Скачать 3.91 Mb.
|
Қазақ этнопедагогикасының зерттелу бағыттары мен бүгінгі жағдайыДүйсембінова Р.Қ.,- педагогика ғылымдарының докторы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан Этнопедагогика қоғамның тарихи дамуы барысында көкейкесті проблема болғандығын өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Оның көкейкестілігі соңғы жылдары әр республиканың егемендік алып, жеке мемлекет болуына, сонымен бірге ұлттық сана-сезімнің жетілуіне, қоғам өмірінің рухани жандануына байланысты бұрынғысынан да артуда. Мұны ғылымның барлық саласында орындалған зерттеу еңбектері де дәлелдеуде. Зерттеушілердің басым көпшілігі бұл ұғымға түсінік беруде. Этнопедагогика проблемасы көкейкестілігінің жаңа қоғам талаптарымен ұштасып жатқанын ҚР Үкіметінің, Білім және ғылым министрлігінің нұсқаулары, нормативті құжаттары мен бағдарламалары «Халық педагогикасы дәстүрлерін оқу-тәрбие процесінде пайдалану», «Этнопедагогика және білім жүйесіндегі дарынды балалар проблемасы», «Этникалық педагогика курсы», ғылыми-практикалық конференция материалдары және соңғы буын оқулықтарының жарық көруі дәлелдеп отыр. Орындалған зерттеулерге жасаған талдау бойынша мынадай көріністерді байқауға болады:
Ал, енді қазақ этнопедагогикасын мектеп практикасына ендіру проблемасына келетін болсақ, тарихи деректерге қарағанда Қазақстан егемендігін алғанға дейін бұл мәселе педагогика ғылымының аясынан қалыс қалып отырған. Бұл мәселе саласында бірқатар тәжірибелер жинақталды, өнеге тұтар құнды идеялар, көзқарастар сарапталып, оны дамытуға, жеткіншектер тәрбиесінде пайдалануға байланысты ұсыныс-нұсқаулар берілді. Егер дәлелді сипаттама беретін болсақ:
Мектеп тәжірибелеріне жасаған талдау нәтижесінде былайша ой түйіндеуге болады:
Мұғалімдер мен тәрбиешілердің қазақ этнопедагогикасы саласындағы даярлығын зерттеу барысында олардың білім, іскерлік, дағды деңгейлерінің төмендігі анықталды. Мысалы, сауалнама нәтижесінде мұғалімдердің 63 пайызға жуығы ұлттық мәдени дәстүрлерді бала тәрбиесінде жүйелі пайдалануға теориялық даярлығының жоқтығын көрсетсе, бұл саладан білімі бар дегендер оларды өз тәжірибесінде пайдаланбайтындығын байқатып, 17 пайызға жуық мұғалім қазақ этнопедагогикасы жөніндегі білімді отбасынан, педагогикалық колледж, университет пен институттан алатындығын айтты. Бүгінгі күннің ең көкейкесті проблемасының бірі мектеп практикасына қазақ этнопедагогикасы бойынша орындалған ғылыми зерттеулердегі жетістіктерді, қазақ этнопедагогикасының озық тәжірибелерін ендіру болып отыр. Қолданбалы зерттеулердің көкейкестілігі – проблеманың практикадағы қажеттілігімен; ал маңыздылығы – зерттеудің көлемі және бағыттылығымен сипатталады. Зерттеу нәтижелерін практикада пайдалану мүмкіндіктері басты көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Бұл зерттеулерпдің бірқатары теориялық мәселелерді шешуге де өз үлесін қосып отыр. Іргелі педагогикалық зерттеулерде авторлар (С.Қалиев, Қ.Жарықбаев, С.А.Ұзақбаева, Ж.Наурызбай, К.Қожахметова) өзінің әдіснамалық, теориялық көзқарасын дәлелді негіздеуге талпынады, шешімі қарастырылып отырған проблеманы теориялық тұрғыда көлемді негіздейді. Зерттеу нәтижелерін мектеп практикасында пайдалануға байланысты қолданбалы әдістемелік ұсыныстар беріп, өңдемелер жасайды. Қорғалған ғылыми-зерттеу еңбектері республика баспаларында жарияланым көрмей, кітапхана сөрелерінен орын алуда. Ал, бұл болса қазақ этнопедагогикасы аясында орындалған зерттеулерге, біріншіден – мұғалімдер сұранысын шектейді, екіншіден – олардың мектеп практикасына мерзімінде ендірілуіне кедергі келтіреді. Зерттеу еңбектеріндегі ғылыми нәтижелерді мерзімінде мектеп практикасына ендіру мәселесін шешу – Білім және ғылым министрлігінің құзырында. Ғылыми конференцияларда көрініс тапқан баяндамалар мазмұны ғалымдар мен оқытушыларды қазақ этнопедагогикасының мынадай мынадай салалары толғандыратынын айғақтайды:
Қазақ этнопедагогикасы мәселелерін мазмұндайтын өңдемелер, қолжазбалар, қолданбалы құралдар, жинақтар да мектеп мұғалімдері мен жоғары және арнайы орта оқу орындары оқытушыларына көмекші құрал міндетін атқарып жүр. Зерттеу еңбектеріне жасаған талдау қазақ этнопедагогикасы саласында бірқатар еңбектердің орындалғанын, оларда бүгінгі күн талабына сай көкейкесті проблема шешімін тауып отырғанын, соған қарамастан олардың басым көпшілігінің республика мектептері практикасына ендірілмегенін, тек өздері эксперимент жүргізген мектептермен шектелгенін, қала берді мұғалімдермен қатар мектеп басшылары да мұндай жұмыстардың орындалғанынан хабарсыз екендігін дәлелдейді. |
![]() | А. С. Пушкин атындаєы шыєыс ќазаќстан облыстыќ кітапханасы Мемлекеттік тілдіѕ ахуалы, проблемалары жјне оны шешу жолдары атты халыќаралыќ єылыми-практикалыќ конференциясыныѕ материалдары | ![]() | Ііі халықаралық «Сейтен тағылымдары» ғылыми-практикалық конференциясының материалдары Кµкшетау, Ресей Федерациясы, Омбы, 2005 жыл, 289 бет. Материалы международной научно-практической конференции «Сейтеновские чтения»,... |
![]() | Мақалалар, деректі құжаттар, аудармалар жинағы Л. Н. Гумилев атындағы еуразия ұлттық университетінің жанындағЫ «отырар кітапханасы» Ғылыми орталығЫ | ![]() | Министерство образования и науки республики казахстан ... |
![]() | Министерство образования и науки республики казахстан ... | ![]() | Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының баяндамаларының материалдары Жайық Өзенінің ортаңҒы ағысында бекіре тұҚымдас балықтардың КӨбею мәселесі және оны шешу жолдары |
![]() | Программа XIV научной конференции студентов по общественным, естественным Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының кеңесі Сізді техникалық ғылымдар бойынша өтетін студенттік ғылыми конференциясының жұмысына... | ![]() | Форма сведений об осуществлении научного руководства «Қазақстан этностары» фотокітап. – Алматы: Золотая книга, 2013. – 319 с. (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде); Қазақтың тарихын көп... |
![]() | Кереку-Баян өңірінің батырлары бойынша мақалалар мен материалдар жинағы Павлодар Кереку 2008 Арын Е. М. (бас редактор), Артықбаев Ж. О. (жауапты редактор), Кадысова Р. Ж., Ақышев А. А., Нұрбаев Қ. Ж., Ерманов А. Ж | ![]() | Аннотация: Студенттердіѕ єылыми практикалыќ конференцияларыныѕ материалдары жинаќталєан. Конференция материалдары јр алуан, мјдениеттану, саясаттану, экология, туризм, математика мен компьютерлік технология материалдарын ќамтиды. Дене тјрбиесі жјне спорт ... |