«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен




Название«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен
страница7/18
Дата конвертации13.02.2016
Размер2.05 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/Sillabus/KT/Baibolova.ShAd.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

12- лекция. Тақырыбы: Орта ғасырылық Еуропа әдебиеті

Жоспары:

1. Орта ғасырлардағы антикалық мәдени мұраның рольі.

2. Христиандық және антикалық мұра.

Лекция мақсаты:

Орта ғасыр мәдениетінің алғашқы кезеңіндегі дамудың екі сатысы:

1. Латын тіліндегі жазба әдебиет. Оның діншілдік және жоғары зиялы қауымдық сипаты. Дидактикалық мазмұн. Ваганттар мен голиардтар шығармашылығы.

2. Халықтың ауызша шығармашылығы. Ежелгі Еуропа халықтарының лирикалық поэзиясының сілемдері. Мифологиялық эпос қиял-ғажайыптық және батырлық ертегілер, батырлық эпос-халықтардың эпикалық шығармашылығы дамуының негізгі кезеңдері.

Орта ғасыр мәдениетінің алғашқы кезеңіндегі дамудың екі сатысымен тақырыбына, көркемдік ерекшелігіне, зерттелу жайына, көтерген мәселелеріне тоқталып, дидактикалық мазмұнына талдау жасау, ондағы дидактикалық сарынды көрсету.

Лекция мәтіні:

1. Орта ғасырлардағы антикалық мәдени мұраның ролі. Хриситандық және антикалық мұра.

Орта ғасырлық мәдениетттің қалыптасуы мен дамуындағы халықтық шығармашылықтың маңызы. Орта ғасырлық әдебиетттің дамуындағы әртүрлі кезеңдердегі фольклор мен әдебиеттің өзара қатынасы.

Орта ғасыр мәдениетінің алғашқы кезеңіндегі дамудың екі сатысы:

1. Латын тіліндегі жазба әдебиет. Оның діншілдік және жоғары зиялы қауымдық сипаты. Дидактикалық мазмұн. Ваганттар мен голиардтар шығармашылығы.

2. Халықтың ауызша шығармашылығы. Ежелгі Еуропа халықтарының лирикалық поэзиясының сілемдері. Мифологиялық эпос қиял-ғажайыптық және батырлық ертегілер, батырлық эпос-халықтардың эпикалық шығармашылығы дамуының негізгі кезеңдері.

2. Кельттік (ирландтық) эпос, оның көркемдік қырлары. Ирландық сагтардың қиал-ғажайыптық және батырлық ертегімен байланысы.

Скандинавтық эпос және лирикалық поэзия.

Франциядағы батырлық поэзия. „Роланд туралы жыр“ француздық батырлық эпостың ұлы ескерткіші, дастандағы кейіпкер арқылы берілген ұлы идеал.

Немістің батырлық эпосы және оның эпосы. „Нибалунга туралы дастан“ Неміс эпосындағы ежелгі халықтық аңыздаулар.

Орта ғасырдағы рыцарлық, /куртуаздық/ әдебиет.

Шығысқа атанған крест жорықтары және рыцарлық мәдениеттің жаңа идеалдары.

Прванстағы рыцарлық поэзияның пайда болуы. Трубадорлардың сйіспеншілік және саяси поэзиясының негізгі сарындары мен жанрлары.

Бақылау сұрақтары:

1. Орта ғасырлардағы антикалық мәдени мұраның ролі.

2. Хриситандық және антикалық мұра.

3. Орта ғасырлық мәдениетттің қалыптасуы мен дамуындағы халықтық

шығармашылықтың маңызы.

4. Орта ғасырлық әдебиетттің дамуындағы әртүрлі кезеңдер.

5. Фольклор мен әдебиеттің өзара қатынасы.

6. Орта ғасыр мәдениетінің алғашқы кезеңіндегі дамудың екі сатысы.

7. Халықтың ауызша шығармашылығы.

8. Ежелгі Еуропа халықтарының лирикалық поэзиясының сілемдері.

9. Мифологиялық эпос қиял-ғажайыптық және батырлық ертегілер.

10.Батырлық эпос-халықтардың эпикалық шығармашылығы дамуының негізгі

кезеңдері.

11. Скандинавтық эпос және лирикалық поэзия.

12. Франциядағы батырлық поэзия.

13. „Роланд туралы жыр“ француздық батырлық эпос

14. „Роланд туралы жыр“ дастанындағы кейіпкер арқылы берілген ұлы идеал.

15.Немістің батырлық эпосы және оның эпосы.

16. „Нибалунга туралы дастан“ немістің халықтық аңыздаулары.


13- лекция. Тақырыбы: Орта ғасырдағы қалалық әдебиет

Жоспары:

1.Қалалық әдебиеттің халық шығармашылығымен генетикалық байланысы.

2. Орта ғасырлық драма.

Лекция мақсаты:

Орта ғасырдағы қалалық әдебиеттің халыққа берер әсері Фаблио, Шванк шығармаларының жанры мен тақырыбына, көркемдік ерекшелігіне, зерттелу жайына, көтерген мәселелеріне тоқталып, гуманистік дүниетанымына талдау жасау, олардың балладаларындағы күрес, композиция мен стилді көрсету.

Лекция мәтіні:

1. Қалалық әдебиеттің халық шығармашылығымен генетикалық байланысы.

Қалалық әдебиеттің негізгі жанрлары. Қалалық дидактикалық әдебиет. Қалалық лирика. 14-15 ғасырдағы шаруалар поэзиясы. Лонглендтің „ Петр Диханны“ поэмасындағы шаруалар бейнесі

2. Орта ғасырлық драма.

Орта ғасырлық драма театрдың дамуындағы екі бағыт. Діни театрдың дамуындағы негізгі кезеңдер. Моралитенің діни – жоғары қауымдық жанры. Халық театрының даму. Адам де ля Али шығармашылығы. Халық драмасы – соти мен фарстар: «Адвокат Патлен» фарсы. Немістің фасонах – шпилдер.


Бақылау сұрақтары:

1. Қалалық әдебиеттің халық шығармашылығымен генетикалық байланысы.

2. Қалалық әдебиеттің негізгі жанрлары.

3. Қалалық дидактикалық әдебиет.

4. Қалалық лирика.

5. 14-15 ғасырдағы шаруалар поэзиясы.

6. Лонглендтің „ Петр Диханны“ поэмасындағы шаруалар бейнесі

7. Орта ғасырлық драма.

8. Орта ғасырлық драма театрдың дамуындағы екі бағыт.

9. Діни театрдың дамуындағы негізгі кезеңдер.

10. Моралитенің діни – жоғары қауымдық жанры.

11. Халық театрының дамуы.

12. Адам де ля Али шығармашылығы.

13. Халық драмасы – соти мен фарстар: «Адвокат Патлен» фарсы. Немістің фасонах –

шпилдер.


14- лекция. Тақырыбы: Қайта өрлеу дәуірінің әдебиеті

Жоспары:

1.Қайта өрлеу мәдениетінің көп құрамдылығы және қайшылықты жақтары.

2. Итальян әдебиетінің өкілі Джовани Боккачо өмірі мен шығармашылығы.

Лекция мақсаты:

Қайта өрлеу мәдениетінің көп құрамдылығы және қайшылықты жақтары. Оның орта ғасырлық мәдениетпен байланысы. Табиғат, антикалық пәлсапа, риторика поэтика және поэзия туралы гуманистік антикалық ілімдердің қайта жандануы.

1313 жылы Джовани Боккачо Франческо дүниеге келді.

Ал Джовани Боккачоның Петаркадан ілгерілеп нағыз өзінің басынан кешкен махаббаттарын жырлады.

Қайта өрлеу дәуірінің әдебиеті өкілі Джовани Боккачо өзін сол кезеңнің отарлау саясатына қарсы тұрған ақын екендігін танытты. Шығармаларындағы махаббат сарыны, көркемдік ерекшелігіне, зерттелу жайына, көтерген мәселелеріне тоқталып, Боккачоның италян және еуропалық новелистикаға әсерлілігіне талдау жасау, ондағы дидактикалық сарынды көрсету.


Лекция мәтіні:

1. Қайта өрлеу мәдениетінің көп құрамдылығы және қайшылықты жақтары. Оның орта ғасырлық мәдениетпен байланысы. Орта ғасырлық дәстүрді жалғастырудағы фольклор мен қалалық мәдениеттің өрлеуі. Табиғат, антикалық пәлсапа, риторика поэтика және поэзия туралы гуманистік антикалық ілімдердің қайта жандануы.

2. Джовани Боккачо Парижде 1313 дүниеге келіп, 1375 жылы қайтыс болды.

Джовани Боккачоның өзгелерден айырмашылығы көркем прозаның негізін салған. Ол Петрарка секілді әрі ғалым, әрі филолог болды. Джовани Боккачо әдебиетте еуропалық гуманизімінің көсемі тұрғысынан емес ол сол кездегі ең төменгі жанр новелист жазушы ретінде танылды.

Джовани Боккачо Флоренциялық саудагермен француз әйелінен туған некесіз ұл болды. Ол Парижде туылды. Кейін әкесінің қолдауымен алғашында сауда, кейін заң ғылымымен айналысты.

Дегенімен Петраркамен деңгейлес бола алмады. Джовани Боккачо 14 жасында Неопль қаласына келеді. Бұл кезде Неопль ірі филос офиялық қаланың орталығы әрі Петрарканың досы

Роберд Анжускидің королдік сарайы осында болды. Роберд Анжуски Неоплді өнер ортасына айналдырды. Ал Джовани Боккачо осы кезде Неоплдің гуманистігімен танысып, осы таныстық арқасында сарай маңындағылармен танысады. Сөйтіп король Анжускидің өкіл қызы Мария Аквинаға ғашық болды. Оның өзінің сүйіктісінің атын Фяметта деп атаған. Сөйтіп өзінің сүйіктісіне ғашықтық шығармаларын арнайды. Джовани Боккачоның Фяметтаға деген ғашықтық шығармаларының Данте Амрори мен Франческоға қарағанда өзіндік ерекшелігі болды. Петраркада әйел нақты суреттелгенімен қиял мекен Платонизмдік қиялдан ғана болу.

Ал Джовани Боккачоның Петаркадан ілгерілеп нағыз өзінің басынан кешкен махаббаттарын жырлады. Сонда Мария Фияметтамен Боккачо тек әдеби кейіпкерлер ғана емес өмірде де бірін – бірі сүйген ғашықтар болған. Джовани Боккачо алғаш рет 1336 жылы сенбіде шіркеуге барады.

Сан Лоренсе шіркеуінде көріп ғашық болады. Кедей (Флебей) жігіт салтанатты корол қызына тек жазушылық таланты аралығы ғана қол жеткізді. Дегенімен бұл бақыт ұзаққа созылмай, Мария оны басқаға айырбастайды. Бұдан кейін құлай сүйген Джовани Боккачо өзінің біркездегі ғаламат ғашықтық сезімдерінің кшімен соны еске алу аралығы талай туындады.

Джовани Боккачо өзінің шығармашылығын Неоплда бастап Флоренцияда аяқтады. Ол 1338 жылы „Филокола” романын жазды. Мұнда Флоркомен Бенжефлоның аралығындағы махаббат тартысы суреттеледі. 1341 жылы Джовани Боккачо „Аметта” өлең қарасөзбен жазылған идеясын жазды.

Идея баллада сияқты шығарманың түрі. Джовани Боккачоның жас кезіндегі көркемдігінің бірі „Фяметта” 1348 жылы кейде оны Фяметто Мадоннаның эллегиясы деп те атайды. Қарасөзбен жазылған бұл повесті Батысеуропа әдебиетінде тұңғыш психологиялық роман деп атады. Джовани Боккачо шығармашылығының басты жетістігі өзіне дейін әйелдерді мадақтау басым болса енді Джовани Боккачо әйелдің ішкі жан дүниесін психологиялық тұрғыдан сөз етті.

1350 жылы Джовани Боккачо Франческо Петраркамен кездесіп достық қарым – қатынаста болды. Олардың көркем шығармалары италиян тілінде жазылса өздерінің еңбектері латын тілінде жазылды. Джовани Боккачоның өнімді еңбектерінің бірі латын тілінде еді. Джовани Боккачо латын тілін қанша құрметтегенімен құнды дүниесін италиян тілінде жазды. Ол латын тілін ғылыми еңбектерін және 16 экологтық шығармаларын жазды. „Декамерон” ең алғаш новеллалық жинағы Джовани Боккачолар әлемдік даңқтың алып келген 1352-1353 жылы жазылған туындысы „Декамерон” бұл шығарма италиян көркем прозаның бастауы болып табылды. „Декамерон”- 10 күн дегенді білдіреді. Бұл новеллада 1348 жылы әйгілі флоренциядағы оба оқиғасы суреттеледі.

7 әйел 3 жігіт қаланың шетіне ауруы жұғып кетпесіндеп тұрады. Мұнда әр кейіпкердің 10 новелласы бар. Барлығы 100 Шахризаданың 1001 түні осыған сәйкес келеді.

Бақылау сұрақтары:

1.Қайта өрлеу мәдениетінің көп құрамдылығы және қайшылықты жақтары.

2.Оның орта ғасырлық мәдениетпен байланысы.

3.Орта ғасырлық дәстүрді жалғастырудағы фольклор мен қалалық мәдениеттің өрлеуі.

4.Табиғат, антикалық пәлсапа, риторика поэтика және поэзия туралы гуманистік

антикалық ілімдердің байта жандануы.

5.Джовани Боккачо өмірі

6.Джовани Боккачо шығармашылығы

7.Шығармаларындағы махаббат сарыны

8.„Декамеронның” италиян көркем прозасының дамуына әсері

9. Джовани Боккачоның италиян және еуропалық новвелистикаға әсері

10.Джовани Боккачо әдебиетте еуропалық гуманизімінің көсемі

11. „Декамерон”- 10 күн дегенді білдіруі.

12. Джовани Боккачо жөнінде мәлімет жинау


15- лекция. Тақырыбы: Қайта өрлеу дәуірінің әдебиеті

Жоспары:

1. Неміс әдебиеті

2. Француз әдебиетінің ұлы өкілі Ф.Рабле

Лекция мақсаты:

Қайта өрлеу дәуіріндегі неміс әдебиетін дәуірлеу. 15 ғ. Соңында неміс гуманистерінің риторикалық мәдениеті және жаңа латындық әдебиеті.

16ғ. Біріншісі жартысындағы халықтық көпшілік әдебиет, олардың түп көздері /орта ғасырлық аңыз, христиандық әфсана, қалалық фольклор, рыцарлық роман/

Бюргерлік әдебиет, оның орта ғасырлық, сатиралық, дидактикалық түрлерімен байланысының зерттелу жайына, көтерген мәселелеріне тоқталып, гуманистік дүниетанымына талдау жасау.

Француз гуманизмінің ірі өкілі және ұлы жазушысы Ф.Рабле шығармаларының танымдық сипатын көрсету.

Лекция мәтіні:

1.Қайта өрлеу дәуіріндегі неміс әдебиетін дәуірлеу. 15 ғ. Соңында неміс гуманистерінің риторикалық мәдениеті және жаңа латындық әдебиеті. 16ғ. Бірінші жартысындағы халықтық көпшілік әдебиет, олардың түп көздері „Тил Эиленшпител“ – авантюралық халықтық роман. Доктор Фауст туралы „Халық кітаптарындағы“ мифтік поэтикалық және натура пәлсапалық көріністер.

Бюргерлік әдебиет, оның орта ғасырлық, сатиралық, дидактикалық түрлерімен байланысы.

2. Француз гуманизмінің ірі өкілі және ұлы жазушысы Ф.Рабле. Ауқатты жер иесі адвокаттың отбасында дүниеге келді. Жас кезінде Монастрда құдай ілімдерімен қатар ертедегі жазушылармен заң кітаптарын оқып өсті. Ол жан- жақты білімді адам , жазушы, дәрігер, педагог болды. Ежелгі тілдерді де жақсы білді. Ф.Рабле түрлі сомада еңбектер жазды бірақ оның даңқын шығарған 5- кітаптан тұратын “Гаргантюа мен Пантагрюэл” романы. Бұл әлі күнге дейін үлкен де кішіде оқып келе жатқан тамаша кітап автор бұл романды жазуды халық арасында тараған аңыз ертегілерді кең түрде пайдаланып оған гуманситік сипат берді. Ф.Рабле ортағасырлық феодалдық сотта тәрбиенің ескі әдісі құрғақ сөзді діни қараңғылықты көзсіз сенушілікті сынады.

Ф.Рабле өмірінің ақырына дейін ешкімнен жасқанбады өз ой пікірімен идеясына сенімін жоғалпай дүниеден өтті.

Бақылау сұрақтары:

1.Қайта өрлеу дәуіріндегі неміс әдебиетін дәуірлеу.

2. ХV-ХVІ неміс гуманистерінің риторикалық мәдениеті.

3. Жаңа латындық әдебиет

4. 16ғ/ң. 1-ші жартысындағы халық көпшілік әдебиет олардың түп көздері

5. Орта ғасырлық аңыз христиандық әпсана

6. Орта ғасырлық қалалық фольклор

7. Рыцарлық роман

8. Доктор Фауст туралы халық кітаптарындағы мифтік поэтикалық және натура

пәлсапалық көріністер

9. Бюргерлік әдебиет оның орта ғасырлық сатирасы

10. Бюргерлік әдебиеттің дидактикалық көрінісі

11. 16 ғ/ң соңында классикалық қайта өрлеу дәуірінің басталуы

12. Қайта өрлеу дәуірінің басталуы

13. Антикалық әдебиетке баса назар аударуы

14. Қайта өрлеу мәдениеті драматургияны, театрды жаңа биікке көтеруі

15. Қайта өрлеу дәуіріндегі жеке дербестік қасиеттер

16. Француз әдебиеті.

17.Ф. Рабленің өмір жолына шолу

18. Ф. Рабленің «Гаргантюа мен Пантагрюэль» романының әдеби мәні

19. Бес кітаптан тұратын роман желісі

20. Ф. Рабле шығармаларының идеясы және компзициясы

21. Ф. Рабленің шығармасының көркемдік ерекшелігі.

22.Рабленің даңқын шығарған шығармасы.


16- лекция. Тақырыбы: Испан әдебиеті

Жоспары:

1. Испаниядағы әдеби дамуды дәуірлеу.

2. М.Сервантестің өмірі мен шығармашылығы.

3. М.Сервантестің әлем әдебиетіне танымал «Дон Кихот» романы, оның пародиялық

астары.

Лекция мақсаты:

Испаниядағы әдеби дамуды дәуірлеу. Ауызша лиро – эпикалық поэзияның дамуы. Романстар, олардың тақырыптық, пішіндік ерекшеліктері, жазба әдебиетке әсері

Испан әдебиетіндегі роман жанрының түрлері. Рыцарлық романның генезисі, орта ғасырлық куртуаздық романдармен, италяндық, рыцарлық дастандармен байланысын

ондағы дидактикалық сарынды көрсету

М.Сервантестің әлем әдебиетіне танымал «Дон Кихот» романы, оның пародиялық астары бар шығармасының дидактикалық сарынын көрсету


Лекция мәтіні:

1. Испания мәдениеті үшін мың алты жүз бесінші жылдың орны бөлек. Саяси тұрғыдан да, экономикалық тұрғыдан да бұл жаңа жылдың бұрынғы өткен жылдардан бәлендей айырмашылығы жоқ еді және испан халқын жарылқап тастайтындай жақсылық әкеле қояр сыңайы да байқалмаған. Рас, V Карл құрған, жаңа ғасырда немересі III Филипптің қол астына өткен Испан империясы әлемдік держава деген атағын сол бұрынғысынша сақтап тұрған. Европадағы, Америка мен Азиядағы, сондай-ақ Африкадағы онсыз да мен байтақ иеліктерінен айырылып қалмауды, мүмкін болғанынша одан әрі кеңейте түсуді көздеген Испания теңізде де, құрлықта да бірде жеңіп, бірде жеңіліп дегендей дамылсыз соғыс жүргізіп жатқан.

Алайда 1605 жылғы қаңтар айының бас кезінде орын алған, былай қарағанда болмашы да қарапайым бір оқиғаны маңыздылығы жағынан; үлгі аталған жайлардың бірде-бірімен салыстыруға болмайтын. Қаңтардың сол бір күні Мадридтегі кітап дүкендеріне әдеби дабырасынан гөрі Алжирде тұтқында болып, азап шегуімен даңқы көбірек шыққан, жасы егде тартып қалған, оның үстіне өзі мүгедек бір жазушының романы сатуға түскенді.

2. Жазушының есімі - Мигель де Сервантес Саведра, шығармасының аты - "Айлакер идальго Ламанчалык Дон Кихот" болатын. В.Г. Белинскийдің бейнелілігімен айтқанда, "адамзат өнеріндегі жаңа дәуір" де, міне, дәл осы кітаптан басталған еді. Кітаптың жарық көргеніне төрт ғасыр толды. Сервантес катысқан жене куә болған сол заманның қанды шайқастары баяғыда ұмытылды, корольдер, қолбасшылар мен саясаткерлер келмеске кетті, бірақ қаламгердің аталмыш шығармасы оқырманды әділдік пен адалдыққа тәрбиелеп, толыққанды тіршілігін әлі жалғастырып келеді.

Император болудан үміткер кезбе рыцарь Дон Кихот пен онын бір аралдың бастығы болуды аңсайтың аңғал атқосшысы Санчо Пансаның бастан кешкен шытырман оқиғаларын суреттейтін Сервантестің бұл туындысы адамзат баласымен мәңгі біріге жасай беретін шығарма екенін әлем зиялылары бір – ауыздан мойындап отыр. Соның алдында бірер жыл бұрын ғана Норвегиядағы Нобель институтының ұйымдастыруымен 54 елдегі 100 айтулы қаламгерден құралған (ішінде Нобель сыйлығының бірнеше лауреаты бар) қазылар алқасы "Дон Кихот" романын әлем әдебиетінің ең үздік туындысы деп таныған болатын. Одан кейінгі орынды Марсель Прустың "Жоғалған уақытты іздеу әурешілігі" романы алды. Бұл екеуінен кейінгі орындар Гомердің, Толстойдың, Достоевскийдің, Кафканың, Фолкнердің, т.б шығармаларына тиді.

Сервантес өмір сүрген заман аласапыран оқиғалар заманы болды. Ұлы суреткер алпыс сегіз жыл ғұмыр кешті. Ол V Карл патшалығының соңғы жылдарын көрді, II Филипп пен оның баласы III Филипптің патшалық құрған алғашқы он сегіз жылдағы оқиғалардың куәгері болды және өзі де біраз жайды бастан кешті. Өз тарихындағы бұл кезеңде Испания әлемдік үстемдіктен бірте-бірте қол үзе бастаған. Әлемнің бестен бір бөлігін құрайтын жері, алпыс миллиондай халқы бар империяны әкесінен мұраға алған III Филипп оны өлі де өз ықтиярынша билеп-төстеп отырған. Бірақ осынау орасан үлкен монархияның іргесі шым-шымдап сегіліп, қатты бір дауылдан калмайтындай халде тұрған. Көлемі одан әлдеқайда шағын мемлекеттер, Англия, Франция, Голландия, - Испанияның шабуылдарына тойтарыс беріп қана қоймай, өздері де оған қарсы соғыс ашып жатқан. Екінші жағынан, XVI ғасыр - ұзақ уақыттар бойы "реконкистамен" (туған жерін басқыншы маврлардан тазартумен) айналысқан халықтың қолы босауымен ерекшеленетін. Соның нәтижесінде елдің арқасы кеңіп, аз уақытқа болса да қағанағы қарқ, сағанағы сарқ күй кешкен.

3. Испан әдебиеті “Дон Кихот”.

Сервантес “Дон Кихот” романының бірінші томын 1605 жылы ал екінші томын 1615 жылы жазып шықты. Ол Дон Кихотында есуастың бетке ұстап өмір шындығымен санаса алмайтын адамның, суреттелген бейнесін шебер көрсетеді. Қайғылы бейненің серісі ең жақсы ниетпен рухтанған адам. Ол жәбір, жапа шекккендерді қорғағысы келеді. Дүние жүзіндегі зорлық-зомбылықты, есушілікті жойғысы келеді. Бүкіл дүние жүзіне әділдікпен бостандық орнауын арман етеді.

Дон Кихот осы ұлы идеяны жүзеге асыру жолында асқан жан қиялдық қаһармандық ерлік көрсетеді. Ұлы ісі үшін өзін құрбан етуге әзір екендігін жағына оны еріксіз құрметтейді. Романда Дон Кихотпен біз былай танысамыз: “Ломанча аймағының кішкене бір жұпыны деревнясының Дон Кихот дейтін идальго тұрды. Басқа дворяндар сықылды, о да өзінің ата тегінің ақсүйек екендігіне масаттанып, ерте заманғы бір қалқанымен ата мұрасы болып келген найзасын ардақтап, көзінің қарашығындай сақтайтын. Оның қорасында бір арық мәстегі мен аңға қосатын тазысы болатын. Бар табысының төрттен үші, сиыр етімен шөп шалаңнан істелген, күндегі ішетін быламығымен винегретіне кететін, жұма күндері ол аузына қызыл алмай, суға пісірген бұршаққа қанағат етіп отыратын, бірақ оның есесіне, жексенбі сайын кептердің қуырған етін жеп жеңіл басатын. Дон Кехана мейрам күндерінде үстіне жұқа маңытыдан тігілген бешпет, бархыт шалбар аяғына сақтан башмақкиюші еді, ал жай күндері қарадүрсін шұғыдан тігілген киім киіп жүретін. Оның үйінде жасы қырықтан асқан экономика (үйдегі ас суды жамғараты әйел), 18-19-дағы жиен қарындасы және қаусаған кәрі шал қызметкері болатын. Ал Идальгоның өзі елуге жақындап қалған қураған қу сүйектерімен тырысқан терісі басқа дымы жоқ, ап-арық болғанымен ол өте берік адам еді.

Дон Кихана өзінің бос уақытын- ал оның бүкіл тәулік бойына қолы бос болатын серілер туралы ескі романдарға үңіліп оқумен өткізетін. Бұл іске ол аса құмартып, шын ықыласымен берілді, осыған бола аң аулауды да, шаруашылығын да қойды. Бұл іске өте құмартып кеткендіктен ол, тіпті, осы серілер туралы кітаптанрды сатып алу үшін өзінің егістік жерін едәуір бөлігін ойланбастан сатып та жіберді.”

Романдағы ғашықтық жөніндегі лепірме хаттар, бірін-бірі жекпе-жекке шақыру өте ұнаушы еді және жиі кездесе беретін кейбір қисынсыз жерлеріне түсіне алмайтын. Мысалы “Бельянис деген атақты сері басқаларды жарақаттап өзі де бірнеше рет жарақаттаныпты” деген сөзге нану оған қиынырақ болды, ол серіні емдеген дәрігерлер қанша білгір болғанымен, оның беті мен денесінде жарақаттардың орны қалуы тиіс сықылды болып көрінді. Ал романда Бельянис майданға тыртығы жоқ болып шығады.

Бірақ романдардағы ерлердің істеріне әуестенуіне Дон Кехана үшін мұның бір де бірі бөгет болған жоқ. Ол кітап оқудың қызығына түсіп, күні-түні демей оқитын болды. Ол жұмысының бәрін қойып, ұйқысынан айрылды, тамақ ішуді де ұмытып кете беретін. Оның басы серілер туралы кітаптардан оқыған cорақы тарихтарға тың толы еді.Сондықтан ол қанды соғыстарда,серілердің жекпе-жек ғашықтық кездесулерді қыз алып қашуды түгіл өңінде де айтып сандырақтайтын болды.Ол, Сид Рун Диас ер жүрек сері болыпты дегенге қосылатын,бірақ екі үлкен дәудібір сермегенде қақ бөліп шарып түскен жалынды қылыш серікіне қайдан жетсін деуші еді. Ал солай деп тұрса да,жауырыны жерге тимеген Ролланды Ронсеваль қуысында жеңіп шыққан Бернардо де Карпионы ода жоғарырақ бағалайтын. Ақырында, байғұс адамға есалаң болып кетті. Нақ осы кезде ешбіресуастың қиялына кіріп шықпаған бір ғажап ой сап ете қалды. Өзін жихангер серілердің қатарына қосылуға міндеттімін деген пікірге келді. Дон Кехана ,өз басының даңқы үшін,туған өлінің қамы үшін жауыздарды жазалауды әділеттікті қайтадан қалпына келтіруді қасиетті борышым деп білді.Осы ойын жедел орындауға асықты. Үйдің шатырында тот басып жатқан ата –бабаларының қалған сауыт саймандарын тазартты, осылардың бәрін жиып-теріп келгенде, дулығанық төбесінде шошарынан басқа ешнәрсесі қалмағанын көріп қатты ренжіді. Бұл істі жөндеу үшін оның бар өнерін салуына тура келді. Ақырында дулыға тәрізді бір нәрсені істеп шығарды. Содан кейін ол мұның ұрыста қаншалықты төзімді боларын байқағысы келіп кетті. Қанжарын суырып алып дулығаны екі рет тартып-тартып жіберді. Бір ұрғанда ақ дулыға быт-шыт болды. Ол қатты ренжіді. Дегенмен, ол бұл істі қайтадан қолына алды, бірақ енді мықты болсын деп қатырма қағаздың астына қаңылтыр салды. Енді оны сымнан өткізуге қажет деп таппады.

Қорадағы атын басынан аяғына дейін қарап өтті. Оның бұл аты ауруға шалдыққан бір кәрі мәстек еді. Бірақ солай бола тұрса да, менің бұл атыма ұлы Александрдың Буцефалы да, Сидтің Бальегі де тар келе алмайды деді. Ол өзінің кәрі мәстегіне енді есім іздеп қатты қиналды. Ақырында ол Рошнат деген есімге тоқтады. Бұл есім оған әсерлі болып көрінді.

Ол енді өзіне де лайықты есім қоймақшы болды.Мұны ойлап бір жетідей жүрді. Ақырында ол өзінің Дон Кехана деген елеусіз есімін Дон Кихот деген есіммен өзгерте салды және Ламаншарық Дон Кихот деп атанбақ болды.

Сонымен, қару-жарақ тарқатуы дулыға жөнделді, мәстегіне жаңа ат қойылды, өзі де есімін өзгертті, енді оған ғашық жар іздеп табу ісі ғана қалды, Дон Кихот өзіне былай деді: “Егер мен тағдыр жазып бір алыппен кездесе қалсам (ау жихангер серілерге бұл жиі кездесе беретін нәрсе), оны айқасқан бойда алып ұрып, еріксіз кешірім сұрата қалса, онда мен серілік заңдары бойынша оны өзімнің бикешіме жіберуім керек. Ол сері менің тал шыбықтай бұралған сүйкімді әміршіме кіріп барып, тізе бүгіп отыра кетеді де, басын иіп былай дейді: “Мен Малиндрани аралының патшасы Каракуляндро дейтін алыппын. Мені жекпе-жек ұрыста айбынды сері, Ла-маншалық Дон Кихот жеңіп шықты. Ол маған сіздің ұлы мәртебеңіздің алдына барып бас июге бұйрды, міне, сондықтан алдыңызға келіп тұрмын, енді сіздің ұлы мәртебеңіз маған не істесе де ерікті... ”

“Оһо!-деп дауыстап жіберді Идальго,-мен өзіме қалайда болса ғашық жар тауып алуым керек: серінің ерлігіне тек сүйген жары ғана лайықты баға береді. Бірақ оны қайдан табу керек?” осыны айтып, Дон Кихот ойға шомды. Кенеттен оның көңілін бір қуанышты пікір сергітіп жіберді. Көршілес деревнядағы Альфонсо Лоренсо дейтін бір жап-жақсы шаруа қыз есіне түсті. Сол қыздың дәл өзін, біздің сері жүрегінберіп ғашық жары етіп жарияламақ болды. Оны Дульсинея Тобоссная деп атады, осы әзірліктің бәрі біткеннен кейін Дон Кихот көп кідірмей, өз үйін тастап, серілік оқиғалар іздеп кетуге бел байлады. Міне, сонымен, ол жаз айының тамаша күнінде төсегінен таң атпай көтерілді де, үстіне сауыт сайманын, басына сиықсыз дулығасын киіп, Росинатқа қарғып мініп алды да, қалқанын қарына іліп алып найзасын қолына ұстады. Жасырынып мал қораның сыртқы қақпасы арқылы шықты да, ен даланы бет алып жүріп кетті.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

Похожие:

«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен icon«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «ежелгі дәуір әдебиеті» пәнінен
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандықтың типтік оқу жоспары және Қр бғМ 22. 06. 2006 жылғы №289 бұйрығымен...
«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен icon«Сырдария» университеті «Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы
«050117» «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4-курс студенттеріне 8 семестрлерде «Жалпы тіл білімі» пәніне оқу жоспарына сәйкес...
«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен icon«сырдария» университеті «филология және психология» факультеті «тілдер» кафедрасы
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандықтың типтік оқу жоспары және Қр бѓМ 11. 05. 2005 жылғы №289 бұйрығына...
«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен icon«Филология және психология» факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы “
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандықтың типтік оқу жоспары және Қр бғМ
«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
...
«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Шетел әдебиеті» пәнінен 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының сыртқы бөлім студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша
«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен icon“Филология және психология” факультеті
Педагогика және психология” мамандығының 4-курс студенттеріне 8 семестрде “Этнопедагогика” пәніне типтік оқу жоспарына сәйкес 2-кредит...
«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Шетел әдебиеті» пәнінен 050205 «Қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша
«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен iconМонография. Ш 26
С. Торайѓыров атындаѓы пму қазақ әдебиеті кафедрасы мен Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ және шетел әдебиеті кафедрасында талқыланып,...
«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен iconМүтәлиева Раушан Мамырқызы, ф.ғ. к., доцент
Пререквизиттер – ХІХ ғ. қазақ әдебиеті пәніне қажетті пәндер: шетел әдебиеті, түркі халықтары әдебиеті, орыс әдебиеті, әдебиеттануға...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница