«КӘсіптік білім және өнер» факультеті «бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі»




Название«КӘсіптік білім және өнер» факультеті «бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі»
страница5/30
Дата конвертации13.02.2016
Размер4.13 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/Sillabus/BOS/Saparbaeva.BeinOnrOA.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

Грек тарихының б.э.дейінгі 6-8 ғасырды қамтитын бұл кезең «көне»ұғымды білдіретін «архойс» деген сөзінен шыққан «архайкалық»кезең деп аталады.Көне дәуірде Евразия кеңістігінде Кіші Азия мен Шығыс Азияда әлемдік өркениет дамуының жаңа ғасыры басталды.Евразия қаласында сақ-скиф ғұндар әкелген әшекей өнер «аң бейнесі»әдіс өмірге келді.Қосөзен алқабында атақты қорғандармен қалалармен аспалы бақтармен әйгіленген Вавилон ахмениттер патшалығы тарих төріне шықты. Өркениетті осындай елдермен қызу қарым-қатынаста болған гректер олардың мәдениетінің ең озық үлгілерін саралай сіңіре отырып жоғары жетістікке жетті. Ежелгі Мысмыр сәулетшілерімен бағаналы сарай храмдар салуды үйренді.Қосөзен аңғары елдерінен бнтон жасауды беті жылтыр су өткізбейтін түрлі-түсті кірпіш мозайка өруді дарытты ал көшпенділер алтыннан түйін түйген зергерлікті қараушылығы сұмдық бүлінуде ғана емес өйткені жартылай күйреген храмды немесе бүлінген мүсінді ғылыми жолмен барынша біргірлікпен қалпына келтірудің қабылдады.


Бақылау сұрақтары.

  1. Сурет салу әдісінің Греция мемлекеті орта ғасырларда құрылуымен тығыз байланысы

  2. Рим мемлекетінің Сурет салу әдісі


6-- лекция. Таќырыбы: Сурет салу әдісінің Греция Рим мемлекеті орта ғасырларда құрылуымен тығыз байланысы


Жоспары:

1.Грекиядағы сурет мектептері

2.Рим өнері

Лекция маќсаты: Грек классикалық өнеріне және архайка өнеріне шолу

Лекция мєтіні (ќысќаша)

1. Грекиядағы сурет мектептері Грекияда б.з.д. VI ғасырда бірнеше сурет мектептері болды. Олар-Сикиондық,Эфестік және Фивандық мекиептер. Бұл мектептер әр түрлі әдістемелік бағыт ұстады. Фивандық мектеп жарық, көлеңке арқылы өмір шындығын және елесті көрсетуге бағытталды. Эфестік мектепте сыртқы сұлулыққа және табиғатты көркемдік тұрғыдан қабылдауға, соның ішінде шығармашылық, эстетткалық шабытқа мән берілді.

Сикиондық суретмектебі жаратылыстанудың ғылыми мәліметтеріне және табиғат заңдарына негізделді. Сикион суретмектебі оқыту әдістемесінің дамуына ғана емес, сонымен қатар жалпы бейнелеу өнерінің дамуына үлкен әсер етті. Бұл мектеп оқыту әдістемесін ғылыми негізде құрып, оқушыны табиғатты зерттеуге, оның заңдылықтарын ашуға жетелеп, табиғат сұлулығына деген сүйіспеншілік көзқарасын тәрбиеледі. Сикиондық мектептен Памфил, Мелантий Павзий және ұлы Апелес сияқты атақты суретшілер шықты. Сикиондық мектептің басшысы болған Памфилдың арқасында суретсалу Грекияның жалпы білім беретін мектептерінің барлығына пән ретінде енгізілді. Супетсалуға оқытудың міндеті өмір шындығындағы заттарды тек көшіріп бейнелеу ғана емес, сонымен қатар, ол заттардың құрылысының заңдылықтарын зерттеп , тану екендігін алғаш рет Памфил дәлелдеді.

Ал Ежелгі Грек суретшілері оқыту мен тәрбие мәселесіне жаңаша тұрғыдан қарады. Олар қоршаған ортадағы өсімдікке, табиғи құбылыстарға көңіл бөлу қажеттілігін мойындап, бейнелеу өнерін оқытудың өзіндік ережелерін жасады. Гректер әдеміліктің мәні сымбаттылық,симметриялық, бөліктердің тұтастық үндестігі, дұрыс математикалық тепе-теңділік деп тұжырымдады.

Ежелгі римде де өнерге, соның ішінде бейнелеу өнеріне өте үлкен сүйіспеншілікпен қарады. Ауқатты адамдар грек суретшілерінің туындыларынан коллекциялар жинап, тіпті ақсүйектер мен үкімет қызметкерлері сурет және кескіндемемен (живопись) айналысты. Суретке оқыту Римдегі жалпы білім беру мектерінде жүргізілді.

Бірақ Римдіктер грек суретші педагогтарының жасаған бейнелеуге оқыту әдістемесін одан әрі дамытып жетілдірмеді, керісінше, кейбір оқыту әдістерін олар сақтай алмады. Грек суретші-пелагогтары бейнелеу өнерінің басты мәселелерін шешуге талпынып, өз шәкірттерін бейнелеуге оқуды ғылым арқылы игеруге шақырып, бейнелеуге ұсақ кәсіп ретінде емес үлкен шығармашылық ретінде қарау керектігін түсіндірсе , ал Рим империясының суретші –педагогтарын бейнелеу өнерін оқытуды одан әрі дамыту мәселелері көп алаңдатпады. Олар бейнелеу өнеріне ұсақ кәсіп ретінде қарап, бейнелеуге оқытуда тек үлгіден көшіру әдісімен шектеліп, ұлы грек шеберлерінің жұмыс тәсілдерін қайталады.

Сөйтіп римдік суретшілер гректер жасаған бейнелеуді оқыту әдістемелерін біртіндеп жоғалта бастады.

Ұлы Рим империясы құлаған соң орта ғасырда шынайы өнер жетістіктері мүлдем жоққа шығарылды. Суретшілері бейнені жазықтық бетінде тұрғызу ережелерін, гректер жасаған оқыту әдістерін (император Константин және папы Сильвестр тұсында) білмеді. Ағарту ісіне қарсы болған христиан шіркеулері грек шеберлерінің теориялық еңбектерін, сонымен қатар бейнелеу өнерінің аса құнды туындыларын аяусыз құртып талқандады. Өнерге деген сүйіспеншілік, өнерге табынушылық деп танылып қудаланды.

IX-XI ғасырлардағы дағдарыс-тоқыраудан кейінгі қайта өрлеу дәуірі бейнелеу өнерінің және оны оқыту әдістемесінің даму тарихына үлкен әсерін тигізді.

Бейнелеу мәселелерімен Ченнини Ченнино, Альберти, Леонардо да Винчи, Дюрер және т.б. бейнелеу өнерінің шеберлері айналыса бастады. Олар табиғи құбылыстар заңдылықтарын түсіну мақсатындағылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып, бейнелеу өнерін ғылыммен байланыстырды. Жұмыстың нәтижелі болуына археологиялық қазбалардан табылған өнер үлгілері және Ежелге Грекияның ұлы өнері жөніндегі тарихшылар қалдырған деректер көмектесті. Қайта өрлеу суретшілері антикалық өнерүлгілерін зерттеу барысында игерген теориялық білімдерін өздерінің шығармашылық жұмыстарында пайдаланды және перспектива, анатомия, пропорция ілімдерін зерттеп жетілдіруді басты мақсат етіп алды

Б.з.б. V ғасырдың алғашқы он жылдықтарынан бастап Ежелгі Эллада мәдениеті өзінің шырқау шыңына шықты. Аса қауіпті Персиямен соғыс /б.з.б. 500-449 ж.ж./ грек халқына қатал тарихи сын болды. Парсы әскерлері Грек аумағына басып кіріп, қалаларды қиратты. Грек-парсы соғысының барысында грек қалаларының теңіз одағы қалыптасты, оған екі жүзге тарта мемлекет кірді.

Мұнда бірінші орынға Афины ие болды. Бірте-бірте осы тең құқылы қалалардың одағы державаға айналды.афинылықтар одақтастарына өз үстемдігін жүргізе бастады. Афины басты флот болды. Афинымен одақтас мемлекеттерде демократиялық құрылыс, ал Спартаны қолдаған қалаларда олигархиялық құрылыс жеңіп шықты. Афины мен Спартаның тайталасы одан кейін б.з.б. V және VI ғасырлардағы Грекияның тарихын айқындап берді.

Б.з.б. V ғасырлардың ортасындағы Афинының гүлденуі /б.з.б. 444-429 ж.ж. / оны Ежелгі Элладаның аса ірі экономикалық, саяси, мәдени орталығына айналдырып, атақты ақындардың, тарихшылардың, философардың назарын аударды.афины тұрғындары Дионистің құрметіне өткізілетін /көптеген / көктемгі мерекелерде Акрополь бауырындағы театрға жиналатын. Ең кедей азаматтар үшін театр ойын – сауықтарға баруға арнаулы жетон берілетін. Грек трагедисы мифтік тұрғыда, қаза табумен аяқталатын. Көрермендерге ой салып, адамгершілікке, сезімталдыққа тәрбиелеп, этикалық асыл қасиеттерін нығайтты.

Б.з.б. V және IV ғаырларда жасалған сәулетшілердің, мүсіншілер мен суретшілердің даңқты туындылары кейінгі ғасырларда еліктеуге лайық өнеге болды: олар классикалық мұра. Б.з.б. V-IV ғасырлардағы өнер грек классикасының өнері деп аталады. Б.з.б. V ғасырдағы сәулетөнері архаика сәулетінде қалыптасқан. Дорлық ордер храмдары жетекші орын алды.

Бұл белгілер б.з.б. V ғасырдың екінші ширегінде Италияның оңтүстігіндегі грек отары Пестум қаласында салынған тәңірия Гераның храмынан жете көрінеді, бұрынғы ол теңіз тәңірісі Поседонның храмы деп есептелінген. Аумағы 60х24м ғимарат алып жатыр. Құм қайрақтан қаланған. Шатырды сүйеп тұрған колонна дорлық храмға тән үш баспалдаққа тірелген. Храмды қоршаған колонналар мұқият ойластырылып жасалған. Қарсы бетінде – алтау, ұзына бойына – он үш. Гера храмы классикалық сәулет өнеріне тән белгі.

Классика өнерінің қаһармандық сипаты әсіресе, фронтондарында,әдетте, мәрмәрдан қашалған мүсіндер қойылып, метопа тақталары бедермен айшықтанатын дорлық храмдардың мүсін әшекейлерінен айқын сезіледі. Мүсіншілер бұл бейнелер сюжетін мифологиядан алды. классика дәуірінің суретшілері мифке жүгінгенде ескі аңызды жаңартып, өз заманына байланыстырып сала бастады. Б.з.б. V ғасырдың шеберлері барлық дәуірлердегі сәулетшілер мен мүсіншілер алдында тұрған өнер мәселелерінің бірі – сәулет өнері мен мүсін өнерін байланыстырып ойдағыдай шешімін тапты.

Ежелгі Элладаның классикалық өнері тарихында б.з.б. 470-456 жылдары парос мәрмәрінен жасалған Олимпиядағы Зевс храмының мүсін әшекейлреі көрнекті рөл атқарды. Оны жасаушылардың есімдері белгісіз қалды. XIX ғасырлардағы қазба жұмыстары кезінде табылған бұл мүсіндер Олимпия мұражайында сақтаулы.

Храм метопаларында Гераклдың он екі ерлігі, шығыс фронтонында күйме жабыстарының пайда болуы туралы миф, батысында құдайлар мен қаһармандардың тағы кентаврларымен шайқасының көріністері бейнелеген.

Батыс фронтон композициясының сюжеті – лапифтер тайпасының көсемі Пейрифой өзінің үйлену тоойына құдайларды, қаһармандар мен көрші кентаврлар тайпаларын шақырғаны туралы миф. Кентаврлар мас болып алған соң, әйелдер мен жігітерді, соның ішінде Пейрифойдың қалыңдығы Дейдамияны ұрлап алып қашуға тырысады. Қаһармандар олармен шайқасқа түседі.

Мүсіндердің ұзындығы – 26 метрден асады, биіктігі – 3 метр. Композиция орталығына мүсінші лапифтерге жеңіс әкелген жарық пен өнер құдайы Аполлонның тұлғасын орнатқан. Сол жақта қылышын ұстаған Пейрифой, ал оның қасында өзіне қадалған кентавр Евритонды шынтағымен итеріп тұрған Дейдамия бейнеленген.

Зевс храмының батыс фронтонындағы мүсіндерді жасаған шеберлер мүсін композициясын құрастыру тәсілдерін меңгерген.

Б.з.б. V ғасырдың бірінші жартысындағы мүсіндердің таңдаулы нұқаларының бірі – б.з.б. 470 жыл шамасында белгісіз талантты шебер жасаған делбешінің қола мүсіні.

Классикалық өнердің зор жеңісі адамның архаика өнерінің шарттылығынан құтылған тәуелсіз, табиғи қалпын бере білу шеберлігінде жатыр.

Афиныға б.з.б. 470-450 жылдар аралығында сыйлыққа әкелінген мәрмәр бедерде тәңірия кескін – балғын қыз келбеті сұлулық пен әсемдікке толы. Афина найзағайға сүйеніп тұр, басына коринфтік биік дулыға, бет ажары, бүкіл кескіні ойлана қалған бір сәтті сипаттайды.

Б.з.б. 470-460 жылдарда Италияның оңтүстігіндегі грек қалаларының бірінде жасалған бедер де ерекше көркемдік қасиетімен дараланады. Парос мәрмәрінен жасалған үш тақтада мүсінші бс көріністе Кипр аралының маңында теңіз толқының көбігінен жаратылған Афродита туралы аңызды бейнелеген, судан шыққан тәңірияны екі қыз сақтықпен абайлап сүйеп келеді. Тақта тасқа орналасқан пішіндер байсалды, классикалық тас түйін композициясын құрайды. Пішіндер тек мифологиялық сюжетпен ғана емес, көрерменнің көңілінде туатын асқақ сезімді оятуда зор мәні бар.

Қапталдағы тас тақталарда тәңірияның қызметшілері бейнеленген. Біреуінде жалаңаш сыбызғышы қыз сәл шалқайған қалпында көпшіктің үстіне еркін жайғасып отыр.

Қарсы тақтада отырған әлгі қыздан аумайтын, ұзын киім жамылған, ол Афродитаға құрбандық алып келді. Алдында шоғы жайнап тұрған биік қорқорға жұпар иісті дән тастап отыр.

Б.з.б. V ғасырдың екінші ширегі – грек өнерін дамытудың аса маңызды кезеңдерінің бірі. Бұл – қауырт ізденістердің кезі, мүсін шеберлерінің адам денесін реалистік бейнелеу тәсілдерін игеру, пішін қимылының көркемдік мүмкіндіктерін ұғыну кезі.

Грек мүсін өнерінің шынайы үздік шығармасы – құдай Посейдонның сол заманда сомдалған, Артемисион мүйісі маңындағы теңіз түбінен табылған қола мүсіні. Посейдон мүсіні – асқақ қола құйма өнерінің ғажайып үлгісі. Б.з.б. V ғасырдағы тап-тұйнақтай пішін адам денесінің сұлулығы мен пропорциясын мейлінше келісті жеткізе алатын қола мүсіншілердің сүйікті материалына айналды.

Б.з.б. V ғасырдың аса ірі екі мүсіншісі Мирон мен Поликлет қоламен жұмыс істеген. Мирон, Элевтрлік Мирон – б.з.б.V ғ. Бас кезіндегі аса ірі шебер Агеладтың қолында оқыған, Афиныда жұмыс істеген.

Мирон штаты архаикалық өнер дәстүрлерінен қол үзіп, қимыл-қозғалысты беруде таңғажайып шеберлікке жетті. Ол жааған жеңімпаз атлеттер мүсіндері ерекше танымал болды. Мирон мүсіндерінің көбісін қоладан құйды. Мирон мүсіндерінің көбісін Афиныда жұмыс істеумен өткізді, шығармасының гүлденген шағы б.з.б. V ғасырдың екінші ширегі еді. Оның шығармаларының көпшілікке ең танымалысы – б.з.б. 460-450 жылдар арасында жасалған «Диск лақтырушы мүсіні», ол атлетикалық жарыс жеңімпазын мадақтайды. Диск ұстаған қолы барынша кейін қарай қайырылған. Жалаңаш балғын балғын жігіт еңкейе алға ұмтылған. Миронның жаңашылдығыц – грек өнерінде алғашқылардың бірі болып,мүсін өнерінде қимыл әсерін бере алғандығында.

Поликлет – грек мүсіншісі әрі өнер теоретигі. Б.з.б. 480 ж.ж. гүлденген. Б.з.б. V ғасырдың аяғында дүние салды. Ертедегі жазушылар мәліметтеріне қарағанда, Поликлет мүсіншісі Агеладтың шәкірті болған. Шебер алтынмен піл сүйегінен алып діни мүсіндерді сомдаумен айналысқан. Поликлеттің «Амазонка» атты еңбегі Фидий, Креселай мен Фрадмон қатысқан бәйгеде бірінші орын алды. Оның шәкірттері мен мұрагерлері көп болған.

Поликлет дененің барша мүшелерінің мөлшерімен олардың өзара қатынасын математикалық тұрғыдан дәл есептеген. Мүсінші «Канон» / яғни «ереже» / атты теориялық трактат жазып, онда адам тұлғасының пропорциялары туралы ойларын баяндады.

Поликлет атлет-азамат туралы өз мұратын найзагер жігіттің б.з.б. 450-440 жылдар шамасында құйылған қола мүсінде жүзеге асырды.

Алтын денелі жалаңаш атлет «Дорифор» / «Найзагер» / сабырлы да сымбатты қалпында бейнеленген. Жігіт жаңа ғана алға бір қадам басып, тоқтай қалған сияқты. Денесінің бүкіл салмағын оң аяғына салған.

Бұл мүсіннің көшірмелері Ежелгі Эллиаданың көптеген қалаларында, жігіттердің гимнастикалық жаттығулар жасайтын орындарында тұр. Қазірге дейін «Дорифор» дүние жүзілік өнерде адам баласының таңғажайып бейнелерінің бірі болып табылады.

Б.з.б. V ғасырдың үшінші ұлы мүсіншісі афинылық Фидий болды, оның шығармашылық даналығы шыңына жете гүлденген құл иеленушілік демократияның мұраттарын толықтай сомдау болды.

Фидий Хармид – ұлы гректің б.з.б.V данышпан мүсіншісі. Оның шығармасында афинылық құлиеленушілік, демократияның шарықтап гүлденген шағындағы эстетикалық мұраттар аса айқын көрініс тапты. Фидий б.з.б. 500ж. Шамасында Афиныда дүниеге келді. Оның ұстаздары арасында мүсінші Агелад пен кескіндемеші Полигнот болды.

Мүсіншінің балалық және жастық шағы грек-парсы соғысы тұсында өткендіктен ол бүкіл өмірін дерлік парсыларды жеңген грек халқын мадақтайтын ескерткіштер жасауға арнады.

2. Рим өнері Ежелгі римде де өнерге, соның ішінде бейнелеу өнеріне өте үлкен сүйіспеншілікпен қарады. Ауқатты адамдар грек суретшілерінің туындыларынан коллекциялар жинап, тіпті ақсүйектер мен үкімет қызметкерлері сурет және кескіндемемен (живопись) айналысты. Суретке оқыту Римдегі жалпы білім беру мектерінде жүргізілді.

Бірақ Римдіктер грек суретші педагогтарының жасаған бейнелеуге оқыту әдістемесін одан әрі дамытып жетілдірмеді, керісінше, кейбір оқыту әдістерін олар сақтай алмады. Грек суретші-пелагогтары бейнелеу өнерінің басты мәселелерін шешуге талпынып, өз шәкірттерін бейнелеуге оқуды ғылым арқылы игеруге шақырып, бейнелеуге ұсақ кәсіп ретінде емес үлкен шығармашылық ретінде қарау керектігін түсіндірсе , ал Рим империясының суретші –педагогтарын бейнелеу өнерін оқытуды одан әрі дамыту мәселелері көп алаңдатпады. Олар бейнелеу өнеріне ұсақ кәсіп ретінде қарап, бейнелеуге оқытуда тек үлгіден көшіру әдісімен шектеліп, ұлы грек шеберлерінің жұмыс тәсілдерін қайталады.

Сөйтіп римдік суретшілер гректер жасаған бейнелеуді оқыту әдістемелерін біртіндеп жоғалта бастады.

Ұлы Рим империясы құлаған соң орта ғасырда шынайы өнер жетістіктері мүлдем жоққа шығарылды. Суретшілері бейнені жазықтық бетінде тұрғызу ережелерін, гректер жасаған оқыту әдістерін (император Константин және папы Сильвестр тұсында) білмеді. Ағарту ісіне қарсы болған христиан шіркеулері грек шеберлерінің теориялық еңбектерін, сонымен қатар бейнелеу өнерінің аса құнды туындыларын аяусыз құртып талқандады. Өнерге деген сүйіспеншілік, өнерге табынушылық деп танылып қудаланды.

IX-XI ғасырлардағы дағдарыс-тоқыраудан кейінгі қайта өрлеу дәуірі бейнелеу өнерінің және оны оқыту әдістемесінің даму тарихына үлкен әсерін тигізді.

Римнің дүние жүзілік мәдениеттегі маңызына қайта оралайық. Дүние жүзілік мәдениет қазынасына қосылған таза римдік үлесі (нақ сол римдік портретпен байланысты) антика өнерінің аса ірі соыеттік білімпазы О. Ф. Вальдгуэр тамаша анықтаған: «..Рим жеке-дара тұлға ретінде бар; Рим оның белгілерімен ежелгі бейнелер қайта туған қатаң формаларда бар, Рим антика мәдениетінің ұрығын жан-жаққа тараты, жаңа, әлі де болса тағы халықтарды ұрықтандыруға мүмкіндік берген ұлы организмде бар., ең ақырында, Рим эллиндік мәдени элементтердің негізінде жәнет жаңа міндеттерге сай ол элементтердің түірн өзгерте тоырып, цивилизацияланған әлемді жасуда бар, тек Рим ғана портреттік мүсіннің... ұлы дәуірін жасай алды

Римдік портреттің күрделі алғы тарихы бар. Оның этрускілік портретпен де, эллинистіки портретпен де, байланысы бары анық. Римдік тамыр да әбден айқын: мәрмердегі не қоладағы алғашқы римдік портреттік бейнелер бар болғаны өлген адамның жүзінен алынған балауыз масканың дәл қайталануы ғана еді. Бұл әлі өнер емес-тін.Кеиінгі замандарға римдік көркем портрет негізінде дәл сақталды. Творчестволық шабытпен, тамаша шеберлікпен қанатталған дәлдік ол. Бұл арада грек өнерінің мұрасы әрине өз рөлін атқарады.

Рим өнері тұтастай алғанда грек өнерінен туып өскен дәлелдеуге болады. Алайда Римнің мұрасы Европаның мәдени іргетасын қалауда өте үлкен орын алды. Ол олма бұл мұра европалық өнер үшін шешуші дерлік нәрсе болды. Рим ақсүйектері өнердің барынша қадірлеуінше айналды. Тамаша ескерткіштермен жасанып шыға келді. Әділет жағдайында Рим мемлекетін шайқалтқан құлдардың қаһарлы көтерілісіне , олардың көсемі спартактың жеңілмес римдік қыспағына екі жыл төтеп берілгеніне қарамай айтылып отыр. Бүкіл жарық дүниеге қаншама игілік әкелді. Теңіздер пираттардан ал жолдар қарақшылардан тазартылды. Заң халықтың өмірі мен мүлкін күзетеді. Әрбір адамның правосы кімнің болса да қол сұғуынан қорғалған. Бұл күнде бостандық оны сенімді ету үшін ғана шектеледі. Дүниені әділет ппен парасат басқаруда.

Римдіктер толып жатқан грек мүсіндерін әкеліп қана қойған жоқ (бұданм басқа олар египеттік обелискілерді де тасып әкелді) , сонымен қатар, біздің жоғарыда көргеніміздей, барынша кең көлемде грек түп нұсқаларының көшірмесін де жасады. Сөйтіп , біз бір ғана осы үшін де оларғаа алғыс айтуға тиістіміз. Алайда, мүсіндеу өнеррріне қосылған Римнің өз үлесі неде? Трааян форумында осы императордың өз мүрдесінің үстінде, б.э. бұрынғы 2 ғвсырдың басында тұрғызылған Траян колоннасы деңгегінің айналасында ақыр аяғында патшалығын (қазіргі Румыния) римдіктер жаулап алған дактарды императордың жеңгендігін мадақтайтынбедер кең жолақ жасап бұйраланып жатады. Бұл бедерді орындаған суретшілер, сөз жоқ, талантты ғана емес, сонымен бірге эллинистік шеберлердің тәсілдерімен жақсы таныста еді. Дегенмен бұл-кәдімгі римдік туынды
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

Похожие:

«КӘсіптік білім және өнер» факультеті «бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» iconҚолы аты-жөні
Аспаптық орындау, Дәстүрлі музыкалық өнер, Музыкалық білім, Вокалдық өнер, Режиссура, Мәдени тынығу жұмысы, Дизайн, Бейнелеу өнері...
«КӘсіптік білім және өнер» факультеті «бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» icon«Бейнелеу өнер тарихы» 5В010700 «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша
Дәріс сабақтарының қысқаша мазмұны
«КӘсіптік білім және өнер» факультеті «бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» icon«Көркем қолданбалы өнер және кәсіптік білім беру» кафедрасы 050107 Бейнелеу өнері және сызу
Курс бағдарламасы жоғары оқу орындарының пәндеріне сай және Қазақстан республикасы білім беру мемлекеттік стандартқа Алматы, 2002...
«КӘсіптік білім және өнер» факультеті «бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» iconБарлығы – 135 сағат
Курс бағдарламасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен 11. 05. 05. Бұйрық №298 мосу-не сәйкес 050107 «Бейнелеу...
«КӘсіптік білім және өнер» факультеті «бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» iconЛекция: 52 сағ
Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі”, 050107 – “Бейнелеу өнері, сызу”, 050106 – “Музыкалық білім”, 050119 – “Шет тілі”, 050504...
«КӘсіптік білім және өнер» факультеті «бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» iconБілім және ғылым министрінің
Біліктілігі: 010601 3 Бейнелеу өнері және сызу пәнінің негізгі орта білім беру мұғалімі
«КӘсіптік білім және өнер» факультеті «бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» icon«6D010700 – бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша
Республикасының Білім туралы Заңы 2014. 14. 01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен
«КӘсіптік білім және өнер» факультеті «бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» icon6M010700 – «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 17 маусымындағы №261 бұйрығымен бекітілген магистратура мен докторантураға...
«КӘсіптік білім және өнер» факультеті «бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» icon5В010700 «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша жеке пәндер мазмұны (курстар, юнит бірліктері)
В010700 «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша жеке пәндер мазмұны (курстар, юнит бірліктері)
«КӘсіптік білім және өнер» факультеті «бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» icon«Кәсіпке баулудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы бекітемін
Кәсіби білім беру жүйесіндегі менеджмен: Кәсіби психология; Кәсіби педагогика; Кәсіптік білім берудің әдіснамалық проблемалары; Кәсіптік...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница