«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы»




Название«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы»
страница1/6
Дата конвертации13.02.2016
Размер0.9 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.minplan.kz/upload/iblock/a61/ZAN.doc
  1   2   3   4   5   6


Жоба


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ЗАҢЫ

 

 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

  1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат):

1) 47-бап мынадай редакциядағы екінші бөлікпен толықытырылсын:

«Ескерту әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бірiншi рет жасаған шағын кәсіпкерлік субъектілерге залал келтірген жағдайда қолданылады.»;

2) 157-1-бап алып тасталсын;

3) 163-баптың сегізінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:

«8. Балалар мекемелерiнде, білім беру ұйымдарында - лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соғады.»;

4) 206-бап келесі редакциядагы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:

«8. Жеке кәсіпкерлік субъектілердің жұмыскерлердің саны туралы ақпаратты салық есептілік құжаттарында табыс етпеуі немесе дұрыс емес табыс етуі –

дара кәсiпкерлердің лауазымды адамдарына, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға - отыз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық бec, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпiс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

5) 235-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«235-бап. Белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген немесе мемлекеттік сәулет-құрылыстық бақылау және қадағалау органын хабарландырмай объектілерді салу, қайта жаңғырту және күрделi жөндеу болмаса құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзуді бастағандығы туралы уақытылы хабарландыруды қамтамасыз етпеу

1. Белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген немесе мемлекеттік сәулет-құрылыстық бақылау және қадағалау органын хабарландырмай объектілерді салу, қайта жаңғырту және күрделi жөндеу болмаса құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзуді бастағандығы туралы уақытылы хабарландыруды қамтамасыз етпеу, -»;

6) мынадай редакциядағы 258-1-баппен толықтырылсын:

«258-1-бап. Геодезиялық және картографиялық қызметті атқару кезінде қойылатын талаптарды бұзу

Геодезиялық және картографиялық қызметті атқару кезінде қойылатын талаптарды бұзу, -

жеке тұлғаларға ескерту немесе онға дейінгі көлемде, лауазымды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан қырыққа дейінгі көлемде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсіздік), -

жеке тұлғаларға елуге дейінгі көлемде, лауазымды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі көлемде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден бес жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

7) 295-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«295-бап. Өсiмдiктер өсетiн жерлер мен жануарлардың тiршiлiк ортасын қорғау ережелерiн, зоологиялық коллекцияларды сақтау, есепке алу және пайдалану ережелерiн бұзу, сол сияқты жануарларды заңсыз қоныс аударту, жерсiндiру, керi жерсiндiру мен шағылыстыру

1. Өсiмдiктер өсетiн жерлер мен жануарлардың тiршiлiк ортасын қорғау ережелерiн, жануарлардың өсiп-өну жағдайларын, орын ауыстыру жолдары мен шоғырланатын орындарын, зоологиялық және ботаникалық коллекцияларды сақтау, есепке алу мен пайдалану ережелерiн бұзу, сол сияқты жануарларды заңсыз қоныс аударту, жерсiндiру, керi жерсiндiру мен шағылыстыру, -»;

8) мынадай редакциядағы 324-2-баппен толықтырылсын:

«324-2-бап. Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласында обьектілер мен үй-жайларды пайдалану ережелерін және талаптарын бұзу.

1. Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласында обьектілер мен үй-жайларды пайдалану ережелерін және талаптарын бұзу – белгілі бір қызмет түріне лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып немесе онсыз, ірі кәсіпкерлік субъектілер болып табылатын заңды тұлғаларға – жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер) - белгілі бір қызмет түріне лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып немесе онсыз, орта кәсіпкерлік субъектілер болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүз елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, белгілі бір қызмет түріне лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып немесе онсыз, ірі кәсіпкерлік субъектілер болып табылатын заңды тұлғаларға – бір мыңнан екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

9) 338-1-бапта:

бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Ойын мекемелерiн, тотализатордың немесе букмекер кеңсесiнiң кассаларын тұрғын үй қорына жатпайтын ғимараттарда орналастыру туралы талаптарды сақтамау және оларды өнеркәсiп орындары мен олардың кешендерiнiң ғимараттарында және басқа да өндiрiстiк, коммуналдық объектiлерде және қойма объектiлерiнде, ғибадат ету ғимараттарында (құрылыстарында), мемлекеттiк органдар мен мекемелердiң, бiлiм беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдарының, әуежайлардың, вокзалдардың ғимараттарында, қалалық және қала маңындағы қатынастағы қоғамдық көлiктiң барлық түрлерiнiң станциялары мен аялдамаларында орналастыру, -

жеке тұлғаларға - жүз, лауазымды адамдарға - екi жүз, қызметі тоқтатыла отырып, дара кәсiпкерлерге және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады..»;

төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Ойын бизнесiн ұйымдастырушының мiндеттi резервтердi қалыптастыру, орналастыруды қамтамасыз ету және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен және жағдайларда пайдалану жөнiндегi шарттарды орындамауы, -

лауазымды адамдарға - екi жүз, букмекер кеңсесі мен тотализатор қызметі және казино мен ойын автоматтары залына лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып, дара кәсiпкерлерге және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Ойын бизнесiн ұйымдастырушының ойын мекемелерiнiң кассалары мен ойын орындарын бейне жазба жүйелерiмен жабдықтау жөнiндегi талаптарды сақтамауы не жазылған ақпаратты сақтау мерзiмдерiн немесе тiркеу шарттарын бұзуы, -

лауазымды адамдарға - екi жүз, букмекер кеңсесі мен тотализатор қызметі және казино мен ойын автоматтары залына лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып, дара кәсiпкерлерге және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

9-1 бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«9-1. Жасалған ставкалардың жалпы сомасын қабылдауды, бiрыңғай есепке алуды, бәске қатысушылардың ставкаларын өңдеудi және ұтысты төлеудi аппараттық-бағдарламалық кешен мен ойын жабдығы арқылы жүзеге асыру және қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi орындамау не бәс тiгуге қатысушылардың нәтижесiне өздерi ставкалар жасаған оқиғаның дамуы мен қорытындысын бақылауына мүмкiндiк беретiн ойын жабдығын орнату мiндетiн орындамау, -

лауазымды адамдарға - екi жүз, дара кәсiпкерлерге және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.».;

10) мынадай редакциядағы 340-1-баппен толықтырылсын:

«340-1-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстары қызметті атқару кезінде қойылатын талаптарды бұзу

Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстары қызметті атқару кезінде қойылатын талаптарды бұзу,-

жеке тұлғаларға ескерту немесе онға дейінгі көлемде, лауазымды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі көлемде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүзден екі жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсіздік), -

жеке тұлғаларға елуге дейінгі көлемде, лауазымды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі көлемде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден бес жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

11) 357-1-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«357-1-бап. Тиiстi тiркеусiз немесе лицензиясыз, арнайы рұқсатсыз, бiлiктiлiк аттестатынсыз (куәлiгiнсiз), хабаландырусыз кәсiпкерлiк немесе өзге қызметпен айналысу, сондай-ақ iс-әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру

1. Рұқсат, лицензия, бiлiктiлiк аттестаты (куәлiгi), хабарландыру мiндеттi болған жағдайларда, тiркеусiз немесе лицензиясыз, арнайы рұқсатсыз, бiлiктiлiк аттестатынсыз (куәлiгiнсiз), хабарландырусыз кәсiпкерлiк немесе өзге қызметпен айналысу, сондай-ақ iс-әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -»;

12) 473-1-бапта:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«473-1. Техникалық байқау орталықтарымен механикалық көлік құралдарына және оларға тіркемелерге міндетті техникалық байқауды жүзеге асыру саласында белгіленген талаптарды бұзу»;

мынадай редакциядағы 4-1 бөлікпен толықтырылсын;

«4-1. Техникалық байқау орталықтарымен механикалық көлік құралдарына және оларға тіркемелерге міндетті техникалық байқауды жүзеге асыру саласында белгіленген талаптарды бұзу, –

техникалық байқау орталықтарының тiзiлiмiнен алып тастай отырып, дара кәсiпкерлерге және шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

13) 494-баптың таұырыбы мен бірініші бөлігінің бірініші абзацы келесі редакцияда жазылсын:

«494-бап. Радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ радиожиiлiктердi пайдалану ережелерiн бұзу және арнайы рұқсат алмай радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыларды шет елдерден әкелу

1. Радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ радиожиiлiктердi пайдалану ережелерiн бұзу және арнайы рұқсат алмай радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыларды шет елдерден әкелу, -»;

14) 494-1-баптың бесінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакция жазылсын:

«байланыс қызметтерiн көрсету туралы лицензиядан айыруға, сондай-ақ байланыс операторларын қызметіне тыйым салуға немесе тоқтата тұруға әкеп соғады.»;

10) 541-баптың бірініші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакция жазылсын:

«1. Мамандандырылған аудандық және соларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың судьялары, осы баптың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда,осы Кодекстiң 79-1, 79-3, 79-4, 79-5, 79-6, 80-84, 85 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 85-1 (екінші бөлігінде), 85-2 (екінші бөлігінде), 85-3, 86, 86-1, 87-2, 87-3, 87-4, 87-5, 95-110-1, 124 (бірінші бөлігінде), 127, 129, 130, 136 - 136-2, 140 (екінші бөлігінде), 141-1, 143, 143-1, 144-1, 145, 146-1, 147, 147-1 (екінші бөлігінде), 147-10 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші бөліктерінде), 151, 151-1, 153, 154, 154-1, 155, 155-1 (төртінші бөлігінде), 155-2, 156, 157, 158, 158-3 158-4, 158-5, 159, 161 (бірінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 162, 163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктерінде), 163-2, 163-3, 163-4, 163-6, 165, 167-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 168-1 (бірінші және екінші бөліктерінде), 168-3, 175 (екінші бөлігінде) (жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, аудиторлар және аудиторлық ұйымдар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 176 (бірiншi бөлiгiнде), 177-3, 177-4, 177-5, 179, 179-1, 183, 184, 184-1, 185, 188 (екінші бөлігінде), 190, 192, 194, 200, 202, 203, 213 (төртінші-алтыншы бөліктерінде), 214, 218-1 (жетінші бөлігінде), 222-229, 231 (екiншi бөлiгiнде), 232, 233, 234-1, 235 (екiншi бөлiгiнде), 237, 237-1, 246 (екінші бөлігінде), 275-1, 278 (бірiншi бөлiгiнде), 283 (бірiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 298 (екiншi, үшiншi бөлiктерiнде) 298-1 (екiншi бөлiгiнде), 302 (үшiншi бөлiгiнде), 303 (екiншi бөлiгiнде), 304 (екiншi бөлiгiнде), 305 (екiншi бөлiгiнде), 306 (екiншi бөлiгiнде), 306-1 (үшінші бөлігінде), 306-2, 308, 309-1 (жетінші, сегізінші бөліктерінде), 309-2 (төртiншi бөлiгiнде), 309-4 (сегізінші, тоғызыншы бөліктерінде), 311-1 (жетінші бөлігінде), 312-1, 314, 315, 316, 317 (екінші және үшінші бөліктерінде), 317-1, 317-2, 318, 319, 319-1, 320 (бірінші және 1-1-бөліктерінде), 321, 322 (үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 323 (екінші бөлігінде), 324 (екінші және үшінші бөліктерінде), 324-1, 326, 327 (бірінші бөлігінде), 328, 330, 330-1 (екінші бөлігінде), 332 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде) 335, 336 (үшiншi бөлiгiнде), 336-1 (үшiншi бөлiгiнде), 336-2 (үшiншi бөлiгiнде), 338 (бірiншi бөлiгiнде), 338-1, 339, 340, 342-344, 346-357, 357-1, 357-2 (екінші бөлігінде), 357-3, 357-4, 357-6, 359, 361, 362, 362-1, 363, 365, 366, 368, 368-1, 369 (екiншi бөлiгiнде), 370 (екiншi бөлiгiнде), 371 (екiншi бөлiгiнде), 372-376, 380 (екінші бөлігінде), 380-2, 381-1, 386 (үшiншi бөлiгiнде), 388, 389-1, 390 (екінші бөлігінде), 391 (екінші бөлігінде), 391-1 (екінші және үшінші бөліктерінде) 393, 394 (екiншi, үшінші және төртінші бөлiктерінде), 394-1, 396 (төртінші бөлiгінде), 400-1, 400-2, 405 (бірiншi бөлiгiнде), 409, 410, 413, 413-1, 413-2, 414, 415 417, 417-1, 418, 421, 423, 424, 425-1, 426-430, 433, 442, 443 (бесiншi бөлiгiнде), 445, 446 (екiншi бөлiгiнде), 446-1, 453 (екiншi бөлiгiнде), 454 (бірiншi-үшiншi бөлiктерiнде), 461 (3-1-бөлігінде), 463-3 (бесінші бөлігінде), 464-1 (бірінші және екінші бөліктерінде), 465 (екінші бөлігінде), 466 (екінші бөлігінде), 467, 468 (бірінші және екінші бөліктерінде), 468-1, 468-2, 469, 471 (1-1, 1-2 және екінші бөліктерінде), 473 (үшінші бөлігінде), 474-1, 477 (үшiншi бөлiгiнде), 484, 492 (екiншi бөлiгiнде), 494 (екінші бөлігінде), 494-1 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 496 (екiншi бөлiгiнде), 501, 512-1 - 512-5, 513 - 518, 520-537-1 -баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;

16) 543-бапта:

бірініші бөлігі келесі редакцияда жазылсын:

«1. Iшкi iстер органдары осы Кодекстiң 131, 144, 160 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 163-1, 175 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері, автомобиль көлігімен және қалалық электр көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 247, 277, 281-1, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 300, 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 311,
  1   2   3   4   5   6

Похожие:

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу...
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы-экономикалық қылмыстарды одан әрі декриминализациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағындағы тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»...
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница