Астана 2015 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығы базасында әзірленген




НазваниеАстана 2015 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығы базасында әзірленген
страница1/24
Дата конвертации13.02.2016
Размер3.33 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://rc-dd.kz/wp-content/uploads/2015/03/Типтік-бағдарлама-сайт.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24


ЖОБА


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы «___» ___№__

бұйрығымен бекітілген


Қазақстан Республикасы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың

жалпы білім беретін типтік бағдарламасы


Астана

2015


Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

«Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығы базасында әзірленген


УДК 373.2

ББК 74.100

0-28


0-28 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ / - АСТАНА, 2015. - 191 БЕТ.


Пікір жазғандар: А.Е.Жұмабаева, п.ғ.д., профессор

С.Н.Жиенбаева, п.ғ.д.

С.Д.Дүйсенбенова, әдіскер


ISBN 9965-810-74-5


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасы мектепке дейінгі ұйымдарды және ата-аналар қауымдастығын оқу-тәрбиелеу үдерісімен қамтамасыз етуге арналған. Типтік бағдарлама мазмұны баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін мектепке дейінгі педагогика мен жас ерекшеліктері психологиясының негізгі ережелеріне сәйкес және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша білім беру салаларын кіріктіру ұстанымдары ескеріле отырып әзірленді.


Типтік бағдарлама «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығының Ғылыми- әдістемелік кеңесінде (№4 хаттама 20 қазан 2014 ж) қаралып ұсынылған.

«Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қорытынды сараптамасы берілді және Осы типтік бағдарлама сынақтан өткізуге ұсынылды (23.12.2014 ж. кіріс номері №02-2/2671).


УДК 373.2

ББК 74.100

ISBN 9965-810-74-5


© «Мектепке дейінгі балалық шақ»

Республикалық орталығы , 2015

І. ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатындағы басым бағыт болып табылады. Еліміздің зияткерлік әлеуетінің болашағы

балаларға мектепке дейінгі сапалы білім беру мен ерте жастағы балалардың қабілеттерін дамытудың қоғамдағы орны өте маңызды.

Қазақстанның қазіргі кезеңдегі білім беру саясаты, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуіне байланысты, ең алдымен мектепке дейінгі білім беру жүйесіне бала қабілетін ашатын алғашқы саты ретінде жоғары талаптар қояды және жаңа, тиімді психо-педагогикалық тәсілдер табуды жеделдетуді көздейді.

Қазіргі кезеңде республиканың мектепке дейінгі ұйымдарының білім беру үдерісінде негізгі білім беру бағдарламалары «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» және «Қайнар», «Балбөбек», «Қарлығаш», т.б. балама бағдарламалар қолданылуда.

Мектепке дейінгі білім беру мазмұнының мониторингі көрсеткендей, бағдарламалардың көптігі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының тұтастығы мен сабақтастығын қамтамасыз ете алмағандықтан, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы педагогикалық үдерісті қамтамасыз ететін бірыңғай типтік білім беру бағдарламасын (бұдан әрі - Типтік бағдарлама) әзірлеу қажеттілігі пайда болды.

Типтік бағдарлама отандық және шетелдік ғылым мен тәжірибелердің соңғы жетістіктері ескеріле отырып әзірленген мектепке дейінгі ұйымдарға арналған жалпы білім беретін бағдарламалық құжат болып табылады.

ЮНЕСКО-ның «Барлығына арналған білім беру» (2007ж.) тақырыбындағы баяндамасында білім беруге баса назар аударылған және балаларды оқытуды туғаннан бастау қажеттігі алдыңғы орынға қойылған. Сондай ақ, «Балалар құқығы туралы Конвенцияда» ерте жастан оқытудың қажеттілігі негізделген.

Мәскеу Үкіметі мен ЮНЕСКО-ның біріккен «Мәскеулік білім беру: сәбиліктен мектепке дейін» қанатқақты жобасының негізгі ойлары Ресейдің « Туғаннан бастап мектепке дейін» бағдарламасында көрініс тапқан.

Вашингтон штатын дамыту стандартында кішкентай балалар мен олардың ата-аналарына қызмет көрсететін бағдарламалар анықталған.

Типтік бағдарлама Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын жүзеге асыру мақсатында әзірленген. Типтік бағдарламада бала тұлғасының біртұтас дамуын сипаттайтын мектепке дейінгі ұйым түлегінің моделі анықталған.

Типтік бағдарламаның мазмұны баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін мектепке дейінгі педагогика мен жас ерекшеліктері психологиясының негізгі ережелеріне сәйкес және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша білім беру салаларын кіріктіру ұстанымдары ескеріле отырып әзірленді.

Типтік бағдарлама білім беру үдерісінің заттық-дамытушылық ортасында жүзеге асырылады және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың тәрбиелік, дамытушылық және білімдік міндеттерінің бірлігін қамтамасыз етеді. Бұл бағдарламаның ерекшелігі жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделген қолайлы әлеуметтендіру мен шешуші құзіреттіліктерді меңгеруге мүмкіндік беретін ерте жастағы балаларды туғаннан бастап мектепке дейінгі ересек жасқа дейінгі (мектепалды даярлық) кешенді дамуын қамтамасыз ету. Ерте жастағы балалардың мұндай қабілеттерін дамыту одан әрі қарай мектепте оқығанда қажет болатын құзіреттіліктер жүйесін қалыптастыруға негіз болады.

Типтік бағдарлама мектепке дейінгі жастағы балалардың даму траекториясы, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс бойынша заманауи бағдарламаларды әзірлеуге негіз болады.

Мақсаты: балаларға әрі қарай үйрету үшін олардың жас ерекшеліктеріне сай рухани-адамгершілік қасиеттерін, әлеуметтік, коммуникативтік, шығармашылық, танымдық қабілеттерін қалыптастыру және дамыту.

Міндеттері:

- баланың өмірін қорғау және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны құру;

- мектепке дейінгі білім берудің сабақтастық және үздіксіздік ұстанымдарымен қамтамасыз ету;

- балалардың дене, зияткерлік, адамгершілік, эстетикалық, коммуникативтік дамуына бағытталған білім беру салаларын кіріктіру;

- баланың тіршілік әрекетіне қажетті білім игеру, білік және дағдыларды қалыптастыру;

- тілін, қарым-қатынас мәдениетін дамыту, сауат ашу негіздерін меңгеруге даярлау;

- мектепке дейінгі жастағы балалардың халықтың салты мен дәстүрлеріне деген құндылықтарын, адамгершілік бағдарын қалыптастыру;

- Отанға, туған өлкесіне деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, қоршаған ортаға, отбасына, түрлі ұлттың адамдарына ізгі қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу;

- мектепке дейінгі ұйым мен отбасының өзара қарым-қатынасы.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың типтік бағдарламасы:

- мектепке дейінгі жастағы балалардың дене тұрқын және психологиялық саулығын нығайтуға, оларды салауатты өмір салтының құндылықтарына баулуға;

- зияткерлік, әлеуметтік және тұлғалық дамытуда тиімді әдістерді қолдануға;

- педагогикалық ізгілендіру, сабақтастық, бірізділік, жүйелілік ұстанымдарын жүзеге асыруға;

- балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тәрбиелік, дамытушылық, білімділік міндеттерінің бірлігін қамтамасыз етуге;

- балалардың даму деңгейін анықтайтын индикаторларға сәйкес олардың білімдерін, біліктерін және дағдыларын критериальды бағалауға;

- тәрбие мен оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын қолдануға;

- мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеуде ата-аналар қоғамдастығының қажеттілігін қанағаттандыруға;

- меншік нысандарына қарамастан барлық типтегі және түрдегі мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру үдерісін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Бағдарламаның құрамдас бөлігі Үлгілік оқу жоспары мен мектеп жасына дейінгі балалардың дамуын критериальды бағалау жүйесі болып табылады. Бағдарламаның мазмұны балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оларды жан-жақты дамытуға бағытталған «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» білім беру салаларына негізделген.

Типтік бағдарламада балалардың жас ерекшелігінің сипаттамалары нақтыланған, балаларда отаншылдық, төзімділік, ізгілік сезімдері мен жағымды қарым-қатынасты қалыптастыратын білім беру үдерісінің мазмұны, күн тәртібі, дамытушылық ортасы анықталған.

Бағдарламаның мазмұны дене және психологиялық дамуының келесі жас кезеңдерін қамтитын балалардың жас топтары бойынша ұсынылған:

1. I ерте жас – туғаннан 1 жасқа дейін (І ерте жас тобы);

2. IІ ерте жас – 1 жастан 2 жасқа дейін (ІІ ерте жас тобы);

3. I мектепке дейінгі кіші жас – 2 жастан 3 жасқа дейін (I кіші топ);

4. II мектепке дейінгі кіші жас – 3 жастан 4 жасқа дейін (II кіші топ);

5. Мектепке дейінгі орта жас – 4 жастан 5 жасқа дейін (ортаңғы топ);

6. Мектепке дейінгі ересек жас – 5 жастан 6 (7) жасқа дейін (ересектер тобы).

5 жастан 6 (7) жастағы балалар мектепалды даярлық тобына (сыныбы) жатады. Мектепалды даярлық аралық саты ретінде мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығын қамтамасыз етеді.

Мектепалды даярлық мазмұнының ерекшелігі балаларда оқу әрекеттерінің қалыптасуы мен мектепте оқытудың жаңа жағдайларына белсенді түрде енуі болып табылады.


Күн тәртібі

Дұрыс құрылған күн тәртібі – бұл балалардың күн ұзағына болатын әртүрлі іс әрекеттері мен демалысының орынды кезектестесуі мен тиімді үйлестірілген ұзақтығы. Күн тәртібін дұрыс құрудың негізгі ұстанымы оның балалар жасының психофизиологиялық ерекшеліктеріне сай болуы.

Режимдік сәттерді іске асыруда балалардың жеке ерекшеліктері (ұйқысының ұзақтығы, ұнататын дәмі, әрекеттерінің қарқыны және т.б.) ескерілуі тиіс. Балабақшаның күн тәртібі баланың жеке ерекшеліктеріне неғұрлым жақын болып үйлессе, соғұрлым өзін тамаша сезініп, көңіл күйі көтеріңкі, белсенділігі жоғары болады.


Білім беру қызметін ұйымдастыру

Білім беру қызметі балалардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырылған оқу үдерісіндегі білім беру салаларының мазмұнын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Білім беру қызметі балаларға салмақ салмай, тәрбиелік, дамытушылық, білімдік мақсаттар мен міндеттердің бірлігін қамтамасыз етуі тиіс.

Әрбір білім беру саласының мазмұнында мектепке дейінгі жастағы балалардың базалық білімді, білік және дағдыларды меңгеруден күтілетін нәтижелері анықталған.

Типтік бағдарлама мазмұнын іске асыру баланың қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне, оның жан-жақты үйлесімді дамуына бағытталған педагогикалық үдерісті ұйымдастыруға заманауи тәсілдерді қолдануды көздейді.

Білім беру салаларының мақсаты мен міндеттері ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде ғана емес, сонымен бірге режимдік сәттерде де іске асырылады.

Режимдік сәттер кезеңінде білім беру әрекеті келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

1. Дене дамуы: кешенді шынықтыру шаралары, таңертеңгі жаттығу, күннің екінші жартысындағы жаттығулар мен қимылдық ойындар;

2. Әлеуметтік-тұлғалық дамыту: режимдік сәттерді өткізуде жағдаяттық әңгімелесу, олардың қажеттілігін түсіндіру; тапсырмалар, кезекшілік, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек дағдыларын дамыту; ересектерге көмектесу; сабаққа қажетті мүліктер мен құрал-жабдықтарды орналастыру мен жинауға, қимылдық ойындар мен жаттығуларға арналған құрылымдарды құрастыруға балаларды қатыстыру; режимдік сәттерді өткізуде қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыру;

3. Танымдық тілді дамыту: тілдік дамытушы ортаны құру; ойындарда, бақылауларда балалармен еркін диалогтар; балалармен жағдаяттық әңгімелер; еңбек қимылдары мен гигиеналық рәсімдерді атау, балалардың сөйлеу белсенділігін ынталандыру;

4. Көркем-эстетикалық дамыту: балалардың күнделікті тіршілігінде, ойында, қолы бос кезінде, серуенде, бейнелеу әрекетінде, таңертеңгі жаттығуды өткізуде музыканы қолдану, қоршаған ортадағы әртүрлі дыбыстарға, бөлмелерді безендіруге, жабдықтардың тартымдылығына, бөлменің, заттардың, ойыншықтардың әсемдігі мен тазалығына балалардың назарын аудару.


Білім беру үдерісіндегі қызмет түрлері

Мектепке дейінгі ұйымдарда сабақтарды ұйымдастырудың топтық, жеке және жалпылама түрлері қолданылады.

Сабақтарды ұйымдастырудың топтық түрі шағын топтарда жүргізіледі. Шағын топтарды жинақтауға баланың тұлғалық ерекшеліктері, ортақ мүдделері негіз болады. Оқыту үдерісінде балалардың өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету.

Тәрбиелеу мен оқытуды жеке түрде ұйымдастыру.

Сабақтарды ұйымдастырудың жалпылама түрі барлық топпен жұмысты қарастырады. Типтік бағдарлама сабақтарды ұйымдастырудың келесі талаптарын қамтамасыз етеді:

1. Гигиеналық (таза желдетілген, жақсы жарықтандырылған бөлме, баланың дұрыс қалпы, әртүрлі әрекет түрлерін кезектестіріп отыру, шаршауына жол бермеу);

2. Дидактикалық (білім беру міндеттерін нақты анықтау, тақырыптың оңтайлы мазмұны, тиімді әдістер мен тәсілдерді қолдану, балалардың танымдық белсенділігін қамтамасыз ету, дамытушы сипаттағы дидактикалық ойындарды қолдану).

Мектепке дейінгі жастың бүкіл кезеңінде іс-әрекеттердің мынадай негізгі түрлері қолданылады:

- ойын – балалардың қоршаған әлемді тану қабілеті мен өмірлік іс-әрекетін ұйымдастыру; ойын түрлері: дидактикалық, қимылды, музыкалық, театрландырылған, мазмұнды-рөлдік, драмалық-ойындар;

- қимылдық – баланың әртүрлі қозғалғыштық белсенділігінің түрлері мен мазмұнын тиімді құрамдастыру;

- коммуникативті – әр түрін (әңгіме, жағдаяттар құру, сұхбаттар, мазмұндық ойындар және т.б.) қолдана отырып, балалар тілін дамыту;

- еңбек – өзіне өзі қызмет ету, табиғатта еңбек ету, қол еңбегі, ересектер еңбегіне бақылау, ойындарға арналған заттарды дайындау, сұлба жасау, коллекциялар және олардың безендірілуі, мерекелерде топ бөлмелеріне арналған әшекейлер дайындау;

- танымдық-зерттеушілік айналаны танып біледі және жаңа білімді меңгереді;

- өнімді іс-әрекет – сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру және басқа;

- музыкалық-көркемдік – музыкалық аспаптарда ойнау, ән салу, тыңдау, қосылып айту, суырып салу, музыкалық-ырғақтық қозғалыстар;

- оқу – тыңдау, түсіну, әңгімелеу, өлеңді мәнерлеп оқу, әлди, иллюстрацияны қарастыру, әртүрлі жанрдағы шығармаларды талқылау;

- мультфильмдерді, бейнефильмдерді, телебағдарламаларды көру және талқылау;

- өсімдіктер мен жануарларды бақылау бойынша, заттар мен көріністердің суреттерін қарау және әңгімелер құрастыру;

- бейнелеу: сурет салу, мүсіндеу, жапсыру (заттық, мазмұндық, өз ойымен, сәндік);

- жағдаяттар құру, әлеуметтік-адамгершілік мазмұнда әңгімелесу, қызықты дәйектер мен оқиғалар туралы арнайы әңгімелер ;

- би, музыкалық-ырғақтық би қимылдарын көрсету, халықтық әуендерге бірігіп би шығару, қосылып ән шырқау .

Білім беру салаларының мазмұнын кіріктіру

Білім беру қызметтерін білім беру салаларын кіріктіру арқылы білім берудің түрлері мен әдістерін қолдана отырып жүзеге асыруға болады.

Білім беру салаларының мазмұнын кіріктіру:

- білім беру салалары мазмұнының көлемін балалардың жас ерекшеліктеріне және оны меңгеруге берілген уақытқа сәйкес келтіруді;

- тұтас үдеріс аясында білім беру салаларының мазмұнын іске асыруды;

- баланың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру және оның әлеуметке үйлесімді енуін қамтамасыз етеді.

Кіріктіру ұстанымына сәйкес, бір саланың білім беру әрекеті барысында басқа білім беру салаларының міндеттерін бір мезгілде шешу қажет. «Денсаулық» білім беру саласының міндеттерін шешкен кезде бір мезгілде «Әлеуметтік орта» білім беру саласының дағдылары қалыптасады, «Таным», «Қатынас» білім беру салаларына қатысты білім мен білік қаланады және т.б.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

Похожие:

Астана 2015 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығы базасында әзірленген icon«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ «біз мектепке барамыз»
«Біз мектепке барамыз» мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасы. Астана, 2009. 106 б
Астана 2015 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығы базасында әзірленген icon«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының ЖҰмыстарына заманауи білім беру бағдарламалары мен технологияларын енгізу
Астана 2015 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығы базасында әзірленген icon«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі ересек жастағЫ
Н. Л. Татаурова, И. А. Тирская, Т. А. Дрыгина, Г. Г. Корчевская, С. И. Шелипова, С. Г. Шақабаева, И. И. Митрофанова
Астана 2015 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығы базасында әзірленген icon«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі ересек жастағЫ
Н. Л. Татаурова, И. А. Тирская, Т. А. Дрыгина, Г. Г. Корчевская, С. И. Шелипова, С. Г шақабаева., И. И. Митрофанова
Астана 2015 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығы базасында әзірленген icon«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ «зерек бала»
Мектепке дейінгі кіші жастағы (3 жастан 5 жасқа дейін) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Зерек бала» бағдарламасы. Астана,...
Астана 2015 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығы базасында әзірленген icon«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ
Н. Н. Ниязбаева педагогика ғылымдарының докторы, Қму-нің педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі
Астана 2015 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығы базасында әзірленген icon«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ Үш тілдегі дидактикалық ойындар жинағЫ
Бұл жинақтың мақсаты түрлі ұйымдастырылған оқу әрекеттерін дайындау және өткізу үшін мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына практикалық...
Астана 2015 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығы базасында әзірленген icon«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы ерте жастағЫ
...
Астана 2015 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығы базасында әзірленген icon«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарына арналған үШТҰҒырлы тілдер курсы
Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарына арналған үштұғырлы тілдер курсы: әдістемелік құрал – Астана, 2013. – 19 б
Астана 2015 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығы базасында әзірленген iconҚазақстан республикасының мектепке дейінгі ұйымдарында
«Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығының Әдістемелік кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылды (2014 жылғы 24 шілдедегі...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница