Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері




НазваниеТұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері
страница5/8
Дата конвертации13.02.2016
Размер0.99 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.diplomkaz.kz/wp-content/uploads/2013/03/Дип.-Тұлғаның-шығармашылық-қабілетінің-қалыпт
1   2   3   4   5   6   7   8

Ойын арқылы оқытуда оқу үрдісінде ойын қолданылады. Педагогикалық энциклопеияда: ойын әрекеті – баланың барлық нышандарының дамуына мүмкіндік тудыратын өзіндік ерекшелігі бар интеллектуалдық мектеп делінген. Бастауыш мектепте ойынның маңызы ерекше. Оның себебі, мектепке дейінгі кезеңде баланың негізгі әрекеті ойын, мектепке келгеннен кейін балаға бірден оқу әрекетіне көшу қиян болғандықтан ойын арқылы біртіндеп оқу әрекеті төселдіреміз. Ойын сабақтың кез-келген кезеңінде тақырыпқа сай қолданылады.

Мұнда ойынға түрлі санамақтарды, сұрамақтарды, қаламақтарды, айтыс ойындарды жатқызуға болады. Олар балалардың сөйлеу тілін жаттықтырып дамытады.

Топтық жұмыстарға бірыңғай топтық жұмыс және сараланған топтық жұмыс жатады. Бірыңғай топтық жұмыс барысында барлық топ бірдей тапсырма орындайды. Сараланған ттоптық жұмыстарда тапсырма топтың қабілетіне, мүмкіншілігіне, сұранысына қарай сараланады. [150]

Оқушылардың ойлау қабілетінің артуы мұғалімнің білім беру барысындағы шеберлігіне байланысты. Егер, мұғалім сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдерді қолданумен қатар оқушылардың оқу әрекетін түрлендіруге (оқу, жазу, әңгімелесу, сызу, тәжірибе жасау) жағдай жасай білсе, олардың ойлауы, неге бұлай? – деген сұраққа жауап іздеуіне, сол арқылы өз ойын қорытып ұғымын түйіндеуіне жағдай туады.


    1. Тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижесі

Қазіргі қоғам сұранысын жете түсінген әрбір ұстаз өз Отанын шексіз сүйетін, білімді, іскер, адамгершілігі мол, парасатты, мәдениетті, жан-жақты жетілген ұрпақ даярлауға міндетті. Әрбір ұстазда мақсаты мен міндеттерінің жүзеге асуы өз пәндерінің оқушыларға үздіксіз білім беруі, білім бері бағдарламасында гүманистік сипат, демократиялық принципті жүзеге асырып отыру арқылы сапалы білім берудент тұрады.

Шынайы отаншылдық адамдардың туған халқына, оның тарихына, дәстүр салтына деген құрмет сезімімен танылады.

Біз зерттеу жұмысымыздың алдыңғы бөлімдерінде көркем шығарманың тәрбиелік, дамытушылық маңызын айтып кеттік. Бастауыш сыныптарда жүретін ана тілі пәнінде көркем шығарма материалдарын пайдалану арқылы оқушыларда патриоттық тәрбие қалыптастырудың мүмкіндігі зор.

Зерттеу барысында қарастырылып отырған мақсат, міндеттерге сай көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің өлшемдері анықталды:

  • көркем шығарма материалдарын тыңдай білуі, оның мазмұнын түсінуі;

  • көркем шығарма материалдарын қызығушылықпен, эмоциялық сезіммен қабылдауы;

  • алған білімдері мен іскерліктерін қажетіне қарай тәжірибеде пайдалана білуі.

Осы өлшемдердің негізінде көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің көрсеткіштері айқындалды:

  • көркем шығарма мазмұнын түсіну, қабылдау;

  • көркем әдебиет түрлерін білу;

  • көркем шығарма мазмұнын айтып беру, оны өзбетімен жалғастыра білу;

  • көркем шығарманы талдау, халық ауыз әдебиетін пайдалану дағдылары;

Бұл өлшемдер мен көрсеткіштер негізінде көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің үш деңгейі (төмен, орта, жоғары) белгіленді.

Төмен деңгей көркем шығармаға немқұрайлықпен қарайды, оны өмірде қажет деп санамайды, көркем шығарманы тыңдау барысында қызығушылық көрсетпейді, естігенін айтып бере алмайды; өзбетімен ізденіп оқымайды; берген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындай алмайды; көркем шығармаға байланысты ұйымдастырылған іс шараларға белсенділік көрсетпейді.

Орта деңгей көркем шығарма туралы түсінігі болғанымен, оның тек жекелеген түрлеріне қызығушылығы байқалады, көркем шығарма түрлерін қызығушылықпен тыңдауға тырысады, естігенін айтып беруге талпынады, бірақ ой-қорытындысын шығаруға қиналады; берген тапсырманы мұғалімнің көмегімен орындайды; көркем шығармаға байланысты ұйымдастырылған іс-шараларға қатынасуы барысында ішінара белсенділік көрсетеді.

Жоғары деңгей көркем шығарманың мән-мазмұнын шынайы сана сезіммен түсінеді, эмоциялық сезіммен қабылдайды, көркем шығарманы бар зейінімен тыңдап, оларды өзбетімен ізденіп оқиды; естігенін еркін айтып берумен шектелмей, дәлелдемелермен түсіндіреді; берген тапсырманы үлкен жауапкершілікпен тиянақты орындайды; көркем шығармаға байланысты ұйымдастырған іс-шараларға белсене қатысып, тапқырлық танытады.

Эксперимент үш кезеңде (анықтау, қалыптастыру, бақылау) Қызылорда облысының Жаңақорған ауданының М.Әуезов атындағы N2 орта мектебі, Абай атындағы дарынды балаларға арналған N 15 лицей, N 6 қазақ орта мектептерінде жүргізілді. Әрбір кезең нақты міндеттерді көздеді. Экспериментке 320 оқушы қатысты.

Анықтау экспериментінде бірінші, екінші, үшінші, төртінші сыныптардың ана тілі сабақтарына қатысып, аталған сыныптардың құжаттарымен танысып, төмендегідей мәселелерге баса назар аудардық:

- 1,2,3,4 сынып мұғалімдерінің білімі, кәсіби стажы;

- аталған сыныптардың ана тілі пәндернің жылдық жоспарының зерттеу тақырыбымызға қатысты бөлімі;

-мұғалімдердің озат тәжірибені қолдануы;

-экспериментке алынған сыныптардың мұғалімдерінің күнделікті жұмыс жоспарына талдау жасалынды;

-эксперименттік сыныптарда ана тілі сабақтарына қатысып, тәрбиелік мақсатының жүзеге асырылуы талданды. Сөзіміз дәлелді болуы үшін 3 сыныпта ана тілі сабағында «Сенің Отаның», «Туған ел», «Халық қорғаны», т.б. тақырыптар талданды. Бұл сабақтарды өту барысында мұғалімдер оқулықта берілген тапсырмалармен ғана шектелетіні белгілі болды. Балалар сабақта өз мүмкіндіктеріне қарай, сұраққа жауап беріп, оны өмірмен байланыстыруға тырысты. Оқушыларда отан, туған ел туралы түсінік қалыптасты, яғни ол туралы білім алы. Бірақ өз елі, Отаны туралы мақтаныш сезімі, оны қорғау әрбір азаматтың міндетті борышы екені яғни тақырыптың тәрбиелік мақсаты ашылмай қалды. Отан отбасынан басталатын айтып, Республикамыздың картасын пайдаланып, елдің, жердің байлығы, кең байтақ Отанымыздың әр тасы, суы, өзені, қаласы, даласы екенін түсіндіріп, оны кең байтақ өлке болып қалуы елімізді жаудан қорғаған батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлік істері екені мысалмен түсінлдірілмеді. Міне, осындай кемшіліктерді жою үшін сабақтың тәрбиелік мақсатын жүзеге асыруда арнайы ұйымдастырылатын эксперименттік материалдарды іріктеп жүйеледік.

Зерттеу нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларына көркем шығарма арқылы патриоттық тәрбие берудің қайшылықтары айқындалды:

  • бастауыш сынып оқушыларына паториттық тәрбие беру мақсатында көркем шығарманы түсіндіруде берілетін білім мазмұнының жүйесінің қалыптаспағаны;

  • оқушылардың көркем шығармаға деген қызығушылықтары нашар;

  • оқушылардың өз бетімен әңгіме құрап айта білуі, өз ойын жүйелі жеткізуі төмен;

  • Отан, туған жер, туған өлке табиғаты туралы берілген түрлі мәтін, өлеңдердің мазмұнын салыстыру жағы нашар;

  • көркем шығарма арқылы патриоттық тәрбие беру жайында арнайы зерттеу жұмыстары жоқ;

- көркем әдебиет арқылы патриоттық тәрбие берудің әдістемесі жоқ.


Бірінші кезеңде бастауыш сыныптағы ана тілі сабақтарында көркем шығарма материалдарын пайдаланудың деңгейі анықталды. Бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарма түрлері туралы білімдері, түсініктері, оларды керекті жерде пайдалана білу дағдылары қандай жағдайда екені тексерілді.

Берілген деңгейлер бойынша арнайы сауалнама, тест даярланып, оқу-тәрбие процесінде оқушылардың өзіндік жұмыстарын тексеру барысында бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруге көркем шығарманың мүмкіндіктері анықталды.


2 сыныпқа арналған сауалнама:

1. Отан туралы қандай мақал-мәтел білесің?

2. Отан дегеніміз не?

3. Өз Отаның туралы қандай өлең білесің?

4. Туған жеріңнің табиғатын айтып бер

5. Өзің тұратын жеріңдегі мәдени орындарды ата

6. Қазақстан Руспубликасының астансын ата

7. Патриот деген сөзді қалай түсінесің

8. Отаның туралы не айта аласың?

9. қазақ билерін ата

10. Ұлы отан соғысы туралы не білесің?


3 сыныпқа арналған сауалнама:

1. «Отан – оттан да ыстық» дегенді қалай түсінесің?

2. Отан, туған жер туралы қандай шығармалар оқыдың?

3. «Отан – отбасынан басталады» дегенді қалй түсінісің?

4. Мен Отаным үшін қызмет етемін..... (жалғастыр)

5. Қазақстан туралы не айта аласың?

6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін ата

7. Халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын көрсететін қандай ертегі білесің?

8. Астана қаласы туралы не айта аласың?

9. Отаныңда қандай пайдалы қазбалар бар?

10. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?


4сыныпқа арналған сауалнама:

1. Астана қай жылы Қазақстан республикасының астанасы болып жарияланды?

2. «Туған жерде туың тік» дегенді түсіндір

3. Отан туралы қандай ақындардың өлеңдерін білесің?

3. Алматы қаласының бұрыңғы атауы қандай?

4. Қазіргі уақытта қандай кітап оқып жатырсың?

5. Отан туралы шығарған өлеңін бар ма?

6. Туған жерге арнап өлең шығарғын келе ме?

7. Өз мектебіңнің тарихы туралы не білесің?

8. Б.Момышұлы деген кім? Ол жайлы не білесің?

9. Туған жерден ыстық жер жоқ дегенге келісесің бе?

10. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» дегенді қалай түсінесің?

Көркем шығарманы сабақта қалай пайдаланылатынын анықтау мақсатында мұғалімдермен сауалнама жүргізілді:


Мұғалімдерге арналған сауалнама:


  1. Оқушыларда патриоттық сезім қалыптастыру мақсатында сабақта қандай көркем шығарма түрлерін пайдаланасыз?

  2. Халық ауыз әдебиеті ішінен қандай үлгілерін жиі қолданасыз? Неліктен?

  3. Ана тілі сабағынан Отан тақырыбына байланысты көркем шығарманы түсіндіруде тиісті әдістемелік нұсқаудан басқа қандай әдістемелік нұсқауды пайдаланасыз? Авторы кім?

  4. Көркем шығарманы қалай түсіндіргенде бастауыш сынып оқушыларында патриоттық сезім қалыптасады?

  5. Көркем шығарманы оқытуда оқытудың қандай әдістерін пайдалану тиімдірек болады?

  6. Көркем шығарма арқылы оқушыларда патриоттық сезім қалыптастыру үшін оқытудың қандай формаларын ұйымдастырған дұрыс?

  7. «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбын түсіндіруде сабақты неден, қалай бастайтын едіңіз?

  8. Өзіңіз Отан, туған жер туралы жинап жазып жүрген арнайы дәптеріңіз бар ма?

  9. Отан тақырыбына байланысты оқушылармен жасаған альбомдарыңыз бар ма?

  10. Көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруде қандай қиындықтарға кездестіңіз?

Жүргізілген сауалнама негізінде көптеген мұғалімдердің білім деңгейі біз ойлағаннан әлдеқайда төмен екенін аңғардық. Онымен қоса оқушыларға патриоттық тәрбие беруең көркем шығарманы пайдаланудың арнайы әдістеменің жоқтығы айқын білінді.

Зерттеу жұмысымызға байланысты өзіміздің тәжірибелік-эксперименттік жұмысымыз жүрген мектептердегі оқушылардың ата-аналарының жалпы көркем шығарма туралы білімдерін, сондай-ақ «Отан – отбасынан басталады» демекші балаларын отаншылдыққа қалай тәрбиелейтінін анықтау мақсатында олармен сауалнама жүргізілді.


Ата-аналарға арналған сауалнама:


  1. Көркем шығармаға нелер жатады?

  2. «Көркем шағарма» мен «көркем әдебиет» ұғымдарының айырмашылығы бар ма?

  3. Сіз отбасыңызда өзіңіздің балаңызға қандай көркем шығарма үлгілерін оқисың? Қай түрін? Қашан? Неліктен?

  4. Өзіңіз көркем шығарманың қай жанрын көп оқисыз?

  5. «Отан – отбасынан басталады» дегенді қалай түсінесіз?

  6. Балаңызда патриоттық сезім қалыптастыру үшін Сіз қандай үлес қосудасыз?

  7. Балаңызбен Отан туралы әңгімелесесіз бе?

  8. Туған жердің табиғатын тамашау мақсатында балаңызды серуенге алып шығасыз ба?

  9. Серуенде қандай тақырыпта әңгіме қозғайсыз?

  10. Осы сауалнамадан қандай қорытынды шағарасыз?

Жалпы ата-аналардан алған сауалнамың нәтижесінде төмендегідей қорытынды жасауға болады.

Бұл сауалнама ата-аналардың көпшілігін ойландырды, осы күнге дейін ата-аналар көп нәрсеге мән бермей, Отан, көркем шығармаға көңіл бөлмей келгендігін айтып кетті. Бұған себеп ата-аналар көп жағдайда балаларының денсаулығына, тамағына, киіміне назар аударатыны болды.

Нәтижесінде, көркем шығарманы оқу-тәрбие үрдісінде бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру мақсатында өз дәрежесінде дұрыс пайдаланылмайтыны, мұғалімдердің бұл саладан әлі бола даярлықты қажет ететіні белгілі болды. Мәселен, тәжірибелік экспериментке қатысқан N2 орта мектебінің 3 сынып оқушылары көркем әдебиеттің түрлерін жақсы ажырата алмайды; көркем шығарманы өзбетімен оқымайтынын көрсетті. N 15 лицейінің 4 сынып оқушылары Отан тақырыбына байланысты мақал-мәтелдерден басқа жұмбақ, аңыз әңгімелерді айтып бере алмады. Халық ауыз әдебиетіне байланысты қандай телебағдарлама көнесіңдер деген сауалнамаға N 6 мектеп оқушыларының көпшілігі «Мың бір мақал» телебағдарламасын көретінін айтты. Ал газет-журналдардан арнайы мақал-мәтел, жұмбақтарды іздеп оқитын оқушылардың саны мүлде аз болды. N 6 мектептің 2 сынып оқушыларына берілген аңыз-әңгімелердің мазмұнын олар дұрыс айтып бере алмады.

Мектептеде жүргізілген сауалнама нәтижесі бастауыш сынып оқушыларына патриоттық сезімді қалыптастыратын тек біршама мақал-мәтелдерді білетінін көрсетті.

Осыдан барып, мынадай қорытынды шығаруға болады: бастауыш сынып мұғалімдерінің оқушыларға патриоттық тәрбие беруге байланысты көркем шығарма жүйелі оқытылмайды;

Оқушылардың жас кезінен (отбасы, балабақша) көркем шығармаға жете мән бермей, қызықпағандықтан, оқушылардың көркем шығармағаға деген қызығушылықтары төмен; мұғалімдердің көркем әдебиетін саралауда жас және дербес ерекшеліктері ескерілмейді; бұл саладан мұғалімдерге, оқушыларға арналған арнайы танымдық және әдістемелік құралдың жоқтығы деп ойлаймыз.

Анықтау экспериментінің нәтижесін 1-кестеде көрсетеміз.


1-кесте. Анықтау экспериментінің нәтижесі


N

Өлшемдері

Оқушылар


Эксперименттік топтар

Бақылау топтар

саны

т/д

о/д

ж/д

т/д

о/д

ж/д

%

1

Көркем шығарма материалдарын тыңдай білуі, оның мазмұнын түсінуі


160

90

40

30

85

44



31

%

56

25

19

53

28

19

2

Көркем шығарма материалдарын тыңдай білуі, оның мазмұнын түсінуі;


160

90

38

32

88

42

30

%

56

24

20

55

26

19

3

Алған білімдері мен іскерліктерін қажетіне қарай тәжірибеде пайдалана білуі.


160

95

36

29

90

43

27

%

59

23

18

56

27

17

4

Жалпы

100%

57

24

19

55

27

18
1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері icon«КӘсіби психология» Кәсіби психологияның әдіснамалық негіздері, кәсіптік әрекет процесі
Бөлімнің мақсаты мен міндеттері. Кәсіптік әрекет процесіне психологиялық талдау. Басқару мәдениеті. Ақыл-ой еңбегінің психологиялық...
Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері iconМазмұны Кіріспе І тарау. Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері
Тарау. Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері
Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері icon«Тұлға теориялары» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
Психологиялық қорғаныс конфликтіні ұғынуға байланысты туындаған мазасыздану сезімін минимумға дейін апаратын немесе жоюға бағытталған...
Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері iconПсихология кафедрасы
РТҮрлі жас шамасындағы балалардың Қарым-қатынас ерекшеліктерінің психологиялық-педагогикалық негіздері
Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері iconБухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы
Ық материалды студенттің қаншалықты меңгергенін және алған білімін творчестволық зерттеу үшін пайдалану қабілетінің қаншалықты екендігін,...
Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері iconБухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы
Ық материалды студенттің қаншалықты меңгергенін және алған білімін творчестволық зерттеу үшін пайдалану қабілетінің қаншалықты екендігін,...
Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері iconБухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы
Ық материалды студенттің қаншалықты меңгергенін және алған білімін творчестволық зерттеу үшін пайдалану қабілетінің қаншалықты екендігін,...
Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері icon12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері
Жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері
Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері icon«Жарнама психологиясы» мамандық үшін 5В010300 «Педагогика және психология»
Аккредитив – тұлғаның атына жазылған, сонда көрсетілген соманы банктен алуға тұлғаның құқығын куәландыратын атаулы ақшалай құжат
Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері iconЕ. А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Тұтас педагогикалық процестегі танымдық іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық негіздері
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница