Лекция: 30 сағ




НазваниеЛекция: 30 сағ
страница5/17
Дата конвертации13.02.2016
Размер2.45 Mb.
ТипЛекция
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/Sillabus/PP/Kurbanaliev.Entoped.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Жұмбақтың дүниетанымдық, тәрбиелік мәні. Нақты бір зат туралы тұспалдау, ұқсатып, бейлеп айту туралы баланы ойлату, танымдық, білімдік ұғымдар мен түсініктерді ой –қиял елегінен өткізіп, тұжырым жасап, шешімге келуде тапқырлық пен дүниетанымдық дәрежесінбайқау үшін, халық ертеден –ақ жұмбақтардың алуан түрлерін шығарған. Ертедегі жұмбақтар.:

Апаң, апаң –

Ескі шапан,

Иір қобыз,

Жарық жұлдыз (түйе)

сияқты көбінесе мал шаруашылығына байланысты және :

Сүмбіл теректі,

Жасыл желекті,

Ерден қалмайды,

Жауға керекті. (найза)

сияқты қару – жарақ, құрал –саймандар туралы болған.

Заман өзгерген сайын халық педагогикасы жаңа мазмұнды жұмбақтармен толыса берді.

Самұрық құс самағады,

Көктен өтіп,

Айға жетіп

Жеңілдеді салмағы (ғарыш кемесі)


Көкшіл айна үйдегі

Көрсетеді киноны (теледидар)

Жұмбақты Аристотель «Жан –жақты жымдасқан метафора» дейді. Яғни затты бейнелеп, баламалап сипаттауарқылы ұқсас заттардың қасиеттері мен түріне, аумағына, көлеміне зер салып, жұмбақты шешуші жұмбақты шешеді, әрі заттарды салыстыра көз алдына елестетіп, дүниетанымдық қабілетін дамытады.

Қара сөзбен жасалған жұмбақтар да бар. «Отқа жанбас, суға батпас» (мұз)

Жұмбақтарды жаттап айтумен қатар, кез –келген айтушы өз ойын да құрастырып айта береді, тек жұмбақтың қисыны, өлеңдік үйлесімі болуға тиіс.

Жұмбақтардың дүниетанымдық, ой дамытарлық мәнімен қатар, тәрбиелік мәні де ерекше. Өйткені жұмбақ айтысу, жұмбақтарды жаттау кезінде тәрбиеленуші өзінің білімін дәрежесін байқап, көп білуге талпынады, ынта –жігері артады, жауапкершілікке бейімделік, өнерге талпынушылығы артады.


7 – тақырып

Мақал мен мәтелдер мен балалар жырының тәрбиелік мәні.

Қарастырылатын мәселелер:

  1. Мақал – мәтелдердің тәрбиелік мәні.

  2. Мектепте ауыз әдебиеті туралы бағдарламалық материалдарды оқыту.

  3. Халық педагогикасында балаларға арнап шығарылған арнау – тілек, сұрамақтар, тақпақтар, төрт түлік туралы жырлардың ролі.

  4. Мектепте балалар жырларының бағдарламалық жүйесі.



Пайдаланытын әдебиеттер:

1. Ж.Аймауытов. Психология . Алматы 1995

2.К.Оразбекова Отбасы тәрбиесінің ұлттық психологиясы, Қазақстан

мұғалімі.

3. С.Қалиев. М.Оразаев. М.Смайылова. Қазақ халқының салт – дәстүрлері.

Алматы 1994

4. Д.Кішібеков. Қазақ менталитеті. Алматы 1999

5. С.Кенжеахметұлы. Қазақтың салт – дәстүрлері мен әдет – ғұрыптар.

Алматы 1994

6.Қ.Б.Жарықбаев, Ж.Наурызбаев. Қазақтың ұлттық тәлім – тәрбие атауларының

түсіндірмелі сөздігі. Алматы 1993.

7. С.Қалиев Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі. Алматы 1987

8.Қ.Б.Жарықбаев, Ж.Наурызбаев. Қазақтың ұлттық тәлім – тәрбие

атауларының түсіндірмелі сөздігі. Алматы 1993.

9. С.Қалиев Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі. Алматы

1987

10. Қ.Б.Жарықбаев, Ж.Наурызбаев. Қазақтың ұлттық тәлім – тәрбие

атауларының түсіндірмелі сөздігі. Алматы 1993.

11. С.Қалиев Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі. Алматы

1987

Мақсаты: Мақал мен мәтел, балалар жырының тәрбие құралы екендігі жөнінде

түсініктерін нығайту.

Тірек ұғымдары: Мақал, мәтел, нақыл, өсиет, арнау – тілек өлеңдері, поэзия, өлең,

жыр, тақпақ.


Мақалдар – нақыл, өсиет түрінде айтылатын философиялық ой түйіндері, сөз мәйегі. Мақалдар, көбінесе өлеңдік өрнекпен, сабырлы, салмақты ырғақпен айтылады, қара сөзбен, яғни шекшендікпен айтылатын мақалдар да бар.

Мәтелдер, негізінен, тұжырым тұспалы өлеңде сыңар тармақты, қара сөзде нұсқалы сөз ретінде айтылады «Өлең - сөздің патшасы», «Қызым, саған айтам, келінім , сен тыңда» т.б. Мәтелде де тура мағынада «Қадіріңді білгенге жұмса» деп және ауыспалы мағынада «Тікен гүлін қорғайды» деп айтылады.

Қазақтың мақал -мәтелдерінің көбірек қамтитын тақырыптары: елдік, ынтымақ, бірлік туралы мақал –мәтелдер.

Өз елім - өлең төсегім.

Батырлық, ерлік туралы мақал –мәтелдер:

Өжет адам - өлімді жеңеді.


Қару күшті емес – қару ұстаған күшті.

Өнер, білім туралы мақал –мәиелдер:

Өнерлі өрге жүзеді.

Төрт түлікке байланысты мақал –мәтелдер:

Қойдың сүті – қорғасын,

Қойды соққан оңбасын.

Егіншілікке байланысты мақал –мәтелдер:

Жері байдың – елі бай.

Адамгершілікке байланысты мақал –мәтелдер:

Жақсыда кек жоқ,

Кектіде тек жоқ.


Әлсіз ат сүріншек,

Ақылсыз адам еріншек.

Мектеп ауыз әдебиеті туралы бағдарламалық материалдарды оқыту оқушыладыфң мақал – мәел жинап, оқулық пен хрестоматиядағы материалдарды толықтыра түсіруіне бьасшалақ етеді. Әдебиет бөлесінің жарнамаларына “кітап – білім бұлағы, білім - өмір шырағы”, “Бьілімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез” , “өнерлі өрге шығар” сияқты мақал – мәтелдер жазылып, ілінеді. Бірінші сыныптан бастап мақал – мәтелдер бірте – бірте үйретіліп, оқушылардың тілі мен ойын дамытудың негізгі бір тәсілі - мақал – мәтелдерді жаттау, мақал – мәтелдерді ел аузынан жинау, оларды түрлі сынып сағаттары мен кештерде, өнер жырыстарында, баспасөзде, радиода қолдана білуге оқушыны бейімдеу мұғалімдердің, әсіресе әдебиет пәні мұғалімдерінің мсіндеті болып табылады.

Қазақтың халық педагогикасында балаларға арнап шығарылған арнау тілек өлеңдері, сұрамақтар, төрт түлік туралы жырлар, тақпақтар ерекше орын алады.

Тырна келді, тұр,

Түндігіңді тұр,

Арқан тарт,

Сандық аш!-

дегізеді халық.

Халық педагогикасындағы балалардың бірден жадында қалатын қысқа – қысқа тақпақтар, оларды тқпақ айтуға ынталандырады, еңбекке, адамгершілікке Отанын сүюге, өнерге тәрбиелейді.

Ана – біздің күніміз,

Ананың біз – гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз, -

деген бір- екі шумақтан құралған, баланың жаттапалуына жеңіл тақпақтары жүздеп саналады.

Балаларға өлең –жыр, тақпақ жаттатуда, олардың әрбір сөзді дұрыс айтып, дауыс ырғағын сол сөздің мағынасына құбылта білуін қадағалап, сахнада, жұрт алдында қалай қалай тұруды үйрету қажет.Сөз мағынасын тыңдаушыға толық, әсері жеткізуде дауыс ырғағы мен бет құбылыстың сөзге сәйкестігі үлкен мәнді нәрсе. Дауыс ырғағы арқылы бір сөзбен бірнеше мағына мәнін ұғындыруға болады. Мысалы: «Бол» деген сөзге леп белгісін қою арқылы, зенкіру, асықтыру, қорқыту мәні берілсе оған сұрау белгісін қою арқылы, мәлімсіздк, сұраулық мән берілдеі, бұл сөздерді айтудағы бет құбылыстың кеюлік, таңқалу нышаны арқылы өздің мән – мағынасы есетіп көрушіге айқындала түседі. Яғни балаларға тақпақ жаттатқанда дауыс ырғағы мен бет құбылыс арқылы әрбір сөздің мән – мағынасын тыңдаушығы әсерлі жеткізуге, неғұрлым толық ұғындыруға болады. Бұл баланың тілін, ойын дамытуға да өте қажет.


8 - тақырып

Мазақтамалардың, өтірік өлеңнің, ойын өлеңдерінің тәрбиелік мәні.



Қарастырылатын мәселелер:

  1. Мазақтамалардың балаларды әдептілікке, әдемілікке, еңбекке тәрбиелеудегі рөлі.

  2. Өтірік өлеңдердің балаларды ой – қиялға тәрбиелеуі.

  3. Ойын өлеңдері балалардың өлең – жырға деген ықыласын, бейімділігін арттырады.


Пайдаланатын әдебиеттер:

1.К.Оразбекова Отбасы тәрбиесінің ұлттық психологиясы, Қазақстан

мұғалімі.

2.С.Қалиев. М.Оразаев. М.Смайылова. Қазақ халқының салт – дәстүрлері.

Алматы 1994

3.С.Кенжеахметұлы. Қазақтың салт – дәстүрлері мен әдет – ғұрыптар.

Алматы 1994

4.Қ.Б.Жарықбаев, Ж.Наурызбаев. Қазақтың ұлттық тәлім – тәрбие атауларының

түсіндірмелі сөздігі. Алматы 1993.

5.С.Қалиев Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі. Алматы 1987

6. С.Қалиев Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі. Алматы

1987

7. Қ.Б.Жарықбаев, Ж.Наурызбаев. Қазақтың ұлттық тәлім – тәрбие

атауларының түсіндірмелі сөздігі. Алматы 1993.

8. С.Қалиев Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі. Алматы

1987

Мақсаты: Мазақтамалар, өтірік өлең, ойын өлеңдердің тәрбиелік мәні жөнінде

түсінік беру.

Тірек ұғымдары: Мазақтамалар, мінеу, сынау, шенеу, әжуалау, өтірік өлең, ойын

өлеңдер, айтыс.


  1. Мазақтамалардың балаларды әдептілікке, әдемілікке, еңбекке тәрбиелеудегі рөлі.

Мазақтаманы халық балалардың бірін –бірі мінеуі, сынауы, шенеуі, әжуалауы үшін шығарған:

«Асан жақсы баласың,

Айтқан тілді аласың;

Айтқан тілді алмасаң,

Арам қатып қаласың» , -

деп мазақтама айтушы екінші баланың кемшілігін көзіне айтып,ызаландырып, қажырын қайрайды.

Баланың табиғи кемшілігін айтып, тәрбиелеудің орнына, оның сүйегін жасытатын, тәрбиелік мәні керісінше болатын мазақтамаларда бар, соларды қолданудан сақ болу керек.

Мазақтаманың негізгі мақсаты – баланың мінін көрсетіп, сынау, оны тәрбиелеу.


  1. Өтірік өлеңдердің балаларды ой – қиялға тәрбиелеуі.

Өтірік өлеңді дарынды ақындар қиыннан киыстырып, қиялмен әсерлендіріп, қисынды қызықтарға құрып шығарған. Өзгеше әсерлік өтірік өлеңдерді хаолық ықылас қоя жаттап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізді. Авторы белгісіз болғанмен халық аузынан жиналған өтірік өлеңдердің көркемдігі биік, мағынасы терең.

Өтірік өлеңдерді тәрбие ісіне пайдаланудың да тәсілдерін білу керек. Біріншіден: өтірік өлеңдерді көркемдеп оқудың мәнін оқушыларға терең ұғындырып, көркем оқуды ұйымдастыру.

Екіншіден: өтірік өлеңдерді жаттап оны сахнада айтуды ұйымдастырудың тәрбиелік мәні зор.

Үшіншіден: өтірік өлеңді өнер жарыс ретінде екі оқушының кезектесіп айтуын ұйымдастырып, оны сахнада орындаты – оқушының актерлік бейімділігін, өнерпаздығын, ақындық нышанын дамытып, абыройын, білімін арттырады.

Қазақтың халық педагогикасында ойын өлеңдері қызықты ойындардың эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең –жырға деген ықыласын, бейімділігін артырады.

Отбасында ойын өлеңдерін, әсіресе, айтыс ойын олеңдерін балаға айтқызып, олардың тәрбиелік мәнін пайдалана білу – ата –ананың борышы. Ойын баласы ойын өлеңдерін өздерінше де ықыластана жаттапалады, тек олардың ойын сабақтап, үлгі көрсетуді, үлкендер ұмытпау керек.



  1. Ойын өлеңдері балалардың өлең – жырға деген ықыласын, бейімділігін арттырады.

Қазақтың халық педагогикасында ойын өлеңдері қызықты ойындардың эстетикалық әсерін арттырып , балалардың өлең-жырға деген ықыласын , бейімділігін арттырады.

Қуырмаш ойыны әрі баланың көңілін көтеру үшін , әрі еңбекке тәрбиелеп , дүниетанымын арттыру үшін жүргізіледі.

Қуыр-қуыр қуырмаш ,

Бидай қуыр , қуырмаш .

Тауықтарға тары шаш

Бас бармақ ,

Балан үйркек,

Ортан терек ,

Шылдыр шүмек

Кішкене бөбек ,--


деп қуырмаш айтушы балдырғанның саусақтарын санамалап , жүдырыққа түиеді де, одан соң әрбір саусаққа қызмет беріп іске жұмсап , балдырғанның жұдырығын жазады :

Сен тұр - қойыңа бар !

Сен тұр – жылқыңа бар !

Сен тұр - түйеңе бар !

Сен тұр - сиырыңа бар !

деп , төрт саусақты түлік малға жұмсайды да, ең кішкене саусақты жалқау , жатып ішер деп :

Ал сен алаңдамай

Қазанның түбін жалап,

Үйде жат!-

дейді де, оны жатқызып қойып , ойыншы қол бойынан қызық іздейді.

Мына жерде қант бар ,

Мына жерде жент бар ,

Мына жерде қатық бар,

Мына жерде қытық бар !-

деп қытықтап , балдырғанды еріксіз күлдіреді .

Кім керек сиақты қалмақ өлеңді .Ақсерек , көк серек . ойыны үшін шығарылған :


Ақ серек пен көк серек

Шауып алдым бәйтерек .

Бізге сұлу қыз керек ,

Қыз ішінде сіз керек !

Бізге күшті ер керек !

Өзіңе керек - Еркөқбек !


Ойындағы жеке ойыншылардың бейнелік ерекшеліктеріне қарай балалар бұл өлеңді құбылтып , әрлендіріп , әртүрлі етіп айта береді.

Ұшты – ұшты ойыны қызықты өту үшін ұйқас сөздерді тез тауып , оны да бірнеше түрлендіріп айтып , ойын басшысы өзінің ақындық ауқымы арқылы ойыншыларды көңілдендіре біледі:

-Ұшты – ұшты , сұңқар ұшты!

- Ұшты – ұшты , тұлпар ұшты !

- Ұшты – ұшты , қарға ұшты !

- Ұшты -ұшты , арба ұшты !

-Ұшты – ұшты , тарғақ ұшты !

-Ұшты –ұшты , жарғақ ұшты !

  • Ұшты- ұшты , дауыл ұшты !

  • Ұшты - ұшты , қауын ұшты !

  • Ұшты –ұшты , үйрек ұшты !

  • Ұшты –ұшты , бүйрек ұшты !

  • Ұшты –ұшты , қыран ұшты !

  • Ұшты –ұшты, жылан ұшты !

  • Ұшты –ұшты, қызғыш ұшты !

  • Ұшты –ұшты , сызғыш ұшты !

  • Ұшты – ұшты , ұзақ ұшты !

  • Ұшты – ұшты , түзақ ұшты !



9 - тақырып

Шешендік сөздердің, термелердің тәрбиелік мәні.


Қарастырылатын мәселелер:

  1. Қазақ халқы – шешен халық.

  2. Жастарды өнерге, адамгершілікке тәрбиелеудегі терменің рөлі.

  3. Ертегі, аңыз әңгіменің тәрбиелік мәні.


Пайдаланатын әдебиеттер:

1.К.Оразбекова Отбасы тәрбиесінің ұлттық психологиясы, Қазақстан

мұғалімі.

2.С.Қалиев. М.Оразаев. М.Смайылова. Қазақ халқының салт – дәстүрлері.

Алматы 1994

3.С.Кенжеахметұлы. Қазақтың салт – дәстүрлері мен әдет – ғұрыптар.

Алматы 1994

4.Қ.Б.Жарықбаев, Ж.Наурызбаев. Қазақтың ұлттық тәлім – тәрбие атауларының

түсіндірмелі сөздігі. Алматы 1993.

5.С.Қалиев Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі. Алматы 1987

6. С.Қалиев Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі. Алматы

1987

7. Қ.Б.Жарықбаев, Ж.Наурызбаев. Қазақтың ұлттық тәлім – тәрбие

атауларының түсіндірмелі сөздігі. Алматы 1993.

8. С.Қалиев Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі. Алматы

1987

9. Б.Адамбаев . Шешендік өнер, Халық даналығы, Қазақтардың шешендік өнері. Алматы

1993


Мақсаты: Билер мен хандардың, ақындар мен шешендердің, данышпандардың

аузынан шыққан дуалы, өнегелі, қасиетті, қисынды сөздері туралы

түсінік беру.

Тірек ұғымдары: Әзіл, ысқақ, бата, алғыс, өсиет, насихат, жер дауы, жесір дауы,

мал дауы, ар дауы, терме, ертегі, тұрмыс – салт, батырлық, аңыз

ертегілер, аңыз әңгімелер, тұрмыс – салт жырлары.


1Қазақ халқы – шешен халық.

Шешендік сөздер – ел құралып, халық қөалыптаса бастағаннан бері халықтың өнеге тұтып, өмір тәжірибесіне пайдаланып келе жатқан билер мен хандардың, ақындар мен шешендердің, ел ағасы болған жанышпандардың, жастайынан жалындап өскен өткіройшылдардың аузынан шыққан дуалы, өнегелі, қисынды, қасиетті сөздер.

Қазақ ауыз әдебиетіндегі шешендік сөздерді мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау деп үш топқа бөлуге болады.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Похожие:

Лекция: 30 сағ iconФ со пгу 03. 1/10
Оқу жұмыс жоспарынан көшірме: 3-курс, 5-семестр, аптасына 1 сағ. дәріс, 1,5 сағ. тәжірибешілік, бақылау түрі – емтихан, СӨЖ, аптасына...
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 30 сағ
Мектеп педагогикасы” пәні бойынша 050116-“География”– мамандығының студенттері үшін әзірленген
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 45 сағ
Кєсіпорын экономикасы” пәні бойынша 050506 “Экономика” мамандықтарының студенттері үшін әзірленген
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 68 сағ
Эем-дегі практикум” пәні бойынша 010510,050111 “Информатика” мамандықтарының студенттері үшін әзірленген
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 30 сағ
Этнопедгогика” пәні бойынша 050102, “Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі” – мамандығының студенттері үшін
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 30 сағ
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандыќтыњ типтік оќу жоспары жєне Ќр бѓМ 11. 05
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 52 сағ
Информатика” пәні бойынша 050102 “ПБӘ”, 050117“Қазақ тілі”, 050119 “Математика” мамандықтарының студенттері үшін әзірленген
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 30 сағ
...
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 15 сағ
...
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 15 сағ
Философия” пәні бойынша 050509 “Қаржы”, 050506 “Экономика”, 050508 “Есеп және аудит” мамандықтарының студенттері үшін әзірленген
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница