2011-2015 жылдарға арналған Байғанин ауданының аймақтарды дамыту бағдарламасының мазмұны




Название2011-2015 жылдарға арналған Байғанин ауданының аймақтарды дамыту бағдарламасының мазмұны
страница7/29
Дата конвертации13.02.2016
Размер3.33 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://aktobe.gov.kz/sites/default/files/Node_1894/Аймактын даму багдарламасы.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29

Жетістіктерге жету жолдары:

Өсімдік шаруашылығында:

- картоп өндірісінде жаңашыл технологияларды енгізу;

- жаңашыл технологияларды енгізуші мамандарды оқытуға және қайта даярлауға көмек көрсету;

- аса қауіпті зиянды организмдер және карантинді зиянды аурулар, өсімдіктердің және арамшөптердің аурулары таралатын және дамитын болжамдалған аумақтарда химиялық күрес жүргізу (республикалық бюджет шығындары);

- өсімдік шаруашылығына зиянды нәрселердің өсуі және таралуы мүмкін аумақтарда химиялық күрес жүргізу (жергілікті бюджет шығындары).

Мал шаруашылығында:

- жаңашыл технологияларды енгізуші және салаларға енгізген мамандарды оқыту және қайта даярлауға көмек көрсету;

- асыл тұқымды шаруашылықтарды дамыту және орташа және ірі тауарлы өндірісті және басқаларын құрылымдаудың генетикалық потенциалын көтеру;


- «НУХ «КазАгро» АҚ, «Актобе агросервис» ЖШС, «Ақтөбе ауыл микрокредит» ШНҰ ЖШС және ауылдық тұтыну кооперативтерінің қаражаттарының фермаларды (сүтті және етті бағыттағы) дамытуға бөлінуін қамтамасыз ету;

- Ауданда мал сою пунктері, өлген малдарды көметін орындар (биотермикалық шұңқырлар) құрылысына және қалпына келтіруге және оларды ветеринарлық нормаларға сай ұстауға жәрдем беру;

- ауру малдарды сою жұмыстарына, өлген малдарды көметін орындардың жұмыстарына ұстауға жәрдем беру.

Жұмыспен қамтамасыз ету құрылымы

2010 жылдың 1 қаңтарында Байғанин ауданы бойынша экономикалық белсендi топ халық саны 13624 мың адамды құрады, оның ішінде экономикада жұмыспен қамтылғандар 12880 мың адам. Соңғы жыл iшiнде еңбек нарығында жұмыспен қамтылған халықты бiр қалыпты өсуі байқалды.

Жұмыспен қамтылған халықтың санының 2010 жылдың 1 қаңтарына 12880 адамның ішінде жалданбалы қызметкерлер – 7354 адам, өз кәсібімен айналысатындар саны – 5526 адамды құрады.

2010-жылы аудан бойынша 451 жаңа жұмыс орны ашылды . Жаңадан ашылған және босаған жұмыс орындарына 430 жұмыссыз жұмысқа орналасты Жұмыссыздарды еңбекке орналастыру деңгейі 74 пайыз болды.Мақсатты топқа жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін аудандағы шаруа қожалықтары мен мекемелерде 20 әлеуметтік жұмыс орындары ашылып, осы орындарға 20 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды. Жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамту үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылып ,оған 440 адам тартылды. 11 жұмыссыз кәсіптік даярлауға жіберілді. Олардың 11-і оқуды аяқтап,осылардың арасынан 6 адам жұмысқа орналасты .

«Жастар бағдарламасы» бойынша арнаулы білімдері бар 23 жас маман жұмысқа тартылды. Олар толық тәжірибелерін аяқтап, 6–сы тұрақты жұмыстарға орналасты.

2010 жылдың 1 қаңтарына тіркелген жұмыссыздар саны 45 адам,бұл өткен жылмен салыстырғанда 72 адамға кем.

Жұмыссыздық деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 0,4 пайызға төмендеп,0,3 пайызды құрап отыр. Жұмыссыз азаматтармен белсенді жұмыс жасау арқасында аудандағы аз қамтылған отбасылар санының азаюына қол жеткізілді.

2009- жылдан бері жүзеге асырылып келе жатырған «Жол картасы »бағдарламасы бойынша ауданда 69 жаңа жұмыс орны ашылып, жұмыспен қамту орталығы арқылы 62 адамға жолдама берілді. Жыл ішінде 52 мекемеге 146 адам әлеуметтік жұмыс орындарына тартылды. 37 мекемеге 79 оқу орнын бітірген жас маман Жастар бағдарламасымен жұмысқа жіберілді.

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша №14 кәсіптік білім беру лицейінде 25 адам тракторист –бульдозерист, 17 адам слесарь жөндеуші, 18 адам тігінші мамандықтарына оқып бітіріп, олардың 27-сі жұмысқа орналасты.


Орта және кіші кәсіпкерлік

Аудандағы шағын және орта кәсіпкерліктің көрсеткішіі 2010 жылдың 1 қаңтар айына 624 бірлікті құрап, оның ішінде заңды тұлғалар саны 25 бірлік, жеке тұлғалар 599 бірлік тіркелді. Бүгінгі таңда, яғни 2010 жылыдың 11 айында барлығы 666 бірлік кәсіпкер тіркелді, оның ішінде 25 заңды тұлға, 641 бірлігі жеке тұлға. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 107.0 пайызды құрап отыр.

Жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерліктің саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 49 бірлікке өсіп 7,1 пайызға артты. Яғни 2009 жылдың 11 айында 605 бірлік жұмыс жасаса, 2010 жылдың 11 айында 659 бірлікті құрады.

Қазіргі уақытта шағын кәсіпкерлікте барлығы 3901 адам жұмыс жасайды , оның 1133 адамы заңды тұлғаларда , 2768 адам жеке тұлғалар, Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2 пайызға өсті.

Заңды және жеке тұлғалардың өндірген өнімі осы жылы 3565,0 млн теңге болса, өткен жылдың осы кезеңінде 2905,0 млн теңгені құрап, 22,7 пайызға артық орындалды.

Ауданда 1 МКО-Байғанин ЖШС, 1 Қамқор ауылдық несие серіктестігі, 1 бизнес-инкубатор қоғамдық қорлары жұмыс жасап, жеке кәсіпкерлікті дамытуға өз үлестерін қосуда. «Байғанин шағын несие» ЖШС арқылы 2009 жылы 10 адамға 11,1 млн теңге несие берілсе, 2010 жылы 1,5 млн теңге несиені 2 адамға беріп отыр. «Қамқор» АТК арқылы былтырғы жылы 3 адам 8,1 млн теңге алса, биыл несие алғандар болған жоқ.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдаған «Жаңа он жылдық – Жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіншіліктері » жолдауын жүзеге асыруға және 2020 жылға дейінгі Қазақстанның дамуынын старатегиялық жоспарына арналған.

Бағдарлама 3 бағыттар бойынша жүзеге асырылуда.

1) жаңа бизнес-бастамаларды қолдау

2) кәсіпкерлік секторды сауықтыру;

3) экспорттарға бағытталған өндірістерді қолдау

Аудан бойынша 1 ЖШС «Мерей и К» осы бағдарлама шеңберінде жұмыс жасап, жобалар мен сұранысын тапсырып отыр. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2009 жылғы 22 қыркүйектегі тапсырмасында ауылдық жерлердегі шағын және орта бизнесті қаржыландыруда үш инвестициялық жоба /8,0 млн.теңге/ бюджеттік кредит есебінен қаржыландыру үшін облыстық комиссия мүшелерінің отырысына тапсырылды, үш жобаны қаржыландыруға «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қорына» тізім бойынша құжаттарды тапсыруға шешім қабылданды.

2009 жылдың қараша айының 24-25 күні АҚ «Даму» қорының 4 дәріс берушілері келіп, ауданның кәсіпкерлері мен тұрғындарына семинар-тренинг өткізді, осы екі күнде 62 дәріс алушылар оқып, сертификат алды. Семинар- тренинг өте тартымды өтіп кәсіпкерлердің көңілінен шықты.

Алдағы уақытта шағын және орта бизнес өкілдері ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуді, сауда-саттықты, жүктерді тапсымалдау, қоғамдық тамақтандару және басқа да қызмет түрлерін кеңейтеді деп күтілуде.

Ауданның шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша, бірқатар шаралар жүзеге асырылды. Соңғы жылдары ауданның әлеуметтік экономикалық дамуында кәсіпкерліктің орны ерекшелене бастады. Тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету, сауда-саттық, ауылшаруашылық өнімдерін өндіріп дамыту және де басқада қызметтер мен жұмыстар кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының еншісінде.

Аудан экономикасын дамытудың бөлінбес шарты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін жандандыру, бизнесті қолдауға инфрақұрылымды дамыту үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.

Бәсекелестіктің дамуы

Кәсіпкерлікті және бәсекелестікті дамыту.

Байғанин ауданы бойынша 2006 жылдың қорытындысы бойынша аудан көлемінде шаруашылық субъектілер саны 479 бірлікті құраса, 2007 жылға 528 бірлікке, яғни 110,2 пайызға, ал жұмысшылар саны 2006 жылы 1365 болса, 2008 жылға 1956 бірлікке, 143,2 пайызға, өндірілген өнім көлемі 156,1 пайызға өсті.

Ауданымыздың экономикасын дамытудың бөлінбес шарты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін жандандыру, бизнесті қолдауға инфрақұрылымды дамыту үшін жағдай жасау болып табылады. Кәсіпкерлік дамуының экономикалық көрсеткіштері 2010 жылы да экономиканың осы секторында болып жатқан оң тенденциялар, бұл өндірістің жандануы, халықтың ақшалай кірісінің өсуі, мемлекет тарапынан қолдап және осы бизнеске қолдау көрсету шараларының күшейтілуі болып отыр.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің өндірілген өнімі мен көрсетілген қызметтер көлемі 2009- жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1220,2 млн. теңгеге немесе 135,0 % артық орындалды. Ауданда кәсіпкерлер санының ұлғаюы мен ірілендірілуінің нәтижесінде аудан бюджетіне түсетін салық мөлшері де жыл сайын ұлғайып келеді.

Ауданда өндірістік тауарлардың негізгі түрлерінің бағаларын жоғырылатуды

болдырмау бойынша қажетті шаралар қабылданып жатыр. Негізгі өндірістік тауарлар бағаларына, аудан әкімінің 15 - қазан 2009 жылғы №208 қаулысымен тұтыну рыногындағы бағаны тұрақтандыру жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін аудандық штаб құрылып, жұмыс жасауда. Аудан штабында тұтыну рыногындағы бағаны тұрақтандыру бойынша азық-түлік дүкендерге рейд ұйымдастыру кестесі аудан әкімінің орынбасарымен бекітілді. Азық-түлік бағаларына жеті сайын мониторинг жүргізіледі және ай сайын комиссия мүшелерімен штаб отырысы өткізіледі.

Ағымдағы жылдың басынан бастап ауданда 12 жәрмеңке өткізілді, сол кезде жергілікті ауылшаруашылық өндірушілердің тауарлары сауда бағасынан төмен сатылып іске асырылды.

Тұтыну нарығындағы азық-түлік бағалары бойынша аудандық штаб мүшелері белгіленген кестеге сәйкес жеті сайын азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізеді, бағаларды тұрақтандыруға тиімді ықпал етуде.

Ұн бағасының жоғарылауына байланысты облыстық ауылшаруашылығы басқармасы «Продкорпорация ҰК» акционерлік қоғамы арқылы ауданға бөлінген бидайдан жасалған жжжж тонна ұн жергілікті округтерге бөлінді . Аудан шаруашылқтары облыс орталығында өткізіліп отырған ауылшаруашылығы базарларына тұрақты түрде қатынасып, өз өнімдерін делдалсыз өткізу мақсатында жұмыстар жүргізуде. Сонымен қатар, облыс орталығы тұрғындарын арзан бағадағы азық-түлікпен қамтамасыз етуге жағдайлар жасады.


Қызмет көрсету саласы

ТҰРҒЫНДАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Тұрғындарға қызмет көрсету орындарынан аудан бойынша 114 субьект тіркелген. Оның ішінде 68 сауда дүкендері, 1 базар, 24 тұрмыстық қызмет көсету субьектілері , 22 дәмхана орындары бар.





01.01.2010 жылға субъектілер саны, бірлік

дүкен

базар

кафе, асхана

қонақ үй

тұрмыстық жөндеу орындары




Аудан бойынша

68

1

22




24




Ауылдық округтер:





















Қарауылкелді

43

1

19




20




Ащы

2
















Жаңажол

2
















Жарқамыс

5




1










Қопа

3










3




Көлтабан

2




2




1




Қызылбұлақ

2
















Сартоғай

9

4












1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29

Похожие:

2011-2015 жылдарға арналған Байғанин ауданының аймақтарды дамыту бағдарламасының мазмұны iconЗайсан ауданының шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған өҢірлік бағдарламасы
Зайсан ауданының шағын кәсіпкерлігін дамыту және қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының төлқұжаты
2011-2015 жылдарға арналған Байғанин ауданының аймақтарды дамыту бағдарламасының мазмұны icon2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы
Р үдемелі индустриалды инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы...
2011-2015 жылдарға арналған Байғанин ауданының аймақтарды дамыту бағдарламасының мазмұны icon1 –ші кесте Аудандық бюджеттің 2012 -2014 жылдарға арналған негізгі параметрлары
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
2011-2015 жылдарға арналған Байғанин ауданының аймақтарды дамыту бағдарламасының мазмұны icon«Зайсан ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің миссиясы – мәдениет саласында қазіргі заманғы мәдени...
2011-2015 жылдарға арналған Байғанин ауданының аймақтарды дамыту бағдарламасының мазмұны icon2011-2015 жылдарға арналған Сырдария ауданының даму бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп
Мақсатты индикатор: Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі, өткен жылға пайызбен
2011-2015 жылдарға арналған Байғанин ауданының аймақтарды дамыту бағдарламасының мазмұны icon«Әлеуметтік -экономикалық даму болжамын әзірлеу Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына
Зайсан ауданының 2011 -2013 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлары бойынша ақпарат
2011-2015 жылдарға арналған Байғанин ауданының аймақтарды дамыту бағдарламасының мазмұны iconЗайсан ауданының 2008-2011 жылдарға арналған дене шынықтыру мен спортты дамыту бағдарламасы зайсан қаласы
Бағдарламаның атауы: Зайсан ауданының 2008-2011 жылдарға арналған дене шынықтыру мен спортты
2011-2015 жылдарға арналған Байғанин ауданының аймақтарды дамыту бағдарламасының мазмұны icon«Зайсан ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
«Зайсан ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мм 2011–2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
2011-2015 жылдарға арналған Байғанин ауданының аймақтарды дамыту бағдарламасының мазмұны icon2013-2015 жылдарға арналған Зырян ауданының негізгі бюджетік параметрлері бойынша қысқаша ақпарат
Зырян ауданының бюджеті «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» 2012 жылғы 21 желтоқсандағы №13/2-v шешіміне өзгерістер...
2011-2015 жылдарға арналған Байғанин ауданының аймақтарды дамыту бағдарламасының мазмұны iconМақсаты
Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница