Тоқсандық тақырыбы: Халық музыкасы. Сабақтың тақырыбы: : Қазақтың халық музыкасы. Сабақтың мақсаты




НазваниеТоқсандық тақырыбы: Халық музыкасы. Сабақтың тақырыбы: : Қазақтың халық музыкасы. Сабақтың мақсаты
страница1/6
Дата конвертации13.02.2016
Размер0.57 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://multiurok.ru/uploads/3/d/9/3d999abf5e874e8c8c71eb4082885397afc7b360/Muzyka-5kl-1zh.doc
  1   2   3   4   5   6
Мерзімі: Сыныбы:

Тоқсандық тақырыбы: Халық музыкасы.

Сабақтың тақырыбы: : Қазақтың халық музыкасы.


Сабақтың мақсаты: Саз өнері туралы әңгімелеу,

тұрмыс-салт,әдеп ғұрып жырларын

баланың бойына сіңіру.


Білімділік мәні: Халық әндерін , күйлерін тыңдау , талдау,

насихаттау.

Дамытушылығы: Әнді сүйемелдеумен әндету әдісін дамыту,

музыкалық сауаттылығын ашу, есту ,

есте сақтау қабылеттерін дамыту.


Тәрбиелік мәні: Оқушыларға халық музыкасы арқылы

ықпал ету, мәдениетін көтеру ,

ой - өрісін кеңейту.

Сабақ типі: Жаңа сабақ., аралас сабақ.

Көрнекілігі: Видео, DVD, магнитафон таспалары,

ән тексті, суреттемелер, карточкалар.

Пәнаралық байланысы: Әдебиет , тарих , жаратылыстану , т. б.


Пайдаланған әдебиеттер: Музыка оқулығы 5 сынып

«Атамұра» бағдарламасы бойынша.


Авторлары: А.Жайымов, Б.Ысқақов, Ж..Еңсепов ,Ж.Сәрсембенов



Сабақ барысы

уақыты

Жоспары

1

Ұйымдастыру

2 минут

Сәлемдесу,түгелдеу.

2

Өткен сабақты сұрау

4 минут

Халық музыкасы.

3

Жаңа сабақты түсіндіру

8 минут

Қазақтың халық музыкасы.

4

Музыкалық тыңдау

3 минут

«Кішкентай» күйі

5

Әндету

8 минут

«Елім - ай »әні .

6

Шығармашылық жұмыс

3 минут

Өзімдік жұмыс.(реферат)

7

Музыкалық ойындар

7 минут

Әуенді тыңда !

8

Қорытындылау

5 минут

«Қазақтың халық музыкасы».

9

Бағалау

3 минут

«5», «4», «3».

10

Үйге тапсырма

2 минут

Халық әні «Елім – ай».



Иә, саламатсыңдарма балалар! Бүгінгі біздің өтетің жаңа сабағымыздың тақырыбы: « Қазақтың халық музыкасы».


Өнер – халық тарихының шежіресі.Өнерде өмір , тіршілік құбылыстары , адамның күйініш - сүйініші, қуанышы мен қайғысы бейнеленеді.

Қазақ халқының басынан өткен қилы замандар, тіршілігі мен тағдыры ,салт – дәстүрі ,өмір сүрген ортасы мен әдет – ғұрыптары ұлттық өнері арқылы ұрпақтан - ұрпаққа жалғысып,тарих арнасына айналды.Соның ішінде музыканың алатын орны ерекше.

Қазақ музыка өнерінің халықпен бірге жасасып , тарихи әлеуметтік өмірі мен толғаныс - тебіреністерін үздіксіз баян етіп келе жатқан саласы ән мен күйі.

Халық дүниеге келген сәби қуанышынан бастап, азамат тіршілігіндегі оқиғалары , алуан түрлі ойларды ән - әуенмен жеткізе білген.

Сондай- ақ тіршіліктің бүкіл тауқыметін, ауыртпалығын көтере жүріп , бесік тербеткен аналар да өздеріне алдымен әнді серік еткен. Қыз ұзату, үйлену тойлары,халықтық ойын – сауықтар барлығы да ән – күй аясында өтеді.

Өлімге қарсы күресіп, мәңгілік өмірді көксеген Қорқыт , ұлы ғұлама ғылым әл – Фараби , бейбіт , тыныш өмірді аңсап , Желмаясын желдіріп, дүниені кезген Асанқайғы бабалармыз үміт- армандарын музыка тілімен жеткізді.Одан бергі Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Абыл, Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Қазанғап, Дина, Сүгір және тағы басқа дарын иелері халқының бастан кешкен тауқымет – тағдырларын музыкамен суреттеп өтті.

Сөйтіп , халқымыздың музыкалық рухани қазына, мол мұрасы сан ғасырлар бойы басынан кешкен тұрмыс- тіршілігімен жұптаса

жалғасып келеді. Сендер, балалар, бүгінгі күннің ұрпақтары, сол ата-бабаларымыздан қалған асыл мұраларды көкейге тоқып , бойға сіңіріп өссеңдер,тарих тағлымы жалғаса бермек.


Музыкалық шығарма тыңдау:


Құрманғазының күйі « К і ш к е н та й »


Құрманғазының бірінші тырнақалды күйлерінің бірі – «Кішкентай» отызыншы жылдардың аяқ кезінде

шығады. Құрманғазы бұл күйді «кішкене інісінің үлкен ағасы - Исатайға арнауы» депті.

Сондықтан күй «Кішкентай» атанып кетсе керек.


Дауыс ашу жаттығуларын орындау.

* Дұрыс тыныс алу - әншілік өнердегі басты

алғышарттардың бірі, оларды үнемі орындау қажет.


Әндету:

Елім – ай.

1. Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,

Елім – ай, елім – ай!


2. Қарындастан айырылған жаман екен ,

Қара көзден мөлтілдеп жас келеді ,

Елім – ай , елім – ай!


3.Мына заман қай заман? Қысқан заман .

Басымыздан бақ – даулет ұшқан заман .

Елім – ай, елім- ай.


4. Шұбырғанда ізіңнен шаң борайды,

Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман .

Еліма – ай , елім – ай.

5. Бауырынан айырылған жаман екен ,

Күн бар ма екен көрісер есен – аман!

Елім – ай , елім –ай !

Қорытындылау:


* Тарихи оқиғаларға арналған ән – күйлерді ата.


* Аңызға құрылған қандай ән – күйлерді білесің?


* Халықтың тұрмыс – тіршілігіне , салт – дәстүріне

байланысты шыққан ән – күйлерді есіңе түсір.


Үйге тапсырма:


Халық әні «Елім – ай » жаттау, әндету.

Халық музыкасы дегеніміз не?

Қандай халық күйшілерін білесің?

Қазақ халық аспаптарын ата.


Бағалау: «5» - «4» - «3» -


Мерзімі

Сыныбы:

Тоқсандық тақырыбы: Қазақтың халық музыкасы.

Сабақтың тақырыбы: : Қазақтың ұлттық музыкалық

аспаптары .

Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының музыкасы туралы

әңгімелеу, аспаптар үнің таныту,

олардың шығу тарихын білуге,

насихаттауға ,ұрпақтан - ұрпаққа

жеткізу, баланың бойына сіңіру.

Білімділік мәні: Халық әндерін , күйлерін тыңдау ,

талдау, насихаттау.

Дамытушылығы: Әнді сүйемелдеумен әндету әдісін дамыту,

музыкалық сауаттылығын ашу, есту ,

есте сақтау қабылеттерін дамыту.

Тәрбиелік мәні: Оқушыларға халық музыкасы арқылы

ықыласын көтеруге ықпал ету, сахна

мәдениетін қалыптастыру , ой - өрісін кеңейту.

Сабақ типі: Жаңа сабақ., аралас сабақ.

Көрнекілігі: Аудио, видео, DVD, магнитафон таспалары,

ән тексті, суреттемелер, карточкалар.

Пәнаралық байланысы: Әдебиет , тарих , жаратылыстану , т. б.


Пайдаланған әдебиеттер: Музыка оқулығы 5 сынып

«Атамұра» бағдарламасы бойынша.


Авторлары: А.Жайымов, Б.Ысқақов, Ж..Еңсепов ,Ж.Сәрсембенов



Сабақ барысы

Уақыты

Жоспары

1

Ұйымдастыру

2 минут

Сәлемдесу,түгелдеу.


2

Өткен сабақты сұрау

4 минут

Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары

(картачкамен жұмыс)


3

Жаңа сабақты түсіндіру

8 минут

Қазақтың халық музыкасы.

4

Музыкалық тыңдау

3 минут

«Көрұғлы» Дәулеткерейдің күйі


5

Әндету

8 минут

«Домбырасыз сән

қайда » әні И.Нүсіпбаев.


6

Шығармашылық жұмыс

3 минут

Сөзжұмбақты шешу.

7

Музыкалық ойындар

7 минут2

Викториналық тест

(Аспаптар үні.)


8

Қорытындылау

5 минут

«Қазақтың халық музыкасы».


9

Бағалау

3 минут

«5», - «4»,- «3»- .


10

Үйге тапсырма

2 минут

27-31 бет оқу,әңгімелеу.




-Саламатсыңдарма балалар !

-Мінекей біздің бүгінгі сабағымыз үлкен мерекеге ұласуда.

-Сабағымызға келген қонақтарды қарсы алайық.

Сәлемдесу (оқушылар орнынын тұрып сахна мәдениетің сақтап сәлемдеседі)

-Иә, балалар біздің бүгінгі өтетің жаңа тақырыбымызды жазамыз.

«Қазақтың халық музыкасы»

«Екі ішектің бірің қатты , бірін сәл- сәл кем бұра.

Қазақ нағыз қазақ емес ,

Нағыз қазақ домбыра.» - деп ақын Қыдыр Мырзалиев ағамыз айтқандай , біз балалар өткен сабақта «Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары» атты тақырыбымен танысқан болатынбыз.

(Карточка таратамыз, аспаптың суреттерімен безендірілген)

- Қанекей қандай қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын білесіндер?(домбыра, қобыз,шертер, жетіген,асатаяқ , дауылпаз , даңғыра , дабыл,шаңқобыз , сыбызғы , сазсырнай , мүйіз сырнай , үскірік , ұран т.б)

-Аңыз бойынша домбыры аспабы қалай пайда болған?

«Қос ішек» күйінің аңызын балалар кім айтады? ( Ертеде бір аңшы жігіт болыпты. Сол аңшы жігіт биік таудың қиясын , қалың қарағайдың арасын тұрақ еткен бұғы – маралды аулап , кәсіп етсе керек.. Бірде жолы болып , теңбіл марал атып аладыда етекке түсіру үшін ішек қарнын ақтарып алып тастайды.Содан арада айлар өтеді, жігіт баяғы теңбіл маралды атқан жерге соқса , құлағына бір ызыңдаған дауыс естіледі.Ішектерді қарға - құзғын іліп ұшқан болу керек , қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын көреді. Ызыңдаған дыбыстың сол ішектен шығып тұрғаны

көреді.Ішектер жел тербесе ызыңдап , бірде сарнап , бірде сыңсып жылағандай түрлі күйге түсіреді.

Сол жерде аңшы жігіт ,ішекті үйге алып келеді де,бір аспап жасап , тартып көрсе , қос ішекке тіл біткендей сұңқылдап қоя береді.)

-Домбыра аспабы қандай бөліктерден тұрады? ( Домбыра аспабының бірнеше түрі бар. Екі ішекті , үш ішекті болып келеді.)

-Жанрдың қандай түрлерін білесіңдер?( ән жанры, күй жанры,

би жанры)

-Ішекті аспаптарды кім атай ?

- Қанекей , қол көтеріп білетінімізді ортаға салайық..(домбыра,

қобыз, шертер , жетіген. )

-Жетіген аспабының тиегі неден жасалады.(Аспап тұтас ағаштан ойылып жасалады, шанағы көн теріден қапталады,

ал күйге келтіру үшін тиек орнына асық қойылады.)

-Жарайсың , Жақсы !

-Ішекті аспаптарға жататын шертер аспабының құрылысы мен түрлері туралы кім айтып береді?(Құрылысы жөнінен домбыра , қобыз аспаптарына ұқсас келеді.Шертерде көбінесе шертпе күйлер орындалады.Ол ең көне ,көне, жаңа деп үш түрге бөлінеді.)

-Сілкімелі аспаптарға қандай аспаптар жатады?

( Асатаяқ , қоңырау, сақпан , тұяқтас , шартылдауық. Асатаяқ қазақ халқында ұлттық билерді сүйемелдеу үшін қолданған. )

-Балалар шаңқобызаспабы неден жасалады ? Қалай орындалады?

-Кім біледі ? ( Оның ортасында сүйір темір тілшесі болады, күйге келтіру тілшенің ұзындығы мен қалыңдығына байланысты.)

-Үрмелі аспаптар жайлы кім біледі?

-Не себептен бұл аспаптарды үрмелі аспаптар дейміз?

(Орындалу әдіс- тәсіліне қарай оларды топқа бөлеміз.Атап айтатын болсақ үрмелі аспаптарға: сыбызғы , сазсырнай , мүйіз сырнай , ұран ,үскіріктер жатады.)

-Иә, балалар саз сырнай , мүйіз сырнай неден жасалады екен кім біледі? ( Саз балшықтан иленіп, отқа күйдіріліп оны оюлармен әшекейлеп, дыбысты тесіктерді жауып ашу арқылы шығарады. Ал мүйіз сырнай атының өзі айтып тұрғандай жануарлардың мүйізін тазалап , кептіріп, оған мүштік қойып ойналады.)

-Ұран аспабын халық қандай кезде пайдаланған?(Оны бұрын жауынгерлер көп пайдаланатын болған ,яғни жаудың келе жатқаны туралы хабар беру үшін)

- Жарайсыңдар балалар , үй тапсырмасын барлығын орындап келіпсіңдер, жақсы игеріпсіңдер.

-Ал енді біз жаңа сабағымызға көшелік.

Енді дәптерлерінді , қаламсаптарынды алып бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбын жазып коялық..Оқулықпен жұмыс жасаймыз ,оқулықты ашатын болсаңдар тақырып бойынша мәтін тұр сол мәтінді мұқият қарап шығайық.

Оқулықта берілгендей біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: Қазақтың халық музыкасы.

Өнер – халық тарихының шежіресі. Өнерде өмір , тіршілік құбылыстары , адамның күйініш - сүйініші, қуанышы мен қайғысы бейнеленеді.

Қазақ халқының басынан өткен қилы замандар, тіршілігі мен тағдыры ,салт – дәстүрі ,өмір сүрген ортасы мен әдет – ғұрыптары ұлттық өнері арқылы ұрпақтан - ұрпаққа жалғысып,тарих арнасына айналды.Соның ішінде музыканың алатын орны ерекше.

Қазақ музыка өнерінің халықпен бірге жасасып , тарихи әлеуметтік өмірі мен толғаныс - тебіреністерін үздіксіз баян етіп келе жатқан саласы ән мен күйі.

Халық дүниеге келген сәби қуанышынан бастап, азамат тіршілігіндегі оқиғалары , алуан түрлі ойларды ән - әуенмен жеткізе білген.

Сондай- ақ тіршіліктің бүкіл тауқыметін, ауыртпалығын көтере жүріп , бесік тербеткен аналар да өздеріне алдымен әнді серік еткен. Қыз ұзату, үйлену тойлары,халықтық ойын – сауықтар барлығы да ән – күй аясында өтеді.

Өлімге қарсы күресіп, мәңгілік өмірді көксеген Қорқыт , ұлы ғұлама ғылым әл – Фараби , бейбіт , тыныш өмірді аңсап , Желмаясын желдіріп, дүниені кезген Асанқайғы бабалармыз үміт- армандарын музыка тілімен жеткізді.Одан бергі Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Абыл, Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Қазанғап, Дина, Сүгір және тағы басқа дарын иелері халқының бастан кешкен тауқымет – тағдырларын музыкамен суреттеп өтті.

Сөйтіп , халқымыздың музыкалық рухани қазына, мол мұрасы сан ғасырлар бойы басынан кешкен тұрмыс- тіршілігімен жұптаса

жалғасып келеді. Сендер, балалар, бүгінгі күннің ұрпақтары, сол ата-бабаларымыздан қалған асыл мұраларды көкейге тоқып , бойға сіңіріп өссеңдер,тарих тағлымы жалғаса бермек.

Музыкалық шығарма тыңдау:

Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.

Дәулеткерейдің күйі « Көрұғлы»

Музыкалық сауат ашу: (ережені жаттап ал)

Музыкалық жүйе . Лад.

Кез келген әуенде негізгі дыбыс болады. Осы дыбыстың басқа дыбыстармен арақатынасы музыкалық жүйе деп аталады.

Негізгі дыбыс әр тактідегі әлді үлеспен басталып , музыкалық ойдың мағынасын білдіріп тұрса , ол негізгі тон деп аталады .

Негізгі тон әуеннің басы мен аяғында анық байқалады, ал негізгі тонға құрылған дыбыс қатарын лад деп атайды.

  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Тоқсандық тақырыбы: Халық музыкасы. Сабақтың тақырыбы: : Қазақтың халық музыкасы. Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы : Халық ауыз әдебиеті Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты : а Әдебиеттің түрлері туралы түсінік бере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
Тоқсандық тақырыбы: Халық музыкасы. Сабақтың тақырыбы: : Қазақтың халық музыкасы. Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазақтың қаһарманы қызы, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың балалық шағымен таныстыру, оның ерлігі...
Тоқсандық тақырыбы: Халық музыкасы. Сабақтың тақырыбы: : Қазақтың халық музыкасы. Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты : оқушылардың теңдеулерді шешу тақырыбы бойынша алған білімдерін жүйелеу
Тоқсандық тақырыбы: Халық музыкасы. Сабақтың тақырыбы: : Қазақтың халық музыкасы. Сабақтың мақсаты iconҚазақ әдебиеті 10 класс Сабақтың тақырыбы : Шоқан Уәлиханов өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты : білімділік
Сабақтың мақсаты : білімділік – Шоқан жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып, жаңа мағлұматтар алуына жағдай туғызу, шығармаларының...
Тоқсандық тақырыбы: Халық музыкасы. Сабақтың тақырыбы: : Қазақтың халық музыкасы. Сабақтың мақсаты iconӨтетін күні: Сабақтың тақырыбы: § 20. Зергерлік. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: білімділік- металл бұйымдары, оларды көркемдеу жолдары мен ерекшеліктері туралы мағұлмат беру
Тоқсандық тақырыбы: Халық музыкасы. Сабақтың тақырыбы: : Қазақтың халық музыкасы. Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы: Бейімбет Майлин (1894-1938) Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: қазақ халқының ұлы ақыны Б. Майлинның өмірі мен шығармашылық жолы туралы оқушыларға қысқаша түсінік беру
Тоқсандық тақырыбы: Халық музыкасы. Сабақтың тақырыбы: : Қазақтың халық музыкасы. Сабақтың мақсаты iconАқтөбе облысы Шалқар ауданы Бозой орта мектебі Музыка пәнінің мұғалімі: Сыргабекова Айнагул Амитжановна. Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты: а Махамбет Өтемісұлы туралы ұғымдарын молайту,халық үшін белін буған батыр ретінде,ақын ретінде,күйші ретінде таныту....
Тоқсандық тақырыбы: Халық музыкасы. Сабақтың тақырыбы: : Қазақтың халық музыкасы. Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы: Саясат және оның қызметтері. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімділік дағдаларын қалыптастыру, өз жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру....
Тоқсандық тақырыбы: Халық музыкасы. Сабақтың тақырыбы: : Қазақтың халық музыкасы. Сабақтың мақсаты iconДиссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады
Болашақ педагогтардың қазақ халық музыкасы арқылы эстетикалық мәдениетін қалыптастыру
Тоқсандық тақырыбы: Халық музыкасы. Сабақтың тақырыбы: : Қазақтың халық музыкасы. Сабақтың мақсаты icon«Ынталы» жалпы орта мектебі Ашық тәрбие сағаты Тақырыбы: Тәуелсіздік қазақтың сан ғасырлық
Сабақтың мақсаты: Қазақтың тарихын оқыту. Тәуелсіздік бағаларын түсіндіру. Оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеу. Елін, жерін, Отанын...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница