2013-2015 жылдарға арналған Қызылорда облысының облыстық деңгейдегі азаматтық бюджет




Название2013-2015 жылдарға арналған Қызылорда облысының облыстық деңгейдегі азаматтық бюджет
страница2/6
Дата конвертации13.02.2016
Размер0.91 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://e-kyzylorda.gov.kz/sites/default/files/DOCS/grazh.byudzhet_kaz_2013-2015_g.doc
1   2   3   4   5   6



Республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сома шегінде жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге берілетін трансферттер бюджет субвенциялары болып табылады.

Жалпы сипаттағы трансферттер бюджеттің әрбір деңгейі үшін Бюджеттік кодекспен бекітілген шығыстардың бағыттарына сәйкес мемлекеттік кепілдендірілген қызмет көрсетулерді ұсыну їшін өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейін теңестіруге және тең фискалдық мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі тиісті жергілікті бюджеттің кірістері (трансферттерді шегергенде) мен шығындарының болжамды көлемдері арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау кезінде өңірдің салықтық әлеуеті, өңірдегі көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар саны, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттары және сол немесе өзге де өңірдің өзіндік ерекшелігіне байланысты көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсыну жөніндегі шығыстарға әсер ететін факторлар ескеріледі.

Кіріс көлемінің болжамы және жергілікті бюджеттірдің Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі негізінде шығындары есептелген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 54 қаулысымен бекітілген.

2011-2013 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2011 - 2013 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 30 қарашадағы № 359-IV Заңымен бекітілген.

«2011-2013 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттредің көлемі туралы» Қызылорда облыстық маслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы №262 шешімімен 2011-2013 жоспарлы кезеңгі жылдарға облыстық бюджеттен берілген аудандар және Қызылорда қаласы бюджеттеріне субвенция көлемі белгіленді.


2011-2013 жылдарға Қызылорда облысының бюджетіне республикалық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенцияның бөлінісі

млн. теңге

Наименование

2012 год

2013 год

2014 год

Арал ауданы

4 084,4

4 448,8

4 448,8

Казалы ауданы

4 470,1

4 984,3

4 984,3

Қармақшы ауданы

3 091,9

3 301,2

3 301,2

Жалағаш ауданы

2 234,0

2 464,0

2 464,0

Сырдарья ауданы

1 674,2

1 834,5

1 834,5

Шиелі ауданы

3 723,2

4 130,2

4 130,2

Жанақорған ауданы

4 296,4

4 791,3

4 791,3

Қызылорда қаласы

4 366,8

3 941,6

3 941,6

Аудан (қала) бюджеттері жиыны:

27 941,1

29 895,9

29 895,9

Облыстық бюджет

43 652,9

41 247,1

41 247,1

Облыс бойынша барлығы

71 594,0

71 143,0

71 143,0



Облыстық бюджеттің шығындары


Жоспарланған 2013-2015 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, облыс экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.

2013 жылы облыстық бюджеттің көлемі 122,2 млрд.теңге.





Сала бойынша 2013 жылғы облыстық бюджеттің шығындары


мың.теңге


ф/г

Атауы

2013 жылға арналған жоспар

бекітілген

түзетілген




II. Шығындар

163 127 015,9

172 635 627,9

01

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

7 985 413,0

7 994 953,0

02

Қорғаныс

695 455,0

695 455,0

03

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

5 803 425,0

5 803 425,0

04

Бiлiм беру

56 971 203,2

58 987 467,5

05

Денсаулық сақтау

28 266 551,7

29 025 730,7

06

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету

5 777 402,0

6 582 868,0

07

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

20 978 037,9

24 802 423,9

08

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

8 373 225,0

8 391 702,0

09

Отын-энергетикалық кешенi және жер қойнауын пайдалану

440 420,6

440 420,6

10

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

8 220 267,0

8 234 620,7

11

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

618 891,0

1 390 026,2

12

Көлiк және коммуникация

9 946 342,0

10 006 811,4

13

Өзгелер

6 029 179,5

7 258 520,9

14

Борышқа қызмет көрсету

3 629,0

3 629,0

15

Трансферттер

3 017 574,0

3 017 574,0


Жыл сайын облыстық бюджеттің шығындары 15 функционалдық топ бойынша жоспарланады.

Нақтыланған облыстық бюджеттің шығындарында республикалық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттер және кредиттер енгізілген.

Жергілікті атқарушы оргнадар мақсатты трансферттерді және кредиттерді тек мақсаты сай жұмасалып өзінің тиісті бюджеттік бағдарламасына отырғызылып пайдаланады.

Мақсатты трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттер және даму нысаналы трансферттреге бөлінеді.

Ағымдағы нысаналы трансферттер Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылуы кезеңінде республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сома шегінде: жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретін, жергілікті бюджеттер шығыстарының ұлғаюына және (немесе) кірістерінің азаюына әкеп соғатын, заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстың өкілді және атқарушы органдарының, актілерін қабылдаудан туындайтын төмен тұрған бюджеттердің шығындарын өтеуге бағытталған. Мысалы, тұқым шаруашылығын қолдау, білім беретін оқу орындарының оқу-өндірістік шеберханаларын, зертханаларын жаңартуға және қайта жабдықтауға, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге және тағы басқа.

Нысаналы даму трансферттер жоғары тұрєан бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге жергілікті бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру үшін республикалық немесе жергілікті бюджетте бекітілген сомалар шегінде беретін трансферттер нысаналы даму трансферттері болып табылады.

 Жергілікті атқарушы органдар нысаналы даму трансферттерінің сомаларын айқындау үшін тиісті жоғары тұрған органға жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі мен олар бойынша шығыстар сомалары көрсетілген өтінімдерді ұсынады.


Әлеуметтік сала шығындары


Әлеуметтік саланың шығындарына білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саладағы дәстүрлі шығындар жатады.

Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әлі аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мақсатында мемлекет тарапынан жан жақты көмек көрсетілуде.Жалпы білім беру мектептердің, мектепке дейінгі балалар ұйымдардың, аураханалардың, перинаталдық орталықтың, дәрігерлік амбулаториялардың, мәдениет үйлердің, спорттық алаңдардың және әлеуметтік нысандың құрылыстары жүргізілуде.


Білім беру


2013 жылы республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер бөлінді, оның ішінде:


  • Бюджеттеріне үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдерге еңбекақыны көтеруге 151,2 млн. теңге қаржы қаралған;

  • Кәсіптік лицейлердің атауы колледж статусына өзгеруіне байланысты, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитын қатысушыларға әлеуметтік жәрдем көрсетуге қаржы бөлінді, онын ішінде 4493 оқушылардың степендиясын төлеу және 1680 оқушылардың жол ақы шығындарына 912,9 млн. теңге қаралған;

  • Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы 407 оқытушының (мұғалімдердің) енбекақы төлеу айырмасына 51,4 млн. теңге қаржы бөлу;

  • Мемлекеттік білімді техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 900 мамандарды даярлауға және 533 оқушылардың степендиясын төлеуге 96,0 млн. теңге бөлінді;

  • Мектепке дейінгі 10 137 балаларды ұстау үшін 2353,6 млн. теңге бағытталады, оның ішінде 2012 жылы аралығында ашылған 2 284 жаңа балабақшаны ұстауға;

  • 2013 жылға 731 жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға асыраушыларына ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдеріне, ата-ана қамқорлығысыз қалған балаларға 152,3 млн. теңге қарастырылды;

  • 2013 жылға негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыруға 122,9 млн. теңге қаржы бөлінді, сонымен қатар, химия кабинеттерді қамтамасыз ету пайызы - 34,6% құрап отыр, физика кабинеттері – 19%, биология кабинеттері – 38,8%.

  • Үйде оқытылатын 239 мүгедек балаларды жабдықпен, бағдарламалық қамтыммен қамтамасыз етуге 186,6 млн. теңге қаржы бөлінді, 2012 жылымен салыстырылғанда одан ары 52 мүгедек-бала бағдарлама жүйесімен, жабдықтармен қамтылып көбейді.

  • 2013 жылға мектеп 1020 мұғалімдеріне және мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақының көлемін ұлғайтуға 540,3 млн. теңге бөлінді, 7852 мұғалімдердің және тәрбиелеушілер бірінші санатты, 7291 мұғалімдердің және тәрбиелеушілер екінші санатты;

  • 2013 жылға техникалық және кәсіптік білім беру оқу орнындағы 6 оқу-өндірістік шеберханалармен және лабораторияларды жаңарту және жабдықтау жалғасуда қосымша 150,0 млн. теңге бөлінеді, сонымен қатар кәсіптік колледждерде оқу-өндірістік шеберханалармен және лабораториялар толық жаңартылады.

  • 2013 жылға 5817 кадрлардың кәсіптік даярлау және қайта даярлауға 1989,3 млн. теңге бөлінді;

Жергілікті бюджет есебінен келесі шығындар көзделеді, оның ішінде:

  • Қосымша 10 штаттық бірліктерді ұстау үшін және 2 мектепке жабдықтарды сатып алуға, оның ішінде дарынды балаларға арналған № 4 мектеп-интернатты және № 3 гимназия мектебіне 26,0 млн. теңге қарастырылды;

  • №9 және № 10 қазақ-түрік лицейінің 500 орындық жатақхана ғимаратының құрылысы аяқталуына байланысты жаңа ғимараттың қуаттылығы ұлғаюына байланысты коммуналдық қызмет төлемдеріне және ғимаратқа қызмет көрсететін 43,5 қосымша штаттық бірлікті ұстау шығындарына 95,1 млн теңге бөлінді;

  • №5 көзі нашар көретін мектеп интернатының ғимаратқа қызмет көрсететін қосымша штат бірліктерін ұстау шығындарына және коммуналдық шығындарды төлеуге, балаларды оқыиуға құралдар сатып алуға 28,2 млн теңге қарастырылды;

  • Жас өспірімдер үйі ғимаратына қызмет көрсететін қосымша штат бірліктерін ұстау шығындарына және коммуналдық шығындарды төлеуге 8,0 млн теңге қаралды;

  • Жаңадан іске қосылған 12 мектеп ғимаратының құрылысы аяқталуына байланысты ғимаратқа жыл бойы қызмет көрсететін қосымша штат бірліктерін ұстау шығындарына және коммуналдық шығындарды төлеуге 191,3 млн теңге қаралды;

  • 2012 жылы №1 жетім балалар мектеп интернаты жетім балалар интернатына және Қызылорда қаласындағы жалпы білім беру мектебіне бөлінді. Осыған байланысты, Қызылорда қаласында жалпы білім беру мектептерінің жылдық ұстау шығындары ескерілді;

  • 2013-2014 оқу жылдарына техникалық және кәсіптік білім беру оқу орнындағы 2673 адамға жаңа мемлекеттік тапсырыс орналастыруға қосымша 157,0 млн теңге қаржы қарастырылды;

  • ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына сәйкес колледждердің (кәсіптік лицей) жетім және ата-ана қамқорлығысыз қалған, аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын тамақтандыруға 99,3 млн. теңге қаржы қаралды;

  • 2013 жылы республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттер есебінен 6 мектеп, 4 балабақша құрылысы басталады, оның ішінде Қызылорда қаласы Қорқыт ата көшесінің бойындағы 900 орындық, Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі 600 орындық, Жаңақорған ауданы Сүттіқұдық ауылындағы 600 орындық, Шиелі ауданы Бестам, Еңбекші ауылдарындағы 300 орындық, Жалағаш ауданы Жалағаш кентіндегі 300 орындық мектептер және Арал ауданы Арал қаласындағы, Қармақшы ауданы Төретам кентіндегі, Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі, Қызылорда қаласы Қызылжарма ауылындағы 280 орындық балабақшалар;

  • Республикалық бюджетт есебінен 7 мектептің құрылысы жалғасады, оның ішінде Жаңақорған ауданы Келінтөбе ауылындағы 600 орындық, Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі 600 орындық, Қармақшы ауданы Төретам кентіндегі 600 орындық, Жаңақорған ауданы Түгіскен ауылындағы 600 орындық және Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі 1200 орындық, Сырдария ауданы Шаған ауылындағы 900 орындық мектептер;

  • 2013 жылы облыстық бюджет қаржысы есебінен 22 мектеп, 18 балабақша, 1 қосымша құрылыстың және Қармақшы ауданындағы жаз-қыс мезгілдерінде балалар демалысы үшін 150 орындық лагерь, Қызылорда қаласында 250 орындық жатақхана құрылысының мемлекеттік сараптамдан өткізілген жобалық-сметалық құжаттамасын әзірленеді, оның ішінде Қызылорда қаласының Тасбөгет кентіндегі 300 орындық №172, Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентіндегі 300 орындық №56, Арал ауданы Жіңішкеқұм ауылындағы 100 орындық №230, Қазалы ауданы Сарыбұлақ ауылындағы 100 орындық №78, Қазалы ауданы Бірлік ауылындағы 140 орындық №102, Арал ауданы Бөген ауылындағы 200 орындық №20, Жаңақорған ауданы Жайылма ауылындағы 250 орындық №195, Жаңақорған ауданы Құттықожа ауылындағы 200 орындық №164, Арал ауданы Сарбасат ауылындағы 20 орындық бала бақшасымен 50 орындық № 237, Арал ауданы Бекбауыл ауылындағы 200 орындық № 65, Арал ауданы Жаңақұрылыс ауылындағы 200 орындық № 74, Арал ауданы Аққұлақ ауылындағы 20 орындық бала бақшасымен 50 орындық №76, Арал ауданы Көктем ауылындағы 20 орындық бала бақшасымен 50 орындық №227, Арал ауданы Үкілісай стансасындағы 20 орындық бала бақшасымен 50 орындық №265, Арал ауданы Ерімбетжаға ауылындағы 20 орындық бала бақшасымен 50 орындық №18, Қазалы ауданы Аранды ауылындағы 100 орындық №97, Қазалы ауданы Майдакөл ауылындағы 200 орындық №98, Қазалы ауданы Шилі ауылындағы 20 орындық баба бақшасымен 50 орындық № 259, Қазалы ауданы Лахалы ауылындағы 100 орындық №93, Шиелі ауданы 21 разъездегі 100 орындық №243, Шиелі ауданы Майлытоғаі 150 орындық №141, Жаңақорған ауданы Талап стансасындағы 100 орындық №254 мектептер, және Жалағаш ауданы Жалағаш кентіндегі №246 мектепті қайта жаңғырту, Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі № 216 мектептің шеберхана, асхана, спорттық зал құрылысының, сонымен қатар Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі 140 орындық "Өрімтал", Арал ауданы Арал қаласындағы 140 орындық "Жазира", Жаңақорған ауданы Қожакент ауылындағы 90 орындық, Шиелі ауданы Бидайкөл ауылындағы 90 орындық, Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі 140 орындық, Жаңақорған ауданы Жаңақоған кентіндегі 140 орындық, Арал ауданының Арал қаласындағы 140 орындық «Толқын», Қармақшы ауданының Жосалы кентіндегі 90 орындық №3 «Ертөстік», Қармақшы ауданының Жосалы кентіндегі 90 орындық №5 «Айгөлек», Қармақшы ауданының Тұрмағанбет ауылындағы 140 орындық №8 «Кызғалдақ», Қармақшы ауданының Иіркөл ауылындағы 50 орындық №12 «Самал», Қармақшы ауданының Төребай би ауылындағы 50 орындық №15 «Ақ көгершін», Қармақшы ауданының ІІІ-Интернационал ауылындағы 90 орындық, Қазалы ауданының Жанқожа батыр ауылындағы 90 орындық, Қазалы ауданының Қожабақы ауылындағы 90 орындық, Қазалы ауданының Басықара ауылындағы 90 орындық, Қазалы ауданының Ақсуат ауылындағы 90 орындық, Қазалы ауданының Бозкөл ауылындағы 90 орындық балабақшалар құрылыстарының мемлекеттік сараптамадан өткізілген жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу жосапарлануда;

  • 2013 жылы Жаңақорған ауданы Бірлік ауылында №55 мектептің шеберхана, асхана, спорттық зал құрылысы басталды;

  • 2013 жылы облыстық бюджет есебінен 7 мектеп, 4 балабақшаның құрылысы жалғасатын болады, оныің ішінде Арал ауданы Арал қаласындағы 300 орындық, Қосаман, Қарашалаң ауылдарында 100 орындық, Тоқабай ауылында 140 орындық, Шиелі ауданы Қосүйенкі, Қазалы ауданы Байхожа ауылдарындағы 20 орындық балабақшасымен 50 орындық, Қызылорда қаласы Бірқазан ауылындағы 20 орындық балабақшасымен 50 орындық мектептер, Қызылорда қаласында №4 мектепті кеңейту, Жаңақорған ауданы Кейден ауылындағы 140 орындық, Шиелі ауданы Бірлестік ауылындағы 100 орындық, Жаңақорған ауданы Қызылмақташы аудындағы 200 орындық мектептер және Қызылорда қаласы Наурыз ауданындағы 140 орындық, Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі 140 орындық, Арал ауданы Жалаңаш ауылындағы 90 орындық, Жаңақорған ауданы Сүттіқұдық, Келінтөбе ауылдарындағы 90 орындық, балабақшалар;

  • 2013 жылы мемлекеттік жеке-меншік әріптестігі аясында іске асырылып жатақан Қызылорда қаласы Досан ауылындағы 100 орындық мектеп құрылысын аяқтау жоспарлануда;

  • ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы №320 қаулысына сәйкес колледждердің (кәсіптік лицей) жетім және ата-ана қамқорлығысыз қалған, аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын тамақтандыруға 99,3 мың теңге қаржы қарастырылды;

  • Арал ауданы "өнер мектебін " қайта жаңғыртылып, күрделі жөндеу жүргізіп ашылған 90 орындық бала бақшаны ұстауға, қажетті құрал жабдықтар сатып алуға 26,0 мың теңге қаржы қарастырылды;

  • Қармақшы ауданы №113 мектепті күрделі жөндеуден өткізуге жобалық сметалық құжат әзірлеуге 5,5 мың теңге қаржы қарастырылды;

  • Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі №26, Иіркөл елді мекеніндегі №106 мектептерің күрделі жөндеуден өткізуге жобалық сметалық құжат әзірлеуге 6,7 мың теңге қаржы қарастырылды;

  • Сырдария ауданы №35 мектеп-лицей ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге және қазандығын қайта жаңғыртуға 196,0 мың теңге қаржы қарастырылды;

  • Шиелі ауданы №219 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 104,6 мың теңге қаржы қарастырылды;

  • Жаңақорған ауданындағы №3 мектеп-интернаттың күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 145,1 мың теңге қаржы қарастырылды;

  • «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйі» ММ-нің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында қосымша шығындарына 18,2 мың теңге қарастырылды;

  • Қызылорда қаласы Ақсуат ауылындағы, «Наурыз» мөлтек ауданында орналасқан 300 орындық жаңа мектептің 2013 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ұстау шығындарына 56,5 мың теңге қаржы қарастырылды;

  • Қызылорда қаласындағы 50 орындық № 3 «Қарлығаш» санаториялық балабақша 90 орындық жаңа ғимаратқа көшеуіне байланысты қосымша 40 баланың мамыр айынан бастап ұстау шығындар мен материалдық базасын нығайтуға 32,7 мың теңге қаржы қарастырылды;

  • Облыстық балаларды оңалту орталығының Қызылорда қаласынан Талсуат ауылдық округіне көшеуіне байланысты қызметкерлерінің ауылдық жердегі жұмыс істегені үшін еңбек ақыға төленетін қосымша 25% көлемінде үстеме ақысын төлеуге 3,8 мың теңге қаржы қарастырылды;

  • Қызылорда облысы Шиелі кентіндегі «Шиелі индустриалды-аграрлық» колледжіне атоматтандырылған өрт дабылын орнатуға 3,3 мың теңге қаржы қарастырылды;

  • Назарбаев зиаткерлік мектебінің негізінде Қызылорда облысының аумақтық экономикалық даму кабинетін құруға 9,9 мың теңге қаржы қарастырылды;

  • Қызылорда қаласындағы «№ 7 арнаулы түзету мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратын күрделі жөндеуге 49,0 мың теңге қаржы қарастырылды;

  • Облыстағы білім, әлеуметтік сала психологтарын, психиатрларды семинар тренингінің 2-ші кезенің өткізуге 6,9 мың теңге қаржы қарастырылды;

  • Мектеп оқушылары, студенттер мен көпшілік оқырмандарға арналған ғылыми-танымдық оқу құралы облыс кітапхана қорын толықтыру мақсатында «Қызылорда тарихы, географиясы және өсімдіктер мен жануарлар» атты 4 томдық кітаптарды сатып алуға 21,1 мың теңге қаржы қарастырылды;

  • «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырыстарын іске асыруға аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша Республикалық бюджеттен аудандардың (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы 3 191 балаға мемлекеттік тапсырыс орнату мақсатында ағымдағы нысаналы трансферттер бөлуге 241,6 мың теңге қаржы қарастырылды;

Облыстағы білім, әлеуметтік сала психологтарын, психиатрлардың семинар тренингінің 2-ші кезеңін өткізуге 6,9 мың теңге қаржы қарастырылды.

«Жергілікті деңгейде білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасына «Дене тәрбиесінің ғылыми - практикалық орталығы» МКҚК-ның 2013 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ұстау шығындарына 13 916 мың теңге;

Арнайы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша жалпы білім беру бюджеттік бағдарламасы бойынша №6 құлағы нашар еститін балалардың арнаулы (түзету) мектеп-интернатының күрделі жөндеу жұмыстарының жоба-сметалық құжаттама мен мемлекеттік сараптама әзірлеуге 300 мың теңге;

«Жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыру» бағдарламасы бойынша барлығы 9 830 мың теңге «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйі» мемлекеттік мекемесі бойынша:

- орталықтандырылған су жүйесіне қосуға – 3 125 мың теңге;

- жатақхананың жылу және кәріз жүйесін жөндеуге - 1 500 мың теңге;

- жылу жүйесін газға ауыстыру үшін – 3 000 мың теңге;

- моншаны жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін - 2 205 мың теңге;

024 «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандар даярлау» бюджеттік бағдарламасы бойынша 6 031 мың теңге, оның ішінде:

- Қызылорда қаласындағы «Политтехникалық колледж» мемлекеттік мекемесі ғимаратын газбен жылыту жүйесінен "Қызылорда оңтүстік жылу орталығына" ауысуына байланысты жылу шығындарына – 5 531 мың теңге;

- оку процесіне «E-Learning» электронды жүйесін енгізілуіне байланысты электр жарығына - 500 мың тенге.

№ 3 облыстық балалар оңалту орталығына мемлекеттік мекемесіне бу қазандығын сатып алуға және ауыстыруға 1 129 мың теңге, Қызылорда қаласындағы "Жетім балалар мен ата-қамқорлығынсыз қалған балалар үйі" мемлекеттік мекемесіне газ котел қондырғысын орнатуға 4 976 мың теңге, №6 құлағы нашар еститін балалардың арнаулы (түзету) мектеп – интернаттың тәрбиеленушілеріне жаңа үлгідегі сымсыз аппаратпен қамтамасыз етуге 6 000 мың теңге және микроавтобус сатып алуға және міндетті сақтандыру шығыстарына 2 935 мың теңге, барлығы 15 040 мың теңге;

Қармақшы ауданындағы № 121 орта мектептің бу қазандығы ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 9 635 мың теңге бөлінді.


Жергілікті деңгейде білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 10 – 11 сынып аралығындағы мектеп оқушыларына ҰБТ-ға дайындалу үшін кажетті оқу - әдістемелік жабдықтар алуға 15 000 мың теңге;

Қармақшы ауданындағы аграрлы – техникалық колледжінің ғимаратына өрт дабылдығын орнатуға 5 781 мың теңге;

 Облыстық дарынды балаларға арналған № 4 мектеп – интернатты электр желісімен қамтамасыз етуге 23 002 мың теңге;

- жаңадан іске қосылатын 13 орта мектептің ұстау шығындарына 178 671 мың теңге;

- жаңадан іске қосылатын 3 балабақшаның ұстау шығындарына 72 831 мың теңге;

 - мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру мақсатында, республикалық бюджеттен жыл басы мен жыл ішіндегі бөлінген трансферттердің айырмашылығына қосымша шығындар 96 052 мың теңге қаралды.


Денсаулық сақтау


Денсаулық сақтау саласының шығындарында төмендегідей шығыстар ескерілуде:

  • «2012-2016 жылдарға арналған ҚР онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасы» шеңберінде:

  • амбулаторлық-емханалық ұйымдарында 6 онкологиялық және маммологиялық кабинеттерінің ашылуы;

  • облыстық кеңес беру диагностикалық орталығынан проктологиялық кабинетінің ашылуы;

  • онкологиялық диспансерінде амбулаторлық химиотерапия кабинетінің ашылуы;

  • онкологиялық диспансерінде 1 әлеуметтік қызметкері және 1 психолог енгізілді;

  • қуақасты безінің обырын, өнеш пен асқазан және бауыр обырын және колоректалды ісікті дер кезінде анықтау мақсатында мақсатты топтағы тұрғындардың арасында скрининг тексерулерінің жүргізілуі;

  • денсаулық сақтау ұйымдарына материалдық-техникалық базасын нығайтуға барлығы 928,6 млн.теңге қаралды, оның ішінде:

  • инсульттық орталығына бір компьютерный томограф сатып алынады;

  • «2012-2016 жылдарға арналған ҚР онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасы» шеңберінде БМСК мекемелеріне 5 дана құрал-жабдықтар сатып алынады;

  • медициналық жедел жәрдем қызметтеріне 26 бірлік реанимобиль сатып алынады;

  • бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарын 77 аймақтық медбикелермен толықтырылуға қаржы қаралды;

  • облыстық диагностикалық орталықтан ерте шақтағы есту қаблетінің бұзылуын уақытылы анықтау үшін скрининг және диагностика жүргізуге сурдологиялық кабинетін ашуға қаржы қаралды;

  • тұрғындарды түнгі уақытта, демалыс және мейрам күндері шұғыл стоматологиялық көмек көрсету мақсатында облыс орталығында шұғыл стоматологиялық көмек көрсету ұйымдастыруына қаржы қаралды;

  • денсаулық сақтау саласын дамыту мақсатында «Жол картасы» іс-шарасы әзірленіп, аталған іс-шараны жүзеге асыру бойынша 402,5 млн. тенге бөлінді, оның ішінде келесідей бөлімдер қаралған:

    • ана мен бала өлімін төмендету;

    • қатерлі ісік ауруларын төмендету

    • туберкулез ауруларын төмендету;

    • ауылдық елді-мекендерде стационарлық –медициналық көмек бойынша тәулік бойы жұмыс жасайтын қол жетімділікке жету үшін 10 койкіге арналған 9 ауылдық аурухана ашу;

  • жөндеу жұмыстары жүргізу мақсатында ғимараттардың қалпына келтірілуін және пайдалануға берілуі көрсеткіштері бойынша ғимараттарды қүрделі жөндеуден өткізу және нысандардың құжаттамасын дайындау жоспарлануда оның ішінде:

    • облыстық наркологиялық орталығына, қалалық туберкулезге қарсы диспансеріне және облыстық тері-жіңішке диспансеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы қаралды;

    • Қызылорда қаласындағы қалалық перзентханасын күрделі жөндеуге, қалалық туберкулез диспансеріне кіру-шығару желдетпе жүйесін орнатуға және облыстық туберкулез диспансерінің ғимаратын күрделі жөндеу мен желдетпе жүйесін орнатуда, сонымен қатар, аудандық туберкулезге қарсы диспансерлеріне бетоннан жасалған қоршау орнату бойынша нысандардың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп, мемлекттік сараптамадан өткізуге қаржы қаралды.

  • жедел-жәрдем көмек көрсету сапасын жақсарту мақсатында қалалық медициналық жедел-жәрдем станциясында қосымша үш бригада ашылады;

  • Арал және Қазалы аудандарында медициналық жедел-жәрдем көмек көрсету қызметін штаттық нормативке сәйкестіру мақсатында қосымша 1 жедел-жәрдем бригада ашылды;

  • жастардың құқығы мен репродиктивтік денсаулығы бойынша сауаттылығын көтеру үшін, салауатты өмір салтын және аурулардын алдын алу мәселелері бойынша оқыту үшін екі жастар орталығын ашылды;

  • Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде республикалық бюджеттен қаржылындырылған орталық аудандық ауруханалар, сонымен бірге ауылдық ауруханалар, 2013 жылдан бастап облыстық бюджетке қайтарылды;

  • қан компоненттерінің бактериялық контоминациясының профилактикасы және иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін донорлық қанды дайындау мен өңдеуге қолданылатын шығын материалдармен (реактивы) толығымен қамтамасыз етуге қаржы қаралды;

  • әскери есепке алу кезеңінде облыс азаматтардың әскери жарамдылығын анықтау үшін жыл сайын туындайтын қаржыландыру мәселесін шешу үшін қаржы қаралды;

  • барлық туберкулезге қарсы ұйымдарына туберкулездің таралуын болдырмау мақсатында тәулік бойы арнайы күзетпен қамтамасыз етіледі;

  • Азаматтардың жекелеген санаттарын және аурулардың түрлері бойынша қосымша дәрілік заттар (негізінде қан айналымы ауруларына) сатып алуға қаржы қаралды;

  • Қызылорда облысы бойынша мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2013-2014 жылдарға арналған Жол картасы бағдарламасы бойынша денсаулық сақтау саласына қатысты:

- облыстық диагностикалық орталықтың сурдологиялық кабинетіне медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға;

- босану ұйымдарын материалдық-техникалық жабдықтар сатып алуға;

- денсаулық сақтау ұйымдарында мүгедектерге ем қабылдау кезінде жағдай жасау үшін пандустар орнатуға қаржы қаралды.

  • Қысқы маусым дайындығы бойынша медициналық ұйымдарды күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге және нысандардың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп мемлекеттік сараптамадан өткізуге:

-Жаңақорған аудандық орталық аурухана ғимаратының шатырын күрделі жөндеуге;

-Сырдария ауданы Амангелді ауылындағы ауылдық аурухананың жылу жүйелерін және шатырын күрделі жөндеуден өткізу бойынша жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізу;

-Жалағаш аудандық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің жылу жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге;

-Арал ауданындағы перзентхана үйінің бу қазандықтарын күрделі жөндеуден өткізуге;

-Шиелі аудандық орталық ауруханасы ғимаратына күрделі жөндеужұмыстарын жүргізу;

-Қалалық №4 емхана балансындағы 6/04 кВт трансформаторды 10/0,4 кВт трансформаторға ауыстыру;

-Қызылорда қалалық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің жылу жүйелерін күрделі жөндеуге;

-Арал аудандық орталық ауруханасына бу қазандығын сатып алуға;

- "Салауатты өмір салтын насихаттау" облыстық орталығы ғимаратының жылу жүйелерін ағымдағы жөндеуге;

-Жаңақорған ауданы Қандөз ауылындағы ауылдық аурухананың жылу жүйелерін ағымдағы жөндеуге;

- Аудандық ауруханалардың қысқы маусымға дайындығын қамтамасыз ету үшін отын қорын сатып алуға;

- Аудандық емхана балансына берілген бұрынғы жабылып қалған ауылдық ауруханалар ғимараттарын жылумен қамтамасыз ету;

- Қызылорда қаласындағы №4 қалалық емхананың жылу жүйелерін ағымдағы жөндеуге;

- Арал аудандық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бу қазандығына қосалқы бөлшектер сатып алуға;

-Сырдария аудандық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бу қазандығының түтін шығатын трубасын, бу қазандығын ағымдағы жөндеу және қатты отын сатып алуға, -Қызылорда қалалық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің жылу қазандығының түтін шығатын трубасын ауыстыруға қаржы қаралды.

2013 жылы 15 дәрігерлік амбулаториялар құрылысының мемлекеттік сараптамадан өткізілген жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленеді. 010 «Республикалық бюджет қаражатынан көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда, тұрғын халыққа, аудандық маңызы бар және село денсаулық сақтау субъектілерінен басқа, медициналық ұйымдарда амбулаториялық-емханалық көмек көрсету» бағдарламасы бойынша бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары көрсететін медициналық көмек сапасының нәтижелерін ескеретін бастапқы медициналық-санитарлық көмек тарифіне қосымша компонентті төлеуге 12 512 мың теңге;

Аудандық маңызы бар және село денсаулық сақтау субъектілерінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халыққа медициналық көмек көрсету бағдарламасы бойынша 191 427 мың теңге;

Диабет ауруларын диабетке қарсы препараттарымен қамтамасыз етуге 33 363 мың теңге;

Бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі, аутоиммунды, орфандық аурулармен ауыратын, иммунитеті жеткіліксіз науқастарды, сондай-ақ бүйрегі транспланттаудан кейінгі науқастарға амбулаторлық деңгейде дәрілік заттар мен орфондық препараттар сатып алуға 28 277 мың теңге.

салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ғимаратының жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеуге 2 922 мың теңге;

«Туберкулезден, жұқпалы аурулардан, психикасының бұзылуынан және жүйкесі бұзылуынан, оның ішінде жүйкеге әсер ететін заттарды қолдануға байланысты зардап шегетін адамдарға медициналық көмек көрсету» бағдарламасы бойынша:

- Сырдария аудандық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бу қазандығының түтін шығатын трубасын, бу қазандығын ағымдағы жөндеу және қатты отын сатып алуға 6252 мың теңге;

- Қызылорда қалалық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің жылу қазандығының түтін шығатын трубасын ауыстыруға 1393 мың теңге;

- денсаулық сақтау ұйымдарында мүгедектерге ем қабылдау кезінде жағдай жасау үшін пандустар орнату 1 000 мың теңге, барлығы 8 645 мың теңге.

- №4 қалалық емхананың жылу жүйелерін ағымдағы жөндеуге 3105 мың теңге;

- Сырдария ауданы Амангелді ауылдық аурухананың шатырын, жылу жүйелерін күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге 971 мың теңге;

- Жаңақорған аудандық орталық аурухана ғимаратының шатырын күрделі жөндеуге 30 264 мың теңге;

- Жалағаш аудандық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің жылу жүйелерін күрделі жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге 255 мың теңге;

- Арал аудандық ауруханасының перзентхана үйінің бу қазандықтарын күрделі жөндеуге 12 450 мың теңге;

- Шиелі аудандық орталық ауруханасын күрделі жөндеуге 48 976 мың теңге;

- Қызылорда қалалық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің жылу жүйелерін күрделі жөндеуге 10 930 мың теңге;

- Арал аудандық орталық ауруханасының бу қазандығын ауыстыруға 2 853 мың теңге;

- Қалалық №4 емхана балансындағы 6/04 кВт трансформаторды 10/0,4 кВт трансформаторға ауыстыруға 1 608 мың теңге;

- облыстық диагностикалық орталықтың сурдологиялық кабинетіне медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға – 27 775 мың теңге;

- босану ұйымдарын материалдық-техникалық жабдықтауға – 23 150 мың теңге;

- Арал аудандық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бу қазандығына қосалқы бөлшектер сатып алуға 2 540 мың теңге, барлығы 161 772 мың теңге.

«Азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық емдеу деңгейінде жеңілдікті жағдайларда дәрілік заттармен қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша азаматтардың жекелеген санаттарын аурулардың түрлері бойынша қосымша дәрілік заттар сатып алуға 35 176 мың теңге;

- аудандық ауруханалардың қысқы маусымға дайындығын қамтамасыз ету үшін отын қорын сатып алуға 26 251 мың теңге;

- аудандық емхана балансына берілген бұрынғы жабылып қалған ауылдық ауруханалар ғимараттарын ұстау үшін отын қорын сатып алуға 15 040 мың теңге;

- Жаңақорған ауданы Қандөз ауылдық аурухананың жылу жүйелерін ағымдағы жөндеуге 2 507 мың теңге;

- денсаулық сақтау ұйымдарында мүгедектерге ем қабылдау кезінде жағдай жасау үшін пандустар орнатуға 25 125 мың теңге, барлығы 68 923 мың теңге бөлінді.

Байқоңыр қаласындағы ҚР азаматтарына медициналық көмек көрсету шығындары бойынша 2013 жылдың 1 қазанына қалыптасқан кредиторлық қарыздарын жабуға 9 488 мың теңге;

Бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі, аутоиммунды, орфандық аурулармен ауыратын, иммунитеті жеткіліксіз науқастарды, сондай-ақ бүйрегі транспланттаудан кейінгі науқастарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету 18 науқастың ауыр операциядан кейінгі әрі қарай өмірін ұзартуға және өмір сүру жағдайын жақсартуға 21 833 мың теңге;

Қармақшы аудандық ауруханасының қазандық ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 29 720 мың теңге.


Әлеуметтік қолдау
1   2   3   4   5   6

Похожие:

2013-2015 жылдарға арналған Қызылорда облысының облыстық деңгейдегі азаматтық бюджет icon2012-2014 жылдарға арналған Арал ауданының аудандық деңгейдегі азаматтық бюджеті
Бюджет Кодексіне 2012-2016 жылдарға арналған Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен бюджеттік параметрлеріне және...
2013-2015 жылдарға арналған Қызылорда облысының облыстық деңгейдегі азаматтық бюджет icon2013-2015 жылдарға арналған Зырян ауданының негізгі бюджетік параметрлері бойынша қысқаша ақпарат
Зырян ауданының бюджеті «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» 2012 жылғы 21 желтоқсандағы №13/2-v шешіміне өзгерістер...
2013-2015 жылдарға арналған Қызылорда облысының облыстық деңгейдегі азаматтық бюджет iconҚызылорда облысының 2004-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму аймақтық бағдарламасы туралы
Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық стратегиясы туралы“ Қазақстан Републикасы Президентiнiң 2003...
2013-2015 жылдарға арналған Қызылорда облысының облыстық деңгейдегі азаматтық бюджет icon1 –ші кесте Аудандық бюджеттің 2012 -2014 жылдарға арналған негізгі параметрлары
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
2013-2015 жылдарға арналған Қызылорда облысының облыстық деңгейдегі азаматтық бюджет iconШығыс Қазақстан облысының әкімдігі Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы әң желтоқсандағы №26/315-iv шешімімен бекітілген
2013-2015 жылдарға арналған Қызылорда облысының облыстық деңгейдегі азаматтық бюджет icon2010 2012 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті туралы
«2010 2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №232 шешіміне өзгерістер мен...
2013-2015 жылдарға арналған Қызылорда облысының облыстық деңгейдегі азаматтық бюджет iconҚызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне...
2013-2015 жылдарға арналған Қызылорда облысының облыстық деңгейдегі азаматтық бюджет iconШығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы Сессияның №8/104-v шешімімен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Туризм
2013-2015 жылдарға арналған Қызылорда облысының облыстық деңгейдегі азаматтық бюджет iconПавлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
«Павлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» №330/30 шешімімен бекітілді
2013-2015 жылдарға арналған Қызылорда облысының облыстық деңгейдегі азаматтық бюджет iconАзаматтық бюджетті жасау әдістемесі
Азаматтық бюджет – бұл тиісті (республикалық немесе жергілікті) деңгейдегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілі бір сапа стандарттарына...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница