Әлеуметтік экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты




Скачать 97.53 Kb.
НазваниеӘлеуметтік экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты
Дата конвертации13.02.2016
Размер97.53 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://abay.vko.gov.kz/kz/files/report_05.doc
Аудан әкімі Т.Мүсәпірбековтің кезекті есеп берудегі баяндамасының тезистері.


Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындауда өткен 2012 жылы ауданда жоспарлы жұмыстар атқарылды.

Барлық ұйымдастыру, саяси жұмыстары Елбасы Жолдауын халыққа түсіндіруге, насихаттауға бағытталды.

Ауданның экономикалық дамуының негізгі бағыты – агроөнеркәсіп кешені. Оның ішінде мал шаруашылығы негізгі тіршілік көзі болып табылады. Ауылшаруашылық құрылымдарында мал шаруашылығынан өндірілген өнімдердің көлемі: ет – 13640 тонна былтырғы жылмен салыстырғанда -115,1 %, жұмыртқа – 866 мың 400 дана орындалуы 105,1 % , сүт- 21198,1 тонна 106 % орындалды.

Аудан бойынша қолда бар қой, ешкі малы 283360 бас, былтырғы жылмен салыстырғанда -100,3%, мүйізді ірі қара 40308 бас - 100,5%, жылқы 17105 бас -100,6% ,түйе 137 бас -105,4%. Үй құстары барлығы 8100 тауық, 101,5%.

Ауыл шаруашылығын қолдау қоры арқылы «Сыбаға» бағдарламасы негізінде 24 шаруашылық 258 млн. 500 мың теңгенің несиесіне асыл тұқымды бұқалар және аналық сатып алынды.

«Жайлау» бағдарламасы бойынша бөлінген 50 млн. теңгеге 2 мың бас қой малы алынды.

Қысқы уақытқа МІҚ малына қатаң азықтың бағасын жеңілдету үшін берілген субсидияға аудан бойынша 85 шаруашылық құжаттарын өткізіп, 24 млн 691 мың теңге қаржы игерді.

Асыл тұқымды қой малын сатып алуға 76 млн. 981 мың теңге қаражат және жылқы малын сатып алуға қаралған 15 млн. 946 мың теңге қаражат бөлініп, игерілді. Аталған бағдарлама аясында асыл тұқымды 315 бас МІҚ малын сатып алған шаруашылықтарға мемлекет тарапынан 33 млн. 705 мың теңге субсидия төленді. МІҚ малына селекциялық жұмыстарын жүргізу үшін 50 млн. 076 мың теңге бөлініп, игерілді.

Тауарлы шаруа қожалықтары 36,1 тонна жылқы етін өндіріп, 3 млн. 321 мың теңге; 71,3 тонна қой етін өндіріп 3 млн. 565 мың теңге; 35 тонна сиыр етін өндіріп 4 млн. 200 мың теңге игерді.

Қымыз өткізу бойынша 3 шаруа қожалығы 58 тонна қымыз өндіріп 3 млн. 480 мың теңге субсидия алынды.

2011 жылы ауданға барлық субсидия түрлері бойынша 112 млн млн. 711 мың теңге қаражат игерілсе, 2012 жылы 216 млн 650 мың теңге қаражат игерілді. Бұл қаражат 2011 жылмен салыстырғанда 102 млн. 550 мың теңгеге артық.

Аудан бойынша 897 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, бұл былтырғы жылғы осы уақытпен салыстырғанда 1,6 пайызға өскен. Оның ішінде 541 шаруа қожалығы, жеңілдетілген декларация және жалпыға бірдей тәртіп бойынша 149 шағын кәсіпкерлер субъектілері, заңды тұлға ретінде 30 кәсіпорын тіркелген, 176 кәсіпкер патент жүйесімен жұмыс жасайды. Осы шағын кәсіпкерлік субьектілерінде 1647 адам жұмыс істеп, бұлардан түскен салық сомасы 59112,0 мың теңге бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 16,6 пайызға өскен.

Ауданымызда негізгі халық тұтынатын азық-түлік тауарларын 10 пайыз төмен бағамен сататын 4 әлеуметтік дүкен жұмыс жасап тұр. Нан және ұн бағасын тұрақты ұстап тұру мақсатында облыстық тұрақтандыру қорынан жыл ішінде 125 тонна ұн алынды.

2012 жылы аудан бюджеті 1 млрд. 942 млн. 750 мың теңгеге бекітіліп, 2 млрд. 124 млн. 748 мың теңгеге нақтыланды. Жергілікті бюджет 207 млн. 338 мың теңгеге нақтыланып, 210 млн. 956 мың теңгеге орындалды, яғни 101,7 пайыз. Жоғарғы бюджеттен түскен трансферттер көлемі 1 млрд. 917 млн. 410 мың теңге. Бюджет шығысы 2 млрд. 136 млн. 980 мың теңгеге нақтыланып, 100 пайызға орындалды.

Абай ауданы бойынша жолдар жүйесі 372,91 шақырым. Оның ішінде 293 шақырым облыстық маңыздағы жолдар, қалған 79,91 шақырымы аудандық маңыздағы жолдар.

Аудан бюджетінен аудандық маңызды жолдарды қысқы-жазғы ұстау, күтіп ұстау және ағымдағы жөндеуге 50264,0 мың теңге бөлініп, өз мақсатында жұмсалды.

Ауыл ішіндегі жолдарға 28,3 млн теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын паспортизациялауға 1523,0 мың теңгеге бөлініп, игерілді.

Аудан бойынша бүгінгі күні 7 елді мекенде су құбыры жұмыс жасап (Қарауыл, Кенгірбай би, Архат, Қасқабұлақ, Құндызды, Медеу және Саржал), халық сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуде.

Аудан тұрғындары мен мекемелерді ауыз сумен жергілікті «Риза» КМҚК қамтамасыз етеді. Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы аудан бойына 84,6 шақырым, 16 скважина бар. Халықты сумен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 9145,0 мың теңге бөлініп, игерілді.

Ауданда соңғы жылдары елді мекендердің келбетін көркейту, абаттандыру жұмыстары бойынша аудан орталығы Қарауыл ауылының басты көшелері, алаңдары мен мекеме ғимараттары толықтай заман талабына сай жарықтандырылған.

Аудан аумағында 30 га алаңдар мен скверлер, 20 ескерткіш, 21 көп қабатты тұрғын үйлер аулалық аумағымен және 12 тұрмыстық қатты қалдықтарды төгетін орын бар.

Көктемгі жарияланған тазалық айлығында аудан бойынша 54 шақырым көше тазаланып, бақтар, алаңдар, мектеп, бала-бақша алаңдары ретке келтірілді, 9075 текше метр күл-қоқыс шығарылды. Мекемелер жанындағы скверлер, алаңдар тазартылды, барлығы отызға жуық парктер мен скверлер және онға жуық ескерткіштер маңайы тазаланды.

Аудан орталығы Қарауыл ауылына кіре берістегі кіші және үлкен скверлерге былтырғы өспей қалған ағаштардың орнына ағаштар мен бұталар отырғызылды. Орталық алаңдағы парктегі гүлзарларға бұталар, гүлдер егілді.

Белгілі жазушы, әнші Жәнібек Кәрменовке ескерткіш орнатылды.

Ауданға 34543,0 мың теңге қаржы бөлініп, көшелер жарықтандырылды.

Аудандық мәдениет үйіне 110,8 млн теңгеге күрделі, орталық кітапханаға 34,5 млн. теңгеге ағымдағы, Архат ауылдық клубын 6,5 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қарауыл ауылындағы «Нива» магазині өлкетану мұражайы етіп 45,2 млн. теңгеге қайта жасақталды. Саржал ауылдындағы сауда орталығын мәдениет үйіне қайта жабдықтауға 3,9 млн. теңгеге жобалық сметалық құжаты дайындалды.

Қаңтар–қараша айларында жалпы ауданы 2426,5 шаршы метр (өткен жылмен салыстырғанда 102,7 пайыз) тұрғын үй пайдалануға берілді.

«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы негізінде республикалық бюджеттен 15,0 млн. теңге бөлініп, 7 жанұя үймен қамтамасыз етілді. «Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын модернизациялау» бағдарламасы бойынша Қарауыл ауылындағы үш қабатты 27 пәтерлі тұрғын үйді жөндеуге 11065,5 мың теңгеге жөндеуге жобалық сметалық құжат дайындалды.

«Туған жерге тағзым», акциясы аясында 72 млн тенгенің 31 жобасы жүзеге асырылды.

2012-2014 жылдарға тірек ауылдарды дамытуға Көкбай, Саржал, Қасқабұлақ ауылдары енгізілген. Осы ауылдарға «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен балаларға арналған спорт алаңын жасауға, ауылдың көше жолдарын жөндеуге 59 млн теңге бөлініп, игерілді. Облыстық бюджеттен 23,3 млн теңге, аудандық бюджеттен 10,3 млн теңге бөлініп, игерілді. Бизнестің жеке меншік әлеуметтік жауапкершілігі бойынша аудан кәсіпкерлері, шаруа қожалық жетекшілері ауданға 89,1 млн теңге қаражат көлемінде өз үлестерін қосты.

Ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлікті дамыту және бизнестің жеке меншік әлеуметтік жауапкершілігі салалары бойынша Саржал ауылында қымыз өндіру цехы жеке кәсіпкердің өз қаржысы есебінен 1200,0 мың теңгеге қайта жасақталып, жұмыс істеуде. Жастар саябағы жөнделіп, абаттандырылды. Хоккей корты жасалынды.

Көкбай ауылында жеке кәсіпкерлер есебінен 4 млн теңгеге азық-түлік дүкені, 8 млн. теңгеге тойхана жасалды. Демалыс саябағы, «Азалы ана» аллеясы жөнделіп, көркейтіліп, көгалдандырылды, хоккей корты салынды.

Қасқабұлақ ауылында «Қасқабұлақ» ЖШС-і арқылы мал бордақылау алаңын жасақтап, іске қосуға 54030,0 мың теңгеге жоспарланған (жобалық-сметалық құжаттары дайын). Жастар саябағы жөнделіп, көгалдандырылды. Осындай көмектер арқылы үш тірек ауылдарында ауылдың кіре беріс қақпа құрылды. Ауылдарды абаттандыру, көркейту, көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, ағаш шарбақтар орнатылды.

Үстіміздегі жылы да ауылдарды көркейту, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жалғастырыла береді.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына орай жұмыссыздарды, табысы аз адамдарды оқытып, жұмысқа орналастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді.

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 76 адам біліктілігін арыттыруға және қайта даярлауға жіберілді.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша 69 адамға 81 млн. теңге несие берілді. Оның 75 млн. теңгесі ауылшаруашылығын дамытуға, 6 млн. теңгесі кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 4 адамға берілді.

Бағдарламаның төртінші бағыты бойынша ауылдық елді мекендерді дамытуға 59 млн. 049 мың теңге бөлінді.

Атаулы әлеуметтік көмек 42 отбасыға 5134,6 мың теңге, балалы отбасыларға 1880 балаға 29580,0 мың теңге, тұрғын үй жәрдемақысы 233 жанұяға 5175,1 мың теңге төленді. 48 жұмыссыз адам есепке алынып, жұмыссыздық деңгейі 0,6 пайызды құрады.

Жұмыссыздарды әлеуметтік жағынан қолдау көрсету және жұмыссыздықты азайтудың бір түрі ақылы қоғамдық жұмысқа 240 адам тартылды.

Аз қамтамасыз етілген етілген жанұяларға демеушілер арқылы 960 адамға 5832,4 мың теңге көмегі көрсетілді. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын 30 мүгедек балаларға 3783,8 мың теңге материалдық көмек төленді.

Жұмыссыз азаматтарға, кәсіптік білім беру және қайта даярлықтан өткізу мақсатында жиыны 26 адам оқуға жіберілді.

Жастар іс-тәжірибесінен жоғарғы және арнаулы оқу орындарын бітіріп келген 27 жастар өтуде. Әлеуметтік жұмыс орындарына аз қамтамасыз етілген 9 адам, жиыны 194 адам жұмысқа орналасты.

Биылғы жылы «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша 9 жас маманға 1019,3 мың теңгенің көтерме жәрдемақысы төленіп, 10 жас маманға тұрғын үй сатып алу үшін 24270,0 мың теңгенің бюджеттік несие берілді.

Бүгінде аудан бойынша 10 орта білім беретін, 1 негізгі мектеп жиыны 11 білім мекемесі жұмыс істейді. Оның 7-і шағын құрамды, 1- орта мектеп, 1 гимназия және 1 мектеп-лицей ретінде жастарға білім мен тәрбие беруде. Оқушылар саны 2667 бала. Оның 778-і (30 пайыз) озат, 772-сі (28 пайыз) оқу екпіндісі.

Сонымен қатар 2 қосымша білім беру мекемесі – саз және өнер мектептері, 3 ясли-бақша, 13 шағын орталық, 3 мектеп жанындағы интернат жұмыс жасайды. Мектеп жасына дейінгі 982 балалардың 79,4 пайызы, яғни 746 бала оқумен қамтылып отыр, былтырғы жылмен салыстырғанда 114,4 пайыз. Даярлық тобында 211 бала, мектептер жанындағы 13 шағын орталықта 419 бала.

Бүгінде мектептерде 421 мұғалім қызмет істейді, оның 374 жоғары жоғары білімді (89 пайыз), арнаулы орта 46 (11 пайыз), 1 орта білімді.

Білім бөліміне 943 млн. 708 мың теңге қаратылып, игерілді. 1 млн. 200 мың теңге оқушыларды «Бақанас» туристік-сауықтыру демалыс орындарына жіберу үшін бөлінді. Бүгінде мектептердегі барлық 1-4 сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтамасыз етілген, бұл мақсатта 29 млн.737 мың теңге бөлінді. Оқушыларды оқулықпен қамтамасыз етуге 9 млн. 132 мың теңге бөлінді.

2011 жылы ҰБТ қорытындысы бойынша орта көрсеткіші– 99,29 балл болса, 2012 жылы 60,6 балл.

Ауданда басқару-ұйымдастырушылық, қоғамдық-саяси және мәдени шараларды жүйелі, жоспары түрде жүргізіліп келеді.

2012 жылдың ақпан-сәуір айлары аралығында «Өркендей бер, туған елім!» атты ауылдық округтер мен аудан мекемелері арасында өнер байқауы өтті.

Наурыз мерекесі, Қазақстан халқының бірлігі күні, Ұлы Жеңістің 67 жылдығы, Мемлекеттік рәміздер мен Астана, Конституция күндері және алғаш рет мерекеленген Тұңғыш Президент күні жұртшылықтың белсенді қатысуымен, жаңа идеялық мазмұндылығымен ерекшеленді.

Заманымыздың заңғар жазушысы, ұлы жерлесіміз Мұхтар Әуезовтың 115 жылдығы аталып өтті.

Қазақтың тұңғыш кәсіби скрипкашысы Әйткеш Толағанбаевтың 90 жылдығына орай оның шығармашылығы аудан көлемінде насихатталды.

Көрнекті ақын Мерғали Ибраевтың 70 жылдық мерей тойына орай «Мен де бір Абайдың ұшқынымын» тақырыбында жазба ақындардың облыстық мүшайрасы ұйымдастырылды.

Олимпиада жеңімпаздарына арналған форум, «Қазақстан барысы» жүлдегерлерімен кездесу, қазақ күресінен Манарбек Таутановты еске алуға арналған республикалық, Мағауия Оразбеков атындағы жүлде үшін оқушылар арасында облыстық турнирлер ауданда спорттың дамуына игі ықпал етті.

Аудан жастары арасында үлкен қызығушылық тудырған «Шыңғыстау серісі» сайысы, «Біз – Қазақстан патриоттарымыз» атты акция жастарымыздың жаңалыққа, өнерге құштарлығын, отаншылдық сезімдерінің биіктігін көрсетті.

Абай елінің өнердегі «бойтұмары» «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің 40 жылдық мерей тойы өтті. Демеушілер арқылы «Айттым сәлем, Қаламқас» кітап шығарылды.

Абай елінің өнерпаздары облыстық аудан, қала арасындағы өткен байқауда бірінші орынға ие болды.

Абай еліндегі оң өзгерістерді, атқарлыған игілікті істерді облыс көлеміне насихаттау мақсатында қараша айында облыстық көшпелі әкімдігі өтіп, қала, аудан басшылары халық боп жасалған жұмыстармен танысты.

Абай аудандық медицина бірлестігі құрамында кеңес-диагностикалық емхана, 46 төсектік аурухана, 7 дәрігерлік амбулатория, 2 медицина қызметкері ғимаратсыз жұмыс жасайды. Ауданда 48 дәрігер, 100 орта медицина қызметкері халыққа медициналық көмек көрсетуде.

2012 жылы туберкулезбен аурушаңдық 7-46,5 болса, 2011 жылы 11-72,3 болған. Жалпы өлім көрсеткіші 8,0, алдыңғы жылмен салыстырғанда 98,3 пайыз. Туу көрсеткіші 16,1 2011 жылмен салыстырғанда 79,7 пайызға төмендеген.

Медицина бірлестігі 2012 жылы 84 млн. 910 мың теңгенің жаңа жабдықтарымен жасақталды. Атап айтқанда, цифрлық рентген аппараты, жаңа туған сәбилерді жасанды демалдыру аппараты, арнайы интенсивті терапиялық инкубатор, әйел адамдарды тексеруден өткізетін маммограф.

Аудан бойынша 2012 жылы негізгі демографиялық көрсеткіштер бойынша туған бала саны –242 бала, қайтыс болғандар 118 адам, табиғи өсім +124 адам. Аудан бойынша келген адамдар саны 1017 адам, ал кеткені 734 адам. Көші-қон сальдосы +283 адам. Аудандағы халық саны 15274 адам.

Өткен жылы ауданда 135 қылмыс тіркеліп, 71,9 пайызы ашылды. Ауыр және ерекше ауыр қылмыстардан 12 іс тіркеліп, 78,6 пайыз ашылды. Ұрлық жасау бойынша 88 ұрлық тіркеліп, 63,6 пайыз ашылды, оның ішінде 56 мал ұрлығы. Кәмілетке толмағандар тарапынан қылмыстық іс тіркелген жоқ.

Елбасымыздын «Қазақстан - 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауын басшылыққа ала отырып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа қарқын, елеулі өзгерістер әкелу өзекті міндетіміз болуы тиіс.

2013 жылы атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттары:

- мал тұқымын асылдандыру жүмыстарын жалғастыру

- несие беру арқылы мал басын көбейту, өнімін сыртқа шығармау

- эпизотияға қарсы іс-шаралар жүргізу

- «Туған жерге тағзым» акциясы аясында жаңа жобаларды іске асыру арқылы ауылдарды абаттандыру, жарықтандыру

- аудан орталығынан жаңа стадион салу

- Саржал ауылынан жаңа мектеп үйінің құрылысын бастау, мәдениет үйін қайта жабдықтау

- Тоқтамыс ауылына су құбырын тарту

- Ш.Құдайбердиевтің 155 жылдық мерейтойын атап өту және аудан орталығында ескерткіш орнату

- білім беру сапасын көтеру

- спорт пен дене шынықтырудың бұқаралығын арттыру

- аурудың алдын алу, саламатты өмір салтын қалыптастыру

- қылмысқа қарсы күресті күшейту

Осынау ауқымды істерді атқаруда еліміздің ұлылар елі екендігін, халқымыздың тектілігін, аса жауапты істе бір кісідей жұмылатын ұйымшылдығын көрсетуіміз керек.





Похожие:

Әлеуметтік экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты iconӘлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық...
Әлеуметтік экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты icon«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты»
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаларын насихаттау...
Әлеуметтік экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты iconӘлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты
Жергілікті атқарушы органдарында Президенттің кезекті Жолдауын зерделеуді ұйымдастыру
Әлеуметтік экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты iconӘлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты
Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру және насихаттау жөніндегі
Әлеуметтік экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты iconБекітемін облыс әкімінің орынбасары
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына...
Әлеуметтік экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты icon«Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты»
Моноқалаларды дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
Әлеуметтік экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты icon«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» атты
Индустриаландыру картасына енгізілген индустиалдық-инновациялық жобаларды (2 құрама жем өндіру зауыты, биотыңайтқыш шығару өндірісі,...
Әлеуметтік экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты icon2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы
Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы №261 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық...
Әлеуметтік экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты iconӘлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты
Жолдау аясында және жергілікті атқарушы органдары басшыларының халықтар алдында есеп беру кездесулерін өткізу туралы Жарлығын орындау...
Әлеуметтік экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты iconБілім беру жүйесін жаңғырту адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты
«Білім беру жүйесін жаңғырту – адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты» тақырыбындағы дарынды балаларға арналған білім беру...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница