Лекция: 30 сағ




НазваниеЛекция: 30 сағ
страница6/17
Дата конвертации13.02.2016
Размер2.45 Mb.
ТипЛекция
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/Sillabus/PP/Kurbanaliev.Entoped.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Арнау шешендік сөздер: әзіл, сықақ, сын, бата, алғыс, естірту, көңіл айту.

Шешендік толғау: Өсиет, насихат. Шешендік дау: жер дауы, жесір дауы, мал дауы, ар дауы.

Жиын –тойда, мәжілісте, бас қосу рәсімдерінде сөз жүйесіне шешендік сөздерді арқау етіп сөйлеу – қазақ қарияларының дәстүріне айналған құбылыс.

Қазақтың халық педагогикасында ақыл –ой тәрбиесі термелер, ертегілер мен аңыз әңгімелер арқылы да іске асырылады.


  1. Жастарды өнерге, адамгершілікке тәрбиелеудегі терменің рөлі.

Жырдың үлгі -өнеге, насихат ретінде айтылатын түрі – терме деп аталады. Термеде жырау өмір –тәжірибесінен алынған философиялық ой шешімдерін айтады: адамгершілік қарым –қатынасты, өмірдің философиялық мәнін түсінуді, адамгершілік пен әділетті, әсемділік пен әуездікті уағыздайды.

Терме – жастарды өнерге баулудың , адамгершілікке тәрбиелеудің қуаитты құралы.

Ертегілердің тәрбиелік мәні. Алғашқы қауымнан бастап, бала тәрбиесміне ерекше әсер ететін ертегілерді ойлап шығарған адамзат тарихында ертегілердің тәрбиелік мәні зор. Қазақ ертегілері сан алуан. Оларды: хайуанаттар туралы ертегілер (ақ қасқыр, шопан ата, Шек- шек ата, Ойсыл қара, Зеңгі баба т.б.), қиял – ғажайып ертегілер (Ұшқыш кілем), тұрмыс –салтқа байланысты ертегілер, батырлық ертегілер («Күн астындағы күнекей қыз», «Ер төстік», «Керқұла атты Кендебай»), күлдіргі ертегілер деп бірнеше топқа бөлуге болады.


  1. Ертегі, аңыз әңгіменің тәрбиелік мәні.

Аңыз әңгіменің тәрбиелік мәні. Халық өз ұрпағының ұлағатты, білгір, батыр, батыл, ойшыл, еңбекқор, еңбекқор болып өсуі үшін, оған үлгі -өнеге етіп аңыз әңгілерді де бардан құрап, сары алтындай сақтап келеді.

Аңыз әңгімелер: 1. Аспан әлемі, жан –жануар, жер,су, мекен аттары туралы. 2. Ру, тайпалардың шығу тегінебайланысты. 3. Діни мистикаға. 4. Әлеуметтік утопияға. 5. Тарихи хаһармандық туралы құрылады.

Қанатты сөздер мен даналық сөздер –даналар мен шешендердің ел аузында жатталып өсиет, өнеге, аңыз ретінде айтылатын сөздер.

Қарлығаш жер бауырлап ұшса, жаңбыр жауады; шілде қойыз көп шырылдаса, құрғақшылық болады; мезгілсіз сиыр мөңіреп, ит ұлыса, жер сілкінеді т.б. халық тәжірибесінен түйінделіп айтылған сөздер баланың дүниетанымдылығын арттырады.

Көркемдікке, өнерге тәрбиелеу. «Өнер - өрге бастырады» деп халық көркем өнерді жоғары бағалайды да, «ақын – елдің еркесі», «шебердің- қолы ортақ», «күйші – қиялды, биші -зиялы» - деп, өнер адамдарын ардақтайды.

Тұрмыс – салт жырларының тәрбиелік мәні. Қазақ хаолқының өзінің тұрмыс –тіршілігіне, әдет –ғұрпына, салт –санасына байланысты тұрмыс –салт жырларын шығарып, жер өрнектерін өмір өзегіне пайдаланып, сол арқылы жастарды ұлттық әдет –ғұрып, дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелейді.


10 – тақырып

Батырлық, ғашықтық жырлардың тәрбиелік мәні.


Қарастырылатын мәселелер:

  1. Батырлық жырлардың дүниетанымдық мәні.

  2. Халық эпостық шығармаларының тәрбиелік рөлі.



Пайдаланатын әдебиеттер:

1.К.Оразбекова Отбасы тәрбиесінің ұлттық психологиясы, Қазақстан

мұғалімі.

2.С.Қалиев. М.Оразаев. М.Смайылова. Қазақ халқының салт – дәстүрлері.

Алматы 1994

3.С.Кенжеахметұлы. Қазақтың салт – дәстүрлері мен әдет – ғұрыптар.

Алматы 1994

4.Қ.Б.Жарықбаев, Ж.Наурызбаев. Қазақтың ұлттық тәлім – тәрбие атауларының

түсіндірмелі сөздігі. Алматы 1993.

5.С.Қалиев Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі. Алматы 1987

6. С.Қалиев Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі. Алматы

1987

7. Қ.Б.Жарықбаев, Ж.Наурызбаев. Қазақтың ұлттық тәлім – тәрбие

атауларының түсіндірмелі сөздігі. Алматы 1993.

8. С.Қалиев Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі. Алматы

1987


Мақсаты: Ел қорғау басқыншыларға қарсы күресу кезінде көрсеткен батырлардың

ерліктері, эпостық шығармалар және ғашықтық жырлар туралы

түсініктерін кеңейту.

Тірек ұғымдары: Батырлар жыры, жыр тармақтары, ұлттық мақтаныш, ұлттық

сезім, ғашықтық жырлар, ерлік, адалдық, әділдік, мөлдір махаббат.


  1. Батырлық жырлардың дүниетанымдық мәні.

Қазақ халық педагогикасындағы аса бай мұра – батырлық жырлар. Батырлық жырларда ел қорғау, басқыншыларға қарсы күресу кезінде көрсеткен батырлардың ерліктері жырланады, батырлардың от басына, еліне,Отанына деген сүйіспеншілігі - шынайы патриоттығы дәріптеледі.

Батырлыќ жырлардыњ д‰ниетанымдыќ жєне тєрбиелік мєні.

Ќандай шыѓарма болса да, оныњ негізгі маќсаты – тєрбие. Ауыз єдебиеті - халыќтыњ ой-санасы мен мінез – ќ±лќын ќалыптастыратын тарихи мектебі. Батырлыќ жырлар – сол мектептіњ мањызды ќ±ралы.

Батырлыќ жырлар эмоциялыќ єсермен тыњдаушыныњ ынтасын арттырып, кµріктілігімен кµкейге ќонады: ол шаттандырады, ондаѓы трагедиялыќ жєне ќуанышты жайларды тыњдаушы µміріне, тебірене сезініп, ыстыќ жаспен, ынталы ыќыласпен ќабылдайды. Сондыќтан аќын болмаса да, асыл жырларды жаттап алушылар кµп болѓан. Жаттампаздыќ ќ±рѓаќ жаттау емес, жадына жаќсыны саќтап, µнегелі µмірге пайдалана білуді халыќ єрќашан да маќсат еткен. Ел Ер Тарѓындай ер болуды, Ќобыландыдай батыр болуды, Ќамбардай ќамќоршы болуды ±рпаќтарына ‰лгі еткен.

Ќара т‰некті, ќайѓылы, ќасіретті заманда эпостыќ шыѓармалар халыќтыњ кµњілін сергітті , ерлікке ќ±лшындырды, ойын µрістетті , келешекке сенімін арттырып, намысын ќозѓады. Жарќын жырлардаѓы парасатты ой сєулелері жалпы ж±рттыњ жанын жадыратты. Ондай шыѓармаларды ж±рт жалыќпай тыњдап, жан азыѓы етті.

“ Сµз с‰йектен µтеді ” деген халыќ, сµз µнерін тєрбиеніњ к‰шті ќаруы етіп, µмірге пайдалана білді. ¤мірдіњ µзі т‰сіндіретін халыќ философиясы ауыз єдебиеті болды.

“Ќара ќылды ќаќ жаратын ” єділдік, арды, намысты аяќќа басќан з±лымдыќ, ел с‰йіндірген ерлік, дарќан ойлы даналыќ, ќояннан жаман ќорќаќтыќ эпостыќ жырларда айќын сарапталып, аќылмен екшеленіп, ерекше єсерлерімен тыњдаушыларын баурап отырды.

Ќаршадайынан халыќтыњ ауыз єдебиетін с‰йе тыњдап µскен єрбір ќоѓам м‰шесі еліне пайда тигізетін ер болуды армандады. Жеке адамдардыњ жетесіне жеткен ќара бастыњ ќамын ойлайтын психологияѓа эпостыќ жырлардаѓы халыќтыќ ойлар ќарсы ќойылып отырды. Халыќ ер мен езді, аќылды мен аќымаќты, ењбекшіл мен тірліксізді айќын баѓалап, ±рпаќтарына жаќсыны ‰йретті, жаманнан жирентті.

Тєрбие м‰ддесіне сай, халыќ эпостыќ шыѓармаларѓа тыњдаушы сезінетіндей етіп, эмоциялыќ єсері к‰шті сюжеттер ендірді, мінездеу мен кульминация неѓ±рлым єсерлі болуын ќарастырды, жеке образдар кµркем де шебер жасалынып, есте мєњгі ќалатындай єсерлі болды, ой т‰йіндері µнегелі µрнекпен ќ±рылды.

  1. Халық эпостық шығармаларының тәрбиелік рөлі.

Ѓашыќтыќ жырларда мµлдір махаббат ќастерлене жырланады. Єйелдерде зорлыќ неке мен ќорлауѓа ќалыњ малѓа сатуѓа /єйелдіњ шашы ±зын –аќылы ќысќа/ деп кемітуге ќарсы, махаббат беріктік, адалдыќ жырланады. Онда ескілікке ќарсы к‰ресіп, махаббат еркіндігін, єйелдіњ бас бостандыѓын ањсаѓан жалынды жастар бейнесі суреттелінеді. Олар ескіліктіњ шырмауын б±зып, жањаша µмір с‰руді армандайды, сол арманѓа жету ‰шін аямай к‰реседі, к‰рес ‰стінде махаббат ќ±діреті ,ерлік салтанаты, жан ќиарлыќ достыќ кµрінеді, заман аѓымына байланысты, олар ќаншы к‰рессе де, кµпнесе µз маќсаттарына жете алмай мерт болады.

Ғашықтық жырлардың трагедиямен аяқталуына да халықтық азатшылдық арман – мүддесі бар.

Мөлдір махаббат иелері Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу.

Батырлық жырлар мен ғашықтық жырлар – эпостық шығармалар деп аталады. Халық эпостық шығармаларды тәрбие ісінің аса маңызды құралдары деп қарайды, ол жырларды қастерлеп, жаттап алып, ұрпақтан –ұрпаққа мұра етеді.


Кредит №2

1 – тақырып.

Қазақ этнопедагогикасының бастау бұлағы және тарихи даму кезеңдері.


Қарастырылатын мәселелер:

1. Халық педагогикасы – этнопедагогиканың зерттеу объектісі.

2. Қазақ этнопедагогикасының туып қалыптасуы және даму кезеңдері.


Пайдаланатын әдебиеттер:

1. C.Қалиев. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы Алматы 2003.

2. Ә.Табылдиев. Қазақ этнопедагогикасы Алматы 2001.

3. Г.Н.Волков. Этнопедагогика. Чебоксары 1974

4. Х.Досмұқамедов. Аламан. Алматы 1991.

5. Ә.Диваев. Тарту. Алматы 1992.

6. Ш.Құдайбердиев. Үш анық . Алматы 1991

7. М.Х.Дулати. Көне дәуір мұралары. Алматы 1960.

8. Ә. Жиреншин. Қазақ кітаптарының тарихынан. Алматы 1971.


Мақсаты: Халықтық педагогиканың ерекшелігі, қазақ этнопедагогикасының туу

кезеңі және оның белсенді қайраткерлері туралы түсінік беру.

Тірек ұғымдары: Зерттеу объектісі, қазақтың демократ ағартушылары,

орыс, батыс саяхатшы ғалымдары.


1. Халық педагогикасы – этнопедагогиканың зерттеу объектісі.

Адам баласы әу бастан өз ұрпағынөмірге, еңбекке икемдеп, тәрбиелеп келгені көпке аян. Бүгінгі қалыптасқан белгілі ғылыми –теориялық заңдары бар педагогика ғылымы өмірге келгеше де адамзат тәрбите ісімен айналысып бақты.

Халықтық педагогика салт –дәстүр, жол –жора, ырымдар, тағам дайындау, қонақ күту рәсімдері мен ауыз әдебиеті үлгілері, ұлттық ою -өрнек, өнер түрлері, спорт ойындары арқылы отбасылық тәрбиеден басталып ауыл –аймақ, ел- жұрт, ру –тайпа, қала берді бүкіл халықтық қарым –қатынастан берік орын алған тәлім –тәрбиенің түрі, адам мінезін, іс -әрекетін қалыптастырудың белгілі нормасы болып табылады.

Академик Г.Н.Волковтың пікірінше, халықтық педагогиканың ерекшелігі: оның адам баласының дүниеге келген күннен бастап бірге жасасып келуінде; адамдардың қоғамды құруда, қоршаған ортаны- табиғатты өзіне икемдеп игеруінде; еңбек тәрбиесінің алғашқы адамдар өмірінде басты рөл атқарғаны, тәрбиенің басқа түрлерінің кейін туғандығы , халықтық тәрбие жөніндегі қағидалары өмірлік тәжірибеге негізделген эмпирикалық білім болып келуі; тәрбие тәжірибесінің ғексырлар бойы жалғасып келуі, алғашқы тәрбие түрлерінің қоғамда бөлінбей, синкретті тұтас түрде берілуі деп саралай саралай көрсетіп келеді де, «халық педагогикасы ру, тайпа, ұлттар мен ұлыстардың ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесіне негізделіп халықтың тәрбие құралдары арқылы іске асыруға құрылса, ал зтнопедагогика теориялық ойларға, ғылымға негізделеді» .

Халық педагогикасында тәрбие мәселесі бірінші орынға қойылып келді. Ол заңды да енді. Себебі, халық педагогикасы ғылым мен мәдениеттің жетілгмеген кезінде пайда болғандықтан, тәрбиені еңбек пен өнерге, оның ішінде қол өнеріне негіздей жүзгізуді уағыздайды. Біртіндеп келе оқу –білім дамып ғылым мен техника өрістей бастаған кезде, XVIII ғасырдағы ұлы чех педагогы Я.А.Коменскийдің атымен байланысты ғылыми педагогика пайда болды. Ғылыми педагогиканың теориялық заңдары қалыптасып өмірге келді. Я.А.Коменский өзінің атақты «Ұлы дидактика», «Ағайын чехтарды тәрбиелеу» атты еңбектерінде тұңғыш білім беру ісі мен тәрбие ісін біртұтас процесс деп қарау идеясын ұсынды. Тәрбие мен білім беруді біріктіру тенденциясы оқу –тәрбие ісінің тұтастығынан туындады. Тәрбие -әлеуметтік процесс, ал адамның жеке басының өсіп жетілуі, өсіп қалыптасуы – ол әрі әлеуметтік, әрі биологиялық процесс.

И.Г.Песталоцци: «Бала тәрбиесі оның дүниеге келгенінен басталуы керек. Баланың дұниені түсінуі отбасынан басталып, мектепте әріқарай жалғастырылуы шарт » - деген қағиданы ұсынды.

Ал әйгілі орыс педагогы К.Д.Ушинский халықтық тәрбиенің мақсаты мен мазмұнына және тәрбие мен оқыту әдістеріне тоқтала келе: «Орыс халқының бала тәрбиесі сол халықтың сан ғасырлық тарихымен байланысты, тәрбиенің негізін халықтың жақсы –жаман дәстүрлерінен іздестіру керек» - деді. К.Д.Ушинский бала тәрбиелеудегі ауыз әдебиетінің рөліне де ерекше тоқталды. Ол: «Ертегілер халықтық педагогиканың алғашқы және тамаша үлгілері. Ертегілердегідей халықтың асқан даналық тәрбиесімен тепе –тең келетін бірде - бір құрал жоқ» - деген еді.

Кеңістік дәуірдің 1970-1990 жылдарында ғана халықтық педагогиканың погрессивтік мәнін ғылыми тұрғыда қарастырып, зерттеу ісі біртіндеп қолға алына бастады.

Халық педагогикасын кеңістік дәуірде ғылыми –теориялық, методологиялық жағынан жан –жақты тұңғыш зерттеуші академик Г.Н.Волков болды.


2. Қазақ этнопедагогикасының туып қалыптасуы және даму кезеңдері.

Этнопедагогика ғылымы орыс, батыс елдерінде XVII – XVIII ғасырлардан бастап қолға алынған болса, қазақ этнопедагогикасының зерттелу жайын, ғылым ретінде қалыптасу тарихын сөз еткенде оны үш кезеңге бөліп қарастырамыз.

Бірінші, ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүріп, қазақтың ұлттық тәлімгерлік ой –пікірлері мен салт –дәстүрлері жайында тұңғыш еңбектер жазған Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты демократ ағартушылар мен орыс, батыс саяхатшысы, этнограф ғалымдарының (Э.С. Вульфсон, П.С. Паллас, А.Вамбери, А.Левшин, В.Радлов, А.Янушкевич, Н.Г.Потанин, Н.Л. Зеланд т.б) жолжазбалары десек,

екінші – ХХ ғасырдың алғашқы 20-30 жылдарын да бұл істі ғылыми тұрғыда арнайы қарастырып сөз еткен Ә.Диваев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев, Х.Досмұхамедов, М.Дулатов, Н.Құлжанова, М.Әуезов т.б. болды. Яғни бұл кезеңді қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде туып, қалыптасу кезеңі деп қараймыз. Үшінші кезең – 35 –40 жылдық үзілістен кейін қазақ этнопедагогикасының қайта жанданған, даму дәуірі деп аламыз.


ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ТУЫП, ҚАЛЫПТАСЫП ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ.


Қазақ этнопедагогикасының туу кезеңі /ХІХ ғ. 2- жартысы/, оның белсенді қайраткерлері.

Қазақ этнопедагогикасының қалыптасу кезеңі /1920 –1930/ және ол кездегі қайраткерлер

Қазақ этнопедагогикасының даму кезеңі

/1970-2000/

1. Қазақ демократ

ағартушылары:

Ш.Уәлиханов

Ы.Алтынсарин

А.Құнанбаев


2. Орыс, батас саяхатшы

ғалымдары:

П.С. Паллас

Э.С. Вульфсон

А.Вамбери

А.Левшин

А.Янушкевич

Н.Г.Потанин

Н.Л. Зеланд

В.Радлов

Қазақтың зиялы оқымыстылары:

С.Торайғыров

Ә.Диваев

А.Байтұрсынов

Ш.Құдайбердиев

М.Дулатов

М.Жұмабаев


Ж.Аймауытов

Х.Досмұхаметов

Н.Құлжанова

М.Әуезов

С.Сейфуллин

М.Ғабдуллин

Б.Момышұлы

Б.Адамбаев

Ш.Ахметов

М.Әлімбаев

Қ.Жарықбаева


С.Қалиев

Ә.Табылдиев

С.Ұзақбаева

М.Балтабаева

М.Бөлеев

З.Ахметова

М.Құрсабаева

М.Смайылова

М.Оразаев

К.Қожахметова, т.б.

Қазақ этнопедагогикасының бастау бұлағы ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақтың оқымысты демократ - ағартушылары: Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтардың ғылыми еңбектерімен тығыз байланысты.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Похожие:

Лекция: 30 сағ iconФ со пгу 03. 1/10
Оқу жұмыс жоспарынан көшірме: 3-курс, 5-семестр, аптасына 1 сағ. дәріс, 1,5 сағ. тәжірибешілік, бақылау түрі – емтихан, СӨЖ, аптасына...
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 30 сағ
Мектеп педагогикасы” пәні бойынша 050116-“География”– мамандығының студенттері үшін әзірленген
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 45 сағ
Кєсіпорын экономикасы” пәні бойынша 050506 “Экономика” мамандықтарының студенттері үшін әзірленген
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 68 сағ
Эем-дегі практикум” пәні бойынша 010510,050111 “Информатика” мамандықтарының студенттері үшін әзірленген
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 30 сағ
Этнопедгогика” пәні бойынша 050102, “Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі” – мамандығының студенттері үшін
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 30 сағ
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандыќтыњ типтік оќу жоспары жєне Ќр бѓМ 11. 05
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 52 сағ
Информатика” пәні бойынша 050102 “ПБӘ”, 050117“Қазақ тілі”, 050119 “Математика” мамандықтарының студенттері үшін әзірленген
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 30 сағ
...
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 15 сағ
...
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 15 сағ
Философия” пәні бойынша 050509 “Қаржы”, 050506 “Экономика”, 050508 “Есеп және аудит” мамандықтарының студенттері үшін әзірленген
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница