Лекция: 30 сағ




НазваниеЛекция: 30 сағ
страница4/17
Дата конвертации13.02.2016
Размер2.45 Mb.
ТипЛекция
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/Sillabus/PP/Kurbanaliev.Entoped.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Халық педагогикасының негізгі қағидалары және оның ғылыми педагогикамен байланысы.


Қарастырылатын мәселелер:

1. Тәрбиенің негізгі қағидалары.

2. Халық педагогикасының мақсаттары мен міндеттері.

3. Қазақстандықтардың ұлттық салт- дәстүрлердің марапаттаудың

әлеуметтік мәні.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Ж.Аймауытов. Психология . Алматы 1995

2.К.Оразбекова Отбасы тәрбиесінің ұлттық психологиясы, Қазақстан

мұғалімі.

3. С.Қалиев. М.Оразаев. М.Смайылова. Қазақ халқының салт – дәстүрлері.

Алматы 1994

4. Д.Кішібеков. Қазақ менталитеті. Алматы 1999

5. С.Кенжеахметұлы. Қазақтың салт – дәстүрлері мен әдет – ғұрыптар.

Алматы 1994

Мақсаты: келер ұрпақтың ақылды, намысқой, арлы, азамат болуға

және еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу

Тірек ұғымдары: Қағида(принцип), Гуманизм, Патриотизм, Сегіз қырлы – бір

сыры, еңбек сүйгіш, батыр, өнегелі, әділ, адал, тән

сұлулығы, ұлтжандылық.


  1. Тәрбиенің негізгі қағидалары.

Тәрбиенің негізгі қағидалараның ( принциптері) болуы заңды құбылыс. Халық педагогикасының негізгі қағидалары мыналар:

  1. Келер ұрпақтың ақылды, намысқор, арлы, өміршең азамат болуын тілеу.

  2. Баланы жастайынан еңбексүйгіш, елгезек азамат етіп тәрбиелеу.

  3. Халық педагогикасында “бірінші байлық- денсаулық” деген ұғым өзекті орын алған. “Дені саудың жаны сау”, “Ас адамның арқауы”, “Ауру астан” деп рухани, материалдық байлықтың негізін жеке бастың, яғни тәннің саулығына байланысты қарастырған.

  4. Халық педагогиасында адамгершілік қасиеттердібаланың бойына дарыту, ізгілікке, имандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу, ар-ожданды қастерлеу басты қағида болып есептелген.

  5. Гуманизм мен патриотизм- халықтық тәрбиенің басты қағидаларының бірі. “Отан от басынан басталады” деп ұққан ата- бабамыз от басының, ананың, рудың , отанның намысын қорғауды, қарттарға, ауру, кемтарларға көмектесуді, басқа ұлт өкілдерін сыйлауды отбасы тәрбиесінің өзекті принципі деп бағалаған.

  6. Елді, жерді қорғайтын, еңбек ететін азамат болу үшін денені шынықтыру қажет.Халық педагогикасында “ шынықсаң шымыр боласың” деп ой қорытқан ата- бабамыз ұлттық ойынға жаттықтырып үйрету.

  7. Тіршіліктің тұтқасы, өмірдің шамшырағы өнер мен ғылым деп түсінген халқымыз жастарға “Өнерлі өлмейді”, “Білегі жуан бірді жығады, білімі жуан мыңды жығады”, “ Білім таусылмас кен, өнер өлмес мұра”, дегенді насихаттап, ертегі, өлең- жыр, мақал- мәтел, аңыз әңгімелер ұсынған.

  8. Адам өмірі мәңгі табиғат құшағында өтетін болғандықтан, ата-бабамыз өз ұрпағын ағаш бесіктен жер бесікке жеткенше табиғи ортаны аялауға тәрбиелеп келген. Ол туралы әлденеше жұмбақ, өлең- жыр, ертегі, аңыздар шығарған.

Енді халықтық тәрбиенің осы басты қағидаларының ғылыми педагогикамен байланысы қандай дегенге келейік.

1. Халық педагогикасында тәрбие ісін баланың жас ерекшелігін ескере отырып жүргізуді талап еткен. Мәселен, «Ұлыңа бес жасқа дейін патшадай қара, онбес жасқа дейін қосшыңдай сана, он бес жастан асқан соң ақылшы досыңдай бағала» деген мәте баланы еркін тәрбиелеудің, көмекшім деп үмітпен қараудың, ақылшым деп тең санаудың қажеттігін мегзейді. Ал бұл ғылыми педагогиканың ынтымақтастық принципімен қабысып жатыр.

2. Халық педагогикасында тәрбие ісін әр баланың жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып жүргізуді де ескертеді. «баланы туады екенсің, мінезді тумайды екенсің», «Бір биеден ала да туады, құла да туады», «Балаңа үміт арту -әкенің парызы, ақтау –баланың парызы» деп ой түйіндеген.

3. Халық педагогикасы баланың тәрбиесі туған, өскен ортасына, ата – ананың, отбасы үлкендерінің, ұстазының үлгісіне байланысты деп қараған. Өскен ортаның тәрбиедегі әсері жөнінде А.С.Макаренко, Н.К.Крупская, А.В.Сухомлинский, А.Құнанбаев, ж.Аймауытов, М.Жұмабаев сынды ұлағатты ұстаздардың ой – пікірлері де халық педагогикасының қағидаларымен үндесіп жатыр.


ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ «СЕГІЗ ҚЫРЛЫ, БІР СЫРЛЫ», «ТОЛЫҚ АДАМ» ТӘРБИЕЛЕУ ҚАҒИДАЛАРЫ.


1

2

3

4

5

6

7

8

Ақылды, арлы, намысқой азамат болуын қарастыру

Еңбек сүйгіш, елгезек етіп тәрбиелеу

Тән сұлулығын қарастыру, әсемдікке баулу.

Адамгершілік қасиеттерге /ізгілікке, имандылыққа, қайырымдылыққа, адалдыққа т.б. тәрбиелеу/.

Отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа, бүкіл адам баласын сүюге тәрбиелеу

«Жігітке жетпіс өнер аз» , «Өнер өрге сүйрейді» деп қарап, өнер мен білімді насихаттау.

Табиғатты, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу.

Денені шынықтыруға тәрбиелеу



4. Халық педагогикасының тағы бір принципі балаға үлкен талап қоя білуге, оның жеке басын қадірлеуге негізделген. Баланың жіберген қателіктерін үлкендер дер кезінде бақылап, дұрыс жолға салуды мақұлдаған. «Ата балаға сыншы», «Баланың балалығында әкенің даналығы бар», «Ақырып айтқаннан ақылмен айтқан артық» деген мәтелдер осы ойды құптаудан туған. Яғни, тәрбиешінің жылы жүректіболуын, тапқырлық тәсілмен тәрбиелеуінорынды санаған.

5. Шәкіртті тәрбиелеу, оқыту барысында ақыл –ойывн дамытубүгінгі педагогикада ең көкескесті мәселелерінің бірі. Дамыта оқытып тәрбиелеу ісі асқақ арманмен байланысты. Осыны құптаған ата –бабамыз «Армансыз ұлан – қанатсыз қыран», «Арманы жоқтың пәрмені жоқ» деп, келешекті қиялдай білетін арманға, ой дербестігіне тәрбиелеуді мақсат еткен.

6. Халық педагогикасының негізгі принциптерінің бірі - тәрбиенің біртұтастығы. Халқымыз жас ұрпақты өмірге дайындап «сегіз қырлы, бір сырлы», жан –жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу үшін бар мүмкіндікті сарқа пайдаланған. Кез –келген тәрбие құрамына талдау жасасақ, тәрбиенің түрлері (еңбек, ақыл –ой, адамгершілік, әсемдік т.б.) іштей сабақтасып жатады. Оны бесік жырынан, бата – тілектер мен терме толғаулардан байқауға болады. Тәрбие ісін кешенді жүргізуді ғылыми педагогикалық еңбектер де қуаттайды.

7. Тәрбие ісінің туғаннан өмір бойы үздіксіз жүргізілуін халық педагогикасы да, ғылыми педагогика да құптайды.

8. Халық педагогикасы отбасы үлкендерінен бастап, ауыл ақсақалдары, өнер иелері түгел қатынасатын ұжымдық тәрбие ісіне негізделген. Халықтық педагогикада «Көп талқысы - тез», «көп қорқытады, терең батырады», «Көпке қарсылық – құдайға қарсылық» деп ұжымдық тәрбиені құптаған.


ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ МЕН ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ҚАҒИДАЛАР ҮНДЕСТІГІ.




2

3

4

5

6

7

8

Баланың жас ерекшелік - терін

ескере отырып тәрбиелеу.

Баланың жеке бас мінез –құлық ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеу.

Тәрбиенің өскен ортаның /отбасы,

ауыл –аймақ/ үлгісіне негізделу.

Балаға жылы жүректі сезіммен

қарау, ынтымақтастық идеяны

сақтау.

Баланы дамыта үйретіп тәрбиелеу, қиялдай, армандай біліуге баулу.

Тәрбиенің біртұтастығын сақтау,

тәрбие ісін кешенді түрде жүргізу.

Тәрбие ісінің үсдіксіз жүргізілуін сақтау.

Тәрбие ісін ұжымдық түрді

жүргізуге негіздеу.



Қорыта айтсақ, халық педагогикасы ғылыми педагогиканың ережелері мен заңдылықтарының қалыптасуына бастау бұлақ болған.

Халық педагогикасы бүгінде ғылыми зерттеулердің тек обьектісі ғана емес, сонымен қатар ол педагогикалық теориялардың, әсіресе отбасындағы тәрбиенің дамуына үлкен әсер ететін ынтымақтастық педагогиканың іргетасы болып табылады.

Сондықтан да халық педагогикасының бүгінгі күнде практикалық та, ғылыми теориялық та мәнділігі зор екені даусыз.

Қай ғылымның болмасын, ғылыми тұрақты терминдері болатыны сияқты, қазақ этнопедагогиксының да белгілі терминдері бар. Оларға жалпы алғанда, тыналар жатады; қайта тәрбиелеу, үлгі өнеге көрсету,ақыл -өсиет айту, оқыту әдеттендіру, жаттықтыру, жадында сақтаттыру:


2. Халық педагогикасының мақсаттары мен міндеттері.


1.Қазақ педагогикасының мақсаттары мен міндері:

“сегіз қырлы, бір сырлы”, жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу.

2.Мазмұны:

ұлттық салт- дәстүрлер арқылы балаға ақыл-ой, адамгершілік, әсемдік, дене, денсаулық, еңбек тәрбиелерінберу, мінез- құлық дағдыларын қалыптастыру.

3.Әдістер:

Әңгімелесу, кеңесу, түсіндіру, сендіру, талап ету, кеңес беру, үйрету, көртесу, үлгі көрсету, өтіну, бұйыру, қарғау, сөгу, кінәлау, айыптау, жазалау т.б.

4. Түрлері:

ойындар, тойлар, еңбек мерекелері, ойын-сауықтар.

5. Құралдары:

санамақ, жаңылтпаш, өлең-жыр, тақпақ, ертегі- аңыздар, жұмбақтар, айтыстар, сабақтар мен үйірмелер.

6. Нәтижесі:

“сегіз қырлы, бір сырлы”, жаны таза, тәні сау адам.

7. Тәрбиеге себепші күштер:

табиғат, еңбек, тұрмыс, салт-дәстүр, өнеркәсіптер, дін, ана тілі, ұлттық ойындар.

8. Тәрбие ортасы:

отбасы, ауыл-аймақтар, ру, қауым, тайпа, ұлт, мектеп, медресе.

9.Тәрбие объектісі:

Бала.

10.Халық тәрбиешілері:

Әке- шешесі, атасы мен әжесі, апа, ағалары, ауыл үлкендері, өнер иелері.


3. Қазақстандықтардың ұлттық салт- дәстүрлердің марапаттаудың

әлеуметтік мәні.


Тілі басқа, тілегі бір халықтардың салт- дәстүрлер үндестігі.

А) Үйлену және ұй болумен байланысты салт-дәстүрлер үндестігі.

Отбасы – қоғамның бір бөлгшегі. Үйлену өз алдына отау тігіп, түтін түтету ғасырдан- ғасырға жалғасып келе жатқан салт, қоғамдық құбылыс. Қалындық таңдау, құда түсу, үйленумен байланысты салт- дәстүрлер барлық халықтарда бар және мазмұны жағынан бір- біріне ұқсас рәсімдер.

Неміс халқында көп тараған үйлену дәстүрінің бірі қалындық пен күйеуді қонаққа шақырып алғаш танысқанда әр үй үстелге кесек нан қояды. Жас жұбайлар одан ауыз тиіп, қалған нанды себетке салып әкетеді де, одан ертеңгілік көже жасайды. Тойға келген хылық шіркеуге неке тойына барар алдында сол көжеден ауыз тиіп, табаққа күміс ақша салады. Ол ырызықтарың мол болсын, бар, бай болыңдар деген тілекті білдіру рәсімі болып саналады.


6- тақырып

ҚАЗАҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ ЭТНОПЕДАГОГИАЛЫҚ МӘНІ


Қарастырылатын мәселелер:

1. Ауыз әдебиеті – тәрбие құралы.

2. Ауыз әдебиеті қасиетті, киелі мұра.


Пайдаланытын әдебиеттер:

1. Ж.Аймауытов. Психология . Алматы 1995

2.К.Оразбекова Отбасы тәрбиесінің ұлттық психологиясы, Қазақстан

мұғалімі.

3. С.Қалиев. М.Оразаев. М.Смайылова. Қазақ халқының салт – дәстүрлері.

Алматы 1994

4. Д.Кішібеков. Қазақ менталитеті. Алматы 1999

5. С.Кенжеахметұлы. Қазақтың салт – дәстүрлері мен әдет – ғұрыптар.

Алматы 1994

6.Қ.Б.Жарықбаев, Ж.Наурызбаев. Қазақтың ұлттық тәлім – тәрбие атауларының

түсіндірмелі сөздігі. Алматы 1993.

7. С.Қалиев Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі. Алматы 1987

8.Қ.Б.Жарықбаев, Ж.Наурызбаев. Қазақтың ұлттық тәлім – тәрбие

атауларының түсіндірмелі сөздігі. Алматы 1993.

9. С.Қалиев Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі. Алматы

1987

10. Қ.Б.Жарықбаев, Ж.Наурызбаев. Қазақтың ұлттық тәлім – тәрбие

атауларының түсіндірмелі сөздігі. Алматы 1993.

11. С.Қалиев Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі. Алматы

1987


Мақсаты: Қазақ ауыз әдебиеті және салт – дәстүр, әдет – ғұрып түсініктерін нығайту.

Тірек ұғымдары: Әдебиет, киелі мұра, бесік жыры, тұсау кесер жыры, жаңылтпаш, санамақ,

жұмбақ т.б.


    1. Ауыз әдебиеті – тәрбие құралы.



Жалпы педагогика ғылымының негізі халық педагогикасында жатыр. Халық педагогикасының бұл саласын этнопедагогиканың және жалпы педагогиканың барлық салаларында ғылыми,іс -әрекеттік негізде пайдалануға болады. Ал халықтың мақал –мәтелдері педагогикамен қатар филолсофиялықдәрістердің де түсініктемелеріне арқау болады.

Бесік жыры, тұсау кесу жыры, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мазақтама, тақпақ, жырлар мен ертегілер, аңыз әңгімелер бәрі де тілді, ойды дамытып, тәлім-тәрбие беріп, дүние танытатын этнопедагогикалық ғаламат туындылар. Бұл –халық педагогикасының үлкен бір саласы.


  1. Ауыз әдебиеті қасиетті, киелі дәстүр.


Бесік жырының тәрбиелік мәні. Тұрмыс – салт әуендерімен айтылатын бесік жыры бөбекті жұбату үшін және оған тілек айту үшін ғана шығарылған емес. Ең әуелі ырғағы бесіктің тербелісіне сәйкес келетін сабырлы екпінде айтылатын қоңыржай әуен бөбектің сезім мүшелері арқылы оған сүйкімді, сүйсінерлік әсер етіп, жан –жүйесін жадыратады, яғни ұнамды, ұнасымды әсермен бөбекті жұбатады. Екіншіден баланың келешегіне үміт артып, тілек айта отырып, оны жұбатушы ана болашақтың шамшырағы мен нұрсәулесінен қуат алғандай әсерленеді. Үшіншіден, ата –ана жатқа айтқан тілектерді тілі шыққан балдырғандарда жаттап, әрі тілі дамиды, әрі сол сөздерден тәлім алады.

Бесік жырларын мазмұнына қарай: шілдехана жыры, бесікке бөлеу жыры, жұбату және тілек айту жыры деп топтауға болады.

Бесікке бөлеу жыры нәрестені нәрестені бесікке салғанда, қуаныш тілек ретінде, көбінесе көңілді, әуезді әуенімен айтылады:

Мойнымдағы маржаным,

Қорадағы мал –жаным:

Бесігіңе жата ғой,

Тәтті ұйқығы жата ғой

...... құтты болсын есімің,

Құтты болсын бесігің.

Мұның психологиялық, медициналық мәні де зор. Әуен бөбек жанына дем береді.

Үміт тілек:

      • Айыр қалпақ киісіп,

Ақырып жауға тиісіп,

Батыр болар ма екенсің?

Бармақтарың майсып,

Түрлі ою ойысып

Ұста болар ма екенсің?

Бата тілек:

Ала биең құлындап,

Алатауға сыймасын!

Қара биең құлындап,

Қара тауға сыймасын ...

Ақылыңмен батыл бол,

Ағайынмен тату бол.

Бағаналы таудай бол,

Жағалалы көлдей бол!

Халық педагогикасының бұл саласы ғасырлар бойы бала тәрбиесіне өз өрнектерімен әсер етіп, қазіргі көркем әдебиет нұсқаларымен дамып келеді.

Бөбектің отыруы. «Бөбек бес айда белгілі отырады, алты айда анық отырады» дейді халық. Баланың әке –шешесін, жақындарын анық танып, күлу, ренжу әрекеттерін көрсете бастауы, оның өздігінше қимыл әрекеттерін жасаумен ұштасады да,отыруға ыңғайлануы байқала бастайды.

Тұсау кесу. Бөбеук туғаннан кейін жеті –сегіз айдан соң, әуелі еңбектеп содан кейінірек қаз –қаз тұрып, жүре бастайды. Бала тәй –тәй басып жүре бастаған кезде, тұсау кесу рәсімі жасалып, тұсау кесу жыры айтылады.

Тұсаукесер жырлары. Тұсау кесу - әдет –ғұрыптық, ырым –рәсімдік қуаныш мәжілісінде айтылатын жыр. Көбінесе бір жасқа толып, еркін жүре бастаған балбөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіріп, оның ата –анасы қуанышқа ортақ жақын адамдарды жинайды да, сыйлы адамға балбөбектің тұсауын кестіреді. Баланың тұсауы ала жіппен немесе қойдың тоқ ішегімен байланады да, тұсау кескен соң тұсау кесушіге сый –сыяпат көрсетіліп, сыйлық беріледі. Тұсау кесілген соң баланы ақ жайма үстімен немесе қалың кілем үстімен жүргізіп:

Қаз –қаз балам, қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам.

Тағы –тағы баса ғой,

Тақымыңды жаз, балам.

Қаз баса ғой қарағым,

Құтты болсын қадамың:

Алға қарай баса бер,

Асулардан аса бер! –

деп ата –ана қуаныш білдіріп, арманг тілегін айтады.

Тұсау кесу жырының бір түрі «тәй – тәй» деп аталады:

Тәй –тәй балам, тәй балғын,

Жүре қойшы жәй балғын.

Қарыс сүйем қаз бастың

Қадамыңнан айналдым.

Тәй- тәй –тәй!

Жүре ғой жәй!

Жаңылтпаш - тіл ширату тәсілі. Халық баланың тілін ширату үшін, оған сөз үйретіп, дүниетанымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар ойлап шығарған.

Балбөбектің тілі шығып, балдырған жасында сөздік қоры молая бастаған кезде, кейбір дыбыстарды айта алмай немесе қинала айтады. Тілін мүкістендірмей, мүдірмей сөйлеу үшін, қиналып айтатын дыбыстары бар сөздерді бала неғұрлым жиі –жиі дыбыстап айтып, жаңылмай жаттықса, сөйлегенде де мүдірмей, өз ойын толық жеткізетін болады. Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың бала ана тілін ардақтау, сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой –қиялы дамиды, тәлім алады.

Жаңылтпаштарды халық бала психологиясы мен тілінде болатын мүкістерге сәйкес шығарған.

Халық педагогикасының бұл саласын қазақ ақындары дамыта түсті. Олардың бір ерекшеліктері, ол жаңылтпаштар көбіне әрі тіл ширату, әрі дүниеге таныту, әрі білім беру, тәрбиелеу.

Мысалы:

Тілалғыш Бек

- Тіл алғыш - деп

Мақтасақ біз

Біл алғыс деп, -

білімділікке тәрбиелеп, бүлдіршінге сүйіспеншілік білдірсе:

Бөдене бедене

Көбелек көдене

Бедені – беде де,

Көдені –көде де, -

деген жаңылтпаш арқылы әрі «б», «к», «д» дыбыстарын айқын айтуға жаттықтырса «бөдене» «беде» «көбелек» «көде» деген сөздердің мағынасын жақсы ұғындыруды мақсат тұтады.

Кеспе, өссін тал,

Өссе өсімтал,

Өссе өсін тал

Кеспе, өссін тал, -

деген жаңыльпаш баланы табиғатты қорғауға тәрбиелейді, әрі «с» «т» дыбыстарын айқын айтуға жаттықтырып, баланың тілін ширатады.

Санамақтың тәрбиелік мәні. Санамақтарды халық, негізінен жас балаға сан үйрету мақсатымен шығарған. Санамақтар әрі дүние танытады, әрі баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Санамақтардың түрлері көп, оның үстіне жаңадан қосыла береді.

1. Атау ұйқастырып санау арқылы бала әрі сан үйренеді, оның үстіне санға аты ұйқасқан заттарды танып біледі:

Бір дегенің – білеу,

Екі дегенің – егеу,

Үш дегенің – үскі,

Төрт дегенің – төсек,

Бес дегенің - бесік,

Алты дегенің – асық,

Жеті дегенің –желке,

Сегіз дегенің – серке,

Тоғыз дегенің – торқа,

Он дегенің – оймақ

Он бір қара жұмбақ.

2. Саусақ санау ойыны баланы сан үйренуге ынталандырады, көңілдендіреді.

Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлық бес ешкі,

Қос –қос лақты қос ешкі,

Төрт қозылы екі қой,

Бәрін бірге ойлап қой.

3. Санамақ айтыста бала санға ұйқас сөз табу арқылы, ақындық қабілетін басқайды. Егер ол ұйқас таба алмаса, айтыста жеңілген болып табылады.

      • Бір !

      • Бетің кір.

      • Екі!

      • Маңдайынан шекі.

      • Үш!

      • Мені жеңбек күш.

      • Төрт!

      • Төнбесін өрт.

      • Бес!

      • Белгілі жерден кес.

      • Алты!

      • Ата – ананың салты.

      • Жеті!

      • Жемтік қойдың еті.

      • Сегіз!

      • Қойың тапсын егіз.

      • Тоғыз!

      • Топас хайуан доңыз.

      • Он!

      • Оның кигені тон.

4. Жаңылтпаш, жұмбақ санамақты айту арқылы бала әрі сан үйренеді, әрі жұмбақтың шешуін тауып, ойын дамытады, тілін ширатады.

Құрық – қырық,

Сырық – қырық.

Қанша болды

Құрық, сырық?

5. Ойын санамақтарын балалар «Тоқтышақ», «Жасырынбақ» ойындары үшін пайдаланып, сан жобасын, тақ пен жұп белгілерін ажыратуды үйренеді.

Бірім – бірім,

Екім – екім,

Үшім – үшім,

Төртім – төртім,

Бесім –бесім,

Алтым – алтым,

Алты малтам,

Алтын балтам,

Сары ала қыз,

Саңқылдауық,

Қырмантауық-

Қырқылдауық

Сен тұр –

Сен шық!

Отбасында санамақтың әр бір түрін балаға жаттатып олармен бірге ойнай отырып, ойын дамыту – ата –ананың борышы.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Похожие:

Лекция: 30 сағ iconФ со пгу 03. 1/10
Оқу жұмыс жоспарынан көшірме: 3-курс, 5-семестр, аптасына 1 сағ. дәріс, 1,5 сағ. тәжірибешілік, бақылау түрі – емтихан, СӨЖ, аптасына...
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 30 сағ
Мектеп педагогикасы” пәні бойынша 050116-“География”– мамандығының студенттері үшін әзірленген
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 45 сағ
Кєсіпорын экономикасы” пәні бойынша 050506 “Экономика” мамандықтарының студенттері үшін әзірленген
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 68 сағ
Эем-дегі практикум” пәні бойынша 010510,050111 “Информатика” мамандықтарының студенттері үшін әзірленген
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 30 сағ
Этнопедгогика” пәні бойынша 050102, “Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі” – мамандығының студенттері үшін
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 30 сағ
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандыќтыњ типтік оќу жоспары жєне Ќр бѓМ 11. 05
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 52 сағ
Информатика” пәні бойынша 050102 “ПБӘ”, 050117“Қазақ тілі”, 050119 “Математика” мамандықтарының студенттері үшін әзірленген
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 30 сағ
...
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 15 сағ
...
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 15 сағ
Философия” пәні бойынша 050509 “Қаржы”, 050506 “Экономика”, 050508 “Есеп және аудит” мамандықтарының студенттері үшін әзірленген
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница