Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту




Скачать 280.24 Kb.
НазваниеОқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту
страница2/3
Дата конвертации13.02.2016
Размер280.24 Kb.
ТипДокументы
источникhttps://45minutkz.files.wordpress.com/2015/01/35.doc
1   2   3


    Кестеде көрсетілгендей шешу жолын бірден тапқан балалар саны 4 пайыздан аспады, ал екінші және үшінші санды қойып барып тапқандар саны 37 пайызға жақындады.

    Осы тапсырманы 6-б сынып оқушыларымен жүргізгенде олардың көрсеткіштері 4-ші сынып оқушыларының көрсеткіштерінен төмен болды. Осы зерттеу нәтижесіне сүйене отырып балаларды шығармашылық тапсырмаларды орындауға ерте баулымаса олардың логикалық ойлауының дамуына мүмкіндік болмай қалады деген тұжырымдама жасадық. Келесі кезеңде балаларға зак ұсынған логикалық ойды дамыту тестерін орындаттық.

    А.З.Зак  ұсынған «оқушылардың ойлау қабілетінің даму деңгейін анықтау және дамыту» әдістемесі.

    Мақсаты: 4 сынып оқушылардың логикалық  ойлауының және интеллектуалдық  кабілетінің даму деңгейін анықтап оларды дамыту.

    Бұл әдістеме екі тапсырмадан тұрады. Біріншісі «Анаграммалар», ал екіншісі «22 есеп» деп аталады. Оларды ретімен орындату нәтижесінде баланың абстракциялық ойлауының орын алуы, шешу жолын білмейтін мәселелерді орындауға қабылдауы, теориялық интеллектінің көрініс бере бастағаны зерттелінеді.

    1-ші  тапсырма. «Анаграммалар» әдістемесі.

    Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының ойлау процестерінің даму деңгейін анықтау және олардың интеллектуалдық қабілетін дамыту.

    Орындау ережесі: тапсырманы орындату алдын балаларға анаграмма не екенін түсіндіру қажет. Анаграмма дегеніміз сөздегі әріптердең орны ауыстырылған, мағынасыз әріптер жиынтығы. Тапсырманы шешу үшін, әріптердің орнын ауыстыру арқылы таныс сөздер құрылады. Жауапты тапсырма параққа жазып отыру керек. Берілген уақыт ішінде орындалған сөздерді есепке алып, баланың логикалық ойлауының даму деңгейі анықталады.

    Мысалы: анаграммада «ОЛТС» әріптері берілген. Олардың орнын ауыстыру арқылы «стол» деген сөз құрылады.

    Тапсырма: Келесі анаграммаларды шешу арқылы берілген сөздерді тап.

    Тапсырмаларды орындау барысында қосымша түсіндірудің ешқандай қажеті жоқ.

    Орындауға 10 минут уақыт беріледі.

    Тапсырмалар.

    Анаграммалар:     Дұрыс жауаптары:

    1. СЕПЕ      1. ЕСЕП

    2. ДӘМЕІ      2. ӘДЕМІ

    3. РАМНА      3. АРМАН

    4. АЖДҒАЙА     4. ЖАҒДАЙ

    6. РОНЫДҚЫ     6. ОРЫНДЫҚ

    5. ИҒАМРТА     5. ҒИМАРАТ

    7. АБЫТРЛҚЫ     7. БАТЫРЛЫҚ

    8. ЕШЕШДНКІ     8. ШЕШЕНДІК

    9. АТСПРЫАМ     9. ТАПСЫРМА 

    Бұл тапсырманы бұрынғы шығармашалаық тапсырмаларды орындауға қатысқан балалар жеңіл шешіп, жоғары көрсеткішке ие болды.

    2-ші  тапсырма. А.З.Зактың  «22 есеп» әдістемесі.

    Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауының даму деңгейін анықтау және дамыту.

    Балардың  интеллектуалдық қабілетін экспресс диагностика жасау үшін А.З.Зактың «22 есеп» әдістемесін қолдануға болады.

    Орындау ережесі: оқушыларға 22 есеп жазылған карточкалар таратылып беріледі. Тапсырманы орындату үшін психолог әдістемемен жұмыс жасау тәртібін түсіндіреді.

    «Балалар, карточкаға жазылған тапсырма бірнеше  есептен тұрады. Осы есептерді оқып алып, жақсылап ойланыңыздар. Олардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар, сондықтан шешу шарттарының айырмашылықтары бар.

    1-4 есептер өте қарапайым, оларды  шешу үшін есептерді жақсылап  оқып, мағынасына түсініп, ойланып, оның жауабына тек бір адамның ғана атын жазуларыңыз керек.

    5-10 есептерде бір түрлі, мағынасыз әріптер тіркесі, жасанды сөздер қолданылған. Олар 5-6 есептерде көңілді, шапшаң, күшті деген сөздердің мағынасын білдіреді. Бұл есептерді шешу үшін, онда қолданылған жасанды сөздердерді кәдімгі, мағынасы түсінікті сөздермен ауыстыру керек. Есептерді шешкенде «ойда» мағынасыз сөздерден кәдімгі сөздер құруға болады. Тек 7-10 есептерде ауыстыратын сөздің орнына адам есімдерін жауап ретінде жазу керек.

    11-12 есептерде жануарлар туралы мағлұматтар ертегі сияқты, ақиқатқа сай емес нәрселер келтірілген. Бұл есептерді шешкенде жануарлар туралы есеп шартындағы мағлұматтарды және өмір тәжірибеден алған білімді пайдалану керек, алайда есептің шартын ұмытпау қажет.

    13-16 есептерде берілгендерді талдау  нәтижесінде бір есімді жазу  керек. Бұрынғыларға қарағанда қиындатылған 17-18 есептердің жауабына бір немесе екі адамның есімін жазуға болады, ал 21-22 есептерде - олардың бірі қайталанса да, міндетті түрде үш адамның есімін жазып, аталған адамның басқалармен ара-қатынасын көрсетіп беру керек.

Тақырыбы: «Қызықты есептер» интелектуалды ойыны

 Мақсаты:

1. Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын , жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру.

2. Математикалық сұраққа мәдени түрде жауап беру, қарым- қатынасты дамыту.

Көрнекілігі: компьютер, экран, ұпай көрсетілген қағаздар.

Барысы:

Армысыздар бүгінгі кешке жиылған математиканы сүюші қауым! Бүгінгі біздің «Қызықты есептер» атты интелектуалды ойынға қош келдіңіздер!

Уа халайық! Халайық!

Бәріне жар салайық.

Бүгінгі ойын төрінде,

Математика елінде,

Математика тілінде

Есеп шешіп жарысып,

Жұмбақ шешіп аңдысып,

Шабыттасып шалқысып,

Есеппен ән салысып

Көңілді ойын жасайық.

Мұнда қызық табылар

Басқалары тағы бар,- дей келе «Қызықты есептер» ойынын бастайық. Ендеше сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерді қошеметпен ортаға шақырайық.

Достық пен бірлікті етіп тұлға

Жеңіске жеткен едің талай сында

Қара қылды қақ жарып әділ қазым

Еңбегін тапқырлардың әділ сына

әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем әділдігіне бас иеді күллі әлем

жүйрік озар сайыста неше бір

Сарапқа сап әділдікпен шеш біл., деп әділ қазы алқаларын сайлап алайық.

Сайысымыз мынадай бөлімдерден тұрады:

  1. Таныстыру

  2. Бәйге

  3. Жеті сұрақ

  4. Ғажайып үштік

  5. Қасиетті сандар

  6. Тұжырымдама

І. Ендеше ойыншылар өздерін таныстырып өтсін.

Көрермен жиналған бұл тамашаға

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа сыныптас, танысқа емес

Соқ қолыңды білімді жас талантқа

ІІ. Ойланайық азырақ, уақытымызды үнемдеп,

Кім шығады кәнеки, жауабын мен білім де?

Ойынымыздың келесі кезегі «Бәйге» бөлімі:

Бұл бөлімде 30 дан бастап 50 аралығындағы ұпайларға арналған сұрақтар жасырылған. Ұпай ұяшықтарын таңдап, берілген сұраққа жауап бері керек. Дұрыс жауап болса, таңдаған ұпайды алады. Жауап бере алмаса келесі ойыншы жауап беруге болады, ол ойыншы таңдалынған ұпайдан 10 ұпай кем алады. Солай ойын жалғаса береді. Таңдау кезегін бірінші болып 5 сынып оқушыларына берейік.

Ортадағы 30:  Басталатын нүктесі бар сызық./сәуле/

Оң жақтағы 30: Шаршының периметрі 44 см, қабырғасы неше тең?/11 см/

Сол жақтағы 40: Інісінің 14 асығы бар, ағасының одан 5 асығы артық. Екеуінің неше асығы бар?/33 асық/

Ортадағы 40: Бұл ұпайды таңдаған ойыншыға 10 ұпай қосылады. Тағы таңдау құқығына ие болады.

Оң жақтағы 40: Қайрат Жанардан кіші,  бірақ Талғаттан үлкен.  Ал Ажар Жанардан үлкен болса,  ең үлкені қайсысы?/Ажар/

Сол жақтағы 50: Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді?/0 саны/

Ортадағы 50: Бір шеңбердің үстінде бір шеңбер/сегіз/

Оң жақтағы 50: Үш тауық 3 күнде 3 жұмыртқа табады. 12 тауық 12 күнде неше

жұмыртқа табады?(12/22)

Бұл бөлімнен ұпай аз екі ойыншы ойыннан шығады.

ІІІ. Сайысымыздың келесі бөлімі «Жеті сұрақ» Бұл ойында әр дұрыс жауапқа 100 ұпайдан беріледі.

1 сұрақ: Жай сұрақ. Күннің көзі жылына неше рет шығады? /365 рет/

2 сұрақ: Қызықты сұрақ. Ағаш үстінде 30 торғай отыр еді, оның екеуін атып түсірді. Торғайлардың қаншасы қалды? /2/

3 сұрақ: Логикалық сұрақ. 35 санының соңғы цифрын өшірсек, ол қанша бірлікке азаяды?/32/

4 сұрақ : Ғажайып сұрақ. Әсем, Ардақ Жанар үшеуі математикадан бақылау жұмысынан қандайбаға алғандығын сұрағанда мұғалім:

Әрқайсыңның бағаң әр түрлі. Әсемнің бағасы үш емес, ал Жанардың бағасы 3 емес деді. Сонда әркім қандай баға алған?/ Әсем 5, Жанар 4, Ардақ 3/

5 сұрақ: Математика мақал-мәтелде.

Неше елі ауызға,

неше елі қақпақ. /бір елі ауызға,екі елі қақпақ/

Келесі бөлімге ұпайы аз 1 ойыншы ойыннан шығады.

Келесі бөлім «Ғажайып үштік» Бұл ойында әр дұрыс сұраққа 200 ұпай беріледі. Жартылай жауапқа 100 ұпай. Ойынды бастайық.

Арифметика

1. Бас бармақ пен сұқ саусақ  аралығындағы өлшем /сүйем/

1. Бес бұтақты ағашта

Бұтақ сайын бес алма.

Біреуін бер алашқа

Қалады сонда қанша алма. /24/

2. Әдеттен тыс сұраққа Асқар  әрқашан шын айтады, ал Серік өтірік айтады. Оларға бірдей сұрақ қойғанда, олар бірдей жауап берді. Сондай болуы мүмкін бе?

/шыншыл да, өтірікші де «иә» деп жауап береді.

Жұмбақ:

1. Бір- бірімен жарысқан төрт аю, бір арыстан екі қой мен бір  түлкі. Бәрі нешеу кім білді?/сегіз/

2. Алпыс төрт бөлмеде

Отыз екі тұрғын бар.

Ақ, қарағып бөлгенде,

Бірін-бірі қуғандар,

Ханы үшін де, жаны үшін де

Бермейді олар намысын. /шахмат/ 

Бұл ойынға ұпайы аз 2 ойыншы қатыса алмайды.

«Қасиетті сандар» бөлімі Бұл сайыстың ерекшелігі мұнда әр топ өздері ұпай қояды. Дұрыс болса ұпайын қосамыз. Дұрыс болмаса сол ұпай шегеріледі.

1. Жеті санына  байланысты ұғымдарды ата.

Жеті күн: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі,жұма, сенбі, жексенбі.

Жеті қазына: ер жігіт, сұлу әйел, берен мылтық,, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, жүйрік тазы

Жеті жоқ: Аллада бауыр жоқ, таста тамыр жоқ, аспанда тіреу жоқ, жерде өлшеуіш жоқ, тасбақада талақ жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ

Жеті жұт: құрғақшылық, мал қырылу, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала

Жеті ата: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат

Жеті құбылыс: күншығыс, күнбатыс, түстік, терістік, аспан әлемі, жер орта, жер асты

Жеті жетім: Тыңдамаған сөз жетім,

Киюсіз тозған бөз жетім,

Иесіз қалған жер жетім,

Басшысы жоқ ел жетім,

Аққу-қазсыз көл жетім,

Жерінен айырылған ер жетім,

Замандасы қалмаса –

Бәрінен де сол жетім.

2. үш санына  байланысты ұғымдарды ата.

Үш көз: Су анасы – бұлақ, жол анасы – тұяқ, сөз анасы – құлақ

Үш тоқтам: Ақыл – арқан, ой - өріс, адам – қазық

Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз

Үш тәтті: жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті

Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл:

Үш жұрт: өз жұртың – күншіл, қайын жұртың – міншіл, нағашы жұртың - сыншыл

Үш із: бала, байлық, бақыт – білім

Үш ғайып: қонақ несібе, ажал

Үш арсыз: күлкі, ұйқы, тамақ

Үш байлық: денсаулық, ақ жаулық, он саулық

Үш мақсат: Саудагер мақсаты – ұту, жол мұраты – жету, дау мұраты – біту

Үш қадірлі: ырыс, бақ, дәулет

Үш қадірсіз: жастық, денсаулық, жақсы жар

Үш кемшілік: атың шабан болса – жалғанның азабы, алғаның жаман болса – дүниенің тозағы, балаң жаман болса – көрінгеннің мазағы 

3. Үш алысты ата.

Үш алыс: жер мен көк, жас пен кәрі, жақсы мен жамнның арасы

4. төрт санына  байланысты ұғымдарды ата.

Төрт мүлік: бас сандық, тіл кілт, қол мүлік, аяқ-табақ

Төрт кітап: Тәрат, Зәбур, Інжіл, Құран

Төрт тұлға: от, су, жел, жер

Төрт құбыла: Шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік

Төрт маусым: көктем, жаз, күз, қыс

Төрт түлік:  Түйе пірі – Ойсылқара

Жылқы пірі – Қамбар ата

Сиыр пірі – Зеңгі баба

Қой, ешкі пірі – Шопан, Шекшек ата

Төрт күнә: Аллаға күмән келтіру, нақақтан қан төгу, ата-анаға тіл тигізу, өтірік куә болу

 Келесі бөлімге тек ұпайы көп екі ойыншы қатысады.

Ойын - толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таным да, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу мініп жатқанда аптығыста.

Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып,

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңбесең де қалма жасып.

Келесі «Тұжырымдама» бөліміне кезек келді

нөмірді таңдайды. Таңдаған тақырыбына 3 мин дайындалады.

1-ші Қазақстан 2030 жылдарда

2-ші Математиканы не үшін оқимыз?

Қорытынды. Әділ қазыға сөз беріледі. Жеңімпаз ойыншыға марапаттау қағазы таратылады..

Сайыскерлердің қорытындысын шығарғанша көрермендерге викториналық сұрақ:

  1. Алманың жартысы неге ұқсас. /екінші жартысына/

  2. Жарты қарбыз 20 тг тұрады. Бүтін қарбыз неше тг? /40 тг/

  3. Отбасында жеті қыз және әр қайсысында бір-бірінен інісі бар. Отбасында неше бала бар? /8/

  4. Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар? /10 он, 100 жүз/

  5. Екі адам бірігіп шашканы 4 сағ ойнады, әрқайсысы неше сағаттан ойнайды. . /4 сағ/

  6. Бесінші қабатқа шығу үшін 80 басқышқа көтерілу керек. Үшінші қабатқа шығу үшін неше басқышқа көтерілу керек? /40. өйткені сіз бірінші қабатта тұрсыз. Бір қабатқа көтеріліңіз. –екінші қабатта боласыз. Ал 4 қабатқа көтерілсеңіз, 5-ші қабатта боласыз. Сондықтан 80-ді 4-ке бөліп, 2-ге көбейту керек.



Сабақтың тақырыбы: Бастауыштан кейін қойылатын сызықша

Мақсаты:

а) Оқушыларға бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса бастауыштан кейін сызықша қойылатындығын жете ұғындыру;

ә) Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын, ой-өрісін танымдық қабілетін одан әрі дамыту;

б) Оқушыларды ұжымдылыққа, сауатты таза жазуға, әріп элементін дұрыс сала білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суретті бетшелер, сызбалар ,интерактивтік тақта

Сабақтың әдісі: «Топтастыру», «ЖИГСО 2» стратегиялары

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Жаңа сабақ

  3. Қорытынды

  4. Үйге тапсырма беру

Қызығушылықты ояту

Құстың, оқушының, жылқының, сағаттың т. б.суреті көрсетіліп олардың қимылдары туралы сұралады.








Топтарға бастауыш пен баяндауыш туралы алған білімін топтастырып жазу ұсынылады.Тапсырманы алдымен әр оқушы өзі орындайды. Топ мүшелері бір-бірін толықтыра отырып, ортақ топтастыру жасайды.Одан кейін әр топтан бір оқушы сөйлеп, бір-біріне сыни пікірлерін білдіреді.

Мағынаны тану кезеңі

«ЖИГСО 2» стратегиясы былай қолданылады: әр топта 4 оқушы болады, топтағы балалар 1-4-ке дейін санайды.(1-оқушы №1, 2-оқушы №2, 3-оқушы №3, 4-оқушы №4 болады). Осылайша барлық топ 4-ке дейін санап шығады.Бұл топты « Жанұя топ» дейді.


1 2 3 4

1 2 3 4

1 2 3 4

1 2 3 4

1-топ 2-топ 3-топ 4-топ

Енді әр топтағы №1 болып белгіленген оқушылар бір топқа , №2 болғандар екінші топқа , т.с.с. бірігеді. Сызба арқылы көрсетсек:


1 1 1 1

2 2 2 2

3 3 3 3

4 4 4 4

4 сарапшы парағы болады. 1-нөмірлер жиналған топқа 1 сарапшы парағы, 2-нөмірлер жиналған топқа №2 сарапшы парағы, т.с.с.беріледі.

1   2   3

Похожие:

Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту iconТақырыбы: оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Осы тақырыбы бойынша өзінің құрастырған «Логикалық ойлауды дамыту»бағдарламасы қалалық,облыстық семинарда
«Логика»сабақтарында қолдануда. Педагогикалық еңбек жолының 22 жылының 14 жылын оқу ісінің меңгерушісі болып жұмыстанды және №28...
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту iconІсінің меңгерушісі А. К. Касенбаева
Оқушылардың білімге деген кұштарлығын, ізденісін, қызығушылығын арттыру. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту iconІ. Сабақтың тақырыбы: Ýëåêòðомагниттік өріс. ІІ. Сабақтың мақсаты
...
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту iconІ. Сабақтың тақырыбы: Радиобайланыс принциптері. ІІ. Сабақтың мақсаты
...
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту iconОңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Ақбастау елді мекені
Дамытушылық : түрлі әдістер мен оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өзіндік шығармашылыққа баулу
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту iconПсихикалық дамуы тежеу балаларға арналған мектеп- интернат
Дамытушылық: Оқушылардың халқымызың салт-дәстүрлері арқылы ойлау қабілетін дамыту, дәстүрлерімізді насихаттап, жаңғырту
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту icon34 мектеп-гимназия
Оқушылардың жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, жүйелі ойлау мен талдай білуге, еркін сөйлеуге дағдыландыру, тарихи ойлау білу қабілетін...
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту iconОрал физикалық-географиялық аймағы
Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылық қиялын дамыту, қызмет көрсету саласына үйрету және пәнге деген қызығушылығын арттыру, тапсырмалар...
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту iconТақырыптық – күнтізбелік жоспар Информатика пәнінен факультативтік сабақ жоспарлары
Мәтіндік құжаттар құру, өңдеу,презентация, бейнемонтаж жасау, есептеуіш техниканы жөндеу және техникалық қызмет көрсету арқылы оқушылардың...
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту iconАбушеева Жулдыз Аруновна, Қызылорда қаласы №264 мектеп лицейдің информатика пәні мұғалімі
Бұл бағдарлама жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарға информатика пәнінен қолданбалы курс оқытуға арналған. Анимациямен...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница