Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі




Скачать 256.78 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Дата конвертации13.02.2016
Размер256.78 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://psu.kz/arm/upload/umk/177971.doc
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


КӨЛІК ЛОГИСТИКАСЫ


«Көлік логистикасы» пәні бойынша курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар


Павлодар

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Металлургия, машина жасау және көлік факультеті


Көліктік техника және логистика


КӨЛІК ЛОГИСТИКАСЫ


«Көлік логистикасы» пәні бойынша курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар


Павлодар

Кереку

2012


ӘОЖ 656.86 (075.8)

КБЖ 65.40 я 7

К-49


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің металлыргия, машина жасау және көлік факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен басуға ұсынылды


Пікірсарапшы:

Ә. Қ. Қарақаев – С. Торайғыров атындағы ПМУ қадірлі кафедра меңгерушісі, ҚР білімінің қадірлі жұмыскері, ҚР және РФ т.ғ.д., профессор, инженерлік ЖОО-ң (ING-PAE DIGIP) халықаралық оқытушысы.


Құрастырушылар : Имангазинова Д. Б., Усенбаева З. А.

К-49 Көлік логистикасы : «Көлік логистикасы» пәні бойынша курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар / құраст. : Д. Б. Имангазинова, З. А. Усенбаева. – Павлодар : Кереку, 2012. – 18 б.


5В090100 «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандық бойынша білім алатын 3 курс оқушыларына арналған «Көлік логистикасы» пәні бойынша курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар.


ӘОЖ 656.86 (075.8)

КБЖ 65.40 я 7


© Имангазинова Д. Б., Усенбаева З. А., 2012

© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2012


Мазмұны





Кіріспе……………...........................…………….……………….3

Курстық жұмыстың жалпы жағдайы.............................….…….4

Курстық жұмысты дайындау…………………………................5

Курстық жұмысты қорғау……………...……………………......6

Курстық жұмыс тарауларының талаптары …...……………….7

Курстық жұмысты орындау мысалы……...………………........9

«Өнімді дайындау, сақтау және жеткізу жүйелерін басқару» тақырыбы бойынша курстық жұ+мыс..........................................9

Курстық жұмыстың мазмұны……………………………….....11

Курстық жұмыс тақырыптары….……………………………...13

Әдебиеттер.................................………………………………..16

А қосымшасы ………..………………………………………....17

1

2

3

4

5

5.1




5.2









    1. Кіріспе



Курстық жұмыс осы пән бойынша аудиториялық сабақтар өткізілгенде семестр бойы немесе осы пәнді оқығаннан кейін орындалады. Дәрістер мен тәжірибелік жұмыстарды орындағанда, курстық жұмысты жазу, оқитын пән бойынша студенттердің білімін терең меңгеруге көмектеседі.

Студенттердің келесі дағдыларды меңгеру курстық жұмыс мақсаты болып келеді:

  • кәсіпорын іс-әрекетін өздігінен талдау үшін, дәрістік және тәжірибелік сабақтарда алынған білімдерін қолдану;

  • арасында анық байлныстар мен қатынастар бар немесе болуы мүмкін, көліктік жүйелер мен басқа объектілер элементтерінің жиынтығын жүйелендіру;

  • көліктік объектіні жалпы мақсатпен бірлескен өзарабайланысқан бөлшектер кешені ретінде қарастыру, оның интегративті қасиеттерін, ішкі және сыртқы байланыстарын ашу;

  • көліктік объектіде логистикалық мәселені табу, яғни логистика саласында керекті және фактілі жағдайлар арасындағы сай еместігін табу;

  • логистикалық мәселенің құрылымдығын жасау;

  • жүйелену, кешендену, жүйелітік әдістерін пайдаланып, логистикалық мәселені шешу.

Курстық жұмысты орындау мамандарды дайындаудағы маңызды моменттердің бірі болып келеді, сондықтан курстық жұмыстың тақырыбын, кейіннен дипломдық жұмыста пайдалануға болатындай, таңдау керек. Бірақ курстық және дипломдық жұмыстардың тақырыптары әр түрлі болса да, берілген жұмыстың жазылуы студенттерге тәжірибелік іс-әрекеті бар теориялық сұрақтардың дағдыларын және статистикалық берілгендері мен экономикалық әдебиеттің жұмыс тәжірибесін меңгеруге көмектеседі.

Курстық жұмыстың әдіснамалық негізі Қазақстан Республикасының экономика бойынша зңдылық актілер, шаруашылық сұрақтар бойынша ҚР правительствасының бағдарламалық құжаттары мен шешімдері болып келеді. Курстық жұмыстың таңдалған тақырыбы бойынша ҚР статистика Министрлігінің берілгендерін, оқу және арнайы әдебинттерін, моногнрафияларды, брошюраларды, мақалалар пайдалануға ұсынылады. Қарастырылған мәселеге қатысты шет елдегі тәжірибені оқыған дұрыс.

1 Курстық жұмыстың жалпы жағдайы


Курстық жұмыс кіріспеден, бірнеше негізгі бөлімнен, өорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Қажет болса қосымша болады. Курстық жұмыстың жалпы көлемі – қолжазбамен жазылған текст 30–40 бет немесе компьютермен жазылған текст 20 бет.

Кіріспеде 1–2 бетте таңдалған тақырыптың өзектілігі негіздемеленеді, зерттеудің мақсаты мен міндеттері құрастырылады, жұмыстың құрылымы ашылады, оның негізгі кезеңдері, ақпараттық базасы, зерттеу объектісі мен әдістемесі анықталады.

Курстық жұмыстың теориялық тарауында (бұл тарау бар болса) таңдалған мәселенің дамуын бақылау керек, арнайы әдебиетке ерекше назар аудару керек. Осы тарауда қарастырылып отырған сұрақтың заманауи түсінігі көрсетілуі керек, сонда да мазмұндаманың сипаттамасы тым суретті болмауы керек. Әр түрлі авторлармен берілген, сұрақтың түсіндірмесіндегі айырмашылықтарына, назар аудару керек, және де бар көзқарастардың критикалық шолу негізінде құрастыру және берілген сұрақ бойынша өзінің жеке позициясын айту. Жұмыста сiлтемеге және цифрлық мәлiметтерге дәйексөздерді рәсiмдеулерсiз әдеби көздердi шығару керек емес.

Аналитикалық тарауда (бұл тарау бар болса) мәселенің зерттелуі болу керек және де зерттелетін зат туралы, статистикалық есепте, оперативтік және бухгалтерлік және де фирманың басқа да жұмыс құжаттарынның есеп берілгендерінде болатын, осы базада талдау іске асырылатын, дұрыс және толық ақпаратта негізделуі керек. Осы тарауда талдау шетін белгілеу керек, оқылатын үдерістердің дамуының тенденцияларын, заманауи кезеңдерде көрсетілетін талаптардан ауытқулары мен кемшіліктерін шығару керек. Коммерциялық фирмалардың іс-әрекеттерінде – жақсы жақтарының қарастырылуы қажет, бұл қарастырылатын құбылыстарды олардың барлық әралуандығында және жалпылай барлық байланыстарда көруге рұқсат береді. Барлық заманауи тәсілдердің және талдаудың қолданылуы курстық жұмыс тақырыбының дұрыс, сауаттылық оқуын және логикалық дәйектемеленген қорытындылар жасауға, тәжірибелік нұсқаулар мен ұсыныстар жасауға рұқсат береді.

Жобалық (құрылыстық) тарауда (бұл тарау міндетті түрде болуы керек) мәселенің негізгі бағыттары мен болашақ шешімдері көрсетіледі. Ұсыныстың енгізу орындылығы технико-экономикалық дәйектемемен бекітілуі керек, оның енгізілуінен экономикалық тиімділік есебімен (егер де бұл есеп мүмкін болса).

Қорытындынығ 2–3 бетінде қысқа, бірақ дәлелденген, мәселені талдау барысында алынған, негізгі қорытындылар және бар тәжірибенің жетілдірілуіне бағытталған ұсыныстар айтылады, және де өойылған мақсаттың орындалу дәрежесінің бағасы беріледі.

Әдебиеттер тізіміне, курстық жұмысты жазған кезінде автордың пайдаланған көзқарастары мен әдебиеттері кіреді. Қосымшаларда көлемі үлкен болғандықтан жұмыс тексттінде пайдалана алмаған материалдар (сызбалар, кестелер, алгоритмдер, есепті шешудің компьютерлік бағдарламалары және басқалары), және де қосымша материалдар мен аралық есептер көрсетіледі. Курстық жұмыс тақырыбын ашуға арналған кестелердің ьерілгендері негізгі материал болып саналады, және де мазмұндама логикасына сай текст ішінде орналастырылады да, жұмыстың негізгі бөлімінде жақсылап талдануы керек.


2 Курстық жұмысты дайындау


Курстық жұмыстың түсініктеме хатын ПМУ ӘН 4.01.3 әдістемелік нұсқауға сай қолжазбамен немесе компьютермен жазуға болады.

Тексттік құжаттар МЕСТ 2.301 форматы А4 (210х297 мм) қағазының бір жақ бетінде орындалады, кестелер мен көркемдеулер орындаған кезде, қажет болса форматы А3 (297х420 мм) парағын пайдаланылады.

Тексттік құжаттардың түпнұсқасын келесі тәсілдердің біреуімен орындайды:

  • қолжазбамен – цифрлар мен әріптердің биіктігі 2,5 мм-ден төмен емес. Құжаттағы цифрлар мен әріптерді бір түсті (көк, күлгін, қара) тушьпен, сиямен немесе қаламмен айқын жазу керек. Басқа түсті сия, тушь қолдануға және астын сызуға болмайды;

  • компьютерді қолданып, шрифт – Times New Roman, әдеттегі, кегль 14 пункт, жол арасындағы аралық – дара.

Компьютермен жазылған тексттік құжаттарда, жеке сөздерді, формулаларды, шартты белгілерді, және де көркемдеулерді (қолжазбамен) қара сиямен немесе тушьпен орындау керек.

Текстте парақтың барлық төрт жағынан далалар болу керек. Сол жақ дала өлшемдері – 30 мм, оң жақ дала өлшемдері – 10 мм, жоғарғы және астыңғы дал өлшемдері – 20 мм.

Қолжазба тексттің азат жолы 15–17 мм-ге тең бос жермен, копмьютерлік тексттің азат жолы бес белгілерге (1,25 см) тең бос жермен басталады. Текст ішіндегі азат жолдың бос жері бірдей болу керек.

Қолжазбамен жазылған тексттегі жол арасындағы ара қашықтық 10 мм-ге кем емес болуы керек.

Оқу құжаттамасында келесі құрылымдық элементтер болуы керек:

  • титулды бет (А қосымшасы);

  • тапсырма;

  • мазмұны;

  • анықтамалар (қажет болса);

  • белгілер мен қысқартулар (қажет болса);

  • кіріспе;

  • негізгі бөлім;

  • қорытынды;

  • әдебиеттер;

  • қосымшалар (қажет болса).

Формат, шартты белгілер, шрифттар және масштаб бойынша сызбалар стандарт талаптарына сай болу керек. Сызбалар қарындашпен орындалады және оларға спецификация жасалынады.

Дайындалған және студенттің қолы қойылған курстық жұмыс жетекшіге қол қоюға беріледі.


3 Курстық жұмысты қорғау


Егер курстық жұмыс бақылау шараларының күнтізбелік кестесінде көрсетілген мезгілінде орындалса, және талаптарға сай болса, онда жетекші түсініктеме хат пен парақтарға қол қойып, қорғауға жібереді.

Курстық жұмысты көрсетілген мезгілден кейін орындаған студенттер, курстық жұмысты қорғауға кафедра меңгерушісінің рұқсатымен жіберіледі.

Курстық жұмысты қорғау кафедра меңгерушісімен бекітілген кесте бойынша, 1–2 жұма алдында сессия басталғанға дейін өткізіледі.

Кафедра меңгерушісімен бекітілген үш кісілі комиссия отырысында, курстық жұмыс жетекшісінің қатысуымен курстық жұмыс қорғауы өткізіледі.

Курстық жұмысты қорғау үшін студент 3–5 минутты баяндамамен шығады, және комисся мүшелерінің сұрақтарына жауап береді.

Курстық жұмысты орындау және қорғау сапасы жүз баллды шкала бойынша бағаланады, цифрлік эквивалентке, әріптік және дәстүрлі бағаға аударылады. Сынақ кітапшасына дәстүрлі жүйедегі баға («өте жақсы», «жақсы», «қанағат») қойылады.

Баға қойған кезде келесіге назар аударылады:

  • қорғау кезіндегі баяндама сапасы;

  • сұрақтарға айқын және дұрыс жауап беруі;

  • студенттің теориялық, ғылыми және тәжірибелік деңгейінің дайындығы;

  • түсініктеме хаттың және графикалық бөлімнің дайындығы;

  • курстық жұмыстың жетекшісінің пікірі.

Бағаны көтеру мақсатымен курстық жұмысты қайта қорғау болмайды.


4 Курстық жұмыс тарауларының талаптары


Курстық жұмыс, студенттік өздігінен жобаланған, нақты актуалды мәселелердің тәжірибелік мағынасын көрсететін нәтиже болып келеді. Оны жазу үшін теориялық және фактілік материалдар (сонын ішінде архивті) алу қажет, және де келесі ұсыныстар мен нұсқауларды жобалау үшін оларды дұрыстап талдау керек. Курстық жұмыстың нақты логикалық реттелуі болуы үшін, студент таңдалған тақырыпқа сай жұмыстың толық жоспарын құрастырады. Әрбір тақырып бойынша 3–4 маңызды сұрақтар қарастырылады. Курстық жұмыс әдебиет тілімен, сөздерді қысқартпай жазу керек.

Курстық жұмыстың келесі тараулары болуы керек: кіріспе, мәселенің теоретикалық шолуы, аналитикалық тарау, негізгі (ұсынылатын) бөлім, қорытынды және жұмысты жазу кезіндегі қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе. Кіріспе ішінде курстық жұмыс авторына, жобаланатын тақырыптың өзектілігін, логистиканың жалпы міндеттеріндегі оның орнын және мемлекеттің экономикалық өміріндегі мағынасын негіздемелеу, курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін ширақ тұжырымдау, әрбір тараудың қысқаша мазмұның ашу қажет. Кіріспе, компьютерлік текстпен 1–2 бетте жазылады.

Мәселенің теориялық шолуы. Берілген тарауда дайындаушыдан алушыға дейінгі өндірістік және тұтынушылық мағыналы тауардың қозғалысымен байланысты әр түрлі теориялық концепциялардың қысқаша талдауы көрсетіледі. Сонда да талдаудың нақты сипаттамасы болуы керек, яғни әр концепцияның жақсы жақтары мен кемшіліктері де берілуі керек. Теориялық шолу мәселесі компьютерлік тексттің 7–8 бетін алады.

Аналитикалық тарау. Осы тарауда қарастырылатын мәселенің теориялық тұрғылар, оның негізінен халық шаруашылығы немесе жеке салалары үшін оның маңыздылығы мен мәні баяндалады. Осы тарау, курстық жұмысты (басқару органдар құрылымы; тауарайналымының және тұтынылатын материалды-техникалық қорлардың номенклатурасы мен көлемдері; қоймалық, таралық немесе көліктік шаруашылықты ұйымдастыру, жоспарлау және басқару жүйесі складским, тарным или транспортным хозяйством; пайдаланылатын құжатайналымы) орындау барысында пайдаланылған ақпарат туралы, сол кәсіпорынның немесе ұйымның сипаттамасын қосады. Кейін автор жұмыс iстейтiн нормативтiк актiлер, жиналған статикалық мәліметтер мен тәжірибелік материалдардың негізінде қарастырылатын мәселенің жанжақты экономикалық талдауы өткізіледі. Аналитикалық тарау, курстық жұмыста қарастырылатын сол басқару деңгейіндегі материалды-техникалық қамтамасыз етудің, қоймалық, таралық немесе көліктік шаруашылықтың жоспарлау және ұйымдастыру жүйесінде бар жетіспеушіліктерін ашу қорытындысымен аяқталуы керек. Аналитикалық тарау компьютерлік тексттің 12–13 бетін алады.

Негізгі (ұсынылатын) бөлім. Курстық жұмыстың осы тарауы талдауы алдағы тарауда өткізілген, нақты логистикалық жүйені жетілдіру сұрақтарына арналған. Мұнда студент өз ұсыныстарын барлық жақтан дәйектемелеу және сипаттау керек. Сонын ішінде логистикалық жүйенің жетілдіру бағыттары оған сай цифрлармен бекітілуі керек. Мүмкіндік бойынша, жұмыс сапасының жоғарлатуын және есептеудiң әр түрлi процедураларының жедел қимылдаушылығын, қолданылатын заттық қорлардың құжат айналымының және номенклатураның қысқартуы сипаттайтын құн бiрлiктерімен немесе әр түрлі көрсеткіштермен логистикалық тізбек түйініндегі шығындардың төмендеуін бейнелене алатын жобалық ұсыныстардың экономикалық тиімділігін есептеу орынды. Негізгі бөлім компьютерлік тексттің 12–13 бетін алады.

Қорытынды. Курстық жұмыс қысқа нәтижелерімен аяқталады. Жұмыстың бұл бөлімі студенттің алдында қойылған мақсаттың орындалу дәрежесі мен сапасын сипаттайды. Қорытынды келесі сызбадан құрастырылады: курстық жұмыстың міндеттерінен, осы міндеттерді шешу әдістері мен құралдарынан, курстық жұмыс нәтижесінде алынған сипаттамалардан, алынған нәтижелердің енгізілуінен. Қорытынды копмьютерлік тексттің 4–5 бетін алады.

Библиография. Курстық жұмысты орындау барысында пайдалынған әдебиеттер тізіміне келесілер болуы керек: заңдылық актілер, үкiметтiң қаулылары, тауарқозғалысының үдерісін регламент белгiлейтiн, салалық министрліктерінің нұсқаулары; ресмиi статистикалық құжаттар; логистика саласындағы отандық және шет елдік мамандардың монографиялық зерттеулері; оқулықтар мен оқу құралдары; ғылыми еңбек жинақтарында, жалпыэкономикалық және салалық журналдарда орналасқан мақалалар; периодтық басылым материалдары. Қолданылатын әдебиеттiң библиографиялық сипаттамасы дәл және толық болуы керек және келесі элементтерді қосады: автордың (авторлардың) аты-жөні; моногнрафияның толық атауы; шығу орны; баспасөз; шығу жылы. Библиографияға мақалаларды қосқанда автордың (авторлардың) аты-жөнін, журналдың немесе жинақтың толық атауын, шығу жылы мен оның нөмірін көрсету қажет.


5 Курстық жұмысты орындау мысалы


5.1 «Өнімді дайындау, сақтау және жеткізу жүйелерін басқару» тақырыбы бойынша курстық жұмыс

Логистикалық менеджментін, проблем материалды-техникалық қамтамасыз ету, қоймалық, таралық және көліктік шаруашылықтың мәселесін, білмей ғылыми-техникалық iлгерiлеудi дәуiрлеудiң қазiргi шарттарында көлiк және көлiк техникасы бойынша маманын көз алдына келтiру мүмкiн емес. Осы курстық жұмыс логистикалық менеджмент білімі бар көлiкке және көлiк техника бойынша мамандандырылған бакалаврды әзiрлеуге маңызды кезең және студенттердің өздік жұмысы болып табылады. Ол, материалды ағындардың басқарудың барлық деңгейлерінде тәжірибелік есептерді шеше алатын мамандардың құрастыруындағы шешушi рөлдi ойнайды.

Курстық жұмыстың мақсаты оқу жоспарымен ескерілген, әр тиүрлі пәндерді оқу нәтижесінде алынған, теориялық және тәжірибелік білімдерін бекіту, кеңейту және жүйелеу болып келеді. Курстық жұмыс, студенттің өздік жұмысы болып келетін, уақыттың нақтылы мерзiмiнiң ағымына оның үйренуi қорытындысын шығаруға мүмкiндiк бередi. Онда кешендi техникалық-экономикалық мiнез және теориялық, аналитикалық жобалық материалдар, және де тауар қозғалысынңы жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар болуы керек және курстық жұмыс заманауи өндіріс шарттарындағы өздік жұмысын жүргізу үшін студенттердің дайындалу деңгейін көрсету керек. Олардың қарастырылған мәселелерді шешу кезіндегі зерттеу және эксперименттау әдiстеменiң меңгеруiнiң дағдыларын дамуға арналған.

Курстық жұмысты орындау үрдісі және оның жеке тарауларын жобалау кезінде студент өзінің жалпытеориялық дайындығын және де нақты материалды дұрыс баяндауын, жалпылауын, талдауын, жүйелеуін білу керек.

Студент өз білімдерін келесі салаларда пайдалануы керек:

  • өндiрiстiк және тұтынушы тағайындауының тауарларының сатып алуларын регламент белгiлейтiн жоспарлардың, нормативтiк базасын қалыптастыру, және де дайын өнім үшін материалдар, шикiзаттар, комплект жасайтын бұйымдар және қор бөлшектерін өндiрiске тапсырыстарын қалыптастыру және орналастыру;

  • аймақтық деңгейде және өнеркәсiптiк кәсiпорындарда логистикалық тізбектерде материалды ағындарды ұйымдастыру мен басқару, материалды-техникалық қорлардың нақты үдеріс қозғалысын іске асыру;

  • логистикалық тізбек түйіндерінің (тауарды сатып алу, қоймалау, сақтау, тасымалдау бойынша) өндiрiстiк-шаруашылық іс әрекеттер көрсеткіштерінің есебі және тауар шығарып салушы желiнiң қызмет етуiнің тиімділік деңгейін анықтау мақсатымен осы көрсеткіштердің талдауы;

  • келесі операциялар бойынша шығындардың үлестiрiлуiмен өндiрушiден тұтынушыға материалды-техникалық қорлардың қозғалысы кезіндегі шығындардың толық есебiн өткізу: тиеу-түсіру, қоймалау, сақтау (соның ішінде қорлар), көліктік құралдармен жеткізу;

  • тауар шығарып салушы желiдегі, соның ішінде тауар ағындарымен басқарудың барлық деңгейіндегі заттық-техникалық қорлардың сатып алуды, жинау, сақтау және тасымалдауды қоса, өндiрiстiк шығындар және логистикалық шығындар талдауының әдiстемесі.

Осы курстық жұмыстың өзектiлiгі өнеркәсiптiк өндiрiстiң тиiмдiлiгiн жоғарылату мен логистикалық түйіннің барлық буындарында көптен шығындарды төмендету тауар шығарып салушы желiсін рационалды ұйымдастырудан, сатып алуды рационалды ұйымдастырудан, қоймалық, таралық және көліктік шаруашылықтан – тауар қозғалысының маңызды элементтерінен тәуелді болғанына байланысты.

Тауар қозғалысының үдерісін жетілдіру өзiне қосатын өзара байланысты есептердiң жиынтығының кешенді мәселесі болып келеді. Оларға келесі жаhандық есептер кіреді: ҚР территориясындағы базалар мен қоймалардың желiнiң оңтайлы орналастыруы және болашақты дамуы; жүк орынауыстыру мен оны сақтау кезінде шығынның минимумынан шыға отырып транзиттік және қоймалық нысандарының ұтымды қосылуы; базалар мен қоймалардың параметрлері мен өлшемдерін рационалды талдау; материалды-техникалық ресурстардың қажетті және жеткiлiктi деңгейін (оптимизациялау) анықтау; көліктік шығындардың минимумынан шыға отырып және тасымалданатын жүк сипаттамасы (көлемі, түрі) мен тасымалдау алыстығынан тәуелді көліктің рационалды түрін таңдау.

Соған қоса тауар қозғалысының үдерісін жетілдіру мәселесі сонымен бірге келесі жергiлiктi есептер шешуге талап етеді: сатып алу үдерісіндегі нақтылы белгілері бойынша заттық-техникалық қорлардың жабдықтаушыларының таңдауы; тауар шығарып салушы желiнің барлық түйіндерінің технико-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту; логистикалық тізбек түйіндерінің жұмыскерлерін ынталандырулар әдістерін жетілдіру (базада, қоймада көлікте); таралық шаруашылықты рационалды ұйымдастыру, тараны бұрынғы қалпына келтіру бойынша жөндеу операциялары; контейнерлік және пакеттік тасымалдау көлемінің жоғарылатуы; заманауи жоғары өндірістік көтеру-көліктік және қоймалық жабдықтарды енгізу .

Сонымен, заттық-техникалық қорлардың қозғалыс үдерісiнiң әбден жетiлдiру мәселесі сала аралық болып табылады және заттық-техникалық қорлардың сатып алу ұйымдастыру, жоспарлау және басқару үдерістерін әбден жетілдірумен, жалпы пайдалану көлігін, магистральды көлікті қоса рационалды ұйымдастырумен, жеке өлкелер мен салалардың инфрақұрылымдарының дамуымен, өнеркәсiптiк өндiрiске ғылыми-техникалық iлгерiлеудiң табыстарының енгiзуiмен, өлкелер және салалардың материалдық-техникалық базасын дамытумен байланысты басқа мәселелермен бірге кешенде ұйғарылуы.


5.2 Курстық жұмыс мазмұны

Курстық жұмыстың тақырыбы: «Өнімді өңдеу, сақтау және жеткізу жүйесімен басқару» - таңдалған тақырып бойынша студенттің экономикалық өздік жұмысын көрсетеді. Ол мемлекеттің экономикалық даму бағыттарын, үкіметтің материалды-техникалық қамтамасыздандыруын және көліктік шаруашылығын, аймақтық нұсқаушы материалдарын жетілдіру сұрақтары бойынша маңызды қаулыларын мұқият талқылау негізінде орындалуы керек. Жеке тақырыптар бойынша қолданыстағы мемлекеттiк стандарттар, нұсқау, әр түрлi көлiктер түрлерiнің жарғыларын, тарифтi басқару және басқа нормативтiк актiлер оқу қажет. Курстық жұмыс келесі негізгі сызба бойынша орындалуы керек.

  1. Әдеби көздерді (оқулықтарды, оқу құралдарын, монографияларды, мақалаларды), нормативті актілерді, жұмыста қарастырылатын мәселе бойынша ұйымдар мен кәсіпорындардың нұсқаушы құжаттарын және құжаттамаларын қолдану арқылы курстық жұмысты орындауға қажетті материал жинау. Осы кезеңде курстық жұмыстың түсініктеме хатының мәтініне қосу үшін және графикалық материалдар түрінде көрсету үшін қажетті ақпарат алынады.

  2. Курстық жұмыстың аналитикалық тарауында дайындалатын әрбір сұрақ немесе мәселе бойынша таңдалған материалды жүйелеу және өңдеу. Осы кезеңде курстық жұмыстың аналитикалық бөлімінде сәйкес кестелер мен графиктер құрастыруы бар логистикалық ықшамсызба тұра қалады. Жиналған материалдың жүйелендіру базасында талдаудың негізгі бағыттары құрастырылады. Сонымен бірге жеке сұрақ немесе сұрақтар бойынша қосымша ақпаратты жинау қажеттілігі анықталады.

  3. Қосымша ақпарат жинау және курстық жұмыстың аналитикалық бөлімін жобалау. Осы кезеңде логистикалық тізбектің – қоймалық кешендердің, көліктік-экспедициялық ұйымдардың, көтерме немесе бөлшек сауданың ұйымдастырушылық, жоспарлық және басқарушылық жақтар қызметі түйндерінің даму тенденцияларының талдауы негізінде логистикалық жүйелердiң қызмет етуiнiң негативтi моменттері мен кемшiлiктерi анықталады.

  4. Логистикалық қызметтiң негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстарың негіздемелеу және әзiрлеу – материалды-техникалық қамтамасыз етудің немесе оның жеке құрайтындарының жүйесін, әр түрлі бағыт бойынша (ұйымдастырушылық, әдістемелік немесе техникалық) материалды ресурстардың шығындарын нормалау жүйесін, өнім тасымалдау жүйесін жетілдіру. Бұнда курстық жұмыста қарастырылатын логистикалық тізбек түйіннінде немесе сол түйінде шығындарды төмендету ұстанымен ұсыныстардың шамамен экономикалық тиімділігі бағаланады. Жобаланған ұсыныстар мен нұсқаулар негізінде соған сәйкес қорытынды шығарылады.

  5. Курстық жұмысты дайындау – түсініктеме хат пен графикалық материалдар. Осы кезеңде жұмыстың аналитикалық тарауының анықталған дәлелдеме мүмкін, және де жобаланған ұсыныстар, нұсқаулар және жобалық шешімдер. Бұнда курстық жұмыс текстінің әдеби обработкасы іске асады, жұмысты орындау кезінде пайдаланылған, әдеби көздердің соңғы тізімі құрастырылады, графикалық материал дайындалады (сызбалар, кестелер, диаграммалар, графиктер және суреттер).

Курстық жұмыста студент келесіні орындау керек:

  • таңдалған мәселенің мазмұның, логистикадағы жалпы есептеріндегі оның орнын және мағынасын ашу, және де теориялық және экономико-ұйымдастырушылық айқындамаларынан қарастырылатын сұрақтардың маңыздылығы мен өзектілігін негіздемелеу;

  • алынған мәселенің қазіргі қалпын талдау, тарихи аспектідегі оның эволюциясының негізгі кезеңдерін (жиналу, құрылу және даму), және де болашақ болжамын зерттеу;

  • динамикадағы логистикалық тізбектің нақты үдерістер немесе түйіндер дамудың негізгі тенденцияларын сипаттайтын мысалдар, сызбалар, диаграммалар, графиктер және формулалар түрінде есептер беру;

  • қойманың немесе көліктік шаруашылықтың жұмыс істеуі, сонымен бірге шет елдік – жеке базалар немесе қойманың, жалпы пайдалану көлігінің немесе көліктік-экспедициялық фирмалардың қазіргі жетістіктерін көрсету;

  • отандық қойманың, таралық немесе көліктік шаруашылықтың жұмысын жетілдіру бойынша сыншылдық ескертулер беру, нақты уақытта бар жетіспеушіліктерін іздеу және ұсыныстар дайындау;

  • жеке база, қойма, көліктік-экспедициялық фирма немесе сала мысалдарында, немесе жалпы мемлекет мысалы бойынша қойманың, таралық немесе көліктік шаруашылықтың кейінгі даму болашағын көрсету.

Курстық жұмысты орындау үдерісінде терең талқылау және жеке сұрақтарын шешу кезінде студенттің дербестілігі мен бастамасы, курстық жұмыста қойылған мәселені шешу нұсқауларын таңдау мақсатымен нақты кәсіпорындар мен ұйымдардардың тәжірибесінде көрінуі керек.


Курстық жұмыс тақырыптары


  1. Павлодар облысындағы көліктік компанияның мысалындағы логистикалық менеджменттің ұйымдастыру тұрғылары.

  2. Павлодар облысындағы көліктік компанияның мысалындағы логистикалық қызмет көрсетудің дамуы.

  3. Павлодар облысындағы көліктік компанияның мысалындағы логистикалық қызмет көрсетудің даму деңгейі.

  4. Логистикадағы қоймалау. Қызмет ету зонадағы қоймалардың ұтымды саның анықтау.

  5. Логистика қорлары. Қорлар жағдайының негізгі бақылау жүйелерінің функциялау механизмі.

  6. Логистикалық үрдістердің экологиялық талдауы.

  7. Кәсiпорын меншiктi немесе жалданған қойма пайдалануға бiрдей ұнайтын, жүкайналымы.

  8. Тауар қорлары және тауармен жабдықтау мәселелері.

  9. Жұмыс нәтижесі бойынша жеткізушілердің бағалауы.

  10. Жүкайналымының көліктік-экспедициялық қамтамасыз етуі.

  11. Өндірістің келешек бағдарламаларын қамтамасыздандыруға арналған ресурстар қорының өлшемін анықтау.

  12. Материалды ресурстарың орташаайлық қалдықтар жағдайларының прогнозы.

  13. Жалпы пайдалану көлігінің магистарльды түрлерінің технико-экономикалық сипаттамалары.

  14. Көліктік-экспедициялық фирмалардың қызметтік кешендерін кеңейтудің негізгі бағыттары.

  15. Тұтынушы қызмет ету сапасын жоғарлату бойынша көлік шаруашылығының міндеттері.

  16. Жалпы пайдалану көлігіндегі табыты, пайданы және пайдалылығын талдау.

  17. Материалды-техникалық ресурстарды тасымалдау кезінде шығын төмендетудің негізгі жолдары.

  18. Көліктік ағындарды (көлік түрлері бойынша) басқарудың жетілдіруін түзету.

  19. Көліктік кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс тиімділігін жоғарлату жолдары.

  20. Материалды-техникалық ресурстарды тасымалдау кезіндегі рационалды тара түрлерін қолданудың тиімділігі.

  21. Тұтынушылар үшін көліктік қамтамасыздандырудың және көліктің ашықтығының негізгі бағыттары.

  22. Тұтынушыларға көліктік қызмет көрсетудің сандық және сапалық көрсеткіштері.

  23. Жүктерді тасымалдаудың сұранысын анықтау және олардың жоспарлау ерекшеліктері (көлік түрлері бойынша).

  24. Пассажирларды тасымалдаудың сұранысын анықтау және олардың жоспарлау ерекшеліктері (көлік түрлері бойынша).

  25. Көліктік қызмет тұтынушыларымен көлік түрлерін таңдау принциптері мен әдістері.

  26. Жүк тасымалдау үдерісін іске асыру барысындағы көліктік шығындар мен тұтынушыларды көліктік шығындары.

  27. Нарықтық экономика шарттарындағы көлік тарифтерін құру принциптері.

  28. Әр түрлі көліктердің бәсекеге түсе алатындық пен тиімділігін жоғарлату бағыттары.

  29. Көліктің материалды-техникалы базасын дамыту бойынша шаралардың экономикалық тиімділігі.

  30. Көлік шаруашалағының айналмалы құралдары және материалды-техникалық қамтамасыздандырылуы.

  31. Көлік шаруашылығында жөндеу өндірісінің жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру.

  32. Көліктегі инвестициялардың экономикалық тиімділіктерінің негізгі әдістері.

  33. Көліктегі инвестициялардың экономикалық тиімділіктерінің негізгі көрсеткіштері.

  34. Әр түрлі жалпы пайдалану көліктерінің сервисті қызмет ету сапасының бағасы.

  35. Жалпы пайдалану көліктерінің функциялау тиімділігінің бағалау әдістері.



Әдебиеттер


  1. Аникин Б. А. Коммерческая логистика : учебник / Аникин Б. А., Тяпухин А. П. – М. : Проспект, 2009. – 427 с.

  2. Аникина Б. А. Практикум по логистике : учеб. пособие для студ. вузов / Аникина Б. А. – 2-е изд., перераб. и доп. – М. : ИНФРА – М, 2008. – 275 с.

  3. Биктимиров Р. Л. Управление качеством, персоналом и логистика в машиностроении : учебное пособие / Биктимиров Р. Л. [и др.]. – 2-е изд., перераб. и доп. – СПб. : Питер, 2005. – 267 с.

  4. Гудков В. А. Основы логистики : учебник для студ. / Гудков В. А. [и др.]. – М. : Горячая линия-Телеком, 2004. – 295 с.

  5. Кристофер М. Логистика и управление цепочками поставок : как сократить затраты и улучшить обслуживание потребителей / Кристофер М. – СПб. : Питер, 2005. – 315 с.

  6. Курганов В. М. Логистика. Управление автомобильными перевозками: практический опыт : учеб.-практ. пособие для студ. вузов / Курганов В. М. – М. : Книжный мир, 2007. – 448 с.

  7. Курганов В. М. Логистика. Транспорт и склад в цепи поставок товаров : учеб.-практ. пособие для студ. вузов / В. М. Курганов. – 2- е изд., перераб. и доп. – М. : Кн. мир, 2009. – 512 с.

  8. Логистика автомобильного транспорта : концепция, методы, модели / Лукинский В. С., Бережной В. И., Бережная Е. В., Цвиринько И. А. – М. : Финансы и статистика, 2002. – 348 с.

  9. Миротина Л. Б. Транспортная логистика : учебник / Миротина Л. Б. – 2-е изд., стер. – М. : Экзамен, 2005. – 306 с.

  10. Неруш Ю. М. Логистика в схемах и таблицах : учеб. пособие / Неруш Ю. М. – М. : Проспект, 2008. – 185 с.

  11. Неруш Ю. М. Логистика : учебник / Ю. М. Неруш. – 4-е изд., перераб. и доп. – М. : Проспект, 2008. – 517 с.

  12. Полещук И. И. Логистика : учеб. пособие для студ. вузов / Полещук И. И. – Минск : БГЭУ, 2007. – 430 с.

  13. Радионов А. Р. Логистика : Нормирование сбытовых запасов и оборотных средств предприятия / Радионов А. Р., Радионов Р. А. – М. : Дело, 2002. – 351 с.

  14. Транспортная логистика и транспортные средства : конспект лекций / сост. Пархоменко В. И. – Павлодар : ПГУ им. С. Торайгырова, 2008. – 103 с.

  15. Тулембаева А. Н., Бейжанова А. Т. Логистика : оқулық. – Алматы: Дәуiр, 2011. – 400 б.

А қосымшасы

(анықтамалық)

Курстық жұмыстың түсініктеме хаттың титул бетін

толтыру мысалы


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым миниистрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Факультет


Кафедра


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
КЖ. ХХХХХХ. ХХ-ХХ. ХХ. ХХ. ТХ

______________________________________________ пәні бойынша








Тақырып ___________________________________________________






______________

(баға)


Комиссия мүшелері

_____________________________

(қызметі, ғылыми дәрежесі)

_____________________________

(аты-жөні)

_____________ ______________

(қолы) (күні)


Нормобақылаушы

_____________________________

(қызметі, ғылыми дәрежесі)

_____________________________

(аты-жөні)

_____________ ______________

(қолы) (күні)

______________

(баға)


Жетекші

_____________________________

(қызметі, ғылыми дәрежесі)

_____________________________

(аты-жөні)

_____________ ______________

(қолы) (күні)


Студент

_____________________________

(қызметі, ғылыми дәрежесі)

_____________________________

(аты-жөні)

_____________ ______________

(қолы) (күні)


20__

16


Похожие:

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының Білім жӘне ғылым министрлігі
Республикасының Білім жӘне ғылым министрлігі Т. рұсқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
Бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру...
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 11 наурыздағы №148 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасының ғылым және білім министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
«Экономика және халық шаруашылығын басқару» мамандығы бойынша кандидаттық емтиханға арналған
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері, оның қызметтері мен операциялары
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ресей империясының және Қазақстан территорияларында ғылым ретінде қалыптасуы, өлкені зерттеу әдістері мен тәсілдері, өлкелік мұрағат,...
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
В0114«тарих» мамандығы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты арнайы пәннің типтік бағдарламасының негізінде жасалған....
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Тарих» мамандығы үшін Қр мжмбс 08 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты және «Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихы»...
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница