2011-2015 жылдарға арналған Байғанин ауданының аймақтарды дамыту бағдарламасының мазмұны




Название2011-2015 жылдарға арналған Байғанин ауданының аймақтарды дамыту бағдарламасының мазмұны
страница2/29
Дата конвертации13.02.2016
Размер3.33 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://aktobe.gov.kz/sites/default/files/Node_1894/Аймактын даму багдарламасы.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29



Бүгінгі күнгі жағдайға талдау.


2.1. Аймақтың позитивтi және негативтi тараптарына баға беру, сонымен қатар елдiң әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына олардың ықпалы

Байғанин ауданының территориясы облыс территориясының 20%-ын алып жатыр. Жалпы жер көлемі 6 млн 103 мың шаршы метрді құрайды. Әкімшілік- аймақтық бөлінуі бойынша 9 селолық округке біріктірілген 25 елді мекен бар. 1.10.2010 жылғы статистикалық мәлімет бойынша 22 407 тұрғын бар.

Ауданның экономикасы жыл сайын дамытылып келеді. Аудан экономикасы жыл сайын аудан экономикасына тартылатын инвестиция көлемінің артуымен, кәсіпкерлік және әлеуметтік сала обьектілерін көптеп салумен және аудан тұрғындарының есебінен салынып , пайдалануға берілген тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік обьектілердің көбеюімен, ауылшаруашылығы саласында өндірілген өнімнің көбеюімен өрнектеледі.

Байғанин ауданының қор потенциалы.

Ауданның жер қойнауында көптеген пайдалы қазбалар кездеседі. Сонымен қатар, Алтай батыр ауылында өздігінен ағып тұрған минералды табиғи ауыз судың қоры бар. Ірі мұнай кен орындары болып Жаңатаң, Лақтыбай,Ақжар, Шығыс Ақжар,Қаратөбе, Оңтүстік Қаратөбе болып саналады, олар негізінен Жем өзенінің сол жағалауына орналасқан. Табиғи байлықтың бірі-кир/битум/,бұл жол құрылысына кеңінен пайдаланылатын шикізат. Оның қоры өте мол. Ауданның Миялы селолық округіне қарасты елді мекендерінің және Қопа ауылдық округіне қарасты жерлерде табиғи ұлутастың /ракушка/ мол қоры бар. Сонымен қатар, темір жол бойына орналасқан елді мекендер территориясында игерілмеген табиғи құрылыс материалы- әйнек өндірісіне пайдаланыллатын кварцты құм карьерлері бар. Ауданның Кенжалы елді мекенінің территориясында цемент өндірісіне кеңінен қолданылатын мергіл кенінің мол қоры зерттелген.

Облыстың дамуындағы Байғанин ауданының орыны

Байғанин ауданы облыстың мал шаруашылығын өркендету бағытында жұмыс жасайтын аудандарының бірі. Соңғы жылдары ауданның ауылшаруашылығын дамытуға табиғат жағдайлары және бүкілдүниежүзілік қаржы нарығының дағдарысы негативті әсер тигізіп отыр. Ауданның территориясында мұнай кенінің мол қорының бар екендігіне байланысты мұнай өнімін өндіру көлемі 2008 жылы 2007-жылмен салыстырғанда 1,4 пайызға өссе, 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 15,5 пайызға өсті.

2009-жылдың қорытындысы бойынша аудан экономикасына тартылған инвестиция көлемі 2008-жылмен салыстырғанда 91 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 52,3 пайызға , жергілікті бюджетке түсетін кірістер көлемі 76,5 пайызға, кәсіпкерлік саласында өндірілген өнім көлемі 36,2 пайызға өсті. Соған сәйкес , ауданның жұмыссыздық нарығында 2009-жылдың аяғында 72 жұмыссыз тіркеліп, 2008-жыл аяғындағыдан жұмыссыздар саны 54 адамға азайтылды. 2010 жылдың қорытындысы бойынша жыл аяғындағы тіркелген жұмыссыздар саны 47 болды.

Аудан экономикасының тұрақты дамуына байланысты демографиялық жағдай да жақсаруда, тұрғындардың көші-қоны тұрақталды. Тұрғындардың өмір сүруіне жағдайлар жасалуына байланысты кедей және аз қамтамасыз етілген отбасылар саны елеулі түрде азайды . Ауданның жұмысшыларының орташа еңбек ақы көлемі 67086 теңгені құрап, 2008 жылмен салыстырғанда 2,2 есеге өсті. Ауданның көлікпен қатынас жағдайының потенциалы жоғары.. Себебі, аудан орталығы және 3 селолық округ орталығының үстінен Қандыағаш-Атырау, Ақтөбе-Ақтау бағытында күніне 5-6 жолаушы поезды өтеді, сонымен қатар, ауданның 3 селолық округінің орталығы арқылы Республикалық маңызы бар Ақтөбе-Ақтау ,Ақтөбе-Атырау автожолы өтеді. Дегенмен, жолдардың сапасы мен инфрақұрылым жеткіліксіз дамыған. Аудан территориясында мұнай кенін өндіру және мұнай кенінің запасын зерттеу мақсатында жұмыс жасап жатырған компаниялардың есебінен жергілікті, Республикалық және облыстық бюджет есебіне түсетін қаражат мөлшері өте улкен.


Инвестициялық қызмет.

Аудан орталығы –Қарауылкелді ауылына Шұбарши-Байғанин бағытында Республикалық бюджет есебінен газ құбырының тартылуына және Кемерши ауылына 320 орындық типтік жобадағы мектеп үйінің , Алтай батыр ауылына 50 орындық балалар бақшасының салынуына, «Тұрғын үй »бағдарламасы бойынша 6 пәтерлік 3 үйдің құрылысы салынуына және «Жол картасы » бағдарламасы бойынша әлеуметтік сала объектілерінің салынуы мен күрделі жөндеуден өткізілуіне байланысты аудан экономикасына соңғы 3 жыл ішінде тартылатын инвестиция көлемі 50-80 пайызға өсіп отыр. Сонымен қатар, жеке тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік объектілердің көптеп салынуы да инвестция көлемінің өсуіне үлесін қосуда. Аудан экономикасына тартылған басым инвестиция көлемін аудан территориясында мұнай өндіру саласында жұмыс жасайтын инвесторлар қаражаты және жеке тұрғындар қаражаты құрайды.


Ауданның банк жүйесінің қызметі туралы

Аудан тұрғындары үшін Халықтық банктің аудандағы филиалы және облыстық «Қазпошта »АҚ-ның филиалы қаржылық қызмет қөрсетеді.


2.2 Аумақтың әлеуметтік- экономикалық жағдайының талдауы.

2.2.1. Аудан экономикасы.

Ауданның экономикасы мал шаруашылығына негізделген. Мал шаруашылығын дамыту қолда бар малдың өз төлі есебінен және аудан тұрғынарының жеке қаражаты есебінен және банк несиелері есебінен жүргізілуде. Яғни, үкімет тарапынан мал шаруашылығын дамыту мақсатында қолдау шаралары жүргізілген жоқ. Аудан бойынша өндірілген өнімнің негізінен 80 пайызын ауыл шаруашылығы өнімдері құрайды. Аудан территориясында өндірілген мұнай мен газ қазба байлықтарының игілігін бүгінгі таңда аудан тұрғындары көріп отырған жоқ.

Өнеркәсіп .

Соңғы жылдары мұнай өнімін өндіру көлемінің өсуіне байланысты аудан экономикасының негізгі саласының бірі - өнеркәсіп өнімін өндіру болып саналады.

2008-жылдың қорытындысы бойынша аудан территориясында мұнай өндірушіліердің өндірген өнімінің жалпы құны 26 млрд 500 мың теңге болса, 2009 жылдың қорытындысы бойынша 35,5 млрд теңгенің өнімі өндірілді, 2010 жылдың қорытындысы бойынша 37,7 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Яғни, өндірілетін өнеркәсіп өнімінің көлемі жыл сайын 5-8 пайызға өсіп келеді.

Ауылшаруашылығы саласында өндірілген өнімдерді өңдеу орындары жоқ. Сондықтан, өнеркәсіп саласының негізін өндірілетін мұнай өнімдері ғана құрап отыр. Өнеркәсіп саласында өндірілген өнімнің 0,7- 1,0 пайызын ауыз су үшін өндірілетін су мен аудан орталығындағы 2 наубайхананың қызмет көлемі құрайды.

Индустриалды –инновациялық даму

Аудан көлемінде табиғи қазба байлықтардың көзі көп болғанмен потенциалды игерушілердің болмауына байланысты Ақтөбе облысының 2010-2014-жылдарға арналған индустриалды-инновациялық индустрияландыру картасына біздің аудан бойынша бір де бір объект енгізілмеген. Аудан территориясында табиғи қазба байлықтардың мол қоры болуына байланысты индустриалды-инновациялық бағдарламға енгізілуге тиісті нысандар енбей қалғандықтан, сонымен қатар, табиғи байлықтардың жер асты қоры зерттелмегендіктен оны игерушілер табылмай отыр.

Ақтөбе облысының 2010-жылға арналған индустриализациялық картасы бойынша кен өндіру саласында «СНПС Ақтөбемұнайгаз»АҚ , « Қазақойл Ақтөбе»ЖШС-гі,


«Қазақтүрікмұнай»ЖШС-гі жұмыс жасайды. Сонымен қатар, «Қазақтүрік мұнай»ЖШС-гі Лақтыбай және Қаратөбе кен орындарындағы ілеспе газды пайдаға асыру мақсатында Жарқамыс ауылынан газопоршенді электрстансасын салып, электр қуатын өндіру жұмысымен айналысуда. Сонымен қатар, Жарқамыс ауылына кенін өндіру барысында шығатын ілеспе газды тұрмыстық мақсатқа пайдалану үшін газ құбырын тартып, пайдалануға берді.

Аудан территориясында мергіл кен орнының мол қоры болуына байланысты индустриалды- инновациялық бағдарламасы арқылы СПК «БАТЫС» арқылы Кенжалы елді мекенінен цемент зауыты салынатын болады.

Негізгі қорлардың жағдайы

Аудан бойынша барлық сектордағы негізгі қорлардың тозу дәрежесі 75-80 пайызды құрайды. Ауылшаруашылығы құрылымдарына 1998-жылдардан кейін техника алынған жоқ. Тек қана бюджет саласындағы мекемелерде ғана соңғы жылдары негізгі қорларды жаңарту жүргізілуде.Сонымен қатар, ішінара жеке шаруа қожалықтар мен жеке секторларда лизингалық әдіспен ауылшаруашылығы техникаларын алу жолға қойылып келеді. 2010 жылы бюджет қаражаты есебінен млн теңгенің негізгі қорға жататын құрал жабдықтары алынды. Жалпы, негізгі қор есебіндегі ауылшаруашылығы машиналары мен автомашиналар, тракторлардың пайдалану мерзімі 8-10 жыл болатын болса, нақтылы 18-22 жылға дейін пайдалануда жүргендері басым болуда. Аталған жағдайдың өзі өндірілетін өнімнің өзіндік құнының қымбаттауына аса үлкен әсер етіп отыр. Ауылдық елді мекендерді дамыту мониторингі бойынша аудан экономикасына 2009-жылы тартылған инвестиция көлемі /46411,5 млн теңге,2010 ж 54 158,8 млн тенге болып, аудан территориясында мұнай өндіру, мұнай іздестіру және тағы да басқа жұмыстармен айналысатын компаниялар есебінен көбейіп отыр.


Аграрлық -өнеркәсіптік кешен

Бүгінгі таңда ауданның агроөнеркәсіптік кешеніндегі жағдай өндірістің тиімді өсімімен, ауылдағы қаржы қызметі нарығының дамуымен, ауыл халқының өмір сапасының жақсаруымен сипатталады. 2009 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 4961,5 млн. теңгені немесе нақты көлем индексі 102,5 пайызды, аудан бойынша барлық өндірілген өнімнің 5,6 пайызын құрады. Жыл сайын ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар артуда. 2008 жылы инвестиция салу 72,2 млн. теңге, 2009 жылы 78,3 млн. теңге инвестиция тартылды. Ауданның ауыл шаруашылық жер көлемі 5219,3 мың гектар, оның ішінде жайылымдықтың 906,4 мың гектары, немесе 14,9 пайызы, 19,3 мың га 5199,1 мың га барлық шабындықтың 7,11 мың 38,6 пайызы пайдаланылады. Бұл аудандағы мал шаруашылығын әрі карай дамытудың потенциялы жоғары екенін көрсетеді.

Ауданның агроөнеркәсіптік кешенінің дамуы соңғы жылдарда тұрақталып, ауылшаруашығы өнімдерін өндірудің өсуі жылма-жыл артып, құрал-жабдықтармен ауылшаруашылық техникаларымен жарақтандыру жақсарып, ауыл халқының әл-аухаты көтеріліп келеді. Жыл сайын ауылшаруашылығы құрылымдарының оның ішінде іріленген заңды тұлғалардың саны өсіп келеді. Ауданда 4 ауылдық тұтыну кооперативтері құрылды. Күні бүгінге ауданда 246 шаруа қожалығы, 1 өндірістік кооператив, 4 ауылдық тұтыну кооперативі, 15 ЖШС жұмыс жасайды. Ауданымыздың экономикасы мал шаруашылығына негізделген ауылшаруашылығы секторын құрайды. Ауданымыздың жалпы ахуалы осы салаға тікелей байланысты.

Өсімдік шаруашылығы.

Аудан бойынша 2009 жылы 65 га картоп, 60,5 га көкөніс, 0,5 га жерге бақша, барлығы 126 га алқапқа суармалы бау- бақша егілді. 2008 жылмен салыстырғанда 1,5 пайзға артты. Егілген картоптан 749,7 тонна өнім жиналды, бұл көрсеткіш 2008 жылмен салыстырғанда 115,4 % құрады, ал көкөніс 1312 тонна жиналды немесе 157,1 % құрады. Аудан тұрғындарына ішкі қажеттілігіне 1968 тонна картоп қажет болса, ауданда өсірілген картоп өнімімен қамтылуы 43 пайыз. Қалғаны ауданнан тыс жерлерден әкелінеді. Ал көкөніс өнімдерімен 2160 тонна қажет болса, ол 61 тоннаға қамтылып, қалғаны кәсіпкерлер арқылы тыс жерлерден әкелінуде.

Өндірілген картоп, көкөніс өнімдерінің қыс айларындағы бағасын тұрақтандыру үшін аудан орталығында жеке кәсіпкер өз қаражатына сыйымдылығы 60 тонналық қойма салынды. Мұндай қойма алдағы жылдары Қызылбұлақ, Қарауылкелді селолық округтерінде салынады деп жоспарлануда. 2010 жылғы жалпы өнім көлемі 5068,8млн теңгені құрап отыр, оның ішінде өсімдік шаруашылығы 1759,9млн теңге, 3308,9млн теңге мал шаруашылығының үлесінде. Өндірілген барлық өнімнің21-22% ауылшаруашылығы кәсіпорындары (заңды тұлғалар) мен шаруа қожалықтарының үлесінде. Ауданда биылғы жылы 75 гектар жерге картоп, 70 гектар жерге көкөніс, бау-бақша егіліп, әр гектарынан 111 центнерден картоп, 190 центнерден көкөніс, бау-бақша өнімдері өндірілді.


1999-2009 жылдардағы егіс алқабының құрылымы

жылдар

барлық егіс алаңы

оның ішінде

картоп

көкөніс

бақша


1999

69

25

27

17

2000

76

27

29

20

2001

120

40

42

38

2002

126

42

45

39

2003

128

43

46

39

2004

124

41

40

43

2005

167,1

41

83,1

43

2006

173

41

89,0

43

2007

173

41

89,0

43

2008

211

56

96,5

42,5

2009

126

65

60,5

0,5

Аудан бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2009 жылы 4961,5 млн. теңге, 2008 жылмен салыстырғанда 4,6% өсті. Оның ішінде мал шаруашылығы саласында жылма жыл жоғарғы нәтижеге жетуде, мал шаруашылығы өнімінің жалпы өнімділігі 65,3 % құрайды.

Егіс көлемі

га

Атауы

Жылдар

2005

2006

2007

2008

2009

2010

Картоп

41

41

41

56

65

75

Көкөніс

83,1

89,0

89,0

96,5

60,5

70

Бақша

43

43

43

42,5

0,5

0,8

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

Похожие:

2011-2015 жылдарға арналған Байғанин ауданының аймақтарды дамыту бағдарламасының мазмұны iconЗайсан ауданының шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған өҢірлік бағдарламасы
Зайсан ауданының шағын кәсіпкерлігін дамыту және қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының төлқұжаты
2011-2015 жылдарға арналған Байғанин ауданының аймақтарды дамыту бағдарламасының мазмұны icon2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы
Р үдемелі индустриалды инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы...
2011-2015 жылдарға арналған Байғанин ауданының аймақтарды дамыту бағдарламасының мазмұны icon1 –ші кесте Аудандық бюджеттің 2012 -2014 жылдарға арналған негізгі параметрлары
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
2011-2015 жылдарға арналған Байғанин ауданының аймақтарды дамыту бағдарламасының мазмұны icon«Зайсан ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің миссиясы – мәдениет саласында қазіргі заманғы мәдени...
2011-2015 жылдарға арналған Байғанин ауданының аймақтарды дамыту бағдарламасының мазмұны icon2011-2015 жылдарға арналған Сырдария ауданының даму бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп
Мақсатты индикатор: Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі, өткен жылға пайызбен
2011-2015 жылдарға арналған Байғанин ауданының аймақтарды дамыту бағдарламасының мазмұны icon«Әлеуметтік -экономикалық даму болжамын әзірлеу Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына
Зайсан ауданының 2011 -2013 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлары бойынша ақпарат
2011-2015 жылдарға арналған Байғанин ауданының аймақтарды дамыту бағдарламасының мазмұны iconЗайсан ауданының 2008-2011 жылдарға арналған дене шынықтыру мен спортты дамыту бағдарламасы зайсан қаласы
Бағдарламаның атауы: Зайсан ауданының 2008-2011 жылдарға арналған дене шынықтыру мен спортты
2011-2015 жылдарға арналған Байғанин ауданының аймақтарды дамыту бағдарламасының мазмұны icon«Зайсан ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
«Зайсан ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мм 2011–2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
2011-2015 жылдарға арналған Байғанин ауданының аймақтарды дамыту бағдарламасының мазмұны icon2013-2015 жылдарға арналған Зырян ауданының негізгі бюджетік параметрлері бойынша қысқаша ақпарат
Зырян ауданының бюджеті «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» 2012 жылғы 21 желтоқсандағы №13/2-v шешіміне өзгерістер...
2011-2015 жылдарға арналған Байғанин ауданының аймақтарды дамыту бағдарламасының мазмұны iconМақсаты
Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница