Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі курстық




Скачать 375.43 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі курстық
страница3/3
Дата конвертации13.02.2016
Размер375.43 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://referat700.ru/_ld/11/1103_______.doc
1   2   3

ІІІ. ОРТА ДЕҢГЕЙДЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІНІҢ ӨМІРДЕГІ ҚОЛДАНЫСЫ

Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының сессиясындағы өзінің кезекті бір бағдарламасында, бүгінде «барлық жалпыға бірдей білім беру мен жоғарғы оқу орындарында ағылшын тілін тереңдетіп оқытудың арнайы бағдарламасын жасайтын уақыт келді», - деп атап өтті.

Қоғамдық өмірдің дамуымен байланысты жаңа ұғымдарды білдіретін жаңа сөздер пайда болды. Сөздердің пайда болуы мен жасалуының белгілі заңдылықтары бар.

Қазақ сыныптарында оқитындарға ағылшын тілін үйретуде олардың ана тілінің ерекшеліктерін ескерген дағдыларын ағылшын тілінде қолданып, кейде фонетикалық қателер жасап жатады. Мұндай қателіктердің алдын алу үшін қазақ тілі мен ағылшын тілінің фонетикалық қатжүйесін салыстыра мынадай ерекшеліктерін байқауға болады:

Фонетикалық ерекшеліктер – Ағылшын тілінде дауысты дыбыстар айтылуына қарай келте және созылыңқы болып бөлінеді. Мұның өзі ағылшын тілінде қазақ тіліне қарағанда фонемалары өте көп екендігін көрсетеді. Монофтонг және дифтонг дыбыстар екі тілде де бар болғанымен олардың айтылу ерекшеліктері әр түрлі.

Сонымен ағылшын тілінде дауысты дыбыстарды үйреткенде ана тілінің кері ықпалын ескере отырып, сол қателіктерді болдырмау үшін арнайы жаттығулар арқылы автоматтандыру қажет. Жеке дыбыстарды ғана айтқызып үйрете бергеннен, сол дыбыстарды сөз, сөз тіркесі, сөйлем құрамында жаттықтырған дұрыс.

Ағылшын және қазақ тілдерінің морфологиялық жағына келетін болсақ, алдымен сөздердің жасалуы жөнінде баян етеміз. Сөздердің жасалуының бірнеше түрі бар:

Түбірге қосымша, сөз тудырушы жұрнақ жалғану арқылы жасалады. Мысалы; кеңес+ші=кеңесші, ақыл+шы=ақылшы

Writ+er=writer, act+or=actor, read+er=reader

Сөздердің бірігуі арқылы.

Мысалы; амангелді (аман+келді), түрегелді (түре+келді)

Sunlight (sun+light), sportsman (sport+sman)

Сөздердің қосарлануы арқылы.

Мысалы; тарс-тұрс, жалт-жұлт, time-tamle, copy-book.

Сөз құрамы екі бөліктен тұрады: түбір және қосымша. Қосымшаға жалғау және жұрнақ жатады. Қазақ тілі аглютинативті тіл болғандықтан, яғни, түбірге бірнеше жұрнақтар жалғана береді. Бұл - тіл жұрнақтарға бай тіл.

Ағылшын тілі фликтивті тіл болғандықтан, сөзде интерфикс, трансфикстер болады. Ағылшын тілінің префикстері негізінен сөз жасаушы аффикстер қатарына жатады әрі екі түрлі болымсыздық және қарама-қарсы мағыналы болып келеді. Бірінші топқа жататындар: Un, in, non, an unknown, unconscious, nonfulfilment.

Екінші топқа жататтындар қарама-қарсы немесе антоним префикстер деп аталады. Бұл топқа: il, well. Мысалы; well-age, ill-fated.

Қазақ тілінде префикс жоқ. Қазақ тіліндегі түбір сөздің ағылшын тілінен айырмашылығы:

Сөз түбірі өзгеріске түспейді.

Сөз түбірі әрқашан қосымшалардың алдында тұрады.

Сондықтан да түбір сөзді табу оңай. Ал ағылшын тілінде түбір сөздің кез келген жерінде жүреді де дыбыс алмасу заңдылықтарына байланысты құбылып отырады.

Тіл тілдегі сөз түбіріне тән ерекшелік бір түбір бірнеше тіпті ондаған сөздің жасалуына негіз бола алады. Ағылшын тіліндегі

Hand – ондаған сөздің түбірі,

To hand - тапсыру

Handful - азғана

Handie - тұтқа

Handless - ебедейсіз

Handsome - әдемі

Left-handel – солақай.

Ал қазақ тіліндегі бас сөзінен басалқа, баспа, бастапқы, бастаушы, бастық, баспана, басқын, басқарма тәрізді сөздер жасалған. Сөз құрылысы – тіл дамуының ұзақ замандар бойғы тарихи даму жемісі.

Орта деңгейде ағылшын тілін оқыту барысында білім мазмұнына да айтарлықтай мән беріледі.

Орта деңгейде ағылшын тілін үйретуде сөйлеу мен тыңдап түсіну, жетекші орында болып, оқу мен жазу оларға көмекші іс-әрекет болып табылады. Бұл орайда ағылшын тілінің сөздерін дұрыс меңгерту әдістері маңызды рольге ие.

Ағылшын тіліндегі құрмалас сөйлемдер, оның түрлері (классификациясы)

Орта деңгейде ағылшын тілінде де құрмалас сөйлем екі не одан да көп сөйлемдерден құралып, бір ойды білдіреді. Құрмалас сөйлемнің негізгі екі түрі бар. Олар мынадай: салалас құрмалас (Compound Sentences) және сабақтас құрмалас сөлем (Complex Sentences). Салалас құрмалас сөйлем баяндауыштары тиянақты екі не одан да көп жай сөйлемдерден құралады. Олар шылау арқылы байланысып, үтірмен бөлінеді. М; I came home early, but he remained to the end of the concert. – Мен үйге ерте келдім, ал ол концерттің аяқталуын күтіп қалды.

Құрамындағы жай сөйлемдерінің бірі екіншісіне бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі сабақтас құрмалас деп аталады. М; Had I been there, I should have helped him. – Егер мен онда болғанымда, оған көмектесер едім.

Бағыныңқы сөйлемнің түрлері:

Бастауышы бағының сөйлем (subject clauses).

Бастауышы бағыныңқы сөйлем құрмалас сөйлемде бастауыштың қызметін атақарады және who? (кім?), what? (не?) деген сұрақтарға жауап береді. Мұндағы негізгі сөйлем that, whether, if, who, whose, which, when секілді шылау сөздермен байланысады. М; Whether they will come today is not known yet. – Олардың бүгін келетіні, әлі белгісіз.

Баяндауышы бағыныңқы сөйлем (predicative clauses).

Баяндауышы бағыныңқы сөйлем құрмалас сөйлемдегі күрделі баяндауыштың бір бөлігі болып табылады және мынадай cұрақтарға what is the subject?, what is the subject like? жауап береді. М; The weather is not what it was yesterday. – Бүгінгі ауа-райы, кешегідей емес.

Толықтауышы бағыныңқы сөйлем (object clauses).

Толықтауышы бағыныңқы сөйлем құрмалас сөйлемде тура және жанама толықтауыштың қызметін атқарады. Мынадай сұрақтарға жауап береді: What?, about what?, for What?

М; They laughed at what he said. – Оның айтқан сөзі, бұлардың күлкісін тудырды.

Құрмалас сөйлемдердегі анықтауыш бағыныңқы сөйлем анықтауыштық қызмет атқарып, What? Which? (қандай, қай) деген сұрақтарға жауап берсе, пысықтауышы бағыныңқы сөйлем пысықтауыштық қызмет атқарады да бірнеше топқа бөлінеді. Олар: 1. мезгіл бағыныңқылы сөйлем (Adverbial Clauses of Time), 2. Мекен бағыныңқылы сөйлем (Adverbial Clauses of Place), 3. себеп бағыныңқылы сөйлем (Adverbial Clauses of Cause), 4. Іс-қимыл бағыныңқылы сөйлем (Adverbial Clauses of Manner), 5. Себеп-салдар бағыныңқылы сөйлем (Adverbial Clauses of Result), 6. Қарсылықты бағыныңқылы сөйлем (Adverbial Clauses of Concession), 7. Мақсат бағыныңқылы сөйлем (Adverbial Clauses of Purpose), 8. Шартты бағыныңқылы сөйлем (Adverbial Clauses of Condition).

Аударма ісі бүгінде көпшіліктің ісіне айналып барады. Қалада болсын, далада болсын, сондай-ақ баспа орындарында немесе мәдениет мекемелерінде ғана емес, барлық жерде, керек десе өндіріс алаңдары мен егіс алқаптарында да бір сөз бір тілден екінші тілге аударылмай тұрмайды. Аударма тілдерді тек лексикалық тұрғыдан байытып қана қоймай, сонымен бірге синтаксистік тұрғыдан да, жазу, сөйлеу мәдениетін көтеру тұрғысынан да көп ықпал етіп келеді. Аударма арқылы тілдерге жаңа формалы, жаңа мазмұнды фразеологиялық тіркестер, мақал-мәтелдер, афоризмдер енеді. М;

І. «A bird in the hand is worth two in the bush» - 1) Аспандағы тырнаны ұстаймын деп, қолыңдағы шымшықтан айрылып қалма.

2) Қолыңдағы құс, бұтадағы екеуден артық.

ІІ. «A burnt child dreads the fire» - 1) Күйіп қалған бала, оттан қорқады.

2) Сүтке күйген, салқын суды үрлеп ішеді.

ІІІ. «A black hen lays a white egg» - 1) Қара тауық ақ жұмыртқа табады.

2) Қара сиырдан ақ сүт – деген сияқты мақал-мәтелдер қазақ қаны мен тәніне кірігіп, көпшіліктің сөз саптауында қолданылатын табиғи тұрақты тіркестерге айналды.

Астана қаласының білім беру департаментінен аймақтық сұраныс жүргізілгенде, мемлекеттік және ағылшын тілінде қосымша оқуға деген қызығушылық жоғары дәрежелік пайызды көрсетті.

2007 жылдың 12 қаңтардан бастап Астана қаласының білім беру департаменті «Ағылшын тілі орталығы» деп аталатын Мемлекеттік коммуналды қазыналық мекеме құру төңірегінде жұмыстар жүргізді.

 «Ағылшын тілі орталығы» мектепке дейінгі балалар мен мектеп жасындағы оқушылар, арнаулы орта және жоғары оқу орнының студенттері, мұғалімдер мен аймақтың ағылшын тіліне деген сұраныстары негізінде құрылып отыр.

         «Орта деңгейде ағылшын тілін оқыту орталығының» қойған міндеттері:

Оқу материалдарын жете меңгерту және сөйлесу тілінің тәжірибелік дағдысының жетістіктері, қазіргі заманғы жаңа технологияны меңгеру жолымен ағылшын тілі білімін тәжірибелік деңгейде алуға жағдай жасау;

Орта деңгейде ағылшын тілін ықпалды және тереңдетіп оқытудың арнайы бағдарламасын жасау;

Тұлғаның саяси мәдениетті және коммуникативті дамуын қамтамасыз  ететін  тілдер орталығын ұйымдастыру;

Аймақтың ақпаратты алу мен оқытудың қазіргі заманға сай дағдыларын қолдану арқылы компьютерлік сауаттылығын жоғарылату.

Елорда мектептерінің жанынан «Ағылшын тілі орталығының» филиалдарын ашу жоспарлануда.

 Орталық шығармашылық зертханалар орталығы бола алады, ізденістерді ұйымдастыратын, оқу жоспарлары мен бағдарламаларының түрлері мен әдістерін талдайтын; көпшіліктің сұраныстарына қарай тілдер орталығын құру; шет тілдерін қолданатын әр түрлі іс-шаралар, көркем шығармашылық кештер, қызығушылық клубы, міндетті түрде ағылшын тілі қолданылатын тағы да басқа іс-шараларды жүргізгенде қажетті мәліметтер осы орталықта жасалынады және ұсынылады.

 Бұдан басқа, Орталықтың білім беру қызметі - ұйымдарда ағылшын тілін оқытудың инновациялық бағдарламалардың авторларымен келісімге келе отырып, тағы да тілдік мектептермен, тілдік тәжірибені ұйымдастыруға арналған орталықтармен, оқытушылық құрамды әдістемелік жағынан дайындау және жақын және алыс шет елдерде оқитындар үшін өзінің базалық қорын ұсына алады.


Қорытынды


Орта деңгейлі ағылшын тілін оқыту жобалы әдістері - оқушылардың санасында мәдениетаралық коммуникация іскерліктерін қалыптастырудың нақты жолы. Бұл жерде мәдениетаралық коммуникация ұлттар мен мәдениеттер арасындағы өзара байланысты түсіну ретінде қарастырылады. Оқытудың мәдениетаралық коммуникацияға байланысты бағыт-бағдары әдістеменің логикалық жалғасы болып табылады.

Сонымен, орта деңгейлі ағылшын тілдерін оқытуда екі халықтың мәдениеті мен олардың тілдерінің ерекшеліктерін ескеру аса қажет.

Орта деңгейде ағылшын тілдерін оқыту мәселелерін қарастырғанда ең алдымен ана тілінің алар орны туралы мәселе сөз болады. Бұл жайында ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Оның бірі –ағылшын тілін оқытуда тек ана тіліне сүйене, ана тілімен салыстыра отырып оқыту қажет деп санаса, екіншісі –ағылшын тілі сабағын ана тілінің көмегінсіз тікелей меңгерту керек деп есептейді.

Ғалым Л. В. Ляховицский: «Ағылшын тілін меңгеруде ана тілінің ерекшеліктерін ескеру, үйренуші үшін жаңа тілде кездесетін қиындықтарды түсінуде өте қажет. Тек қана ана тіліне сүйене отырып, кездесетін осындай қиындықтарды жоюға болады.

Орта деңгейде ағылшын тілінде жаттығулар жасау арқылы сабақта ана тілін қолданбауға болады, бірақ ана тілі оқушылардың санасында сақталады. Ал егер сабақта ана тілінің ерекшеліктеріне көңіл бөлмесе, оқушылардың шетел тілін меңгеруіне кей жағдайда зиян келуі мүмкін. Яғни, сабақ тек ағылшын тілінде ғана болса, оқушылар үшін түсініксіз тілдік материалдардың саны көбейе түсіп, ол оқушының ағылшын тілін меңгеруіне қызығуын төмендетеді», - дейді. Ғалымның пікірін негізге ала отырып, ағалшын тілін оқытуда ана тілінің ролі жоғары, сондықтан ағалшын тілін қазақ тілімен салыстыра отырып оқыту жөн деп санаймын.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі :


  1. Английский язык, кн. для чтения к учеб. для 4 кл. шк. с углубленным изучением англ. яз., лицеев и гимназий / сост.: И. Н. Верещагина, О. В. Афанасьева.- 2-е изд.- М.: Просвещение, 2004.- 75-80 cтр.

  2. Бархударов Л. С. «Грамматика английского языка», Москва, 1986 г., стр. 310.

  3. Ботағарина Г., «Ағылшын тілін оқытудағы бүгінгі белес», Білім, 70-бет, №3, 2006 ж..

  4. Винарева, Людмила Андрияновна, Янсон, Валентина Вадимовна. Английские идиомы-English idioms, Учеб. пособие.- М.: Славянский дом книги : ИП Логос : Айрис пресс, 2005.- 252 - 270 стр.

  5. Иванова И. П. «Теоретическая грамматика современного английского языка», Москва, 1988 г. стр. 232-337.

  6. Жұмайқызы Г., «Ағылшын және қазақ тілдеріндегі салыстырмалы ерекшеліктер», Білімдегі жаңалықтар №3, 53-54 беттер, 2006 ж..

  7. Жақыпов Ж. А. «Аударматануды аңдату», Астана, Аударма баспасы - 2004, 234-236 беттер.

  8. Качалова К. Н., Израилевич Е. Е. «Практическая грамматика английского языка» Москва, «Лист Нью» 2003 г. стр. 444, 485.

  9. Новщкан М., Кучин Н. Д. «Практическая грамматика английского языка», Москва, Изд. «Высшая школа», 1978 г. стр. 350-358.

  10. Сақтағанова М. С., Алиева Н. Қ., Айтбаева Н. Қ. «Ағылшын тілін оқытудың әдістері», Білім, 43-бет, №3, 2006 ж..

  11. Тубышева Қ., «Модульдік оқыту технолгиясын ағылшын тілі сабақтарында қолдану», Оқыту-тәрбиелеу технологиясы, №4, 35-36 беттер, 2007 ж...

Movie Talk. Английский, интерактивный видеокурс: для Windows и Macintosh / Euro Talk Interacnive.- М. 2004.- э
1   2   3

Похожие:

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі курстық iconДиссертация 2009 жылы
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының...
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі курстық iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі курстық iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі курстық iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі курстық iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі курстық iconҚазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
Бағдарлама «25» 11. 2009 ж. №4 хаттама бекітілген пән бағдарламасы негізінде әзірленген
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі курстық iconҚазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
Бағдарлама бұйрығымен бекітілген жұмыс бабындағы оқу бағдарламасының негізінде әзірленді
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі курстық iconҚазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
Бағдарлама 2009ж 24. 08. №4 хаттама бекітілген жұмыс бабындағы оқу бағдарламасының негізінде әзірленді
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі курстық iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министІрлігі
Редакциялық кеңес: Құлажанов Т.Қ., Мұхаметқалиев Т. М., Оспанов А. Б., Нурахметов Б. К., Абинова Г. Д., Құрманалиев М.Қ., Абдрахимов...
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі курстық iconҚазақстан республикасы ғылым ЖӘне білім министірлігі
Мамандықтарына арналған шығыс тілі (ТҮрік) ПӘні бойынша магистратурағА Қабылдау емтихандарының бағдарламасы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница