5В070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының




Название5В070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының
страница2/6
Дата конвертации06.02.2016
Размер1.06 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.korkyt.kz/Docs/infpismo_iskaz.doc
1   2   3   4   5   6

Курстың мақсаты: Саясаттану пәні біздің ұстанып отырған оқу бағдарламасына сай студенттерге қоғамның саяси қатынасы, саяси сана, қоғамды біртұтас жүйе ретінде сақтау және т.б. сұрақтарға жауап береді.

Саясаттану курсы саяси терминдердің ана тілімізде көрініс табуына және демократиялық саяси білімнің жаңа жүйесін қалыптастыруға ықпал ететіні анық.


Егеменді, демократиялық, құқықтық мемлекет құру жағдайында саяси ғылымдарды оқып үйренудің маңызы зор болып табылады.

Қоғамның дамуының теориялық негізін меңгермей, саяси білімсіз, саяси сана мен мәдениетті жетілдірмей ешқандай қоғамдық прогресс болмайды. Сол мақсатта, қазіргі жоғарғы оқу орындарында саясаттану курсын оқыту жүзеге асырылуда.

Саясаттану пәні Тәуелсіз Қазақстан Республикасының білім жүйесіне енгізілген жаңа пәндердің бірі болып табылады.

Деректемелер/пререквизиттері: Әлеуметтану

Курстың/пәннің мазмұны: Саясаттану-әлеуметтік гуманитарлық білім беру жүйесіндегі маңызды оқу пәні. Саясаттану саясаттың қызметі заңдарын, оның тарихи дамуын зерттейді. Саясаттанудың мазмұны, сондай-ақ биліктің, мемлекеттің, мемлекет аралық қатынастардың мәселелерін құрайды.

Саясаттану ғылым ретінде. Саясаттанудың обектісі және пәні. Саяси философия, саяси әлеуметтану, саяси этика, саяси тарих, саяси ғылымдардың құрамды бөліктері. Саяси ғылымның қалыптасуының және дамуының негізгі кезеңдері. Ежелгі шығыс, Ежелгі Греция, Ежелгі Рим, Еуропалық Ортағасырлықтың, Қайта өрлеу заманының, Ағартушылық кезеңдерінің саяси ой-пікірлері. XX ғасырдағы шетелдік саяси ой. Қазақстан саяси ой-пікірінің тарихы. Салыстырмалы саясаттану. Саясат қоғамдық өмір жүйесінде. Билік саяси феномен ретінде, оның ұғымы, тұжырымдамасы, құрылымы. Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлттық саясат. Ұлттық мемлекеттік құрылым түрлері. Қазақстан халқы этно-саяси қауымдастық ретінде. Қоғамның саяси жүйесі Д. Истон, Г. Алмонд және К.Дойч теориялары. Мемлекет және азаматтық қоғам, оның пайда болуы мен мәні. Азаматтық қоғам идеясының генезисі. Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар, олардың түсінігі, Қазақстан қоғамының қоғамдық өміріндегі олардың орны және рөлі. Саяси режимдер: түсінігі, түрлері. Қоғамның демократизациясы және саяси модернизациясы. Демократияның тарихи формалары. Саяси жүйе модернизациясының түсінігі мен мәселелері. Саяси процесс және саяси қызмет. Саяси сана мен саяси мәдениет. Саяси элита мен саяси лидерлік. Саяси технологиялары. Әлемдік саясат пен халықаралық қатынастар. ҚР сыртқы саясаты, оның көпжақты сипаты. Қазіргі уақыттағы жаһанды мәселелер. Саяси болжам. Егеменді Қазақстанның саяси мәселелері.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Саясаттану негіздері. Қуандық Е. С. Оқу құралы. - Алматы «Дәуір», 2005 ж.

  2. Жамбылов Д. Саясаттану. 2-басылым. Алматы - Жеті жарғы, 2005 ж.

  3. Мұстафин Т.Т. Саясаттануға кіріспе.– Алматы, 1994 ж.

  4. Нысанбаев А.Н. Политология.– Алматы, 1998 г.

  5. Политология. Энциклопедический словарь. – Москва, 1993 г.

  6. Под ред. Тургаева А.С., Хренова А.Е. Политология в схемах и комментариях:

учебное пособие/ - СПб: Питер, 2005 г.

  1. Марченко М.Н., Лейст О.Э., Воротилин Е.А.и др. Политология: Курс лекций.

3-е изд., перераб. и доп. - М.: ЗЕРЦАЛО, 2000 г.

  1. Василик М.А., Вершинин М.С. и др. Политология: Словарь-справочник

М.: Гардарики, 2000 г.

Сабақ беру әдістері: оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер - пікір-сайыс, сұрақ-жауап, дебаттар өткізу.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: интерактивті тақталар, кітапхана қоры, электронды оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар.


Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау


Курстың/пәннің/юниттің атауы: Алгебра және геометрия

Пәннің коды: AG 1201

Пәннің типі: Базалық, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Ділман Т.Б.- физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент

Курстың мақсаты: инженерлік салада математикалық аппаратты жүйелі түрде пайдаланып, студенттердің мамандығына деген қызығушылығын арттырып, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту; математикалық білім берудің мақсаты мен міндеттерін іске асыруға бағытталған математиканы пайдалану арқылы шешілетін есептерді кең қолдану; білім бере отырып, студенттерді тәрбиелеу, оларды әр түрлі ақпараттар ағынына өзіндік талдау жасауға үйрету; математикалық білім деңгейлерін көтеріп, қажетті ой сапаларын қалыптастыру; барлық студентпен жекелеп жұмыс жасау; студент уақытты үнемді пайдаланып, тапсырманы орындауда тақырыпқа талдау жасайды; тапсырманы тексеру барысында кемшіліктерді нақты, дәл айқындайды; барлық студенттерге бірдей деңгейде тең мөлшерде есептер берілгендіктен, қойылатын бағаның әділдігі; студенттер арасындағы бағаға деген бәсеке-жарыс оларды сапалы білім алуына әсер етеді; жақсы үлгеретін студентке қосымша тапсырма беру; тақырыпты талдау негізінде студенттердің арасында пікір алмастырып, өз жауаптарын дәлелдеп, өз білімдерін көрсетулеріне мүмкіндік беру.

Деректемелер/пререквизиттері: -

Курстың/пәннің мазмұны: Матрицалар мен анықтауыштар. Сызықты алгебралық теңдеулер жүйесі. Векторлық кеңістік базисі. Векторлардың скалярлық, векторлық және аралас көбейтінділері. Арифметикалық n-өлшемді векторлық кеңістіктер. Жазықтық пен кеңістіктегі геометриялық сызықты бейнелер. Екінші ретті қисықтар мен беттер. Квадраттық түрлер. Олардың қолданылуы. Жоғары алгебра элементтері: комплекс сандар, n-ші дәрежелі көпмүшеліктер. Алгебраның негізгі теоремасы мен оның салдарлары.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Әубәкір С.Б. Жоғары математика. Алматы, 2006 ж.

  2. Минорский В.П. Сборник задач по высшей математике. Москва, 2007 г.

  3. Данко П.Е., Попов А.Г. Высшая математика в упражнениях и задачах. Москва, 2008 г.

  4. Шипачев В.С. Высшая математика. Москва, 2009 г.

  5. Жоғары математика пәні бойынша күндізгі бөлім студенттеріне арналған есептеу-графиктік тапсырмалар жинағы. Қызылорда, 2009 ж.

  6. Бугров Я.С., Никольский С.М. Элементы линейной алгебры и аналитической геометрии. Москва, 2010 г.

Сабақ беру әдістері: оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер - сұрақ-жауап, уақыт белгілеу арқылы есептерді тез арада шешу жарысы

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: электронды оқулықтар, кітапхана қоры, интерактивті тақталар, оқу-әдістемелік құралдар.


Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау


Курстың/пәннің/юниттің атауы: Физика 1

Пәннің коды: Fiz 1202

Пәннің типі: Базалық, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Маханова Г.М. – аға оқытушы

Курстың мақсаты: Негізгі физикалық құбылыстар мен идеяларды оқып-үйрену; қазіргі және классикалық физика теориясы мен заңдарын, қалыптасқан түсініктерді, сондай-ақ физикалық зерттеу әдістерін білу; ғылыми көзқарас пен қазіргі физикалық ойлауды қалыптастыру; физиканың әр түрлі облыстары бойынша нақты есептерді шығару әдістері мен жолдарын үйрену; қазіргі ғылыми аппаратуралармен танысу, физикалық эксперименттер жүргізуге іскерлікті қалыптастыру; болашақ мамандығы бойынша қолданбалы есептерді физикалық модельдеуге қалыптастыру.

Деректемелер/пререквизиттері: -

Курстың/пәннің мазмұны: Механика. Кинематика. Материялық нүктенің және қатты дененің динамикасы. Сақталу заңдары. Арнайы салыстырмалылық теориясының элементтері. Тұтас орталар механикасының элементтері. Тербелістер мен толқындар. Молекулалық физика және термодинамика. Статистикалық физика және термодинамика. Статистикалық үлестірілу. Термодинамика негіздері. Тасымалдау құбылысы. Реал газдар. Электр және магнетизм. Электрстатистика. Тұрақты электр тогы. Магниттік өріс. Электрмагниттік өріс. Заттағы магниттік өріс. Электрмагниттік индукция құбылысы. Максвелл теңдеулері. Электрмагниттік тербелістер.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Қожанов Т.С., Рысменде С.С. Физика курсы. 1 том. Механика. Молекулалық физика. Термодинамика. Алматы, 2001. – 173 бет.

  2. Қожанов Т.С., Рысменде С.С. Физика курсы. 2 том. Электр. Және магнетизм. Оптика. Атом және ядролық физика. Алматы, 2003 ж. – 197 бет.

  3. Айдарова Ж.А. Электрондық оқулық «Электродинамика», 8 Мб, Қызылорда, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, 2005 ж.

  4. Айдарова Ж.А., Суханова Т.Ж. Электрондық оқулық «Механика», 4 Мб, Қызылорда, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, 2006 ж.

  5. Айдарова Ж.А., Суханова Т.Ж. Жалпы физика курсының негізгі формулалары мен анықтамалары І-бөлім, МЕХАНИКА, 3,6б.т. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, 2005 ж.

  6. Физика, I-часть, Механика и молекулярная физика, 396 байт. Разработано в КарГТУ, 2002 г.

  7. Физика, II-часть, Электричество и магнетизм, 417 байт. Разработано в КарГТУ, 2002 г.

  8. Рыстыгулова В.Б. Методическое указание к выполнению лабораторных работ по разделам «Оптика» и «Атомная физика», 5,52 Мбайт, КГУ. Дата выпуска 15.05.04.

  9. Рыстыгулова В.Б. Физика // Курс лекции (кинематика), 2,20 Мбайт, КГУ. Дата выпуска 10.06.04.

Сабақ беру әдістері: оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және лабораториялық сабақтар; есептеу-графикалық жұмыстар, интерактивті оқыту әдістері, виртуалды лабораторияны қолдану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: лабораториялық сыныптар, кітапхана қоры, зертханалық қондырғылар, электронды оқулықтар.


Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау


Курстың/пәннің/юниттің атауы: Физика 2

Пәннің коды: Fiz 1203

Пәннің типі: Базалық, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 2 семестр

Кредит саны: 3 кредит

Дәріс беруші: Маханова Г.М. – аға оқытушы

Курстың мақсаты: Негізгі физикалық құбылыстар мен идеяларды оқып-үйрену; қазіргі және классикалық физика теориясы мен заңдарын, қалыптасқан түсініктерді, сондай-ақ физикалық зерттеу әдістерін білу; ғылыми көзқарас пен қазіргі физикалық ойлауды қалыптастыру; физиканың әр түрлі облыстары бойынша нақты есептерді шығару әдістері мен жолдарын үйрену; қазіргі ғылыми аппаратуралармен танысу, физикалық эксперименттер жүргізуге іскерлікті қалыптастыру; болашақ мамандығы бойынша қолданбалы есептерді физикалық модельдеуге қалыптастыру.

Деректемелер/пререквизиттері: Физика 1

Курстың/пәннің мазмұны: Оптика. Сәулелік оптика туралы түсінік. Жарық толқындардың қасиеттері. Интерференция, дифракция. Заттағы электрмагниттік толқындар, жарықтың дисперциясы, поляризациясы. Кванттық физика. Жылулық сәулелену. Фотондар. Фотоэффект. Комптон эффектісі. Кванттық теориялардың негізгі идеяларын тәжірибе жүзінде тұжырымдау. Корпускалы-толқындық екіжақтылық. Шредингер теңдеуі. Кванттық теориядағы атом және молекула. Өздігінен және ынталандырушы сәулелену. Лазерлер. Кванттық статистиканың элементтері. Конденсацияланған күй. Төменөлшемді жүйелер. Атом ядросы және элементар бөлшектер.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Қожанов Т.С., Рысменде С.С. Физика курсы. 1 том. Механика. Молекулалық физика. Термодинамика. Алматы, 2001. – 173 бет.

  2. Қожанов Т.С., Рысменде С.С. Физика курсы. 2 том. Электр. Және магнетизм. Оптика. Атом және ядролық физика. Алматы, 2003 ж. – 197 бет.

  3. Айдарова Ж.А. Электрондық оқулық «Электродинамика», 8 Мб, Қызылорда, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, 2005 ж.

  4. Айдарова Ж.А., Суханова Т.Ж. Электрондық оқулық «Механика», 4 Мб, Қызылорда, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, 2006 ж.

  5. Айдарова Ж.А., Суханова Т.Ж. Жалпы физика курсының негізгі формулалары мен анықтамалары І-бөлім, МЕХАНИКА, 3,6б.т. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, 2005 ж.

  6. Физика, I-часть, Механика и молекулярная физика, 396 байт. Разработано в КарГТУ, 2002 г.

  7. Физика, II-часть, Электричество и магнетизм, 417 байт. Разработано в КарГТУ, 2002 г.

  8. Рыстыгулова В.Б. Методическое указание к выполнению лабораторных работ по разделам «Оптика» и «Атомная физика», 5,52 Мбайт, КГУ. Дата выпуска 15.05.04.

  9. Рыстыгулова В.Б. Физика//Курс лекции (кинематика), 2,20 Мбайт, КГУ. Дата выпуска 10.06.04.

Сабақ беру әдістері: оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және лабораториялық сабақтар, есептеу-графикалық жұмыстар, интерактивті оқыту әдістері, арнайы лабораторияны қолдану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: интерактивті тақталар, кітапхана қоры, зертханалық қондырғылар, электронды оқулықтар.


Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау


Курстың/пәннің/юниттің атауы: Алгоритмдеу және программалау тілдері

Пәннің коды: AlgPT 1203

Пәннің типі: Базалық, элективті

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 4

Дәріс беруші: Махаева Д.М. – аға оқытушы, Нұрғалиева А.С . - оқытушы

Курстың мақсаты: Алгоритмдеу және программалау тілдері пәнiн оқыту мақсаты студенттерге есептердi компьютер көмегiмен шешу әдiстерiн оқыту және оларды компьютерлiк жүйе мен ақпараттық технологияларды болашақ қызметiнде тиiмдi қолдануына дайындау болып табылады; информатиканың негiзгi ұғымдарын игеру мақсатында студенттердiң “алгоритмдiк“ ойлау дағдыларын қалыптастыру, ақпаратты қазiргi қоғамның ресурсы ретiнде бейнелеу және ақпараттық ресурстарды басқару әдiстерiн оқыту; студенттердi қазiргi заманғы озық әмбебап компьютерлердiң құрылысымен таныстыру және олардың компьютерде жұмыс iстеу дағдысын қалыптастыру; студенттерге алгоритмдiк тiлдердi, программалау әдiстерiн, ақпараттық жүйелер негiздерiн оқыту; қазiргi заманғы ақпараттық технологиялардың мүмкiндiктерiн ашып көрсету және олардың даму перспективасын түсiндiру.

Деректемелер/пререквизиттері: информатика

Курстың/пәннің мазмұны: Алгоритмдеу негіздері. Алгоритмді жазу тәсілдері. Жоғары деңгейлі алгоритмдік тілдер. Тілдің сөздігі. Программа құрылымы. Мәліметтер типтерін баяндау. Мәліметтердің динамикалық құрылымы. Жоғары деңгейлі программалау тілдерінің негізгі операторлары, модульдік программалар. Құрылымдық программалау элементтері. Жоғары деңгейдегі программалық тілде программа әзірлеу. Программалау стилдері. Құрастыру тәсілдер, программаны верификациялау. Программаны жобалау, программаны түзету, программаның қазіргі заманғы технологиясы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Абрамов С.А., Гнездилова Г.Г. и др. Задачи по программированию. Москва. Наука. 1988 г.

  2. Чеблаков Б.Г. Сборник задач по программированию на языке Паскаль. Учебное пособие. НГУ, Новосибирск. 1991 г.

  3. Франкен Г., Рюттен Т. Турбо Паскаль7.0.- К: Торгово-издательское бюро ВНV, 1997 г.

  4. Петров А.В., Алексеев В.Е.и др. Вычислительная техника и программирование. М. Высшая школа. 1990 г.

  5. Фаронов В.В. Программирование на персональных ЭВМ в среде Турбо-Паскаль. М., Изд-во МГТУ, 1990 г.

  6. Абрамов С.А., Зима Е.В. Начала информатики. М.,Наука, 1989 г.

  7. Джонс Ж., Харрау К. Решение задач в системе Турбо-Паскаль. М., Финансы и Статистика, 1991 г.

  8. Вирт Н. Алгоритмы и структуры данных. М. Мир, 1989 г.

  9. Гласс Р. Руководство по надежному программированию. М.Финансы и статистика, 1982 г.

  10. Грогона П. Программирование на языке Паскаль. М.Мир, 1982 г.

  11. Пильщиков В.Н. Сборник упражнений по языку Паскаль. М. Наука, 1989 г.

  12. Караев Ж., Есжанов А. Информатика және есептеуiш

  13. Техника негiздерi бойынша есептер мен жаттығулар. 1986 ж.

Сабақ беру әдістері: оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және лабораториялық сабақтар; интерактивті әдістер - компьютерлік программаларды қолдана отырып, есептер шығару.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: компьютерлік сыныптар, кітапхана қоры, электронды ресурстар, интерактивті тақталар.


Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау


Курстың/пәннің/юниттің атауы: Математикалық талдау

Пәннің коды: МТ 1201

Пәннің типі: Базалық, элективті

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Ділман Т.Б. – физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент

Курстың мақсаты: инженерлік салада математикалық аппараттарды жүйелі түрде пайдаланып, студенттердің мамандығына деген қызығушылығын арттырып, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту; математикалық білім берудің мақсаты мен міндеттерін іске асыруға бағытталған математиканы пайдалану арқылы шешілетін есептерді кең қолдану; білім бере отырып, студенттерді тәрбиелеу, оларды әр түрлі ақпаратттар ағынына өзіндік талдау жасауға үйрету; математикалық білім деңгейлерін көтеріп, қажетті ой сапаларын қалыптастыру; техникада тәуелділіктерді модельдеу әдісінің негізі ретінде функция ұғымын жете түсіну; техникада функциялардың динамикасын зерттеу үшін дифференциалдық және интегралдық әдістерді қолдана білу; мамандыққа сай есептерді шығару барысында қатарлар теориясының қолдану аймағын, дифференциалдық теңдеулер, ықтималдықтар теориясы ұғымдарын қолдана білу.

Деректемелер/пререквизиттері: Алгебра және геометрия

Курстың/пәннің мазмұны: Анализге кіріспе, бір және көп айнымалы функциялардың дифференциалдық есептеулер, бір және көп айнымалы функциялардың интегралдық есептеулері, дифференциалдық теңдеулер, қатарлар теориясы, Фурье қатары және Фурье интегралы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Әубәкір С.Б. Жоғары математика. Алматы, 2000 ж. 1,2-бөлім.

  2. Пискунов Н.С. Дифференциальное и интегральное исчисления. М.: Наука, 1978 ж.

  3. Шипачев В.С. Высшая математика. М.: ВШ, 1985 ж.

  4. Минорский В.П. Сборник задач по высшей математике.М.: Наука, 1978 ж.

  5. Данко П.Е., Попов А.Г. Высшая математика в упражнениях и задачах. Ч. 1 и 2, М.:ВШ, 1974 ж.

  6. Жоғары математика пәні бойынша күндізгі бөлім студенттеріне арналған есептеу-графиктік тапсырмалар жинағы. Қызылорда, 1999 ж.

Сабақ беру әдістері: оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар, сұрақ-жауап, баяндау, пікір алмасу, уақыт белгілеу арқылы есептерді тез арада шешу жарысы, тапқырлық сайыс.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электронды ресустар, оқу-әдістемелік құралдар, интерактивті тақталар.

Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау


Курстың/пәннің/юниттің атауы: Операциялық жүйелер

Пәннің коды: OZh 1202

Пәннің типі: Базалық, элективті

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Нұрова Г.Ж. – аға оқытушы, магистр

Курстың мақсаты: Операциялық жүйелердің концепциясын үйрету; операциялық жүйелердің тарихи дамуына шолу жасау; операциялық жүйелердің функцияларымен таныстыру; пайдаланушының, администратордың, програмисттің және жобалаушының көзқарасымен операциялық жүйелерді зерттеу.

Деректемелер/пререквизиттері: Информатика.

Курстың/пәннің мазмұны: Операциялық жүйелердің даму тарихы. Операциялық жүйелердің мақсаты мен міндеттері. Операциялық жүйелердің функциялары мен сипаттамалары. Операциялық жүйелердің жіктелеуі. Операциялық жүйелердің құрылымы мен бағыты. Процессті басқару. Процестің жағдайлары. Процесстің дескриптеры. Процесстерді жоспарлау алгоритмдері. Мультибағдарламалау. Жадыны басқару. Адрес типтері. Жадының таралуы. Визулды жады түсінігі. Енгізу-шығаруды басқару. Үзілісті өңдеудің енгізу-шығаруының бағдарламалық жасақтамасын ұйымдастыру. Файлдық жүйе. Файлдық жүйенің архитектурасы. Иерархиялық каталогтық жүйелер. Файлдық жүйелер құрылымы мен мысалдар. Windows XP ерекшелігі. Windows NT концепциясы мен құрылымы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Гордеев А.В. Операционные системы. Питер, 2004 ж., 415 с.

  2. Иртегов Д.В. Введение в операционные системы. Петербург, 2002 ж., 624 с.

  3. Олифер В.Г., Олифер Н.А. Сетевые операционные системы. Питер, 2001 ж., 544 с.

  4. Таненбаум Э. Современные операционные системы. СПб.: Питер, 2002 ж., 1040 с.

  5. Гусева А.И. Сети и межсетевые коммуникации Windows 2000. М.: 2002 ж.

  6. Андрей С. Настройка и обслуживание компьютера. Самоучитель. СПб.: Питер, Киев: Изд.группа ВНV, 2006 г. – 272 с.

Сабақ беру әдістері: оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және лабораториялық сабақтар, интерактивті оқыту әдістері, қазіргі заманғы жаңа технологияларды қолдану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: компьютерлік сыныптар, кітапхана қоры, интернет жүйесі, электронды ресурстар.


Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау


Курстың/пәннің/юниттің атауы: Жаңа ақпараттық технологиялар

Пәннің коды: ZhAT 1202

Пәннің типі: Базалық, элективті

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Остаева А.Б. – педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Курстың мақсаты: Ақпараттық технологиялардың құрылымы мен құрамын, жобалау мен құрудың әдістемесін, автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді ұйымдастыру құралдарын білуі тиіс. Басқарудың ақпараттық технологияларының тиімділігін бағалауды жүзеге асыра білуі тиіс.

Деректемелер/пререквизиттері: Информатика, Алгоритмдеу және программалау тілдері

Курстың/пәннің мазмұны:

Ақпараттық технологиялардың шығу тарихы. Ақпараттың мөлшерлік сипаттамалары және оларды бағалау тәсілдері. Басқару процесінің ақпаратты сипаттамалары. Ақпараттың технологияның құрылуы. Ақпараттық технология анықтамасы және міндеті. Базалық ақпараттық технологияның құрылымы. Мәліметтер қорын басқару жүйесі. Өндірістегі ұйымдық ақпараттың технологиясы. Ақпараттық процесс құрылымы және түсінігі. Өңдеу, жіберу процесстерінің моделі.Жинау процесінің моделі. Білімді көтеру моделі. Компьютерлік желілерді қорғау. Интернетте ақпаратты қорғау. Ақпараттық қызмет көрсету түрлері. Электронды почта. Телеконференция ақпараттық технологиялар дамуының инновациялық бағыттары. Мультимедия, мультимедия негіздері.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Хомоненко А.Д. Основы современных информационных технологий. С-П. Корона Принт, 1998 г.

  2. Мишенин А.И. Теория экономических информационных систем. М.: ФиС, 1999 г.

  3. Черкасов Ю.М. Информационные технологии управления М.:Инфра – 2001 г.

  4. Семенов И., Трубилин И.Т. Автоматизированные информационные технологии в экономике М.: ФиС, 2000 г.

  5. Макарова И.В. Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. М.:ФиС, 1998 г.

  6. Титоренко Г.А. Автоматизированные информационные технологии в экономике. М.: ЮНИТИ, 1998 г.

Сабақ беру әдістері: оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және лабораториялық сабақтар, интерактивті оқыту әдістері, қазіргі заманғы жаңа технологияларды қолдану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: компьютерлік сыныптар, кітапхана қоры, интернет жүйесі, электронды ресурстар.


Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау


Курстың/пәннің/юниттің атауы: Программалау технологиясы

Пәннің коды: РТ 1301

Пәннің типі: Кәсіби, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Тоқсанова С.К. – аға оқытушы

Курстың мақсаты: Программалау технологиясы пәнiн оқыту мақсаты студенттерге есептердi компьютер көмегiмен шешу әдiстерiн оқыту және оларды компьютерлiк жүйе мен ақпараттық технологияларды болашақ қызметiнде тиiмдi қолдануына дайындау болып табылады. Міндеттері: информатиканың негiзгi ұғымдарын игеру мақсатында студенттердiң “алгоритмдiк“ ойлау дағдыларын қалыптастыру, ақпаратты қазiргi қоғамның ресурсы ретiнде бейнелеу және ақпараттық ресурстарды басқару әдiстерiн оқыту; студенттердi қазiргi заманғы озық әмбебап компьютерлердiң құрылысымен таныстыру және олардың компьютерде жұмыс iстеу дағдысын қалыптастыру; студенттерге алгоритмдiк тiлдердi, программалау әдiстерiн, ақпараттық жүйелер негiздерiн оқыту; қазiргi заманғы ақпараттық технологиялардың мүмкiндiктерiн ашып көрсету және олардың даму перспективасын түсiндiру.

Деректемелер/пререквизиттері: Информатика, алгоритмдеу және программалау тілдері.

Курстың/пәннің мазмұны: Рекурсивті және қолданылатын функциялар. Си++ тіліндегі түсіндірмелер. Құрылымдар. Біріктірулер. Препроцессорлық құрылғылар. Класстардың конструкторлары, деструкторлары және компоненттері. Стандартты амалдардың кеңетілген қолданулары. Компоненттік берілгендер мен функциялар. Кластардың мұрагерлігі. Көпшіл мұрагерлік және виртуалды негіздік класстар, функциялар мен абстракциялық кластар. Локальды класстар. Класстар мен шаблондар. Енгізу-шығару ағындарының кітапханасы. Негіздік типтердің стандарттық ағындары. Генерацияның семантикасы мен синтаксисі. Скалярлық типтер мен өрнектер. Типтердің динамикалық идентификаторлары. Объектілі-бағытталған модельдер. UML диаграммаларының типтері. Объектілі-бағытталған жүйелердің құрылымдық типтері. Case-құрылғылардың классификациясы және тәуелсіз жүйелер. Объектілі-бағытталған жүйелердің негізгі түсініктері мен ерекшеліктері. Объектілер мен класстар. Объектілі-бағытталған жүйелердің негізгі концепциялары. Объектілер мен класстар. Объектілі-бағытталған жұйелердің принциптері. Инкапсуляция, полиморфизм, мұрагерлік.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Бочков С. О., Субботин Д. М. Язык программирования Си для персонального компьютера. – М.: Радио и связь, 1990 г.

  2. Крячков А. В., Сухинина И. В., Томшин В. К. Программирование на С и С++. Практикум: Учеб. пособие для вузов – М.: Горячая линия. – Телеком, 2000 г.

  3. Мартынов Н. Н.: Программирование для Windows на С/С++. Том1. – М.: ООО «БИНОМ – Пресс», 2004 г.

  4. Культин Н. Б. С/С++ в задачах и примерах. – СПб.: БХВ. – Петербург, 2004 г.

  5. Кормен Е., Лейзерсон Ч., Риверст Р. Алгоритмы : построение и анализ/Пер. с англ. Под ред. А.Шеня.-М.: МЦНМО, 2002 г.

  6. Структурное программирование на языке Паскаль: Учебное пособие/Б.С. Кубеков. Алматы: КазНТУ, 1996 г.

  7. Синтес, Антони. Освой самостоятельно объектно-ориентированное программирование за 21 день.: Пер. с англ.- М.: Изд.дом «Вильямс», 2002 г.

Сабақ беру әдістері: оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және лабораториялық сабақтар; есептер шығару, интерактивті оқыту әдістері, компьютерді қолдану барысында бағдарлама құру әдістері

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: компьютерлік сыныптар, кітапхана қоры, оқу-әдістемелік құралдар, интерактивті тақталар, интернет жүйесі.


2- курс


Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау


Курстың/пәннің/юниттің атауы: Философия

Пәннің коды: Fil 2106

Пәннің типі: Жалпы білім беру циклы, міндетті компонент

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 3 семестр

Кредит саны: 3 кредит

Дәріс беруші оқытушы: Исабекова А.А.- аға оқытушы

Курстың мақсаты: Жас маманның философиялық мәдениетін қалыптастыру. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін келесі мәселелерді шешу қажет:

1. Студенттерді философия тарихымен және ғылымның қазіргі кезеңдегі жағдайымен таныстыру.

2. Ойлау мәдениетінің өсуіне жағдай жасау, ойлаудың өзіндік, сыншылдықө, өзін-өзі сынау түрлерін көтермелеу және ақылдың кеңдік, тереңдік, ашықтық, алғырлық сияқты түрлерінің қалыптасуын қолдау.

3. Сұхбаттың әдістері жөнінде білім беру, дағдыларды қалыптастыруға көмектесу.

4. Алған білімдерді практикада жүзеге асыра білуге үйрету.

Деректемелер/пререквизиттері: әлеуметтану, саясаттану

Курстың/пәннің мазмұны: Философия пәні. Дүние және адам. Философиялық танымның өзіндік ерекшелігі. Миф. Дін. Ғылым. Философиялық бағыттар мен жүйелердің көптүрлілігі. Философия формаларының этномәдени ерекшеліктері. Философияның қоғамның рухани өміріндегі орны мен маңызы. Болмыс ұғымының көлемін ашу. Онтология. Болмыстың философиялық және физикалық түсінігі. Материалды және рухани болмыс және олардың айырмашылықтары мен бірлігі. Онтологияның негізгі категориялары. Материя философиядағы ролі. Материяның өмір сүру формасы. Уақыт және катеориясының кеңістік. Қозғалыс пен даму, прогресс және регресс. Сана ұғымын ашу. Сана генезисі. Сана қызметтері. Сана және ойлау, сана және тіл, сана және шығармашылық. Сана және сана-сезім, өзіндік сана. Сана мен бейсаналық мәселесі. Фрейдизм және неофрейдизмдегі бейсаналық мәселесі. Қоғамдық сананың түрлері: экономикалық, саяси, құқықтық, моральдық, діни, эстетикалық, т.б. Гносеология. Танымның түрлері, формалары. Дін философиясы және теология. Дүниеге діни көзқарастың ерекшеліктері. Діннің пайда болуының әлеуметтік-танымдық, психологиялық түп тамырлары. Дін және мораль. Сенім мен білімнің арақатынасы. Діни сананың әралуандылығы: политеизм, деизм, пантеизм, монотеизм, атеизм. Әлемдік діндер: буддизм, христиан, ислам. Дін және саясат: тарих және қазіргі заман. Жаһандану ұғымы. Жаһандану процесінің себептері, одан шығатын мәселелер. Э.Тоффлердің болашақты болжау – футурология мәселесі. А.Печчейдің «адами революция» ұғымы. С.Хантингтонның «өркениеттер қақтығысы». Сцентизм және антисциентизм. Неопозитивизм және оның түрлері. К.Поппердің сыншыл рационализмі. Фальсификация принципі. Экзистенциализм (М.Хайдеггер, К.Ясперс, Ж.П.Сартр, А.Камю). Постструктурализм, деконструктивизм, постмодернизм.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Ғабитов Т. Философия. – А., 2005

  2. Кішібеков Д. Философия. – А., 2005

  3. Алтаев Ж., Қасабек А., Мұқамбетқалиев Қ. Философия тарихы. – А., 2000.

  4. Философиялық сөздік. – А., 1996.

  5. Әбішев К. Философия. – А., 2001.

  6. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Философия тарихы. – А., 1999.

  7. Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздік. – А., 2004.

  8. Философия. Қ.Тұрғынбаев. Алматы 2001.

  9. Кішібеков Д., Сыдықов К. Философия. – А., 2005.

  10. Алтаев Ж., Ғабитов Т. Философия және мәдениеттану. – А., 1998.

  11. С.Мырзалы. Философия . А., 2008.

  12. Бұқаралық ақпарат құралдары, мерзімді басылымдар, интернет деректері

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар, түсіндірмелі-иллюстративті әдіс, репродуктивті әдіс, модульдік оқытудың технологиясы, дамыта оқыту әдісі; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, критикалық ойлауды дамыту стратегиясы; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интерактивтік тақта, электронды білім ресурстары.


Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау


Курстың/пәннің/юниттің атауы: Экология және тұрақты даму

Пәннің коды: Eko 2105

Пәннің типі: Жалпы білім беру циклы, міндетті компонент

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 3 семестр

Кредит саны: 2 кредит
1   2   3   4   5   6

Похожие:

5В070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының icon050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже
Берілетін дәреже: Бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын меңгерген және қорытынды мемлекеттік аттестациядан өткен тұлғаларға 050703...
5В070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының icon050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже
Берілетін дәреже: Бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын меңгерген және қорытынды мемлекеттік аттестациядан өткен тұлғаларға 050703...
5В070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының iconИнформатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы
...
5В070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының icon5В070300 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы студенттеріне пәнді оқуға әдістемелік нұсқаулар
В070300 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы студенттеріне пәнді оқуға әдістемелік нұсқаулар
5В070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының iconИнформатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы
Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша сыртқы және ішкі бөлім студенттеріне арналған курстық жұмыстарға әдістемелік нұсқау
5В070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының iconИнформатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы
Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша сыртқы және күндізгі бөлім студенттеріне арналған курстық жұмыстарға әдістемелік нұсқау
5В070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының icon«Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша дипломдық жобалар (жұмыстар) тақырыптамасы Бекітілді
Жоғары оқу орынында ақпараттық жүйе құру. «Студенттер үлгерімін есепке алу» ішкі жүйесі
5В070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының iconИнформатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы
В070300 Ақпараттық жүйелер мамандығы студенттеріне Мамандыққа кіріспе пәнінен
5В070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының icon050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы мысалы негізінде 6D010300 Педагогика және психология Түйін
Ақпараттық жүйелер дамуы деңгейінің әлемдік логикасы ақпараттық технологиялар саласында кәсіби кадрларды даярлау міндеттерін жаңадан...
5В070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының icon«6M070300 – Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница