«КӘсіптік білім және өнер» факультеті «бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі»




Название«КӘсіптік білім және өнер» факультеті «бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі»
страница3/30
Дата конвертации13.02.2016
Размер4.13 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/Sillabus/BOS/Saparbaeva.BeinOnrOA.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

Бақылау сұрақтары.

  1. Суретшілер композициялық ізденістері

  2. Мектептегі бейнелеу өнері атқаратын міндеті мен тәрбиелік мүмкіндігі


2- лекция. Таќырыбы: Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесін оқытудағы теориялық және практикалық тұрғыдағы басты бағыттары


Жоспары:

1.Бейнелеу өнерінің сауаттылығының негіздері.

2. Бейнелеу өнеріне оқыту негіздері

Лекция маќсаты: Бейнелеу өнерінің сауаттылығының негіздеріне және бейнелеу өнеріне оқыту негіздеріне түсінік беру.


Лекция мєтіні (ќысќаша)

1.Бейнелеу өнерінің сауаттылығының негіздері. Сурет салу үшін суретшілердің алуан түрлі жабдықтар мен материалдарды пайдаланытыны белгілі. Қандай да болмасын нақты суретпен жұмыс,заттың өзіне қарап салудан, оның пластикалық қасиетін оқып-білуден басталады. Нақты бейненің ерекшелігіне байланысты сурет қарындашпен, перомен,көмірмен,қылқаламмен салынуы мүмкін.

Сурет салатын карандаштар қатты жұмсақтығыныа қарай мынадай түрге бөлінеді: 6Т, 5Т, 4Т, 2Т,, 3Т, Т, ТМ, М, 2М, 3М, 6М, бұлар латынша мынларға сәйкес келеді: 6Н, 5Н, 4Н, 3Н, 2Н, Н, НВ, 2В, 3В, 4В, т.б.

Қарандашты жазуы бар жағынан ұштамауы керек. Жартысынан азы қалған қарандашпен сурет салу өте-өте қолайсыз болады, сондықтан оны арнаулы түтікке орнатып, ұзартып пайдаланған жөн.

Сурет салу үшін сызу және сурет қағазы деп аталатын жартылай ватман қағазы қолданылады. Сурет салуға жылтыр жұқа, жұмсақ немесе өте қалың, бедерлі қағаздар мүлдем жарамайды. Қағаздың бедерлігі немесе жылтырлығы суретті өңдеуге қолайсыз. Ол жұмсақ қағаз тез сарғайып кетеді. Бұл қағазға тек жұмсақ заттар мен көмірмен ал жылтыр қағазға тек қана тущпен және қалам ұшпен сурет салған ыңғайлы. Сурет салуды жетік игеру үшін күн сайын жүйелі жұмыс істеу арқылы ғана жетуге болады. Сондықтан суретші тәжірбие жинақтап, техникалық білім мен тәсілдерді игереді. Өткен және қазіргі заманға шебрлердің сурет салу техникасын зерттеп, үйрену қажет. Мұның өзі суретшінің ой-өрісін кеңейтіп, сурет салудың сан-алуан тәсілдерімен танысуына көмектеседі, сондай –ақ сурет салғанда қолданылатын түрлі материалдарды игеруге, олардың мүмкіндіктері мен қасиеттерін іс үстінде танып білуге үйретеді.

Сурет салғанда қолды қалай ұстау керек. Қарандашты үш саусақпен (басбармақ , сұқсаусақ, ортанға саусақ) ғана ұстау керек. Қағаздағы суретке көлеңке түспеу үшін қарандаштың ұшынан сәл алыстау ұстаған жөн.

Сурет салған кезде қолды қағаз бетіне тигізбеу керек. Егер қажет бола қалған жағдайда қолды сүйемелдеу үшін екі саусақтың ұшын (аты жоқ саусақпен шынатақ) қағаз бетіне ептеп тигізуге болады. Сонда қолдың астындағы сурт былғанбайды, өшірілмейді.

Сызықтармен штрих жүргізу тәсілі. Сурет салудың негізгі тәсілдерінің бірі сызық жүргізу. Жіңішке сызықтар жүргізу арқылы болашақ пішіннің нобайы жасалады. Осы сызықтармен негізгі пропорциялар белгіленіп, суреттің жеке бөліктері салынады. Сызық жүргізу арқылы сурет кейпі белгіленеді. Пішіннің түрі түсетін жарыққа қарай өзгеретіндіктен, сызықтың түрі де өзгереді. Мұндай сызық штрих сызық немесе кеңістік сызық деп аталады.

Суреттегі керексіз сызықтарды өшіру үшін жұмсақ ақ өшіргіш қолданылады. Өшіргішті өте бір қажетті жағдайда болмаса сирек пайдалануға дағдыланған жөн.

Сурет салатын қағазды планшетке керіп біту үшін сызба ( архитектура) кнопкасын қолданған жақсы, немесе желімдеуге де болады. Ол үшін қағазды шамалы сулап, планшетке қатты жабыстыра нық ұстап тұрып, шетін кнопкамен бекітіп не желімдеп, планшеттің қырының артқы жағына бекіту керек. Сурет салуға кіріспес бұрын қағаз керілген планшетті жұмыс істеуге ыңғайлап, дайындап алған дұрыс.

Сурет салғанда қарандашпен қатар көмірді де пайдалануға болады. Ал анағұрлым жұмсақ материалдар қатарына жатады. Көмір таяқшалары ағаштардың жіңішке бұтақтарын отқа жағу арқылы дайындап алуға болады. Ол үшін биіктігі 20-25см консерв қалбырын тауып алып, оған құрғақ құм толтырады да ішіне қабығы аршылмаған биіктігі қалбырдың бойындай шыбықтарды шаншиды. Сонан соң қалбырдың бетін жауып отқа қыздырады. Шыбықтар әбден қызған кезде оттан шығарып алып, оны суытады, сосын сол күйде пайдалануға болады. Фабрикада арнайы дайындалған көмірлерде болады. Мәселен қолдан дайындаған көмірге өсімдіктен жасалған желім қосылады. Ондай көмірлер беті бұдыр қағаздарға жақсы жұғады.

Графикті қарандашпен және көмірмен (беті бұдыр қағаздарға) салынған суреттерді ұзақ сақтау қиын, сондықтан көмескіленіп немесе өшіп кетпеуі үшін оларды фиксаторлар арқылы өңдеу керек. Фиксаторларды жасау әдістері де әртүрлі. Мысалыға, қаймағы айырылыған сиыр сүтін алып, оған соншама су қосады. Бұл тез еру үшін керек. Мұндай әдістермен дайындалған ерітінді қағаз бетіне бүріккіш арқылы бүркеуге болады. Графикті қарандашпен және көмірмен салынған суреттерді фиксатив арқылы әбден қатырып, тастайды. Әдетте мұндай әдістер салынған суреттерді ұзақ мерзімдерге сақтау үшін өте қажет. Көбіне суретшілер түрлі түсті қарандаштарды пайдалануға онша көп әуестене бермейді. Олар суреттерді көмірмен, тушпен қара қарандашпен пастель деп аталатын әртүрлі борлармен салады.

Бейнелеу өнер сабақтарында оқушылардың практикалық білімі мен көркемдікті түисіндік үилесімді ұштастыра білуге шындық пен өнердегі әсемдікті дәл сезіне білуін, шығарманың ынтасына өнерге деген ықыласы мен қызушылығына және материалдық дүние танымының қалыптасуына ықпал етеді. Аиналадағы өмір шындығы көріністерін көркем беинелеу әдістері мен тәсілдерін меңгеру белсенді шығармашылық жұмыс. Оқушылардың көркем мәдениет құбылыстарды олардың қоғам өміріндегі мәні.

Аиналадағы шындық объектілері мен құбылыстары эстетикалық тұрғыдан қабылдаи білуге баулу.Балалардың көру мен есту ,баиқампаздық қабілетін бояу түстерін ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.

Оқушылардың шындық пен өнерге деген белсенді эстетикалық сезімталдық қабілеттерін тәрбиелеу өнердегі икемділектерін дағдыларын еңбекке оқуға паидалана білуге үирету.Туған халқының сәндік қолданбалы өнер түрлерімен таныстыру.Әрбір сабақта қазақ дәстүрлерінің үлгісін паидалана отырып әдепті тазалыққа сұлулыққа түсіне білуге тәрбиелеу. Бейнелеу өнері оқыту барысында қолданылатын педагогикалық әдістің бірі болып табылады.

2. Бейнелеу өнеріне оқыту негіздері Өнер туралы әңгіме сабақтарының мазмұны мен оқыту әдістемесіне бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері пәнінің бағдарламасында өнер туралы әңгіме сабақтарына арнаулы сағаттар бөлінегн. Бұл сағаттардың ауқымды бөлігі III-IV сыныптарда оқытылады. өнер туралы әңгіме сабақтарында оқушылар белгілі суретшілер, мүсіншілер және сәулетшілердің өмірімен, шығармаларымен танысады.

Оқушылар суретшілердің өз туындыларын жасауда тақырып мазмұнының тереңдігіне , эмоционольдық әсеріне, көркемдік шешіміне жету жолдарын танып түсінеді.

Оқушыларды үнемі өнер шығармаларымен таныстыру эстетикалық тәрбие беру құралының бірі болып табылады. Суретші көзқарасымен бейнелеген өмір шындығымен танысу оқушылардың өздерін қоршаған ортаға жаңаша көзқарасын қалыптастырып, оның сұлулығын тани білуге тәрбиелейді.

Көркем шығармаларды танып қабылдау мен бағалау біліктілігі қарапайым тақырыптық суреттермен танысып, оның мазмұнын түсінуден бастап күрделі көркем шығармалардағы суретшінің ой-мақсатына жету үшін пайдаланған әдіс-тәсілдерін тануға дейін біртінде дамытылады.

Өнер туралы әңгіме тек эстетикалық тәрбие беру құралы ғана емес, сонымен қатар отансүйгіштік тәрбие беру құралы болып та саналады. Өнер туралы әңгіме кезінде мұғалім оқушыларға туған елдің табиғат көріністері , ел тарихына байланысты және елдің даңқын арттырған тарихи тұлғалар бейнелерін көрсетіп әңгімелейді. Мысалға, Ә.Қастеевтің «Шежін өзенінің аңғары» , «Амангелді сарбаздары», М.Кенбаевтің «Асауға құрық салу», Х.Наурызбаевтың «Абай ескерткіштері» , «Ш.Уәлиханов ескерткіші» мүсіндерін, О.Таңсықбаевтың «Алай даласындағы кеш», К.Муллашевтің «Жер және уақыт» шығармаларын алатын болсақ, мұндай отаншылдық сезіммен бейнеленген туындылар оқушылардың туған жерге ,оның тарихына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш көзқарасын қалыптастырады. әрине осындайсезімдік әсердің неғұрлым нәтижелі болуы мұғалімнің шығармалар жөніндегі әңгімесінің сапалы болуына байланысты. өнер туралы әңгіме сабақтарында суретшілердің жекелеген шығармаларын оқушылардың өз бетімен талдап әңгімелеуіне де көңіл бөлген жөн, өйткені ол оқушының білімі мен біліктілік деңгейін байқауға және көркем шығарма жөнінде өз пікірін баяндап сөздік қорын байытуға , дамытуға мүмкіндік жасайды.

Бейнелеу өнері шығармаларымен таныстыпу I-II сыныптарда тақырыпқа байланысты сабақтың басында немесеаяғында 8-10 минут бөлініп өткізіледі. Бір әңгіме , әдетте бір-екі шығарма немесе үш-төрт сәндік қолөнер бұйымдары көрсетіледі.

Ал III-IV сыныптарда өнер туралы әңгімеге арнаулы сабақтар бөлінеді, ол сабақтардың бірінде бес-алты жанды бейне , мүсіндік, графикалық немесе сәндік –қолөнер туындылары көрсетіліп әңгіме арқау болады.

Егерде мұғалімнің бағдарламада көрсетілген туынды репродукциясын табу мүмкіндігі болмаса, онда оны сол туынды мазмұнына , композициясына өте ұқсас репродукциясымен алмастыруына болады.

Әңгіме кезінде кинофильмдер ,диофильмдер ,диопозитивтер, эпидиоскоптер, компьютерлер арқылы туынды репродукцияларын көрсетуді кеңінен пайдаланған жөн.

өнер туралы әңгіме оқу жылының барлық кезінде өтетіндіктен , мұғалімнің әңгімені жоспарлауда жыл мезгілін, мерекелерді, пәнаралық байланысты бейнелеудің машықтық тақырыптарын ескеруі маңызды.

әңгіме нәтижесінде I сынып оқушысы суреттегі немесе иллюстрациядағы бейнеленген заттарды, құбылыстарды (жыл мезгілі, ауа райы, тәулік мерзімі, т.б) іс-әрекеттері (жүгіріп келеді, жүріп келеді, отыр, сөйлеп тұр т.б.) танып, суретте «Не ұнады?» «Несімен ұнады?» деген сұрақтарға өз пікірін айта білу керек. Бейнелеу өнерін оқудағы пәнаралық байланыс қазіргі таңда білім беру мен тәрбиелеу процесінде жан-жақты толық нәтижеге жетудің бірден –бір құралы- ол пәнаралық байланысты мұғалімдердің іс-тәжірибесінде үнемі қолдану болып табылады.

Әсіресе, пәнаралық байланыс бастауыш білім беру сатысында оқушылардың жаңа материалдарды жеңіл игеруіне , басқа пәндерден алған білімнің пайдалы қажеттілігін түйсінуге, сол пәнге деген қызығушылығының артуына, дүниетанымдық, шығармашылық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызады.

Пәнаралық байланыс білім беру жүйесіне енгізілген барлық пәндердің біртұтастық, қажеттілік жеңгейін дәлелдейді. Еліміздегі білім беру жүйесін реформалау нәтижесінде енгізілген жаңа буын оқулықтар мен әдістемелік құралдарынан пәнаралық байланысты айқын байқауға болады.

Мысалға, бастауыш сыныптарға арналған бейнелеу өнері оқулықтарының алғашқы сабақтарының бірі «Заттар мен бұйымдарды бейнелейік» деген тақырыбын алатын болсақ, бұл сабақта оқушыларды сызықтар түрлерімен ( түзу сызық, кереге көз сызық, доғал сызық, көлбеу сызық) таныстырып, оларды қарапайым заттарды бейнелеуде пайдалануға үйретеді. Бейнелеу алдында оқушыларды бұйымдардың қарапайым пішіндерімен таныстырады, қарбыз-дөңгелек, сандық-төртбұрыш, баскиім- үшбұрыш, айна-жазық төртбұрыш деген алғаш геометриялық фигуралар атауларымен танысады.

Сол сияқты «Бояулар әлеміне саяхат» тақырыбына табиғи түстер мен бояу түрлерін қоршаған ортаны, табиғи құбылыстарды, өсімдік жапырақтарының өзіндік ерекшеліктерін әңгімелей отырып, дүниетану, математика пәндерімен байланыстыра оқытылады.

Бейнелеу өнері пәні бойынша осындай бірнеше мысалдар келтіруге болады.

Әрине пәнаралық байланысты қолдану мұғалімнен үлкен ізденісті, тәжірибені қажет ететіні сөзсіз.

Пәнаралық байланысты пайдалану барысында оқытудың жүйелігі, бірізділігі, байланысты пән бойынша оқушылардың алған білімнің сәйкестігі ескерілуі қажет.

Заттан қарап бейнелеу сабағында табиғат көріністерін, ондағы табиғи құбылыстарды бейнелеу кезінде дүниетану пәнінен алған білімдері еске түсіріліп пайдаланылады немесе сол пәнге байланысты мәліметтер беріледі. Сонымен қатар табиғат көріністерінің сұлулығын оқушылар қиялында әсерлі елестету мақсатында ақындардың табиғат көріністерін тамылжыта көркем бейнеленген поэзиялық шығармалары оқылып, ондағы кейбір сөздердің мағыналары оқушылардың өздеріне талдатылады. Онда оқушылардың ана тілі пәнінде алған білімдерінің тереңдеуіне, бекітілуіне мүмкіндік туады, сонымен қатар жаңа сөздермен танысып олардың мазмұнын, мағынасын ұғынады. Бейнелеу өнерінде шығармашылық шабытты оятып, образды елестетуде музыканың да рөлі зор.

Көркем құрастыру сабақтарында қағаз, қатырма қағазбен немесе табиғи материалдармен жұмыс кезінде еңбекке баулу пәнінен алған білімді еске түсіріп пайдаланады немесе еңбекке баулу пәніне байланысты жаңа білім,түсініктемелер, жұмыс ережелерімен танысады.осындай тағы бірнеше мысалдар келтіруге болады.

Пәнаралық байланыс бейнелеу өнерінің басқа да пәндермен бірдей деңгейде оқытылуы мәртебесін дәлеледейді, оқыту мен тәрбиедегі барлық пәндердің бірлік жүйесін , бірізділігін қамтамасыз етеді. Мүсіндеу сабақтарының мазмұны мен оқыту әдістемесіне мүсіндеу сабақтарының мазмұны классикалық мүсін өнері, мүсіндеу құралдары және материалдарымен жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін меңгеру мен оқушылардың кеңістікте көлемді бейнелер жасауы арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделеді. Сабақ барысында қарапайым саз балшық, ермексазбен көлемді бейнелер жасап, мүсіндеудің алғашқы ереже заңдылықтарын меңгереді. Мүсіндеу өнерінің бейнелеу мүмкіндігін танып, өз шығармашылық қиялын, елестетуін мүсін материалдары арқылы жүзеге асырады.

Сабақта мүсіндеу өнерін дөңгелек мүсін және бедерлік түрлерімен танысып, олардың жеке –жеке теориялық және технологиялық білімдерін меңгереді. Сонымен қатар мүсін өнерінің тарихын саралап, даму кезеңдері туралы мағлұмат алады. Соның ішінде қазақ даласында табиғат жағдайлары мен уақытқа төтеп беріп, қазіргі біздің заманымызға дейін жеткен ескерткіштерімен танысып мақтаныш сезімге бөленеді. Қазіргі қазақ мүсін өнерінің дамуына үлес қосқан Х. Наурызбаев, Е. Сергебаев, Ш. Уәлиханов, Б. Әбішевтердің , Е. Мергенов шығармашылықтарымен танысады. Осындай мүсіншілердің сомдаған Қазақстан қалаларындағы мүсіндік туындыларының атауларын , тақырыптың мазмұнын талдап, көркемдік идеяларын ашады.

Сыныпта мүсіндеу сабағын өткізу үшін арнауцлы құрал-жабдықтар алдын ала жинақталып сақталғаны жөн, олар: мүсіндеу станоктері, тақтайшалар, қалақшалар /стека / , су құятын ыдыстар , оқушылардың жұмыс барысында гигиеналық тазалықтарды сақтау мақсатында киетін арнаулы киімдері болғаны жөн.

Мүсіндеу сабағы да басқа сабақтар сияқты әдістемелік, дидактикалық принциптер жүйесінде құрылып , өз мақсат-міндеттеріне жетуді көздейді. Мүсіндеу сабағы арқылы оқушылар бейнені, образды тек жазықтықта ғана емес, сонымен қатар кеңістікте де көлемді пішіндер жасау арқылы көрсетуге болатындығын меңгереді.

Мүсіндеу сабақтарында машықтық жұмыстарды орындауға мүсіндеудің жапсырмалап созбалау және құрастырмалы /конструктивті / сомдау әдістері көрсетіліп түсіндіріледі.

Мүсіндеу сабақтарында белгілі бір тақырыптық композицияларды, ұжымдық әдісті пайдаланып орындауға болады. Мысалы, «Наурыз тойы» тақырыбына топтық композиция құрастыру тапсырылады. Ол композцияда Қазақстанды мекендеген ұлт өкілдерін сомдап, ортақ тақырып жүйесін жасайды. Мұнда оқушылар бір-бірімен саналы түрде ақылдасып , ынтымақтастықта жұмыс істеп, тақырыптың, композицияның идеясын ашады. Ол оқушыларды ұжымдыққа , ынтымақтастыққа тәрбиелейді.

Бейнелеу өнері пәнінің мүмкіндіг шексіз мұндай нақты бір шешім болуы мүмкін емес, әр оқушының белгілі затты немесе құбылысты қалай қабылдаса солай бейнелеуге тырысады.

Сондықтан бір оқушының тапқан шешімі екінші оқушының жұмысына ұқсамайды. Осы жағдай кластағы барлық оқушының сабаққа толық ынтамен қатынасуын қамтамасыз етеді. өйткені талантсыз оқушы жоқ, ойын үстінде баланың творчествалық қабілет мүмкіндігі толық ашылады.

Бейнелеу өнерінен үй тапсырмасы берілмейтінін апталық сағат саны бір сағат қана екенін және творчествалық тапсырмалармен жаттығулардың аздығын ескерсек, ойын-тапсырмалардың бейнелеу өнерін оқытуда қаншалықтымаңызды екенін байқау қйын емес. Бейнелеу өнерін оқыту барысында ойын элементтеріаралас тапсырмалар беру оқушылардың сабаққа деген қызыушылығын арттырып , олардың сабақта творчествалықпен жұмыс стеуіне себебін тигізеді.

Бейнелеу өнері сабақтары өзінің терең мазмұндылығымен оқушелардың сбаққа деген ынта-ықыласын қызығуын, творчествалық шабытын арттыратындай болу тиіс, деп көрсетілген.

Мектепте бейнелеу өнері туралы білім беруде оқушылардың кеңістік жөніндегі ұғымын дамытудың маңызы зор. Оқушылар заттың бейнесін дұрыс алғанымен , оның кеңістігі орналасуын дұрыс көрсете алмайды.

Бейнелеу өнерін оқыту программасында композиция теориясымен оның бейнелеу өнерінің барлық түрлері жанырларына қатысты заңдылықтарымен, бейнелеу әдістерімен таныстыру мәселесі де қамтылған.

Бейнелеу өнері программасында бірінші класста композиция бойынша жұмыс істегенде қағаз бетіне үйлесімді орналастыру, ал мүсіндеу және сәндік суретте тұтас бейнені сала білуге үйрету керек, екінші класста оқушылар композиция үшін обьектіні өздері таңдап , түрлі суреттер сала бастайды. Үшінші класта композициямен кеңістіктегі заттардың үйлесімділігін сақтаңдар басты көңіл бөлінеді. Сурет салу 4-6 кластарда суреттің мәніне байланысты кеңістіктегі қалпын түс ерекшеліктерін нәрсенің үстіне түсіп тұрған жарықты үйлестірумен тығыз байланысты делінген.

Сәндік сурет салу бейнелеу өнері сабақтарының бір түрі. Оқушылардың бейнелеу жұмысы кезінде олардың өрнекті формат бетіне орналастыруына, бояу кезінде қылқалам мен жұмыс істеу әдістеріне назар аударамыз.

Сурет салатын қағазды планшетке керіп біту үшін сызба ( архитектура) кнопкасын қолданған жақсы, немесе желімдеуге де болады. Ол үшін қағазды шамалы сулап, планшетке қатты жабыстыра нық ұстап тұрып, шетін кнопкамен бекітіп не желімдеп, планшеттің қырының артқы жағына бекіту керек. Сурет салуға кіріспес бұрын қағаз керілген планшетті жұмыс істеуге ыңғайлап, дайындап алған дұрыс.

Сюжетті суреттерде балалар жаңа құрылыстардан алған әсерлерін көрсетіп түрлі еңбек процестерін бейнелейді. Көбінесе балалардың апликация құралдарын көкөністерден, жемістерден, гүлдерден жасалған декоративті ою-өрнектер құрайды. Педагог осы тақырыптар бойынша өткен сабақтарда бейнеленіп отырған объектілердің конструкциясы, формасы, олардың түсі жөнінде ғана емес сонымен бірге адамның жаңа үйлер салуға ауыл шаруашылық өнімдерін өсіруге және тағы басқа жұмсауына тура келетін үлкен еңбегі туралы бала ұғымын кеңейту үшін әңгімелеп береді. Мұның бәрі адамның еңбек қызметі туралы бала ұғымын анағұрлым кеңейтіп көркем шығарма дегеніміз қоршаған ортаны болмысты тану мен образды күрделі процесі болып табылады. Шығарманың ең бастапқы кезеңінде бейнелеу формасы өте қарапайым болған кезде бала образды жанды нақты әрекет етуші түрде ойлайды. Бұл кезеңде бейнелеу құралдарын жеткілікті дәрежеде игере алмай ол осы әректті дыбыстармен қимылмен білдіреді.Қажетті дағдылар бар болғанның өзінде кейде образдың әсерлігімен күшейту үшін сөзді пайдаланады.Тек педагогтың басшылығымен бала біртіндеп қана бейнелеу құралдарын меңгереді. Балалардың бейнелеу шығармашылығы зертеушілер – Е. А Флерина, Н. П. Сакушина, Т. С Камарова, Т Г . Казакова, Н. Б. Халезова және

басқалар живописпен скульптурада суретші пайдаланатын көптеген әсерлі құралдарға белгілі бір дәрежеде (мектеп) шамасы келетін атап айтады.

Зертеулерде ең алдымен балалар жасаған барлық образдардың негізінде нақты шындық бар екені атап көрсетіледі. Тіпті бала фантастикалық образ жасаған кездің өзінде нақтылыққа көбірек бой ұрады. Мыс. Тоты құстың қиял ғажайып бейнесін көз алдына елестетіп , бейнелеу үшін оған шын мәнінде тіршілік ететін құстар туралы дұрыс түсінігі болуы , ал содан соң тоты құстың қиял-ғажайып бейнесі әдеттегі құстардан немен ерекшеленетінін ойлап алуы, яғни нақты белгілерді тылсымды белгілермен біріктіре отырып , біртұтас образ жасау керек .Штрихтардың басқа сызықтардан (сызба сызықтарынан) айырмашылығы: мұның кеңістік сипаттары көбірек. Мәселен, сызықтар дәл өзіндік дербес мәні бар ұзын сызықтарды айтсақ, ал штрих қысқа сызық, әрі ол басқа штрихтармен бірлестікте ғана белгілі бір мәнге ие бола алады. Басқаша айтқанда, сызықтар пішіннің шекараларын белгілеп, олардың контурын жасаса, ал штрихтар тобы пішінге өң – рең береді. Сөйтіп, жеңіл, болар – болмас көрінетін сызықтардың көмегімен болашақ жалпы форманы, оның негізгі бөліктерін, пропорциясын белгілейтін ең бастапқы нобай жасалады. Содан кейін қысқа, әсерлі сызықтар арқылы форма, қимыл қозғалыс, кеңістік беріледі.

Бала жасаған тұтас образға оның жас мөлшерін ескере отырып қарау қажет. Жас бала заттың толық бейнесін барлық бөліктерімен детальдарын , олардың ара қатынасын сақтай отырып

Алғашқы суреттерде, мүсіндерде көбіне елеулі детальдар болмайды.

Бейнеленетін кейіпкерлердің психологиялық жай-күйін балалар оңайлатылған , қарапайым детальдармен беруі мүмкін : жылауды көз жасымен , күлкіні – жоғары көтерілген екі езумен , қорқуды жоғары көтерілген қолдармен және т.б күйзелісті білдірудің неғұрлым күрделі құрлдарына көздің кейпін білдіруге , бейнелеу өнерінде живописте, графикада түс көркем онды , шығарма идеясын білдірудің маңызды құралы болып табылады. Оны райдаланылуы шығарма мазмұнымен тығыз байланыста боллады, оның өзіндік маңызы жоқ. Түс контрастары картинадағы басты нәрсені бөліп көрсету үшін пайдаланылады: түс көңіл күйді білдіреді, қара , күңгірт өң-мазмұны терең мұңды , ашық, қызылды-жасылды, өң-қуанышты картиналарда басым. Бала карандаштың бояудың қандайда бір түрінен ләззат алып , онымен бәрін қатар бояп шығады. Бірақ ол заттың образы мен байланыстыра алады – кейде түс ассосациясы жағынан қиялында әлде қандай образ тудырады: қызыл-жалау , жидектер: жасыл – шөп, шырша. .

Суретшілер композициялық ізденістер мен туындысының құрылысы ұғымды шешіліп тұтастық, заңдарық негізінде аяқтауын көздейді. Оның негізінде аяқтауын мақсаты бірден көрермендердің сезімі мен ойын билеп мәнерлеу құралымен

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

Похожие:

«КӘсіптік білім және өнер» факультеті «бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» iconҚолы аты-жөні
Аспаптық орындау, Дәстүрлі музыкалық өнер, Музыкалық білім, Вокалдық өнер, Режиссура, Мәдени тынығу жұмысы, Дизайн, Бейнелеу өнері...
«КӘсіптік білім және өнер» факультеті «бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» icon«Бейнелеу өнер тарихы» 5В010700 «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша
Дәріс сабақтарының қысқаша мазмұны
«КӘсіптік білім және өнер» факультеті «бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» icon«Көркем қолданбалы өнер және кәсіптік білім беру» кафедрасы 050107 Бейнелеу өнері және сызу
Курс бағдарламасы жоғары оқу орындарының пәндеріне сай және Қазақстан республикасы білім беру мемлекеттік стандартқа Алматы, 2002...
«КӘсіптік білім және өнер» факультеті «бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» iconБарлығы – 135 сағат
Курс бағдарламасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен 11. 05. 05. Бұйрық №298 мосу-не сәйкес 050107 «Бейнелеу...
«КӘсіптік білім және өнер» факультеті «бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» iconЛекция: 52 сағ
Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі”, 050107 – “Бейнелеу өнері, сызу”, 050106 – “Музыкалық білім”, 050119 – “Шет тілі”, 050504...
«КӘсіптік білім және өнер» факультеті «бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» iconБілім және ғылым министрінің
Біліктілігі: 010601 3 Бейнелеу өнері және сызу пәнінің негізгі орта білім беру мұғалімі
«КӘсіптік білім және өнер» факультеті «бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» icon«6D010700 – бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша
Республикасының Білім туралы Заңы 2014. 14. 01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен
«КӘсіптік білім және өнер» факультеті «бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» icon6M010700 – «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 17 маусымындағы №261 бұйрығымен бекітілген магистратура мен докторантураға...
«КӘсіптік білім және өнер» факультеті «бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» icon5В010700 «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша жеке пәндер мазмұны (курстар, юнит бірліктері)
В010700 «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша жеке пәндер мазмұны (курстар, юнит бірліктері)
«КӘсіптік білім және өнер» факультеті «бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» icon«Кәсіпке баулудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы бекітемін
Кәсіби білім беру жүйесіндегі менеджмен: Кәсіби психология; Кәсіби педагогика; Кәсіптік білім берудің әдіснамалық проблемалары; Кәсіптік...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница