Іс қАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу пәні бойынша




НазваниеІс қАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу пәні бойынша
страница20/24
Дата конвертации06.02.2016
Размер3 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://kti-tjm.kz/public/uploads/kontrolnie_zadania/3_kyrs/osnovai_prava__5_let_obychenia.doc
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

Сенімхаттың құрылымы:

Ең алдымен жолдың ортасынан "Сенімхат" деген сөз жазылады. Сосын айы, күні жылы және мекенжайы көрсетіледі. Содан кейін азат жолдан сенімхаттың мәтіні жазылады. Онда сенім білдірушінің және сенім білдірілген тұлғаның аты-жөні, мекенжайы, жеке басы куәлігінің нөмірі мен берілген орны және орындалуға тиісті іс-әрекет жазылып, сенім білдірушінің қолы койылады. Осыдан кейін сенімхат нотариалдық кеңседе куәландырылады.

__________________________________________________________________

сенім білдірілген тұлға — доверенное лицо

сенім білдіруші — доверитель

жеке тұлға - физическое лицо

ресми сенімхат — официальная доверенность

жеке сенімхат - личная доверенность

күшін жою - терять силу

жеке басы — личность

іс-әрекетке қабілеттілік — дееспособность

мемлекеттік салық — государственная пошлина

мәміле жасау — совершать сделки


1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Сенімхат қандай құжат ?

  2. Сенімхаттың неше түрі болады ?

  3. Ресми сенімхаттың жеке сенімхаттан айырмашылығы неде ?

  4. Жеке сенімхат қандай іс-әрекеттері орындауға беріледі ?

  5. Сенімхат қандай мерзімге дейін өз күшін сақтайды ?

  6. Қандай жағдайда ол өз күшін жояды ?

  7. Сенімхат қайда куәландырылады ?

  8. Нотариус сенімхатты қалай куәландырады ?

  9. Сенімхаттың құрылымы қандай ?


2-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Нотариалдық кеңсе, мөр басу, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілік, сенімхатты куәландыру, сенім білдірілген тұлға, материалдық құндылықтар, белгілі бір мерзім, хат-хабар алу, іс жүргізу, құқық беру, өз күшін сақтау, сенім білдіруші, жеке адам, қол қою, салық алу, жеке басын анықтау, есептерді пай-далану.


3-жаттығу. Сенімхат үлгісімен танысыңыз


СЕНІМХАТ

2006 жылғы 20 қаңтар, Алматы қаласы

Мен, азамат Жұбанов Қайрат, мекенжайым: Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 16-үй, 25-пәтер, Қазақстан Республикасының ІІМ 1995 жылғы 12 наурызда берген жеке куәлігімнің № 645782131, Алматы қаласы, Абай даңғылы 56-үй, 45-пәтерде тұратын азамат Ержанов Асылбектің, Қазақстан Республикасының ІІМ 1998 жылғы 14 қарашада берген жеке куәлігінің № 925168111, Алматы қаласы, Гагарин даңғылы, 34 мекенжайындағы үйімді сату ісін жүргізуге сенім білдіремін.

Бұл үшін азамат Ержанов Асылбекті менің атымнан мәміле жасауға; анықтамалар мен кұжаттар алуға; менің орныма қол қоюға өкілетті етемін.

Сенімхат 2007 жылдың 20 сәуіріне дейін берілген


2006 жылғы 20 қаңтар қолы ________________


Осы сенімхатты 2006 жылғы 20 қаңтарда мен, Бижанова Алмагүл, Алматы қаласындағы лицензия № 001911 "Сенім" нотариалдық кеңсенің нотариусы, куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат Жұбанов Қайрат қол қойды.

Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексерілді. Сенімхат мәтіні дауыстап оқылды, № 22 тізбеге тіркелді. Мемлекеттік салық алынды: 300 (үш жүз) теңге.


Нотариус қолы _________________

мөр орны


4-жаттьну. Мәтін бойынша сұрақтардың жауаптарын жазыңыз.

1. Сенімхатта сенім білдіруші кім ?

2.Сенім білдіруші кімге сенім білдірген ?

3. Қандай іс - әрекетке сенім білдірген ?

4. Нотариалдық кеңседе сенімхат қалай куәландырылған ?


5-жаттығу. Сенімхат үлгілерімен танысыңыз.

Пәтерді жекешелендіру жөніндегі

СЕНІМХАТ

2006 жылғы 7 каңтар, Аякөз қаласы

Мен, азамат Өмірбеков Нұрқанат, мекенжайым: Аякөз қаласы, Пушкин көшесі, 22-үй, 14-пәтер, Қазақстан Республикасының ІІМ 1993 жылғы 25 қазанда берген жеке куәлігімнің № 525821322, Аякөз қаласы, Абай көшесі, 31-үй, 54-пәтерде тұратын азамат Сапарбеков Нұржан Омарбекұлына, Қазақстан Республикасының ІІМ 1995 жылғы 21 ақпанда берген жеке куәлігінің № 16235489, Аякөз қаласы, Пушкин көшесі, 22 мекенжайындағы пәтерімді жекешелендіруге сенім білдіремін.

Бұл үшін азамат Сапарбеков Нұржан Омарбекұлын менің атымнан өтініш жазуға; қажетті құжаттарды алуға; оларды мемлекеттік органдарға тіркеуге; мүлік иесі ретінде мені салық инспекциясына белгілеуге; аталған тапсырмаларды орындауға қатысты барлық құжаттарға менің орныма қол қоюға өкілетті етемін.

Сенімхат 2 айға дейін өз күшінде.

2006 жылғы 7 қаңтар қолы

Осы сенімхатты 2007 жылғы 7 қаңтарда мен, Жолдасов Арман, лицензия № 001445 "Сенім" нотариалдық кеңсесінің нотариусы куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат Өмірбеков Нұрқанат қол қойды.

Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексерілді. Сенімхат мәтіні дауыстап оқылды, № 11 тізбеге тіркелді. Мемлекеттік салық алынды: 300 (үш жүз) теңге.

Нотариус қолы

мөр орны


СЕНІМХАТ

2007 жылғы 25 сәуір, Алматы қаласы

Мен, сүт өнімдерін өндіретін "Агропродукт - Асептик" ЖШС-ның президенті, Ербол Алтайұлы аталған кәсіпорынның менеджері Бақыт Сағатұлына (жеке куәлігінің № 00144115, мекенжайы — Алматы қаласы, Достық даңғылы, 315-үй, 78-пәтер) Семей қаласындағы "Айналайын" ААҚ-мен мәміле жасауға сенім білдіремін.

Бүл үшін менеджер Бақыт Сағатұлына менің орныма қол қоюға; мәміле барысында келісімшарт талаптарына қажетті өзгерістер енгізуге құқық беремін. Осы сенімхат бойынша өкілдікті басқа тұлғаларға беруге болмайды.


Сенімхат 15 күнге берілді.

2007 жылғы 25 сәуір қолы


Осы сенімхатты 2007 жылғы 25 сәуірде мен, Досанова Айна, лицензия № 00255 "Айқын" нотариалдық кеңсенің нотариусы, куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат Ербол Алтайұлы қол қойды. Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексерілді. Сенімхат мәтіні дауыстап оқылды, № 21 тізбеге тіркелді. Мемлекеттік салық алынды: 300 (үш жүз) теңге.

Нотариус қолы


мөр орны


6-жаттығу. Екі қатарды сәйкестендіріңіз.

сенімхат 4 айға дейін құқығын бердім

нотариалдық кеңсенін қабілеттілігі

менің қатысуым тіркелді

қол қою алынды

өтініш жазуға дауыстап оқылды

құқықтық іс-әрекетке өкілетті еттім

тізбеге кезінде

салық нотариусы

сенімхаттың мәтіні өз күшінде


7-жаттығу. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыз.

Сенімхат жазу, сенімхатты куәландыру, сенімхатпен танысу, сенімхаттың мәтіні, сенімхатқа қол қою, сенімхатта көрсету, сенімхаттан бас тарту. Сенімхаттағы модельді есте сактаңыз: Қ. Досановты менің атымнан өтініш жазуға өкілетті етемін Қ.Досановқа менің атымнан өтініш жазуға құкық беремін.


8-жаттығу. Мәтіндегі қателерді түзетіңіз.

СЕНІМХАТ

Өскемен қаласы

Мен, жолдас Бақытов Қайрат, жеке куәлігінің № 49001224, мекенжайым — Өскемен қаласында, Бейбітшілік көшесінде, 32-үйде, 63-пәтерде, Өскемен қаласы, Болашақ көшесі, 78-үй, 2-пәтерде тұрған жолдас Саттаров Еркін Абылайұлына барлық мекемелерде менің істерімді жүргізуге рұқсат білдіремін.

Бұл үшін азамат Сатаров Еркін Абылайұлына менің атымнан қол қоюға; банктегі есептерімді пайдалануға; тиісті құжаттарды рәсімдеуге; келісімшарттар жасауға мүмкіндік беремін.

Сенімхат 15 күнге дейін шын мәнін сақтайды.

1999 жылғы 12 сәуір қолы


Осы сенімхатты 2007 жылғы 12 сәуірде мен, Исабекова Алтынай, тіркедім. Сенімхатқа менің көзімше азамат Ербол Алтайұлы қол қойды.

Сенім білдірушінің жеке басы тексерілді, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексерілді. Сенімхат мәтіні қатты оқылды, № 5 тізбеге жазылды. Мемлекеттік ақша алынды: 300 (үш жүз) теңге.

Нотариус қолы

мөр орны


9-жаттығу. Жағдаятар бойынша сенімхат жазыңыз.

  1. Машина жүргізу құқығын беру туралы

  2. Тұрғын үйді сату құқығын беру туралы

  3. Мәміле жасау құқығын беру туралы



ХАБАРЛАМАХАТ


Хабарламахат — қызметтік хаттардың бірі. Ол қандай да бір жағдайды хабарлау үшін немесе қандай да бір міндеттердің орындалмағанын ескерту үшін жіберіледі. Хабарламахатта, ең бірінші, кімге екені жазылады. Сосын жолдың ортасынан «хабарламахат» деген сөз және азат жолдан хабарламахаттың мәтіні жазылады. Соңында хабарламахатты жіберушінің аты-жөні көрсетіледі.


1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Хабарламахат қандай жағдайда жазылады?

2.Оның құрылымы қандай?


2-жаттығу. Хабарламахатты оқыңыз.

Астана қаласы, С.Сейфуллин көшесі,

15-үй, 45 пәтерде тұратын Д. Қайратұлына


Хабарламахат

2006 жылдың 20 наурызында жасалған келісімге сәйкес Сіз электр энергиясын пайдалану төлемақысын ай сайын төлеп тұруға міндеттенгенсіз. Алайда келісімнің талаптары орындалмай отыр. 2006 жылдың 1 сәуіріне дейінгі сіздің қарызыңыз 180 000 (жүз сексен мың ) теңге.

Егер осы жылдың 15 сәуіріне дейін қарыз төленбесе, біз өз тарапымыздан электр энергиясымен қамтамасыз етуді тоқтатамыз.

Сондай – ақ, қарыз төленбеген жағдайда, сізге қатысты іс қозғалатынын және сот ісіне қатысты шығынды Сіз төлейтініңізді ескертеміз.


«Астана-энерго» ААҚ президентінің

орынбасары Б.Жұманов

2006 жыл 20 наурыз.


3-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Келісімге сәйкес, ай сайын, төлеп тұруға, міндеттену, келісімнің талаптары, сіздің тарапыңыздан, сіздің қарызыңыз, қарызыңыздың көлемі, өз тарапымыздан, іс қозғау, сот ісіне қатысты шығын.


4-жаттығу. Тиісті сөздерді жазыңыз.

1. Хабарламахат С.Сейфуллин көшесі, 7-үй, 15-пәтерде тұратын ...... жіберілген.

2. Өзара келісімшарт 2003 …. 14 ..... жасалған.

3. Келісімнің .........А. Жақыпұлы орындамай отыр.

4. Оның ........... көлемі 120 000 теңге.

5. Қарыз төленбеген жағдайда А. Жақыпұлына қатысты іс..........

6. Сот ісіне қатысты ....... А. Жақыпұлы төлейді.

7.Сондай-ақ, кәсіпорын ............. электр энергиясы тоқтатылады.


5-жаттығу. Хабарламахат үлгісімен танысыңыз.


«Адал» ААҚ- ның президеті

Б.Серікбаев мырзаға


Хабарламахат

2006 жылдың сәуірінде жасалған келісімшарт бойынша «Адал» акционерлік ашық қоғамы «Қарлығаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне әр айдың бесінші күні шикізат жеткізуге міндеттенген болатын.

2006 жылдың шілде, тамыз айларында «Адал» ААҚ келісімде көрсетілген мерзімде шикізат жеткізбегендіктен, 500 000 (бес жүз мың) теңге зиян шектік.

«Қарлығаш» акционерлік қоғамы 2006 жылдың 15 қыркүйегінен бастап өзара жасалған келісімшарттан бас тартатынын мәлімдейді.

«Қарлығаш» ЖШС – ның президенті Р. Бекболатова.

2006 жылғы 25 қараша

6-жаттығу. Хабарламахат бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Хабарламахат кімге арналған ?

  2. Екі кәсіпорын арасындағы келісімшарт қай кезде жасалған ?

  3. Келісімшарт бойынша "Адал" ААҚ кандай міндеттеме алған ?

  4. "Қарлығаш" ЖШС неліктен 500 мың теңге зиян шекті ?

  5. «Қарлығаш» акционерлік қоғамы неден бас тартатынын мәлімдеді ?

  6. Хабарламахатты кім жіберген ?

7-жаттығу. Сәйкестендіріңіз.

келісімшарт жеткізу

шағын шегу

шикізат бас тарту

зиян мерзімде

келісімшарттан бойынша

көрсетілген кәсіпорын

8-жаттығу. Хабарламахат үлгісімен танысыңыз

Алматы қаласы, Әуезов көшесі,

45 үй, 18 пәтерде тұратын

Б. Қадыров мырзаға


Хабарламахат

2006 жылдың 25 тамызында жасалған келісімшарт бойынша Сіз қызыңыз Айман Қадырованың оқуы үшін жыл сайын әр семестр аяғына дейін 170 мың теңге төлеуге міндеттенген болатынсыз.

2006 – 2007 оқу жылындағы 3 семестрдің төлемақысы келісімде көрсетілген мерзімде төленбегендіктен, қызыңыз Айман Қадырова сессияға жіберілмейді.

1 ай мерзім ішінде оқу төлемақсы төленбесе, қызыңыз Айман Қадырованың оқудан шығарылатынын мәлімдейміз.

Абылай хан атындағы Қаз ХҚ және

ӘТУ – нің ректоры С.А. Қалиев

2006 ж., 20 ақпан


келісімшарт бойынша — по договору

міндеттену — обязываться, взять обязательство

зиян шегу — понести убыток

бас тарту — отказываться

9-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Хабарламахат кімге жіберілген ?

  2. Келісімшарт қашан жасалған ?

  1. Келісімшарт бойынша Б.Кеңесбаев қандай міндеттеме алған ?

  1. Неліктен А.Кеңесбаева қысқы сессияға жіберілмейді ?

  2. Университет ректоры Б.Кеңесбаевқа не туралы мәлімдейді ?

  3. Хабарламахатты жіберуші кім ?


10-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз

Шикізат жеткізу, міндеттеме алу, келісімшарт бойынша, көрсетілген мерзім, келісімшарттан бас тарту, Оспанованың оқуы үшін, хабарламахат жіберу, сессияға жібермеу, оқудан шығару, хабарламахат алу, хабарламахат арқылы хабарлау.


Грамматикалық минимум


  1. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем. Неліктен ? Не себепті?

Етістіктің ған

бұйрық + (ген) + дықтан

райы (қан) (діктен)

(кен)

Мысалы: Бәрі жиналған + дықтан, жиналыс уақытында өтті.

Бәрі жиналмаған + дықтан, жиналыс уақытында өтпеді.


11-жаттығу. Жай сөйлемдерден себеп бағыныңқылы құрмалас сөйлемдер құрастырыңыз.


Үлгі: Кәсіпорын өкілі келмегендіктен, келісімшарт жасалмады.

1. Кәсіпорын өкілі келмеді. Сондықтан келісімшарт жасалмады.

2. Ол оқу төлемақысын төлемеді. Сондықтан оқудан шығарылды.

3. Сенімхат нотариалдық кеңседе куәландырылмады. Сондықтан ол өз күшін жояды.

4. Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шықпады. Сондықтан мен жұмысқа әлі кіріскен жоқпын.

5. Олар шикізатты уақытында жеткізбеді. Сондықтан біз келісімшарттан бас тартамыз.

6. Сіздің тарапыңыздан талапарыз түспеді. Сондықтан біз ешқандай шара қолдана алмаймыз.

7. Келісімшарт талаптары орындалмады. Сондықтан біз сотқа талапарыз жаздық.


12-жаттығу. Сәйкестендіріңіз.

  1. Оның еңбекақысы жоғары — кездесу ұзаққа созылмады
    болғандықтан.

  2. Олар кездесуге уақытында — қазір осы мәселені көтеріп келгендіктен. отырмыз

  3. Біз бұрын фирма басшысына — басқа қызметке ауыспады
    өтініш білдіргендіктен

  4. Кейбір қызметкерлер жұмыс — қала әкімі мәжіліске кешігіп келді
    тәртібін ұдайы бұза бергендіктен

  1. Ол келесі жылы зейнеткерлікке – оған үстемақы қоспады шығатындықтан

  2. Қабылдауда адамдар көп – біріші рет ескертулер алды болғандықтан



13-жаттығу. Сөздерді ретімен орналастырыңыз.

  1. Жүргізілуге тиіс, арқылы төлемақы, оқу үшін, "Бақыт" коммерциялық банкі.

  2. Біз, міндеттенеміз, тауарды, уақытында, көрсетілген, жеткізуге.

  3. Талаптар, сәйкес келеді, 1998 жылғы 18 наурызда,
    келісімшартка, қол койған.

  4. Келісілген, төленбеген, сома, жағдайда, талапарыз, сотқа,
    мәжбүр, беруге, боламыз.

Грамматикалық минимум

Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем. Қайтсе ?

Етістіктің жіктік

бұйрық + са, се, + жалғауы

райы

Мысалы: Келісімшарт талаптарын толық орындасаңыз, біз келісімшарт мерзімін ұзартамыз.

1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

Похожие:

Іс қАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу пәні бойынша iconТаңдамалы пән: Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу” пәнінің жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылған
Іс қАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу пәні бойынша iconПавлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев іс қАҒаздарын жүргізу мемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінен студенттерге арналған оқу құралы
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің филология, журналистика және өнер факультетінің
Іс қАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу пәні бойынша iconМазмұны
«Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар
Іс қАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу пәні бойынша iconҚазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алдиярова Күлайым
Бұл оқу жұмыс бағдарламасы Сіз үшін арнайы жасалынған. Бағдарламадағы барлық тармақтармен мұқият танысыңыз. Сіз бұл бағдарламадан...
Іс қАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу пәні бойынша iconМемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінен сырттай оқу бөлімінің студенттеріне арналған бақылау жұмысына әдістемелік нұсқау Павлодар
«Мемлекеттік тілде іс жүргізу» пәні бойынша бақылау жұмысына әдістемелік нұсқау ретінде сырттай оқу бөлімінің барлық мамандықтарының...
Іс қАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу пәні бойынша iconҚазақ ЖӘне латын тілдері кафедраСЫ
...
Іс қАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу пәні бойынша iconҚазақ ЖӘне латын тілдері кафедраСЫ
...
Іс қАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу пәні бойынша iconҚазақ ЖӘне латын тілдері кафедраСЫ
...
Іс қАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу пәні бойынша iconҚазақ тілі кафедрасы бойынша қазақ тілі, кәсіби қазақ тілі, іскери қазақ тілі, мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәндерінің сипаттамасы
Грамматикалық және лексикалық дағдыларын автоматтандыру; сұхбат құру, әңгімелесу дағдыларын дамыту; мәтін оқу, мазмұндау дағдыларын...
Іс қАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу пәні бойынша iconОқу орыс тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептердің қазақ тілі пәні бойынша Білу керек
Бұл жоба арқылы қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізудің маңызын, оның бағыт-бағдарын анықтауды, қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізуді...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница