Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы « 10 » желтоқсандағы № 336 қаулысымен бекітілген
«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) қызмет берушісі аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (жұмыспен қамту және және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) болып табылады. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: 1) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО); 2) көрсетілетін қызметті беруші; 3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – қағаз немесе электрондық түрде жұмыссыз ретінде тіркеу және есепке қою туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама). Порталда жұмыссыз ретінде тіркеу және есепке қою туралы хабарлама, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
2. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша iс-қимылды бастауға көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін ұсынуы негiз болып табылады. 5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн іс-қимылдардың мазмұны, орындалу ұзақтығы: 1 - іс-қимыл – құжаттарды қабылдау, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - «Еңбек нарығы» ААЖ) қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алу. Көрсетілетін қызметті алушының дербес деректері жеке есепке алу карточкасы нысанында «Еңбек нарығы» ААЖ енгізіледі. Орындалу ұзақтығы – 10 минут; 2 - іс-қимыл – көрсетілетін қызмет алушының еңбек ету қызметінің жоқтығын тексеру, жұмыссыз ретінде тіркеу туралы шешім қабылдау. Орындалу ұзақтығы – 2 жұмыс күні; 3 - іс-қимыл – нәтижені қалыптастыру. Орындалу ұзақтығы – 2 жұмыс күні; 4 - іс-қимыл – мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру. Орындалу ұзақтығы - 1 жұмыс күні. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасағанда құжаттар топтамасын тіркеген сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні. 6. Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 1-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi көрсетілетін қызметті алушының дербес деректерін «Еңбек нарығы» ААЖ-ға енгізу болып табылады, бұл 2-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады. Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi көрсетілетін қызмет алушының еңбек ету қызметінің жоқтығын тексеру, жұмыссыз ретінде тіркеу туралы шешім қабылдау болып табылады, бұл 3-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады. Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қалыптастыру болып табылады, бұл 4-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады. Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 4-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру болып табылады.
3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiнде мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi: көрсетілетін қызметті берушінің маманы. 8. Мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi iс-қимылдардың сипаттамасы: 1-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің маманы құжаттарды қабылдайды, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады. Көрсетілетін қызметті алушының дербес деректері көрсетілетін қызметті берушінің маманының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында «Еңбек нарығы» ААЖ-ға енгізіледі. Орындалу ұзақтығы – 10 минут; 2-іс-қимыл – көрсетілетін қызмет алушының еңбек ету қызметінің жоқтығын тексеру, жұмыссыз ретінде тіркеу туралы шешім қабылдау. Орындалу ұзақтығы – 2 жұмыс күні; 3-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші маманының мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін қалыптастыруы. Орындалу ұзақтығы - 2 жұмыс күні; 4-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші маманының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруі. Орындалу ұзақтығы - 1 жұмыс күні.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау
9. Көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ХҚО-ға және (немесе) порталға жүгінуге, Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынуға құқылы. 10. ХҚО-мен өзара iс-қимылдың, оның iшiнде мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетілетін қызметті берушiлердiң сұранымдарын қалыптастыру және жолдау реттiлiгi мен мерзiмдерi: 1-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушы қызмет алу үшін ХҚО-ға стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынумен өтініш жасайды. Өтініштің нөмірі мен қабылданған күні; сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі; қоса беріліп отырған құжаттардың саны мен атауы; құжаттардың берілетін күні (уақыты) және орны; құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде); көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және олардың байланыс телефондары көрсетіле отырып қолхат (бұдан әрі - қолхат) беріледі. Орындалу ұзақтығы – 15 минут; 2 - іс-қимыл - ХҚО қызметкерінің «Еңбек нарығы» ААЖ-ға авторландыру процесі. Орындалу ұзақтығы - 1 жұмыс күні; 3 - іс-қимыл – ХҚО қызметкері көрсетілетін қызмет берушіге көрсетілетін қызметті алушыны жұмыссыз ретінде тіркеу туралы сұранымды жолдауы. Орындалу ұзақтығы – 1 жұмыс күні; 4 - іс-қимыл – көрсетілетін қызмет берушіден жауапты алуы. Орындалу ұзақтығы – 1 жұмыс күні; 5 - іс-қимыл – ХҚО қызметкерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қалыптастыруы. Орындалу ұзақтығы - 1 жұмыс күні; 6 - іс-қимыл – ХҚО қызметкерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беруі. Орындалу ұзақтығы - 1 (бір) жұмыс күні. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі ХҚО-ға өтініш бергенде құжаттар топтамасын тіркеген сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні. ХҚО-ға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау уақыты мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. 11. Порталмен өзара iс-қимылдың, оның iшiнде мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетілетін қызметті берушiлердiң сұранымдарын қалыптастыру және жолдау реттiлiгi мен мерзiмдерi: 1 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушы ЖСН және парольдің көмегімен авторландыруды жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы – 3 минут; 2 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген мемлекеттік қызметті таңдауы, жұмыссыз ретінде тіркеу нысанын экранға шығару және толтыру. Орындалу ұзақтығы - 3 минут; 3 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге толтырылған нысанға қол қою. Орындалу ұзақтығы - 3 минут; 4 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді. Орындалу ұзақтығы – 6 минут; 5-іс-қимыл – портал көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызмет алушыны жұмыссыз ретінде тіркеу туралы сұрауды жолдауы және жауап алуы. Орындалу ұзақтығы - 3 жұмыс күні; 6 - іс-қимыл – мемлекетік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» жіберу. Орындалу ұзақтығы - 2 жұмыс күнінен аспайды. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттардың топтамасын порталға тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні. 12. Көрсетілетін қызмет беруші мен көрсетілетін қызмет алушының портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі жүгіну тәртібі мен іс-қимылдарының реттілігі осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасында келтірілген. 13. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сонымен қатар өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламентке 2, 3, 4 қосымшаларға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі және «электрондық үкімет» веб-порталында, қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылады. «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1 қосымша
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық іс-қимыл диаграммасы

  5 іс-қимыл
Диаграммалардағы шартты белгілер
 | Бастапқы хабарлама |  | Аяқтаушы хабарлама |  | Қате | АЖ  | Ақпараттық жүйе |  | Процесс |  | Хабарламалар ағымы
|  | Басқару ағымы
|  | Түпкі көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылатын электрондық құжат |
|