5 В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығына арналған




Скачать 185.67 Kb.
Название5 В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығына арналған
Дата конвертации13.02.2016
Размер185.67 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/21e12d0a-5356-11e3-a305-f6d299da70eeпед тарихы УМКД.doc


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейдегі СМЖ құжаты



ПОӘК



ПОӘК 042-18.19-0.07/2013


ПОӘК

«Педагогика тарихы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені



______2013жылғы

№ 1 басылым






«Педагогика тарихы» пәнінің

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5 В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

мамандығына арналған



ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


Семей - 2013

Мазмұны


1 Глоссарий

2 Дәріс сабақтары

3 Тәжірбиелік сабақтар

4 Студенттердің өздік жұмыстары


1 ГЛОССАРИЙ

Пән бойынша глоссарий

Бөбек – баланың туған күнінен бастап бір жасқа дейінгі кезеңі.

Бөбекжай – 2-3 айлық нәрестеден 3 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелейтін мектепке дейінгі мекеме.

Жеке тәрбие – тәрбие жұмысын ұйымдастурыдың бір түрі. Бұл кезде балабақшадағы оқу-тәрбие жұмысында әрбір баламен жеке педагогикалық өзара қарым-қатынас жүзеге асырылады. Ол баланың өзіндік ерешелігі мен өмір жағдайына негізделеді.

Жетекші – белгілі ұйымды басқаратын адам; белгілі бір ұйым жұмысын ұйымдастырушы.

Қайта тәрбиелеу – баланың қоғам мен норма талаптарына қойшы келетін кейбір теріс пығылдары және жай қылықтарын түзетуге бағытталған педагогикалық ықпал ету жүйесі.

Қиын тәрбиеленушілік – баланың тәлімдік әсерге ұғынықты немесе ұғынықсыз түрдегі қорсылығы.

Мектепке дейінгі мекеме – сәбилік (2 айдан 3 жасқа дейін) және мектепке дейінгі жастағы (3 жастан 5 жасқа дейін) балаларды тәрбиелеуге арналған мекеме.

Мектепке дейінгі педагогика – мектеп жасына дейінгі балалардың даму заңдылығын зерттейтін педагогика ғылымының құрамды бөлігі.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту – мектеп жасына дейінгі балалрды отбасында немесе мектепке дейінгі ұйымда тәрбиелеу және оқыту.

Мектепке дейінгі ұйым – мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдай жасайтын ұйым.

Тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін қалыптастырып, өмірге бейімдеу үшін жүргізілетін игі әрекет.

Тәрбиеші – оқу – тәрбие мекемелерінде балалармен тәрбие жұмысын жүргізуші.

Я.А.Коменский – чех педагогы, мектепке дейінгі тәрбиенің алғашқы жүйесін жасады.

Джон Локк – ағылшын педагогы, «Адам ақылы жөніндегі тәжірибе», «Тәрбие жөніндегі ойлар», «Ақылды тәрбиелеу туралы» атты еңбектері бар, онда: бала жанының табиғатынан ақ тақта сияқты тап-таза болады деп көрсетті.

Жан Жак Руссо – француз педагогы жалпы тәрбиенің теориясын жасады, баланың өмірін 4 кезеңге бөлді: туғаннан 2 жасқа дейін; 2 – ден 12 жасқа дейін; 12 – ден 15 жасқа; 15 жастан ер жетуіне дейін.

И.Г.Пестолоции – швейцар педагогы, баланың табиғи дамуына мән берген, педагогикада алғашқылардың бірі болып тәрбие мекемелерінде теориялық қызмет пен тәрбие іс-әрекеті бірлігінің маңыздылығын көре білді.

Роберт Оуэн – ағылшын қоғам қайраткері, қоғамдық тәрбие туралы ой айтқан, мектепке дейінгі мекеме құрды: ол «Сәбилер мектебі» деп аталды.

Фридрих Фребель – неміс педагогы, мектепке дейінгі педагогиканың жеке ғылым саласы ретінде бөлініп шығуына үлес қосқан. 1837 ж. Мектепке дейінгі мекеме ашып, оны алғаш «балабақша», тәрбиешіні «бағбан» деп атаған.

Марья Монтессори – итальян педагогы, ерте балалық шақтағы даму мәселесін қарастырған.

Иоганн Гербарт - оқыту мен тәрбиенің психологиялық негіздерін жобалап берді, баладағы адамгершілік қасиетті қалыптастыру үшін оның саналылығын көтеріп, онымен сыйластық қатынас жасау қажеттігін жариялады.

Адольф Дистерверг - неміс педагогы. өзінің педагогикалық теориясын прогрестік демократиялық бағытта дамытқандардың бірі.

В.А. Сухомлинский – «Жастарды адамгершілікке» тәрбиелеудің проблемаларын зерттеді.


2 ДӘРІСТЕР

Дәрісті тыңдап, жазуға әдістемелік нұсқаулар

Мақсаты: студенттерді курс бойынша тиісті теориялық біліммен қаруландыру.

Міндеттері:

- әр тақырыпты меңгерту мақсатымен жүйелі білім беру;

- әр тақырып бойынша негізгі түсініктермен таныстыру және меңгерту;

- пәнге қызығушылығын тудыру және ары қарай өздігінен жұмыс істей білуге үйрету;

- курс бойынша тиісті білімді меңгеру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету.

Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларының бірі – дәріс болып табылады. Ол студенттерге олар үшін күрделі және жаңа ақпараттарды беруге тиімді. Дәріс студенттерде пәнге қызығушылық тудырады, алынған білімді практикалық міндеттерді шешуде қолдануға көмектеседі, тақырыптың және қарастырылып отырған материалдың теориялық жақтарын ашып көрсетеді.

Дәріс - студенттерде өздігінен терең білім алуға ізденіс туғызады. Дәрісті тыңдау – бұл өзара бір–бірімен байланысқан танымдық үрдістердің (зейін, түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау) бірлігі.

Сіздің курс бойынша жан-жақты білім алуыңыз дәріс сабақтарын толық тыңдауыңызға байланысты екенін еш ұмытпаңыз. Сондықтан бағдарлама мазмұнында берілген дәріс сабақтарын алдын-ала қарастырып жүріңіз. Сіздің білімініңізің деңгейі тек өзіңіздің жауапкершілігіңіз және өздігіңізден жұмыс жасау қабілетіңізге тікелей байланысты болады.

Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық: сабаққа кешікпеңіз; дәріс дәптеріңіз және қаламыңызды ұмытпаңыз; дәріс барысында мәтінді қалмай жазып отыруға талпыныңыз, ол тәжірибелік сабақтарға, өздік жұмыстарға даярлануда негіз болады.


Дәріс тақырыптары және оның қысқаша мазмұны

Модуль 1. «Педагогика тарихы» ғылым ретінде

Тақырып 1. Кіріспе. Жалпы және мектепке дейінгі педагогика тарихы пәні, міндеттері, мазмұны

Жалпы және мектепке дейінгі педагогика тарихы пәні. Пәннің міндеттері және мазмұны. Педагогика тарихының әдіснамалық негіздері.Педагогика тарихының басқа ғылымдармен байланысы.

Модуль 2. Шетелдік жалпы және мектепке дейінгі педагогика тарихындағы мектепке қоғамдық тәрбие және педагогикалық ойлар, мектеп, тәрбие

Тақырып 2. Алғашқы қауымдағы тәрбие және құл иеленушілік қоғамдық құрылыстағы тәрбиелеу, мектеп және педагогикалық теориялар

Алғашқы қауымдағы тәрбие. Тәрбиенің әрекеттің ерекше түрі ретінде пайда болуы. Ежелгі мектеп және тәрбие. Ежелгі Шығыс өркениеті жағдайындағы тәрбие мен оқыту. Ежелгі египет мектебі. Ежелгі Үндістандағы мектеп пен тәрбие. Ежелгі Қытайдағы мектеп ісі мен педагогикалық ойлардың пайда болуы .Ежелгі Грециядағы мектеп пен тәрбие.Ежелгі Римдегі мектеп пен тәрбие.

Тақырып 3. Батыс Европа елдеріндегі мектеп пен тәрбие

Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясы. Ж.Ж.Руссо педагогикалық теориясы. И.Г.Пестолоцийдің мектебі. Р.Оуэн мектепке дейінгі тәрбиедегі педагогикалық қызметі. Ф.Фребельдің балабақшасы. Джон Локктың теориялары. Марья Монтессоридің педагогикалық ойлары.

Модуль 3. Ресейдегі мектепке дейінгі мекеме, мектеп және педагогикалық ойлар

Тақырып 4. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдегі мектепке дейінгі мекеме, мектеп және педагогикалық ойлар

М.В.Ломоносов, И.И.Бецкий, Л.Н.Толстой, Н.И.Пироговтың педагогикалық көзқарастары. Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбовтың ойлары. П.Ф.Лесгафт, Н.И.Новиков, А.Н.Радищевтің тәрбиеге көзқарастары, педагогикалық ойлары. В.Ф. Одаевскийдің мектепке дейінгі тәрбиеге көзқарасы. Қазан революциясынан кейінгі мектеп және мектепке дейінгі тәрбие.

Тақырып 5. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы жалпы және мектепке дейінгі тәрбиенің негізін салушылардың көзқарастары. Кеңес дәуіріндегі тәрбие теориясы мен практикасы

К.Д.Ушинскийдің педагогикалық ойлары. С.Т.Шацкий, П.П.Блонскийдің педагогикалық көзқарастары .А.С.Макаренконың тәрбие жүйесі және педагогикалық қызметі. В.А.Сухомлинскийдің тәрбиені гуманистік тұрғыдан қарауы. В.Ф. Шаталовтың қызметі.

Модуль 4. Қазақстан тарихындағы тәрбие,мектеп және педагогикалық ой-пікірлердің қалыптасуы

Тақырып 6. Қазақ ағартушыларының педагогикалық ой-пікірлерінің қалыптасуы және дамуы

Ш.Ш.Уәлихановтың көзқарасындағы білім беру,оқыту және тәрбиелеу жүйесіне байланысты мәселелер. Ы.Алтынсариннің педагогикалық ой-пікірлері. А.Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары.

Тақырып 7. XX ғасырдағы Қазақстан педагогикасының қалыптасуы және дамуы

А.Байтұрсыновтың қоғамдық,ұйымдастырушылық және ғылыми-педагогикалық қызметі. М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары. Ж.Аймауытовтың педагогикалық іс-әрекеті. Н.Құлжанованың мектепке дейінгі бала тәрбие теориясы мәселелері.

Р.Г.Лембергтің ғылыми мұрасындағы педагогика мәселелері. А.И.Сембаевтың мектептің тұтас тарихи және кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы педагогиканы жасауы. Т.Тәжібаевтың педагогикалық көзқарасы мен идеялары.Қ.Бержановтың педагогикалық мұрасы.

Тақырып 8. Қазіргі кездегі Қазақстандағы жалпы және мектепке дейінгі педагогиканың өркендеуі және тенденциясы

Қазіргі замандағы Қазақстандық педагогика ғылымының қалыптасуы және дамуы. Жалпы педагогиканың дамуы.

Қазіргі кездегі мектепке дейінгі педагогикалық негізгі ой-пікірлер. Б.Б.Баймұратова, А.К.Меңжанова, Г.Х. Дүкенбаева, З.Д. Еденбаева, Г.Ж. Меңлібекова, Ф.Н.Жұмабекова, т.б. мектепке дейінгі педагогика туралы ойлары және қызметі.

Тақырып 9. Мектепке дейінгі білімді реформалау, оның басымдылығы

Қазақстан Республиксындағы мектепке дейінгі білім берудің негізгі міндеттері. Мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік саясаты және негізгі бағыттары. Мектепке дейінгі білім беруді ұйымдастыру бойынша нормативтік-құқықтық және бағдарламалық-әдістемелік құжаттармен қамтамасыз етілуі және мектепке дейінгі білім берудегі реформалар. Жаңа формацияға педагог даярлау.


3 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР

Тәжірибелік сабақтарына даярлануға әдістемелік нұсқаулар

Тәжірибелік сабақтар студенттердің оқу жұмыстарының маңызды формаларының бірі.

Тәжірибелік сабақтардың мақсаты – білімді бекіту, іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру.

Бұл сабақтардың рөлі студенттерде оқыған пәндерінен алған білімдерін практикада қолдана білу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыруда өте жоғары.

Тәжірибелік сабақтардың міндеттері:

1. Дәріс материалдарын қайталау арқылы білімді бекіту, материалды кеңейту және нақтылау.

2. Алынған білімді нақты әрекеттерді орындау үшін және жаңа білім, дағдыларды алу үшін өздігінен қолдану қабілетін дамыту.

3. Теориялық білімді практикада қолдана білу іскерлігін қалыптастыру.

4. Практикада қолдану үшін ғылыми әдістер және тәсілдерімен танысу.

5. Алғашқы тәжірибеге қажетті дағдыларды жинақтау.

6. Ғылыми-практикалық сұрақтарды өздігінен шешу дағдыларын дамыту.

7. Алынған білімді нақты жүйеге келтіру.

8. Оқу және ғылыми жұмыстарға жауапкершілікті және ұқыптылықты тәрбиелеу.

9. Пәндер арасындағы байланыс пен қатынасты дамыту.

Тәжірибелік сабақтарға даярлануда әр тақырып бойынша берілген сұрақтардың мазмұнын ашу керек. Сұрақтардың мазмұнын ашуда нақты мысалдар, фактілер, аргументтер келтіру қажет. Сабаққа даярлануда ұсынылған әдебиеттерден басқа әдебиеттерді, күнделікті баслымдардағы материалдарды қолдануға болады. Тәжірибелік сабақтарда оқылатын пәнге жағымды қатынас қалыптасады, алған білім және іскерліктер бекиді және жетіледі.

Тәжірибелік сабақтарының тақырыптары және қысқаша мазмұны

Модуль 2. Шетелдік жалпы және мектепке дейінгі педагогика тарихындағы мектепке қоғамдық тәрбие және педагогикалық ойлар, мектеп, тәрбие

Тақырып 1. Алғашқы қауымдағы тәрбие және құл иеленушілік қоғамдық құрылыстағы тәрбиелеу, мектеп және педагогикалық теориялар


Алғашқы қауымдағы тәрбие. Тәрбиенің әрекеттің ерекше түрі ретінде пайда болуы. Ежелгі мектеп және тәрбие. Ежелгі Шығыс өркениеті жағдайындағы тәрбие мен оқыту. Ежелгі египет мектебі. Ежелгі Үндістандағы мектеп пен тәрбие. Ежелгі Қытайдағы мектеп ісі мен педагогикалық ойлардың пайда болуы .Ежелгі Грециядағы мектеп пен тәрбие. Аристотельдің ілімдері, Демокрит тәрбие туралы, Платонның тәлімдері, Сократтың ойлары.

Ежелгі Римдегі мектеп пен тәрбие. Қайта өрлеу дәуіріндегі педагогикалық ойлар: Томас Мор, Томазо Кампанелла, Марк Квинтилиан.

Бақылау сұрақтары:

1. Алғашқы қауымдағы тәрбиенің пайда болуы және ерекшелігі.

2. Алғашқы қарым-қатынас формалары.

3. Ежелгі грек философтарының ойлары.

4. Платонның көзқарастары.

5. Аристотельдің ғылыми көзқарастары және еңбектері.

6. Афинадағы мектептің құрылуы және ерекшелігі.

7. Спартадағы мектеп, оның ерекшелігі.

Тақырып 2. Батыс Европа елдеріндегі мектеп пен тәрбие

Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясы. Ж.Ж.Руссо педагогикалық теориясы. И.Г.Пестолоцийдің мектебі. Р.Оуэн мектепке дейінгі тәрбиедегі педагогикалық қызметі. Ф.Фребельдің балабақшасы. Джон Локктың теориялары. И.Гербарттың педагогикалық теориясы. К.А. Гельвецийдің педагогикалық ой-пікірлері. А.Дистервегтің тәрбие туралы ойлары.

Бақылау сұрақтары:

  1. Я.А.Коменскийдің «Ұлы дидактика» еңбегінің педагогика ғылымының қалыптасуындағы орны және маңызы.

2. Ж.Ж. Руссоның «Эмиль, немесе тәрбие туралы ойлар» еңбегіндегі жеке адам тәрбиесі туралы ойлары.

3. И.Г.Пестолоциидің «Элементарлық білім беру теориясы» негізгі мәселесі.

4. Ф.Фребельдің балабақшасының құрылуы және негізгі жұмыс мазмұны.

5. Р.Оуэн мектепке дейінгі тәрбие туралы: «Сәбилер мектебі».

6. М.Монтессори мектепке дейінгі тәрбие туралы.

Модуль3. Ресейдегі мектепке дейінгі мекеме, мектеп және педагогикалық ойлар

Тақырып 3. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдегі мектепке дейінгі мекеме, мектеп және педагогикалық ойлар

М.В.Ломоносов, И.И.Бецкий, Л.Н.Толстой, Н.И.Пироговтың педагогикалық көзқарастары. Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбовтың ойлары. П.Ф.Лесгафт, Н.И.Новиков, А.Н.Радищевтің тәрбиеге көзқарастары, педагогикалық ойлары. В.Ф.Одаевскийдің мектепке дейінгі тәрбиеге көзқарасы. Қазан революциясынан кейінгі мектеп және мектепке дейінгі тәрбие.

Бақылау сұрақтары:

1. Орыс революционер-демократтары және олардың білім беру ісі туралы идеялары.

2. И.И.Бецкийдің қызметінің негізгі ойы: «адамдардың жаңа тегін тәрбиелеу туралы» идеясы.

3. Л.Н.Толстойдың «Ясная Поляна» журналы, оның негізгі жұмыс бағыттарының ерекшелігі.

4. П.Ф.Лесгафт еңбектері.

5. Н.И.Новиковтың балаларға арналған журналы және оның педагогикалық ойларының орын алуы.

6. А.Н.Радищев тәрбие туралы.

7. В.Ф.Одаевский «Сказки дедушки Иринея» шығармасының педагогикалық құндылығы.

Тақырып 4. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы жалпы және мектепке дейінгі тәрбиенің негізін салушылардың көзқарастары. Кеңес дәуіріндегі тәрбие теориясы мен практикасы

К.Д.Ушинскийдің педагогикалық ойлары. С.Т.Шацкий, П.П.Блонскийдің педагогикалық көзқарастары .А.С.Макаренконың тәрбие жүйесі және педагогикалық қызметі. В.А.Сухомлинскийдің тәрбиені гуманистік тұрғыдан қарауы. В.Ф. Шаталовтың қызметі.

Бақылау сұрақтары:

1. К.Д.Ушинский халықтық педагогиканың тәрбиедегі орны туралы.

2. А.С.Макаренконың ұжым туралы теориясы және еңбектері.

3. В.А.Сухомлинскийдің еңбектері.

4. П.П.Блонскийдің көтерген мәселелері.

5. В.Ф. Шаталовтың педагогикалық қызметі.

Модуль4. Қазақстан тарихындағы тәрбие,мектеп және педагогикалық ой-пікірлердің қалыптасуы

Тақырып 5. Қазақ ағартушыларының педагогикалық ой-пікірлерінің қалыптасуы және дамуы

Ш.Уәлихановтың көзқарасындағы білім беру,оқыту және тәрбиелеу жүйесіне байланысты мәселелер. Ы.Алтынсариннің педагогикалық ой-пікірлері. А.Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары.

Бақылау сұрақтары:

1. Ш.Уәлихановтың қызметі.

2. Ы.Алтынсариннің мектебі және оқулықтары.

3. А.Құнанбаевтың қара сөздеріндегі оқыту, тәрбиелеу, білім беру мәселелері.

Тақырып 5. XX ғасырдағы Қазақстан педагогикасының қалыптасуы және дамуы

А.Байтұрсыновтың қоғамдық,ұйымдастырушылық және ғылыми-педагогикалық қызметі. М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары. Ж.Аймауытовтың педагогикалық іс-әрекеті. Н.Құлжанованың мектепке дейінгі бала тәрбие теориясы мәселелері.

Р.Г.Лембергтің ғылыми мұрасындағы педагогика мәселелері. А.И.Сембаевтың мектептің тұтас тарихи және кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы педагогиканы жасауы. Т.Тәжібаевтың педагогикалық көзқарасы мен идеялары. Қ.Бержановтың педагогикалық мұрасы.

Бақылау сұрақтары:

1. А.Байтұрсыновтың педагогикалық қызметі және еңбектері.

2. М.Жұмабаевтың «Педагогика» оқулығының құндылығы.

3. Н.Құлжанованың мектепке дейінгі тәрбие туралы ойлары және еңбектері.

4. Р.Г.Лембергтің дидактикалық мәселе туралы ойы және еңбегі.

5. А.И.Сембаевтың еңбектері.

6. Т.Тәжібаевтың алғашқы оқулықтары.

7. Қ.Бержановтың «Педагогика тарихы» оқулығының маңызы.


Тақырып 6. Қазіргі кездегі Қазақстандағы жалпы және мектепке дейінгі педагогиканың өркендеуі және тенденциясы


Қазіргі кездегі педагогикалық негізгі ой-пікірлер. Қазақстандағы жалпы педагогиканың жағдайы. Жаңашыл педагогтар және олардың идеялары мен тәжірибелері.

Б.Б.Баймұратова, А.К.Меңжанова, Г.Х. Дүкенбаева, З.Д. Еденбаева, Г.Ж. Меңлібекова, Ф.Н.Жұмабекова, т.б. мектепке дейінгі педагогика туралы ойлары және қызметі.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазіргі Қазақстандық педагогтар және олардың еңбектері.

2. М.Жампейісованың еңбегі және оның құндылығы.

3. Архимед мектебі.

4. Б.Б.Баймұратованың педагогикалық еңбегі.

5. Г.Х. Дүкенбаева, З.Д. Еденбаеваның негізгі қызметтері және еңбектері.

4 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ

Оқытушы жетекшілігімен және студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқаулар


Мақсаты: студенттердің дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдері негізінде өздігінен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру.

Міндеттері:

- дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдерін тереңдету;

- теорияны практикамен байланыстыру;

- библиографиямен жұмыс істеу іскерлігі мен дағдыларын жетілдіру;

- алынған білімі негізінде мәселелік сұрақтарды өздігінен шешу;

- психологиялық-педагогикалық бақылау жүргізудің практикалық дағдыларын жетілдіру;

- зерттеушілік, ізденушілік іскерліктерін жетілдіру;

- өздігінен жұмыс істеу іскерліктері мен дағдыларын дамыту;

- ойын еркін жеткізе білуге және оны қорғай білуге үйрету.

Оқытушы жетекшілігімен және өздігіңізден орындайтын өздік жұмысыңыз Сіздің курс бойынша меңгеретін біліміңізге және рейтинг бойынша жинайтын ұпайыңызға айтарлықтай ықпал жасайтынын ұмытпаңыз, сол себепті әрбір өздік жұмыс тапсырмасын өзіңіз дербес орындаңыз, тапсырманы орындауға мұқият қараңыз, әрі жауапты болыңыз. Өздік жұмыс тапсырмаларын орындау барысында басқадан көшіргеніңіз немесе басқаға көшірткеніңіз үшін жұмысыңыз мүлдем есептелінбеуі немесе бағасы төмендетілуі мүмкін.

Өздік жұмысын орындау формалары әр түрлі: кесте, таблица құру, реферат, коллоквиум, сөзжұмбақ, пікірталас, конспект бойынша талдау, аннотация жазу және т.б. Оларды орындау үшін оқу әдістемелік кешеннің мазмұнында жалпы әдістемелік нұсқаулар берілген.


Студенттердің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өздік жұмыстарының тапсырмалары




Тақырыптары

Тапсырма мақсаты және мазмұны

Бақылау түрі

Өткізілу уақыты және балл

1

Алғашқы қауымдағы тәрбие

Алғашқы қауымдағы тәрбиенің пайда болу ерекшеліктерін және сол замандағы маңызын ашып көрсетіңіз

Конспект бойынша талқылау

2 апта

10 балл

2

Құл иеленушілік қоғамдағы тәрбие мен мектеп

Афинадағы және Спартадағы алғашқы мектептер, олардың ерекшеліктері, ұстанған бағыттары

Конспект бойынша талқылау

4 апта

10 балл


3

Батыс Европа елдеріндегі педагогикалық ойлар, мектеп пен тәрбие

Ж.Ж.Руссоның «Эмиль немесе тәрбие туралы» еңбегіндегі тәрбие теориясының маңызы. И.Г.Песталоциидің «Балаларға элементарлық білім беру теориясы». Роберт Оуэннің оқу-тәрбие мекемелері

Тезис даярлау

6 апта

10 балл

4

Ресейдегі мектепке дейінгі мекеме, мектеп және педагогикалық ойлар


К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, В.С.Сухомлинский, С.Т.Шацкий, П.П.Блонский, В.Ф. Шаталовтың педагогикалық ойлары

Реферат

10 апта

10 балл

5

Қазақстан тарихындағы тәрбие, мектеп және педагогикалық ой-пікірлердің қалыптасуы


Н.Құлжанованың «Мектептен бұрынғы тәрбие» еңбегінің маңызы

Конспект бойынша талқылау

12 апта

10 балл


6

Қазақстан тарихындағы тәрбие, мектеп және педагогикалық ой-пікірлердің қалыптасуы


Ақын-жыраулардың тәлімдерінің педагогика ғылымының қалыптасуындағы орны.

Ы.Алтынсарин,

А.Құнанбаев,

Ш.Уәлиханов,

М.Дулатов,

Ж.Аймауытов,

Ш.Құдайбердиев ағартушылық көзқарастары.

Ж.Жабаевтың тағылымдары.

Р.Лембергтің «Дидактикалық очерктер» еңбегінің маңызы.

Қазақстандағы жаңашыл педагогтар және олардың идеялары мен тәжірибелері.

М.Әуезовтың педагогикалық көзқарастары (Абай жолы романы).



Реферат

14 апта

10 балл




Студенттердің орындайтын өздік жұмыстарының тапсырмалары




Тақырыптары

Тапсырма мақсаты және мазмұны

Бақылау түрі

Өткізілу уақыты және балл

1

Пән бойынша библиография құру

Кітапханада жұмыс

Библиография

3 апта

25 балл

2

Батыс Европа елдеріндегі педагогикалық ойлар, мектеп пен тәрбие

Я.А.Коменскийдің «Ұлы дидактика» еңбегінің педагогика ғылымының қалыптасуындағы маңызын ашып көрсету.

Ф.Фребельдің балабақшасының құрылуы және оның маңызы


Конспект бойынша талдау

5 апта

25 балл

3

Ресейдегі мектепке дейінгі мекеме, мектеп және педагогикалық ойлар

П.Ф.Лесгафт, Н.И.Новиков, А.Н.Радищев,

В.Ф.Одаевский, Е.Н.Водовозова мектепке дейінгі тәрбие туралы: негізгі ойлары

Реферат

7 апта

25 балл

4

Сақтар мәдениеті мен тәрбие ілімі






Конспект бойынша талқылау

11 апта

25 балл


5

XX ғасырдағы Қазақстан педагогикасының қалыптасуы және дамуы


М.Жұмабаевтың «Педагогика» оқулығының маңызы, мектепке дейінгі тәрбие мәселесі туралы

Конспект

Аннотация

13 апта

25 балл

6

Қазақстандағы қазіргі кезеңдегі мектепке дейінгі тәрбиенің қалыптасуы және дамуы

Мектепке дейінгі тәрбиенің міндеттері. Мектепке дейінгі білім берудегі мемлекеттік саясат. Мектепке дейінгі білім берудегі заңнамалық құжаттар. Мектепке дейінгі білім беруге үлес қосқан ғалым-педагогтардың педагогикалық қызметі.

Конспект бойынша талқылау

15 апта

25 балл


I – Рубеждік бақылауға тапсырма

1 – ші нұсқа

1. Алғашқы қауымдағы тәрбиенің сипаты.

2. Ж.Ж.Руссоның еңбектері...

3. Р.Оуэннің «Сәбилер мектебінің» мақсаты және негізгі бағыттары...

4. А.Гельвециидің идеялары...

5. И.И.Бецкийдің «Ресейде жаңа адамдарды тәрбиелеу» туралы идеясының мақсаты...

2 – ші нұсқа

1. Ежелгі Грециядағы мектеп пен тәрбие.

2. И.Г.Пестолоцийдің педагогикалық теориясының негізгі мәселесі...

3. Ф.Фребельдің балабақшасы...

4. Д.Локктың еңбектері...

5. Н.И.Новиковтың балаларға арналған журналы (аталуы), мақсаты және маңызы. Басылымдары (мақалалары)...

3 – ші нұсқа

1. Ежелгі Римдегі мектеп пен тәрбие.

2. Я.А.Коменскийдің «Ұлы дидактика» еңбегінің педагогика ғылымының қалыптасуындағы орны және маңызы.

3. М.Монтессори мектепке дейінгі тәрбие туралы...

4. А.Дистервегтің идеялары...

5. В.Ф.Одаевский мектепке дейінгі тәрбие туралы...


Похожие:

5 В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығына арналған icon5 В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығына арналған
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің педагогика кафедрасының д м а., педагогика ғылымдарының кандидаты Алма...
5 В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығына арналған icon«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ «біз мектепке барамыз»
«Біз мектепке барамыз» мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасы. Астана, 2009. 106 б
5 В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығына арналған iconПОӘк- авторлары туралы мәліметтер поәК авторлары туралы мәліметтер
В010100 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының студенттеріне арналған. ПоәК студенттерді курс мазмұнымен, өзектілігімен,...
5 В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығына арналған icon«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ «зерек бала»
Мектепке дейінгі кіші жастағы (3 жастан 5 жасқа дейін) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Зерек бала» бағдарламасы. Астана,...
5 В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығына арналған iconМектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы электрондық ОҚыту жүйесі туралы
Республикасының меншікті, типті және түрлеріне қарамай, барлық мектепке дейінгі білім беру мен оқыту мекемелеріне
5 В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығына арналған icon«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарына арналған үШТҰҒырлы тілдер курсы
Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарына арналған үштұғырлы тілдер курсы: әдістемелік құрал – Астана, 2013. – 19 б
5 В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығына арналған icon«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы ерте жастағЫ
...
5 В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығына арналған icon«Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу» 0101000 мамандығы бойынша оқу үрдісінің кестесі

5 В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығына арналған icon«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ
Н. Н. Ниязбаева педагогика ғылымдарының докторы, Қму-нің педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі
5 В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығына арналған icon«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі ересек жастағЫ
Н. Л. Татаурова, И. А. Тирская, Т. А. Дрыгина, Г. Г. Корчевская, С. И. Шелипова, С. Г шақабаева., И. И. Митрофанова
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница