Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі курстық




Скачать 375.43 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі курстық
страница2/3
Дата конвертации13.02.2016
Размер375.43 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://referat700.ru/_ld/11/1103_______.doc
1   2   3

1.2. Орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасауға үйрету әдісі

Ауызша және жазбаша қарым-қатынас сейлеу ерекшелігінің төрт түрінің-сөйлеу, есту, оқу және жазу- әрқайсысының ерекшеліктерін ескере отырып, бір-бірімен тығыз байланыста оқытуды қажет етеді. Бұл олардың әрқайсысының қызметінің негізі бірдей психикалық процестер мен психолингвистикальқ заңдылықтарға құрылуына ғана байланысты емес. Қарым-қатынас барысында адамдар оқиды, оқығандарын талқылайды, оны есінде жақсы сақтау үшін қажетті жазулар жазады, сөйтіп керек болған жағдайда қажетті мәліметті қайтадан жаңғыртады. Басқаша айтқанда, нақты сөйлеу қарым-қатынасын жүзеге асырудың бұл әдістері бір-бірімен тығыз араласып жатады және олардың арасына, қандай да болмасын, белгілі 6ip шекара қою қиын. Сондықтан да оқу процесінде сөйлеуге үйрену ауызша мәтінді түсіну қабілетін қалыптастырумен тығыз байланыста жүргізілуі қажет. Екінші жағынан, керісінше, белгілі бір мәтінді оқығаннан не тыңдағаннан кейін, оқушылар оның мазмұны туралы (ауызша не жазбаша) өз пікірлерін білдіре алады, сонымен 6ipгe ауызша әңгімелеу қажетті ақпараттарды жазбаша түрде белгілеумен ұштасып жатуы мүмкін. Сөйлеуге, оқуға, естуге және жазуға үйрету мәселелеріне саналы түрде қарау олардың әрқайсысының ерекшеліктерін ескере отырып, материалды өнімді түрде меңгеру, сөйлеу әрекетінің оңтайлы және өнімді түрлерінің ерекшеліктерін ескеретін тең мағыналы жаттығуларды пайдалану, қарым-қатынастың ауызша және жазбаша турлерін сараптау кезінде еске алынуы кажет.

Қазіргі кезде қарым-қатынас дегенді адамдардың бір-біріне белгілердің (соның ішнде, тілдік белгілердің) көмегімен белсенді түрде өзара әсер етуі, олардың бірлескен ic-әрекетін ұйымдастыруы деп түсіндіріледі. Осыған байланысты қарым-қатынастың негізгі сипаттамаларын білу қажет.

1. Кез келген қарым-қатынас (тікелей немесе жанама) оның уәжі мен мақсатынан басталады, яғни не үшін айтылды, тыңдалды, оқылды, жазылады және нені көздейді.

Mіне, сондықтан да оқу процесінде оқушылардың әpбіp сөйлеу ic-әрекетіне түрткі болатын жағдаяттар жасау қажет. Оқушы өзінің сөйлеу әрекетінің мақсатын, оның акырғы нәтижесін (егер ол осы сөзді айтса, пікіp білдірсе, мәтінді тыңдаса не оқыса, қандай нәтижеге жететінін) анық болжауы қажет.

2. Қарым-қатынас –белгілі біp нәтижеге жетуге бағытталған жай ақпарат алмасу ғана емес, олардың мақсаты көбінесе "тілдік байланыссыз" сипаттағы процеске қатысушылардың бір-біріне өзара белсенді әрекеті. Бұл жағдайда тіл осы өзара әсер етуші әрекеттердің құралыесебінде қызмет атқарады.

Сондықтан да сабақта қарым-қатынас орнату барысында шетел тілін үйрену үрдістерін тек коммуникативті әрекеттерге ғана қосып қоймай, сонымен бipгe оқушылардын жеке басы үшін аса маңызды заттық-коммуникативтік (И. А. Зимняя) әрекеттің құрамына да енгізген жөн.

3. Адамдардың өзара белсенді әрекеттерінің белгісі -олардың өзара әcepi мен өзара түсінушілігі. Бipaқ сөйлесу барысында олар толық қарым-қатынас орнатып, бірден бip-бірімен толық түсіністік таба алмайды. Бұған нeгiзгi кедергі болатын жағдайлар - қарым-қатынас жасаушы адамдардың санасын-дағы әлеуметтік және психологиялық алшақтықтар, ал мәдениетаралық қарым-қатынастарда —мәдени кедергілер ("мәдени естен тану").

Оқушылардың қарым-қатынас жасау қабілеттерін дамытуды мақсат етіп койған оқу процесінде оқушыларды шетел тілінде сөйлеушілермен қарым-қатынас жасау барысында өздерінің сөздерін дұрыс құрауға ғана үйретіп қоймай, сонымен бipгe олармен басқа мәдениет өкілдері ретінде өзара түсіністікке жетуді де үйрету қажет.

Орта деңгейде ағылшын тілдерін оқытудың нeгiзгі мақсаты — мәдениет-аралық қарым-қатынасқа деген қабілеттілікті дамыту - тек осы қарым-қатынастардың барысында ғана мүмкін. Яғни қарым-қатынас - алға қойылған мақсатқа жетудің құралы, оқыту құралы деген сөз.

Жоғарыда көрсетілген жағдайлардың шетел тілдерін оқыту барысында қалай icкe асатындығын орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың дәстүрлі сабақ және көп қолданыла бермейтін дәстүрлі емес, қарым-қатынас сабағы мысалында ("дөнгелек үстел", КТК (КВН), білім эстафетасы) көрелік.

Дәстүрлі сабақ

Дәстүрлі емес сабақ

(қарым-қатынас сабағы)

Сөйлеу уәжі

Оқушылардың сөйлейтін себебі: мұны одан мұғалім талап етеді және олар жақсы баға алғысы келеді

Оқушылар қызықты(белгісіз бір нәрселерді хабарлау) білу үшін тыңдайды

Сөйлеу мақсаты

Оқушылар қатесіз сөйлейді(не сөйлегісі келеді); мұндай жағдайда мұғалім негізгі назарды тілдік қателерге аударады; ең бастысы –жаттығуды, тапсырманы дұрыс орындау.

Оқушылар өздерінің білмейтіндерін білу үшін, өз жолдастарымен бір нәрселер туралы келісу үшін және ақпараттар алмасу мақсатында өздерінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандырады.

Сөйлеудің мазмұны

Мұғалім, оқулық оқушының не туралы айтуы керек екенін анықтайды;мұндай жағдайларда сөйлеудің мазмұны оқушының жеке басы үшін аса қажетті нәрсе емес. Мысалы: мәтінді сөзбе-сөз қайталап айтып беру.

Оқушылар сөз болып тұрған мәселелер жөнінде өздерінің көзқарастарын, ойын, пікірін мақсатын, т.б. білдіреді. Бұл жағдайда өздері әңгіме етіп тұрған мәселенің маңызы олар үшін белгілі, түсінікті әрі қызық.

Қарым-қатынас құралы

Оқушылар толық сөйлемдер қолданады, мұндай жағдайда олар өздерінің басты мақсаты қате жібермеу деп есептейді

Өз ойларын, тұжырымдары мен бағаларын оқушылар барлық қарым қатынас құралдарын қолдана отырып, оның ішінде ым жасап,қолдарын сермеп сөйлейді.

Сабақты ұйымдастыру

Бір мәселені, әдетте, бүкіл топ болып талқылайды; мұндай жағдайларда сөйлеп тұрған оқушының не айтып тұрғаны(мазмұны),тақырыбы мұғалімнен басқаға қажет емес. Од, ең алдымен, не туралы айтып тұрғанына емес, қалай айтып тұрғанына көңіл аударады

Сөйлеушілер бірін-бірі іждағатпен тыңдайды,бір-бірінің көздеріне тік қарайды; олар үшін қалай айтып тұрғаны емес, не туралы айтып тұрғаны қажеттірек.


Тыңдауға үйрету мүмкіндігінше барлық сабақтарда үнемі және мақсатты түрде:

а) ауызша жаттығуларда жаңа сөздік-грамматикалық материалдарды меңгеру барысында;

ә) ауызша сөйлеу жаттығуларын орындау кездерінде;

б) мұғалімнің байланыстыру сөздерін, сөйлеу әрекеттерінің бip түрі есебінде арнайы шығарылған бейнефильмдер мен таспаға жазылған мәтіндерді тыңдағанда жүргізіледі. Ұсыну қарқыны - қалыпты. Контекске қарап мағынасын жорамалдауға болатын таныс емес сөздердің көлемі 1%-тен аспауы қажет. Оқыту мерзімінің ұзақтығы 2 минутқа дейін. Мұндай жағдайларда аудио-мәтіндермен жұмыс жүргізудін мынадай кезеңдерін ұсынуға болады:

1. Орта деңгейде мәтінмен танысар алдындағы кезең - тілдік және психологиялық қиыншылықтарды сейілтіп, мәтінмен жұмыс icтeyгe ыңғайлайды; оқушылардың жеке тәжірибелерін өзектендіреді, негізгі (тірек) сөздерге сүйене отырып, мәтіннің мағынасын жорамалдайды, мәтінге айдар тауып, суреттер ойластырады, т.б.

2.Орта деңгейде белгілі бip коммуникативті мідеттерді орындау мақсатымен мәтінді тыңдау: Listen to the text and say what itis about (бірінші рет тыңдау үшін); Listen to the text and fill in the scheme (grid) or answer the questions (Multiple choice).

3. Орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың мәтінмен танысқаннан кейінгі кезең -мәтіннің мазмұнын окушылардың өз ойларын ауызша және жазбаша түрде тұжырымдау қaбiлeттepiн дамытуға пайдалану.

Бұл кезеңде ұсынылып отырған тапсырмалар репродуктивтік, репродуктивтік-продуктивтік жене продуктивтік бағыттардағы ептіліктерді дамытуға бағытталған. Мәтінді тізбектеп айту; мәтінді одан әpi жалғастыру (ауызша және жазбаша); қызық/қызық емес жерлерін талқылау; кейіп-керлердің ic-ерекеті мен оқиғаларды бағалау; пікір алмасулар; "дөнгелек үстелдер", рөлдік ойындар; сахнада драмалау.

Сөйлеуге, сөйлесуге үйрену диалог пен монологті қамтиды. Құймақалыптарды, қайта сұрау кезіндегі сұрақ түріндегі түрлі ескертпелерді, белгілі бip коммуникативтік (байланыстық) ықыластарды (танысу, кеңесу, келісу-келіспеу, құттықтау, құттықтауларға жауап, шақыру, т.б.) білдіретін диалогтік бірліктерді толықтыра және анықтай отырып, әңгіме жүргізе білу қабілетін жетілдіре түседі.

Орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың монологтік сөйлеуге үйрету – сөйлеудің әңгімелеу, суреттеу, пайымдау сияқты түрлерін одан әpi дамыту бағытында жүргізіледі. Мысалға, кісінің сыртқы типін, белгілі бip жерді, ауа райын, табиғат көріністерін, қала мен оның жерлерін сипаттауға үйрету жалғастырыла береді.

Оқумен жұмыс істеудің бірсыпыра ерекшеліктері бар.

Оқуға үйрету барысында оқушылардың мәтінде берілген ақпараттарды әр түрлі деңгейде түciнy қабілетіне қарай:

- мәтіннің негізгі мазмұнын түсінуді (танысып оқу);

- мазмұнын толық түсінуді (түсініп оқу);

- қажетті ақпараттарды тыңдап алуды (ізденіп оқу) дамыту мақсат етіп қойылады.

Жазуға үйрету сөздік және грамматикалық материалдарды оқу барысында қалыптасқан орфографиялық дағдыларды бекітіп, одан әpi дамыту бағытында іске асырылады. Бұған орфографиялық ойындар (сөзжұмбақтар, сөз құрастыру, қалып кеткен сөздерді табу), оқыту және жаттығу сипаттарындағы сөздік диктанттарды үнемі жаздырып отыру, сөздік-грамматикалық тест (бақылау) жұмыстары көп жәрдемін тигізеді.

ІІ.АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ОСЫ ЗАМАНҒЫ ӘДІСТЕРІ

2.1. Орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың интерактивтік әдіс

Интерактивтік деген сөз энциклопедияда көрсетілгендей, интеракция деген ұғымнан келіп шығады. Ал интеракция жеке индивидтердің, топтың, жұптың өзара біріккен әрекетке бір-біріне кезегімен әсер етуі. Жаңа педогогикалық технология оқушылардың сабақ барысындағы белсенділігін арттыруға тікелей әсер етеді. Осы тұрғыдан қарағанда «Интерактивтік әдіс» маңызды орын алады. Бұл әдіспен оқытудың басты мақсаты –оқушыларды өз бетінше ой қорытып жауап табуға үйрету. Яғни, интерактивті тапсырманы орындау, процесті басқару және ойлау тәжірибесін дамыту және сол тәжірибелерді дамытуға бағытталуы болып табылады. Оқушыларды сабақ кезінде барынша белсенділік танытуға тарта отырып олардың сондай белсенділігін арттыруға мүмкіндік жасайтын әдістемелік амалдарды интерактивті деп атайды. Бұл әдіс, әсіресе, сұхбат құруда оқушылардың белсенділігін арттырады. Бірігіп жұмыс істеуге үйретеді. Олардың ізденуін, шығармашылықпен әрекет етуін қамтамасыз етеді. Интеракция кезінде оқушылардың істі ұйымдастыра білу қабілеттері де көрінеді. Интерактивті әдіспен сабақ өткізу кезінде оқытушы кеңесші, серіктес рөлін атқарады. Ал топ белсенді түрде әрекет ете отырып, бірін-бірі қолдау, толықтыру арқылы сұхбат құруға үйренеді. Екі оқушының сұхбатына үшіншісі де араласуына болады. Ол қарсы топтың оқушысы болуы да мүмкін.

Бұл әдістің негізгі мақсаты – оқу процесінің барлық сатысында біріккен әрекетке жағдай жасау. Әр оқушы жеке тапсырмамен жұмыс істей отырып, топ мүддесін ойлауға үйренеді. Әрқайсысы өз міндетіне жауапкершілікпен қарай отырып, ортақ нәтижеге қол жеткізуге ұмтылады.

Интерактивті әдіс өзара қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды. Интерактивті әдісті белсенді түрде қолданатын оқытушылар білім беру жүйесі әсіресе қарым-қатынас процесінде сәтті жүреді деп есептейді. Олардың айтуынша, осылайша оқытқан кезде оқушылар сабақты жақсы қабылдап , пікірталас кезінде айтылған жайттарды жылдам ұғады. Оның себептері төмендегідей:

• Орта деңгейлі оқушылар мағлұмат алып қана қоймайды, өздері айтқан пікірдің дұрыстығына логикалық түсініктеме береді;

• Орта деңгейлі оқушылар пікірін алдымен терең ойланып барып айтады;

• мәселені талқылаған кезде оқушылар өздерінің және өзгелердің тәжірибелерін пайдаланады. Мұндай жалпы білім қоры кез келген оқушының білімінен артық болатындығы белгілі;

• Орта деңгейлі оқушылардан жаңа мағлұматтар алу арқылы оқытушы да білімін толықтырады;

Орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың интерактивті әдіс бойынша сабақ барысында оқушылар көп сөйлеп, оқытушылар аз сөйлеуге тиіс болады, бірақ бұдан оқытушының рөлі бәсеңдейді деп санауға болмайды. Оқытудың басқа әдістеріне қарағанда интерактивті әдіс оқытушының жоғарғы белсенділік танытуын талап ететін әдіс.

Қорыта айтқанда, Орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың интерактивті сабақ жүргізетін оқытушы көптеген негізгі әдістерді білуі тиіс.


2.2. Орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың үлгілеу әдісі


Аталған оқыту технологиясының терминіне тоқталатын болсақ «үгілеу әдіci» қазіргi заман ғылымында және тәжірибеде көп қолданысқа ие болып келеді «үлгілеу әдісі» тісінігі танымның белгілі бip маңызды жолдарын қарастыратын гносеологиялық категориялар қатарына жатады. Үлгілеу әдісі зерттеу әдісінің таным нысанының үлгісі ретінде жүреді. Үлгілеу әдісі белгілі бip кұбылыстарды, процестерді немесе жүйелер нысанын олардың үлгілерін құрастыру және үйрену арқылы жасалынады;

үлгілерді қолдану құрылым жасалынатын нысандарды кайта кұру әдісінің сипаттамасын ұтымды етуін анықтау, нақтылау болып табылады .

Үлгі құру философия ғылымының таным теориясына (гносеология) суйенеді. Гносеология - үлгіде көрсетілген түсіндірудің (интерпретация) және эмпириялық көрсеткіштердің талдауы болып табылады. Үлгілеу әдісі - таным теориясының негізгі категорияларының бipi; үлгілеу әдісінде ғылыми зерттеу әдісінің әртүрлі үлгілері -теориялық (мұнда үлгінің көптеген түрлері: таңбалық, абстрактылы) және тәжірибелік (мұнда заттық үлгілерді қолдану) зерттеулерге негізделеді.

Философиялық әдебиеттерде "үлгілеу әдісі" терминіне бірнеше ғылыми түсіндірмелер берілген. Филология ғылымдарының докторы, профессор С.С.Кунанбаева «Современное иноязычное образование: методология и теории» атты кітабында үлгілеу әдісіне мынадай түсіндірмелер береді:

1) Орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың үлгілеу әдісі - қиын нысан мен құбылысты танудың теориялық әдісі;

2) Орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың үлгілеу әдісінің маңызы — айқын нысанның, процестердің, құбылыстардың таңбалық аналогтармен алмасуы болып табылады;

3) Орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың аналогтар шын нысан кұрылымының өзара байланыс жүйесі формасында көрінеді;

4) үлгілеу әдісінің нәтижесі үлгі болып табылады, яғни үлгі
арқылы нысанға қойылған мақсат бойынша жаңа акпараттар алынады;

5) құрылым жағынан үлгі қиын ұйымдастырылған құбылыс
ретінде танылады, және жүйе ретінде қарастырылады және осы жүйенің
әрқайсысы үлгі мазмұнының маңызды жақтарын көрсетеді;

6) үлгі таным нысаны ретінде қолданылады, және нысанның қайта
өзгеру теориясының құралы ретінде жүреді;

7) үлгілеу әдісінің ғылыми-әдістемелік негізі теориялық ұксастық
болып табылады, яғни eкі нысанның арасындағы өзара бip мағыналық
сәйкестік;

8) үлгілеу әдісінің соңғы сатысы, құрылған үлгінің сайма-сайлығын
бақылау болып табылады.

Үлгілеу әдісіндегі оқытудың негізгі түсіндірмесі «оқыту үлгіci» болып табылады. «Үлгі» категориясының анықтамасы ғалымдардың еңбектерінде әртүрлі берілген. Мысалы, Г.Клаус үлгіні теория ретінде қарастырады, себебі ол барлық жекеліктерден абстракцияланады, және ол тәжірибе жағынан қызмет жасауы тиic деп санайды. Үлгіге мынадай түсіндірме беріледі:

• Шын нысанды көрсететін немесе жаңадан өндірілген, ойша елестетілген немесе материалдық жағынан жасалынған жүйе, яғни жүйені оқу арқылы нысан туралы жаңа ақпарат алу.

• Белгілі бip жұмыс күйінің тек қана бейнесі немесе көшірмесі емес, сонымен бipre болжанатын ic-әрекет формасы, болашақ тәжірибенің көрсетілімі және ic-әрекеттің меңгерілген формасы болып табылады.

Үлгі жалпы алғанда шындыққа жанасатын, оқуға ыңғайлы ғылыми танымның тәсілі болып табылады. Онда жүйенің жалпы сипаттамасы, мәні, міндеті, құрылымы мен қасиеті, ic-әрекеттің мазмұны қарастырылады және тек нақты жүйеге негізделген ғылыми зерттеуге байланысты касиеті аныкталады.

2.3 Орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың осы замандық әдістемесіне сипаттама

Ағылшын тілі - болашақтың тірегі. Ағылшын тілін үйрету үшін оқушылардың сол тілде сөйлесем деген талпынысын тудырып, сол мақсатта сан алуан әдістерді қолданудың маңызы зор. Әр ұстаз шәкіртінің сабаққа деген ынтасын арттыру мақсатында технологиялық құрал-жабдықтар мен түрлі көрнекіліктер әзірлеп, ойын элементтерін пайдалана, сабақ мазмұнын түрлендіріп отырады.

Ағылшын тілін меңгеруде сол тілдің (граматикалық, фонетикалық ережелерін) теориясын білу жеткіліксіз. Осы ретте оқушыға сол елдің халқын, салт-дәстүрін таныстыру орынды.

Модуль – іріленген дидактикалық бірлік. Модуль латынның – «өлшем», «шама», «мөлшер» деген сөзінен шыққан.

Модуль дегеніміз – үлкен бір жүйе, мұнда оқушы білімді жеке-жеке тараулар бойынша емес, біртұтас тақырып түрінде жүйелі түрде алады. Оқытуды модільдік технология арқылы жүзеге асырған кезде тарауға оқу бағдарламасының берілген сағат саны өзгермейді.

Ал модульдік оқыту технологиясы деп оқулықтың әр компонентті түрінде (мәтіндер, сұрақтар, жаттығулар) бір жүйенің компоненттері қарастырылады әрі ол оқулық қызметін іске асыруы тиіс. Модульдік оқыту 1960 жылдардың аяғына қарай шет елдерде (АҚШ) дәстүрлі оқытудың бір варианты, бағыты ретінде пайда болды. Американ ғалымдары оқу материалының мазмұнын аз порциямен (бірлікпен), дербес тақырыптармен беруді ұсынды. Модуль – ірі блок, бөлшек, дидактикалық бірлік, шама. Яғни, оқу материалын бөлшекке, блокқа бөліп оқыту.

Орта деңгейде ағылшын тілін оқу процесінде модульді жүйені пайдалану қазіргі таңда оқушыларға ұсынылып жатқан көлемді материалды қысқартуға және жеделдетуге жол ашады.

Оқу процесін гуманизациялауды, жаңа технологиямен және озық тәжірибемен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған білім беру жүйелерінің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі. Қазіргі қоғам сұранысына сай білімді, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, өзін-өзі дамытып жетілдіре алатын жеке тұлға тәрбиелеуге аса назар аударылады.

Орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың модульдік оқыту технологиясының тиімділігі мынада:

- оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамыту;

- танымдық процесстерді (жады, ойлау, зейін, елестеу қабілеті) дамыту;

- оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыру;

- белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін дамыту;

- тұлғаның қиындықтарға даяр болуы және оны жеңе білуі, ойын, қауіпсіздік, сыйлау, өзін-өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал ету.

Оқушылар өзара сөйлесудің, оқыта үйретудің негізгі артықшылықтарын көреді. Оқу материалына бірнеше мәрте қайта оралу, бір күрделілік деңгейінен екіншісіне қиындықсыз өту оқу модулінің соңында біршама жоғары баға алуға мүмкіндік береді. Бұл оқушылардың өз күшіне сенуіне және оларда оқуға қызығушылық қалыптастыруына, интеллектуальдық қуатын жүзеге асыруына ықпал етеді.

Орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың ойдағыдай меңгертудің тағы бір тиімді әдісі – тандем әдісі.

Тандем әдісі – оқытудың жаңа халықаралық бағдарламасы, ол екі елдегі ана тілдері әр түрлі екі адамның бір-біріне шетел тілдерін оқытуының ашық формасы. Бұл әдістің көмегімен екі елде отырған адам электронды пошта арқылы қысқа уақыт ішінде тікелей байланысқа шыға алады. Бұл жаңа бағдарлама – шетел тілін тез арада үйретуде көптеген мүмкіндіктер туғызады. Сонымен бірге осы әдістің көмегімен оқушы басқа елдің мәдениетімен, салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен таныса алады.

Тандем әдісінің екі маңызды принципі бар:

Екі жақты принцип – байланыста отырған екі елдегі адам тілдік қарым-қатынас жасау арқылы бірдей пайда көруі тиіс. Оқу барысында екі адам бір-біріне теңдей көмек көрсетуі және де екі тілде де бірдей уақыт жіберуі керек.

Автономиялы принцип – екі елде отырған адам өз оқуына жауапты және оқудың мақсаты мен әдістерін өздері шешеді.

«Тандем-метод» Германияда 1960 жылдардың екінші жартысында неміс-француз жастарының жиі кездесулер ұйымдастыруының нәтижесінде қалыптасты. Соның негізінен бертін келе бір-біріне ұштасып отыратын, бірін-бірі толықтыратын әдістің екі түрлі жеке және ұжымдық формасы пайда болды.

1992-1994 жылдары Интернетте халықаралық тандем әдісінің желісін құру туралы жұмыс басталды. Оның басты мақсаты – виртуальді қарым-қатынас орнату арқылы Интернет көмегімен білімді жалғастыру, тереңдету.

Ұжымдық тандем әдісінің кең тараған түрі – жоба жүргізу әдісі. Оның негізгі мақсаты – белгілі бір тақырыпта топтық жұмыс жүргізу және оны Интернет сайттарына енгізу.

Тандем әдісі бойынша білім алуды, білімді тереңдетуді былайша қорытындылауға болады:

Осы жаңа әдісті қолдана отырып, білім алушылар Интернет көмегімен көптеегн тілдік материалдарды үйренеді.

Сонымен бірге тілге қатысты түрлі грамматикалық материалдармен қатар тіл арқылы көптеген қызықты да өзекті мәліметтерден хабардар болады.

Орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың келесі әдіс – ілгеріден бар аударма әдісі.

Аударма жасау әдісі арқылы тілімізде сөз құраудың, ойды бейнелеудің неше алуан жаңа тәсілдері туды, жазу шеберлігі артты. Әсіресе, күрделі ойды күрделі сөйлеммен беру жағынан аударманың әкелген жаңалықтары өте көп. Демек, аударма арқылы тіліміздің синтаксистік құрылысына да көптеген жаңалықтар енді. Сонымен қатар, аударма оқушыны ылғи жаңа дүниеге, жаңа өмірге, жаңа ортаға енгізіп отырады. Аударма әдісі арқылы оқырмандар патша сарайларына, хан ордаларына, әлемнің таңғажайып храмдарына кіреді, небір көсемдерді, небір шешендерді, неше алуан суаттарды, сорлыларды көреді. Аудармашы осылардың бәріне, ең алдымен, ойын жеткізуі керек те, сонан соң сөзін жеткізуі керек. Ол аударылатын кітаптағы соны дүниені, соны өмірді, соны ортаны ең әуелі көзімен көріп тұрғандай ойша қабылдап, оның әрбір ұсақ деталіне дейін бойына сіңіріп алуы керек. Сонан соң ғана қажетті сөйлеу тілінің бар мүмкіншілігімен жеткізу керек. Мұнда халқымыздың ғасырлар бойғы тырнақтап жинаған сөз байлығы мен сөйлеу шеберлігі сарқа жұмсалады.

Негізінде, орта деңгейде ағылшын тілін оқытуда аударма - өте қажет дүние. Десек те кейбіреулер «қазір аударманың керегі жоқ» деп те жүр. Бұл – теріс пікір. Аударма – халықтар арасындағы алтын көпір. Онсыз сонау Ұлы Жібек бойында жатқан елдер бір-бірімен байланыса алар ма еді?! Онсыз сонау мұхиттың арғы бетінде жатқан елдерді тани алар ма едік?! Аударма - қажет әрі өте құнды сала. Аударма арқылы әркім өз ана тілін көркейту жағын қарастыру керек. Сондықтан да аударма әдісі ағылшын тілін оқытудың қазіргі тәсілдерінің аса қажеттісі.

1   2   3

Похожие:

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі курстық iconДиссертация 2009 жылы
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының...
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі курстық iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі курстық iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі курстық iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі курстық iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі курстық iconҚазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
Бағдарлама «25» 11. 2009 ж. №4 хаттама бекітілген пән бағдарламасы негізінде әзірленген
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі курстық iconҚазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
Бағдарлама бұйрығымен бекітілген жұмыс бабындағы оқу бағдарламасының негізінде әзірленді
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі курстық iconҚазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
Бағдарлама 2009ж 24. 08. №4 хаттама бекітілген жұмыс бабындағы оқу бағдарламасының негізінде әзірленді
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі курстық iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министІрлігі
Редакциялық кеңес: Құлажанов Т.Қ., Мұхаметқалиев Т. М., Оспанов А. Б., Нурахметов Б. К., Абинова Г. Д., Құрманалиев М.Қ., Абдрахимов...
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі курстық iconҚазақстан республикасы ғылым ЖӘне білім министірлігі
Мамандықтарына арналған шығыс тілі (ТҮрік) ПӘні бойынша магистратурағА Қабылдау емтихандарының бағдарламасы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница