Батыс Қазақстан облысы бойынша 2016 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі




НазваниеБатыс Қазақстан облысы бойынша 2016 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі
страница1/16
Дата конвертации13.02.2016
Размер1.59 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.zkolib.kz/zkolib/rus/znamrus16.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ, МҰРАҒАТТАР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫ

Ж. МОЛДАҒАЛИЕВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБАП ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫ


Батыс Қазақстан облысы бойынша 2016 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі

(Әдебиеттердің ұсыныстық көрсеткіші)


Знаменательные и памятные даты по Западно-Казахстанской области на 2016 год

(Рекомендательный указатель литературы)


Орал, 2015

Уральск, 2015


ББК 92.5


Редакторы: Исатаева Р. Ж. Ж. Молдағалиев атындағы

облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының

директоры.


Құрастырушылар: Өлкетану әдебиеттері бөлімінің библиографтары:

Шакелова Д.С., Ахметова Р.С., Хайруллина З.Н.


Батыс Қазақстан облысы бойынша 2016 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі = Знаменательные и памятные даты по Западно-Казахстанской области на 2016 год: Әдебиеттердің ұсыныстық көрсеткіші = Рекомендательный указатель литературы.-Орал, 2015.-122 б.





ҚҰРАСТЫРУШЫДАН


1967 жылдан бері Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы қазақ және орыс тілдерінде «Батыс Қазақстан облысы бойынша еске алынатын және аталып өтілетін күндер» тізбегін шығарып келеді.

Библиографиялық құрал екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде – «2016 жылы аталып өтетін және еске алынатын күндер» және «Күні мен айы белгісіз айтулы күндер»; екінші бөлімде – «Айтулы күндерге қысқаша анықтамалар мен әдебиеттер тізімі» берілген, олар (*) белгісімен белгіленеді.

Бұл көрсеткіш өлкенің саяси, тарихи және мәдени өміріндегі маңызды оқиғаларды қамтиды.

Көрсеткіштің мақсаты өлкетанушыларға, кітапхана қызметкерлеріне, мәдениет, білім мекемелерін және бұқаралық ақпарат құралдарына өлкетану әдебиетін насихаттауға көмек беру.

Көрсеткіште негізгі айтулы күндер мен оқиғаға қатысты адамдардың өмір жолдары мен шығармашылығына арналған шығармалардың, жұмыстардың библиографиялық тізімі қоса берілген анықтамалар бар. Бірқатар айтулы күндер бойынша өткен жылдарда шығарылған құралдарға сілтеме жасалынды.

Айтулы күндерді анықтау және нақтылау Ж. Молдағалиев атындағы ОҒӘК-ның анықтамалық-библиографиялық аппаратының негізінде жүргізілді.

Басылымның соңына есімдердің алфавиттік көрсеткіші берілген. Атаулы көрсеткіш Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының шығаратын «Айтулы және атаулы күндерінің тізбесіне» өлкетанулық қосымша болып табылады.

Облыстық кітапхана өлкетанушылар, облыс жұртшылығы, мекемелер мен ұйымдардан келесі ұсынылатын құралдарды шығаруға материалдар жолдап, көмек беруіңізді өтінеді.

Басылымның мазмұнын жақсарту жөніндегі ой-пікірлеріңізді, ескертпелеріңіз бен ұсыныстарыңызды мына мекен-жайға жолдауыңыз сұралады:


090000 Орал қаласы, Карев көшесі, 47 үй,

Ж. Молдағалиев атындағы БҚ ОҒӘК

Тел.: 50-35-09; 50-75-49; 51-51-53


2016 ЖЫЛЫ АТАЛЫП ӨТІЛЕТІН ЖӘНЕ ЕСКЕ

АЛЫНАТЫН КҮНДЕР


Қаңтар


1 қаңтар - Композитор Қапан Мусинның туғанына 95 жыл, Жаңақала ауданының тумасы, (1921-1970). (Қараңыз:«2006 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі»).


1 қаңтар - Күйші-композитор, қазақ музыка мәдениетінің аса көрнекті қайраткері, Қазақ КСР Халық артисі Дина Нұрпейісованың туғанына 155 жыл, Жаңақала ауданының тумасы, (1861-1955). (Қараңыз:«2001 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша.....»).

* 5 қаңтар – Ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Наурызғалиұлы Сыдықовтың туғанына 60 жыл, Орал қаласының тумасы, (1956).


* 7 қаңтар - Кеңес-ауған соғысына қатысқан, Кеңес Одағының Батыры атағын алған Қайырболат Сайынұлы Майдановтың туғанына 60 жыл, Жымпиты ауданының тумасы (1956-2000).


15 қаңтар - Қоғам қайраткері Шолақ Артығалиевтың туғанына 105 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1911-1990).

(Қараңыз:«2011 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша.....»).


* 15 қаңтар - Татар композиторы, СССР халық артисі, СССР Мемлекеттік премиясының 3 мәрте лауреаты, Социалистік Еңбек Ері Назиб Жигановтың туғанына 105 жыл, Орал қаласының тумасы (1911-1988).


15 қаңтар - ҚР мәдениет қайраткері Сара Есқайырқызы Танабаеваның туғанына 75 жыл, Сырым ауданының тумасы (1941).

(Қараңыз:«2011 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша.....»).


18 қаңтар - Әнші, термеші Шайсат Губашевтың туғанына 90 жыл, Казталов ауданының тумасы, (1926).

* 25 қаңтар - Ғ. Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының ашылғанына 50 жыл (1966), - Батыс Қазақстан облыстық филармонияға Ғ. Құрманғалиев есімі берілгеніне 20 жыл (1996).

Қаңтар – 1827-28 ж.ж. Батыс Қазақстанға саяхат жасап, Бөкей ордасының картасын жасаған, зерттеуші Григорий Силыч Карелиннің туғанына 215 жыл (1801-1872).


Ақпан


9 ақпан - Еңбек және соғыс ардагері Айғали Балиұлы Байболатовтың туғанына 90 жыл, Зеленов ауданының тумасы (1926-2003). (Қараңыз:«2011 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша.....»).


* 11 ақпан - Ғалым-маман, геолог - минерология ғылымының докторы Роберт Мұсанұлы Құрманғалиевтің туғанына 80 жыл, Орал қаласының тумасы (1936-2010).


18 ақпан - Жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Мұқадес Есламғалиұлының туғанына 70 жыл, Сырым ауданының тумасы (1946-2004).

(Қараңыз:«2011 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша.....»).


19 ақпан - Кіші жүздің Ресейге қосылғанына 285 жыл (1731).

22 ақпан - Жаңақала аудан орталығында Д. Нұрпейісова атындағы өнертану мұражайының ашылғанына 25 жыл (1991).


* 24 ақпан - Кеңес Одағының Батыры Иван Иванович Коняхиннің туғанына 95 жыл (1921-1988).


25 ақпан - Кино және театр актері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меруерт Қаратайқызы Өтекешованың туғанына 65 жыл, Жәнібек ауданының тумасы (1951).

(Қараңыз:«2011 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша.....»).


27 ақпан - Дәулеткерей атындағы қазақ ұлт аспаптары оркестрінің құрылғанына 15 жыл (2001).


28 ақпан - Әскери қайраткер, генерал-майор Шәкір Жексенбаевтің туғанына 115 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1901-1988).

(Қараңыз:«2006 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша...»).


Наурыз


1 наурыз - Әуесқой композитор, күйші Рахым Ығылмановтың туғанына 95 жыл, Шыңғырлау ауданының тумасы (1921-1995).

5 наурыз - Әуесқой композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Сағит Бөкеұлы Садықовтың туғанына 90 жыл, Казталов ауданының тумасы (1926-1994).

(Қараңыз:«2006 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша...»).


5 наурыз - Орал қаласындағы азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің АХАЖ құрылғанына 95 жыл (1921).


14 наурыз - Ғалым, ауыл шаруашылық ғылымының докторы, профессор, Батыс Қазақстан облысында қазақтың ақбас сиырын жетілдіру жұмысын басқарған Константин Арутюнович Акопянның туғанына 115 жыл (1901-1974).

* 17 наурыз - Кеңес Одағының Батыры Алексей Аврамович Стрижаченконың туғанына 105 жыл (1911-1989).


* 21 наурыз - Мемлекет қайраткері Әбдірахман Әйтиевтың туғанына 130 жыл, Теректі ауданының тумасы (1886-1936).


26 наурыз - Өлкетанушы, ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Евгений Иванович Коротиннің туғанына 90 жыл, Орал қаласының тумасы (1926-2012).

(Қараңыз:«2011 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша.....»).

* 30 наурыз - Мемлекет және қоғам қайраткері Мұстахым Біләлұлы Ықсановтың туғанына 90 жыл, Жәнібек ауданының тумасы (1926-1991).


31 наурыз - Азамат соғысының батыры Ефим Петрович Почиталиннің туғанына 135 жыл (1881-1921).

Сәуір


1 сәуір - Ғалым, медицина ғылымының докторы Әлихан Хамзаұлы Досахановтың туғанына 70 жыл, Казталов ауданының тумасы (1946).


1 сәуір – Х. Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының құрылғанына 55 жыл (1961).


2 сәуір - Спортшы, шахматтан үш дүркін республика чемпионы Шәмшиден Мырзағалиевтің туғанына 95 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1921-1943).


* 6 сәуір - Кеңес Одағының Батыры Ғаяз Ғаниасқарұлы Рамаевтың туғанына 95 жыл, Орал қаласының тумасы (1921-1943).


10 сәуір - әуесқой композитор, актер Қанатқали Рахметовтың туғанына 90 жыл, Сырым ауданының тумасы (1926-1991).


* 10 сәуір - Суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Құбайдолла Хамзаұлы Хасановтың туғанына 70 жыл, Зеленов ауданының тумасы (1946).


12 сәуір - №4 кәсіптік техникалық училищесінің ашылғанына 60 жыл (1956).


*15 сәуір - Күйші, мемлекет қайраткері Ғабдол-Хакім Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 120 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1896-1938).

16 сәуір - Дәрігер Мирахмет Ниязовтің туғанына 125 жыл, Казталов ауданының тумасы (1891-1943).

18 сәуір - Ғалым-онколог, медицина ғылымының докторы, профессор Мұрат Әбілқайұлы Кәрімовтың туғанына 85 жыл, Сырым ауданының тумасы (1931).


20 сәуір – Жазушы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі Леонид Владимирович Макеевтың туғанына 105 жыл (1911-1993).

* 23 сәуір - Орал қаласында жерленген Беларус ақыны Змитрок Бядулянің туғанына 130 жыл (1886-1941).

24 сәуір - «Хаймат» неміс диаспорасының мәдени ағарту қоғамының құрылғанына 25 жыл (1991).

(Қараңыз:«2006 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша...»)


26 сәуір - Татар ақыны Ғабдолла Тоқайдың туғанына 130 жыл (1886-1913).


Мамыр

* 5 мамыр – Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген экономисі Сәбит Қайырұлы Жадановтың туғанына 85 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1931).


6 мамыр - Әуесқой композитор Болат Ыбырайұлы Шалабаевтың туғанына 80 жыл, Шыңғырлау ауданының тумасы (1936).


*15 мамыр - Батыс Алашорда қайраткері, қазақтың жоғары білімді алғашқы дәрігерлерінің бірі Ғұмар Қожақметұлы Есенғұловтың туғанына 130 жыл, Орал қаласының тумасы (1886-1930).


* 25 мамыр - Күйші, қазақ халқының композиторы Сейтек Оразалыұлының туғанына 155 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1861-1933).


Маусым


5 маусым – Қазақтың халық композиторы, домбырашы Оқап Қабиғожинның туғанына 115 жыл, Жаңақала ауданының тумасы, (1901-1942).

(Қараңыз:«2001 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша...»).


14 маусым – Ғалым, химия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Шомбалов Тайыр Көкешұлының туғанына 110 жыл, Казталов ауданының тумасы (1906-1980).


* 20 маусым - Ғалым-маман, ауыл шаруашылық ғылымының докторы Жасқайрат Сүндетовтың туғанына 75 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1941).


22 маусым – Ғалым, педагог, биология ғылымының докторы, профессор Есенбай Ағелеуовтің туғанына 80 жыл (1936-1996).

(Қараңыз:«2011 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша.....»).


Шілде


15 шілде - күйші, композитор, отбасылық ансамбльдің ұйымдастырушысы Сұлтанғали Қадырғалиұлы Лұқпановтың туғанына 90 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1926-2005).

(Қараңыз:«2006 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша...»).


* 15 шілде - Әнші, айтыскер ақын Балабасов Кенжеғалидың туғанына 75 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1941).


* 22 шілде - Мүсінші Юрий Дүйсенғалиұлы Баймұқашевтың туғанына 75 жыл, Зеленов ауданының тумасы (1941).


Тамыз


* 2 тамыз - Атақты әнші, композитор, ақын Мұхит Мерәліұлының туғанына 175 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1841-1918).


22 тамыз - Ғалым, медицина ғылымының докторы Саламат Ғұмарұлы Ахметқалиевтың туғанына 80 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1936-2005).

Қыркүйек


4 қыркүйек - Ұлы Отан соғысының ардагері, экономист Әзекен Кәрімұлы Бірімжановтың туғанына 95 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1921).


5 қыркүйек - Мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат Нәжімеден Ықсанұлы Есқалиевтың туғанына 75 жыл (1941).

(Қараңыз:«2011 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша.....»).


5 қыркүйек - Журналист Тілекқабыл Боранғалиұлының туғанына 65 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1951).


* 6 қыркүйек – Күйші, композитор, Қазақстанның Халық әртісі Тұяқберді Қажыгерейұлы Шәмеловтың туғанына 65 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1951-2012).


7 қыркүйек – Еңбек ардагері, КСРО халықтық бақылау комитетінің еңбек сіңірген қызметкері, ядролық-ракеталық сынаққа қарсы «Нарын» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Кәкен Көбейсіновтің туғанына 85 жыл, Бөкей Орда ауданының тумасы (1931).

(Қараңыз: «2006 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша...»).


12 қыркүйек - Белгілі журналист Сергей Павлович Кульпиннің туғанына 65 жыл (1951).


15 қыркүйек - Батыс Алашорда қайраткері, алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі Иса Таумышұлы Қашқынбаевтың туғанына 125 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1891-ө.ж.б).

15 қыркүйек - Ғалым, Қазақстан ҒА-ның академигі, биология ғылымының докторы, профессор Фазыл Мұқамбетқалиевтың туғанына 105 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1911-1989).


22 қыркүйек - Зерттеуші Петр Симон Палластың туғанына 275 жыл (1741-1811).


* 29 қыркүйек - Ғалым, философия ғылымының докторы Марат Шамұратұлы Хасановтың туғанына 75 жыл, Тасқала ауданының тумасы (1941).

* Қыркүйек - Кеңес Одағының Батыры Александр Евстафьевич Борисюктің туғанына 95 жыл (1921-1945).


Қазан


2 қазан - Айтыскер ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Ботагөз Баймұқанованың туғанына 60 жыл (1956-2006).

(Қараңыз:«2011 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша.....»).


12 қазан - Мемлекет және қоғам қайраткері, ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты Хамит Дәулетұлы Чуринның туғанына 115 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1901-1979).

(Қараңыз:«2001 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша..»).

* 13 қазан - Суретші Мұратбек Тауфикұлы Жоламановтың туғанына 50 жыл, Жымпиты ауданының тумасы (1966-2000).

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Похожие:

Батыс Қазақстан облысы бойынша 2016 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі iconАқпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі
Шығыс Қазақстан облысының Семей аймағында 2016 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі
Батыс Қазақстан облысы бойынша 2016 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі iconШығыс Қазақстан облысының Семей аймағында 2012 жылы аталып өтілетін және еске алынатын
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана 1999 жылдан бері «Семей аймағында аталып өтілетін және еске алынатын күндер...
Батыс Қазақстан облысы бойынша 2016 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі iconЗнаменательные и памятные даты по Западно-Казахстанской области на 2015 год Орал, 2014
Батыс Қазақстан облысы бойынша 2015 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі / Знаменательные и памятные даты по Западно-Казахстанской...
Батыс Қазақстан облысы бойынша 2016 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі icon2012 жылы Қазақстан бойынша аталып өтілетін және еске алынатын күндер күнтізбегі
Актриса, Қазақстанның халық әртісі, профессор Хадиша Бөкееваның туғанына 95 жыл (1917)
Батыс Қазақстан облысы бойынша 2016 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі iconСемей қаласы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ақпараттық-библиографиялық бөлімі «2011 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер» атты әдебиеттер
Семей қаласы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ақпараттық-библиографиялық бөлімі «2011 жылы аталып өтілетін және еске алынатын...
Батыс Қазақстан облысы бойынша 2016 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі icon«Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы мен Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы 1999 жылдан бері «Семей...
Батыс Қазақстан облысы бойынша 2016 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі iconШығыс Қазақстан облысының Семей аймағында 2013 жылы аталып өтілетін және еске алынатын
Мұнда туған өлкеміздің тарихы, экономика және мәдениет саласындағы маңызды оқиғалар туралы, мерейтойлары аталатын белгілі жерлес...
Батыс Қазақстан облысы бойынша 2016 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі iconҚазақстан Республикасының 2012жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндері
Есбатыров Жұмабай туғанына 105 жыл (1907-1993). жазушы, драматург, аудармашы, 1907 қазіргі Сырдария ауданында дүниеге келген
Батыс Қазақстан облысы бойынша 2016 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі iconА. С. Пушкин атындаєы шыєыс ќазаќстан облыстыќ кітапханасы
...
Батыс Қазақстан облысы бойынша 2016 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі iconҚармақшы ауданында аталып өтілетін және еске алынатын күндерге ұсынылатын әдебиеттер көрсеткішін
Барлық санатына, білімнің барлық салалары бойынша, қоғамдық және саяси өмір, қоғамдық ғылымдар мен кітапханалық іс бойынша барынша...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница