Скачать 0.55 Mb.
|
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігі Маңғыстау облыстық медицина колледжі «Бекітемін» Директордың ОЖЖ орынбасары _______ Джаумытбаева О.С. «_____» ____________ 2012ж Жұмыс бағдарламасы Пәннің аты: «Акушерия және гинекология» Мамандығы: 0301000 «Емдеу ісі» 0301013 «Фельдшер» біліктілігі (2010 жылдың МЖМБС-на сәйкес типтік оқу бағдарламалары негізінде құрастырылды) Пәнге бөлінген сағат саны: 130 Теория: 40 сағат Практика: 90 сағат VI семестр барлығы Теория - 10 сағат, Практика – 30 сағат VIІ семестр барлығы Теория - 16 сағат, Практика – 30 сағат VIІІ семестр барлығы Теория - 14 сағат, Практика – 30 сағат Семестрлер бойынша білімді бақылау түрлері: VIІІ семестр мемлекеттік емтихан Жаңаөзен қаласы 2012 жыл Дайындаған оқытушы: Бисембаева А.К. Пән бойынша рецензия Берген оқытушы: _________ «Қаралды» «Келісілді» №1 ЦӘК мәжілісінде Директордың ӘЖЖО «____» _____ _____ жыл _____ Құлбалаева А.Е. ЦӘК төрайымы: ____ Бисембаева А.К. «____» _____ _____ жыл Түсіндірме жазба 0301000 - «Емдеу ісі» мамандыгы 0301013 - «Фельдшер» біліктілігі бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (бұдан әрі - МЖМБС) енгізуге байланысты «Акушерия және гинекология» пәні бойынша жаңа үлгілік оқу бағдарламасы құрастырылды. «Акушерия және гинекология» пәнін оқу босандыру мекемелерінде өздігінен жұмыс істей алатын жалпы практика фельдшерлерін даярлауға арналған және ол болашақ мамандардың кәсіптік құзыреттіліктерін қалыптастыру бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Үлгілік оқу бағдарламасында фельдшер құзыреттілігін ескере отырып әйелдерге медициналық қызмет көрсетудегі профилактикалық шаралардың принциптеріне, «Халықтың денсаулығы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, ана мен бала денсаулығын қорғау туралы заңнамалық және нормативті-құқықтық кұжаттамаларға, этикалық және құқықтық нормаларды, ауруханаішілік инфекциялардың алдын алуды және жүкті әйелдерге, босанатын және босанған әйелдерге күтім жасау мәселелерін білуге аса назар аударылады. Пәннің құрамына мына тараулар кіреді: - Қазакстанда акушерия-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру; - ауруханаішілік инфекцияның алдын алу мәселелері; - физиологиялық акушерия; - патологиялық акушерия; - шүғыл көмек көрсету әдістері, гинекологиялық аурулардың алдын алу әдістері. Пән басқа клиникалық пәндермен интеграцияны қарастырады: акушерия мен гинекологиядағы мейірбике ісі, ішкі аурулар пропедевтикасы, ішкі аурулар, педиатрия, хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі және тағы да басқа жалпы кәсіптік пәндер. МЖМБС - на сәйкес білім алушылардың базалық, кәсіптік және арнайы құзырлықтарын қалыптастыруға арналған модульдік оқудың құрылымы енгізілген. Оқу жұмыс бағдарламасын құрастырғанда білім беру ұйымы пәнді оқыту бойынша үлгілік оқу бағдарламасында циклге бөлінген оқу уақытының көлемін сақтай отырып қазіргі заманға сай оқу технологиясын қолдана отырып 15-25%-ке дейін өзгертуге құқылы (ҚР МЖМБС 4.05-2008 «Орта білім. Техникалық және кәсіптік білім беру. Негізгі ережелер»). Сабақты өткізу формалары: - сабақтар оқу орнының сабак кестесі бойынша жүргізіледі (теориялық, практикалық және жеке); - білім алушылардың сабақтан тыс уакытта ез бетінше дайындалуы. Пәнді оқытудың жоспарланған нәтижелері
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Пән: «Акушерия және гинекология» Мамандығы: 0301000 «Емдеу ісі» 0301013 «Фельдшер» біліктілігі VI семестр
|
![]() | Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігі Бұл медицина мен денсаулық сақтау саласындағы көптеген есептерді (айырып білу, емдеу, алдын алу, сондай–ақ ағза мүшелері мен ұлпаларының... | ![]() | Осы ұжымдық келісім-шарт Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Кәсіподақ Бірінші тараптан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті»... |
![]() | Регламент электрондық денсаулық сақтау үдерістерінде дербес медициналық деректердің құпиялығын қамтамасыз ету, дербес медициналық деректерден тұратын электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділік құқықтарын шектеу жөніндегі негізгі талаптарды, «Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы... | ![]() | Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы акушерия және гинекология курсымен амсж кафедрасы СӨЖ (реферат) Тақырыбы: Атмосфераның, гиросфераның, топырақтың ластануы. Мекендеу ортасында ластанудағы өзара әрекеттесу және тасымалдау |
![]() | Акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Ресубликасы Кодексінің 32-бабына сәйкес акушерлік-гинекологиялық... | ![]() | Курсы және оқу семестрі 3 курс, 5 Семей 2013 Силлабус қоғамдық денсаулық сақтау пәніне арналған жұмыс бағдарламасы негізінде 5В110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы... |
![]() | Қазақстан республикасының мемлекеттік жалпығА Р денсаулық сақтау министрлігі Медицина білімі мен ғылымының инновациялық технологиялар Республикалық орталығының медициналық және... | ![]() | Қазақстан республикасының мемлекеттік жалпығА Р денсаулық сақтау министрлігі Медицина білімі мен ғылымының инновациялық технологиялар Республикалық орталығының медициналық және... |
![]() | Қазақстан республикасының мемлекеттік жалпығА Р денсаулық сақтау министрлігі Медицина білімі мен ғылымының инновациялық технологиялар Республикалық орталығының медициналық және... | ![]() | Лекция кешені Кредит 1 Тақырып 1: Денсаулық және денсаулық сақтау қазақ қоғамының және мемлекетінің артықшылығы мен қымбат жүйесі ретінде. ҚР денсаулық... |