Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері




НазваниеТұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері
страница7/8
Дата конвертации13.02.2016
Размер0.99 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.diplomkaz.kz/wp-content/uploads/2013/03/Дип.-Тұлғаның-шығармашылық-қабілетінің-қалыпт
1   2   3   4   5   6   7   8


Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру саласындағы бағдарлама мақсаты:


  • өскелең ұрпақты демократиялы қоғамда өмір сүруге үйреті;

  • азаматтық белсенділік қалыптастыру;

  • сын ойды қалыптастыру;

  • жалпы құқық мідениетіне ықпал ету;

  • тәуелсіз азамат –патриот тұлғаны тәрбиелеу


Бағдарлама міндеттері:


  • тулғаның әлеуметтендіруіне жағдай жасау;

  • жалпы адамзаттық құндылықты бейнелейтін әдеп, саяси құқық бағдарламаларды жүзеге асыруды ықпал ету;

  • азаматтық өзіндік сана қалыптастыру;

  • салауатты өмір салтына ықпал жасау;

  • ұлттық келісім негізі ретінде адамгершілік, бейбітшілікке тәрбиелеу;

  • заңға бағыну және құқық сананы тәрбиелеу;

  • әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру;

  • жеке адам мен халықтар арасындағы ынтымақтастыққа ықпал ететін тұлғаның өзіндік болмысын нығайту.


Жасалған әдістемелік қосымша мен бағдарламаны бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануға байланысты мұғалімдерге ақыл-кеңес, әдістемелік ұсыныстар берілді, оларды пайдаланудың жолдары, әдіс-тәселдері көрсетілді. Көркем шығарманы оқу үрдісінде пайдаланудың үлгі сабақ жоспарлары көрсетілді. Ол сабақ жоспарлары төмендегідей тақырыпьарды қамтыды: «Туған жер», «Отан туралы», «Туған өлкем», «Астана», «Сенің Отаның», «Мен ілімді сүйемін», «Ауыл таңы», «Өсіп келе жатырмын», «Сарыарқа», «Өзім – күнмін, өзім - от», «Бостандық таңы атты» т.б.

Бұл сабақтардың ұлттық сана-сезім мен идеологияны қалыптастыруға, халықтың салт-дәстүрлерін, ана тілін дамытуға, отаншылдық сезем мен ұлттық мүдлдені өсіруге, жастарды ата-баба тарихына құрметпен қарай білуге тәрбиелеуге ықпалы ерекше. Көркем шығарма үлгілерін пайдалана отырып сабақ өткізу бастауыш сынып мұғалімдеріне шығармашылықпен жұмыс істеуге зор мүмкіншілік ашты. Көркем шығарма арқылы тәрбие жұмысының жүйесін жетілдіріп, бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру мақсатында әртүрлі сыныптан тыс жұмыс формалары мен тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Өткізілген сыныптан тыс жұмыстар бастауыш сынып оқушыларының көркем шығармаға деген қызығушылықтарын анағұрлым арттырды. Олардың адамгершілік, гумандық қасиеттері дамып, патриоттық сезімдері қалыптасты.

Эксперименттің үшінші кезеңінде жасалған әдістемелік қосымша мен бағдарламаның тиімділігін анықтау үшін сауалнамалар тест жүргізіліп, сұрақ-жауап, әңгімелесулерн жүргіздік. Тексерулер қорытындысы бастауыш сынып оқушыларын патриоттық сезімдері анағұрлым кеңейгені, олардың көркем шығарма туралы білімдерінің, иүсініктерінің әлде қайда дамығандығын байқатты. Бақылай экспериментінің көрсеткішін кестеден көрсетеміз.


1-кесте. Бақылау экспериментінің нәтижесі


N

Өлшемдері

Оқушылар


Эксперименттік топтар

Бақылау топтар

саны

т/д

о/д

ж/д

т/д

о/д

ж/д

%

1

Көркем шығарма материалдарын тыңдай білуі, оның мазмұнын түсінуі


160

30

60

70

80

48

32

%

19

37

44

50

30

20

2

Көркем шығарма материалдарын тыңдай білуі, оның мазмұнын түсінуі;


160

36

58

66

86

43

31

%

23

36

41

54

27

19

3

Алған білімдері мен іскерліктерін қажетіне қарай тәжірибеде пайдалана білуі.


160

35

68

57

82

48

30

%

22

42

36

51

30

19

4

Жалпы

100%

21

39

40

52

29

19


Бұл бақылау экспериментінің нәтижесін 2 – суретте көрсетеміз:



Егер тәжірибелік экспериментке дейін эксперименттік топтардың жоғары білім деңгейін тек 19% оқушы көрсетсе, тәжірибелік эксперименттен кейін аталмыш деңгей көрсеткіші 40%-ға дейін көтерілді. Орта білім деңгейіндегі оқушылар 24 % дан 39%-ға дейін жоғарлады. Ал төменгі білім деңгейі 57% -дан 21-%ға дейін төмендеді. Бақылау топтарында айтарлықтай өзгерістер байқалмады.

Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеуде ана тілі пәндерінің алатын орны ерекше. Оқушыларды көркем шығарма арқылы патриоттыққа баулу мүмкіндіктері бойынша қалыптастыру экспериментін жүргізген мектептегі ана тілі сабағында оқушылардың айтылғанды қалай қабыл алғаны, қандай әсер қалдырғанын байқадық. Халқымыз елін қорғайтын саналы азамат тәрбиелеуге қашанда ерекше мән беріп келген. Батырлық, ерлік рухта патриотизмге тәрбиелеудің негізгі бағыттары мынадай басты мәселелерді жүзеге асырылуы тиіс. Олар: патриоттық тәрбиеге байланысты озат тәжірибедегі мүмкіндіктерді толық пайдаланып, оқушының жеке тұлғасына ықпал етудің жүйесін жасау, бастауыш сыныптарда негізгі пәндерді оқытуда және тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруға тірек болатындай сипатта, яғни сабақтастыра жүргізуге баса назар аудару, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуде туған елін, жерін, Отанын сүюге баулуда жергілікті жердің батырлары мен елім деген ерлердің ерлік, батырлық істеріне үлгі ету арқылы ұлттық намысын оятатын жұмыстарды ұйымдастыру.


ҚОРЫТЫНДЫ


Қазақстан Республикасында болып жатқан саяси-әлеуметтік, экономикалық өзгерістер білім беру жүйесін өзгеше құруды талап етуде. Әсіресе, білім беру саласында ізгілендіру, демократияландыру үрдістері жүріп жатқан кезде, білім мазмұнын ұлттық ерекшеліктер негізінде құру, өсіп келе жатқан жас ұрпақты рухи биік, саналы, патриоттық сезімі жоғары тұлға етіп тәрбиелеу қажеттігі туындап отыр.

Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде халықтар арасындағы бірлікті нығайту, отансүйгіштікке тәрбиелеу, тіл мәдениетін орнықтыру мәселелеріне тоқталып: «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз – Қазақстандық Отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру. Шынайы Отансүйгіштікті,нағыз азаматтықты қалыптастыру жеке бастың өзін саяси тұрғыдан айқын сезінуін, өз Отанын саналы түрде таңдауын көздейді» - делінген.

Тәрбиедегі ең басты бағыт делінген тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: «Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болуы керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Оның осындай тұжырымғы тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көптеп көмектеседі, солар арқылы ол жалпы азаматтық әлемге аяқ басып, өз халқының мәдени игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір ұрпақөз кезі мен өткеннің талаптары,о бъективті факторлары негізінде жас ұрпақты өмірге даярлап, оны жинақталған бай тәжірибе арқылы тәрбиелей отырып, өзінің ата-бабаларының рухани мұрасын игере түсуі керек».

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: орта білім беру міндеттерінің бірі – азаматтықа, адамның құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауға, елжандылыққа, өз Отанын сүюге тәрбиелеу деп көрсетіледі. Ел президентінің 2004 жылғы 19 наурыз айындағы Қазақстан халқына «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәскеге қабілетті халық үшін» Жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен, оның ішінде патриоттықпен айқындалатынын ерекше атап көрсетеді». Сондай-ақ Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында және Қазақстан Республикасы білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде білім беру мәселесінің жай күйі жан-жақты талданып, адамгершілік құндылықтарды нығайтуға ерекше назар аударып, Қазақстандықпатриотизм мен интернационализм негізінде білім алушылардың тәрбиелеудің тиімді жүйесін енгізу қажеттігі баса айтылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында білім беру мәселесіне ерекше көңіл аударып, 12 жылдық білім жүйесіне көшуде ұлттық мектептің моделін құра отырып, өсіп келе

жатқан жас ұрпақты патриоттық сезімге, отаншылдыққа тәрбиелеу қажеттігін атап көрсетті.

Ендеше білім беру саласының басты міндеті - өскелең ұрпақты ерлік рухында ұлтжандылыққа тәрбиелеу екені айқын. Патриотизм – туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілік. Оның негізгі элементтері: туған жер, ана тілі, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі және оларды құрмет тұту. Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі – Отан. Патриоттық тәрбиенің негізгі мазмұны: туған жердің табиғаты, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар болып табылады.

Қай заманда болмасын адамзаттың басты міндеттерінің бірі - өсіп келе жатқан жас ұрпақты ақылды да саналы, тәртіпті де еңбек сүйгіш, өз халқының патриоты болатын ұрпақ тәрбиелеу екені көпке мәлім.

Әр халық ұрпағының қайырыпмды да адал, әділ де ержүрек, үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор, ар ұяты мол елжанды болып өскенін қалайды. Ол үшін халық өзінің талай ғасырлар бойы жасап, әріден келе жатқан әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне арқа сүйейді.

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Халқынга Жолдауында» жас ұрпақты жауынгерлік, Отансүйгіштік рухта, ата-бабамыздың ерлік өнегесімен тәрбиелеуді мақсат етіп қойды.

Патриоттық тәрбие – қоғамдық дамудың әрқилы кезеңдерін бастан өткізіп келе жатқан тарихи құбылыс. Ол қазақ халқымен бірге жасалып жатқан сезім болып табылады. Отаншылдық сезім – адамда жүре пайда болатын жеке тұлғаның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, әлеуметтік құбылыс.

Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың патриоттық тәрбиесі ең алдымен отбасы мен бастауыш сыныптардағы білім мен тәрбиеге байланысты болса, екіншіден балаға жақын ұлттық көркем шығарманы оқу арқылы қалыптасады. Яғни, патриоттық тәрбиені бастауыш сыныптан бастап жүзеге асырудың маңызы зор. Оның себебі, бастауыш сатыдағы кезең – бала дамуының ұйытқысы, іргетасы болып, оқу әрекеті қалыптасуының өте қолайлы кезең. Сондай-ақ, бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбиені көркем шығармалар арқылы жүзеге асыруға болады.

Көркем шығарма арқылы жеке тұлғаның рухани әлеміне мақсатты түрде әсер ету үшін ең алдымен бастауыш сынып оқушыларының көркем шығармаға деген қызығушылықтарын оятып, оны әсерлі оқи, тыңдай білуге баулу қажет.

Ұрпақ тәрбиесінде көркем шығармалар баланы елжандылыққа тәрбиелеу құралы екені сөзсіз. Көркем шығарманы оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану және көркем шығарма жанрлары негізінде оқушыларды тәрбиелеу мәселесі бірнеше ғылыми-педагогикалық ебектерде көрсетілгені зерттеу барысында анықталды.

Қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, рухани өміріндегі өзгерістер қазіргі білім беру жүйесінің ізгіліктік және жеке тұлғаны қалыптастыру бағытын көздеп отыр. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуынақажетті жағдай жасау» деп көрсетілген.

Көркем шығарма - өмір мектебі. Көркем туындыда халықтың тарихы жүріп өткен тағдыры, өмір белестері, елдік-ерлік дәстүрлері, тұрмыс салты, өзіндік тілі, діні жинақталған, табиғаты кескінделген, адамгершілік ұғым-түсінігі көрініс табады.

Көркем шығарманы оқыту арқылы бастауыш сынып оқушалырының патриоттық сезімін қалыптастырамыз, дүниеге көзқарасын дамытамыз.Көркем шығарма балаларда алуан түрлі сезім, ой туғызады.

Біз зерттеуімізге нысана етіп алған көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру мәселесін зерделей келе төмендегідей қорытынды жасаймыз.

  1. Көркем шығарма мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектер жан-жақты талданды. Патриоттық тәрбие мәселелерін ғылыми тұрғыда талдаудың қорытынды нәтижелері - патриоттық тәрбие – қоғамдық дамудың әрқилы кезеңдерін бастан өткізіп келе жатқан тарихи құбылыс. Ол туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.

  2. Көркем шығарма материалдарын ана тілі сабақтарында пайдалану арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру, елжандықлықты қалыптастырудың педагогикалық құндылығын анықтауға, мазмұндары мен әдіс-тәсілдерін бағдарлап, болжамдар жасауға мүмкіндік берді.

  3. Бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру мақсатында көркем шығарма материалдарын оқу-тәрбие процесінде пайдалануға байланысты түрлі ғылыми-теориялық және әдістемелік әдебиеттер талданды. Көркем шығарма материалдарын пайдаланудың жолдары мен әдіс-тәсілдері белгіленді.

  4. Ана тілі оқулықтарына, оқу бағдарламасына, әдістемелік құралдарға жан-жақты ғылыми талдау жасалды.

  5. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескерген жағдайда, олардың дерексіз ойлауынан гөрі, деректі көру қабілеті басым екенін басшылыққа ала отырып, патриоттық тәрбие беруде көркем шығарма материалдарының педагогикалық құндылығы айқындалды.

  6. Көркем әдебиет материалдарын пайдалану арқылы оқу-тәрбие үрдісінің міндеттерін шешу жолдарын жан-жақты қарастырылды. Бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие жұмысына талдау жасалып, балалардың білім дәрежесін, дағды даңгейін анықтау мақсатында анықтау эксперименті жүргізілді. Анықтау экспериментінің нәтижесінде оқушылардың патриоттыққа тәрбиелеу мәселесінің өз деңгейінде жүргізілмейтініне көз жеткізілді. Осы кемшіліктерді жою мақсатында базалық мектептің бастауыш сынп мұғалімдерімен семинарлар ұйымдастырылып, онда алдағы жүргізілетін қалыптастыру экспериментінің мақсаты мен міндеттерімен таныстырылып,нақты ғылыми-әдістемелік тұрғыда ұсыныстар берілді. Қалыптастыру эксперименттеріне арнайы ана тілі пәндерінен арнайы сабақ жоспарларының үлгілері мен тәрбие сағаттарының жоспарлары әзірленді.

  7. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижесінде оқушылардың теориялық және практикалық білім өрісін кеңйту мақсатында көркем шығарма арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің әдістемесін жасау қажеттігі туындады.

  8. Бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруді жетіілдіру мақсатында оқу-тәрбие процесінде көркем шығарманы пайдаланудың әдістемесі құрылды, оның тиімділігін тәжірибеде айқындалып, әдістемелік нұсқау берілді.

  9. Оқушылардың көркем шығарма туралы білімдерін жетілдіріп, патриоттық тәрбие беру мақсатында көркем шығарма бойынша сыныптан тыс жұмыстардың түрлері айқындалды.

  10. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижесі көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру мәселесі бойынша біздің алға қойған болжамымыздың дұрыстығын дәлелдеді патриоттық тәрбие беруде көркем шығарма материалдарының мүмкіндіктері жоғары екені көрсетті.

  11. Зерттеу нәтижесі біздің ұсынып отырған әдістеменің тиімділігін дәлелдеді.

Бүгінгі таңда мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде көркем шығарма арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беруді жетілдіруде мұғалімдерге төмендегідей ұсыныстар беріледі.

- Оқушыларға патриоттық тәрбие беруде көркем шығарма материалдарын оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың жүйелі әдістемелік кешенін жетілдіру;

- Оқушыларға патриоттық тәрбие беруде оқу-тәрбие процесінде көркем материалдарын жүйелі пайдалану және сыныптан тыс өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру, оларды дамыту;

- көркем материалдарын оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануға байланысты үлгілі ұстаздардың озық тәжірибелерін кеңінен насихаттау үшін бастауыш сынып мұғалімдерімен семинарлар, тренигтер өткізіп, әдістемелік кеңестер ұйымдастырып, ашық сабақтар өткізу.

Зерттеліп отырған мәселе күрделі болғандықтан, оның барлық салаларын терең қамтып шығу мүмкін емес. Бірақ бұл мәселенің айқындалған жағдайлары болашата көркем шығарма арқылы орта мектеп, педагогикалық колледж оқушыларына, жоғары оқу орындарының студенттеріне патриоттық тәрбие беру мәселесін зерттеуге негіз бола алады деп есептейміз.

1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері icon«КӘсіби психология» Кәсіби психологияның әдіснамалық негіздері, кәсіптік әрекет процесі
Бөлімнің мақсаты мен міндеттері. Кәсіптік әрекет процесіне психологиялық талдау. Басқару мәдениеті. Ақыл-ой еңбегінің психологиялық...
Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері iconМазмұны Кіріспе І тарау. Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері
Тарау. Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері
Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері icon«Тұлға теориялары» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
Психологиялық қорғаныс конфликтіні ұғынуға байланысты туындаған мазасыздану сезімін минимумға дейін апаратын немесе жоюға бағытталған...
Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері iconПсихология кафедрасы
РТҮрлі жас шамасындағы балалардың Қарым-қатынас ерекшеліктерінің психологиялық-педагогикалық негіздері
Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері iconБухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы
Ық материалды студенттің қаншалықты меңгергенін және алған білімін творчестволық зерттеу үшін пайдалану қабілетінің қаншалықты екендігін,...
Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері iconБухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы
Ық материалды студенттің қаншалықты меңгергенін және алған білімін творчестволық зерттеу үшін пайдалану қабілетінің қаншалықты екендігін,...
Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері iconБухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы
Ық материалды студенттің қаншалықты меңгергенін және алған білімін творчестволық зерттеу үшін пайдалану қабілетінің қаншалықты екендігін,...
Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері icon12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері
Жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері
Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері icon«Жарнама психологиясы» мамандық үшін 5В010300 «Педагогика және психология»
Аккредитив – тұлғаның атына жазылған, сонда көрсетілген соманы банктен алуға тұлғаның құқығын куәландыратын атаулы ақшалай құжат
Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері iconЕ. А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Тұтас педагогикалық процестегі танымдық іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық негіздері
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница