Сабақтың тақырыбы : Дулат Бабатайұлы Сабақтың мақсаты




НазваниеСабақтың тақырыбы : Дулат Бабатайұлы Сабақтың мақсаты
страница1/14
Дата конвертации13.02.2016
Размер1.34 Mb.
ТипДокументы
источникhttps://45minutkz.files.wordpress.com/2015/10/10d181d18bd0bdd18bd0bf-d0b0d0b4d0b5d0b1.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғасыр әдебиеті

Сабақтың мақсаты:

а) ХІХ ғасыр әдебиеті туралы түсінік бере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Демалыста оқыған шығармаларын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Қазақ әдебиетінің аса бір сүбелі кезеңі ХІХ ғасыр –ХХ ғасыр бас екені анық. Бұл қазақ елінің бостандыққа ұмтылған,өзін-өзі іздеген ,өткен күндерін аңсай еске алып, ,бүгінінен түңіліп, бірақ болашағына үмітпен қараған шағы еді. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басы әдебиеттің шын толысып, ауыз әдебиеті кемеліне келіп,жазба әдебиетінің жарағын сайлап, өзге өркениетті елдермен бой таластырған уақыты десек те қателеспейміз.

Бұл дәуір Абай кезі болатын. Бір ғасырдан аса әр тарапты, әр бағыттағ жолдар Абай маңайында түйісіп, ары қарай Абай әсерін сездіре,ұлттық рухты бойына сіңіре ұласты.

Топтастыру стратегиясы:

Қарсылықты поэзия Сал-серілер поэзиясы









Ағартушылық-жаңартушылық бағыт мемлекетшілдік-ұлтшылдық бағыт

Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді?

  2. Ауыз әдебиеті дегеніміз не?

  3. ХІХ ғасырда қандай тарихи жағдай болды?

  4. ХІХ ғасыр әдебиетіне кімдердің шығармаларын жатқызамыз?

Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: ХІХ ғасыр әдебиетін оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10


Сабақтың тақырыбы : Дулат Бабатайұлы

Сабақтың мақсаты : а) Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік бере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : жаңа сабақты игерту

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар,тірек сызбалар

Пәнаралық байланыс тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Дулат Бабатайұлы 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданы, Сандықтас өңіріңде туып, 1871 жылы дүние салған.

Жырау алғыр, зерек болып өседі. Жасында ауыл молдасынан оқып, арабша хат таниды.

Дулат Бабатайұлының тікелей өзінің өмірбаянын немесе өмірінін белгілі бір кезеңін сипаттайтын туындылары аз. Әйтсе де жыраудың мінезі, ой өрісі мен ақындық мұраты жайында шығармаларына сүйеніп, сенімді тұжырымдар жасауға болады.

Бұл—ақынның автопортреті. Мұндағы "көзге түсер сиқы жоқ", ел тағдырын ойлап, сирек күліл, аз ұйықтайтын, атағы алыстарды шарлаған кемеңгер, ақылы дария, сөзі алтыннан ауыр Байғыз қарт — ақынның өзі.

Шынында да, ол өз заманының "байғыз қарты" атанған дана, "Көнелерден сұрасам, сөзін жинап, құрасам", — деп өзі айтқандай, ел тарихы, өмір сырынан жинаған білім, білігі де ұшан-теңіз кісі болған, ақындық атағы да қатты шықкан. Бұған жыраудың басқа өлең, толғауларынан да дәлел боларлық мысалдар табылады.

Дулаттың өлең-толғауларының мазмұны мен тақырыптың ауқымы өте кең және алуан түрлі. Бір өлең немесе толғауда айтылатын ойлар мен идеялар көп жағдайда баска өлең-толғаулардағы ой-сезімдермен үндесіп жатады.


Кітаппен жұмыс: Дулат Бабатайұлының шығармаларын мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.


Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Д. Бабатайұлы өмір сүрген уақыттағы қазақ елінің жай-күйі,тарихи жағдай қандай болатын?

  2. Дулаттың шыққан ортасы,тегі туралы қандай ой пікір білдіресіңдер?

  3. Д.Бабатайұлы нені айтып күйінді?

  4. Ақынның өз ортасына деген көзқарасы қандай болды?


Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Д.Бабатайұлының өмірі мен шығармаларын оқып келу.


Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10


Сабақтың тақырыбы : Махамбет Өтемісұлы

Сабақтың мақсаты : а) Махамбет Өтемісұлының өмірінен мәлімет бере отырып, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау;

ә) білімдік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;

б) еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,суреттер

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы қазіргі Орал облысы, Жәнібек ауданындағы Бекетай құмы деген жерде дүниеге келді. Махамбет кейін перзенттік ыстық сезіммен әсірелей суреттеген, қуғында жүргенде аңсай сағынған бұл аймақ Бөкей ордасы, Бөкей хандығы немесе Ішкі орда деп те аталады. Еділ мен Жайық арасындағы бұл өлкенің Ішкі орда делінетіні сол кездегі Ресейдің шекаралық аумағына кіретіндіктен болса, Бөкей ордасы немесе Бөкей хандығы аталуы — Кіші жүздің бір бөлігін мұнда алғаш бастап әкеліп, қоныстандырған сұлтанның, кейінірек осы жердің ханы болған кісінің есіміне байланысты еді.

Өлеңдері: « Исатай деген ағам бар», «Мұнар күн», « Тайманның ұлы Исатай», «Мінкен ер», « Тарланым», «Исатайдың сөзі», «Қызғыш құс»


Кітаппен жұмыс: Махамбеттің өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.


Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Махамбеттің өмір сүрген кезеңдегі Қазақстанның,әсіресе Бөкей ордасындағы жағдай туралы не ойларың бар?

  2. Махамбет жырларында жақсы азамат,жағымды образ болып кім суреттеледі?

  3. Махамбет поэзиясындағы ұлттық өршілдік,қазақи ұлтшылдық туралы қандай пікір түйдіңдер?


Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: М. Өтемісұлының өмірі мен шығармаларын оқып келу.


Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10


Сабақтың тақырыбы : Абыл Тілеуұлы

Сабақтың мақсаты : а) А. Тілеуұлының өмірінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар т.б

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Абыл 1777 жылы, Маңғыстау жерінде дүниеге келген. Әкесі Тілеу аса бай болмаса керек. Ақын қарақалпақ, түркімен, қазақ арасын аралап, түркі жұртының ақындарынан сусындаған, сөз жарыстырған. Сондықтан «Қарасай-Қази», «Қырымның қырық батыры» секілді жырларды жеткізуші болды. Қазақ әдебиетінде ақынның «Арғымақ атта сын болмас», «Ескерту» атты жырлары белгілі болса, 1965 жылы оның өмірі, толғаулары Сәттіғүл ақынның айтуымен хатқа түсті. Абыл жырлары 1967 жылы «Қазақ әдебиеті хрестоматиясы», 1972 жылы «Ақберен» жинағында жарық көрді. Шығармалары кейінгіге үзіліп жетсе де, Мұрат, Қашаған секілді ақындар Абылды ұстаз тұтып, рухани аға есебінде басын иген.

Басында мида ағаштың сайрар бұлбұл,

Жігіттік - өтер, кетер бір қызыл гүл.

Қусаң да қос ат алып бір шалдырмас,

Қамшылап Әбу жылан мінсең дүлдүл, -

деп ақын заман жайлы тереңнен толғайды.

Кітаппен жұмыс: Абыл Тілеуұлының айтыстарын мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Абыл Тілеуұлының жинақтары қандай атпен жарық көрді?

  2. Қандай айтыстарын білесіңдер?

  3. Қандай жырларды жырлап жеткізген?


Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Абыл Тілеуұлының өмірі мен шығармаларын оқып келу.


Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы : Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Сабақтың мақсаты : а) Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармалары тағлымдық шығарма екенін түсіндіру;

ә) оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіре отырып,шешендік өнерге баулу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, дамыта оқыту.

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар,слайдтар

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Абыл Тілеуұлының жинақтары қандай атпен жарық көрді?

  2. Қандай айтыстарын білесіңдер?

  3. Қандай жырларды жырлап жеткізген?

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Шымкент облысы, Сарыағаш ауданында 1835 жылы дүниеге келген. Әкесінен 14 жасында жетім қалған ол жоқшылық-мұқтаждықты көп көреді. Жастайынан өлең шырқауды машық етеді. Ол қарапайым халықтың күйзелісін, махаббат бостандығын жырлап, адал еңбекке үндеген көптеген өлеңдерін жазады. "Жігіттің көркі - өнері", "Жақсылардан шыққан сөз" шығармаларында терең ойшылдың, сын көзбен қараушылық басым.

Майлықожа қазақ ақындарының дәстүрін жалғастырған. Шығыс әдебиетінің үлгілерімен жақсы таныс болғандықтан, өз шығармашылығының өрісін кеңейтуге, оларға еліктеп, мол әсер алғанын байқауға болады.

Ақын:

...Мәлім болған халыққа, Не жүйрік келіп дүниеге,

Өтірік емес анық та, Аяқтарын тіреді.

Өнер алды — тіл еді. Қарсыласқан хандарға

Сарттан өткен Науаи Үзеңгісін шіреді...

Тілдің гаусар гүлі еді. Бәрі де өтті дүниеден,

Парсыда еткен Фирдоуси, Адам бар ма оларды

Заманында дүр еді. Есіткенде күймеген, -

деп, оларға ерекше ден қойып құрметпен қарағанын, өзіне

үлгі тұтатынын мақтанышпен айтады.

Кітаппен жұмыс: Майлықожа Сұлтанқожаұлының толғауларын мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Майлықожа қай жылы дүниеге келген?

  2. Қандай толғауларын білесіңдер?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмірі мен шығармаларын оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы : Қашаған Күржіманұлы

Сабақтың мақсаты : а) Қашаған Күржіманұлының шығармалары мен өмірі туралы түсінік беру.

ә) оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіре отырып,шешендік өнерге баулу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар т.б

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Майлықожа қай жылы дүниеге келген?

  2. Қандай толғауларын білесіңдер?


б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Қашаған Күржіманұлы 1841 жылы қазіргі Түркімен Республикасы Ташауыз қаласында дүниеге келген. 1929 жылы Маңғыстау түбегіндегі Қырықкез деген жерде қайтыс болған. Ақынның жырлары ел ішіне ауызша тараған, ол өзі жастайынан жетімдікті көп көрген. Бірқатар шығармалары алғаш "Әдебиет майданы" журналында (1935, №5) жарияланды. Қашаған пейілі тар, сараң, надан адамдарды, аяусыз әшкерелейді. "Есқали сұпыға айтқаны", "Оразалыға", "Байларға", "Берекет ақынға", "Сақыпқа айтқаны", т.б. өлеңдерінде адамгершілік, ізгілік қасиеттерді дәріптеп, басқаларға үлгі ретіне насихаттаған. Халық тарихын қозғайтын "Адай тегі", "Атамекен", "Топан" атты дастандары бар. Ел аралап жүргенде Есқали сұпының келіні "Қонаққа тіккен үйіміз жоқ", - деп Қашағанды үйге кіргізбейді. Сонда ақын келіншектің әдепсіздігін бетіне басып, айтқан өлеңі:

Пейілің мұнша неге қуырылған?

Шапқанда жүйрік едім суырылған.

Сыртымнан естіген жұрт әуес еді,

Тұлпардай шығып жүрген дабылымнан.

Жас жігіт қонам десе қон дер едің,

Көрем де сақалымның буырылынан, — деп, жас келіншектің пейілінің неге тарылғанын, өзінің жасы келіп қалғандығын сөз ете, "жас жігітке бұлай демес едің" деп келіншекті ащы тілмен ажуа етеді. Өзінің халық арасындағы даңқын жүйрік тұлпарға теңей отырып, оны естімей, білмеген келіншіекке қайран қалады. Оны жеріне жеткізе сынайды.

Кітаппен жұмыс: Қашаған Күржіманұлының өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Қашаған Күржіманұлының өмірі мен шығармаларын оқып келу.


Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Похожие:

Сабақтың тақырыбы : Дулат Бабатайұлы Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы : Халық ауыз әдебиеті Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты : а Әдебиеттің түрлері туралы түсінік бере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
Сабақтың тақырыбы : Дулат Бабатайұлы Сабақтың мақсаты iconӨтетін күні: Сабақтың тақырыбы: § 20. Зергерлік. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: білімділік- металл бұйымдары, оларды көркемдеу жолдары мен ерекшеліктері туралы мағұлмат беру
Сабақтың тақырыбы : Дулат Бабатайұлы Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы: Бейімбет Майлин (1894-1938) Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: қазақ халқының ұлы ақыны Б. Майлинның өмірі мен шығармашылық жолы туралы оқушыларға қысқаша түсінік беру
Сабақтың тақырыбы : Дулат Бабатайұлы Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы: Саясат және оның қызметтері. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімділік дағдаларын қалыптастыру, өз жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру....
Сабақтың тақырыбы : Дулат Бабатайұлы Сабақтың мақсаты iconҚазақ әдебиеті 10 класс Сабақтың тақырыбы : Шоқан Уәлиханов өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты : білімділік
Сабақтың мақсаты : білімділік – Шоқан жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып, жаңа мағлұматтар алуына жағдай туғызу, шығармаларының...
Сабақтың тақырыбы : Дулат Бабатайұлы Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты : оқушылардың теңдеулерді шешу тақырыбы бойынша алған білімдерін жүйелеу
Сабақтың тақырыбы : Дулат Бабатайұлы Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ҚР ҚК-нің жауынгерлік дәстүрлері туралы түсінік беру
Сабақтың тақырыбы : Дулат Бабатайұлы Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды биологиялық қарулардың түрлерімен және негізгі қасиеттерімен таныстыру
Сабақтың тақырыбы : Дулат Бабатайұлы Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ядролық жарылыс кезіндегі өткір радиация әсерін түсіндіру
Сабақтың тақырыбы : Дулат Бабатайұлы Сабақтың мақсаты iconАқтөбе қаласындағы №18 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Атамуратова Бибигуль Абдрахмановна Класс: 6 «А». Пәні: Ежелгі Қазақстан тарихы Сабақтың тақырыбы: §16 Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі жайында жалпы білім беру, тарихи маңызын ашу
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница