«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен




Название«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен
страница6/18
Дата конвертации13.02.2016
Размер2.05 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/Sillabus/KT/Baibolova.ShAd.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Бақылау сұрақтары:


1. Ежелгі Үнді әдебиетінің тарихы.

2. “Махабхарата” дастанының негізгі мазмұны.

3. Шантану балықшы қыздың махаббаты жайлы жалпы түсінік.

4. “Махабхарата” дастаны мен “Иллида” мен “Одиссея” шығармасын салыстыру.

5. “Махабхарата” дастанын зерттеген орыс ғалымдары.

6. “Махабхарата” дастанының көлемі.

7. Дастанның кейіпкерлері: сиқыр Дхритараштар патша және оның әйелі патшайым

Гандахарим, және олардың үлкен ұлы Дурьудхон – Арджуна батыр.

8. «Махабхарата» - моральдық, саяси, әлеуметтік өмір мазмұнының энциклопедиясы.

9. Дастан оқиғаларының арқауы

10. Дастанның жырлаушылары: Вьяс, Вайшампаян жөнінде мәлімет жинау

11. «Махабхаратада» ежелгі Үнді халқының сан ғасыр өмірінің тіршілік-тынысы

12. «Махабхарата» немесе «Ұлы Бхараттар (Ұрпақтар туралы жыр)»- кең көлемді

шығарма.

13. «Махабхарата» көп ғасырлық ауызша орындаушылық жемесі

14.Үндінің классикалық эпосы – «Рамаян»

15. «Рамаян» дастанындағы мифологиялық дастандар

16. «Рамаян» дас танының сюжеттік желісі

17. Б.з. І мыңжылдығындағы ежелгі үнді әдебиетіндегі драманың дамуы.

18. Б.з. І мыңжылдығындағы ежелгі үнді әдебиетіндегі лириканың дамуы.

19. Б.з. І мыңжылдығындағы ежелгі үнді әдебиетіндегі поэзияның дамуы.

20. Б.з. І мыңжылдығындағы ежелгі үнді әдебиетіндегі прозаның дамуы.

21. Жаңа үнді тіліндегі әдебиетке көне әдеби үлгілердің әсері.

22. Кез – келген тақырыптың – діни, ғылыми сипатта жазылуы.

23. Кез – келген тақырыптың – ертегілік, эпикалық сипатта жазылуы.

24. Кез – келген тақырыптың – өлеңмен, тарихи сипатта жазылуы.

25. Кез – келген тақырыптың – прозалық пішінде де жазыла беруі.

26. Ежелгі үнді әдебиеті – қазіргі Пәкістан, Бангладеш халықтарына ортақ ұлттық мұра.

27. Ежелгі үнді әдебиетіндегі тайпалық тілдер

28. Пәлсапа, дәрігерлік, грамматика астрономия, сәулет туралы, бәрі де жазылған.


8- лекция. Тақырыбы: Ежелгі иран әдебиеті

Жоспары:

1. Қасиетті кітап «Авеста» - ежелгі иран жазба ескерткіштерінің озық үлгісі.

2. Заратуштра есіміне қатысты бақсылық арбау, әнұрандар, шешендік өнер

дәстүрлерінің қалыптасуы

Лекция мақсаты:

Б.з.д. екінші мыңдылдықтағы Евразия кеңістіндегі иран тайпаларының мәдениеті. Орта Азиядағы Шығыс ирандары. Шығыс ирандарының басым орналасқан жері: Ферғана, Хорезм, Соғда, Бактрия, Дрингиан, Памир, Хорасан. Батыс ирандары: Месопотамия, Жерорта теңізі, Мидия, Фарс. «Гаттар» (Жыр жырлау) – он жеті мүнажат дұғаларының жинағынан тұратын «Авестаның» - ең көне бір бөлігінің бірі.

Қасиетті кітап «Авеста» - ежелгі иран жазба ескерткіштерінің озық үлгісі, оның бірнеше бөлімдерден тұратыны, бізге зерттеулер арқылы жетті.

Шетел әдебиеті ғылымының қалыптасуы: әдеби мұраны жиып-теріп жариялау, бастыру істерінің өркендеуі.

Лекция мәтіні:

1. «Авеста» гимндері дін бе? поэзия ма? Бұл жай әлі түгел айтылып болған жоқ. Ғасырлар керуені көшіп – қонып, ғасырлар ауысқан сайын «Авеста» ашыла түскендей болады-ау, бірақ әлемдік теңіздегі алып айсберг секілді көп қырлы, көп сырлы, түгел көрініп түгесіліп болмайды. «Махаббат дегеніміз - құдай» деп бастаған үндіирандықтар еді. Олар отты ерекше құдай тұтқан ғой. Жалпы, «Авестада» айтылған ойлар, ұсыныстар, болжамдар, толғаулар, тракттар шығыс халықтарының рухани мәдениетімен, қазынасымен үндесіп жатады. Ахеменид, Парфиян, Сасанид секілді бір кездегі құдыретті Иран империяларының мемлекеттік тілі зорастризм болды. Бұл дінннің негізгі діңгегі: әр адам өз жанына, тағдырына жауап береді, сол адамның ойлары мен істері әлем тағдырына байланысты болуы керек. Зорастризм, манихей, хрестиян, юдаизм, гностицизм сияқты көптеген діндерге айналу ықпал етті.

«Авеста» «абастаг» деген пехлеви сөзінен шыққан, «орнату», «бекіту» деген мағынаны береді. «Авеста» - қасиетті жазу.

2.Зорастризмнің киелі кітаптарының жиынтығы, «Авестаның» пехлевиге түсінік, түсінктемемен аударылған түрін «Зенд», немесе «Авеста зенд» деп атайды «Авеста» мәтіндері сасанидтер кезінде (б.э.д. 3ғ.) ауызша бір канонға біріккен еді, Ал арнайы жазу формасына пехлеви әліппесінің негізінде 11 ғасырда түсті. Сасанид «Авестасы» 21 кітаптан құралған. Бізге жеткені – «Вендидат», «Ясна», толық жетпеді. «Висперед», «Яшты» бар , қалғандары жеке үзінділер түрінде ғана сақталған.

«Авеста» тілі шығыс иран, халықтарының, дәлірек айтқанда Орта Азия халықтарының ежелгі аузша Һәм жазбаша жәдігерлерінің негізінде қалыптасқан деседі. Бұл халықтар арасына зорастризм кеңінен тарап тұрған кез еді. И.М.Дьяконовтың, В.А. Лифшицтің пікірлері бойынша, жазбаша «Авеста» сасанидтер дәуірінің (ІІІ ғ.) бас кезінде болған. Оған дәлел ескі Нисадан табылған жаңа құжаттар болып отыр. Әрине, «Авестаның» жазбаша қалыпқа түспестен бұрын ауызша нұсқаулармен мәлім болғандығында шек жоқ.

Бізге «Авестадан» 63 мың сөз жетті. Бұл алыптың жұқаналары болса керек.

Ескерткіш «Ясна», «Яшты», «Висперед», «Вендидат», «Хурда», «Авеста» дейтін бөлімдерден тұрады.

«Авестаның» алғашқы жиынтығы көп тақырыпты, көп тараулы болып келді. Тек қана дінді уағыздамай дәрігерлікті, космографияны заңды қамтыды. Ислам келіп дүниеге өз үстемдігін орната бастаған кезде Зорас тризм кейін шегінде. Соның нәтижесінде «Авестаның» толық тараулары таратылып, кейбір үзінділері ғана қалды.

«Авеста» құрамында әр текті текстер кездеседі. Солардың ең ежелгі түріне «Гатылар» жатады. Сасанидтер тұсында «Авестадан»- 348 тарау қалған, бұдан 21 кітап шыққан.

Араб шапқыншылығы кезінде біраз қолжазбаларды өртеп жіберген.

«Авестада» бүгінгі күнмен үндесіп тұратын ойлар бар. Мысалы, «Авестаның» 17 дұғадан құралған ірі бөлімі, «Гатыда» жер үстіндегі тіршіліктің жақсы жақтары жырланады. Жер, мал шаруашылығы дәріптеледі. Табиғатты қызғыштай қорғап зұлым күштерге қарсы күресетін батырлар әрекеті сипатталады. Сонымен қатар шаманизм белгілері шешендік өнер сахнаға шыға бастаған.

«Авестаның» ескі иран тілінде немесе авеста тілінде жазылған шығарма деп таниды. Осы күнге дейін бұл кітаптан үзінділер оқылады. «Авестаның» 2-ші басылымы «Зенд» - үзінділері оқылады. «Авестаның» 1-ші кітабы «Вендидат» - 22 тараудан құралған. «Заратушра» мен « Ахура Мазданың» арасындағы диалогтан тұрады. «Висперед» - 24 тараудан ал «Ясна» - 17, «Яшты» - 22 гимннен тұрады.

Бақылау сұрақтары:

1.Зарадуштың жүргізген ой пікірі.

2.Зарадуштың қалдырған қазынасы.

3.Зарадуштың дүниедегі ең алғаш рет кітап “Авестаны” жазуы.

4.Иран мемлекетінде Авестоны жоғары санауы.

5. Иран жазба әдебиетінің озық үлгісі.

6. Ежелгі Иран әдебиетінің тарихы.

7. “Авеста” Заратуштың ең алғашқы кітабы.

8. “Авеста”кітабының жалпы көлемі.

9. “Авеста” кітабының қайта тіктелуіне себеп болған жағдай.

10. “Авеста” кітабының жазылу тарихы.

11. “Авеста”кітабының жалпы көлемі.

12. «Авестаның» 1-ші кітабының аталуы «Вендидат»

13 «Авестаның» 2-ші басылымының аталуы. «ЗендАвеста»

14. «Авестаның» құрамында әр түрлі текті текстер кездеседі, солардың ең ежелгі түрі «Гатылар»

15. Академик Ә.Марғұлан «Авестаны» ең алғаш келістіре шығарған елдер (қазақ сахарасына қоныстанған сақтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар)


9- лекция. Тақырыбы: Классикалық үнді әдебиеті


Жоспары:


1. Калидастың өмірі, тұрмысы туралы аңыздар, шындық мазмұны.

2. (Калидастың «Шакунтала» драмасы.


Лекция мақсаты

Калидастың «Шакунтала» драмасы – ежелгі үнді әдебиетінің, бүкіл үнді мәдениетінің үздік табысы. Калидас аңыз бойынша Кали атты тәңірінің храмында түнеп, бүкіл ғылымдарды меңгерген ақындық дарынына қойылса керек деп болжаған ғалымдар.

Калидасқа нақты телінетін шығармалар: 6 лирикалық поэма «Мегхадута» /Бұлт хабаршысы/, эпикалық поэмалар /Кумрасамбахава/, «Кумардың соғыс құдайының тууы» және /«Маявика»және Агнимитра/, «Абхиджняна - Шакутала» «Танылған сақина бойынша Шакунтала» және «Викрамморваши» «Ержүретікпен табылған Урваши».

Бұл әдеби мұраны жиып-теріп жариялау, бастыру істерінің өркендеуі.

Калидастың «Шакунтала» драмасының көркемдік ерекшелігіне, зерттелу жайына, көтерген мәселелеріне тоқталып, драмалары мен эпикалық поэмаларына талдау жасау.

Лекция мәтіні:

1. Калидасқа нақты телінетін шығармалар: 6 лирикалық поэма «Мегхадута» /Бұлт хабаршысы/, эпикалық поэмалар /Кумрасамбахава/, «Кумардың соғыс құдайының тууы» және /«Маявика»және Агнимитра/, «Абхиджняна - Шакутала» «Танылған сақина бойынша Шакунтала» және «Викрамморваши» «Ержүретікпен табылған Урваши»

2. Калидастың «Шакунтала» драмасы – ежелгі үнді әдебиетінің, бүкіл үнді мәдениетінің үздік табысы. Калидастың өмірі, тұрмысы туралы аңыздар шындық мазмұны. Калидас /санскритше «Калидың құлы»/, аңыз бойынша Кали атты тәңірінің храмында түнеп, бүкіл ғылымдарды мегерген ақындық дарынына қойылса керек. Калидасқа отыз шақты шығарманының бар екендігі айтылса керек. Менту және Бхарви атты ақындар (6ғ. 2-ші жартысында), Ментудың «Хаягривавадха» /Хаягрфтің өлтірілуі/ поэмасының сақталған. Бахарви поэмасының «Махабхратаның» үшінші кітабындағы Арджунаның Шино тәңірімен жекпе – жегін қайталап жырлауы. Бхати /7ғ. Т2-ші жартысы/ - әдебиет тарихындағы ғылыми поэманың негізін салушы. Оның «Ранававадхасы» «Раваның өлтірілуі» поэмасында Раманың еріктері, оның Раваны жеңгені жырлана отырып, шығарма грамматика мен риториканың ережелерін де тсіндірушілік қызмет атқарады. Бұл дәстүрді ақындар Бхаумахкдың «Рамаян» сюжетін жырлау кезінде Панини грамматикасын, ақын Магханың «Махабхаратың» екінші кітабындағы жанама эпизодтарды жырлайтын «Шишупалавадаха» /Шишупаланың өлуі/ эпосында саясат, әскери өнер, әсіресе махаббат ғылымы туралы терең білімдік трактаттық мазмұнда жырлауы.

Бақылау сұрақтары:

1. Б.з.д. 1-ші ғасырындағы санскрит әдебиеті

2. Әдеби эпостың драманың, лириканың өкілдері

3. Ведалар мен эпостағы тармақтар

4. Сол кезеңдегі оқиға баяндаушы эпизодтар мен диалогтар

5. Ежелгі үнді драмасы

6. Жоғары тәңірі Брахмаға драманы жасау туралы жазылған «Натьяшастра» атты тұңғыш

санскриттік трактат.

7. Б.з.д. 4-8 ғ. Сакскрит әдебиеті.

8. Үнділік ортағасырлық Гуптар әулетібилеген империя

9. Әдебиет пен өнердің дамуы

10. Буддизм мен джайнизмді брахмандық діни бағыттың түпкілікті жеңуі

11. Ежелгі үнді әдебиеті үшін пурандық этикалық ілімнің маңыздылығы

12. Калидастың өмірі, тұрмысы туралы аңыздар, шындық мазмұны.

13. Калидастың «Шакунтала» драмасы.

14. Калидастың «Шакунтала» драмасы – ежелгі үнді әдебиетінің, бүкіл үнді мәдениетінің

үздік табысы.

15. Калидас аңыз бойынша Кали атты тәңірінің храмында түнеп, бүкіл ғылымдарды

меңгерген ақындық дарынына қойылса керек


10 - лекция. Тақырыбы: Орта ғасырлар, қайта өрлеу дәуірі әдебиеті

Жоспары:

1.Таяу Шығыс пен Орта Азия әдебиеттері

2. Орта ғасырдағы араб әдебиеті

Лекция мақсаты:

VІІ. ғ. Соңына дейін Пиреней және Орта Азияны, Солтүстік Африка мен Солтстік – Батыс Еуропаны иеленген араб шапқыншылығы. Ежелгі ауызша араб поэзиясы. /Өсеит, мақал – мәтел, шешендік өнер/ 7ғ. араб жазба поэзиясының пайда болуы, 3 кезеңнен өтуі.

Ежелгі ауызша араб поэзиясының көркемдік ерекшелігіне, зерттелу жайына, көтерген мәселелеріне тоқталып, драмалары мен эпикалық поэмаларына талдау жасау.

Лекция мәтіні:

1.Таяу Орта Шығыстағы, Солт. Африка мен Оңтүстік – Батыс Европаны орта ғаысрларда мекендеген Арабтар мен Араб тілінің ана тілі есебінде пайдаланған халықтардың әдебиеті. Шығыстаға ең бай әдемдегі ең көне әдебиеттердің бірі. Түп негізі қадым замандарға халық поэзиясы үлгілеріне тіреледі. Араб әдебиетнің – “Ақындар атасы” аталған Имру-л-Қайс (500-540) деп есептеледі. Бүкіл өмірін ауыр күрес үстінде өткізген “Жиханкез ханзада” Имру – л – қайс өз заманының шынайы суретін жасаған шығармалар туғызды, Араб поэзиясының негізгі заңдарын белгіледі. Оның ізін баса шыққан Тарафа (543-569) жырларынан Исламға дейінгі көшпенді бәдеуйлердің дүниеге көзқарасы, өзіндік философиясы аңғарылады: Әл-харрис Ибн халлиза (т.ж. белгісіз - 570) мен Амир Ибн Кулсум (т.ж белгісіз - 600) ақындық таланттарын өз руларының намысын жоқтап, атақ абыройын көтеру жолына жұмсаса, ан-набиға аз-зубяни (т.ж, белгісіз - 604) Араб әдебиеті тарихындағы Сарай ақындарының тұңғышы болды. Араб әдебиетін жаңа белеске шығарған Зухайр Ибн Аби Сулма (530-627) офолистік философиялық поэзияны (Хикма) дамытты, Араб ақындарының ішінде бірінші болып адамның ішкі дүниесін жыр арқауы етті. Ғажайып өмір кешкен Антара ибн Шаддат әл-Әбси (525-615) Араб әдебиетінің даму тарихында елеулі роль атқарған махаббат мұңына, нәзік сезімге суарған әсем туындылар, қайтпас ерлікті дәріптеген жорық жырларын қалдырды. Бойына дарыған үлкен қабілетті мал табу құралы еткен Әл Аъша (530-629) негізінен мадақ жырларын (мадых) шығарумен айналысса, Әл Хутайя (т.ж. белгісіз - 679) Сатиралық туындыларымен (Хиджа) танылды: Әйел ақын Әл – Хамса (575-664) эллегиялар (Риса) авторы ретінде белгілі, ал жауынгер ақын Хаким Ат Таий (Атымтай Жомарт VІғ) өз жырларында азаматқа тән абзал қасиеттерді дәріптейді.

2. Мұхаммед қайтыс болғаннан кейінгі Халифа /Орынбасар/ деген лауазымдық басқару.

Умайтиадтық сарай ақындары, Хиджалдың махаббат лирикасы. Бәдәуй ақындарының лирикасы. Классикалық араб әдебиетінің гүлденуі.

Бақылау сұрақтары:

1. Ежелгі ауызша араб поэзиясы

2. 7ғ. араб жазба поэзиясының пайда болуы

3. Ежелгі арабтардың сөз өнері

4. Имру- л Кайс. Ис ламға дейінгі поэзия патшасы атанған бәдәуи ақыны, бәйіттерінің

мазмұны.

4. Сарай шайрларының поэзиясы

5. «Құран» - араб әдебиетінің классикалық ұлы ескерткіші

6. Ислам дінінің пайда болуы ,

7. Құраннның 114 сүреден тұратындығы

8. «Құран» кітабының ішіндегі тарихи естелік тәрізді оқиғалы көқркем әңгімелер

9. Көркем әңгімелердегі Адам Ата мен Хауа Анадан бастап, ең соңғы Мұхаммед

пайғамбарға дейінгі адамзат елеулі оқиғаларының суреттелуін конспектілеу


11 - лекция. Тақырыбы: Андалусиядағы араб әдебиеті (8-15 ғасыр аралығы)

Жоспары:

1. ХІІІ – ХV ғ/ғы араб әдебиеті.

2. «Мың бір түн» - араб, үнді, парсы түркі халықтарының әр ғасырда туған ертегілерінің жиынтығы.

Лекция мақсаты:

13-15 ғғ. Араб әдебиеті Моңғол ханы Хулагу тұсындағы араб мәдениеті.

Ал- Закир ад – Дин Бейбарыс сұлтан басқарған мамлюктер мемлекеті тұсындағы араб

мәдениеті. Халықтық әдебиеттің шарықтауы. Осман түріктері жаулап алған кездегі араб әдебиеті.

«Мың бір түн» - араб тілінде жинақталған әлем әдебиетінің үздік үлгісі

13-15 ғғ. Араб әдебиеті Моңғол ханы Хулагу тұсындағы араб мәдениеті

жыр-ертегілерінің тақырыптық мазмұнына, жанрлық ерекшелігіне, көтерген мәселелеріне назар аудару. «Мың бір түн» - араб, үнді, парсы, түркі халықтарының әр ғасырда туған ертегілерінің жиынтығын, әлеуметтік мәнін, көркемдік ерекшелігін көрсету.

Лекция мәтіні:

1.13-15 ғғ. Араб әдебиеті Моңғол ханы Хулагу тұсындағы араб мәдениеті.

Ал- Закир ад – Дин Бейбарыс сұлтан басқарған мамлюктер мемлекеті тұсындағы араб

мәдениеті. Халықтық әдебиеттің шарықтауы. Осман түріктері жаулап алған кездегі араб әдебиеті. Софылық поэзияның концепциясы

Софылық поэзиясындағы өзіндік символикалық стиль.

Араб поэзиясының ең алғашқы туындысы Құран Ислам дінінің негізін салушы Мұхаммедтің өсиет, насихат сөздерімен діни аңыздардың жинағы болып табылады. Құран діни кітап болғанымен, әдеби тілді қалыптастыру, проза стилін бір ізге түсіру саласында айтарлықтай қызмет етті. Ислам дінінің, Құран шығуымен байланысты Араб әдебиеті жаңа түр, жаңа сипат алды. Ақындардың бір тобы исламға наразылық білдіріп, Мұхаммед пен оның сахабаларын сқақтаса, екінші топ ақындар Мұхаммед бастаған істі барынша қолдайды, жаңа діннің барлық маңданда жеңіп шығуы жолында ат салысады. Осы діни күрес поэзиясының ең көрнекті өкілдері Қағб ибн Зуайр (т.ж. белгісіз 662) Хассан ибн Сабит (т.ж белгісіз - 674) Әбу Зуайб Әл – Хузали (т.ж. бнлгісі - 646) болды.

Халифаттың ыдырау дәуірінде өмір сүрген ұлы ақын, “әлемді жырға толтырған” Әбу Ат - Тайб Әл Мутанабби (915-965) дүние жүзі әдебитіндегі ең көрнекті тұлғалардың бірінен саналады.

2. Шығыстың ұлы ойшылдарының бірі Әбу-л-Аъла, Әл-Маърри (973-1057) ұзақ жасап, ақын, прозайх әрі филосов ретінде артына мол мұра қалдырды.

(8-15) Мұсылман әлеміндегі гүлстандардың бірі Арабтар билеген Оңт.Испанияға сәйкес өзінтік ерекшеліктері бар Андалузия әдебиеті көркем жайды. Шығыс пен Батыс аралығындағы мәдени көпір іспеттес болған Андалузия Араб әдебиетіне көптеген талантты ақын жазушылар мен әдебиетшілер берді. Олардың ең мәшһүрлері: Ибн Абд Рабихи (860-940) Ибн Шухрайд (992-1034) Ибн Зайдун (1003-1071) Ибн Хамдис ас-Сикили (1055-1132) Лисан ад-Дин ибн әл - Хәтиб (1303-1374).

1256 ж Бағдатты Шыңғыс ханның немересі Хулагу ханның жаулап алуына байланысты Араб халифаты құлайды да, Араб халқы үшін бірнеше ғасырға созылған қара түнек заман туады. Монғолдар, Мамлүктер, Түріктер билігіндегі елде әдебиеттің дамуы баяулайды. Жақсы дәстүрлер көнереді әдеби өмір тек XІX ғ-да ғана қайта жандана бастайды. Алайда бұл кезеңде әр түрлң тарихи жағдайлар нәтижесінде Араб әдебиеті өзінің өлкелік, тілдік диалектілік белгілеріне сай мысыр, Сирия, Ирак, Ливан, Алжир т.б. дербес әдебиетке бөлініп кетеді.

«Мың бір түн» - араб тілінде жинақталған әлем әдебиетінің үздік үлгісі

«Мың бір түн» - араб, үнді, парсы, түркі халықтарының әр ғасырда туған ертегілерінің

жиынтығы. Халық романдары. Қыпшақ ұланы, Отырар жерінің перзенті сұлтан Бейбарыс туралы аңыздар, қиссалар, әңгімелер.

Бақылау сұрақтары:

1. 19 ғ. соңы мен 20 ғ. азия елдерінің әдебиетіндегі ағартушылық ерекшеліктер

2. Араб әдебиетнің тарихы.

3. Әлемдік әдеби шығармашылық байланыстар аясында поэзия, проза, драмалық

жанрлардың дамуы.

4. ХІІІ – ХVғғ. араб әдебиеті.

5. Моңғол ханы Хулагу тұсындағы араб мәдениеті

6. Ал- Закир ад – Дин Бейбарыс сұлтан басқарған мамлюктер мемлекеті тұсындағы араб

мәдениеті

7. Халықтық әдебиеттің шарықтауы

8. Осман түріктері жаулап алған кездегі араб әдебиеті

9. Софылық поэзияның концепциясы

10 Софылық поэзиясындағы өзіндік символикалық стиль.

11. «Мың бір түн» - араб тілінде жинақталған әлем әдебиетінің үздік үлгісі

12. «Мың бір түн» - араб, үнді, парсы, түркі халықтарының әр ғасырда туған ертегілерінің

жиынтығы .

13. Халық романдары.

14. Қыпшақ ұланы, Отырар жерінің перзенті сұлтан Бейбарыс туралы аңыздар, қиссалар, әңгімелер.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Похожие:

«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен icon«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «ежелгі дәуір әдебиеті» пәнінен
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандықтың типтік оқу жоспары және Қр бғМ 22. 06. 2006 жылғы №289 бұйрығымен...
«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен icon«Сырдария» университеті «Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы
«050117» «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4-курс студенттеріне 8 семестрлерде «Жалпы тіл білімі» пәніне оқу жоспарына сәйкес...
«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен icon«сырдария» университеті «филология және психология» факультеті «тілдер» кафедрасы
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандықтың типтік оқу жоспары және Қр бѓМ 11. 05. 2005 жылғы №289 бұйрығына...
«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен icon«Филология және психология» факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы “
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандықтың типтік оқу жоспары және Қр бғМ
«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
...
«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Шетел әдебиеті» пәнінен 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының сыртқы бөлім студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша
«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен icon“Филология және психология” факультеті
Педагогика және психология” мамандығының 4-курс студенттеріне 8 семестрде “Этнопедагогика” пәніне типтік оқу жоспарына сәйкес 2-кредит...
«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Шетел әдебиеті» пәнінен 050205 «Қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша
«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен iconМонография. Ш 26
С. Торайѓыров атындаѓы пму қазақ әдебиеті кафедрасы мен Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ және шетел әдебиеті кафедрасында талқыланып,...
«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен iconМүтәлиева Раушан Мамырқызы, ф.ғ. к., доцент
Пререквизиттер – ХІХ ғ. қазақ әдебиеті пәніне қажетті пәндер: шетел әдебиеті, түркі халықтары әдебиеті, орыс әдебиеті, әдебиеттануға...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница