Phd докторантураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012




НазваниеPhd докторантураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012
страница1/7
Дата конвертации06.02.2016
Размер0.85 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://kaznu.kz/content/files/pages/folder9732/востокказ.doc
  1   2   3   4   5   6   7
әл-фараби атындағы қазақ ұлттық УНИВЕРСИТЕТі






Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми - әдістемелік кеңесінің

2012 ж. «_____»_____ мәжілісінің

____ хаттамасымен

бекітілген




«6D020900-ШЫҒЫСТАНУ »

мамандығы бойынша

PhD ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ


АЛМАТЫ 2012


Бағдарлама «6D020900-Шығыстану» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушылар: филол.ғ.к., доц. Сейтметова Ж.Р., филол.ғ.к., доцент Ахметбекова А.К., т.ғ.к., доц. Ақтаулова Б.Ж., доктор PhD Мустафаева А.А., к.и.н. доц. Жунис К. А.


Бағдарлама кафедралар мәжілісінде қарастырылған ________________

2012 ж. ____ _________ № ___ Хаттама

Арабтану және ирантану кафедра

меңгерушісі, проф. ____________ Г.Е. Надирова

2012 ж. ____ _________ № ___ Хаттама

Түркітану және үндітану кафедра

меңгерушісі, проф. ____________ Р.А.Авакова


2012 ж. ____ _________ № ___ Хаттама

Қытайтану кафедра меңгерушісі, доц. ____________ З.С.Батпенова


2012 ж. ____ _________ № ___ Хаттама

Жапонтану және корейтану кафедра

меңгерушісі, доц. ____________Л.Т.Балақаева


Факультеттің әдістемелік бюросында мақұлданған ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­

2012 ж. ____ _________ № ___ Хаттама

Әдістемелік бюро төрағасы_________________филол.ғ.к.,доцент Б.А.Атабай


Ғылыми кеңес мәжілісінде бекітілген

2012 ж. ____ _________ № ___ Хаттама

Ғылыми кеңес төрағасы,

Факультет деканы __________________ филол.ғ.д., доцент Б.Н.Жұбатова

Ғалым хатшы __________________ филол.ғ.к.,доцент Ұ.Т.Алжанбаева


МАЗМҰНЫ


1. Мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері

Оқуға түсу емтихандарының бағдарламасы «Шығыс тілі», «Оқитын ел тарихы» пәндері бойынша магистрды дайындаудағы негізгі білім беру бағдарламасының минимум мазмұнын есепке ала отырып жасалған.

«Шығыстану» мамандығы бойынша докторантураға түсу емтиханының мақсаты магистратурада оқу барысында жинақтаған білім қорын анықтау болып табылады. Сондай-ақ докторантураға түсуге талапкердің PhD білім беру бағдарламасын оқу барысында қалыптасатын арнайы біліктілікті табысты меңгеруге қажетті жалпы біліктілігінің сай екенін бағалау болып табылады.

Емтихан міндеттері мынада:

    • ақпаратты синтездей алу және нақтылауға, танып таңдауға, іздеуге деген болашақ докторанттардың қабілеті мен дайындығын бағалау;

    • оқуға түсушілердің магистрлік білім беру бағдарламасындағы оқу пәнін ұғынғанын бағалау;

    • оқуға түсушінің қазіргі ақпараттық қорларды оқу барысында қолдана алу дайындығын бағалау;

    • PhD білім беру бағдарламасы бойынша оқуға түсушінің оқуға деген ынта-жігерін, талабын анықтау.


Бұл үшін оқуға түсушілер өздерінің шығыс тілінің негізгі курс теориясына қатысты білімдерін, әр түрлі тақырып бойынша ауызша және жазбаша қатынас деңгейіндегі тілді практикалық тұрғыда қолдану машықтарын көрсетулері керек. Оқитын ел тарихының даму заңдылықтарын; оқитын елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуын; Шығыс елдері қоғамдарының әлеуметтік-экономикалық, мәдени және саяси салалардағы біршама өзгерістермен сипатталатын дамуына жаһандану үдерісінің тигізген ықпалын; Шығыс елдерінің дүниежүзілік шаруашылық-саяси жүйесіне интеграциялану кезеңіндегі бұл елдердің тарихындағы іргелі мәселелері жайында білулері қажет.

Бағдарламаның мазмұны мен құрылымы шығыс тілін меңгерудің классикалық схемасы есепке алына отырып жасалған: біртұтастық пен сабақтастық, бөлімдердің өзара қарым-қатынасы, дара құбылыстарын және ерекшеліктерін жүйелеу. Бағдарлама оқуға түсушінің оқитын шығыс тілімен байланысты елге ерекше көңіл бөле отырып, шығыс қоғамдары мен мемлекеттерінің ерекшеліктері бойынша, діни даму, халықтың саяси санасы, саяси институттар, саяси партиялар, сыртқы саясат, экономика, мәдениет т.с. бағыттары бойынша білім деңгейін анықтау мақсатында құрастырылған.


2. PhD докторантураға түсуші тұлғалардың даярлық деңгейлеріне қойылатын талаптар


Докторантураға түсуші магистрлерді дайындау деңгейіне сай жалпы кәсіби және жалпы мәдени біліктілікке ие болуы керек, атап айтқанда:

  • Ойлау мәдениетіне ие болуы, жалпылауға, талдауға, ақпаратты қабылдауға, мақсатты қойып, оған жету жолдарын таңдауға қабілетті болуы тиіс;

  • ауызша және жазбаша сөзді логикалық тұрғыда дұрыс, дәлелді және анық құра біледі;

  • өзін-өзі дамытуға, шеберлігі мен квалификациясын жетілдіруге ұмтылады;

  • болашақ мамандығының мәнділігін жете ұғынады, кәсіби қызметін орындауға деген ынта-жігері жоғары;

Докторантураға түсуші шығыс тілінен және Шығыс елдерінің тарихынан мынадай (магистр деңгейіне сай) көлемде білімге, біліктілік және машыққа ие болуы тиіс.

Шығыс тілінің орфографиялық, орфоэпикалық, лексикалық, грамматикалық және стилистикалық норма біліміне ие болу. Лингвистикалық, әлеуметтік мәдени және прагматикалық жақтарын қамтыған сөз коммуникациясының әр түрлі саласында коммуникативті қызметті іс жүзінде атқара білу. Практика жүзінде сөйлеудің негізгі сөз формаларын қолдана білу: баяндау, сипаттау, пайымдау, монолог, диалог, полилог. Сөйлеу мәдениетін және сөйлеу этикетіне қатысты білімге ие болу. Шығыс елдері тарихына, оқитын ел тарихына қатысты білімге ие; оқитын елдің саяси жүйесіне, әлеуметтік-экономикалық құрылысына қатысты сұрақтарға жауап бере алады. Болашақ докторанттар шығыс қоғамдарының даму ерекшеліктерін және олардың іргелі мәселелерін терең түсінулері керек. Бұл аумақты және іргелі шығыстанушылық білім берудің негіздерінің бірі болып табылады.

Емтиханның нысаны – құрамалы жазбаша-ауызша емтихан. Емтихан тапсыратын адамдар, емтихан билетіндегі сұрақтарға байланысты өз жауаптарын - жауап беру парақтарына жазады, ал емтихан комиссиясына ауызша жауап береді. Апелляция берілген жағдайда, қарастырудың негізі - жауап беру парақтарындағы жазбаша жазбалар болып табылады.


3. Білім беру бағдарламасының пререквизиттері

  • Шығыс елдері тарихының іргелі мәселелері/Шығыс елдеріндегі қазіргі тарихи үдерістер

  • Академиялық мақсаттарға арналған шығыс тілі



4. Емтихан тақырыптарының тізімі


«Академиялық мақсаттарға арналған шығыс (араб)тілі» пәні

1. Академиялық қатынас.

Академиялық қатынас түсінігі. Оқу және ғылыми академиялық ортадағы сипаты: жіберуші, қабылдап алушы, мәтін/дискурс, коммуникация контексті, коммуникация нәтижесі.

2. Коммуниканттар сипаттамасы.

Коммуниканттардың тұлғалық сипаттамасы. Автордың ұстанымы, көзқарасы, мақсаты. Адресат факторы.

3. Ғылыми ауызекі түрдегі қатынастың спецификасы.

Мақсаты. Мазмұны, құрылымы мен композициясы. Тілдік шығарма. Сындық талдау мен аргумент келтіру тәсілдері.

4. Ғылыми жазба түрдегі қатынастың спецификасы.

Мақсаты. Мазмұны, құрылымы мен композициясы. Тілдік шығарма. Сындық талдау мен аргумент келтіру тәсілдері.

5. Ғылыми стиль.

Ғылыми мәтіннің/дискурстың ерекшелігі. Аналитикалық шығармалардың жанрлық түрлері. Ғылыми тіл мәдениеті. Академиялық ортадағы тілдік этикеттің ұлттық-мәдени спецификасы.

6. Ғылыми тіл мәдениеті.

Ғылыми тілдің жалпы сипаты. Ғылыми қатынас пен ғылыми тілдің жалпы сипаттамасы. Академиялық ортадағы ұлттық-мәдени ерекшелік.

7. Шығыс тіліндегі ғылыми жазба мәтін.

Ғылыми жазба стилдің жалпы сипаттамасы және ерекшелігі. Шығыс тіліндегі ғылыми стилдің орны мен рөлі.

8. Ғылыми тілдің негізгі стилдік түрлері және ғылыми мәтіннің жанрлары.

Ғылыми жазба тілдің негізгі төрт стилдік түрлері. Ғылыми мәтін авторының стратегиясы мен тактикасы.

9. Аналитикалық шығармалардың тілдік ерекшеліктері.

Ғылыми терминология. Активтік және пассивтік конструкциялар. Лексикалық және синтаксистік параллелизм. Стилистикалық тәсілдер. Мазмұндау түрі.

10. Тілдік аналитикалық жұмыстарды дайындау кезеңдері .

Жоспарлау. Жоба үлгісін дайындау. Алғашқы нұсқасын даярлау. Қорытынды. Соңғы нұсқасын даярлау.

11. Академиялық оқу.

Мәтіндер типологиясы. Ақпарат көздері. Ақпаратты жинау, өңдеу тәсілдері. Алынған ақпаратты сапалы және сандық тұрғыда қолдану.

12. Академиялық хат.

Жазба аналитикалық шығармалар/жұмыстар түрлері: эссе, реферат, аннотация, баяндама, курстық/диплом жұмысы. Тілдік құралдарды қолдану.

13. Академиялық қатынастың ауызша түрі.

Ауызша аналитикалық жұмыстардың түрлері: презентациялық көрсетілім, ғылыми хабарлама, баяндама, талқылау, диспут. Вербалдық және вербалдық емес компоненттерді қолдану спецификасы.

14. Шығыс тіліндегі ғылыми мәтінді техникалық реттеу.

Орфография, пунктуация, аббревиатуралар, цитаталар келтіру, сілтемелер, қосымшалар, библиография. Техникалық реттеуде компьютерлік технологияларды қолдану.

15. Шығыс тілінде ғылыми зерттеу жүргізу техникасы.

Тақырып таңдау. Зерттеу әдістері. Зерттеу кезеңдері. Плагиат. Эксперимент/сынақ жүргізу. Теориялық тұжырымдамаларды шығармашылық тұрғыда қолдану. Зерттеу нәтижесіне талдау жасау.

16. Шығыс тілінде филология бағытында ғылыми зерттеулер жүргізудің тәсілдері мен әдістемесі.

Зерттеу жүргізудің тәсілдері мен әдістерін таңдау. Теориялық тәсілді қолдану. Эмпирикалық тәсілді қолдану.

17. Ғылыми тіл лексикасы.

Ғылыми термин. Жалпы ғылыми сөздер. Ғылым тіліне қойылатын талаптар. Жалпылама қолданылатын ғылыми лексика. Жалпы лексика. Терминология.

18. Ғылыми мәтінді аудару.

Ғылыми мәтінді қытай тілінен аударудың қиындықтары. Ғылыми мәтінді қытай тіліне аударудың қиындықтары. Аудармада қолданылатын арнайы тілдік грамматикалық ерекшеліктер.

19. Түпнұсқа шығыс тілінде ғылыми мәліметтерді жинау әдісі

Түпнұсқа шығыс тілінде ғылыми мәліметтерді жинау әдістері мен тәсілдері. Шығыс тілінің құрылымдық ерекшеліктері.

20. Түбір және сөздің түбір негізі.

Түбір морфологиялық деривация үдерісі кезінде еш өзгеріске түспейтін сөздердің лексикалық және заттық мәнін белгілеуші ретінде. Сөз және түбір қатынасы.

21. Негіз, база, түбір. Түбір типтері.

Араб сөздерін морфологиялық тұрғыдан талдауда «түбір» терминімен танысуға тура келеді. Бұл термин қандай мазмұн қамтиды. Түбір дыбыстары ұғымы. Екі әріпті түбір. Үш әріпті түбір. Төрт әріпті түбір. Бес әріпті түбір. Дұрыс және бұрыс түбірлер.

22. Етістікті негіздер. Жалаң негіздер.

Сөз және грамматикалық формалар даму тарихы туралы пайымдар айтуда, тілде бар түрлі негіздер мен базаларды қарастыру және салғастыру маңызды. Етістікті негізді – перфект формасын сипаттау.

23. Ішкі өсіммен кеңейген негіздер.

Ішкі түбір дыбыстың геминациясы. Интенсивті негіз. Екінші және үшінші түбір дыбыстарының редупликациясы.

24. Есімді негіздер.

Қысқа дауысты бір буынды базалар. Қысқа дауысты екі буынды базалар. Бірінші және екінші буында созылыңқы дауыстысы бар екі буынды базалар. Әлсіз дауыссыздың инфиксациясы. Префиксті есім сөздер.

25. Морфологиялық құралдар және сөздер үлгілері.

Әр сөз формальды құралдар негізінде формула бойынша жасалады, бұл формула бойынша басқа түбірден болған ұқсас сөздер де құрылады. Сөз жасаудағы формальды құралдар.

26. Полярлылық қағидасы. Грамматикалық тек, түр және есімді топтар.

Семит тілдерінде полярлылық құбылысы әрдәйім таза күйінде болмайды. Белгілі грамматикалық элементтер қарама-қарсы категорияны белгілеуде орын ауыстырады. ة (та-марбутаға) аяқталса да, аталық текті білдіретін есім сөздер. Белгілілік артиклінің шығу тегі.

27. Етістік баптары және олардың мәндері. Етістіктің жіктелуі.

Араб етістігі біртұтас жүйе болып табылады. Бұл оның морфологиялық категориялар жиынтығында, әсіресе мәндерінде көрінеді. I бап. II бап. III бап. IV бап. V бап. VI бап. VII бап. VIII бап. IX бап. X бап.

28. Шақ функциясы.

Атқарылмаған шақ райлары. Араб етістігі морфологиялық тұрғыдан екі шаққа ие. Араб етістігінде жіктеу формаларының екі сериясы бар - префиксті және суффиксті. Атқарылған және атқарылмаған шақ мәндері. Имперфектегі етістік соңғы дауыстының флексиясына байланысты үш модификацияға ие. Ашық рай. Қалау рай. Шартты рай. Бұйрық рай.

29. Есімшелер және қимыл есімі.

Араб грамматикасында есімшелер деп етістіктен туындаған есімнің екі категориясын атайды: негізгі етіс есімшесі. Ырықсыз етіс есімшесі. Қимыл есімі араб тілінде қимылдың абстрактылы атауын немесе ахуалын білдіреді. Масдар. Қимыл есімнің қолданысы.

30. Бұрыс етістіктер классификациясы.

Етістік классификациясы түбір классификациясына ұқсас. Етістіктер: Қосарланған. Хамзалы. Әлсіз етістіктер. Дұрыс етістіктерге ұқсас етістіктер Бос етістіктер. Нақыс етістіктер. Екі есе бұрыс етістіктер.

31. Есім сөздер классификациясы. Етістіктен туындаған есім сөздер.

Жалаң түбірден туындаған есім сөздер. Морфологиялық тәсілдер арқылы етістіктерден туындаған есім сөздер. Араб грамматистерінің классификациясы бойынша: «айқын есім сөз», «ой тасасындағы жобаланған есім сөз», «нақтыланбаған, күңгірт мәндегі есім сөз». Есім сөз (маусуфун). Сын есім (сифатун). Жалғыздылықты білдіретін есім сөз. Қимыл мәнерін білдіретін есім сөз. Мезгіл және мекен қимылы есім сөзі. Құрал-сайман есім сөзі. Жалқылық есім сөз. Қатыстық есім сөз. Кішірейтпе есім сөз.

32. Сапалық сын есім. Сын есімдер етістіктен туындап, әрекет етуші есім (исм фа”ил), әрекетке түсуші есім(исм маф”ул), өз мәніндегі етістіктен туындаған есім болып бөлінеді. Қатыстық сын есім. Сын есімнің шырайлары. Салыстырмалы шырай. Асырмалы шырай.

33. Грамматикалық тек. Түр. Аналық текті есім сөздер: мәні жағынан, форма жағынан. Ортақ текті есімдер. Аналық тек формаларының жасалуы. Екілік түр. Көптік түр. Дұрыс және бұрыс көптік түрлер. Бұрыс көптікте түрленетін есім сөздер.

34. Етістікті сөз тіркесі. Есімді сөз тіркесі. Есім сөздің етістікке бағынуы. Есімнің етістікке тура бағынуы. Есім сөзді етістік арқылы меңгеру. Болу етістіктері. Пайым етістіктері. Бастау етістіктері. Жақындық етістіктері.

35. Есім сөздер қиысуы. Атрибутивті сөз тіркесі. Аппозитивті сөз тіркесі. Жіктік есімдікпен болған аппозитивті сөз тіркесі.


«Шығыс елдері тарихының іргелі мәселелері (араб елдері)» пәні


  1. Шығыс өркениеті

Пәнді оқытудың міндеттері мен ерекшеліктері. Зерттеу мәселесінің өзектілігі, негізгі қағидалар. Мәдениет және өркениет түсінігі. Мәдениеттің міндеттері мен функциясы. Автохтонды және кірме өркениеттер.

Географиялық, өркениеттік, әлеуметтік-мәдени, хронологиялық тұрғыдан Шығыс түсінігі. Шығыс тарихын сипаттау мен түсіндірудің негізі ретінде «қоғамдық құрылыс», «өркениет», «мәдениет» категориялары. Ежелгі кезеңдегі, орта ғасырлардағы, жаңа және қазіргі замандағы «Шығыс-Батыс» дихотомиясының проблемасы.

Тарихи үрдістің әлемдік және заңдылық түсінігі. Тарихи үрдістің маңызды факторлары ретінде этностардың, нәсілдердің, және жергілікті өркениеттердің жалпы және өзара байланысы. Пәннің қарастыратын мәселесі бойынша қазіргі әдебиетке шолу жасау

  1. Шығыс мемлекеті мен қоғамы.

Ғасырлар тоғысындағы мемлекет: дәстүрліден қазіргі заманға дейін.

Шығыс-Батыс дихотомиясының пайда болуы. Ұлттық өзін - өзі түсіну ерекшеліктері. Отансүйгіштік пен рухани мәдениет. Ортақ ағымдар, рухани өзгерістер мен шығыс мемлеккеттері эволюция тарихының маңыздылығын айқындайтын «ұлттық» даму жолдарын іздеу.

Екінші дүниежүзілік соғысы кезіндегі шығыс мемлекеттері. Соғыстан кейінгі кезеңдегі аймақ елдерінің жылдам дамуындағы мемлекет ролі.

  1. ХХ ғасырдың соңы ХХІ ғасырдың басындағы Шығыс елдері

XX ғасырдың 90 – жылдарындағы әлемдік геосаясаттың өзгеруі. АҚШ мен европалық державалардың Шығыстағы саясаты. Әлемдік қауымдастық және шығыс мемлекеттері. Шығыс елдеріндегі глобализация мен интеграция. Экономикалық глобализация жағдайындағы мемлекет пен мемлекеттік институттар.

  1. Ислам тарихы.

Исламның пайда болуы мен таралуы. Араб елдеріндегі орталықтандырылған мемлекеттің құрылуы. Араб жаулаушылықтары мен олардың салдары. Аббасид халифаты кезіндегі исламның таралуы. Құран және оның мазмұны. Тәфсір мәселесі. Сүннет пен хадистер. Әлемнің жаратылуы жөніндегі Ислам ғылымы. Ислам эсхотологиясы. Әлеуметтік этика мәселесі. Мазхабтар мен олардың қоғамдық өмірдегі мәні. Шариғат. Ислам дәстүрлері мен әдет – ғұрыптары.

Исламның негізгі бағыттары, ағымдары мен секталары. Исламның оппозициялық ағымы – шейіттік. Қазіргі Иран мен Пәкістандағы шейіттік. Шейіт сектасы мен жастар мәселесі.

  1. Араб әлеміндегі исламның рөлі.

Ислам әлемі. Ислами діни – мәдени дәстүрлер негізі. Қазіргі қоғамдағы ислам ролі. Ислами ұлтшылдық. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықтың саяси өміріндегі ислам. Ислам әлеміндегі қоғамдық қайта құрулар.

Әлемдік саясаттағы «Ислам факторы». Теократиялық мемлекет идеясы мен ислам әлемі. Ислам фундаментализмі және оның доктринасы. Экстремистік топтар («әл- Қаида» мен «Хизбуллах») және олардың қоғамға қаупі. Ислам реформаторлары: әл- Ауғани, Мұхаммед Абдо. «Ағайынды мұсылмандардың» панисламисттік идеясы. Араб елдерінің қоғамдық-саяси өміріндегі «саяси исламның» рөлі

  1. Қазақстандағы исламтану.

Қазақстандағы исламтану. Қазақтардың ислами дәстүрлері. Қазақстан Республикасы жетекшілігінің дін бойынша жүргізіп отырған саясаты мен елдің мұсылман тұрғындарын рухани тәрбиелеудегі Исламның ролі. Қазақстандағы исламның дәстүрлі емес ағымдарының пайда болуы және таралуы.

  1. Шығыс елдеріндегі отаршылдық жүйеге қарсы күрес

Шығыс елдері мен Европаның отаршыл саясаты. Шығыс халқының ұлттық сана – сезімі. Ұлт- азаттық күрес идеологиясы. Отаршылдық саясатымен күресте ұлттық идеология ролі. Құпия ұйымдар мен олардың антиотаршылдық белсенділігі. XIX ғасыр ортасындағы ірі ұлт – азаттық қозғалыстар. Метрополия – отарлық иелік. Отарлық және жартылай отарлық жүйе. Араб – ислам әлеміндегі отаршылдықтың қалыптасу сатылары Тарихи кезеңдер мен саяси даму. Осман империясының саясаты мен оның әлсіреуі.

  1. Араб елдеріндегі ұлттық мәселелер мен ұлт – азаттық қозғалыстар.

Таяу және Орта Шығыс елдеріндегі ұлттық мәселелер. XX ғасырдың басындағы араб елдеріндегі отарлаушы державалардың саясаты.

Шығыс халықтарының типологиясы. Тіл мәселесі. Этникалық құрам және тіл мәселелері. Ирақ, Иран, Түркия, Сириядағы күрд мәселесі. Қазіргі кезеңдегі күрдтердің саяси жағдайы.

9. Африкадағы араб елдерінің азаттық күресі.

Африкадағы араб елдерінің азаттық күресі. Алжир, Тунис пен Ливияда антифранцуздық күрес. Египеттегі ұлттық көтерілістердің әлеуметтік мәні. Бірінші дүниежүзілік соғыс пен Араб елдері. «Ұлы Араб революциясы». Араб елдерінің саясатындағы панисламизм. Екінші дүниежүзілік соғыс пен Араб Елдері Лигасының құрылуы. XX ғасырдың екінші жартысындағы араб азат ету көтерілістері мен ОАР – дың құрылуы. Ірі өнеркәсіп объектілерін ұлттандыру мәселесі. Тәуелсіз араб мемлекеттері.

  1. Араб әлеміндегі этконфессионалды мәселелер.

Ұлттық этноконфессионалды және әлеуметтік қақтығыстар. Экстремисттік және террористтік ұйымдардың қаупі. Қазіргі терроризм мен оның салдары. Глобализация және халықаралық экономикалық интеграция кезіндегі ұлттық мәселе.

  1. Араб елдеріндегі әскердің рөлі.

Таяу және Орта Шығыс елдерінің саяси – әлеуметтік құрылымы. Билік жүйесі мен мемлекеттік құрылым. Тұлғалық мәселесі. Демократия. Қауіпсіздік мәселелері. Әскер және оның отарық саясатқа қарсы күрестегі ролі. Милитаризация саясаты мен оның зардаптары.

Территориялық кикілжіңдер. Ирақ әскерінің құрылу тарихы. Әскери - әуе күштері. Әскер және диктатура. Әскери жетекшілер қызметі. Түркия, Ирақ, Иран мен Сирия қарулы күштері мен мемлекеттік төңкерістер. Қазіргі кездегі әскери техника мен әскер құрылымын модернизациялау. «Шөлдегі дауыл» мен «Қызыл түлкі» операциялары және әскер рөлі.

  1. Шығыс елдеріндегі демографиялық мәселелер

Әлемдік демографиялық саясат. Мақсаты, әдістері мен мәні. Шығыс елдеріндегі демографиялық саясат тәжірибесі мен көптүрлілігі. Демография жайындағы қоғамдық ой эволюциясы. Демографиялық және әлеуметтік саясаттың арақатынасы. Демографиялық үдерісті басқарудың жағымды тұстары. БҰҰ мен демографиялық мәселе. Демографиялық ғылым.

  1. Араб елдері мен демография мәселелері.

Араб – мұсылмандық аймақтағы демографиялық саясаттың көп түрлілігі. Ислам әлеміндегі әлеуметтік даму. Батыс Азияда популяция – демографиялық саясаттың жүргізілуі. Мұнай өндіруші монархиялардағы жұмыс күші мәселелері. Халықаралық миграция. Жалдамалы жұмыс күшінің белсенділігі. Африкадағы Араб елдері. Халық тығыздығы. Әлеуметтік әділеттілік мәселесі. Қазіргі демографиялық ғылым.

  1. Араб Шығысының экономикалық дамуы мен интеграциялық саясаты.

Шығыс мемлекеттерінің экономикасы мен экономикалық дамуы. Экономикалық тәуелділіктің алдын алудағы сыртқы фокторларының рөлі. Мұнай өнеркәсібінің дамуы. ОПЕК-тің құрылуы. Энергетикалық дағдарыс. Шаруашылықтың дамуының ерекшеліктері. Өнеркәсіптің дамуы. Мемлекеттік секторының рөлі. Аграрлы- өнеркәсіптік секторының құрылуы. Иран- Ирақ соғысы мен мұнай өнеркәсібінің дағдарысы. «Араб социализмі» және экономикасы. Таяу Шығыстағы экономикалық интеграциясының саясаты. Валюта интеграциясы. Банктік жүйесі мен сыртқы сауда саясаты. Шығыс елдері мен ЕО (ЕС), ДСҰ (ВТО).

  1. Шығыс елдерінің құрылымдық ерекшеліктері.

Шығыс мәдени-әлеуметтік ұғым ретінде. Батыс пен Шығыстың құрылымдық көзқарасының ерекшеліктері. Шығыстағы тарихи мен саяси процестерінің динамикасы. Батыс пен Шығысқа қатысты өркениеттік көзқарастың ерекшеліктері. Шығыстың саяси процестерінің ерекшеліктері. Саяси партиялардың дәстүрлі мен «постдәстүрлі» қоғамдағы өзінділігі. Саяси модернизациялау мен институционализациялаудың мәселелері.

Тәуелсіздік жолындағы даму – Шығыс елдерінің саяси мәдениетінің дамуындағы жаңа кезең.

  1. Қазіргі таңдағы араб елдерінің саяси-мемлекеттік құрылымы

Араб елдеріндегі саяси - мемлекеттік құрылымдардың түрлері. Монархиялық және республикалық билік. Исламның мемлекет пен қоғамдағы атқаратын ролі мен алатын орны. Шариғат араб елдерінің мәдениетінің құқықтық бөлігі және нормативті жүйесі ретінде.

Ислам және қонституциалық құрылым.(Мемлекет басшысының мемлекеттік билік жүйесіндегі, араб монархияларындағы билеуші әулеттер институттарындағы ролі мен орны). Ақылдастар Кеңесі (Шура Кеңесі). Шура Кеңесінінің мемлекеттегі ролі мен алатын орны. Биліктің өкілетті органдарының құрылымдық ерекшеліктері. Конституциямен бекітілген азаматық құқық пен еркіндік мәселелері. Араб елдеріндегі саяси партиялардың ерекшеліктері, олардың әлеуметтік негізі. Бірпартиялық және көппартиялық жүйе. Саяси оппозиция мәселеллері.

  1. Араб елдерінің саяси мәдениетіндегі лидерлік.

Саяси лидердің ерекшеліктерін анықтайтын факторлар және араб елдеріндегі лидерліктің маңыздылығы. Араб қоғамының жүйесіндегі лидердің ролі мен орны, лидерліктің сипаты.

Араб әлеміндегі лидерлік феноменнің қалыптасуына әсер етуші факторлар: араб қоғамының сипаты және қазіргі таңдағы араб мемлекеттерінің даму ерекшеліктері. Шейхтар билігінің институты. Араб қоғамындағы умма түсінігі.

Саяси лидерлік феномені және саяси лидерліктің фундаментальдік базасы: өтпелі араб қоғамының саяси мәдениетінің ерекшеліктері, мемлекет басшысының айрықша ролі. Әскери – диктаторлық режим. Әскердің, жоғарғы офицерлер мен генералитеттің айрықша ролі. Этникалық фактордың саяси мәдениетке әсері. Авторитаризм және саяси өкілеттілік жүйесі.

  1. Араб Шығысындағы саяси ұйымдар мен партиялар

Араб әлемі елдерінің мемлекеттік құрылымы мен саяси жүйесінің ерекшеліктері. Қоғамдағы діни, саяси ұйымдардың рөлі. Араб әлеміндегі саяси партиялар мен олардың функциялары. Саяси «либерализм». Араб елдеріндегі саяси партиялардың ерекшеліктері, олардың әлеуметтік негізі. Бірпартиялық және көппартиялық жүйе. Саяси оппозиция мәселелері.

  1. Араб Шығысы елдерінің мәдениеті мен мәдени дамуы.

Мұсылман өркениетінің қалыптасуы: діни, саяси, тілдік, этникалық пен мәдени аспектілері. Александрия кітапханасы. Араб әлемінің мәдени- ғылыми орталықтары. «Даналық үйі». Араб перипатетизмнің көрнекті ойшылдары. Метафизика, медицина, геология, ботаника салаларындағы жетістіктері. Архитектура. Хуснихат. Музыка саласындағы ғылымның дамуы. Мұсылман Испаниясының мәдениеті мен оның Батысқа таралуы.

  1. Ислам өркениеті

Өркениеттер қақтығысы мен синтезі. Ислам мен ой ағымдары. Парсы-тәжік поэзиясының мұсылман мәдениетіне үлесі. Поэзияның негізгі ойлары: әділетті мемлекет пен бас бостандығы. Ислам өркениетіндегі түркітілдес халықтарының рухани байлықтары. «Дала мәдениеті». «Кұтадғу білік» пен «Диуани лұғат». Дала мен қала ділінің синтезі. Қазақ мәдениетінің тамыры. Көшпенділік өмірінің фәлсафасы. Орхон- Енисей жазулары.

  1. Шығыс елдеріндегі аймақтық қақтығыстар

Проблеманың қойылымдық мәселесі, теоретикалық негіздер, терминдер мен категориялар. Аймақтық қақтығыстардың тарихи алғышарттары. Ежелгі мен ортағасырлардағы әлемдік державаларының бәсекелестері. Жаңа заман Шығысындағы империалистік державаларының жаһандық отаршылдық мүдделері. Отарлық жүйенің қирауы мен этникааралық және мемлекетаралық қайшылықтар. Аймақтық қақтығыстардағы діни фактор. Шығыс елдеріндегі ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы аймақтық қақтығыстар – ұлттық тәуелсіздік алу кезеңі.

  1. Араб Шығысы елдеріндегі аймақтық қақтығыстар.

Араб Шығысы елдеріндегі ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы аймақтық қақтығыстар – ұлттық тәуелсіздік алу кезеңі.Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезең – қырғи-қабақ соғыстың басталуы, КСРО мен АҚШ-тың ядролық қауіп жаңдайындағы теке-тіресі.Ядролық қаруды таратпау мәселесі. Қазіргі кезеңдегі Шығыс елдеріндегі аймақтық қақтығыстар және оларды реттестіру жолдары.

  1. Этнос және араб елдеріндегі этникалық үдерістер.

Шығыс елдеріндегі этникалық мәселелер. Ресми тілдер. Діни мәселелер. Ұлттық-этникалық дамудың саяси-экономикалық факторлары. Жекелеген этностар және этникалық ұлттардың ұлттық-этникалық өсуі. Мемлекеттік саясат. Этникалық қақтығыстар.Таяу және Орта Шығыстағы этникалық мәселелер. Этноконфессионалды қақтығыстар: Ливан және Судан. Этникалық қақтығыстарды реттестіру жолдары. Алжир мен Мароккодағы берберлер мәселесі. Египеттегі копттар мәселесі. Этникалық үдерістердің мемлекеттік мәселелері және тарихи аспектілері.

  1. Халықаралық аймақтық ұйымдар және олардың Араб Шығысы елдерінің дамуындағы рөлі.

Халықаралық және саяси-экономикалық аймақтық ұйымдар және олардың қызметтері. ОПЕК-тіңқұрылуы. ОПЕК халықаралық қорының дамуы және қаржылай көмек институттары. Араб және ислам банктері – АБЭРА, АФЭСР, АВФ, ИБР.

  1. Таяу және Орта Шығыс елдерінің қоғамдық-саяси және аймақтық саясатындағы «ислам факторы».

Араб елдерінің аймақтағы мұсылман мемлекеттерімен қарым-қатынасы. Ислам ынтымақтастығы ұйымы. Негізгі теоретикалық концепциялар. Ислам ынтымақтастығы қозғалысының тарихи алғышарты. Халықаралық мұсылмандық ұйымдардың қызметі. Ислам әлемінің лигасы. Ислам Ұйымы Конференциясы.

  1. Араб – мұсылман әлемінің сыртқы саясатындағы басымдықтары мен мақсаттары.

Араб елдерінің екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі сыртқы саясаты. Араб елдерінің тәуелсіздікке қол жеткізуі. Араб елдерінің сыртқы саясатының ерекшеліктері. Солтүстік Африка, Мағриб, Жерорта теңізі мен Парсы шығанағы араб елдерінің сыртқы саясаттағы басымдықтары. Социалистік және батыстық бағыттағы араб елдері. Араб елдерінің АҚШ, ТМД мен Азия елдерімен байланысы. БҰҰ араб аймағында. Ядролық қарудан бас тарту.

  1. Араб әлемі елдерінің сыртқы экономикалық саясатындағы басымдықтары.

Араб елдерінің сыртқыэкономикалық қызметінің басты бағыттары. Араб елдерінің сыртқы саясатындағы мұнай факторы. Мұнай өндіруші араб елдері ұйымының (МӨАЕҰ) құрылуы мен оның рөлі. МӨАЕҰ – ның әлемдік рыноктағы орны. Экспорттық потенциалдың артуы. Араб елдерінің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәсілдері. Серіктестіктің арабтық одағы. Ұйымның саяси және экономикалық міндеттері. Саяси – экономикалық ұйымдар - Мағриб араб одағының құрылуы және оның аймақтық мәселелерді реттестірудегі рөлі. ПШАМЫК. ПШАМЫК елдерінің әскери стратегиясы мен Парсы шығанағы аймағы қауіпсіздігі мәселесі. ПШАМЫК елдері аймақтық қауіпсіздік жүйесінде. ПШАМЫК-тың ЕО елдерімен әскери-техникалық серіктестігінің перспективасы. Қазақстанның шығанақ елдерімен экономикалық және саяси байланыстарын кеңейтуі.
  1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Phd докторантураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012 iconPhd докторантураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012
Бағдарлама «шифр-мамандық атауы» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушылар...
Phd докторантураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012 iconPhd докторантураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012
Бағдарлама «6D060500 – Ядролық физика» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушысы...
Phd докторантураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012 iconPhd докторантураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012 мазмұНЫ
Білім беру бағдарламасының мақсаты: мамандарды бәсекелес ортада, химия бойынша Қазақстаннан және басқа да елдерден ең жақсы оқитындар...
Phd докторантураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012 iconАлматы 2012
«Философия» мамандығына түсушілерге арналған мамандық бойынша магистратураға түсу емтиханының бағдарламасы
Phd докторантураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012 icon«6M070300 – Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012

Phd докторантураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012 icon«6М051100 маркетинг» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012
Бағдарлама «6М051100 Маркетинг» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушылар...
Phd докторантураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012 iconТҮсушілерге арналған мамандық бойынша түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012
Бағдарлама «6D020400 – Мәдениеттану» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушы:...
Phd докторантураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012 icon«6М020900-шығыстану» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2015
Бағдарлама «6М020900-Шығыстану» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушылар:...
Phd докторантураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012 icon«6M021200– ТҮркітану» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012
Бағдарлама «6М021200 – Түркітану: филология» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған
Phd докторантураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012 icon«6М011000 – физика» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012
Бағдарлама «050110 –Физика» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушысы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница