«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен




Название«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен
страница9/18
Дата конвертации13.02.2016
Размер2.05 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/Sillabus/KT/Baibolova.ShAd.doc
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18

21- лекция. Тақырыбы: ХVІІІ ғасырдағы ағылшын әдебиеті

Жоспары:

1. Джонатан Свифт өмір жолы

2. «Гулливердің саяхаттары» әлеуметтік, сатиралық қалыппен бейнеленген роман

Лекция мақсаты:

Джонаттан Свифттің “Гулливердің саяхаты” романының негізгі алғашқы басылымдарда-ақ 4-бөлімнен тұратынын айқындау.

Бірінші бөлімде лилипуттардың өмір сүруі жайлы айтылса мысалы: Вильям Темпльдің өмір сүруі. Бұл шығарманың негізгі мақсаты романдағы Исху және автордың адамзат қоғамы дамуының тарихи қозғалысына авторлық көзқарасы, танымдық сипатын айшықтап көрсету.



Лекция мәтіні:


1. Д. Свифттің әкесі өмірден ерте өтеді . Жазушының анасы мен әпкесі болған. Бірақ Свифттің әкесі қайтыс болған соң әпкесі мен шешесі тақыр кедей болып қалады, ал Свифттің тәрбиесімен әкесінің ағасы шұғылданады. Әкесінің ағасы Ирландияның Дублин қаласында адвокат қызметкері болады...

Әкесінің ағасы Свифттің діни қызметкер болғанын қалап болашақ жазшыны дін қызметкері болуға жетелейді. Свифттің мінезі де өте тік, әкесінің ағасының да мінезі діл осы іспеттес бір бет, өте тік болған дейді...

Ирландияда Дублин қаласында Вильям Темпль деген лордтың үй хатшысы қызметін атқарады, және сол Лордттың кішкене қызын оқытады (репититор ), философия лық тұрғыдан астарлы көп ойларды жазып үйретеді.

Лондонға Темпльдің бұйрығымен барады...

Лондонның корольі Вильгельем Оранскиймен кездеседі. Бірақ бұл кездесу ешқандай әсерлі болмайды. Сонымен қайтадан болашақ жазушы Дублин қаласына келеді.

Бұл қалада жазушыны Горд Темпльдің Мур-Паркі күтіп тұрған болатын. Ирландияның лорді Вильям Темпльдің үй хатшысы болып жүрген кезінде жазушының жағдайы қайыршының жағдайымен бірдей еді.. (өзім айтып түсіндірем)

Осы үйде жүріп Свифттің сауаты ашылады.

Темпльдің үйінде тәулігіне 16 сағат оқитын оқымыстылар жиылатын еді, жазушы сол сабақтарға қатысып көп тәлім-тәрбие алады. “Гулливердің саясаты” романын осы король, лорд, басшы және патша,ақсүйектердің тойымы жоғалғанын әжуәлап, сықақтап, мысқылдап, сатиралық үлгіде осы романын жазған...

  1. Бұл романның алғашқы тақырыбы, аты мүлдем ауыр, ұзақ еді. Бірақ уақыт өте келе романның аты жазушының қалауымен “Гулливердің саясаты” деп ауыстырылады . Романда кішкене бойлы адамдар және лилипуттар жайлы еді. Лилипуттар кі биік аяқ киім киіп алып екі топқа бөлгендер жайлы болады.

Романда буржуазиялық топтардың барлығы дерлік сынға ұшырайды.(өзім түсіндірем)

  1. 2.Джонаттан Свифттің “Гулливердің саяхаты” романының негізгі алғашқы басылымдарда-ақ 4-бөлімнен тұратынын айқындау.

Бірінші бөлімде лилипуттардың өмір сүруі жайлы айтылса мысалы: Вильям Темпльдің өмір сүруі, және Батыс Европа әдебиетіндегі романтизм.

Романтизмнің өзіне тән ерекшеліктері көп, суретте шындық қиялға негізделеді, қиял шындықтың өзі-осы шақтікі емес, не өткен, не келер шақтікі, шығарманың идеялық-көркемдік арқауында асқақ арман, автордың тілі де тым бояулы, оқыс әсерлі келеді.

Дегенмен осы ерекшеліктерге қарамастан романтизмді реализмнен бөліп әкетіп,араларына ылғи шек қоя берудің қажеті жоқ. Романтизм мен реализм кей ретте бір-біріне керағар келгенмен, түбінде бір мақсатқа апаратын бағыттас әдістер. Оның үстіне әр суреткер осынау екі әдістің тек біреуімен ғана жазады: екеуінің басын бір жерге қоса алмайды;ол-не таза реалист, не таза романтик болуға тиіс десек, қателесер едік.

Керісінше, әрбір ірі суреткерде реализм мен романтизм бір-бірімен әрқашан жалғасып жатады.

Батыс Европа әдебиетіндегі реализм.

Реализм - әдіс; ал - әдіс көп құбыла бермейтін тұрлаулы дүние . Бірақ бұл тұжырым оның даму тарихындағы,жетілу, кемелдену кезеңдерін жоққа шығармаса керек. Реализм XIX-XX ғасырлардың шекарасында осы жаңа заман жағдайына лайық туды.

Батыс Европадағы ояну дәуірі.

Батыс Европадағы әдеби –эстетикалық ілімнің даму тарихына көз салсақ, ояну дәуірін айрықша атау керек.

Лондонның корольі Вильгельм Оранскийдің өмір сүруі...

Жазушының Мур –Парктегі өмірі жайлы...


Бақылау сұрақтары:

1. Д. Свифт өмір жолы.

2. Д. Свивт шығармашылығы.

3. Свифттің «Бөшке туралы ертегісі» көсемсөздік, сатиралық шығармасы

4. Д.Свифттің “Гулливердің саяхаты” романының негізгі идеясы.

5. Свифттің даңқын шығарған романы.

6. “Гуливердің саяхаты” әлеуметтік шындық сатиралық қалыпта бейнеленген роман.

7. Свифт Лондонның королі Вильгелммен кездесуі.

8. “Гуливердің саяхаты”романының көркемдік қызметі

9. Шығарманың идеялық көркемдік мазмұны .

10. Романтизм мен реализм бағыттары.


22- лекция. Тақырыбы: 17-18 ғасырлардағы француз әдебиеті

Жоспары:

1. Сентиментализм әдебиетінің көрнекті өкілі, Ж.Ж.Руссо өмірі шығармашылығы

2. 18ғ. итальян әдебиеті

3. 18 ғ. АҚШ әдебиеті

Лекция мақсаты:

1.Сентиментализм әдебиетінің көрнекті өкілі «Теңсіздіктің тегі мен негізі туралы ой» қоғамның негізін сынауға арналған еңбектерінің бірі.

Бұл еңбекте автордың адамзат қоғамы дамуының тарихи қозғалысына авторлық көзқарасы, танымдық сипатын кеңінен көрсету.

2.18ғ. итальян әдебиетінде Карло Галдони, Карло Гоцци итальяндық көрнекті – ағартушы, театрдың реформаторлары өмір сүрді. Театрдағы ертегілік сипаттарды «Екі қожаға бір қызметші», «Үш апельсинге сүйіспеншілік» атты түрлі көрсетілімдер арқылы көрерменге жеткізе білді.

3.18 ғ. АҚШ әдебиетінде Тәуелсіздік және АҚШ – тың құрылуы үшін соғыстар, оның әдебиетте бейнелеуі (көсемсөз, поэзия) Аборигендер мәдениеті. Ұлттық әдебиеттің қалыптасуы қоғамы дамуының тарихи қозғалысына авторлық көзқарасы, танымдық сипатын айшықтап көрсету.

Лекция мәтіні:

1.Жан – Жак Руссо (1712-1778) Швейцариядағы Женева қаласында сағат жөндеуші, қарапайым жоқшылықтың тауқыметін көп көрген нашар отбасында дүниеге келген. Олар бір орынға көшіп жүріп, білімдіде дұрыс алмайды. Дегенмен өзінің әр уақытын босқа кетірместен үнемді пайдаланып оқуға әрекет жасайды.

Руссо өзін аяғанды ұнатпайды ол өз мүмкіндігіне сенеді, сондықтан оған қол ұшын бергісі келгендердің көмегінен бос тартады. Қарапайым шаруа адамы болып, төменгі таптың өкілі болсада Руссо халық қос не керегін жақсы білді. Және даму қарқынында Франциялық жаңару кезеңі құртады.

Бір күні түрмедегі досын Дидроны көруге барған Руссо хабарландыруға көзі түседі.Онда”Ғылым мен Мәдениеттің” өркендету мүмкіншілігі болды ма? деген сұрақ қойылған қағазға көзі түседі. Бұл мәселе Руссоны қатты ойландырады. Және осы мәселе жөнінде 1750ж “Ғылым мен мәдениет жайлы толғаулар”деген тақырыпта трактат жазады. Бұл трактат оқырман көлінен шығады және Руссо үшін үлкен құрмет, мармпат әкеледі.”Біздің ғылым мен мәдениет-дейді ол,- өз дамуы мен пайда болуында біздің ата-бабаларымыз алдында міндетті” Осы Руссоның жазған еңбектері алғашында халықты жоқтағандығы деп ұғынбай, олар онытөменгі тап өкәілдерін құлдықта ұстап тұру үшін эксплуататорларға өте үлкен көмек тигізді.

Руссо өмір бойында оқып жетіліп, кемшілігін орнын толтыра отырып ол мынаны алға тартады.”Адам-табиғаттан серімділігімен,сезе біліуімен биік.”

Ал сезім болса табиғаттың бір бөлігі деген философиялық пікірін білдірді.

Өмірінде елеуі орынға ие болған Руссоның “Қоғамдық келісім” деген трактаты (1762) Трактатының бірінші фрозасф бүкіл әлемге жарсалғандай:

“Адам азат болып туылған, бірақ қазір әр ұрада тығылып күн кешіуде.

Мемлекет –деп Руссо өзін жалғастырды-жетінші бір адаммен санасқан күйде құрылатын, және де сол мемлекетте бәрі тең құқылы әрі азат болуы тиіс деп тұжырым жасады.

“Қоғамдық келісім” трактаты бойына бұржуазиялықтардің құқықтық акттысыныңнегізі болды.Руссо халық алдында бірінші халық жақтаушысы ретінде сипат алды.Француз әдебиетінің тарихына Руссо сементамизмнің негізін салушы ретінде енеді. Өзінің ең жақсы және өз замандастарына лайық заман проблемасын қамтыған теңсіздікті қамтыған роман “ Жаңа Эпоиза немесе Юлия” Бұл қызбен бала арасындағы махаббт. Қыз бай, аухаты семия оданы ал бала өте қарапайым сен Пре деген бала жайында.

1741 жыл Парижге барады. Сол жерде біраз уақыт хатшы болып істейді. Дидро осы кезде Руссоға энциклопедияға ендіру үшін музыканың мәліметтер жазуды өтінеді.

1749 жылы адамдар аралығында жек көрушілік жайлы трактат жазады.

1762 жылы қоғамдық келісім туралы шығарма жазды. Бұл шығармада мемлекеттің саяси бағдарламасы туралы жазады. Юлия немесе жаңа Элайза атты романын 1756 жылы жазады. Бұл романда француз интелегенциясы шыңы ретінде бағаланады. Мұнда Зулия атты қызға мұғалім Осы Преяға ғашық болады. Бұл қарым-қатынасқа яғни Юлия мен Сен-Преяның махаббаты романында лерикалық сарын береді. Соңында Юлия суға кеткен баланы құтқарамын деп қатты науқастан көз жұмады. Руссоның соңғы атақты кітабы «Уағыз» «1765» бұл еңбек сентименталды тенденцияның шыңы деп аталды. Мұнда Руссо 12 жылдай үйінде тұрған Версанс мырза жайлы жазылды. Яғни Версанс бұл кітаптың негізгі кейіпкері. Бұл кітапты Англияда жүйке ауруына шалдығып келгенде жазған.

2. Карло Гольдони – итальяндық көрнекті ағартушы, италиян театрының реформаторы. Голдони комедияларындағы демократизм; қызметші бейнесі, кейіпкерлер тілі. («Екі қожаға бір қызметші», Есерсоқтар, Деревниялық трактарищица» Гольдони мемуарлары.)

Карло Гоции (1720 - 1806) және оның италиян әдебиетіндегі орны. Гоцци комедияларындағы дель арте дәстүрі. «Үш апельсинге сүйіспеншілік», «Турандот ханшайым», «Король бұғы». Гоци театрындағы ертегілік сипаттар.

3. Тәуелсіздік және АҚШ – тың құрылуы үшін соғыстар, оның әдебиетте бейнелеуі (көсемсөз, поэзия) Аборигендер мәдениеті. Ұлттық әдебиеттің қалыптасуы. АҚШ әдебиеті үшін еуропалық дәстүрлер мен ағартушылық пәлсапасының мәні. В.Франклин, Т.Пейн, Т.Джеферсон атты сотүстік америкалық ағартушылардың қызметі., көсемсөздік шығармашылығы. Ф.Френо (752-1832) шығармашылығы – АҚШтың тұңғыш ұлттық ақыны екендігінің көрінісі. Ф.Френо поэзиясы американ революциясына ағартушылық ойларды қосудың сипаты, оның шығармаларына классицтік және романтикалық бағыттардың қатынасы.

Бақылау сұрақтары:

1.Ж.Ж.Руссо өмір жолы.

2.Руссоның шығармашылығы.

3.Руссоның соңғы атақты кітабы «Уағыз» «1765» бұл еңбек сентименталды тенденцияның

шыңы деп аталуы.

4. Романдарының көркемдік ерекшелігі

5.Карло Гольдони – итальяндық көрнекті ағартушы, италиян театрының реформаторы. 6.Голдони комедияларындағы демократизм; қызметші бейнесі, кейіпкерлер тілі.

7. Карло Гоции (1720 - 1806) және оның италиян әдебиетіндегі орны.

8. Гоцци комедияларындағы дель арте дәстүрі. «Үш апельсинге сүйіспеншілік», 9.«Турандот ханшайым», «Король бұғы». Гоци театрындағы ертегілік сипаттар.

10.Тәуелсіздік және АҚШ – тың құрылуы үшін соғыстар, оның әдебиетте бейнелеуі 11.Ұлттық әдебиеттің қалыптасуы.

12. АҚШ әдебиеті үшін еуропалық дәстүрлер мен ағартушылық пәлсапасының мәні. 13.В.Франклин, Т.Пейн, Т.Джеферсон атты сотүстік америкалық ағартушылардың қызметі., көсемсөздік шығармашылығы.

14.Ф.Френо (752-1832) шығармашылығы – АҚШтың тұңғыш ұлттық ақыны екендігінің көрінісі.

15 Ф.Френо поэзиясы американ революциясына ағартушылық ойларын қосудың сипаты,


23- лекция. Тақырыбы: 18 ғасырдағы неміс әдебиеті

Жоспары:

1. Гете өмірі мен шығармашылығы

2. Г.И.Вольфганг неміс халқының ұлы ақыны

Лекция мақсаты:

Г.И.Вольфганг неміс халқының ұлы ақыны өмірі жайлы мәлімет беру. Гетенің алғашқы эстетикалық еңбектерінің идеялық мазмұнынын ашу. Жазушының философиялық еңбектерінің мазмұын ашу.

Гете романдары, өлеңдерінің алуан түрлі болып келетіндігін жанрлық сипатына қарай тоқталу.

Лекция мәтіні:

1. 28 тамыз 1749 ж. Франкфурт на Майнеде туылды. Оның нағашы атасы қаладағы беделділердің бірі еді. Болашақ ақынның атасы, әкесі заң ғылым докторы болды. Гетенің жастығы өзінің туған қаласында Бұғылы беткейде өтті. Оның әкесі Иоганнды қатты қадағалап, жалдамалы мұғалімдер ұстады. Олардың үйінде тәртіп пен тыныштық мықты орнағанеді. Осындай жағдайда бала Гете тәрбиеленген еді. 16 жасында Леймуигке лекция тыңдауға барды. Универстетте шынайы ықыласпен оқуға беріле қойған жоқ. Көңілді, кейінді көп ойланбайтын бала Иоганн шынында да университетегі ғылым мәселесіне онша икеміде жоқ еді. Гердер Гетенің портретін: «Өте сүйікті, талантты жас азамат Гете , жеңілтекте еді» деп суреттеді.

Гете жазумен ерте шұғылдана бастады. Лейпцигте жазылған өлеңдері сол кездегі дәстүрлі, сәнді поэзия үлгісінде жазылды. Махаббат жайы жеңіл, күлкілі жағдайда суреттеледі. Ол адамда, ақын болып та қалыптаспай тұрған кездің өзінде өлеңдері шаттыққа, көңілді әзілдерде толатын.

2.1769 ж. Гете ауырып, университеттен кетуге мәжбүр болды. Бір жылға жуық төсек тартып жатып, Библияны оқып шықты. Оның ойында уақыт өте келе жаңа пікірлер келе бастайды.

Бірақ мұның бәрі уақытша жер тұғын. 1770ж. Страсбург қаласына сауығып барды. Енді оның өлеңдерінде терең сезім, терең ой пайда болды. Мецкер деген біреу «Гете студент кезінде Кукус тұрғыны баяндама жасады. Иусус дінді кешіп, көп көрген данышпандар мен данатайлардің тауып алған әшейін есімі деп қайта-қайта нақтылап айтты»-деп келтіреді. Гете Синпозаның философиясын оқып, соның жолын қууға кіріседі. Ол ақынның дүние танымына үлкен әсерін тигізді. Гете өзінің «Поэзия және шындық» автобиар еңбегінде: «Синпозаның этикасы мен үшін үлкен әлемді ашып береді», -дейді.

Гете әрбір гүлді жұлған сайын, ғажайып жағдайларға тап болуы аңсады. Үлкен мәселелермен қолы босамай, сьудент кезінде-ақ түрлі діндер мен олардың шығу тарихын оқып, зерттеп жүрді. Ганье деген жазушының «Мұхаммедтің өмірі» кітабын оқып шығып, сол туралы жазуға отырады. Бірақ бізге Мұхаммед туралы жазылған дырамасын лекция қалдырды. Жеке жеке шумақтар ғана дайндалып, солар бізге жетті Гетте Мұхаммедті философ деп көрсетіп, Спинозаның ойтолғағы драма бойында байқалып тұрады. Ал, «Ганимед» деген өлеңінде (1774ж.) әдемі жас бала Зевс ұрлап кеткен Ганимед туралы аңызды жырлайды. Адамның, құдай-табиғатпен құймасы туралы. Солардан пайда болғандығын айтады.


Бақылау сұрақтары:

1.Г.И. Вольфгангтың өмірге келген жылы?

2.Г.И Вольфгангтың қай халықтың өкілі ?

3.Гете қай жылы халық өлеңін жаза бастады ?

4.Немістің қай жазушысы әр гүлді жұлған сайын ғажайып жағдайға тап болуды аңсаған ?

5.«Күзгі хан» деген балладасы қай жазушының шығармасы


24- лекция. Тақырыбы: 18 ғ. неміс әдебиеті

Жоспары:

1. Гете балладалары

2. Гете трагедиялары

3. Гете өлеңдері

Лекция мақсаты:

Гете балладалары, трагедиялары, өлеңдері 1600 ге жуық.

Гете керемет мазмұн, формаларды, қайырма, сурет, теңдеу, паралелизм, контарстылықты тауып, түсініп, ана тілінің түрлі әдемі, айшықты тұстарын дамытып, бағалай білді.

Лекция мәтіні:

1. Гете 1600 ге жуық өлең жазып қалдырды. Оның көп өлеңдерін халық қағып әкетіп, халық әніне айналып, көптеген сазгерлер өлеңіне ән шығарды. Халық ән әуендері, түрлі шешендік көсемдік сөздерін Гете өте мұқият таңдауды. Халық сөзінің ең тұнық жерінен су алуға дайын екендігін танытты. Керемет мазмұн, формаларды, қайырма, сурет, теңдеу, паралелизм, контарстылықты тауып, түсініп, ана тілінің түрлі әдемі, айшықты тұстарын дамытып, бағалай білді. «Орман патшасы», «Кринф қалыңқуысы», «Жолаушының түнгі», «Танаптағы раушан гүл» өлеңдері дүние жүзіне танымал. Бізге жеткен өлеңдердің аударылуынан, қолжазба күйіндегі әсері әлдеқайда мықты екендігіне күмән жоқ. Гетенің лирикасы өмірді сүге, шатануға шақырады. Таза сезімді адам, қызылды, жасылды құлпырған табиғат-Гете лирикасының негізгі арқауы. Гете ақындардың өмірінің қатысынсыз лириканы жазуға болмайды деді.

1773ж. «Прометей» драмасын (филиософиялық) жазып шықты. Атағын шығарған драмасы «Гец фон Берлихинген» 1771ж. жазылды. «Афртебелі неміс халқының тарихын драмалық мазмұнмен сабақтастыра жырлап отырмын.

Тамаша адамның ұмыт болып кетуінен сақтауын» дейді ол.

Осы шығармасы неміс елінің сол кездегі көркемдік талғамына жаңалық әкелді. Оншақты жазушы-ақындар Гете жолын ұстанып, жаңа «сарбаз драмасы» жазуға кірісті. Оқиға 16ғ. басында болған.

3. Гете 1774 жылы Вецлар қаласында өзінің досы Кеспіндердің жұбайымен кездесіп қалады. (Шарлота буф). Ол ғашық болып, бірақ өзі жоғалып кетті, арасына түспей кетті. Арасына түспей кетті сол жерде Шарлотта Кеспінерге күйеуге шығып, елшіліктің хатшысы өзін-өзі өлтіріп, үлкен оқиға ұласады. Осы жағдай «Жас Вертердің қайғысы» деген роман жазуға әкеліп соғады.

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18

Похожие:

«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен icon«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «ежелгі дәуір әдебиеті» пәнінен
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандықтың типтік оқу жоспары және Қр бғМ 22. 06. 2006 жылғы №289 бұйрығымен...
«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен icon«Сырдария» университеті «Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы
«050117» «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4-курс студенттеріне 8 семестрлерде «Жалпы тіл білімі» пәніне оқу жоспарына сәйкес...
«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен icon«сырдария» университеті «филология және психология» факультеті «тілдер» кафедрасы
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандықтың типтік оқу жоспары және Қр бѓМ 11. 05. 2005 жылғы №289 бұйрығына...
«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен icon«Филология және психология» факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы “
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандықтың типтік оқу жоспары және Қр бғМ
«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
...
«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Шетел әдебиеті» пәнінен 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының сыртқы бөлім студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша
«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен icon“Филология және психология” факультеті
Педагогика және психология” мамандығының 4-курс студенттеріне 8 семестрде “Этнопедагогика” пәніне типтік оқу жоспарына сәйкес 2-кредит...
«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Шетел әдебиеті» пәнінен 050205 «Қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша
«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен iconМонография. Ш 26
С. Торайѓыров атындаѓы пму қазақ әдебиеті кафедрасы мен Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ және шетел әдебиеті кафедрасында талқыланып,...
«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен iconМүтәлиева Раушан Мамырқызы, ф.ғ. к., доцент
Пререквизиттер – ХІХ ғ. қазақ әдебиеті пәніне қажетті пәндер: шетел әдебиеті, түркі халықтары әдебиеті, орыс әдебиеті, әдебиеттануға...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница