Методикалық нұсқаулар. Биелерді төл алу және қымыз дайындау мақсатында пайдалану дамыған үйірлі жылқы шаруашылығы бар елдерді кең тараған




Скачать 88.92 Kb.
НазваниеМетодикалық нұсқаулар. Биелерді төл алу және қымыз дайындау мақсатында пайдалану дамыған үйірлі жылқы шаруашылығы бар елдерді кең тараған
Дата конвертации13.02.2016
Размер88.92 Kb.
ТипМетодикалық
источникhttp://psu.kz/arm/upload/umk/59098.doc
Жылқының сүт өнімділігі

Методикалық нұсқаулар. Биелерді төл алу және қымыз дайындау мақсатында пайдалану дамыған үйірлі жылқы шаруашылығы бар елдерді кең тараған.

Елімізде 50 мыңнан астам бие сауылып, жүздеген қымыз фермалары мен қымыз емханалары жұмыс істейді. Қазақ республикасында жылына 40-50 мың қымыз өндіру жоспарлануда. 6-8 ай сауын мерзіміндегі биенің сүт өнімділігі орта есеппен сүті аз малда 700-1500 л, сүттілігі орташа 1500-2500 л және сүттілігі жоғары малда 2600-3000 л болады.

Сүттіліктің индексі және өндірілген сүттің салыстырмалы мөлшері малдың 100 кг салмағынан, абориенді қазақы, қырғыз, башқұрт, якут (400-700 л) тұқымдарында көп.

Емузілу құлындар алғашқы айларында тәулігіне 10-20 литірге дейін сүт еміп, 1-2 кг тәуліктік салмақ қосады. Бие желінінің сиымдылығы (1,5-3 л) аз болған кезде, цистернаның сүт өнімділігі үдемелі жоғары болса, ондағы бөлінгенсүт ірі сүт өзектерін сүт жолдарын тез толықтырады да, қатты қысым жасайды, ал бұл сүттің қысым сүттің әрі қарай бөліну процесін тежейді. Желін құрылысының осындай ерекшеліктерін ескере отырып, күндік сүт өнімділігін көбейту үшін, оның желінің жиі босату керек, ол үшін биені әрі екі сағат сайын, тәулігіне 5-6 рет сауады. Жиі сауын жылқы фермаларының жұмысын қиындатады. Сүтті жылқы шаруашылығында ДА-3 машиналарын қолдана отырып механикаландырылған қондырғылармен сауады. Бұл жұмыс өнімділігін едәуір арттыру керек.

Бие сүтінің мөлшерін есептеу, еңбекті көп қажет ететін тым ауыр жұмыс. Ағашқы емізген айларда биенің сүттілігін құлынның қосымша салмағына байланысты анықтайды. Жылқыны құлыннан айырғаннан кейін, күндіз 12 сағат бойына әрбір 2 сағат сайын 6 рет қайталап сауады. Іс жүзінде әрбір 2 сағат сайын саууға мүмкіндік бола бермейді. Осы себепті әрбір сауынның, әсіресе соңғы сауынның уақытын минутына дейін жазып отырған дұрыс. Бұл алынған мәліметтер бір тәулік ішінде сауылған сүттің мөлшерін есептеп шығаруға мүмкіндік береді.

Биенің сүттілігін анықтау үшін бақылау сауымды қатарынан 2 күн жүргізген дұрыс.

Тәулік бойы сауудың нәтижеснде М.А. Сайгин (1955), М.С. Мироненко (1957) мынадай қорытындыға келеді. Биеден тәулік бойы әр сағат сайын шығатын сүт бір мөлшерде болады. Сондықтан тәулігіне шығатын сүтті есептеп шығаруға болатынын дәлелдейді. Құлынды енесінен бөліп сауатын сүт фермаарында И.А. Сайгин формуланы ұсынды:





Мұнда:

– тәулікте сауылатын сүт

– бақылау кезінде сауылатын нақты сүт мөлшері

– сауу уақытының ұзақтығы

– тәуліктегі сауын уақыты.

Бие сүтінің құрамында, сиыр сүтіне қарағанда сүт қантының мөлшері көбірек, ал май мен белок аз келеді.

Углеводтар сүтте негізінен лактозаның дисахариді немесе сүт қанты түрінде кездеседі. Бие сүтінде шамамен 1,2-2,3 процент май бар. Сиыр сүтінде небары 4,7 процент. Лактоза организмге жақсы қорытып сіңіріледі. Бие сүтінің шамамен 1,2-2,3 процент май бар. Бұл сиырдағы май мөлшерінн 2 еседей кем. Бие сүтіндегі май түйіршіктерінің мөлшері сиырдыкіне қарағанда аз келеді, сол себепті май тез гидролизденіп, ағзаға жақсы сіңеді. Сүт майының йод саны бие сүтінде 80-108 аралығында болады, ал сиыр сүтінде тек 25-40 болады.

Сүттегі ең бағалы зат – белок. Бие сүтінде ол 1,8-2,2 проценттей болады. Белок казеин, альбумин және глобулин сияқты негізгі үш түрге бөлінеді. Олардың әрқайсысы одан әрі бірнеше фракцияларға тарамдалады. Бие сүтінде 40 процент еритін белоктар (альбуминдер, глобулиндер, амин қышқылдар) бар. Бие сүтінің құрамында жоғары мөлшерде А, В, Е, Г, Р және әсіресе С (70-120 мг) витаминдерінің болуы оның негізгі ерекшелігі болып табылады.

Қымыз дайындау. Қымыз дегеніміз – бие сүті қышқылдарын белоктарымен, ашытқымен ашыту арқылы алынатын қышқылтым сусын. Қымыздың сапасының жоғары болуы, оның емдік қасиеті – көп жағдайда бие сүтінің сапасына байланысты.

Қымыздың дертке дауа, тамаша шипалық қасиеттеріне ашытқылары ғана әсер етпейді. Бие сүтінің табиғи ерекшелігі сондай, оны ашыту процесінде микроорганизмдер антибиотикалық заттар пайда болады. 1 литр қымызда 20 г қоректік белок бар, ол орташа қондылықтағы сиырдың 100 г етіне тең келеді.

Қымыз организмге тез сіңетін қоректі және минералды заттардан, сондай-ақ көмірқышқылы қоспаларынан, сүт қышқылынан және спирттен тұрады. Бұлар нерв жүйесіне сергітіп, асқорыту процесіне ықпал етіп, қан айналу жұмысын жақсартады. Қымыз өндіру үшін дені сау малдан алынған потогенді микробы жоқ, қышқылдығы 70Т6 тығыздығы 1,029-1,033, басқа иісі, дәмі жоқ сүтті және технологиялық ереже бойынша дайындалған қышқылдығы 120-461 Т қымыздық ашытқы пайдаланылады. Қымыз өндірідің технологиялық процестері келесі операциялардан тұрады:

  1. шикізатты қабылдау және өңдеу;

  2. ашыту және араластыру;

  3. шөлмектерге құю және тығындау, этикетка жапсыру;

  4. пісіру және газдау;

  5. мұздату;

  6. сақтау және тасу;

  7. шикізатты қабылдау және дайындау мынадай бөлімдерден тұрады:

  1. бие сүтін өлшеу;

  2. сүзгіден өткізу;

  3. температурасын өлшеу;

  4. сүттің қышқылдығын; тығыздығын және майлылығын анықтау.

Ашыту және сапыру (пісу). Сүтті қабылдап, өңдегеннен кейін, оны 26-280 жылылықта ашытады. Сүтке өндірістік ашытқыны қоспаның қышқылдығы 50-600Т көтерілгенше құяды. Сүтке қор қосылғаннан ейін пісуді бастайды. Қымызды 60-80 минут бойы піседі, былғауыштың айналу жылдамдығы минутына 480 айналым болуы керек. Қышқылдығы 55-650 болып, қымыздың өзіндік бір жағымды иісі шықаннан кейн пісуді тоқтатады.

Шөлмектерге құю; тығындау және этикеткалау. Араластыру – пісу аяқталған соң қымыз көлмектерге құйылады. Шөлметің аузы резинка немесе газ тығынмен не металл қақпақтарымен жабылады. Шөлмектерді МРТУ 46-573-69 талаптарына сай табиғи қымыздың бекітілген үлгісімен этикеткалайды.

Жетілуі мен газдануы.қымызды құйып, тығындағанна кейін жетіліп пісуі үшін және өз-өзінен газдануы үшін оны 2-3 сағатқа бөлме температурасына қойып, содан соң 6 градус жылылықтағы тоңазытқышқа салады. Қымыздың газдануының аяқталғандығын оның тығынын алғаннан кейін шөлмекті сілкігенде пайда болатын көпіршіктерден біледі.

Қымыздың жетіліп пісу уақыты деп, сүтті ашытқан кезден бастап, мекемеден сатылуға шыққанға дейінгі уақыты айтылады.

Қымыз категориясы. Жетіліп пісу уақытына, күштілігіне (ащылығына) байланысты қымыз үш категорияға бөлінеді:

  1. Әлсіз (жетілуі – 5-6 сағат)

  2. Орташа (жетілуі – 1 тәулік)

  3. Ащы, күшті (жетілуі – 2 тәулік)

Сақтау. Қымызды дайындау мекемесінде +60 жылылықта бір тәуліктен астам сақтауға болмайды.

Қымыз ашытқысын дайындау методикасы. Лабораториялық ашытқы стерильді қайнатылған бие сүтінен әзірленеді. Кобаны алып, оған 200 мл жаңа сауылған бие сүтін құйып, мақта тығынымен жабады да, жылы суға салып, 30 минут сарқылдатып қайнағанша қайнатады; егер автоклав болса, 5 минут 1-атм-да стерилизациялайды.

Содан кейін 34 градусқа дейін мұздатып қойып, екі түтікпен стерилизацияланған бие сүтіне езілген ашытқыны, ал бір түтіктен болғар дәні талғының сүтті – қышқылын құяды. Колбадағы сұйықты жақсылап аралстырып 34 градустан 100-120 градус температураға дейін қышқыл пайда болғанша қалдырады.

Мұнан кейін колбаға 1/3 жаңа сауылған бие сүтін қосып, 15-20 минут араластырады да 100 градус қышқылдыққа жеткенше 26-28 градус температурада қалдырады.

Өндірістік ұйытқыны лабораториялық ашытқының негізінде жасайды.

Лабораториялық ашытқыға 26-28 градус температурада тәулігіне 4 рет жаңа сауылған бие сүтін қосады. Бие сүтін қоспаның қышқылдығы 65-700Т төмендегенше құяды. Бұл процедураны қажетті мөлшермен қажетті сапалы ашытқы алғанша 4-5 тәулік қайнатады. Сүтті қосқан сайын ашытқыны 15-20 минут араластырады.

Өндірісте пайдаланардың алдында ашытқының қышқылдығы 120-1300Т болуы керек. Әрі қарай өндірістік ашытқыны 2-3 тәулікте жаңартып, қасиетін жойғанша пайдаланады. Шайқағанда көпіршіктені, ал микроскоппен қарағанда көзге 8-10 ашытқы клеткаларының көрініп, сүт қышқылы таяқшаларының мол көрінуі жақсы ашытқының көрсеткіші болып табылады.


ТАПСЫРМА


1. 14 сағат ішінде бақылау ретінде сауғанда құлынсыз 8,4 литр сүт берген биенің тәуліктегі сүт өнімділігін анықтандар.

2. Егер құлын туғанда 50 кг, ал 30 күннен кейін 90 кг тартқан болса, биенің бірінші емізу айындағы орташа тәуліктік сүт өнімділігі қанша болады.


28-кесте

Құлынды тәулігіне 6 рет жіберіп емізгенде салмағының өзгеруі





8-де

10-да

12-де

14-те

16-да

18-де

Жібергенге дейін

Жібергеннен кейін

82

83

81,8

82,9

82

83,3

81,5

82,5

81,9

83

82,2

83,5


3. Құлынды таңғы сағат 6-ден кешкі 6-ға дейін 6 рет жіберіп емізген кезде, ол төмендегідей салмақта болған. Биенің тәуліктегі сүт өнімділігін анықтандар.

4. Сауылмаған биенің сүтін сынауға алып, қарапайым биохимиялық талдау жасандар.

5. Бие сүті мен сиыр сүтіне салыстырмалы биохимиялық баға беріндер.

6. Технологиялық МРТУ-46-573-69 нұсқауын басшылыққа ала отырып, қымыз дайындандар.


Кіріспе


Қазақстанда жылқы шаруашылығы маңызды роль атқарады. Республикамызда жылқы етін өндіру мөлшері де жыл өткен сайын өсіп келеді. Алдағы уақытты да етті жылқы шаруашылығын өркендете түсіге Қазақстанның мүмкіндігі мол.

Қымыз өндіру жөнінде де Қазақстан Одақ бойынша жетекші орындардың біріне ие. Еліміз бойынша өндірілетін қымыздық 85 проценті біздің республиканың үлесіне тиеді.

Жылқының көлік, жұмыс аты ретінде маңызы да әлі жойылған жоқ. Ат спортындағы орны да ерекше.

Жылқы шаруашылығы – ет пен сүт өндірудің қосымша көзі. Олай болса мал шаруашылығының басқа салаларымен бірге жылқы шаруашылығын өркендетіге де баса назар аудару керек. Жылқы шаруашылығының бүкіл резервтерін толық пайдаланып, оның барлық тұқымының сапасын барынша жақсарту қажет. Күтіп-бағу, азықтандыру мәселелерін жақсартып, тұқым асылдандыру жұмыстарын жетілдіре түскен жөн.

Республикамыздағы 187 млн. гектар табиғи жайылым үйірлі жылқы шаруашылығын дамытуға таптырмайтын мүмкіндік. Себебі осынша жердің жартысынан астамын су көздерінен қашық болғандықтан тек жылқы жаюға ғана пайдалануға болады. 1980 жылдың өзінде ғана қоғамдық сектордағы жылқы саны 33 мыңға немесе 4 процент көбейді. Осы жылы колхоздар мен совхоздар 177,7 мың, яғни 1976 жылмен салыстырғанда 35,5 мың құлын артық алынды. әр жүз биеден 67 құлыннан алынып, аман өсірілді. Бұл 1976 жылға қарағанда 14 құлын артық алынды деген сөз.

Жылқыны ұдайы өсіру жөнінде әр жүз биеден 75 құлыннан алып келе жатқан Шымкент облысының, әр жүз биеден орта есеппен 72 құлыннан алып келе жатқан Ақтөбе, Павлодар және Целиноград облыстарының шаруашылықтары жоғары көрсеткіштергежетіп келеді.

Қазақстан жылқы өсірушілерінің қол жеткен табыстары мамандарға, жылқышыларға және ферма қызметкерлеріне тікелей қатысты. Жылқыны ұдайы өсіру, осы салада өнімді мол өндіріп, оның сапасын жақсарту ісін сез еткенде Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Гурьев, Павлодар, Орал және Целиноград облыстарының, жылқышыларын аттап ету мүмкін емес. Мысалы «Бірлік» совхозының, (Павлодар облысы) жылқышысы М. Юсупов, «Қаракеңгір» совхозының (жезқазған облысы) жылқышысы А. Есімсейітов, «Горный» совхозының жылқышысы (Целиноград облысы) С. Рамазанов және осы облыстың «Өлеңті» совхозының жылқышысы М. Құттыбаев, «Зауральный» совхозының (Гурьев облысы) жылқышысы Қ. Расулиев, «Құланды» жалқы заводының (Қызылорда облысы) жалқышысы Т. Назаровтар 1981 жылы әр жүз биеден 85-95 құлыннан алып, аман өсірді. Көкшетау облысының Уәлиханов ауданындағы «Золотая Нива» совхозының аға жылқышысы Баяш Әміренов жыл сайын әр жүз биеден 96-98 аралығында құлын алып келеді. Отанымыз оның осынау еңбегін бағалап, Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталды. Ол оныншы бесжылдықтың қорытындысы бойынша республикада жылқы сапасын жақсартудың негізі тұқым асылдандыру жұмыстарын жолға қою, азықтандырудың қолайлы жағдайларын жасау, салт мінілетін және желісті жылқыларды жарату, үйірлеп бағу кезінде ет-сүт бағытындағы жылқы төлін бір бағытта өсіру болып табылады. Тұқымдық жылқылар саны 1980 жылы 642,7 мыңға жетті. Бұл 1960 жылғы көрсеткіштен 64% артық деген сөз. Тұқымдық жастағы таза тұқымды жалықылардың үлес салмағы – 3-15,8%.

Таза тұқымды жылқылар мен дон, қостанай, орлов және орыстың жеккіш жылқыларының, кешім, сондай-ақ жабы типті қазақы жылқының будандарының саны ерәуір өсті.

Республика жылқы өсірушілері мен ғалымдары бірлесе отырып, жылқының екі тұқымын шығарды. Оның біріншісі – салт мінілетін-жегілетін, қостанай типі де, екіншісі – ет-сүт бағытындағы көшім жылқысы.

Бұрынғы кезде жылқы заводтарында, колхоздар мен совхоздар асыл тұқымды фермаларында, жылқы өсірумен айналысатын ірі-ірі шаруашылықтарда жылқының 17 тұқымы табысты түрде өсіріліп отыр. 12 жылқы заводы және колхоздар мен совхоздардың, 32 асыл тұқымды фермасы, Қостанай және Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы жылқының жоспарлы жақсартушы тұқымдарын өсірумен айналысуда.

Жылқыны қорада-жайылымда күтіп-бағу әдісі қолданылатын асыл тұқымды жылқы шаруашылығына орай азық-түліктік мақсаттағы жылқы шаруашылығы кең қанат жайған.

Үйірлеп бағылатын жылқы саны 600 мыңнан асып кетті. Республикада үйірлі жылқы шаруашылы аса бағалы диеталық азық-түлік – жылқы еті мен қымыз ендіру көздерінің бірі болып табылады.

Похожие:

Методикалық нұсқаулар. Биелерді төл алу және қымыз дайындау мақсатында пайдалану дамыған үйірлі жылқы шаруашылығы бар елдерді кең тараған iconСары қымыз дертке шипа, денеге күш. Қымыз ерекше дәмді, кұнарлы, және өте сіңімді сусын. Оның бұлай болу себебі жылқы жануардың өзіне ғана тән асыл қасиетінен
Сары қымыз дертке шипа, денеге күш. Қымыз ерекше дәмді, кұнарлы, және өте сіңімді сусын. Оның бұлай болу себебі жылқы жануардың өзіне...
Методикалық нұсқаулар. Биелерді төл алу және қымыз дайындау мақсатында пайдалану дамыған үйірлі жылқы шаруашылығы бар елдерді кең тараған iconАраб алфавиті қай жылдары қолданылды ?
Бірыңғай қатаң дауыссыз дыбыстары бар сөзді көрсетіңіз. А пеш, қасық. В жылқы, сабыр. С өзен, ыстық. Д халық, қымыз. Е керек, күміс....
Методикалық нұсқаулар. Биелерді төл алу және қымыз дайындау мақсатында пайдалану дамыған үйірлі жылқы шаруашылығы бар елдерді кең тараған iconҚымыз дайындау технологиясы, гигиенасы және вет сан сараптау
Ақ шарпқа теңеген. Қазақтың ертедегі көшпелі өмірінде ауруға ем болып, сауға қуат берген осы қымыз. Бие сүтінде қкнт қант көбірек...
Методикалық нұсқаулар. Биелерді төл алу және қымыз дайындау мақсатында пайдалану дамыған үйірлі жылқы шаруашылығы бар елдерді кең тараған iconҚымыз және оның емдік қасиеті
Жылқы – малдың патшасы, түйе – малдың қасқасы” деген мақал сол кезде туған болатын. Мереке-қуанышта, қайғы-қасіретте, басқа түскен...
Методикалық нұсқаулар. Биелерді төл алу және қымыз дайындау мақсатында пайдалану дамыған үйірлі жылқы шаруашылығы бар елдерді кең тараған iconПрограммалардың Microsoft Office тобындағы word шартбелгісінде тышқанды екі рет шерту арқылы
Ол-мәтіндік және графикалық информацияларды өңдеу барсында жүзден аса операциялды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторының...
Методикалық нұсқаулар. Биелерді төл алу және қымыз дайындау мақсатында пайдалану дамыған үйірлі жылқы шаруашылығы бар елдерді кең тараған iconМетодикалық НҰСҚаулар курс: 1 ПӘН: kn 1 1220 «Коммуникативті дағдылар 1»
Коммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасы
Методикалық нұсқаулар. Биелерді төл алу және қымыз дайындау мақсатында пайдалану дамыған үйірлі жылқы шаруашылығы бар елдерді кең тараған iconМетодикалық нұсқаулар
Сабақтың мақсаты. Анемия (қаназдық), веноздық және артериальдық гиперемия, қанағудың әр түрлерінде ұлпалардың макро- және микроморфологиялық...
Методикалық нұсқаулар. Биелерді төл алу және қымыз дайындау мақсатында пайдалану дамыған үйірлі жылқы шаруашылығы бар елдерді кең тараған iconМал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидалары
Е қабiлеттiлiгiн арттыру үшiн отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi (бұдан әрi – тауар өндiрушiлер) қолдау мақсатында тиісті...
Методикалық нұсқаулар. Биелерді төл алу және қымыз дайындау мақсатында пайдалану дамыған үйірлі жылқы шаруашылығы бар елдерді кең тараған iconАуышлшаруашылығы мамандықтары 6D080200 Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы; 6D081100 Өсімдіктерді қорғау және карантин; 6D080500 Су ресурстары
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы; 6D081100 Өсімдіктерді қорғау және карантин; 6D080500 Су ресурстары және суды пайдалану...
Методикалық нұсқаулар. Биелерді төл алу және қымыз дайындау мақсатында пайдалану дамыған үйірлі жылқы шаруашылығы бар елдерді кең тараған iconМетодикалық нұсқаулар ф со пгу 18. 2/06
Мүндай мөселелерге ең алдымен өсу мен даму, жоғары жүйке әрекетінің заңдылықтары және балалар мен жастардың жүйке жүйесінің жасына...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница