Мазмұны мектепке дейінгі және Бастауыш білім беру




НазваниеМазмұны мектепке дейінгі және Бастауыш білім беру
страница1/19
Дата конвертации13.02.2016
Размер3.03 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://old.kazmkpu.kz/attachments/411_2008Vestnik4Pedagogika g.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19



Казахский государственный женский педагогический институт. Вестник №4(3),2008



ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ


КАЗАХСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ЖЕНСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ

ИНСТИТУТ


ХАБАРШЫ


ВЕСТНИК


ПЕДАГОГИКА СЕРИЯСЫ


СЕРИЯ ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ



ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК

ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ


ХАБАРШЫ

ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛ


ПЕДАГОГИКА СЕРИЯСЫ


КАЗАХСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ЖЕНСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ

ИНСТИТУТ


ВЕСТНИК

НАУЧНЫЙ ЖУРНАЛ


СЕРИЯ

ПЕДАГОГИКА

АЛМАТЫ № 4 (3) 2008


2006 жылдан бастап шығады

Шығару жиілігі – жылына 6 рет


МАЗМҰНЫ


мектепке дейінгі және Бастауыш білім беру



Қазақстан Республикасының мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі

Ақпарат және мұрағат комитетінде

08.08. 2005 жылы тіркелген

№6204-Ж

Қоқымбаева Т.И. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ТҰЛҒАНЫ ҰЖЫМДА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.........................................................

Жиенбаева С.Н МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЕҢБЕК ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ ТӘЖІРИБЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕСІ ..................................................................


ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА, БІЛІМ БЕРУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ЭТНОПЕДАГОГИКА

Базылғаламова А.С.. АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ.................

Байнеш Ш.Б. НЕМІС ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...........:.

Даниярова Ж.К ПРОВЕДЕНИЕ ЗАНЯТИЙ ПО МАТЕМАТИКЕ С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ ЭЛЕКТРОННОГО УЧЕБНО-МЕТОДИЧЕСКОГО ПОСОБИЯ «МАТЕМАТИКА» ДЛЯ ПЕДАГОГИЧЕСКИХ СПЕЦИАЛЬНОСТЕ…………

Даниярова Ж.К СТРУКТУРА ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ КОМПЕТЕНТНОСТИ БУДУЩЕГО ПЕДАГОГА ПРИ ОБУЧЕНИИ МАТЕМАТИКЕ.............................................................

Ерназарова Г. , Рысқұлбекова А.Д ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМІН ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ....

Есеева М. Жапонияның білім беру жүйесінің дамуындағы парадигмалық бағыттар

Іліпов М. Т., Елжанова П. А Нашақорлықтың жастар арасында таралу мәселелері

Иманбаева С Жастардың құндылық бағдарын қалыптасытру - саяси жаңарудың негізі тірегі

Қалиев С Н. Құлжанова – мектепке дейінгі педагогиканың негізін салушы

Қойшыбайқызы А. Педагогикалық пәндердіоқыту үрдісінде студенттерді рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің ғылыми-әдіснамалық негіздері

Құспанова Ә.Н Оқушыларды оқу дағдыларына қалыптастыру

Майғаранова Ш.М. Кредиттік оқу жүйесіндегі оқу-әдістемелік кешен

Маканова А.М. Педагогические условия развития формы будущего времени в немецком языке

Мухтарова Ш.М Концептуальные основы формирования этнического компонента в содержании высшего педагогического образования

Назарбаева Т. Жаңа сөздерді оқытудың әдіс-тәсілдері

Оспанова Г.Н Режим двигательной активности студенток на этапе подготовке и сдаче «Президентских тестов

Рысбаева А.К., Киясова Б.А непрерывного педагогического образования Республики Казахстан

Сейдакова А.Е. Влияние гуманитарной направленности специальности на коммуникативное образование студентов

Тоқтағұлова Г.Б. Отбасында баланы тәрбиелеуде ата-ананың алатын орны

Тұяқбаева С. Шетел тілін оқытуда Интернет мүмкіндіктерін пайдалану

Утеева К. Ж Франциядағы білім жүйесінің ерекшеліктері

Халитова И.Р. Кредит технологиясы негізінде оқытудағы сабақты жобалау мәселесі

Юсупов Б.Ю., Әбілдаев Е.С. Болашақ ұстаздың педагогикалық әдебінің мәні мен мазмұны

Джаманчалова Ж.Ж, Новикова

Физическое воспитание как

фактор повышения здоровья

учащихся молодежи

Қожамбердиев С.И. Студенттерді оқытудың жалпы педагогикалық мәселелері тұлға тұтастығы - сапалы білім берудің өлшемі

Меркель О.И. Физичес­кая культура - основа развития личности школьников

Семенкова Л.Б. Урок физической культуры – основная форма физического воспитания


МАГИСТРАТУРА


Нүсіпжанова Ж. С. Білім беру саласын ақпараттандыру жүйесінің теориялық, педагогикалық негіздері

Раимбекова М.Б. Элементтер химиясын оқыту кезінде фосфор қалдықтытарынан фосфор қышқылын өндіру мәселесін сабаққа енгізе отырып, болашақ мұғалімдерге экологиялық білім беру мәселелері

Сарсенбаева Р Педагогикалық білім берудегі «Атамекен» бағдарламасының мәні






Бас редактор

Ш.К. Беркімбаева


Бас редактордың орынбасары

п.ғ.д., проф. Қожахметова К.Ж.


Редакциялық алқа

Шаханова Р.А. - п.ғ.д., профессор

Құнантаева К.Қ. - ҚР ҰҒА

академигі, п.ғ.д., проф.

Таубаева Ш.Т.- п.ғ.д., профессор

Құсайынов А.Қ. - п.ғ.д., профессор

Қалиев С.Қ. - п.ғ.д., профессор

Аймағамбетова Қ.А. - п.ғ.д., проф.

Халитова И.Р. - п.ғ.д., профессор

Рысбаева - п.ғ.д., профессор

Әмірова Ә.С. – п.ғ.к., доцент

Левченко Т. А. - п.ғ.к., доцент

Жауапты редактор

Филология ғылымдарының кандидаты А.Қ.Искакова

Редактор п.ғ.к., д. м/а Б.А. Қиясова

© Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты

050000, Алматы қ., Айтеке би көшесі, 99. Тел. 233-18-32, факс 233-18-35.



м е к т е п к е д е й і н г і ж ә н е Б а с т а у ы ш б і л і м б е р у


Бастауыш мектепте тұлғаны ұжымда тәрбиелеудің ерекшеліктері


Қоқымбаева Т.И.- п.ғ.к., доцент (Алматы қ., Қазмемқызпи)


Мектеп тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі формасы ұжымда жүргізіледі.

«Тек ұжымда ғана тұлға өзінің жан-жақты даму мүмкіншілігіне ие, сонымен бірге ұжымда ғана жекелей еркіндік болуы мүмкін». Ұжымдық рухта тәрбиелеу педагогикалық тәрбие мақсатындағы негізгі принцип. Бұл мақсатқа жетудің жолдары мен формалары ұжымға байланысты.

Ұжым – күрделі динамикалық құбылыс, ол үнемі алға қарай дамып отыруға тиіс.

Жетілген ұжым алдында тұрған маңызды мақсатты, өмірмен міндеттерді шешуге бағытталған белсенді әрекет жасайды, оларды орындауға кедергі болатын қайшылықтарды, қиындықтарды ығыстырып, оларды жеңудің тиімді жолдарын іздейді. Ұжымның даму заңдарын, ішкі мүмкіндіктерін білудің маңызы зор.

Соңғы кезде психологиялық құрылымына назар аударады, үш буыннан тұратынын ашып көрсетеді.

  1. «Қоғамдық» буын – ол әлеуметтік, кәсіптік – іскерлік бағыттылығы.

  2. «Жеке бастық» - буын адамдардың ақыл-ой, көңіл сезімдері мен ерік-жігер қасиеттерінің, өзара қарым-қатынастарының ерекшеліктері.

  3. «Жалпы қасиеттері» - буын бұған психологиялық ахуал, адамдардың бір-бірімен ынтымақтастығы, бірлігі, келісімшілділдігі, ұйымшылдығы т.б. өзінің тобын басқа топтармен салыстырып бағалай білушілік, лидерлік ықпалды атқару т.б. жатады.

Ұжым тәрбиелік талпыныстар орталығына айналды, оны қалыптастыру, мектептің негізгі міндеті ретінде қабылданды.

А.С.Макаренко, Н.К.Крупская, В.А.Сухомлинский және т.б. атақты педагогтар күш жұмсады. Тәрбие жұмыстары жақсы нәтиже бере қоймады. Жылдар бойы үстемдік еткен ұжымдық тәрбие мектептерде адамды жаңаша тәрбиелеуге өзінің елеулі үлесін қоса алмады.

Ұжымдық және тұлғалық үйлесім көп жағдайда тәрбие туралы дұрыс көзқарастар негізіне алынуы шарт. «Ұжым» педагогикалық әдебиеттерде тәрбиеленушілер бірлестігі деп түсіндіріледі.

Мектеп ұжымы құрылымының негізгі де тұрақты бөлігі – басты іс-әрекеті оқу болатын оқушылардың сыныптық ұжымы. Сыныптық ұжымда оқушылар арасында тұлға аралық байланыс пен қатынас пайда болады. Мектеп ұжымдарының басқа да түрлеріне негіз қалайды.

Мектеп сынып ұжымындағы ерекшеліктеріне мынадай қорытындыға келуге болады: оқушылар ұжымы – бұл жалпы әлеуметтік маңызды мақсаттарымен, іс-әрекеттерімен, іс-әрекетті ұйымдастыруымен, жалпы міндеттерімен, теңдік жағдайында ортақ мүдде бірлігімен ұжымдасқан оқушылар тобы.

А.С.Макаренко тағылымы ұжымды сатылы қалыптастырудың егжей-тегжейлі технологиясынан тұрады. Ұжым болу үшін, топ сапалы тіктелі жолынан өтуі қажет. А.С.Макаренко бірнеше сатыларды белгілейді.

Бірінші саты – ұжымның құрылуы. Бұл кезеңде ұжым педагог тәрбие жұмысының мақсаты ретінде көрінеді, ұйымдасқан, белгіленген топты (сынып, үйірме


т.б.) ұжымға айналдыруға талпыну, оқушылардың ұжымға қатынасы бірлескен іс-әрекет мазмұнымен мақсат-міндеттерімен, құндылықтарымен анықталады.

Екінші сатыда – белсенділердің ықпал арта түседі. Белсенділік педагогтардың талаптарын қолдап қана қоймай, ұжым мүшелеріне ұжымға пайдалы, зиянды екенін байқатып, өз түсініктері бойынша басқара бастайды.

Үшінші және одан кейінгі сатылар – ұжымның кемелденуі.

Алдынғы даму сатыларында қол жеткізген қасиеттер киелі тұлғалық ерекшеліктерді топтастырады: жолдастарына қарағанда өзіне жоғары талап қоюы, көзқарастарының, әдептерінің, әрекет – қылықтарының тұрақтануы. Ұжым осы сатыға жетсе, онда толыққанды, адамгершілікті тұлға қалыптастыру.

Тәрбие жұмысы тәжірибесінде перспективаның үш түрі кездеседі; жақын, орташа және алыс перспективалар.

Жақын преспектива – ертеңгі серуен, яғни ұжым мүшелерінің жеке қызығушылығынан туындайды.

Орташа перспектива – уақыт бойынша алыстау ұжымдық оқиғаның жобасы.

Алыс перспектива – ұзақ уақытқа көзделген үлкен мағыналы, маңызды талаптарға қол жеткізуге арналған мақсат.


Перспективада тұлға мен ортаның қажеттері міндетті түрде үйлеседі.

Мүшелерінің достық бірлігі


Өзіндік қадірін сезіну

Үнемі сергектік іс-әрекетке дайындық


Әр мүшенің өз қауіпсіздігін сезіну

Ұжымның ерекше белгілері











Дер кезіңде ұстамдылыққа әдеттенуі, көңіл шаруалары мен тілдесудегі өзіне шек қоя білу

Іс-қимыл әрекет белсенділігі


Тұлға міндетті түрде ұжымға бағыну керек деп есептелінеді. Тұлға мен ұжым арасындағы қатынас тек тұлға сапасына ғана емес, ұжымға да байланысты.


Ғылыми зерттеулер нәтижесінде тұлға мен ұжым арасындағы қатынасы


Тұлға ұжымға бағынада (конформизм)

Тұлға мен ұжым бір-бірімен үйлесімді қатынаста (конформизм)



Дамуының кен тараған үш түрлі анықталған

Тұлға ұжымды өзіне бағындырады. (Лидерлік)

Бірінші түрі бойынша тұлға ұжым сырттай бағынып, әрі қарай өзінің жекелілігін және тәуелсіздігін сақтауы мүмкін. Егер тұлға ұжымға кіріскісі келсе, онда ұжымның құндылықтарын, нормаларын және дәстүрлерін қабылдайды.

Екінші түрі бойынша жағдай әртүрлі жолмен дамуы мүмкін:


  1. Әр түрлі жолмен

  2. Даму мүмкіндігі







Тұлға өз тәуелсіздігін барынша сақтап ұжым талаптарына сырттай бағынады.

Тұлғаны кейбір өзіндік іс-қимылы ұжым талаптарына сай келмейді



Тұлға мен ұжым арасындағы қатынастың қазіргі мектепке сай типі – бұл бірлікті өмір сүру талпынысы. Тұлға мен ұжым ұдайы қарым-қатынаста болуға тиіс.

Үшінші модельде тұлға ұжымды бағындырады, бірақ бұл сирек кездесетін құбылыс.


Күнделікті өмірде ұжым мүшелерінің бір біріне-үнемі жіне жан-жақты көмегі

Ұжымға болакомплекстір пайдаланупедагогикалық әсерлерді бірлікті (комплексті) пайдалану







Интеграцияға қол жеткізу






Ұжым өміріне және оның жеке мүшелеріне жағымды әсер ететін жағдайлар тудырады


Оқушылардың өзін-өзі басқа ісін кеңейту.


Ұжыммен жұмыс істейтін барлық ұйымдардың талпыныстарын біріктіру.



Мектеп ұжымын басқарудың педагогикалық тәжірибесінде келесі маңызды ережелерді сақтау керек.

1. Ұстаздың ұлағаттылығын оқушының өз қызығушылығына, ынтасына, тәуелсіздігіне орайластыру, дербес қарапайым талпынысымен саналы байланыстыру.

2. Ұжым динамикалық жүйе болғандықтан ол үнемі өзгеріп, дамып отырады және кемелденеді. Сол үшін педагогкалық жетекшілер қарым-қатынас және әсер ету жобаларын жиі өзгертіп отыруы міндетті.

3. Ұжым мүшелерінің өз міндеттерін орындайын дұрыс қадағалау негізінде тәрбиені дамыту.

4. Тәрбие ұжымдағы қарым-қатынас құрылымының көп деңгейлігін ескере жүргізу.

5. Ұжым мүшелерінің атқарып жүрген ролдері мен олардың шын мәніндегі мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану.

6. Ұжымдағы қатынастың өтіп жатқан жағдайына белсене араласу.

7. Ұжымдағы оқушыларды жаңаша қатынасқа кірістіретін ұжымдық іс-әрекет түрлерімен олардың қалпын өзгертуді әркез естен шығармаймыз.


Түйін

Бастауыш мектеп білім берудің негізі екенін ескере отырып, оның басты компоненттері мақалада түбегейлі қарастырылған. Мақала интеграция тұрғысынан кредиттік технология бойынша мақсаткерлік – мотивациялық құрылымды талдай отырып жазылған.


Резюме

Учитывая, что начальная школа является основой образования, в статье рассмотрены ее основные компоненты. Статья с интеграционной точки зрения основана на анализе мотивационно-целевой структуры кредитной технологии.


Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек іс-әрекетіндегі

тәжірибесін қалыптастыру


Жиенбаева С.Н – п.ғ.к. доцент (Алматы қ., Қазмемқызпи)


Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті, еңбекқор, өмірлік тәжірибе қоры кемелденген жаңа ұрпақты тәрбиелеу талабын қойып отыр. Бұл тұрғыдан қарағанда президентіміз Н.Назарбаевтың «Елдің экономикалық деңгейі мен оның әлемдегі бәсекелестік ұстанымы бірінші кезекте адамдық капиталға байланысты» деп атап көрсеткені мәлім. Сондықтан өмірге келген әрбір бөбекті өз өмірінің, өзіндік білім мен тәрбиесінің субъектісі ретінде қалыптастыру, оқу-тәрбие процесін дамытушылық, тұлғаға бағдарлану тұрғыда ұйымдастыру мектепке дейінгі ұйымнан басталады. Онымен өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай алатын, оң шешім қабылдай білетін тәжірибелі жеке тұлға дайындауға бағытталған үздіксіз білім беру ісін сапалы жүзеге асыратын үздіксіз білім беру жүйесін құру заман талабы.

ЮНЕСКО форумындағы үздіксіз білім беру тұжырымдамасында: үздіксіз процесс баланың алғашқы бір жасынан басталып, барлық өмірінде жалғасып және білім берудің барлық сатыларын, барлық типін, формасын қамтиды, формалды білім беру шеңберінен шығарады. Үздіксіз білім беру барлық жастағыларға арналып, қоғамның ахуалын, барлық жағдаяттарын пайдаланып, адамның жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.

Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларды еңбек іс-әрекеті субъектісі ретінде тәжірибесін қалыптастыруда басты ескеретін шарттардың бірі – мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш мектептің жұмысындағы сабақтастық болып табылады. Осы міндетті шешудің маңызды факторы ретінде мектепке дейінгі балаларды мектепке дайындау алынады. Бұны ең алғаш өзінің «Шешенді тәрбиелеу туралы» атты педагогикалық шығармасында ежелгі грек философы Квинтиллиан І ғасырда атап көрсетті. Оның пікірінше, 7 жасқа дейінгі бала отбасында еңбекке тәрбиеленеді және оқиды, ал 7 жасында мектепке барады.

Мектепке балаларды дайындау идеясы, бастауыш мектепке түсерде міндетті түрде пайда болатын қиындықтардың алдын алу қажеттілігі ретінде, кеңейтілген түрде Я.А.Коменскийдің отбасындағы тәрбие мен оқыту туралы «Аналар мектебі» атты еңбегінде баланың туылғаннан 6 жасқа дейінгі қалыптасу жүйесі қарастырған. Автордың пікірінше, бұл кітап әрбір үйде болуы керек деп, «Ата-аналар балаларын мектепке қалай дайындау керек?» деген бөліммен аяқталады (ХІІ тарау). Онда ұлы педагог осы маңызды мәселе бойынша ата-аналарға кеңес бере отырып, «Адамзаттың барлық істерін пайдалы қолдана білсе, ұқыптылық пен қажетті дайындықты талап етеді, ... өздерінің балаларын мектепке ешбір дайындамаған ата-ана дұрыс істемейді» деп оның бір жолы еңбек іс-әрекетіндегі тәжірибесі мектептегі дене және ақыл-ой еңбегіне негіз болатындығын атап көрсетеді. Я.А.Коменский білім жүйесін құруды адамның жас ерекшелігі бойынша даму сатыларын қамтып, мектепке дейінгі жастан бастағанда соңғы нәтижеге жету табысты болатындығын сол кездің өзінде мән берген.

Ресейде мектепке дейінгі және бастауыш мектептегі сабақтастық мәселесін алғаш қарастырған В.Ф.Одоевский болды, ол «Ғылымға дейін ғылым» деген еңбегінде мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеуге арналып, оның бастауыш мектептің еңбек тәрбиесінің өзара байланысын ұйымдастыру туралы қызықты ой-пікірлер айтылады.

А.С.Симонович балабақша мен мектептің байланысын келесідей көрсетеді: балабақша баланың жалпы дамуын жүзеге асырады, ал мектеп бұл дамуды қолданады. Балабақшада балалар оқымауы керек, олар дамуы керек, «мектеп пен балабақшадағы сабақтар арасында қатаң сызық салынған: мектеп күрделі ғылыммен айналысады, ал балабақша күрделі ойынмен айналысады. Мектепте - берілетін пәнге назар аударылады, ал балабақшада -балаға назар аударылады, ал пән екінші рөлде болады, ол тек мақсатқа жету құралы болып саналады». Сонымен қатар, « ...қазіргі заманғы мектеп өзінің құрылымын, әсіресе бірінші сыныпта өзгертсе, оқушыларды грамматикамен шаршатпаса, оның орнына мектеп пәндерін беру енгізілсе, бала үшін балабақшадан қарапайым мектепке тікелей өту болмайтын еді». Бұл пікір К.Н.Вентцельдің жұмыстарында да кездеседі. Ескі мектепті сынай отырып, автор балабақшаны мектеппен байланыстырмау керек, ал мектепті «балабақшаның жаңа типіне» бейімдеу керек деп санады. Ол «жаңа балабақша баланың шығармашылық дара тұлғасын дамытуды дайындау үшін ең қолайлы орта болып саналады» деп атап көрсетеді.

Н.Ф.Каптерев балабақшаны балалардың қоғамдық тәрбие жүйесінің бірінші сатысы ретінде қарастырады. Ол «мектепке дейінгі жылдары баланың ойын, еңбек, оқу іс-әрекеттерінде ақыл-ой дамуына үлкен назар аударуды, оның сезімдерін, еркін дамытуды, дербестік, шыдамдылық, бақылау шеберлігі, салыстыру сияқты мінез-құлық белгілерін дамытуға ерекше назар аударуды атап көрсетеді, бұлардың бәрі баланы оқуға толыққанды дайындау үшін қажет» деп тәжірибесін жинақтау арқылы іс-әрекеттің субъектісі ретінде қалыптасуына мән берген. Педагогтың келесі ой-пікірлері өзекті болып саналады: ересек топтағы балаларды мектепке даярлау, балалардың өзара оқыту барысында, күнделікті өмір процесінде жүзеге асырылуы керек, сонымен бірге әрбір баланың күшіне сәйкес келетін ұйымдастырылған сабақтарда жүзеге асырылуы керек.

Танымал педагог Е.И.Тихеева балабақшаның мектеппен тығыз байланысын қалыптастыру қажеттілігі туралы жазған болатын: «Балабақша мен мектеп арасында ешқандай демаркациялық сызық жоқ және болмауы да керек. Балабақшаның ересек сатысы – үштен бір мектеп, ал мектептің кіші сатысы – үштен бір балабақша болып саналады». Автордың пікірінше, балабақшаның ересек тобында балалардың білімдері мен елестетулерінің бірқатар жүйесін реттеу қажет, оларды балалар балабашадағы оқу-тәрбие процесінде меңгереді». Осылайша, аталған кезең үшін балабақша мен мектептегі өтпелі топтарда, білім беру процесін осылайша құру тән болды, олай құру осы жастағы балалардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алады, бұл гуманистік бағыттылықтағы еркін тәрбиелеу идеясына сәйкес келеді. Сонымен бірге, балабақша мен мектептің жұмысындағы сабақтастықты жүзеге асыру мәселесіне басқаша көзқарас та болды. Ол балабақшаның мектеп жұмысының мазмұны мен әдістерін қайталап көшіруді болжайды.

ХХ ғасырдың алғашқы он жылы мектепке дейінгі ұйымды білім беру жүйесінің алғашқы буыны деп санаған, халыққа білім берудің кеңестік жүйесінің қалыптасуымен сипатталады. Осыған байланысты, мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастық мәселесі, мемлекеттік деңгейде шешілуі керек еді. Н.К.Крупская «дұрыс қойылған мектепке дейінгі тәрбие, мектепті жоғары дәрежеге көтеруге мүмкіндік береді, бұл үлкен тиімділік береді. Балабақша, бастауыш және орта мектеп – бұлардың барлығы өзара тығыз байланысқан жалпы дамудың буындары, осы мекемелердің бір ғана мақсаты - жеке тұлғаны толыққанды, жан-жақты дамыту, оны қалыптастыруға жағдай жасау болуы керек».

Сабақтастық мәселесін шешуді Н.К.Крупская дайындық топтардың іс-әрекетінде мектептің төменгі құрылымы ретінде қарастырды. Оларды құрудың қажеттілігі сол уақытта, мектепке дейінгі жастағы балаларды қоғамдық мектепке дейінгі тәрбиемен біршама қамтуды талап етіледі.

Мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дайындау мәселесі, көптеген педагогтар мен психологтарды қызықтырды. Бұл мәселені шешу балабақшадағы балаларды оқыту арқылы байқалды. Мектепке дейінгі педагогикада балалардың оқытуын ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бірақ, оқытуды балалық шақтың мектепке дейінгі кезеңінің өзгешелігін есепке алу арқылы құрудың қажеттілігі атап көрсетілді (Л.С.Выготский, Е.А.Флерина және т.б.). Е.А.Флерина мектепке дейінгі оқытудың өзгешелігін, жағымды эмоциялармен толтырылған, мазмұнды, қуанышты өмірді ұйымдастыруда деп атап көрсетті. Автор тәрбиешінің барлық балалармен міндетті сабақтарын ұйымдастыру ретіндегі, оқыту мәселесін тар шеңберде шешу, тек жағымсыз нәтиже беруі мүмкін деп санады.Кейінннен бұл көзқарастар, мектепке дейінгі балаларды оқыту мәселесі, В.А.Сухомлинскийдің «қуаныш мектебі» жұмысының тәжірибесінде бекітілді, онда 6 жасар балаларды оқыту ойын, сурет салу, фантазиялау, практикалық іс-әрекет түрінде жүргізілді және баланы жан-жақты дамуға бағытталды.

1950-жылдардың басында балабақшаларға А.П.Усованың басшылығымен құрастырылған оқыту енгізілді, онда негізгі назар тәрбиешінің топтағы барлық балалармен міндетті сабақ жүргізу формасында, оқытуды ұйымдастыруға аударылды.

1970-жылдардың басында, мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептің жұмысындағы сабақтастық мәселесіне қызығушылық арта түседі. Бұл бастауыш мектептің оқушылардың 3-жылдық оқытуға өтуімен және бастауыш білім берудің теориялық деңгейін арттырумен байланысты болды. Сабақтастық мәселесін шешуге педагогтар, психологтар, практиктер айналысты. А.В.Запорожец, А.А.Люблинская және т.б. еңбектерінде, мәселені шешуге біржақты тәсілдің жеткіліксіздігі атап көрсетіледі. Мысалы, А.В.Запорожец балабақша мен мектептің оқу-тәрбие жұмысында, сыртқы сәйкестікті қалыптастыру, сыртқы келісу ретінде сабақтастықты тар, шектеулі түсіндіру қанағаттанарлықсыз болып саналады және бұнда мектепке дейінгі және мектептегі балалық шақтың шекарасында, жалпы дене және рухани дамудың ішкі органикалық байланысын, дамудың бір сатысынан келесі сатысына ішкі дайындықты қарастырады.

Ғалымдар мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш мектептегі тәрбиенің дене, ақыл-ой, еңбек, адамгершілік және басқа жақтарының бірыңғай жүйесін құру туралы идеяны ұсынады, бұнда балалардың психикалық дамуының заңдылықтары есепке алынады. Балалардың мектептегі оқуға психологиялық дайындығына арналған зерттеулер жүргізіле бастады. Осы дайындықтың деңгейін арттыру мүмкіндіктері анықталады, бұнда мектепке дейінгі білім беруді оңтайландыру, іс-әрекеттің мектепке дейінгі түрлерін рационалды қолдану есепке алынады.

Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудегі сабақтастықты жүзеге асыруда, балаларды мектепке пәндік даярлау тактикасы басым болды, ол балабақшадан мектепке дейінгі өтпелі кезеңде, баланың даму заңдылықтарымен сәйкес келмейді.

Аталған тактиканың тиімсіздігі 1980-жылдардың басында етек жайған, 6 жастағы балаларды жаппай оқытуды ұйымдастыруға ұмтылыс кезінде анықталды. Бұнда қойылған міндет - мектеп мен мұғалімдердің, 6 жасар балаларды оқыту үшін қажетті жағдай жасауға дайын болмауы себепті, орындалмайды. Осы жылдары жинақталған осындай оқыту тәжірибесі, ғалымдар мен педагог-практиктердің, білім берудегі сабақтастық пен үздіксіздік принциптерін жүзеге асыру сыртқы жағдайларды (оқыту мен тәрбиенің мазмұны, формалары мен әдістері), баланың ішкі мүмкіндіктерін, оның ахуалын талап етеді. Бұндай тәсіл білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз етуде жаңа аспектілерді ашады, екі буындағы педагогтардың баланың өз дамуының жаңа кезеңіне өтуі үшін, қолайлы жағдай жасау үшін жауапкершілігін арттырады.

90 жылдардағы нарықтық қатынастарға өту қарсаңы түрлі деңгейдегі үздіксіз білім беру мемкемелерінің кіріктілуімен қатар жүргізілді. Мәселен, «балабақша-мектеп», «мектеп-колледж», «мектеп-жоо», «мектеп-колледж-жоо» Оның ішінде «балабақша-мектеп» кешені мектептегі сапалы білімнің берілуі 1-6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі ұйымға жаппай тартылуы, мектепалды дайындық деңгейіне, бір сөзбен айтқанда мектепке дейінгі ұйым мен бастауыш мектептің сабақтастығымен тығыз байланысты.

«Сабақтастық» термині тарихи кезеңдерде білім беру мазмұнының құрылымын, компоненттерді, белгілі бір идеяларды қолдану немесе білім берудің барлық буынында бірізділікті белгілеу үшін қолданылып, алдыңғы басқыш келесі басқыш үшін база болып саналады.

Қазіргі кезде елімізде С.Смайылов, М.С.Керимбаева, А.М.Мубараков, Т.О.Оспанов, Ұ.Б.Төлешева Г.В.Наумов, Ж.Р.Баширова және тағы басқалардың зерттеу жұмыстары бар. Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудегі сабақтастыкқ мәселелері Р.И.Афанасьева, Л.Д.Глазырина, О.Ю.Зырянова, Т.С.Комарова, Т.С.Казаковцева, В.С.Кузин, В.Я.Лыкова, О.Р.Лагутина, Л.В.Туровцева, Т.Я.Шпикалова, елімізде В.А.Завалко, Ә.Мұханбетжанова, А.Манкеш және т.б және т.б. еңбектерінде қарастырылды.

«Сабақтастық» ұғымына берілген анықтамаларды талдай келе: мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек іс-әрекетіндегі тәжірибесіндегі сабақтастық деп, жаңа мен ескінің байланысы түсіндіріледі, осы байланыста пайда болатын диалектикалық қарама-қайшылықтар сәйкес компоненттердің ұйымдастырылған өзара әрекеті жолымен шешіледі. Аталған мәселені қарастыра отырып, сабақтастықты ең алдымен, еңбек және құрал-жабдықтар туралы білімді меңгерудегі сабақтастық деп қарастырады, бұған еңбекке баулу мазмұны, технологиясы мен психологиясы сабақтастығы болмай, қол жеткізу мүмкін емес деп санайды. Мектепке дейінгі балалардың еңбек іс-әрекеті арнаулы пән болып аталмайды, стандарт бойынша, құрастыру және шығармашылық іс-әрекет шеңберінде қарастырылады. Дегенмен, еңбек іс-әрекетін меңгерту білім беру мазмұны арқылы шешіледі.

Білім беру мазмұнындағы сабақтастық – бұл пәндік-мазмұнды компоненттің үздіксіз дамуы, атап айтсақ: әрбір кезеңде мектепке дейінгі кезеңде еңбекке баулу мен «Технология» пәнінің тақырыптарты кеңейту және тереңдету есебінен, жоғары деңгейде зерттеу үшін базаны құру болып табылады. Үздіксіз білім берудің әртүрлі сатылары мен деңгейлеріндегі сабақтастықты жүзеге асыру негізінде, базалық буындарда қаланатын фундаменталды мазмұнды анықтау қажет, оны қарым-қатынас тәсілдерінен, қарапайым технологиялық әдістерінен бастап, білім саласы мен іс-әрекет сфераларына сәйкес негіздермен аяқтау қажет. Білім берудің технологиясындағы сабақтастық оқытудың әдістері, формалары мен құралдары арқылы, білім берудің әртүрлі сатыларында қолданылатын өзара іс-әрекет арқылы көрінеді, бұнда оқытудың әрбір кезеңінде оқушылардың білім және біліктеріне, жаңа материалды түсіндірудің формалары мен тәсілдеріне талап қойылады.

Білім беру психологиясындағы сабақтастықта дамудың алдыңғы кезеңі, келесі психикалық жаңа құрылымдардың пайда болуына алғышарттарды құрады, онда балалардың жас ерекшеліктерін ескеру, олардың іс-әрекетінің жетекші типтерін ескеру талап етіледі, сонымен бірге бейімделудегі өтпелі кезеңдердегі психологиялық қиындықтарды төмендетуге ықпал етеді.

М.М.Пашкова мектепке дейінгі және бастауыш білім берудегі сабақтастықты жүзеге асырудағы негіздеме ретінде төмендегілерді атап көрсетеді:

- балалардың денсаулық күйі және дене дамуы;

- оқу іс-әрекетінің қажетті компоненті ретінде олардың танымдық белсенділігінің даму деңгейі;

- оқушылардың ақыл-ой және адамгершілік қабілеттері;

- бағытталған интеллектуалды және тұлғалық даму ретінде, оқушылардың шығармашылық қиялының қалыптасуы;

- коммуникативтілікті дамыту, яғни ересектер мен қатарластармен қарым-қатынас жасау шеберлігі.

Құзыреттілік тұғыры негізінде балабақшада балалардың жаңа «Технология» меңгеру үшін алғы шарттар қалыптасады. Мемлекеттік жалпы міндетті 5-тен 6 жасқа дейінгі мектепалды дайындық жастағы балаларға білім беру стандартында «баланың бастапқы біліктілігінің қалыптасуының базисі болатын бес білім саласының мазмұны денсаулық сақтайтын жеке тәжірибе, когнитивтік жеке тұлғалық тәжірибе, шығармашылық тәжірибе, қатынасты- өзара қатынасты қалыптастыратын тәжірибе, тұрмыстық іс-әрекет тәжірибесі деп бөліп белгіленген. Мұның өзі мектепке дейінгі кезеңнен баланың еңбек іс-әрекеті субъектісі ретінде тәжірибесінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Аталған тәжірибе түрлері 12 жылдық жалпы білім берудің басатуыш сытысында жалғасын табуы қажет деп санаймыз.

12-жылдық жалпы білім беруге көшу жағдайында 3-10 жастағы балалардың еңбек іс-әрекеті субъектісі ретінде тәжірибесін қалыптастыруда бағыттары ұсынылады:

1. Аталған кезеңдегі психикалық жаңа құрылымдар: өзін және өзінің іс-әрекетін саналау ретіндегі рефлексия, қиял, танымдық белсенділік, белгі-символдық жүйелерді түсіну және операциялау (модельдер, графиктер).

2. Әлеуметтік даму: әлеуметтік құқық пен міндеттерді саналау; қоршаған ортамен өзара әрекет, әлеуметтік тәжірибесінің қалыптасуы, әлеуеттенуі.

3. Әрекеттік даму: заттық, ойын, оқу және еңбек іс-әрекетті меңгеру (мақсаттарды, нәтижеге жету тәсілдерін құрастыру), іс-әрекеттің шығармашылық сипатын қалыптастыру.

4. Әрі қарай білімді меңгеруге дайындығы дайындық: технологиялық, көркемдік-эстетикалық.

5. Эмоциональдық-құндылық дамуы: еңбекке құндылық қатынасы, еңбекке сүйіспеншілігі. Сондықтан бүгінгі таңдағы мектепке дейінгі және бастауыш мектептегі сабақтастықтың аталған бағыттары өзекті болып табылып, жеке –жеке зерттеу жұмыстарын жүргізуді талап етеді.


әдебиеттер

1.Коменский Я.А.Избранные педагогические сочинения: В 2т.-М.: Педагогика, 1982.-Т.1-656 с.

2. Сағымбекова П. Преемственность в обучении математике дошкольников и младших школьников: Дис... канд. Пед. Наку. 1979.-192.

3. Завалько В.А. Теория и практика индивидуализации процесса обучения в многоступенчатой системе «Детский сад-школа-вуз» -. – Алматы, 2001.

4. Муханбетжанова А. Система воспитания детей в сельском комплексе «Школа-детский сад».- Алматы, 1991


Түйіндеме

Мақалада мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек іс-әрекетіндегі тәжірибесін қалыптастырудағы сабақтастық мәселесі қаралады.


Резюме

В статъе рассматриваются проблемы преемственности в формировании опыта трудовой деятельности детей дошкольного и младшего школьного возраста


Ж А Л П Ы П Е Д А Г О Г И К Б І Л І М Б Е Р У Т А Р И Х Ы Ж Ә Н Е

Э Т Н О П Е Д А Г О Г И К А

АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ


Базылғаламова А. С. – оқытушы (Алматы қ., Қазмемқызпи)


Шетел тілі қазіргі кезеңде заман талабына сай көптеген мектептерде 2 – ші сыныптан бастап жүргізілуде. Бұл оқушы бойында ерте кезеңнен бастап ұлтаралық, мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына тікелей ықпал етеді. Шетел тілін бастауыш мектептен бастап оқытудың артықшылығы әрбір балаға психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, содан соң негізігі мектепте білімін берік нығайтуын, білім сапасын арттырып, шетел тілінде қарым-қатынасқа түсіп, ерте мәдениетаралық коммуникацияға мүмкіндік беретіндігінде.

Шет тілін оқып, үйрену, бірден қалыптаса қалмайды. Өз ана тілін әлі толық меңгермеген балаға шетел тілін үйрету оңайға соқпайды. Бастауыш мектептің бастапқы сыныптарында баланы шетел тідіндегі дыбыстарды дұрыс айтуға, буындарды сөз тіркестерін, сөйлемдерді дұрыс меңгеріп, хат жазу, анкеталарды үлгі бойынша толтыру үйретіліп, негізгі грамматикалық категориялардан жалпы мағлұмат беріледі. Осы бастапқы сыныптарда-ақ оқушыларды түрлі тәсілдермен білім алуға үйрету қажет. Жоба әдісін қолдануда оқушылар өз бетімен қажетті хабарды жинауға дағдыланып, өздік шығармашылық қабілеттері артады.

Жалпы жоба жұмысы - белгілі бір өтілген материалдың қорытындысы ғана болмай, танымдық әрекетінің әдістемелік жемісі де болуы керек. Яғни, белгілі мақсатқа жетудің нәтижесін көрсеткен жөн. Жобалау әдісінің негізінде оқушының өз бетімен танымдық қабілеті дамиды, хабар кеңістігінде жаңалықты бағдарлай алу, алған жаңалықты сараптау, шығармашылық зерттеуге дағдыланады.

Жобалау әдісі 21 ғасырдың технологиясына кіріп, басқа елдерде бұрыннан қолданылса да біздің елімізде тек соңғы жылдары әсіресе қазақ мектептерінде сирек, оның өзінде 5-11 сыныптар аралығында ғана қолданылуда. Жоба әдісін қолдана отырып, оқушы өмір талаптарына сай, қоғамдық жағдайларға байланысты мәселелерге мұқият дайындалады. Олардың лингвистикалық белсенділігі жазу, сөйлеу, оқуда дамиды. Ол үшін шығармашылық хат, газет, журналдар, монологтар, шығармашылық ойын (пьеса) т.б. қолданылады. Жобаны жасауда балаларға әр түрлі бейнефильмдер, мультфильмдер, компьютерленген бағдарламалар ұсынылады. Дене қимыл қозғалысы - ұлттық билер, музыкалық - ритмикалық қимылдар арқылы, ал өлең, тақпақ, хормен немесе жеке ән айтуда дауыс ырғағы, сезім мүшесі дамиды. Түрлі жұмыстар тек ойлау қабілетін ғана дамытып жобамен өз бетімен жұмыс істеуге де үйретеді. Сабақты түрлендіре өткізу оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады. Бала мұндай сабақтан жалығып, шаршамайды. Ал жобаны әр баланын психологиялык ерекшеліктеріне байланысты беру керек. Жобаны оқу жылынын басында оқьпушы жоспарланған бағдарламадағы тақырыптарға сай етіп алады. Бастауыш мектепті бітірген оқушы бағдарламадағы белгіленген тақырыптар бойынша қарапайым үлгіде өз сыныптастарымен шет тілінде қарым-қатынас жасай алуы керек. Өзі, жанұя мүшелері туралы, мектеп, қала, достары жайлы әңгімелей білу керек.

Шетел тілін оқытып, үйрету мақсаты - оқушылардың қарым-қатынас жасай алуға түсе алатын қабілеттерінің негізін қалау болып табылады. Жаңа тілге үйретуде оқытудың жаңа тәсілі төмендегідей талаптарға сәйкес келуі көзделеді:

- оқушыға колайлы оку ортасын калыптастыру;

- оқушының оқуға деген қызығушылығын арттыру, ой-тілектерін ояту;

- оқушының эмоциялық сезіміне әсер етіп жеке тұлға ретінде қалыптастыру;

- оқытуды түрлендіру үшін түрлі әдісті қолдану;

- ойын түрінде оқыту арқылы оқушының белсенділігін арттыру;

- шет тілін оқушының жеке қызығушылығымен байланыстыру;

- оқушы – субьект, оқытушы - кеңесшісі болу;

- сатылап өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.

Жоба әдісін қолданып оқыту бұл талаптарға жауап бере алады.

«Шетел тілі оқу курсы» - оқушылардың шетел тілінен берілетін білімге деген мемлекеттік стандарттан тыс сұраныстарын қанағаттандыратындай мазмұнын анықтайтын, олардың бойында іргелі білім негіздері мен оның қосымша бөліктерін өз бетімен танып-білу дағдысына ие болуға, тілге деген қызығушылығын жетілдіруге қажетті курс. Шетел тілін оқытудың басты мақсаты – оқушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту. Осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті, яғни шетел тілін қажетті жағдаяттағы ауызша және жазбаша (сөз, тыңдап түсіну, оқу, жазу) өзара мәдени қарым-қатынас процесінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамасыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік-мәдени білім, білік дағдылар енеді.

Осыған орай ғылыми зерттелген білім беру әдістерін іс жүзіне асыруда білім берудің сан алуан жаңа технологиялары пайдаланылып жүр. Солардың бірі – Ұлыбританияның «Кэмбридж» университетінің әдістемесінің басылымындағы «Cutting Edge» оқулығы. Модульдеп оқыту технологиясы негізінде жасалынған оқулық – біріншіден, жасөспірімдерге күнделікті тұрмыс қажетіне, ситуацияларға негізделген коммуникативтік курс. Екіншіден, бұл әдіс ағылшын грамматикасын анық және жанамалап таныстыратын күнделікті сөздерде қолдануға үйрететін структуралық курс. Сондықтанда, бұл әдісте оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыратын тақырыптар мен тапсырмалар көп берілген. Коммуникативтік курс негізінде оқытудың түрлері: тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу тығыз байланыстырылып құрылған.

Жобалау әдісінің жаңа түсінігінің негізін Е.Полат былай деп тұжырымдаған: «Көлемді мәселені зерттеу, өңдеу әдістері шынайы тәжірбиелі қортындыға негізделген, мәселенің қайта өңделуі әр түрлі деректерді қосқанда қолданады.Мұндай нәтижеге жету оқушының өз бетімен ойлауға, мәселені шешуге, болжауға және оның себеп-салдарына байланысты».

Біз осы жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келе, жобалау әдісімен оқыту үнемі жеке тұлғаға негізделіп бағытталған және ол оқушының белсенділік, танымдық, іскерлік, т.б.қабілеттерін қалыптастырушы фактор деп түсінеміз.

Еліміздің шет елдермен қарым –қатынасымыз күшейіп отырған қазіргі кезде оқушылардың шетел тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті. Шәкірттерінің сабақтағы белсенді іс-әрекеттерін ұйымдастыру, ойлау, шығармашылық,ізденіс қабілеттерін дамыту арқылы білім сапасын көтеруде оқытудың жаңа технологияны пайдаланудың мәні зор.

Жобалау әдісін сабақ барысында қолдану арқылы оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, сабақта алған білімдерін іс жүзінде қолдануға көмегін тигізеді.

Жобамен жұмыс істеу барысында оқушылар берілген тақырып бойынша туылған проблемаларды шешуге, өз ойларын дәлелдеуге, пікірлесуге үйренеді.

Сабақты түрлендіріп өткізу үшін, әрине, оқушылардың білім деңгейі жоғарғы дәрежеде болуы щарт, сондықтанда жобалау сабақтарын жоспар бойынша берілген тақырыптарды меңгерген кезде, қортынды сабақ ретінде өткізсе, тиімділігі жоғары болады.

Жобамен жұмыс істейтін оқушылар бірнеше топқа бөлінеді. Әр топқа білім деңгейі жоғары оқушы жетекшісі болып, басқаларға көмек көрсету, түсінбегенін түсіндіру.Топқа бөлуде оқушылардың психологиялық үйлесімділігін де ескеру өте маңызды.

Жобалау әдістемесі бойынша істелетін жұмыс бірнеше кезңңдерден тұрады:

Бірінші кезеңде мұғалімнің көмегімен оқушылар істейтін жұмыстарының мақсатын белгілеп, проблемаларды анықтайды.Әртүрлі сурет, сызба, мәтін т.б. жобаға қажетті материалдар жинастырады.

Екінші кезеңде істейтін жұмыстың жоспары жасалып, топ мүшелері өздеріне нақты тапсырма алады.

Үшінші кезеңде оқушылар әртүрлі лексикалық, граматикалық, ойлау, оқу, сөйлеу т.б. қабілетттерін дамытатын жаттығулар орындап, білімдерін жетілдіреді, туындалған проблеманы шешуге, жобаны жасауға әдіс, тәсідер мен жұмыс түрлерін анықтайды.

Төртінші кезеңде әр топ өздері белгіленген жобаны жасап, дайындайды.

Жұмыстың бесінші, қортынды кезеңінде оқушылар дайындаған жобаларын қорғап, пікірлерін дәлелдейді.

Эксперт тобы әр топтың жұмысына талдау жасап, қортындылайды.Сабақ соңында оқушылар сабақ туралы өз пікірлерін айтып, келесі сұрақтарға жауап беріп, қортынды жасайды:

1. Жобалау әдістемесі пайдалынылған сабақтан қандай әсер алдыңдар?

2. Жасаған жұмыстың білімдеріңді кеңейтуге тигізген пайдасы болды ма?

3. Дайындық кезінде қандай ізденіс жұмыстарын жүргіздіңдер?

4. Жұмысты жасауда жіберген кемшіліктерді жою жолдары қандай? Нені ескертіп, неге көңіл аудару қажет?

Мұғалім әр кезеңде әр түрлі роль атқарады, ол – көмекші, бақылаушы, нұсқаушы жұмыстың барлық кезеңінде мұғалім шәкірттерінің іс - әректтерін қолдап, мадақтай келе, олардың ынтасын көтерген жағдайда ғана жақсы нәтижеге жетуге болады.

Жобамен жұмыс істеу әрбір оқушының жұмысқа деген жауапкершілігін арттырады, шығармашылық қабілетін дамытып, оқытудың түпкі мақсаты: білім сапсын жақсартуға үлкен ықпалын жасайды.

Тіл – ол әрбір халықтың мәдинетін, тарихын, тұрмыс – тіршілігін, сол халықтың стеоротипін сипаттайтын зерделі айна.

Тіпті жеке тұлғаны алып қарасақ та оның сөйлеген сөзіне, айтқан әңгімесіне, сөйлеу мәнеріне қарап, біз ол адамның мәдениетін, қандай әлеуметтік топқа жататынын, тіпті оның географиялық мекенін де анықтай аламыз. Соңғысы ол әрине ол диалектологияға байланысты.

Жастарымыз еліміздің болашағы дейміз, өркениетке жету жолында жастарымызға сенім артамыз. Егер жастарға білім беру, оларды тәрбиелеу жауапкершілігі мына біздерге, ұстаздарға жүктелетін болса, шет тілдердін үйренудегі коммуникативті – танымдық оқыту әдісін ұсынғым келеді.

Бірақ алдымен, осы шет тілдерін оқыту әдістемесінің зерттеулеріне сүйене отырып, өткен ғасырдың соңғы 30 жылында жеткен жетістіктеріне тоқтала кетейін.

1) Шет тілін оқу процесін сипаттайтын әдістемелік білімнің категориялары анықталып, әдістемелік түсініктердің жүйе құрылымы пайда болуы.

2) Даму заңдылықтары бұрынғыдай пәлсапаның жаңа зерттеулерімен, лингвистикасмен, психологиямен,психолингвистикасы және жалпы дидактикамен байланысып жатқан шет тілін оқытудың теориялық және практикалық әдістемелер негіздерін түзету жобасы ұсынылады.

3) Көптеген әдістемелік зерттеулердің арқасында оқу жүйесінде әртүрлі жас ерекшеліктеріне қарай шет тілін үйренуде бір – бірімен тығыз байланысты сөйлесім әрекетінің негізгі түрлерін: тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым әрекеттерін сабақ барысында комплексті түрде пайдаланудың тиімді жолдарын анықтады.

4) Шет тілін оқуда үйренуші тіл және сол тіл елінің мәдениетін зерттеуде айтулы нәтижелерге қол жеткіздік. Дегенмен, тіл және мәдениет арасындағы қатынас мәселесі шет тілін үйренудегі белгілі ережелер ретінде әлікүнгедейін толық қанды ашылмай отыр.

5) Шет тілін үйренудің қай сатысында болсын оны меңгеру процесіде ана тілінің «ерекше маңызы» анықталады.

6) Шет тілін үйрену процесідегі комунативті бағытталған негізгі ұсынылады, ол дегеніміз шет тілінін үйренуші тұлғаның тілге деген құштарлығы, белсенділік әрекеті,өз бетінше жұмыс істей алу еркі, яғни осы әректтердің барлығы шет тілін үйренушінің бойынан табылатын болса, онда бұл әрекеттер шет тілін үйрену процесін жеңілдеткен болар еді.

7) Шет тілін оқыту процесінде аудио-видео және электронды техникалық апараттарды пайдаланудың тиімді жақтары көрсетілді.

8) Шет тілін оқытуда, оқытылып жатқан шет тілінде сөйлеу проблемалары көтеріліп, сабақ барысында сөйлеу ортасын туғызу арқылы коммуникативтік жаттығулар орындау, коммуникативтік компетенцияларды дамыту енгізіледі.

9) Шет тілін оқытуда әсіресе жоғарғы оқу орындарына көп көңіл аударылып, шет тілін оқыту жүйесінің қай саласы болсын, білімді стандарттау, реттеу әдістемесі ғылымның актуалды проблемасы ретінде қарастырылып, сараптау, яғни тестілеу арқылы шет тілін үйренушінің нәтижелері қадағаланып, олардың оқу сатылары анықталып отыратын болды.

Дегенмен, жоғарыда шешімі табылғандай көретін проблемаларға үңіле кетсек олардың әлі де болса зерттеулер мен толықтыру қажет ететінін байқаймыз. Қазіргі жаңа әдістемелік зерттеулерге сүйенсек те, бұрынғыларына қарасақ та, коммуникативі оқыту әдісі проблемасының маңызы зор.


Әдебиеттер:

  1. Фазылова Р.Л. Проект на кроках немецкого языка. // Иностранный язык в школе. 1999. №3.

  2. Зимняя И.А., Сахарова Т.Е. Проектная методика обучения английскому языку. // Иностранный язык в школе. 1991. №3.

  3. Бородулина М.К. Шет тілін үйрету. – М. Просвещение, 1975.

  4. Кузьмичева Т.Н. Технические средства в обучений английскому языку. – М. Просвещение, 2001.

  5. Полат Е.С. Новые педагогические и информационные технологий // Иностранный язык в школе. 2004. №3.


Түйіндеме

Мақалада шетел тілі пәнін оқытуда оқушылардың таным қабілеттерін арттырудың негізі берілген.

Резюме

В статье рассматриваются вопросы методики оброзавания иностранного языка для начальных классов.


Неміс тілін оқытудың ғылыми педагогикалық негіздері


Байнеш Ш.Б. - п.ғ.к., доцент (Алматы, Қазмемқызпи)

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Похожие:

Мазмұны мектепке дейінгі және Бастауыш білім беру iconМектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы электрондық ОҚыту жүйесі туралы
Республикасының меншікті, типті және түрлеріне қарамай, барлық мектепке дейінгі білім беру мен оқыту мекемелеріне
Мазмұны мектепке дейінгі және Бастауыш білім беру icon«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының ЖҰмыстарына заманауи білім беру бағдарламалары мен технологияларын енгізу
Мазмұны мектепке дейінгі және Бастауыш білім беру iconМектепке дейінгі және Бастауыш біліМ беру
Аймағамбетова Қ. А. Сапалы маман дайын-дауда педагогикалық тренингтің маңызы
Мазмұны мектепке дейінгі және Бастауыш білім беру icon5 В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығына арналған
Бөбекжай – 2-3 айлық нәрестеден 3 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелейтін мектепке дейінгі мекеме
Мазмұны мектепке дейінгі және Бастауыш білім беру icon«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ «біз мектепке барамыз»
«Біз мектепке барамыз» мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасы. Астана, 2009. 106 б
Мазмұны мектепке дейінгі және Бастауыш білім беру iconАстана 2015 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығы базасында әзірленген
Азақстан республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасы / астана, 2015. 191 Бет
Мазмұны мектепке дейінгі және Бастауыш білім беру icon«Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу» 0101000 мамандығы бойынша оқу үрдісінің кестесі

Мазмұны мектепке дейінгі және Бастауыш білім беру icon«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы «бекітемін»
М010200 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханының
Мазмұны мектепке дейінгі және Бастауыш білім беру iconОрта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы (30 пилоттық мектептерде сынақтан өткізу үшін байқау
Оқу бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен және...
Мазмұны мектепке дейінгі және Бастауыш білім беру icon«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ
Н. Н. Ниязбаева педагогика ғылымдарының докторы, Қму-нің педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница