«Филология және психология» факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы “




Название«Филология және психология» факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы “
страница4/19
Дата конвертации13.02.2016
Размер2.43 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/Sillabus/PP/Kurbanaliev.EnbPed.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19



9. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ


1- лекция. Тақырыбы: Еңбек психологиясы ғылым ретінде

Жоспары:

1. Еңбек психологиясы туралы түсінік.

2.Еңбек психологиясының пәні мен объекті.

3.Еңбек психологиясының міндеттері.

4.Еңбек психологиясының психология ғылымының түрлі салаларымен, басқа да ғылымдармен және дисциплинамен байланысы.

Лекция мақсаты: Еңбек психологиясы туралы түсінік.

Лекция мәтіні (қысқаша)

1.Еңбек психологиясы адамның еңбек ету процесіндегі психикалық әрекетінің қалыптасуы мен танылу заңдылықтарын зерттейтін психология ғылымдарының бір саласы болып табылады. Ол адамның іс-әрекеті түрлерінің психологиясын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастыру мәселелерін қарастырады.

Еңбек психологиясының мақсаты - әр түрлі еңбектегі мамандық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының қалыптасуын, өндірістік-кәсіптік жағдайдың адамға тигізетін әсерін, құрал-аспаптардың орналасуын, хабар жүйелерінің қажетті жақтарын қарастыру.Бұл салалардың

әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерімен бірге бір-бірімен байланысты болып келетін мынадай тармақтары бар: инженерлік психология – бұл, негізінен, автоматталған жүйелерді басқару мен әр түрлі операторлардың жұмысын зерттейді. Инженерлік психологияда ең өзекті мәселе эргономика деп аталады. Бұл термин гректің «ергон» - жұмыс және «номос» - заң деген екі сөзінің бірігуі нәтижесінде пайда болған. Бұл орайда, өндіріс пен адам арасында қатынас орнатудың түйінді мәселелері болып саналатын еңбек әрекетіндегі адамның өнімді ісі, оның психологиялық ерекшеліктері, жүйке жүйесінің қызметі мен еңбек гигиенасы, адамның өнімөндірудегі жетекші рөлі, техникалық құрал-жабдықтар эстетикасы және автоматтанған тетіктер теориясына қатысты мәселелер қарастырылып, олардың сыр-сипаты зерттеледі. Эргономика, негізінен, «адам – машина – орта (еңбектену) жағдайын» қарастыра отырып, олардың неғұрлым өнімді болуы мен нәтижелерін жүйелі түрде үйлестіруді басты міндет етіп қояды.

Авиациялық психология ұшқыштарды оқыту мен ұшу кезінде орындалатын істердің жай-жапсарын , жалпы, адам психикасының әуе кеңістігіне бейімделудегі ерекшеліктерін зерттеп, жоғары дәрежеде ысылған мамандар мен кадрларды даярлап шығару мақсаттарын көздейді.

Ғарышкерлік психология – адамның салмақсыздық пен әлем кеңістігінің айдынында бағдарсыз жағдайда жұмыс істеу сәтіндегі аса қиыншылық жағдайлардағы психологиясын, оның шектен тыс әсерден кейінгі кейпін, көңіл-күйі мен төзімділік көрсету шараларын зерттейді.

Еңбек психологиясында арнайы зерттелуге тиісті күрделі тармақтар да бар. Олар ауыл шаруашылығына (шопандар мен малшылар, диқандар мен егіншілер т.б.) қатысты болып келеді.

2. Ғылым объекті – зерттеу жұмыстары бағытталған қандай да бір біртұтас жүйе.

Еңбек психологиясы ғылымының зерттеу объекті жалғыз-ақ: ол - тұтынушылар құндылықтарын жарату процесіне қатысушы адам болып табылады.

Ғылымның пәні – бұл тікелей зерттелуі қажет объектінің қылары, аспектілері және элементтері.

Еңбек психологиясының пәні болып психологиялық заңдылықтар, психологиялық процестер, өндірістік әрекетпен, әлеуметтік және адамдар ортасымен байланысты болған жеке тұлға қасиеттері танылады.

3. Еңбек психологиясының міндеттері:

қажудың алдын алу;

кәсіби сырқаттардың алдын алу;

өндірістік жарақаттанудың алдын алу;

жеке тұлғаның кәсіби деформациялануының алдын алу;

еңбек маңыздылығын арттыру;

жұмысшының жан-жақты дамуына жағдай жасау;

еңбек өнімділігін арттыру.

4. Еңбек психологиясы психология ғылымының төмендегі салаларымен тығыз байланысты:

жалпы психология,

әлеуметтік психология,

педагогикалық психология,

жас кезеңдері психологиясы,

медициналық психология,

арнаулы психология және т.б.

Жоғарыда көрсетілген салалардың әрқайсысы психология ғылымының өзіне тиісті болған аспектін зерттейді (мысалы, медициналық психология – медициналық, әлеуметтік – қоғамдық).

Еңбек психологиясының зерттеу өрісінің тез кеңейуіне байланысты психологтар қазіргі таңда басқа да білім салаларының, әсіресе, социология мен өнеркәсіптік инженерияның теорияларына, түсініктері мен әдістеріне үлкен қызығушылық танытып отыр.

Өнеркәсіп орындарында қызмет ететін социологтар, инженерлер және басқа да мамандар клиенттер мен кәсіпорын басшыларының өте маңызды проблемаларымен жиі кездесіп отырады және оны шешу үшін жеке бір алынған дисциплинамен шектеліп қала алмайды. Сондықтан еңбек психологиясы мынадай ғылымдар және қолданбалы дисциплинамен тығыз байланыста болады:

еңбек физиологиясы – еңбек пен денсаулықтың өзара байланысын, адамның физиологиялық дамуын зерттейді;

социология – еңбек процесіндегі қоғамдық қарым-қатынастарды зерттейді;

еңбек құқығы – еңбек қатынастарының құқықтық реттелу мәселелерін қарастырады;

еңбекті қорғау – еңбек процесіндегі адамның денсаулығы мен қауіпсіздігі мәселелерін қарастырады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Психология ғылымының салалары.

  2. Еңбек психологиясының пәні.

  3. Еңбек психологиясының мақсаты мен міндеттері.



2. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ

2- лекция. Тақырыбы: Еңбек психологиясының әдістері

Жоспары:

1. Еңбек психологиясы әдістерінің классификациясы ( жіктелуі ).

2. Еңбек психологиясы әдістерінің характеристикасы (сипаттамасы).


Лекция мақсаты: Еңбек психологиясының жіктелуі

Лекция мәтіні (қысқаша)

1. Адамның психологиялық ерекшеліктерін білу үшін, осы ғылымның зерттеу әдістерімен танысуымыз керек. Әр ғылымның өзіндік ерекшеліктеріне қарай дербес зерттеу әдісі болады, осы әдістер арқылы сол ғылымның сан алуан заңдылықтарын зерттеуге мүмкіндік туады. Егер ғылымда өзіне тән әдіс, яғни зерттеу әдістері болмаса, ол нағыз ғылым болудан қалады. Басқа да ғылымдар тәрізді психология ғылымының да өзіне тән әдістері бар. Бұл әдістер осы ғылымның көп жылғы даму жолында түрлі тексерулерден өтіп, сұрыпталу арқылы қалыптасқан. Психикалық әрекетті де белгілі мақсатқа байланысты жоспарлап, арнайы белгіленген және мұқият ұйымдастырылған әдістер арқылы зерттейді. Зерттелінетін адамның көп рет қайталанған іс - әрекеттері мен қылықтары, сөз саптауы мен бет пішініндегі мәнерлі қозғалыстары да, бізге оның ойлауы мен сөйлеуінің, сезімі мен еркінің, темпераменті мен мінезінің ерекшеліктерін білуге біршама жәрдемдеседі.

Еңбек психологиясында адам психикасын зерттейтін кеңінен таралған бірнеше әдістер бар. Олар:

эксперимент ( тәжірибе );

байқау;

сұрақ қою;

еңбек әдісі;

алгоритмдік анализ;

құрылымдық әдіс.

2.Тәжірибе – еңбек әрекеттерін психологиялық зерттеудің негізгі әдістерінің бірі.

Тәжірибе жасауда зерттеуші салыстырмалы түрде факторларды бақылауды толық жүзеге асырады, арнайы ұйымдастырылған зерттеу жағдайларын болжайды, психологиялық құбылыстың өзгеруші сыртқы жағдайларға тәуелділігін зерттеуге мүмкіндік жасайды және өзіне қажетті жан қуаттарының көлденеңінен кез болуын күтіп тұрмай, сол процестің тууына өзі жағдай жасайды.

Еңбек психологиясында тәжірибенің мынадай түрлері бар:

лабораториялық - өңделген іс-әрекеттің негізінде;

табиғи – табиғи іс -әрекет негізінде;

ситуациялық – лабораториялық немесе табиғи жағдайлардағы субъективтік іс- әрекетке тән ең маңызды ситуациялардың көрсетілуі негізінде;

қалыптастырушы - әр түрлі психикалық процестердің ерекшеліктерін қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.

Лабораторияда жүргізілген эксперименттің нәтижелілігі мына төмендегі жағайларға байланысты болады:

1.Зерттелетін объекті жөнінде эксперимент жүргізушінің күн ілгері болжамының (гипотезасының) болуы тиіс.

2. Тәжірибе түрінде лайықты жұмыс жағдайын жасау (жазып отыру, инструкциялар т.б. жазу – сызу құралдарымен қамтамасыз ету).

3. Тәжірибені күн ілгері белгіленген жоспар бойынша, арнаулы әдістемеге сай жүргізу.

4. Бір құбылысты бірнеше рет тексеруден өткізіп, оларға сандық және сапалық жағынан дербес талдау жасау.

Жақсы жақтары бола тұра тәжірибеге мынадай кемшіліктер де тән:

нәтижелердің бұрмалануы;

зерттеушінің қатысуы арқылы сыналушының мінез-құлқына әсер ету;

тәжірибені кез-келген зерттеу мәселелеріне қолдануға болмайтындығы.

Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп атайды. Байқау, әдетте, табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінушінің мимикасын ( бет құбылысын ), сөз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, мінез-құлықын, жалпы әрекетін байқауға болады. Сондай-ақ адамның ерік күшін, сезім ерекшеліктерін, темпераменті де байқау әдісі арқылы ажыратылады.

Ғылыми зерттеу жұмыстарының түрлі ерекшеліктеріне қарай байқау әдісінде кейде аспаптарда қолданылады. Мәселен, зерттелінетін объектіні суретке түсіру үшін – фотоаппараттар, зерттелінуші адамның сөз тіркестерін жазып алып, кейін оны пластинка бойынша қайтадан жаңғырту үшін магнитофон т. б. пайдаланылады.

Еңбек психологиясы саласында байқау әдісі адамның мінез-құлқын анализ жасауда, адам еңбегін бақылау барысында, бірдей жағдайдағы әр түрлі адамдардың мінез-құлқын бақылау үшін қолданылады.

Байқау әдісінің кемшіліктері:

селқостық, енжарлық;

сырттай қараушылық.

Байқау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін қолданылатын қажетті кейбір шарттар:

1.Байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі бірнеше рет қайталанып зерттелінуін қамтамасыз ету;

2. Зерттелетін объектіні айқын белгілеу және байқаудың мақсатын түсіне білу қажет.

3. Байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, зерттелушінің сөз реакцияларын стенографиялау; кейін оған мұқият талдау жасау; басты фактілерді іріктеп алу – осы әдіске қойылатын негізгі талаптардың бірі.

4. Асығыс жинақтап қорытынды жасауға жол бермеу;

5. Зерттеу барысында басқа да зерттеу әдістерін үйлесімді пайдалана білу.


Сұрақ - жауап - сұрақтарға жауап беру арқылы алынған ақпараттар жиынтығы бойынша қорытынды жасайтын психологиялық зерттеу әдісі.

Сұрақ – жауап әдісі мынадай жағдайларда қолданылады:

егер де ескерілген факторды бақылау жасау жақсы нәтиже бермесе;

зерттеліп жатқан факторды мұқият есепке алу ұзақ мерзімді және күрделі зерттеуді қажет еткен жағдайда;

басқа әдістер жеткілікті дәрежде толық мәлімет бере алмаса.

Сұрақ – жауап әдісінің түрлеріне сауалнама, интервью, әңгімелесу, социометриялық сұрақ – жауап әдістері жатады.

Сауалнама әдісі бойынша кісі күні бұрын парақтарға жазылып қойылған сұрақтарға жазбаша жауап қайтарады. Осы әдіспен әр түрлі топтың, ұжымның, оның жеке өкілдерінің психологиялық ерекшеліктері ( талап – тілегі, мақсат – мүддесі, талғам – мұраты, қызығуы, бейімділігі т.б. ажыратылады).

Интервью – мазмұны мен сұрақтары алдын ала жоспарланған ( әңгімелесу) сұхбат.

Әңгімелесу әдісі - психолог белгілі бір жоспар бойынша зерттелінуші адамның жас ерекшелігіне, білім көлеміне қарай күні бұрын әзірленген сұрақтар қояды, зерттелінушіге күдік тудырмау мақсатында әңгіме көбіне жанама түрде ұйымдастырылады, мұнда сөйлесу әдісіне ерекше мән беріледі. Зерттелушінің берген жауабы жазылып алынып, кейіннен мұқият талданады да, соған орай тиісті қорытынды жасалады.

Социометриялық әдіс - топтық еңбек әрекеттерінің ерекшеліктерін сипаттайтын, аясы шектеулі мәселелерді шешуге бағытталған әдіс түрі.

Сұрақ – жауап әдісінің нәтижелі өтуі үшін қажетті шарттар:

сұрақ – жауап тым күрделі болмауы қажет;

сұрақтар зерттелушіге түсінікті болуы қажет;

жауаптардың сипатын алдын ала анықтап беретін жетекші сұрақтар болмауы қажет;

жауап беруші сұрақ - жауаптың орынды екендігіне сенімді болуы қажет;

жауаптардың жағымсыз салдарларынан қорықпау қажет;

мүмкіндігінше сұрақ – жауап (аноним) жасырын түрде өткізілуі қажет.

Еңбек әдісі – нақты еңбек әрекеті негізіндегі тәжірибенің әр түрі.

Әдістің мәні – зерттеуші кәсіпті өзі меңгеріп, оған өзінің жеке көзқарастары мен алған әсерлері негізінде сипаттама береді.

Еңбек әдісі кәсіптерді меңгеру барысындағы қиындықтарды анықтап, іштей терең талдау жасап шығады.

Алгоритмдік анализ - алгоритмнің логикалық сызбасымен құрылған және әрекеттің алгоритмдік сипаттамасына негізделіп алынған мәліметтерді реттеу тәсілі.

Алгоритм - белгілі бір кластың мәселесін шешуге мүмкіндік беретін, қатаң түрде алдын-ала белгіленген операциялардың жүйелілігі.

Алгоритмдік анализдің беретін мүмкіндіктері:

әрекеттердің жиынтығын ықшам формада көруге;

әрекеттердің заңды байланыстарын ашуға;

Құрылымдық әдіс А. И. Губинский тарапынан ұсынылды.

Әдістің мәні - еңбек әрекеті негізгі және көмекші (жанама) операциялардан тұратын құрылым ретінде сипатталады.

Құрылымдық әдістің кемшіліктері:

құрылымның сыртқы орта факторларына тәуелділігін орнату қиындықтары:

ой әрекетін «алгоритмдік» түсіндірудің болмауы. Бұл оның құрылымын сипаттауға мүмкіндік бермейді.

Бақылау сұрақтары:

1. Еңбек психологиясы ғылымның зерттеу әдістері.

2. Еңбек психологиясында адам психикасы

3. Лабораторияда жүргізілетін эксперимент

4. Байқау әдісінің кемшіліктері


3. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ

3- лекция. Тақырыбы: Ертедегі және феодализм дәуіріндегі еңбек туралы

ұғымның дамуының бастапқы кезеңі

Жоспары:

1. Ертедегі еңбек туралы психологиялық білім.

2. Еңбек туралы ұғымға идеологияның әсері.


Лекция мақсаты: Еңбек туралы психологиялық білім қалыптастыру.

Лекция мәтіні (қысқаша)

1. Ертеде және феодализм дәуірінде еңбек туралы білімдер мынадай жазбаша емес тәсілдермен назарға алынған:

мифологиялық білім:

көп құдайлар еңбек әрекетімен байланысты болған (жүзім, егін шаруашылығы құдайлары);

еңбек құралдарын табиғаттан тыс тылсым күштермен байланыстырған;

ертегілер, аңыздар, ырым дуалары:

шебер- Марья образы;

Василиса сұлу образы.

бейнелеу тәсілдері: жануарлар бейнелері (аңшылық объекті), аңшылық құру сценалары;

өлеңдер мен ырғақтар - адамның еңбектегі жай-күйін басқару құралы; ырғақ өндірістік әрекетте және одан тыс жерде ерекше көңіл-күйді жаратудың маңызды шарты ретінде қаралады;

халық мақал-мәтелдері:

«Еңбексіз өмір жоқ,

Ауырсыз жеңіл жоқ» - еңбектің міндеттілігін дәлелдейді;

« Бақыттың кілті еңбекте» - еңбектің адам өміріндегі маңыздылығы;

«Көңілсіз бастаған іс көпке бармайды» - еңбек өнімсіздігін қаралау және т.б.

Барлық мифтер мен мақал-мәтелдердің мәні еңбекке деген құрметке тәрбиелеу.

2. Еңбек туралы ұғымға идеологиялық және діни тұжырымдамалар да әсерін тигізді:

қазіргі заманғы европа-америкалық мәдениет көп жағдайда реформация идеяларына негізделген:

жұмысшы өзінің еңбектегі ролін жоғарыдан берілген борыш (құдайдан) деп сезінеді;

өте ынталы орындау міндеттері қызметтік борыш ретінде қаралады.

Бақылау сұрақтары:

1. Еңбек туралы ұғымның дамуы.

2. Ертедегі және феодализм дәуірі.

3. Халық мақал-мәтелдері маңызы.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Похожие:

«Филология және психология» факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы “ icon«Педагогика және психология» кафедрасы
Пәннің оқу-әдістемелік кешені Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінде Психология және педагогика факультетінің Психология...
«Филология және психология» факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы “ icon“Филология және психология” факультеті
Педагогика және психология” мамандығының 4-курс студенттеріне 8 семестрде “Этнопедагогика” пәніне типтік оқу жоспарына сәйкес 2-кредит...
«Филология және психология» факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы “ icon«жалпы психология» кафедрасы «бекітемін» ҒЖ және хб жөніндегі проректор
В050300 -«Психология» мамандығының Жалпы психология және Психология, Жас ерекшелік психология пәндердің типтік бағдарламалары негізінде...
«Филология және психология» факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы “ icon5В010300-«Педагогика және психология» мамандықтарына «Психология тарихы» пәні бойынша
Психология-педагогика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде талқыланды: хаттама №6, 20. 06. 2012 ж
«Филология және психология» факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы “ iconПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені курс – 2 Семестр – ІІІ кредит саны – 2
«Психология және педагогика» факультетінің «Психология және әлеуметтік педагогика» кафедрасында құрастырылған типтік оқу бағдарламасы...
«Филология және психология» факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы “ iconОсновная образовательная программа подготовки специалиста по специальности «050706-Педагогика и психология»
«050703 — Дошкольная педагогика и психология с дополнительной специальностью «Педагогика и психология»
«Филология және психология» факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы “ iconҚолы аты-жөні
Пәннің әдістемелік кешені Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогика университетінде психология және педагогика факультетінің Психология...
«Филология және психология» факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы “ icon«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандыќтыњ типтік оќу жоспары жєне Ќр бѓМ 11. 05
«Филология және психология» факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы “ iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені курс – 2 Семестр – ІV кредит саны – 3
Пәннің оқу-әдістемелік кешені Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінде Психология және педагогика факультетінің Психология...
«Филология және психология» факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы “ icon6М010300 «Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім магистрі академиялық дәрежесін алу үшін
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница