«Филология және психология» факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы “




Название«Филология және психология» факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы “
страница5/19
Дата конвертации13.02.2016
Размер2.43 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/Sillabus/PP/Kurbanaliev.EnbPed.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

4. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ

4- лекция. Тақырыбы: Шет ел еңбек психологиясы дамуының негізгі кезеңдері


Жоспары:

1. Тейлор жүйесі.

2. Шет елдегі еңбек психологиясының дамуы.


Лекция мақсаты: Шет ел психологиясы дамуы

Лекция мәтіні (қысқаша)

1.Шет елдік еңбек психологиясының келіп шығуы Ф.Тейлордың есімімен байланысты. Ол алғаш рет өндіріс жағдайларындағы адамдарды басқару мәселесін ғылыми негізге қойды.

Тейлор системасы - шет елдерде ХIХ – ХХ ғ-да пайда болған өндірісті басқару және еңбекті ұйымдастыру жүйесі.

Тейлор жүйесінің міндеттері - « кәсіпкердің ең жоғарғы табысын әрбір жұмысшының ең жоғары тұрмыс жағдайы мен ұштастыруды қамтамасыз ету.

Тейлор жүйесінің негізгі принциптері:

қорытындылау және жіктеу (жұмысшылардың дағдылары мен икемдерін);

әрбір жұмысшының тұлғалық қсиеттерін барынша тиімді пайдалану;

жұмысшылармен әкімшілік әріптестік;

салыстырмалы түрде еңбекті дұрыс бөлу және жұмысшылар мен басшылардың арасындағы жауапкершілік.

2. Еңбек психологиясы саласында кеңінен танымал болып табылатын басқа батыстық мектептер:

М. Вебер бюрократиясының әлеуметтік тұжырымдамасы;

А. Фойлдың әкімшілік тұжырымдамасы;

Э. Мейоның хотторн тәжірибелері;

А. Маслоудың көтеріліп келе жатқан қажеттіліктер теориясы;

Р. Херцберг пен Д. Мак-Грегоралардың еңбек теориялары;

ұжымшылдық қарым-қатынастардың жапон тұжырымдамасы.

М. Вебер бюрократиясының әлеуметтік концепциясы:

Ф. Тейлордың негізгі жағдайларын дамытады;

Ұйымды ең жоғарғы табысқа бағытталған қандай да бір жақсыз механизм ретінде қарастырады;

өзінің тұрақтылығының жетістіктерін таңдауда ұйым еркіндігі ұсынылады;

жеке адамдардың өзара орын ауыстыруларын жорамалдайды;

ұйымдағы еңбекті адам үшін тіршілік негізі болып табылатын табыстың ыңғайлы өлшемі ретінде қарастырады;

орындаушының жұмысын әрекеттің дәлдігі мен бір мағыналылығын қамтамасыз етуші сызба бойынша қарастырады.

А. Фойлдың әкімшілік тұжырымдамасының принциптері:

еңбектің кең көлемде бөлінуі;

өкілеттілік пен жауапкершілік;

дисциплина (тәртіп);

дара басшылық;

бағыттың бірлігі;

жеке мүдделердің жалпыға бағыныңқылығы;

персоналдық сыйақы;

орталықтандыру;

иерархиялық басқару;

тәртіп;

әділдік;

персоналдық жұмыс орнының тұрақтылығы;

инициатива;

ұйымның бірлескен рухы.

ХХ – ғасырдың 30 – жылдарында «классикалық» жандасулардың сынауы шиеленісті, себебі еңбек әрекетінің психологиялық факторлары үлкен мәнге ие болды.

Басқару социологиясының басқа бағыты «адамдар қарым-қатынасы» тұжырымдамасы дамыды.

Жаңа бағыттың көшбасшыларының бірі Э. Мейо болды. Элтон Мейоның хотторн тәжірибелері (1927-1932) еңбек өнімділігінің түрлі факторларын зерттеу болып табылады.Олар:

объективті - пайымдау (ағарту) деңгейі және т.б. Нәтижесі: еңбек өнімділігінде шешуші роль атқармайды;

бақылауға көнбейтін - жұмысшылар демалысы үшін үзіліс, қысқартылған жұмыс күні. Нәтижесі: еңбек өнімділігінің артуы.

Қорытынды: жұмыс шартын жақсарту өндіріп шығаруды жоғарылатудың негізгі стимулы (ынталандыру) бола алмайды.

А. Маслоу адами қажеттіліктердің бірнеше көтеріліп келе жатқан деңгейлерін алға тартты:

физиологиялық және сексуалдық қажеттіліктер;

экзистенциалды қажеттіліктер ( қауіпсіздікке,тұрақтылыққа және т.б.)

әлеуметтік қажеттіліктер ( ұжымға шын берілгендік, тәуелділік, бірлескен еңбекке қажеттілік );

беделге қажеттілік (қызметтік өсу, мәртебе, құрмет);

жоғары рухани қажеттіліктер (шығармашылық арқылы өз ойын білдіру).

Дамудың әрбір кезеңінде көрсетілген қажеттіліктер адам арқылы жылжып отырады. Бір деңгейдегі қажеттілік қанағаттандырылған соң, жаңа бұдан да басқа жоғары деңгей пайда болады.

Ф. Херцберг еңбек қажеттіліктерін былай жіктеп көрсетті:

аса жоғары қажеттіліктер:

табысқа қол жеткізу қажеттілігі;

қадірін арттыру;

қызмет бойынша ілгерілеу;

шығармашылық өсу қажеттілігі;

жауапкершілік қажеттілігі;

аса төмен қажеттіліктер:

компанияның саясаты;

техникалық бақылау;

басшылармен, қол астындағылармен қарым-қатынас;

жалақы;

жеке және отбасылық өмір;

еңбек шарттары және т.б.

Д. Мак-Грегор пен У. Оучи мынадай теорияларды ұсынды:

«икс теориясы» (Д. мак-Грегор), бұл басшылықтың әмірлі стиліне негізделген; басты алғышарт - адам жалқау, оны жұмыс істеуге мәжбүрлеу қажет;

«игрек теориясы»(Д. Мак-Грегор), еңбекке оңтайлы орналасу жұмысшыны өндірісті меңгеруге қызықтыруға мүмкіндік береді;

«зет теориясы» (У. Оучи). Мұнда персоналмен жұмыс істеу мақсаты адам ресурстарын өте тиімді пайдалану.

Ұжымшылдық қарым-қатынастың жапон концепциясы. Мұның мәні мынада:

фирманың келешектегі жұмысы бойынша мәселелерінің стратегиялық алқа бойынша қабыдданады;

қолданыста «рингисё» жүйесі бар («рин» жапон тілінде «басшының ұсынысы»

және «ие» - қарау деген) басшылықтың ұсынысы фирманың барлық жұмысшыларымен бірге қаралады. Бұндағы мақсат жұмысшының мәртебесін қорғау және даулардың шамасын ең аз мөлшерге азайту.

Бақылау сұрақтары:

  1. Тейлор системасы.

  2. Батыстық мектептер.

  3. А. Фойлдың әкімшілік тұжырымдамасы.



5. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ

5- лекция. Тақырыбы: Ресейдегі еңбек психологиясының тарихы


Жоспары:

1. ХIХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басындағы Ресейдегі еңбек психологиясы.

2. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы және соғыстан кейінгі жылдардағы еңбек психологиясы.


Лекция мақсаты: ХIХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың еңбек психологиясы.

Лекция мәтіні (қысқаша)

1.Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ХIХ – ХХ ғасырлар шекарасындағы ерекшеліктері (Е. А. Климов және О. Г. Носкова):

капитализмнің дамуы өндірістегі бақытсыз оқиғалардың өсуімен бірге жүрді. Адам мен еңбектің бір біріне сай болу мәселелері келіп шықты;

өндірістің техникалық жабдықталуының тез өсуі адам мен техниканың сай болуын анықтауды талап етті. Жұмысшылардың кәсіби-техникалық дайындықтары мәселелері туындады;

ұжымдар санының өсуі өндірісті басқару мәселелерін туындатты.

А. Климов және О. Г. Носкова ХIХ – ХХ ғасырлар шекарасында Ресейдегі еңбек психологиясының мынадай даму кезеңдерін атап көрсетті:

еңбек саласына жобалаушы жандасуларда еңбектің субъективті факторларының есебінің идеялары:

өндірістегі еңбек тәсілдерінің техника-психологиялық жобалау - бұл еңбекті ұйымдастырудың интуитивті әдістерінен олардың ғылыми негізделуіне бірте-бірте ауысуы: А. Шевелев алғаш рет «еңбек қауіпсіздігі техникасы» терминін ұсынды;

ауылшаруашылығы техникасының сараптама процедурасы арқылы ауылшаруашылығы еңбегінде адам мен техниканың ерекшеліктерінің үйлесімділігі идеялары. ХIХ ғасыр соңына қарай жетілген сараптамалардың мәні - өндірісте жұмысшыларды бақытсыз жағдайлардан алдын ала сақтандыру;

әуеде ұшуда адам мен техниканың сай болу идеясы: 1804 ж. Я. Д. Захаров өзінің әуе шарымен ұшу барысындағы бақылаған көңіл күйін суреттеп берді; «өзін-өзі бақылау» әдісі жасап шығарылды және т.б.

темір жол транспорты жүйесіндегі техника-психологиялық жобалау. Апаттарды болдырмау мақсатында темір жол жұмысшыларын бақылаудың түрлі құрылғылары жасап шығарылды; жол оқиғаларын талдау үшін «семафорлардың қайталаушылары» жасап шығарылды және т.б.;

еңбек шарттары мен режимдерін жобалау идеялары. 1907 жылы үзілістер санын көбейту ұсынылды (түскі үзіліске қосымша ретінде – таңертеңгі және кешкі); ғимаратты жарықтандыру мен желдетуді жетілдіру, жұмыс орнын (паровоз будкасын) жетілдіру ұсынылды ж.т. б.;

ұйымдастырушылық-психологиялық жобалау идеялары. Жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуын көтеру үшін сақтандыру қоғамының ұйымдары ұсынылды; мүгедек жұмысшыларды материалдық сыйақымен қамтамасыз ету; кәсіпкерлердің жұмысшылардың мүгедек болып қалғаны үшін жауапкершілігі туралы заң шығару ж.т. б.

адамдардың кәсіби жарамдылығын болжау және бағалау идеялары:

адамды жұмысқа іріктеу барысында еңбектің субъективті факторларының есебі. А.Ф.Лазурский көрсетті: адамды іріктеу идеясы - адамгершілікке жатпайды , бастысы адамның еңбек процесінде дамуын қамтамасыз ету (1916);

адамның кәсіби жарамдылығын бағалаудың бірнеше процедураларын қолданған еңбектің субъективті факторларының есебі: Ресейде алғашқы медициналық куәландыру 1847 жылға тиісті; 1895 ж. бу машинасымен жұмыс істейтін персоналға жүргізілген сынақтар жайындағы мәселелер көтерілді; 1909 жылы Н.Мельников темір жол жұмысшыларын сынау процедураларын ұсынды;

адам үшін кәсіпті, жұмысты таңдау (іріктеу). Ресейде 1917 жылға дейін «отбасылық кәсіпті» жалғастыру дәстүрі қатаң сақталып келді. Адамдардың кәсіп таңдаулары шектеулі болды;

жұмыс іздеуші адамдарға көмек мәселесі мына бағыттар бойынша шешілді: «жұмыс іздеу» мемлекеттік қызметі, жастарға кәсіптік оқу орнын таңдауда көмек беру; азаматтық парыз жолымен «борыш» идеясының дамуы

еңбектің субъективті факторларының қалыптасу және жобалау идеялары:

кәсіби әрекетті танымдық құрастырушылардың қалыптасуы;

еңбектің орындаушы құрастырушыларының қалыатасуы;

жұмысшының тұлғалық қасиеттерінің жетілуі;

жұмысшының өзін-өзі басқаруына байланысты еңбектің жақсаруы ;

еңбек саласында қызмет көрсетуші зерттеулер (психологиялық аспект):

С.М.Богословский 1913 ж. «Кәсіптік жіктеу жүйесі» кітабында өндіріс пен кәсіпшіліктің 703 түрін реттеп көрсетті;

Москвадағы Педагогикалық музейдің базасында «жасөспірімдерді тану бөлімі» ұйымдастырылды;

Көптеген Ресейлік зерттеушілер (И.И.Рихтер, Н. А. Шевалев ж.т.б.) адам машина емес , ол санамен басқарылатын әрекет субъекті екендігін ерекше атап өтті; алдыңғы планға жұмысшының тұлғалық қасиеттері қойылады;

Д.И.Журавский мен И.И. Рихтер шаруашылық саласын «қоғамдастық» ретінде қарап шықты: үздік техник жаман әкімші болуы мүмкін; ірі өндірісті ұйымдастыру барысында есеп қажет: адамдардың қабілеттіліктері, кәсіби дайындығы, еңбек мотиві және т.с.

Жұмысқа қабілеттілік және еңбектегі қажу мәселлерін зерттеу. 1909ж. А.Л.Щеглов жаңа «эргометрия» (адамның жұмыс қабілеттілігін зерттеу) бағытын ұсынды. Өткен ғасырдың басында И.Н.Спиртов тәжірибе жүзінде музыка мен түс сезімдерінің бұлшық ет қызметіне әсерін зерттеді;

И.М.Сеченов еңбек әрекетінің ерікті реттеу механизмдерін өзінше былай түсіндірді: «орталық тежелу» ми орталықтарының организмнің қозғалыс белсенділігіне әсерін ұстап тұруға мүмкіндік жасайды. Адам еркіндікке бейімделген, әсіресе бұл адамгершіліктің ең жоғары принциптеріне қатысты болса;

К.Д.Ушинский еңбек туралы былай деп ой түйді: отбасы және мектеп тәрбиесінің басты мақсаты - «баланы еңбекке тәрбиелеу»; рухани жан-дүниесінің тұрақты (бірқалыпты) ауысуына ұмтылу - терең психологиялық заңдылық; адамның базалық ұмтылысы - әрекет үшін тіршілік ету және т.с.

2.Ұлы Отан соғысы жылдарында еңбек процесін зерттеу мына бағыттар бойынша жүргізілді:

Психологияны жасыру (бүркеу) техниаксында қолдану (Б.М.Теплов - «Соғыс және техника», «Ақ халат» және б.);

Жауынгерлердің көру және есту сезімталдықтарын көтеру мәселелері: К.Х.Кекчеев - «Түнгі көру» (Ночное зрение) жұмысы;

командирлер мен жауынгелердің моральдік-ерікті қасиеттерін, тұлғалық рольдерін зерттеу - Н.Д.Леитовтың «Жауынгердің еркі мен мінезі», М.П.Феофановтың «Батылдық пен ержүректікке тәрбиелеу» жұмыстары және басқалар;

әскери ұшқыштарды дайындау - И.Н. Шпильрейн әріптестерімен бірге 1934 ж. әскери ұшқыштар дайындау жүйесін жасап шықты;

операциядан кейінгі қайта қалпына келтіруші еңбек терапиясының психологиясы: Геллерштейн әдісі.

Соғыстан кейінгі кезеңде азаматтық шаруашылық өмірдің қажеттіліктері есепке алынып қолданбалы психология дами бастады.

1957 жылдан бастап еңбек психологиясығылымның ресми мәртебесіне ие болды (еңбек психологиясы бойынша өткізілген жиыннанкейін Е.В. Гурьяновтың «Еңбек психологиясының жағдайы мен міндеттері» бағдарламалық баяндамасықолдау тапты).

Баяндамаларды талдау негізінде қолданбалы психологияның Халықаралық қауымдастығы конгресінде қазіргі заманғы еңбек психологиясының дамуының негізгі бағыттары белгіленді

Қазіргі уақытта ұйымдастырудағы еңбек туралы және жұмыс істеуші адамның өзі туралы білімдерді біріктіруші «ұйымдастыру психологиясы және еңбек психологиясы» терминдері кеңінен тараған.

Бақылау сұрақтары:

  1. Адам мен еңбектің бір біріне сай болу мәселелері.

  2. А. Климов және О. Г. Носкова ХIХ – ХХ ғасырлар шекарасында еңбек психологиясы.

  3. Жауынгерлердің көру және есту сезімталдықтарын көтеру мәселелері



6. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ

6- лекция. Тақырыбы: Кәсіби тұрғыдан өзін - өзі анықтау ( тану )


Жоспары:

1. Кәсіби тұрғыдан адамның өзін - өзі анықтаудың мақсаты мен негізгі міндеттері.

2. Кәсіби өзін- өзі анықтау мүмкіндіктерінің негізгі белгілері мен деңгейлері.

3. Кәсіби өзін - өзі анықтауды жандандыру әдістері.


Лекция мақсаты: Кәсіби өзін - өзі анықтау

Лекция мәтіні (қысқаша)

1.Кәсіби өзін - өзі анықтау - адамның өз кәсіби қабілеттерінің даму деңгейі мен бағытын ұғынуы.

Кәсіби өзін - өзі анықтаудың басты ( ізгі ) мақсаты - адамдағы өз даму келешегін өз бетінше саналы түрде жоспарлауға және оны іске асыруға деген іштей дайындықтың бірте – бірте қалыптасуы. ( Ізгі мақсат деп аталу себебі бұл мақсатқа қол жеткізу өте сирек кездеседі ).

Кәсіби өзін - өзі анықтаудың міндеттерінің негізгі топтарына ақпаратты-анықтамалық немесе ағартушылық, диагностикалық ( өзін - өзі тануға жәрдемдесу), моральді – эмоциялық ( таңдауда, шешім қабылдауда көмек көрсету) міндеттері жатады.

Адам өзі көп жағдайда өзін-өзі кәсіби анықтай алмайды, сондықтан ол кеңесшінің көмегіне жүгінуіне тура келеді.

Кеңесші мен клиенттің қатынасы барысында кәсіби өзін - өзі анықтау мәселелерін шешу күрделілігінің мынадай деңгейлері болады:

проблема клиент қатысуынсыз шешіледі - клиент пассивті позицияны ұстанып, таңдау субъекті болмайды;

проблема клиентпен бірлесе отырып шешіледі - диалог, өзара әрекет, бірлесе жұмыс істеу;

клиенттің өз проблемаларын өз бетінше шешуге дайындығының бірте – бірте қалыптасуы - клиент нағыз субъектке айналады.

2. Кәсіби өзін - өзі анықтаудың негізгі белгілері.

Формализация - кәсібилік дипломдарда, сертификаттарда, еңбек кітапшасында, еңбек нәтижелерінде және т. б. көрінеді.

Қолайлы жағдайлар - әлеуметтік сұраныс, талапқа сай ұйымдар, құрал – жабдықтар және т. б.

Е. А. Климов кәсіби өзін -өзі анықтаудың гностикалық және практикалық деңгейлерін ажыратып көрсетті.

Гностикалық деңгей дегеніміз сананы және сана сезімді қайта құру.

Практикалық деңгей - адамның әлеуметтік мәртебесінің нақты ( шынайы) өзгеруі.

3. Жандандырушы әдістеменің басты сипаттамалары:

әдістемеде қаралатын мәселелердің өзіндік маңыздылығы;

көрсетілген әдістеме процедурасына клиенттердің өз еркімен қатысуы;

әрекет жоспарының екіжақтылығы:

бір жағынан - нақты әрекеттер жоспары;

екінші жағынан - ойдан шығарылған әрекеттің жоспары;

клиентпен бірлесе отырып кәсіби бағдар проблемаларын қарап шығуды ұйымдастыру. Бұл ұйымдастыру жұмыстың ортақ мақсатын белгілейді, атап көрсетілген проблемалар мен мақсаттарды шешу үшін жалпы әдіс-тәсілдерді қолдануды болжайды.

Бақылау сұрақтары:

1. Адамның өз кәсіби қабілеттерінің даму деңгейі.

2. Кеңесші мен клиенттің қатынасы.

3. Е. А. Климов кәсіби өзін -өзі анықтаудың гностикалық және практикалық деңгейлері

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Похожие:

«Филология және психология» факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы “ icon«Педагогика және психология» кафедрасы
Пәннің оқу-әдістемелік кешені Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінде Психология және педагогика факультетінің Психология...
«Филология және психология» факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы “ icon“Филология және психология” факультеті
Педагогика және психология” мамандығының 4-курс студенттеріне 8 семестрде “Этнопедагогика” пәніне типтік оқу жоспарына сәйкес 2-кредит...
«Филология және психология» факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы “ icon«жалпы психология» кафедрасы «бекітемін» ҒЖ және хб жөніндегі проректор
В050300 -«Психология» мамандығының Жалпы психология және Психология, Жас ерекшелік психология пәндердің типтік бағдарламалары негізінде...
«Филология және психология» факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы “ icon5В010300-«Педагогика және психология» мамандықтарына «Психология тарихы» пәні бойынша
Психология-педагогика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде талқыланды: хаттама №6, 20. 06. 2012 ж
«Филология және психология» факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы “ iconПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені курс – 2 Семестр – ІІІ кредит саны – 2
«Психология және педагогика» факультетінің «Психология және әлеуметтік педагогика» кафедрасында құрастырылған типтік оқу бағдарламасы...
«Филология және психология» факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы “ iconОсновная образовательная программа подготовки специалиста по специальности «050706-Педагогика и психология»
«050703 — Дошкольная педагогика и психология с дополнительной специальностью «Педагогика и психология»
«Филология және психология» факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы “ iconҚолы аты-жөні
Пәннің әдістемелік кешені Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогика университетінде психология және педагогика факультетінің Психология...
«Филология және психология» факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы “ icon«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандыќтыњ типтік оќу жоспары жєне Ќр бѓМ 11. 05
«Филология және психология» факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы “ iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені курс – 2 Семестр – ІV кредит саны – 3
Пәннің оқу-әдістемелік кешені Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінде Психология және педагогика факультетінің Психология...
«Филология және психология» факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы “ icon6М010300 «Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім магистрі академиялық дәрежесін алу үшін
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница