«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен




Название«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен
страница8/18
Дата конвертации13.02.2016
Размер2.05 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/Sillabus/KT/Baibolova.ShAd.doc
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18

Бақылау сұрақтары:

1. Испаниядағы әдеби дамуды дәуірлеу

2. ауызша – лиро –эпикалық поэзияның дамуы

3. Романстар, олардың тақырыптық, пішіндік ерекшеліктері, жазба әдебиетке әсері

4. Испан әдебиетіндегі роман жанрларының түрлері

5. Рыцарлық романның генезисі орта ғасырлық куртуаздық романдармен, рыцарлық дастандармен

байланыстары.

6. М. Сервантестің өмірі мен шығармашылығы.

7. М. Сервантестің “Дон Кихот” шығармасы.

8. Өсиет-өнеге мен новеллалары.

9. «Дон Кихот романы» оның продиялық астары

10. Романның гуманистік риторикасы


17- лекция. Тақырыбы: Ағылшын әдебиеті

Жоспары:

1.Қайта өрлеу дәуіріндегі ағылшын әдебиетін дәуірлеу.

2. В.Шекспир (1564-1616)өмір жолы.

Лекция мақсаты:

Қайта өрлеу дәуіріндегі әдебиетте прозаның, поэзияның, драматургияның дамуы мен жазушылардың ішінде Вилям Шекспир шығармашылығындағы студенттердің бірігуімен қойылған драмалардың кейіннен театрға ауысып отыруы шығармаларының танымдық еркшелігін көрсету.

Лекция мәтіні:

1. Қайта өрлеу дәуіріндегі ағылшын әдебиетін дәуірлеу. Поэзияның. Прозаның драматургияның дамуы.

2. Ағылшынның әлемге аты әйгілі драматургы әрі ақыны Вилям Шекспир 1564жылы 23апрелде Эйвон өзені бойындағы Стратфорт деген кішкентай қалада дүниеге келген . Болашақ драматургтың әкесі айтарлықтай ауатты қала тұрғыны еді.

Жас ақын осы туған қаласындағы “Грамматикалық мектепте” оқиды. Бұл мектеп негізінен латын тілін, қала берді грек тілін оқытушы еді. Бірақ әкесінің кедейленуіне байланысты мектепті бітіре алмай 16-ға толар –толмастан-ақ жұмыс істеуге мәжбүр блады. Сөйтіп ол бірде ет сатушының шәкірті болса, енді бірде ауылдық мектепте репетитор қызметін атқарады.Шекспирді жергілкті ірі памещик Томаса Люси қорығындағы бұғыларды жасырын түрде ауладың және сатиралық балладаңа іліктердің деген сылтауымен жазалануға бұйырады. Осы кезде туған қаласы Стратфордты тастап Лондонға қашады. Лондонға келгеннен кейін Шекспир өзі жақсы көретін театр айналасына жақындайды.Әуелде театрға келушілердің атын бағушының міндетін атқарады. Содан бірте-бірте актерлікпен, одан әрі драмматургиямен шұғылданады.

Лондонға келген алғашқы күндерден-ақ Шекспир студенттермен тығыз байланыста болады. Оның пьесалары алғашқы рет Лондондағы студенттер күшімен қойылып, соңында театрға ауысып отырады. Ол өзі жазған пьесаларының театрда орындалуына басшылық етеді, сонымен қатар актер де болады. Шекспир өдігінен көп оқып, білімін үздіксіз арттырып отырған адам.

1612 жылдар шамасында Шекспир Лондоннан туған қаласы Стратфордқа қайтып оралады да, 1616жылы 23апрельде қайтыс болып,осы қалаға жерленеді.

Шекспир өмірінен бізге келіп жеткен мәліметтер тым аз.Оның бізге мәлім болған екі поэмасы Венера мен Адонис және Лукреция 154сонеті, 36 пьесасы бар. Поэмалары айтарлықтай болмаса да, сонеттерінің ойлылығы философиялық тереңдігі жөнінен ол орасан зор тұлға. Мысалы, “Әсемдіктің солмауы үшін”сонетін алайық!

Әсемдіктің солмауы үшін, әдетте,жақсы ұрықтан жақсы гүл біз дәметкен,

Семгенімен солған гүлдер жапырағын,

Жас раушан сақтап оны, сәні еткен.

Өз көркіңе өзің ғашық болған жан,

Бар нәріңді байғазы ғып, сорланған.

Бар нұрыңды жоқ ғұмырға қор еттің,

Жансыз жауыз, жауың енді қолға алған.

Бүгінгіге жасаулы сен жандайсың,

Шолақ көктем боз торғайы, алдайсың.

Болашақты сақтайсың да бойыңда, сараңдықты ысыраппен жалғайсың.

Ғұмыр тілеп, көре тықпа батырым,

Келер жылдар кереметтей дақылың!,-деп үлкен бір ой айтады.Шекспирдің тағы бір сонетін алып қарайықшы;сонет “қалай өссек”деп аталады.

Қалай өссек, солай біздер соламыз,

Ұрпақ қалсын, біз соларда боламыз.

Мұрагердің бойындағы күш-қуат,

Қаусып қалған менікі деп санаңыз.

Міне, солай, табиғаттың заңын ұқ,

Мұңсыз өмір өтер еді жабылып

өмір бітпей жерді жайлап кәрілік,

мына жалған құрыр еді қаңырап.

Жерге,өмірге сүйкімсіздер, обалсыз,

Түссіз,түлей –қайта оралмай жоғалсын

Табиғаттан қисапсыз сен сый алдың,

Мың есе енді қайтаратын боласың.

Шебер қолмен жасалған бір мөлдейсің

Ғасырларға өз белгіңді бергейсің,

Керемет емес пе? Сонымен әр бір жолында философиялық ой жатыр.

Оның “Отеллосы”, “Корол Лир ”, “Гамлет”, “Дауыл”, “Қысқы ертегі” пьесалары Шекспирдің үлкен ақын, драматург екендігін танытады.


Бақылау сұрақтары:

1. У.Шекспирдің өмірінен мәлімет

2. У.Шекспирдің драматургиясы

3. Шекспирдің өлеңдері

4. У.Шекспирдің “Ромео мен Джулеттасы”

5. У.Шекспирдің “Гамлет” трагедиясы

6. “Ромео мен Джулеттадағы” тргедиялық қақтығыстардың шешімі.

7. Шекспирдің сонеттері

8. Шекспирдің “Оттелосы”

9. Шекспирдің “Корол Лирі”


18- лекция. Тақырыбы: 17-18 ғасырлардағы әлем әдебиеті

Жоспары:

1. 17 ғасырдағы батыс еуропалық әдебиет

2. 17 ғасырдағы итальяндық әдебиет

3. 18 ғасырдағы неміс әдебиеті

Лекция мақсаты:

17 ғасырдағы батыс еуропалық әдебиет, 17 ғасырдағы итальяндық әдебиет,

18 ғасырдағы неміс әдебиетіндегі қайта өрлеу дәуіріндегі сатиралық, экономикалық және саяси жағдайды нығайтудағы, пәлсапалық ирония, автордың шешіміндегі фантастикалық нышандар шығармаларының танымдық сипатын көрсету.

Лекция мәтіні:

1.15ғ. Ренесанстық гуманизмнің дағдарысы. Монтень, Шекспир, Сервантес және қайта өрлеу дәстүрлері. 17ғ. әдебиетіндегі 3 бағыт және оның көрнекті өкілдері.

17ғ. Ренесанстық реализм. (Лопе де Вега, Бен Джон Сон) Олардың шығармашылығындағы демократиялық бағыттар. Авантюралық романдар. Қайта өрлеу дәуіріндегі сатиралық әдеби дәстүр.

Классицизм. Классицизмнің эстетикалық бағыттар. Көркемдік әсер алуының бағыты. „Жоғары“ трагедия мен „жоғары“ комедия туралы түсінік.

2. Италиядағы экономикалық және саяси жағдайды нығайтудағы Папа үкіметінің маңызы. Әдебиеттегі бостандық, азаттық сүйгіш ойлар. „Кампанелла, Күн қаласы“, әдебиеттегі аристократиялық гадонизм. Марино шығармашылығындағы Барокко.

3. Он үш жылдық соғыстың экономикалық саяси зардаптары. Неміс жазушыларының соғысқа қарсылық тақырыбындағы шығармалары. Грифиустың „Отанының көз жасы“ туындысы.

Гимельсхаузеннің „Симплиции Симплициссимус“ романы, оның соғысқа феодализмге қарсылық бағыты. Романдағы демократиялық бостандық сүю, ойлары. Романның көркемдік ерекшеліктері. Пәлсапалық ирония, авторлық шешіміндегі фантастикалық нышандар.

Бақылау сұрақтары:

1. 15ғ. Ренесанстық гуманизмнің дағдарысы.

2. Монтень, Шекспир, Сервантес және қайта өрлеу дәстүрлері.

3. 17ғ. әдебиетіндегі 3 бағыт және оның көрнекті өкілдері.

4. 17ғ. Ренесанстық реализм. (Лопе де Вега, Бен Джон Сон)

5. Лопе де Вега, Бен Джон Сон шығармашылығындағы демократиялық бағыттар.

6. Авантюралық романдар.

7. Қайта өрлеу дәуіріндегі сатиралық әдеби дәстүр.

8. Классицизм.

9. Классицизмнің эстетикалық бағыттар.

10. Көркемдік әсер алуының бағыты. „Жоғары“ трагедия мен „жоғары“ комедия туралы

түсінік.

11. Италиядағы экономикалық және саяси жағдайды нығайтудағы Папа үкіметінің

маңызы.

12. Әдебиеттегі бостандық, азаттық сүйгіш ойлар.

13. „Кампанелла, Күн қаласы“, әдебиеттегі аристократиялық гадонизм.

14. Марино шығармашылығындағы Барокко.

15. Он үш жылдық соғыстың экономикалық саяси зардаптары.

16. Неміс жазушыларының соғысқа қарсылық тақырыбындағы шығармалары.

17. Грифиустың „Отанының көз жасы“ туындысы.

18. Гимельсхаузеннің „Симплиции Симплициссимус“ романы, оның соғысқа феодализмге

қарсылық бағыты.

19. „Симплиции Симплициссимус“ романындағы демократиялық бостандық сүю, ойлары.

20. „Симплиции Симплициссимус“ романның көркемдік ерекшеліктері.

21. Пәлсапалық ироия, авторлық шешіміндегі фантастикалық нышандар.


19- лекция. Тақырыбы: 17-18 ғасырлардағы әлем әдебиеті

Жоспары:

1.17 ғасырдағы испан әдебиеті

2.17 ғасырдағы француз әдебиетінің өкілі Ж.Б.Мольер.

3. 17 ғасырдағы ағылшын әдебиеті

Лекция мақсаты:

17 ғасырдағы испан әдебиеті ренесанстық реализм, 17 ғасырдағы француз әдебиетіндегі сатиралық, тамаша комедия театрын құрушы Жан Батисто Мольер дүниеге келді. Мольердің “Дон Жуан” деген комедиясында адамгершілік қасиеттен жұрдай болған өзімшіл азғындаған оңбағанды сахнаға шығарады. Мольер өз комедияларында халықтан шыққан жағымды – жағымсыз бейнелерді жасап оларды өткір тілмен көрсетіп беріп отырды.

17 ғасырдағы ағылшын әдебиетіндегі Бен Джонсон шығармашылығындағы ренесанстық реализм шығармаларының танымдық сипатын көрсету.


Лекция мәтіні:

1. Әдебиеттегі ренесанстық реализм. Ұлттық драма теориясы. Лопе де Веганың шығармашылығы, демократиялық көзқарастары.

„Қой қайнары“ батырлық драмасы „Севил жұлдызы“ драмасындағы дворияндыққа қарсылық сыны. Гонгор және гонгоризм. Кальдерон шығармашылығы – испан драматургиясындағы барокканың саяси және көркемдік принцптері. Калдеронның „өмір деген түс“ атты пәлсапалық драмасы. Калдерон драматургиясындағы кейіпкерлер. Пәлсапалық пайымдау. Оқиға және кейіпкер. Кейіпкерлер тілі.

2. Әйгілі Француз Революция кезеңінде 1789-1794 жылдары басты тарихи уақыттарында идеологиялық ағарту салаларында шыңдалған ағартушылар Вольтер, Дидро және жоғары лауазыммен Руссолар әдебиет жанырындағы ауыспалы кезеңінде әдебиет төрінен орын алды.

Революция кезеңінде әдебиет саласында Наполеонның Француз мемлекетін басқару уақыттарында мемелекеттің әдебиет пен мәдениет және көркем өнер салалары дамыды. Бұл кезеңде «Ревалюционного классизма» «Революция классиктері» деген мерзімі болды. Вольтер, Руссо және Дидро сияқты атақты жазушылардың өмірден кеткені франция есік орны толмастай әдебиет саласын ойсыратып кетті. Бірақ олардың із басарлары болып әдебиет саласында жарқырап Пьер Огюстем Корон де Бомарше 1732-1799 жылдары әлемге әйгілі «Сервия шаштаразы» қойылымы 1775ж. және «Ессіз күндер» мен «Фигаронның үйленуі» 1784ж. және Фигаро жайындағы үшінші пьессасы «Қылмысты ана» немесе «Жаңа Партов» қойылымы 1792ж. комедиялық пьессалары өмірге келді.

Сонымен қатар Француз әдебиетіне көзінің тірісінде біреу біліп, біреу біле бермейтін, атақ даңқының өмірден өткен де әлемге әйгілі болған Андре Шенье сол кезде Садоның ерекше тұлғасын жасады. 1740-1814 жылдары Роман авторы Жюстина 1791-1797ж. «Жюльетта» 1797ж. «Бударедегі Философия» деген туындылары жарыққа шықты. Жазушыны тек XX-ғасырда ғана талантын мойындады.

Сонымен бірге сол кездегі атақты ғалымдар өздерінің пеьссасын, романдарын жарыққа шығарып отырды.

Мольер шығармашылығы

17 ғасырдың 2 ші жартысында Францияда ұлы драматург тамаша комедия театрын құрушы Жан Батисто Мольер.

Пессалары алдыңғы қатарлы буржуазия идеяларына әдебиеттегі бағыттың жарқын көрінісі болды. Мольер корол сарайының мебел жасаушысының баласы еді. Яғни біршама ауқатты буржуазия ортасынан шықты. Мольер көпке дейін өмірден өз орнын таппй кезбе актер ретінде өмір сүрді. Ол көптеген қиыншылықтардан кейін корол сарайы сахынасында өз пессаларын қойдыруға мүмкіндік алды. Бірақ содан кейін де оның көптеген спетакльдерінің қойылуына қарсылық көрсеткен реацияшыл дворяндармен дін басыларымен тынбастан күрес жүргізуге тура келді. Мольердің халыққа жақын тұрғандығы оған халықтың көңілді комедия дәстүрін қабылдауға және дамытуға мүмкіндігін берді. Оның пессаларындағы адамдар әр түрлі топтан шыққан қарапайм тілде сөйлейтін өз замандастары еді. Мольер дворяндардың думанды өмірін ащы тілімен жеткізе сынады. Мольердің “Дон Жуан” деген комедиясында адамгершілік қасиетен жұрдай болған өзімшіл азғындаған оңбағанды сахнаға шығарады. Мольер өз комедияларында халықтан шыққан жағымды – жағымсыз бейнелерді жасап оларды өткір тілмен көрсетіп беріп отырды.

3. Бен Джонсон шығармашылығындағы ренесанстық реализм.

17 ғасыр ортасындағы буржуазиялық революция. Мильтон шығармашылығы. Көсемсөздік шығармалары «Жоғалған жұмбақ», «Оралған жұмбақ» атты поэмалары, «Самсон крескер» трагедиясы. Ақынның шығармаларындағы пуритандық дүние таным мен гуманистік ойлары арасындағы қайшылықтар.

Жаңғырту (реставрация) дәуірінің әдебиеті.

Англиядағы классицизм, Драйден шығармашылығы


Бақылау сұрақтары:

1. Әдебиеттегі ренесанстық реализм.

2. Ұлттық драма теориясы.

3. Лопе де Веганың шығармашылығы, демократиялық көзқарастары.

4. „Қой қайнары“ батырлық драмасы

5. „Севил жұлдызы“ драмасындағы дворияндыққа қарсылық сыны.

6. Гонгор және гонгоризм.

7. Кальдерон шығармашылығы – испан драматургиясындағы барокканың саяси және

көркемдік принцптері.

8. Калдеронның „өмір деген түс“ атты пәлсапалық драмасы.

9. Калдерон драматургиясындағы кейіпкерлер.

10. Пәлсапалық пайымдау.

11. Оқиға және кейіпкер.

12. Кейіпкерлер тілі.

13. Классицизм - ХVІІғ.ғы француз әдебиетінің көркемдік стильдік бағыты.

14. Мольер шығармашылығы.

15. Мольер комедияларындағы пәсапалық мәселелер

16. 17 ғасыр ортасындағы буржуазиялық революция.

17. Мильтон шығармашылығы.

18. Көсемсөздік шығармалары «Жоғалған жұмбақ»

19. «Оралған жұмбақ» атты поэмалары

20. «Самсон крескер» трагедиясы.

21.Ақынның шығармаларындағы пуритандық дүние таным мен гуманистік ойлары

арасындағы қайшылықтар.

22.Жаңғырту (реставрация) дәуірінің әдебиеті.


20- лекция. Тақырыбы: 17-18 ғасырлардағы әлем әдебиеті

Жоспары:

1. 18 ғ. Батысеуропалық әдебиет.

2. 18 ғ. Ағылшын әдебиетінің ұлы өкілі Д.Дефо өмірі шығармашылығы

Лекция мақсаты:

Әдебиеттегі ағартушылық, эстетикалық бағыт сипаттары. Ағартушылық эстетикасының басты принцпі - әдебиеттің саяси бағыттылығы. Пәлсапалық повестердегі аллегориялық нышандарды көрсету

Д.Дефоның әлемге әйгілі «Робинзон Крузо» романының мән – мазмұны елсіз аралда қалған Робинзон өмірінің көпшілік қауымға әлеуметтік мәнін, көркемдік ерекшелігін көрсету

Лекция мәтіні:

1. Әдебиеттегі ағартушылық бағыт, эстетикалық бағыт, сипаттары. Ағартушылық эстетикасының басты принцпі - әдебиеттің саяси бағыттылығы. Ағартушылық әдебиеттегі батырлық және әсерлілік, ұнамды кейіпкер сентиментальдық, сатиралық бағыттар.Ағартушылық әдебиеттің басты жанры – пәлсапалық роман мен повесть. Пәлсапалық повестердегі аллегориялық нышандар. Трагедиялардағы ағартушылық классицизм. Драма жанры және дараматургиялық реформа.

2. Ағылшын әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Д.Дефо 1661 жылы Англияның Лондон қаласында ауқатты отбасында дүниеге келген. Оның әкесі саудагер болған. Ол баласын монастрда оқуын қалайды. Бірақ жастайынан саяхат етуді теңізге шығуды армандаған Даниел әкесі күткендей болып шықпайды. Даниел тек әдебиет саласында ғана емес сонымен бірге қоғам қайраткері журналист, жазушы сондай – ақ үлкен ірі бизнесмен де болған. Оның негізгі сауда көзі кеме саудасы болып Чили, Мексика жарты аралдарына қатынайды. 1715 жылы өз өміріне арнап жазған “Робинзон Крузо” библиографиялық туынды. Бұл еңбегінде үстем тап өкілдердің озбырлығын әшкерелейді. Оның ескі өмірін көксейді романның алғашқы бетінде үлкен ірі саудагердің кемесі экватор дауылында адасып адам жоқ жалғыз аралға барады.

Робинзон Крузо” романының мазмұны.

1.“Робинзон Крузо” романының мазмұны.

2. Романның көркемдік ерекшелігі.

Өткен дәуірдегі жаушылардың қай-қайсысын болса, біз қазіргі жазушы дейміз, бірақ ол олай емес. Ал, Дефо басқаша. Егерде Шекспир дәуірі Англияның Буржуазиялық революциясы XIIV ғасыры, артта қалса Дефо заманы ол Буржуазиялық өмірдің басы.

Сондықтан Дефо 1660-1731 толық мағынада қазіргі жазушы. Ол өзінің Шекспирмен теңестірген, сол тағдыр жүз жыл өтседе. Бір ғасыр бойы көп нәрсе өзгереді, Шекспир-шеттен келген, астанаға келгенде ол қалалық адамдарға қорқынышпен қарайды.

Дефо Лондонда туылып өскен, ол сол жерде өзін еркін суген, Шекспир үшін дүниетану. Ол табиғатта серуендеу болса, Дефо үшін табиғат шеберхана. Ол сол жерде еңбек , кәсіпшілік, іскерлік танытады.

«Петр Алексеивичтің тарихы»,

Ол кітабында Дефо былай деп жазады. Петр Дефоның ата-бабаларының кәсібін үйренуге шығады. Олар Голлондтар Англияға қашып келген Ағылшындарды жүнді иіріп мата жасауға үйреткен. Англия дүние жүзіне осы кәсіппен белгілі болған.

Әдебиеттің аса биігіне шықса кейде өте төмен жағдайда ұшырап өзі жазған еңбегін біреудің атымен шығарады. Ол 60 та 40 жыл әдебиетпен шұғылданады. Өмірдің өмірінің бәрі өтті, бірақ ол қайтадан жаңғырады. Ол мәңгі жаңа өмірді бастайды.

Дефо 350-ден астам шығармалар жазған. Оның бірігінің аты-Робинзон Крузо. Бұл кітап емес, бейне емес, ол адам аңыз ол ғасырдан-ғасырға жаңарып келеді.

Кітаптың тарихы былай.

XVIII ғасырдың басында адмирал Вильем Дампер тынық мұхитқа шығады. Ол саяхаты сәтсіз болады. Кеменің үстінде ұрыс-керіс болады. Сондықтан адамдар қашады. Мас-а Твер аралдарында Хуан-Фернандес Штурман Алькирк архипелагінде қалып қояды. Төрт жыл өткен соң сол жерге тағыда бір кеме барады оның капитаны Вуджа Роджерса. Олар жаңағы жерге Мас-а Твераға тұщы су алуға кіреді.

Роджер осы туралы жазғанда ізінен келе жатқан капитан Кук те осыны айтады.

Робинзон туралы айтсақ, бір өзі айналасындағы жан жоқ жерде теңіздің жағасында өмір сүруге бел буады. Бұл жерде адамның мінез-құлқы бейнеленбейді. Адамның тірі қалуы ертеңге деген сенімі, оның ойлау қабілетінің жылдамдығын іскерлігі көрсетіліп отыр. Әр сәт Робинзонға ол мағыналы шындық.

Егерде Робинзонның орнына Шекспирді қоятын болсақ батырын ол ойлау қабілеті нашар әбіржулі адам, мысалы: Робинзонның сынып қалған кемесіне ақша жатса ол оған таң қалмайды. Ол Шекспирдің былай дейді,- не көріп тұрмын? Алтын, мынау шындық па? Сап-сары жылтылдайды, жоқ жоқ мен алтынды қастерлеймеймін, бірақ алайын! Ал Робинзон болса былай дер еді. «Керек емес қалдықтар» бірақ қалтасына салар еді, және неге қажет болар екен деп ойланар еді.

Робинзон Крузо –бірінші ағылшын классикалық роман.

Дефоның принципі ол өтірікті шындай қылып жазу.

Дефодан кейінгі ағылшын және дүние жүзілік әдебиеті дами берді бірақ әр уақытта ол Дефоны еске түсіріп, қайта-қайта, сонымен бірге аяқ алып отырды. Өткен және осы ғасырдағы продиктер Дефодан әлде-қайда алда, кешкен жазушылар, оның еңбектерімен көптеген осы кезге сай дүниелерді таба білген. Дефоның міндеті әр адамның тарихтың бір бөлігі ретінде бейнелеу, көру, қазіргі өтіп бара жатқан уақытты тарих деп білу. Ол айналасына өзімде осыған қатыстымын деген көзқараспен қараған.

Бақылау сұрақтары:

1. Д.Дефо өмірі.

2. Д.Дефо шығармашылығы.

3. “Робинзон Крузо” шығармасы.

4. Романдағы адамның табиғат пен еңбектің етене араласуының сипатталуы

5. В.Белинский, Ж.Руссо «Робинзон Крузо» туралы көркемдік шешімінің орны

6. Д. Дефоның ұстанған принцпі

7. Д.Дефоның тарихи кітап жазуы.

8.“Робинзон Крузо” романының негізгі идеясы.

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18

Похожие:

«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен icon«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «ежелгі дәуір әдебиеті» пәнінен
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандықтың типтік оқу жоспары және Қр бғМ 22. 06. 2006 жылғы №289 бұйрығымен...
«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен icon«Сырдария» университеті «Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы
«050117» «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4-курс студенттеріне 8 семестрлерде «Жалпы тіл білімі» пәніне оқу жоспарына сәйкес...
«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен icon«сырдария» университеті «филология және психология» факультеті «тілдер» кафедрасы
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандықтың типтік оқу жоспары және Қр бѓМ 11. 05. 2005 жылғы №289 бұйрығына...
«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен icon«Филология және психология» факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы “
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандықтың типтік оқу жоспары және Қр бғМ
«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
...
«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Шетел әдебиеті» пәнінен 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының сыртқы бөлім студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша
«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен icon“Филология және психология” факультеті
Педагогика және психология” мамандығының 4-курс студенттеріне 8 семестрде “Этнопедагогика” пәніне типтік оқу жоспарына сәйкес 2-кредит...
«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Шетел әдебиеті» пәнінен 050205 «Қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша
«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен iconМонография. Ш 26
С. Торайѓыров атындаѓы пму қазақ әдебиеті кафедрасы мен Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ және шетел әдебиеті кафедрасында талқыланып,...
«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен iconМүтәлиева Раушан Мамырқызы, ф.ғ. к., доцент
Пререквизиттер – ХІХ ғ. қазақ әдебиеті пәніне қажетті пәндер: шетел әдебиеті, түркі халықтары әдебиеті, орыс әдебиеті, әдебиеттануға...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница