МАҚҰлбек азамат болатбекұлы қазақ топонимдерінің фоносемантикалық сипаты




НазваниеМАҚҰлбек азамат болатбекұлы қазақ топонимдерінің фоносемантикалық сипаты
страница1/4
Ж А Манкеева
Дата конвертации06.02.2016
Размер0.51 Mb.
ТипДиссертация
источникhttp://massaget.kz/userdata/uploads/u21/4_8.doc
  1   2   3   4


ӘОЖ 811.512.122′373.1 Қолжазба құқығында


МАҚҰЛБЕК АЗАМАТ БОЛАТБЕКҰЛЫ


Қазақ топонимдерінің фоносемантикалық сипаты


10.02.02 – қазақ тілі


филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның


АВТОРЕФЕРАТЫ


Қазақстан Республикасы

Алматы, 2008

Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында орындалған


Ғылыми жетекшісі: филология ғылымдарының докторы,

профессор К.Ш.Хұсайын


Ресми оппоненттер: филология ғылымдарының докторы,

профессор Авакова Р.А.


филолология ғылымдарының кандидаты

Исмаилова Ж.А.


Жетекші ұйым: Абылай хан атындағы

Қазақ халықаралық қатынастар

және әлем тілдер университеті


Диссертация 2008 жылы « 24 » қазан сағат 14-те ҚР БжҒМ Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы 10.02.06 - түркі тілдері және 10.02.02 - қазақ тілі мамандықтары бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын Д 53.38.01 диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29).


Диссертациямен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28).


Автореферат 2008 жылы « 24 » қыркүйекте таратылды


Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы, филология

ғылымдарының докторы, профессор Ж.А.Манкеева

ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ


Зерттеу жұмысының өзектілігі. Адам тіліндегі сөздердің дыбыстық тұлғасы мен олардың мағынасы арасындағы байланыс мәселесі лингвистерді өте ерте заманнан бері қызықтырып келе жатқаны белгілі. Көне грек философы Гераклит пен Демокрит дыбысталған сөз бен оның мағынасы арасындағы байланыс жөнінде пікірталас жүргізген. Платон жекелеген дыбыстар мен аталған заттардың сипаттары арасында ассоциация, яғни байланыс бар деп есептеген. Дыбыстық символика құбылысы әлемнің барлық тілдерінде кездеседі, сондықтан да болуы керек осы мәселе көрнекті лингвистер назарында болып келді.

Тіл білімінде ХХ ғасырдың 80 - ші жылдарынан бастап пайда болған фоносемантика бағыты С.В.Ворониннің есімімен байланысты. С.В.Воронин ұсынған фоносемантикалық талдау, сараптау әдісі түрлі тілдер негізінде И.В.Братусь, О.А.Казакевич, Т.Х.Койбаева, А.Ю.Афанасьев, Е.И.Кузнецова, Э.А.Вельди, И.А.Мазанаев, Л.Ф.Лихоманова, К.Ш.Хұсайын және т.б. ғалымдардың зерттеулерінде қолданылды.

Қазақ тіл білімінде дыбыс еліктеуіш сөздер А.И.Ысқақов, Ш.Ш.Сарыбаев, А.Т.Қайдар, Б.Ш.Қатембаева, С.Р.Ибраев еңбектерінде зерттелінді. Осы ғалымдардың зерттеулерінде дыбыс еліктеуіш сөздер лексика-семантикалық, морфологиялық, синтаксистік тұрғыдан сөз тобы ретінде қарастырылды.

Дыбыс бейнелеуіш (дыбыс еліктеуіш) сөздердің зерттелу тарихының екінші кезеңі К.Ш.Хұсайынның зерттеулерінде бүгінгі тіл білімінің жаңа талаптарына сай, озық әдістемелер негізінде жаңа қырынан зерттелінді. Атап айтсақ, қазақ тілінің бейнелеуіш сөздері фоносемантиканың теориялық қағидалары мен әдістемелері негізінде 9500-ден астам бейнелеуіш түбір және негіз дериватив сөздердің, қырықтан астам туыс және туыс емес тілдердің (түркі, тұңғыс-манчжур, үндіеуропалық, семиттік тілдер) негізінде олардың экстралингвистикалық сипаты ескеріле отырып, салыстырмалы-типологиялық түрде зерделенген. Нәтижесінде, тіларалық генетикалық және типологиялық сәйкестіктер айқындалып, дыбыстардың астарлы табиғаты психолингвистика теориясы қағидалары негізінде сарапталған. Жаңа бағыттағы фоносемантика теориясы саласындағы ізденістері шәкірттері С.А.Өткелбаева, А.Ислам, М.Жұбанова, Б. Жонкешов еңбектерінде өз жалғасын тапты.

Қазақ тілінің еліктеуіш сөздері морфологиялық жағынан қарастырылып, фоносемантика ғылымы негізінде жаңаша үрдісте зерделенгенімен, қазақ тілі сөздік қорының көптеген лексика-семантикалық, тақырыптық және категориялық топтары әлі күнге зерттелмеген. Сондай топтардың бірі ретінде қазақ топонимдері мен негізгі сөздік қорындағы географиялық апеллятивтер фоносемантика теориясы тұрғысынан арнайы зерттеу нысаны ретінде қазақ тіл білімінде күні бүгінге дейін қарастырылмаған. Ғ.Ж.Ермекбаевтың диссертациялық еңбегінің шағын тараушасында тек орографиялық апеллятивтер – жер бедері атауларының фоносемантикалық сипаттары ғана зерделенген.

Ал, қазақ тілінің топонимиялық және географиялық терминология қорында өте көне, ежелгі сөздер «сүрленген» түрде сақталғанын ескерсек, олардың фоносемантикалық болмысын және сипаттарын ашу барысында глоттохрония сырларының шет жағасы ашылатыны күмәнсіз. Сонымен бірге дыбыстық символика құбылысының зерттеу нысаны бүгінге дейін тек жалпы есімдерде қарастырылған, ал топоним шеңберінде жүргізілетін фоносемантикалық ізденістердің тың деректер беретіні дау тудырмайды.

Таңдалған тақырыптың өзектілігі топонимдер мен географиялық терминдердің фоносемантикалық талдау нәтижесінде айқындала түсетін жалпы дыбыстық бейнелеуіштік табиғатының жаңа қырларын ашу мүмкіндіктерінен туындайды. Зерттеу жұмысының өзектілігі сонымен бірге жалпы тіл біліміндегі антропоөзектік бағытқа сәйкес дыбыс бейнелеуіштік тіл табиғатын адам болмысымен, оның қимыл-әрекетімен ұштастыра талдаумен айқындалады.

Зерттеу нысаны. Қазақ тіліндегі гидронимдер, оронимдер және орографиялық, гидрографиялық апеллятивтердің фоносемантикалық (дыбыс бейнелеуіш) сипатын зерттеу.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты – қазақ оронимдері мен гидронимдерінің, орографиялық және гидрографиялық терминдері қалыптасуының фоносемантикалық сипатын ашу.

Аталған мақсат мынадай міндеттерді шешуді талап етеді:

-Қазақ топонимиялық жүйесінің қалыптасу мәселесін, зерттеу жұмысын жаңа жүйеде қарап, фоносемантикалық құрылымын анықтау.

-халықтық географиялық терминдерді фоносемантикалық тұрғыдан қарастырудағы глоттогенез мәселесіне назар аудару;

-гидрографиялық апеллятивтердің фоносемантикалық сипаттамасын анықтау;

-жер бедері атауларының (орографиялық апеллятивтер) фоносемантикалық сипатын талдау;

-қазақ тіліндегі дыбыс еліктеуіш топонимдердің фоносемантикалық сипатын айқындау;

-қазақ топонимдер жүйесінің этимологиялық қырларын анықтауды фоносемантикалық зерттеулермен сабақтастыру;

-қазақ тіліндегі дыбыс символикалы гидронимдердің фоносемантикалық этимологиясын ашу;

-қазақ оронимдерінің этимологиялық зерттеулерін фоносемантикалық негізде түсіндіру.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері. Қазақ тіл білімінде арнайы түрде қазақ топонимдері мен географиялық терминдер фоносемантика теориясы тұрғысынан алғаш рет зерттелді.

-фоносемантика ғылымының талаптарына сәйкес, әдістері мен тәсілдері негізіндегі зерттеу нысанына сәйкес қазақ топонимдері мен географиялық терминдердің дыбыс еліктеуіш және дыбыс бейнелеуіш сипаттары анықталды;

-қарастырылған тілдік деректер негізінде тілдің пайда болу дәуіріндегі идеофон мен имитатив табиғатының кейбір қырлары мен сипаты айқындалды;

-зерттеу нысаны негізінде глоттогенез мәселесі фоносемантикалық тұрғыдан қарастырылды;

-дыбыс еліктеуіш пен дыбыс символикалы сөздердің айырым белгілері мен ерекшеліктері көрсетілді;

-зерттеудің барысында фоносемантикалық талдаудың әдіс-тәсілдері нақтыланды;

-кейбір топонимдердің этимологиясын анықтаудың тиімді арналарының бірі ретінде фоносемантикалық реконструкцияның мүмкіншіліктері көрсетілді.

Зерттеу жұмысының дереккөзі. Зерттеу материалдары мен дереккөздері ретінде тақырыпқа қатысты жер - су атаулары, физикалық - географиялық атаулар туралы мәліметтер, түркі және басқа да тілдердің тарихи - этимологиялық сөздіктері, халықтық географиялық терминдер сөздігі, сондай-ақ ономастикалық комиссияның құжаттары мен шешімдері, жалқы және жалпы атауларға қатысты зерттеулердің деректері пайдаланылды.

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні. Қазақ тіл біліміндегі фоносемантика теориясының ғылыми негізін айқындау, оның ұстанымдары мен әдіс-тәсілдерін қазақ тіл білімінде нақты пайдалану зерттеудің өз деңгейіндегі теориялық маңыздылығы мен практикалық мәнділігін анықтайды.

Зерттеу барысында қол жеткізген ғылыми нәтижелер мен тұжырымдар фоносемантика, ономастика, психолингвистика, тілдер типологиясы мәселелерін жан-жақты зерделеуге, олардың теориялық қағидаларын қазақ тілі деректері негізінде дәйектеуге көмектеседі.

Зерттеудің нәтижелері мен материалдарын фоносемантика, ономастика, жалпы тіл білімі, топонимика, лингвистикалық типология пәндері мен ғылым салаларын зерттеуде, оқытуда, лексикографиялық тәжірибеде пайдалануға болады.

Зерттеудің әдістері мен тәсілдері. Зерттеу барысында жинақтау, сипаттау, жүйелеу, салыстыру және алты операциядан (тәсілден) тұратын С.В.Воронин ұсынған фоносемантикалық талдау әдісі кеңінен қолданыс тапты. Сонымен бірге индуктивтік, жүйелеу, сипаттама, салыстырмалы, салғастырмалы т.б. әдіс тәсілдер қолданылды.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

-қазақ тілінің географиялық терминологиясы мен топонимиялық сөз қорындағы дыбыс бейнелеуіш сөздер идеофон және имитатив сипаттарына ие;

-тілдің пайда болу дәуіріндегі бір буынды идеофондар мен имитативтер түбір-негіз ретінде лексикаланған, грамматикалық формаларға енген туынды сөздер құрамында сақталған;

-жер бетінен биікте жатқан табиғи нысан атауларының фоносемантикалық сипаты мен имитативтік бейнесі еріндік дыбыстардың символизміне негізделген;

-дыбыс еліктеуіш топонимдер қатарындағы атаулардың түбірі имитативтік сипатта болған, яғни түбір құрамындағы әр идеофон және түбірдің өзі табиғи дыбыстарға, үннің шығуына еліктейді;

-дыбыс символикалы гидронимдердің түбірлер құрамындағы фонемалары (идеофонемалар) өздерінің артикуляциялық ерекшеліктері арқасында синестезия, синестемия негізінде судың өзен ағынының түрлі визуальді, тактильдік, сенсорлық, акустикалық сипаттарын фоносемантикалық деңгейде бейнелейді;

-фоносемантикалық талдау негізінде қазақ оронимдерінің тұлғасындағы түбірлердің имитативтік, дыбыс символикалы сипатын, болмысын айқындауға болады.

Зерттеу жұмысының жарияланымы мен талқылануы. Зерттеу жұмысының теориялық мәселелері мен тұжырымдары ғылыми журнал мен жинақтар беттеріндегі мақалалардан, республикалық, халықаралық конференцияларда жасаған баяндамалардан көрініс тапты: Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 15-жылдығына арналған «Әуезов оқулары -5»: «Қазақстанда гуманитарлық ілімдердің дамуы: ізденістер, даму перспективалары мен бағыттары» атты халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференцияның еңбектері. – (Шымкент, 2006); Қазақ тіл білімі мен түркітану мәселелері: І.Кеңесбаев, М.Балақаев, Ғ.Мұсабаевтың 100 жылдығына арналған ғылыми – теориялық конференцияның материалдары, – (Алматы, 2007); «М.Әуезов – жаңа дәуір данышпаны» атты халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция материалдары. – (Шымкент, 2007); «Жаңа ғасырдағы Қазақстанның тілдік кеңістігі және әлемдік лингвистиканың өзекті мәселелері»: Б. Хасанұлының 70 жылдық мерей тойына арналған халықаралық ғылыми – теориялық конференция материалдары. – (Алматы, 2008); «Профессор Н.Оралбай және Тіл білімі мен әдістеме ілімі»: Н.Оралбайдың 80 жылдық мерей тойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – (Алматы, 2008); «Қазақстанның білім беру жүйесіндегі тарих пәндерінің өзекті мәселелері»: Шымкент педагогикалық институтының 70 жылдығына арналған II – халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары. – (Шымкент, 2008). Республикалық басылылымдарда төрт ғылыми мақала жарияланды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертациялық зерттеу кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.


ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ

Кіріспіде диссертация тақырыбының өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы, зерттеу әдістері, сарапталуы және қорғауға ұсынылатын тұжырымдар айқындалып көрсетілді.

Бірінші тарау “Қазақ тіліндегі халықтық географиялық терминдердің фоносемантикалық сипаттамасы” деп аталады. Бұл тақырып үш тараушада сараланған.

1.1 Халықтық географиялық терминдерді фоносемантикалық тұрғыдан қалыптастырудағы глоттогенез мәселесінің рөлі. Ғалымдардың пікірінше, алғашқы сөз қорының белгілі бір бөлігін географиялық терминдер құраған. Алғашқы жер - су атаулары тілдің шығу дәуірінде адамзаттың қауымдастық тіршілігі үшін бірінші кезекте үлкен маңызға ие болған. Сол себепті халықтық географиялық терминдерді глоттогенез мәселесімен байланысты қарастыруға болады.

А.М.Газов-Гинзберг өзінің «Был ли язык изобразителен в своих истоках?» (М., 1965) атты монографиясында, сондай-ақ басқа да ғылыми еңбектерінде семит тілдерінің туыс емес төрт тілдік семьяларындағы дыбыс бейнелеуіш түбірлерді салыстыра келе, тілдің пайда болуындағы дыбыс пен мағынаның байланыстылығын көрсеткен. Ал, чуваш ғалымы Г.Е.Корнилов өзінің зерттеулерінде «идеофон және имитативтер символикалық түрде дыбыс бола тұра, жанды немесе жансыз объектілерді бейнелей алады» деген пікірді дәйекті түрде ұсынды [1, 14].

Көне заманнан қазіргі тілтанымға дейін және қазіргі кезеңде фоносемантика бағыты өркендей бастаған жағдайда, сөздегі дыбыс пен мағына байланысы көптеген ғалымдарды толғандырды. Дыбыстағы заттың (аталған нысанның) символикалық немесе еліктеуіш көрінісі кейбір ғалымдар тарапынан тілдің пайда болу мәселесімен байланысты қаралды. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ тілінің негізгі сөздік қорында сақталып қалған кейбір географиялық терминдерді еліктеуіш және дыбыс символикалық сөздер ретінде «алғашқы» сөздер қатарына жатқызуымызға болады. Бастапқы немесе «алғашқы» сөздер дыбыс бейнелеуіш сөздер болғаны жайында академик Ә.Қайдар былай жазады: «Бағзы заманда дыбысты елестетудің өте көне ең қарапайым түрі әрбір тілде тек бір ғана дауысты дыбыстың көмегімен жүзеге асса керек және осылай болуы күмәнсіз де. Демек, о баста ата-бабаларымыздың қоршаған ортадағы дыбысты елестету қабілеті өте бір жақты, жалпылама, яғни сөйлеу тіліндегі /а/, /ә/, /о/, /ө/, /е/, /ұ/, /ы/, /і/ секілді дауысты дыбыстар негізінде дүниеге келген. Өте көне географиялық терминдердің құрамында ілкі еліктеуіш түбір сақталғанымен, тілдің эволюция барысында ол түбір – дыбыс бейнелеуіш тұлға дербес қолданудан қалады, себебі «құбылысқа еліктеудің мәні мен мағынасына, табиғатына қарай, дауысты дыбысқа үнемі дауыссыздар үстемеленіп жалғанып отырған» [2, 174]. Еліктеуіш негіздердің құрамдық дамуы бірнеше тарихи сатыдан өтіп, ұзақ кезеңдерді өткізгенін ескерсек, қазақ тіліндегі көне деп саналатын географиялық терминдердің тілдік тұлғасынан ілкі еліктеуіш түбірді тауып алып, оны фонемотип немесе идеофон, имитатив сипатында қарастырып, фоносемантикалық сипаттамасын бере аламыз. Басқаша айтқанда, тілдің пайда болған кезеңінде туындаған «алғашқы» сөздер ретінде географиялық терминдер таза, дербес күйінде күні бүгінге жетпеуі мүмкін, бірақ ілкі бейнелеуіш түбірлі көне терминдер өз морфемдік (морфологиялық) құрамын сақтап қалған.

Қазақ халықтық географиялық терминдерінің құрамында кездесетін өте көне сөздердің тілдің алғашқы шығу дәуірінде пайда болғанын көрсететін дәйекті және жанама сипаттамаларына жататын мына белгілерді атап кетуімізге болады: 1) олар, әдетте, бір буынды ілкі түбірлі сөздер болып келеді; 2)географиялық термин ретінде көптеген тілдердің сөздік қорында кездеседі, тіптен бір-біріне жанаспайтын, туыс емес тілдерде де ондай географиялық апеллятивтер ұшырасып қалады; 3) өте көне, «алғашқы» географиялық түбірлерде (сөздерде) дыбыс бейнелеуіштік қызметін атқаратын имитатив, идеофон (Г.Е.Корниловтың терминологиясы бойынша) немесе фонемотип, фоносемантикалық модель (С.В.Ворониннің терминологиясы бойынша) міндетті түрде болады.

Қазақ халықтық географиялық терминологиясында кездесетін, бірақ мағынасы көмескіленіп қалған және қазіргі кезде дербес қолданылмайтын
  1   2   3   4

Похожие:

МАҚҰлбек азамат болатбекұлы қазақ топонимдерінің фоносемантикалық сипаты iconЗукай шырынгүл неміс-қазақ тілдеріндегі еліктеуіш және бейнелеуіш сөздердің лексика-семантикалық, коммуникативтік-прагматикалық сипаты
...
МАҚҰлбек азамат болатбекұлы қазақ топонимдерінің фоносемантикалық сипаты iconҚазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
Кітапты студенттер қазақ әдеби тілінің жалпы курсын оқу кезінде хат мәтіні тілінің өзіндік ерекшеліктерін тануда, көркем мәтіндегі...
МАҚҰлбек азамат болатбекұлы қазақ топонимдерінің фоносемантикалық сипаты iconАҒабекова балжан нұртазақызы aғылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің ұлттық мәдени сипаты
Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
МАҚҰлбек азамат болатбекұлы қазақ топонимдерінің фоносемантикалық сипаты iconБайғҰтова ақлима мархабатқызы "Қазақ әйелі" концептісінің этномәдени сипаты
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында орындалды
МАҚҰлбек азамат болатбекұлы қазақ топонимдерінің фоносемантикалық сипаты iconҚазақ босқындарының ҚАЙҒылы тағдыры қазақтардың шет елге ауа көшулері II тарау. Қазақстанда XX ғасырдың ЕҢ ірі демографилық апатының сипаты
АштықҚА Қарсы күрес және қазақстандағы жаппай босқыншылықты тоқтатуға бағытталған шаралар
МАҚҰлбек азамат болатбекұлы қазақ топонимдерінің фоносемантикалық сипаты icon«Адам және азамат құқықтарының декларациясы» қабылданды
«Адам және азамат құқықтарының декларациясы» қабылданды: [1789ж. Француз буржуазиялық революциясында]
МАҚҰлбек азамат болатбекұлы қазақ топонимдерінің фоносемантикалық сипаты iconДуйсенова Мөлдір Мейрамханқызы Ағылшын және қазақ тілдеріндегі зоонимдік метафоралардың танымдық сипаты
Шетел тілі: екі шетел тілі педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
МАҚҰлбек азамат болатбекұлы қазақ топонимдерінің фоносемантикалық сипаты iconХ сынып қазақ әдебиеті Сабақтың тақырыбы: Ақан сері шығармаларындағы заман сипаты мен
Ақан серінің өмірі мен өмір сүрген қоғамның ерекшеліктері мен шығармашылығы – әдеби-мәдени мұрасы туралы оқушылардың жинаған мәліметтері...
МАҚҰлбек азамат болатбекұлы қазақ топонимдерінің фоносемантикалық сипаты icon1 қыркүйек Білім күні Тақырыбы: Менің Қазақстаным – Менің болашағым
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өркендеп өсіп келе жатқан Қазақстан Республикасының болашақ ту ұстар, елін, жерін қорғар азамат болып...
МАҚҰлбек азамат болатбекұлы қазақ топонимдерінің фоносемантикалық сипаты icon1. XX-XXI ғғ. басындағы Қытайдағы энергетикалық саясатының сипаты
Кіріспе
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница