқытудың басқа құралдарына қарағанда өзіндік ерекшеліктері мен артықшылықтары бар, қолдану мүмкіндігі де кеңірек.

Ақпараттық-телекоммуникациялық технология құралдарын кешенді қолдануда мына төмендегі мәселеге басты назар аударылады:

1.Өтілетін тақырыпқа қатысты оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін анықтап алу;

2.Оқушылардың оқулықтағы игеретін материал көлемін анықтап алу;

3.Оқушылардың танымдық тәжірибелерін есепке алу;

4.Білім мазмұнына элементарлық талдау жасау (оқулық қолданылады);

5.Білімнің тізбектей берілуін анықтаумен қатар, дағдылары мен ебдейліктерін де біртіндеп қалыптастыру;

6.Білуге қарай біртіндеп қадам жасау;

7. Әрбір қадамның әдістемелік жүйесін жасау:

а) Оқушылардың танымдық қызметін модельдеу;

ә) Оқыту әдістерін жобалау;

б) Кері байланыс жасау тәсілдерін жобалау;

в) Оқыту құралдарының құрамы мен қолданылу мүмкіндігін анықтап алу;

Оқу құралдары жүйесінің қалыптасуы – білім беру құралдарының түріне өзіндік белгілері бойынша классификациялау ғана емес, сонымен қатар дидактикалық қасиеттері мен қызметтерін білуді де қажет етеді.

Дидактикалық қасиеттер дегеніміз – оқу құралдарының басқалардан айырмашылықтары көрсетілетін белгілері мен дидактикалық функцияларда (қызметінде) көрініс табатын өзіндік ерекшеліктері. Дидактикалық қасиеттер тек қана оқу құралдарына тән болып келетін мүмкіншіліктерді ғана қамтиды. Оқу-тәрбие жұмысында түрлі әдістерді қолданудың объективтік бағыттары ретінде қарастырылатын дидактикалық функциялар мен дидактикалық қасиеттердің өзара байланыстары болып отырады. «Дидактикалық қасиет» пен «дидактикалық мүмкіндік» ұғымдарының өзара жақындығынан да болар, педагогикалық әдебиетте оларды бірге қарастыру дәстүрге айналған [2].

Оқыту құралдарының әрқайсысының дидактикалық қызметтерінің әртүрлі болып келетіндігіне қарамастан, олардың барлығына тән ортақ қызметтері бар. Атап айтқанда:

– оқушылар қабылдаған хабарларды ұғынып түсінуді, түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыруды қамтамасыз ете алатын көрнекілік қызмет;

– хабарлау қызметі, өйткені оқу құралдары білімнің нақты көздерінің бірі болып саналады, яғни белгілі бір хабарларды жеткізушінің рөлін де атқара береді;

– орнын толтырушылық қызмет оқу үдерісін жеңілдетеді, көздеген мақсатқа көп күш, денсаулық , уақыт жұмсамай жетуге бағытталған;

– бейімдеушілік қызмет оқу үдерісіндегі қолайлы жағдайлар туғызуға, демонстрацияларды, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруға, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты ұғымдар мазмұнының бірдей болуына, білімнің бір қалыпты сабақтастығына бағдар алған;

– интегративтік қызмет, белгілі бір объектіні немесе құбылысты тұтастай да және оның бір бөлшегі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Бұл қызмет оқу құралдарын кешенді түрде қолдану мен жаңа ақпараттық технологияның құралдарын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Оқытудың негізіне бақыланушы обьектілерді қабылдау жатады. Не нәрсені қандай тәсілмен білгіміз келсе де, біз барлығынан бұрын сезім мүшелерімізге жүгінеміз. Адам тыңдаса, оқыса, бақыласа - барлығынан бұрын жұмысқа оның сезімі мен қабылдауы қосылады, содан соң - есте сақтау, біріктіру, пайымдау, ақпаратты шығармашылық өңдеу жүзеге асады. Егер мұғалім оқушының танымдық іс-әрекетіне әсер еткісі келсе, онда ол алдымен оның сезім мүшелеріне әсер етеді, осы талдағыштар арқылы адам ақпарат алады [3].

Демек, мектептің информатика мұғалімдерінің алдында қойылған жаңа да күрделі міндеттерге, адам үшін қажетті білім көлемінің өсуіне байланысты оқыту үдерісінде оқушыға ұсынылатын талаптар да өзгерді. Оқушы оқу материалының мазмұнын жай ғана еске түсіру мен қалпына келтіру жеткіліксіз болып, олардың өздері білім беру үдерісіне қатысуы, өз білімін өзіндік толықтыру дағдысы мен жылдам дамыған ғылыми және техникалық ақпарат ағысында бағдарлану маңызды болып табылады.


Әдебиеттер

1.К.Өстеміров. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. Алматы, 2007. –Б.32-33.

2.Қ.Қоянбаев. Педагогика. Алматы, 2000. 201-202-бет.

3. А.Фридман. Педагогика и психология. Москва, 1993. 25-26-бет.

Похожие:

АҚпараттық коммуникативтік технология қҰралдары көмегімен көрнекілік принципті жүзеге асыру әдістемесі iconАҚпараттық-білімдік порталдар жағдайындағы модераторлық ­іс-әрекет әдістемесі
Нұрғалиева Г. К., Ахметова Г. Б. Ақпараттық-білімдік порталдар модераторы іс-әрекетінің әдістемесі. – ҰАО, Алматы. – 52 б
АҚпараттық коммуникативтік технология қҰралдары көмегімен көрнекілік принципті жүзеге асыру әдістемесі iconАқпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау әдістемесі
«Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың орталық және жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайын...
АҚпараттық коммуникативтік технология қҰралдары көмегімен көрнекілік принципті жүзеге асыру әдістемесі iconРеферат Ғылыми жетекші: п.ғ. д., профессор Е. Ы. Бидайбеков Қызылорда, 2012 жыл Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Информатика және иоә»
Мүмкіндігі шектеулі балаларға мектептерде ақпараттық-қатынастық технологиялар көмегімен білім беру әдістемесі
АҚпараттық коммуникативтік технология қҰралдары көмегімен көрнекілік принципті жүзеге асыру әдістемесі icon2001 жылғы 20 сәуірдегі №120 Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру
«Сақтандыру қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы...
АҚпараттық коммуникативтік технология қҰралдары көмегімен көрнекілік принципті жүзеге асыру әдістемесі iconРеферат Диссертацияның көлемі және құрылымы
«Lotus құралдары көмегімен оқыту процессін ақпараттандыру» атты диссертациялық жұмысына
АҚпараттық коммуникативтік технология қҰралдары көмегімен көрнекілік принципті жүзеге асыру әдістемесі icon60 кесте. Kase ішкі құжаттарының, сондай-қа 2011 жылда бекітілген Kase ішкі құжаттарына енгізілген өзгертулердің тізімі Жалпы бөлім
Комментарийлер: мүдделі тұлғалар (соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары) және өз персоналының қарым-қатынастар аясындағы kase...
АҚпараттық коммуникативтік технология қҰралдары көмегімен көрнекілік принципті жүзеге асыру әдістемесі icon«№3 Успен жалпы орта білім беру мектебі»
Технология сабағында ұлттық тәрбие берудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша...
АҚпараттық коммуникативтік технология қҰралдары көмегімен көрнекілік принципті жүзеге асыру әдістемесі iconЖалпы білім беру, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелер басшыларына
Жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету Мемлекеттік Бағдарламасын жүзеге асыру аясында, 2009...
АҚпараттық коммуникативтік технология қҰралдары көмегімен көрнекілік принципті жүзеге асыру әдістемесі iconҚР Әділет министрлігінде тіркелген
Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюта операцияларының мониторингін жүзеге асыру
АҚпараттық коммуникативтік технология қҰралдары көмегімен көрнекілік принципті жүзеге асыру әдістемесі iconФизика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті
Статистикалық және динамикалық Web-беттер. Web-қосымшаларды жасау құралдарына шолу. Web-қосымшаларды жасаудың аспаптық құралдары....
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница