Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы ___ желтоқсандағы № ___ бұйрығымен бекітілген
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ереже
1. Жалпы ереже
1. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын,«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңын (бұдан әрі – Заң), мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінөзге де Қазақстан Республикасыныңнормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Үлгілік ережені басшылыққа алады. 2. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі): _______________________________________________; _______________________________________________; ________________________________________ тұрады.
2. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
3. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеті: мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру. Функциялары: 1) мемлекеттік органның персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру; 2) мемлекеттік органның кадрларға, оның ішінде мамандықтар және біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау; 3) мемлекеттік органның кадр құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру; 4) мемлекеттік органның кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу. 4. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеті: мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету. Функциялары: 1) мемлекеттік органда кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру; 2) мемлекеттік органның кадрлардың кәсіби дамыуын, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді белгіленген мерзімдерге сәйкес тағлымдамалардан, даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жолмен қамтамасыз ету; 3) конкурстық, тәртіптік және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету; 4) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметінеаттестаттау мен оқытуды, соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйесінде), қызметін өткеру, қызметтік тексерулер мен тоқтату рәсімдерін сақтауына, бағалау жүргізудіқамтамасыз ету; 5) кадрларды іріктеуді ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды жүргізуді ұйымдастыру. 5. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеті: мемлекеттік органда ұжымдық мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек климатын дамыту. Функциялары: 1) мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді қамтамасыз ету; 2) мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік органның актісімен бекітілетін мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеу, мемлекеттік орган басшысына оларды көтермелеу және ынталандыру бойынша ұсыныстар енгізу. 6. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағызаңнамамен айқындалатын персоналды басқару бойынша өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады. Персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) оның қызметіне тән емес қосымша міндеттер мен функциялар жүктелмейді. 7. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) Заңға, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінеөзге де Қазақстан Республикасыныңнормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді. 8. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі): 1) оған Заңмен және осы Үлгілікережемен жүктелген міндеттері мен функцияларын орындау үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен сұратады және алады; 2) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды.
3. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) қызметін ұйымдастыру
9. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен ұйымдастырушылық дербес, жауапты хатшыға немесе аппарат басшысына, ал жауапты хатшы және аппарат басшысы лауазымдары енгізілмеген мемлекеттік органдарда мемлекеттік органның басшысына тікелей бағынады.
|