Абдрахманов сауытбек өлең аудармасының теориясы мен поэтикасы




НазваниеАбдрахманов сауытбек өлең аудармасының теориясы мен поэтикасы
страница1/5
комитеті М О
Дата конвертации13.02.2016
Размер0.67 Mb.
ТипДиссертация
источникhttp://massaget.kz/userdata/users/user_21/1366194188.doc
  1   2   3   4   5
ӘОЖ 821.512.122-1’25                    Қолжазба құқығында


АБДРАХМАНОВ САУЫТБЕК


Өлең аудармасының теориясы мен поэтикасы


10.01.02 – Қазақ әдебиеті


Филология ғылымдарының докторы ғылыми

дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның


АВТОРЕФЕРАТЫ


Қазақстан Республикасы

Алматы, 2007


Диссертация Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының қазіргі қазақ әдебиеті бөлімінде орындалды.


Ғылыми кеңесші:                    ҚР ҰҒА академигі, филология

                                                        ғылымдарының докторы, профессор

                                                        Қасқабасов С.А.


Ресми оппоненттер:                филология ғылымдарының докторы,

                                                        профессор Ысмағұлов Ж.

                                                    

                                                        филология ғылымдарының докторы,

                                                        профессор Жүсіп Қ.П.

                                                       

                                                        филология ғылымдарының докторы,

                                                        профессор Әбдезұлы Қ.


                                                       

Жетекші ұйым:                         Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия

                                                        ұлттық университеті


Диссертация 2007 жылғы 16 қарашада сағат 15.00-де ҚР БҒМ М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жанындағы филология  ғылымдарының  докторы  ғылыми  дәрежесін беру жөніндегі Д53.34.01 диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады. (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29).


Диссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрлігінің Орталық ғылыми кітапханасында танысуға болады.


Автореферат 2007 жылғы “____” ________ таратылды.


Диссертациялық кеңестің

ғалым-хатшысы

филология ғылымдарының

кандидаты, доцент                                         Қорабай  С.С.

 КІРІСПЕ


Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Адамзат аударма арқылы араласып-құраласады. Біз өмір сүріп жатқан әлемнің іштей белгілі бір жүйеге құрылғандығы, адам тіршілігінің кез келген қимыл-қарекеті өзінше шағын жүйе екендігі, онсыз әлемнің тұтас жүйесі жасалмайтындығы белгілі. Адамзат тілдерінің арасында да коммуникацияның өз жүйесі, яғни трансляторы болуы керек. Тілдер арасындағы осындай байланыстырушы жүйенің ең қарапайым шешімі – аударма. Бұл тұрғыдан қарағанда аударма адамзатты біріктіріп тұрған факторлардың бірі деуге де болады.

 Аударма ұғымы – кең ұғым. Зерттеуде тек көркем аударма, соның ішінде поэзия аудармасы ғана сөз етілетін болады. Зерттеудің тақырыбындағы “өлең аудармасы” тіркесі нақты өлеңнің ғана аудармасы емес, “стихотворный перевод”, яғни жалпы өлеңмен жазылған көркем шығармалардың аудармасы деген тұрғыда қолданылып тұр.   

Көркем аударма – аударматанудағы ең бір күрделі де күрмеулі сала. Көптеген зерттеушілердің аударма теориясы тұрғысынан көркем аударманы “Жалпы аударма” курсының дербес пәні ретінде қарастыруды ұсынатыны тегін емес. Олай дейтіні – көркем аудармада шығармашылық белгі-сипаттарының лингвистикалық және мәдениеттанушылық қырлары аударманың өзге түрлеріне қарағанда айрықша бедерленіп көрінеді. Ал поэзия аудармасында тәржімешіге мәтінді өзінше пайымдау, бажайлау тұрғысынан бөлекше жауапкершілік жүктелетіндіктен, аудармашыдан лингвистика мен аударма теориясы саласында жеткілікті дайындықпен қатар, әдебиетшілік, мәдениеттанушы­лық, стилистік дарын да талап етіледі. Жұмыста қазақ поэзия аудармасының арғы-бергідегі өткен жолы мүмкін болғанынша толық сараланып, теориялық тұрғыдан таразыланды.

Зерттеудің өзектілігі. Зерттеудің өзектілігі, біріншіден, Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде халықаралық қарым-қатынастар жүйесінің жаңа деңгейіне ауысуымен, екіншіден, жаһандану үдерісінің бүкіл әлемді қамтыған ауқымына орай аударманың біздің өмірімізде алар орны алдағы кезеңде айрықша арта түсетіндігімен байланысты.

Қазақ поэзия аудармасының арғы-бергідегі жүріп өткен жолын, бел-белестерін бажайлау, ізденістері мен іркілістерін саралау – ұлттың көркемдік ойының бүгінгі биігін бағамдаудың, алда алар асуларын белгілеудің бір жолы. Бұл жолға талдау жасау арқылы  тәржіменің халқымыз тарихында қандайлық қомақты орын алғанын ғана емес, сонымен бірге келешек замандарда атқарар рөлінің де бөлекше болатынын көрсете аламыз. 

Бүгінгі таңда аударма қазақ тіліне әлем әдебиетінің ең шоқтықты шығармаларын төгілте түсіру арқылы мемлекеттік тіліміздің мәртебесін асыруға ықпал жасай алады. Қазақ поэзия аудармасының мұндай кемелдікке келу кезеңдерін теориялық тұрғыдан тұжырымдай талдау оның келешектегі көркемдік көкжиегін кеңейту жолдарын қарастыруға септесетін болады.

Зерттеудің дереккөздері. Қазақ әдебиеттануы мен тіл ғылымында аударматанудың алар орны онша қомақты емес. Бұл төл топырағымызда тәржімеге қатысты зерттеулердің кенжелеп қалуынан орын алып отырған олқылық деуге де болмайды. Жалпы, аударматану әлемде ғылыми пән ретінде жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында ғана орнықты. Оның үстіне кешегі кеңестік кезеңде кез келген мәселенің негізгі, түйінді теориялық проблемаларымен түбірлеп айналысу Орталықтың еншісіне қалдырылатын да, ұлт республикаларындағы әдебиеттану ғылымының әлеуеті көбіне-көп ұлттық сөз өнерінің төл туындыларын талдаумен тежелетін. Аударманың халықтар достығының дәнекері ретіндегі қызметі алдыңғы қатарға шығарылып қарастырылғандықтан, тәржіме туындылары бәрінен бұрын әдеби байланыстар тұрғысынан сөз етіліп, аударма категориялары, нормалары, типологиясы, эволюциясы, өлең жүйесіне, өлшеміне әкелетін өзгерістері сияқты көптеген мәселелер екінші қатарға ысырылып қала беретін. Идеологиялық қағидалармен қабыспауына байланысты ол кезде діни сипаттағы нәзиралық дастандар, көптеген ғашықтық, батырлық қиссалар жарияланған жоқ, сондықтан тәржіметану тұрғысынан талданған да жоқ. Соның өзінде де негізін Мұхтар Әуезов қалап берген қазақ аударматануы қалыптасып, С.Талжанов, Ө.Айтбаев, Н.Сағындықова, Ә.Сатыбалдиев, З.Тұрарбеков, С.Нұрышев, М.Жанғалин, С.Сейітов сияқты аударма мәселелерімен тікелей айналысқан ғалымдар, қаламгерлер шықты, аударма мәселелерін қарастырған С.Талжанов пен Н.Сағындықованың, әдеби байланыстар проблемаларына арналған И.Ғабдировтің, Қ.Кереева-Қанафиеваның, Ө.Күмісбаевтың, А.Қыраубаеваның докторлық диссертациялары дайындалды, бұл тақырыпқа арнаулы зерттеулер жазбағанымен, аударма мәселелері ғалымдарымыз, әдебиетшілеріміз, ақын-жазушыларымыз Ғ.Мүсіреповтің, З.Ахметовтің, Ш.Сәтбаеваның, М.Қаратаевтың, З.Қабдоловтың, Қ.Нұрмахановтың, С.Қирабаевтың, Ш.Елеукеновтің, Р.Сыздықованың, Р.Нұрғалидың, А.Егеубаевтың, Ж.Дәдебаевтың, тағы басқалардың еңбектерінде, сын кітаптарында, мақалаларында дәйім қозғалып отырды. 2007 жылға дейін филология ғылымдарының әдебиеттану саласы бойынша аударма мәселелерін сөз еткен 2 докторлық, 28 кандидаттық диссертация қорғалғанының өзі қазақ аударматануының біраз асуларды алғанын көрсетеді. Орыс және алыс шетел ғалымдарының әдеби байланыстар мен көркем аударма проблемалары бойынша теориялық еңбектері кейінгі жиырма шақты жылдың ішінде тың ізденістермен толыға түсті. Кезінде аударма теориясының іргелі зерттеулері ретінде мойындалған бірқатар туындылармен қатар, олар да осы жұмыстың арқауы ретінде ұсталды.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Аударма – лингвистика заңдылық­тарына арқа сүйеу арқылы тіларалық коммуникация міндеттерін шешетін сөз өнерінің өзгеше түрі. Көркем аударманың жемісі ретінде зерттеу  қарастыратын поэзиялық тәржіме – алдымен әдебиеттану нысаны. Ең бастысы – бұған дейін қазақ көркем аудармасының (рас, көбіне проза аудармасы сөз етіледі) жекелеген кезеңдері, жекелеген авторлар аудармасы,  аудармашылар шығармашылығы, сондай-ақ әдеби байланыстар жайында зерттеулер, кандидаттық диссертациялар, хрестоматиялар, аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері қазақ поэзиясының орыс тіліне аударылу проблемалары туралы докторлық диссертациялар дайындалғанымен, қазақ поэзия аудармасының теориялық мәселелері, бүкіл бел-белестері, поэтикасы арнаулы, көлемді зерттеудің арқауына айналған емес.

 Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер белгіленді:

–       тәржіменің теориялық ой-қисындарын жинақтай көрсету;

–       өлең тәржімесінің өзіндік ерекшеліктерін таныту;

–       қазақ поэзия аудармасының даму кезеңдерін белгілеу;

–       поэзия аудармасының эволюциялық жолын зерттеу;

–       аударманың тілді байыту тәсілдерін талдау;

–       аударманың төл әдебиетке ықпалын анықтау;

–       аударманың әдіс-тәсілдерін сипаттау;

–       тәржіме тағылымдарын қорытындылау.

Зерттеудің нысаны. Диссертациялық жұмыста қазақ өлең аудармасының қалыптасу, даму белестері мүмкін болғанынша түгел қамтылады. Поэтикалық тәржіменің жалпы тарихына қысқаша шолу жасау, аудармаға әр замандағы көзқарастарды саралап айту арқылы өлең аудармасының барлық тілдерге ортақ заңдылықтары ашылып, өзіндік қасиеттері, мүмкіндіктері көрсетіледі. Зерттеудің басты нысаны – ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХ ғасырдағы поэзия аудармасы. Сонымен бірге, қазақ тіліне арғы-бергіде аударылған өзге туындылар да қарастырылды.

Зерттеудің пәні. Бұрынғы ғасырлардағы арқауы өзге тілдердегі, ең алдымен түркі, араб, парсы тілдеріндегі шығармалардан алынып, негізінен нәзира түрінде қазақшаға түсірілген қисса, дастандарды айтпағанда, жаңа жазба әдебиет берік орныққалы бергі соңғы бір жарым ғасыр аясында қазақтың поэзия аудармасы мол қазына жинады. Әлем әдебиетіндегі атақты ақындардың әйгілі шығармалары туған тілімізге тәржімеленіп, сөз өнеріміздің қоржынына қосылды. Соңғы бір ғасырға жуық уақыт аясында бұл жұмыс мемлекеттік деңгейде атқарылып, жүйелі, мақсатты сипат алды. Өлең аудармасына қазақ жырындағы таланттардың бәрі дерлік тартылып, аударма арқылы ұлттық поэзиямыздың көркемдік құралдары анағұрлым молыға түсті. Тарих табыстырған, тағдыр тоғыстырған орыс халқының төл поэзиясынан аударма жасау кең құлаш жайды. Орыс тілі арқылы сол тілге аударылған әлем поэзиясының, күні кешеге дейін бір елдің құрамында өмір сүрген, қазір де алуан-алуан ықпалдастық жіптерімен жалғасып жатқан мемлекеттердің өлең-жырларының таңдаулылары тәржімеленді. Тәржіменің түр-түрі шығып, туыстас түркі тілдерінен ғана емес, өзге топтардағы тілдерден де тікелей аудару тәжірибеге ене бастады. Бұл қазынаны мыңжылдықтар межесінде, ғасырлар айырығында талдап, таразылаудың әбден жөні бар.

Зерттеуде қолданылатын әдістемелер негізі. Зерттеуде негізгі тәсіл ретінде аудармалардың мәтінін түпнұсқамен салыстыра талдау тәсілі қолданылған. Диссертация авторының шамасы келгенінше, өзбек, қырғыз, татар тілдеріндегі аударма туындылар мәтіндері қатар қарастырылып, қазақша аудармалардың жетістік-кемістіктері туыстас тілдердегі тәржіме тәжірибесімен салғастырыла зерттелді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Бұған дейін көркем аударма мәселелері көбінесе әдебиеттану, тіл білімі тұрғысынан ғана қаралып келсе, бұл еңбекте аударманың психологиямен, социологиямен, социопсихологиямен, психолингвистикамен, компаративис­тикамен, герменевтикамен, тілдік коммуникациямен тікелей байланыстылығы сөз етіледі. Аударманың эстетикалық құндылығы мәтіннің өзінен толық таныла қалмайтыны, түптеп келгенде оның бағасы реципиенттің қалай қабыл алуына байланысты екендігі, ал мұның бәрінен бұрын қоғамдық сұранысқа тәуелділігі дәлелденеді. Тәржіме туындысының қалай жасалғанымен қатар қашан жасалғаны да маңыздылығы ашылады. Қазақ тілінің қабылдампаздығы қазақ ділінің қабылдампаздығынан шығатыны, мұның өзі тарихи тұрғыдан қысқа ғана кезең аралығында қазақ әдебиетінің қазынасына әлемдік классиканың інжу-маржандарын қосуға мүмкіндік берген басты факторлардың бірі екендігі көрсетіледі.

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі қазақ өлең аудармасының эволюциялық жолы бүкіл әлем әдебиетіндегі тәржіме тарихымен тұтастықта қаралатындығынан да танылады. Кәсіби аударма өмірге келгелі бергі бір жарым ғасырға да жетпейтін уақыт аралығында ұлттық сөз өнері қандай бояулармен байығаны, тілдік тұрғыдан толысқаны, көркемдік құралдарының молайғаны дәлелденеді. Диссертацияда әлемдік әдебиеттануда қалыптасқан, әсіресе кейінгі жаңаша ойлау кезеңінде ғылыми айналысқа түсірілген көптеген еңбектердегі түрлі тұжырымдар мен ғылыми-теориялық еңбектерді орынды пайдалана отырып, бүгінгі әдебиеттану ғылымы деңгейіндегі талаптарға сай келетін өзіндік тұжырымдар ұсынуға ұмтылыс жасалды.

Қорғауға ұсынылып отырған тұжырымдар:

1. Тәржіме жаңа тілдің төл табиғатынан жаратылған туындыға айналғанда ұлттық сөз өнерінің қазынасына қосылады, аударма туынды аударылған тілдің туындысы саналуға тиіс.

2. Тәржімеленетін мәтін бір тілден бір тілге ауысу арқылы бір мәдениеттен бір мәдениетке (кейде бір өркениеттен екінші бір өркениетке) көшіріледі. Ал аударманың өзге лингвомәдениетке сіңісуі, қабылдануы осы үдерістің табиғи түрде, жатық жүруіне байланысты.

3. Аударма өнері төл әдебиетіміздің жазба дәстүрлерін орнықтыруға, көркемдік кестесін кемеліне келтіруге көп көмектеседі, өйткені, толыққанды ұлттық әдебиет саласы аударма әдебиетінсіз кемелденбейді. Бұл, әсіресе, ұлттық мәдениеттер үшін бетбұрысты белестерде айқын көрінеді. Егер төл әдебиеттегі көркемдік ізденістер кенжелеп қалса, тәржімедегі табыстар да қомақты болмайды және аударма өнері дамымаған елдердің өз әдебиетін ойдағыдай өркендетуі де қиын.

4. Тәржімеленген туынды ұлттық әдебиеттің төл туындысындай оқылуға тиіс деген белгілі тұжырым негізінен қолдауға лайық, бірақ мұның өзі тілдің жатықтығына байланысты айтылуы керек. Мұндай жағдайда аударылған шығарма ұлттық өлең өрнегін өзгеше бояулармен, бедерлермен байытуға тиісті.

5. Кеңестік әдебиеттануда орныққан аударуға көнбейтін шығарма жоқ, бәрі тек шеберлікке байланысты дейтін былайша қарағанда көкейге қонымды, бірақ аударма өнерінің, жалпы тіл табиғатының бүкіл диалектикасын толық ескермеуден шыққан тұжырым біржақты, себебі сан түрлі себептерге байланысты ұлттық реципиент қабылдамайтын туындылар да болады, сондықтан аударма ісін ұйымдастыруға мемлекеттік тұрғыдан көзқарас қажет.

6. Аударма өнері – ең алдымен қоғамдық құбылыс, сол себепті ол тек  лингвистикалық, әдеби-тарихи тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар мәдениеттанушылық, философиялық-эстетикалық, текстологиялық немесе семиотикалық тұрғыдан да зерттелуі қажет. Тәржіметану пәнаралық сипат алғанда ғана нәтижелі болмақ.

7. Тарихи тұрғыдан аз ғана уақыттың аясында қазақ поэзия аудармасында әлемдік өлең тәржімесі өнеріндегі әдіс-тәсілдердің бәрі дерлік орын алған. Оған қоса ұлттық ерекшелігімізге сай ауызша көркем аударма дәстүрі де қалыптасқан. Тәуелсіздік жылдарында ғылыми айналымға түскен аударма сипаттағы хикаялық және діни дастандар алғаш рет талданып отыр.

Зерттеу нәтижелерінің талқылануы. Диссертациялық жұмыс М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қазіргі қазақ әдебиеті бөлімінде, ғылыми кеңесінде және диссертациялық кеңесінде талқылаудан өтті. Зерттеудің басты-басты қорытындылары мен тезистері бірнеше халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларда баяндалып, пікір алмастырылды. 

Зерттеудің теориялық маңызы. Еңбекте нақты аударматану мен аударма теориясы біртұтастықта – аударма туралы ғылым ретінде қарастырылған. Диссертация кейінгі жылдарда ТМД елдерінде тәржіметануға тың тұрғыдан қараған теориялық еңбектерді, сондай-ақ орыс тіліне ағылшын, француз, неміс тілдерінен аударылған осы тақырыптағы зерттеулерді алғаш рет қазақ әдебиеттануының ғылыми айналымына түсіріп отыр. Зерттеуде жалпы лингвистикалық аударма теориясы мен аударманың арнаулы теориясының бірін бірі қалай жалғастырып, қалай толықтыратыны көрсетілген. Еңбек аударма өнерін негізінен әдебиеттану еншісі ретінде тани отырып, оның тілтанудың фонетика, грамматика, лексикология, стилистика сияқты арналарымен тікелей байланысты екенін дәлелдейді.

Зерттеудің практикалық құндылығы. Жұмыстың нәтижелері мен тұжырымдары жоғары оқу орындарына, мектептерге арнап оқу құралын, оқулықтар жазуда, қазақ әдебиетінің тарихы бойынша арнаулы курстар жүргізуде өзінің нақты пайдасын тигізеді. Сондай-ақ зерттеу нәтижелерінің аударма тарихын зерттеушілерге, жоғары оқу орны оқытушыларына, ізденушілерге, аспиранттар мен магистранттарға теориялық-практикалық көмекші құрал ретінде ұсынуға болады.

Зерттеу жұмысының негізгі бағыттарының жарияланымы. Зерттеудің негізгі қағидалары мен нәтижелері автордың “Біздің Пушкин”, “Вер бана ат. Пушкинтану парақтары”, “Коран и Пушкин”, “Төлтума мен телтума” атты кітаптарында, бірқатар ұжымдық жинақтарда, ғылыми басылымдарда, журналдарда қазақ және орыс тілдерінде Астанада, Алматыда, Мәскеуде шыққан 40-тан астам мақалаларында жарияланған. Диссертанттың  Пушкин шығармаларының қазақшаға аударылу мәселелерін қозғаған мақалалар сериясы 2000 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығына ие болған, пушкинистика саласындағы еңбектері 2006 жылы Ресей сөз өнері акаде­миясының “Ревнителю просвещения” медалімен атап өтілген.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1   2   3   4   5

Похожие:

Абдрахманов сауытбек өлең аудармасының теориясы мен поэтикасы iconМазмұны
Ерікті өлең – қалыптасқан өлең өлшемін берік сақтамай, тармақтардың ырғағын еркін өрнектейтін өлең түрі
Абдрахманов сауытбек өлең аудармасының теориясы мен поэтикасы iconМазмұны
Ерікті өлең – қалыптасқан өлең өлшемін берік сақтамай, тармақтардың ырғағын еркін өрнектейтін өлең түрі
Абдрахманов сауытбек өлең аудармасының теориясы мен поэтикасы iconСписок статей к 80-летию Караганды Абдрахманов О. Я помню, как все расцветало / О. Абдрахманов. (80 лет Караганде) // Индустриальная Караганда. 2014
Абдрахманов О. Я помню, как все расцветало / О. Абдрахманов. (80 лет Караганде) // Индустриальная Караганда. 2014. – 30 августа....
Абдрахманов сауытбек өлең аудармасының теориясы мен поэтикасы icon1. 3 Информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі
Информатика мамандығының пәндері: Информатика, берілгендер қорын басқару жүйесі, информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі,...
Абдрахманов сауытбек өлең аудармасының теориясы мен поэтикасы iconТіл мен әдебиетті оқытудың теориясы мен әдістемесіндегі инновациялық технологиялар: мәселелер және шешу жолдары
Тіл мен әдебиетті оқытудың теориясы мен әдістемесіндегі инновациялық технологиялар: мәселелер және шешу жолдары. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік...
Абдрахманов сауытбек өлең аудармасының теориясы мен поэтикасы icon«Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнінің
«Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнінен студенттерге арналған жұмыс бағдарламасы
Абдрахманов сауытбек өлең аудармасының теориясы мен поэтикасы icon5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша
«Әдебиет теориясы» пәнінен оқу-әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ...
Абдрахманов сауытбек өлең аудармасының теориясы мен поэтикасы iconҚ ұрметті Сара Алпысқызы!
Мен сіздің бейкүнә жетім қалған жас сәбилерді мейірім мен шапағатқа бөлейтін және бала бақыты үшін бар жігерін аямайтын, балалар...
Абдрахманов сауытбек өлең аудармасының теориясы мен поэтикасы iconЖ.Қ. Астамбаева, Г. И. Уәйісова, Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы шжм-тің бастауыш сыныптар мұғалімдеріне арналған
Ж.Қ. Астамбаева, Г. И. Уәйісова, Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы: Алматы, 2010,...
Абдрахманов сауытбек өлең аудармасының теориясы мен поэтикасы icon6М073400 Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы
Соқтығысулар теориясы. Соқтығысулар кезіндегі энергия алмасу. Активті аралық өнімдер. Бос радикалдар мен атомдар. Бос радикалдардың...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница