«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті




Скачать 100.39 Kb.
Название«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Дата конвертации13.02.2016
Размер100.39 Kb.
ТипРегламент
источникhttp://www.akimvko.gov.kz/assets/reglament_16_18_kz.doc


Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2015 жылғы « 10 » желтоқсандағы 

№ 336 қаулысымен бекітілген


«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер


1. «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) қызмет берушісі аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) болып табылады.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);

2) көрсетілетін қызметті беруші;

3) «электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (толық ақпараттандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) (бұдан әрі - стандарт) 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама).

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық және (немесе) қағаз түрінде.


2. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау


4. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша iс-қимылды бастауға көрсетілетін қызметті алушының өтінішінің болуы және стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін ұсынуы негiз болып табылады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн iс-қимылдардың мазмұны, орындалу ұзақтығы:

1 - іс-қимыл – құжаттарды қабылдау, Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпарат жүйесінде (әрі қарай – «Еңбек нарығы» ААЖ) қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алу. Орындалу ұзақтығы - 2 минут;

2 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің «Еңбек нарығы» ААЖ-да авторландыруы. Орындалу ұзақтығы - 1 минут;

3 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші маманның көрсетілетін қызметті алушының жұмыссыз ретінде тіркелгенін тексеру. Орындалу ұзақтығы - 1 минут;

4 - іс-қимыл – тіркелген жұмыссыздың сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру. Орындалу ұзақтығы - 2 минут;

5 - іс-қимыл – сұранымды өңдеу. Орындалу ұзақтығы - 2 минут;

6 - іс-қимыл – нәтижені қалыптастыру. Орындалу ұзақтығы - 1 минут;

7 - іс-қимыл – мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру. Орындалу ұзақтығы – 1 минут.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 минут.

6. Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 1-іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi құжаттарды қабылдау, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алу болып табылады, ол 2-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi «Еңбек нарығы» ААЖ-да авторландыру болып табылады, ол 3-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi сұраным нысанын толтыру және жіберу болып табылады, ол 4-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 4-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi көрсетілетін қызметті берушінің «Еңбек нарығы» ААЖ-да сәйкестендіру деректерін тексеруді аяқтау болып табылады, ол 5-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 5-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi анықтаманы өңдеу болып табылады, ол 6-шы іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 6-шы іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесiнде анықтама қалыптасады, ол 7-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 7-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру болып табылады.


3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiнде мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау


7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiзбесi:

көрсетілетін қызметті берушінің маманы.

8. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үшiн қажеттi iс-қимылдардың сипаттамасы:

1 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарын ұсыну мен және Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімімен жүгінеді. Орындалу ұзақтығы – 2 минут;

2 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің логин және парольдің көмегімен «Еңбек нарығы» ААЖ-ға кіруі. Орындалу ұзақтығы – 1 минут;

3 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші маманының көрсетілетін қызметті алушының жұмыссыз ретінде тіркеуінің бар болуын тексеру. Орындалу ұзақтығы - 1 минут;

4 - іс-қимыл – тіркелген жұмыссыздың сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру. Орындалу ұзақтығы - 2 минут;

5 - іс-қимыл – мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өңдейді. Орындалу ұзақтығы – 2 минут;

6 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін қалыптастыруы. Орындалу ұзақтығы - 1 минут;

7 - іс-қимыл – көрсетілетін қызмет беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беруі. Орындалу ұзақтығы - 1 минут.


4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау


9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ХҚО-ға және (немесе) порталға жүгінуге құқылы, Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.

10. ХҚО-мен өзара iс-қимылдың, оның iшiнде мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетілетін қызметті берушiлердiң сұранымдарын қалыптастыру және жолдау iс-қимылының реттiлiгi мен мерзiмдерi:

1 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ХҚО-ға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынумен өтініш жасайды. Құжаттарды қабылдау және Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алу. Орындалу ұзақтығы – 1 минут;

2 - іс-қимыл - ХҚО қызметкерінің «Еңбек нарығы» ААЖ авторландыру процессі. Орындалу ұзақтығы -1 минут;

3 - іс-қимыл – ХҚО қызметкерінің мемлекеттік қызметті өңдеуі. Орындалу ұзақтығы – 9 минут;

4 - іс-қимыл –ХҚО қызметкерінің көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін қалыптастыруы. Орындалу ұзақтығы - 3 минут;

5 - іс-қимыл – ХҚО қызметкерінің мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру. Орындалу ұзақтығы – 1 минут.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын ХҚО-ға тапсырған сәттен бастап – 15 минут.

11. Порталмен өзара iс-қимылдың, оның iшiнде мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетілетін қызметті берушiлердiң сұранымдарын қалыптастыру және жолдау реттiлiгi мен мерзiмдерi:

1 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушы ЖСН және парольдің көмегімен порталда авторландыруды жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы - 1 минут;

2 - іс-қимыл – көрсетілетін қызмет алушының осы Регламентте көрсетілген мемлекеттік қызметті таңдауы, сұраным нысанын экранға шығару және толтыру. Орындалу ұзақтығы – 2 минут;

3 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге толтырылған сұраным нысанына қол қою. Орындалу ұзақтығы - 2 минут;

4 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұранымның қабылданған мәртебесі көрінеді. Орындалу ұзақтығы – 1 минут;

5 - іс-қимыл – порталда мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматты өңдеу. Орындалу ұзақтығы – 4 минут;

6 - іс-қимыл – порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін қалыптастыру. Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» нәтижесін жіберу. Орындалу ұзақтығы - 5 минут.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын порталға тапсырған сәттен бастап – 15 минут.

12. Көрсетілетін қызмет беруші мен көрсетілетін қызмет алушының портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі жүгіну тәртібі мен іс-қимылдарының реттілігі осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасында көрсетілген.

13. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сонымен қатар өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламентке 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі және «электрондық үкімет» веб-порталында, қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.


«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

1 қосымша


Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара

іс-қимыл диаграммасы





Ақпараттық орта

Сұраным

1 іс-қимыл

2 іс-қимыл

3 іс-қимыл

4 іс-қимыл

5 іс-қимыл

6 іс-қимыл


Көрсетілетін қызметті алушы



Диаграммалардағы шартты белгілер





Бастапқы хабарлама



Аяқтаушы хабарлама



Қате


АЖ


Ақпараттық жүйе



Процесс



Хабарламалар ағымы




Басқару ағымы




Түпкі көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылатын электрондық құжат



Похожие:

«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті icon«Туберкулезге қарсы ұйымдардан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Туберкулез диспансерінен анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті icon«Жұмыссыз азаматарға анықтама беру» Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
Берілген стандарт: «Жұмыссыз азаматарға анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін белгілейді
«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті icon«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенті Негізгі ұғымдар
«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» азаматтардың жеке селолық округі аумағында тұрғылықты тұратын және қосалқы...
«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті iconОңтүстік Қазақстан облысының қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері
«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» электрондық мемлекеттік қызметінің регламентіне
«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті iconПсихоневрологиялық диспансерден анықтама беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі Министрлік)...
«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті icon«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету...
«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті icon«Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»...
«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті iconМ әліметтерді қамтитын анықтама беру
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі
«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті iconРедакцияланған күні: 13. 03. 2014
«Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін...
«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті iconРедакцияланған күні: 13. 03. 2014
«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница