Скачать 458.2 Kb.
|
Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті ЛЕКЦИЯ КЕШЕНІ 1. Кредит 1 Тақырып 1: Денсаулық және денсаулық сақтау қазақ қоғамының және мемлекетінің артықшылығы мен қымбат жүйесі ретінде. ҚР денсаулық сақтау жүйесінің дамуының қазіргі таңдағы мәселелері мен перспективалары. 2. Мақсаты: Студенттерді қазақ қоғамының және мемлекетінің артықшылығы мен қымбат жүйесінің денсаулық және денсаулық сақтау ұғымымен таныстыру. ҚР денсаулық сақтау жүйесінің дамуының қазіргі таңдағы мәселелері мен перспективалары. 3. лекция тезисі. Денсаулық және денсаулық сақтау қазақ қоғамының және мемлекетінің артықшылығы мен қымбат жүйесі ретінде. ҚР денсаулық сақтау жүйесінің дамуының қазіргі таңдағы мәселелері мен перспективалары. Тұрғындардың әл ауқатының тұрақты дамуының көз қарасы Қазақстан Республикасының артықшылықтарының бірі ретінде денсаулық сақтаудың салаларының дамуы. Ол қолжетімді, уақтылы, сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ететін біріккен, дамыған әлеуметтік хабардар жүйеге айналуы қажет. Реализация инновационной политики в системе здравоохранения должна определить и закрепить стратегические принципы совершенствования системы, направленные на сохранение и укрепление здоровья населения, формирование и эффективное функционирование системы предоставления доступных и качественных медицинских услуг, а также разработку и внедрение новых схем организации медицинской помощи и управления здравоохранением на основе дальнейшего устойчивого развития отрасли. Қазақстанның тұрақты экономикалық даму траекториясына шығысымен Қазақстан Республикасының Конститутциясының (30 августа 1995 г.) 29бабын жүзеге асыруға потенциалды мүмкіншіліктер туындады. Онда былай делінген: - Қазақстан Республикасының азаматтары денсаулығын сақтауға құқылы. - Қазақстан Республикасының азаматтары заңмен бекітілген кепілдендірілген көлемдегі тегін медициналық көмек алуға құқылы. - Мемлекеттік және жекеменшік емдеу мекемелерінде және жекеменшік медициналық тәжірибемен айналысатын тұлғалардан ақылы көмек алуға құқылы, заңмен бекітілген тізбек негізінде жүзеге асырылады. -елдің денсаулық сақтау сферасындағы гарантиялы адекватты қаржыландырумен қамтамасыз ету және мемлекеттік реттеуді күшейту мемлекеттік қоғамдық тапсырмасы мен міндеттемесіне айналды. Қазақстан Республикасының Президентінің 13 қыркүйек 2004 жылдағы жолдамасында Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдар аралығындағы № 1438 денсаулық сақтауды дамыту және реформалаудың мемлекеттік программасы бекітілді, мақсаты мемлекеттің және адамның денсаулығын сақтауда ынтымақты жауапкершілік қағидаларына сүйенетін, біріншілік медико санитарлық көмектің дамуы басым, тұрғындардың денсаулығын жақсартуға бағытталған медициналық көмектін эффективті жүйесін қалыптастыру. Осы жылы қорытынды мерзімі бітетін Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруда белгілі нәтижелерге қол жетті: - Қан қызметін жетілдіруге, ЖИТС ЖҚТБ эпидемиясына қарсыласуға, кардиологиялық және кардиохирургиялық көмектін дамуына,тұрғындарды туберкулезден сақтауға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, ана және бала өлімін азайтуға бағытталған салалы бағдарламалар өнделіп, еңгізілді, - Біріншілік медико санитарлық көмектің қызметі реформалауы жүзеге асты нәтижесінде жалпы дәрігерлік тәжірибенің қағидалары еңгізілді. Қан айналу жүйесінің ауруларын алдын ала анықтау мақсатында ересектер мен балаларды профилактикалық тексеруден өткізу жүзеге асыруда, әйелдерде репродуктивті жүйесінің онкопатологиясын алдын ала анықтау үшін тегін және жеңілдікті дәрі дәрмекпен қамтамасыз ету еңгізілді. - Денсаулық сақтау ұйымының материальды техникалық базасын жақсартуда іс шаралар жүргізілді. - Денсаулық сақтау менеджерлерін даярлау жүзеге асуда. Қазақстан Республикасының онкология жүйесінің келешектегі дамуын мысалға келтіруге болады. Қазақстан Республикасы онкологиялық көмекті дамытудағы басты бағыттары: 1 Бағыт.Біріншілік медико санитарлық көмекті профилактикалық бағытта жетілдіру 2 Бағыт. Онкологиялық ауруларды жоғары технологиялық әдіспен диагностикалау және емдеуді жетілдіру. 3 Бағыт. Кадр потенциалын қатайту және дамыту. 4 Бағыт. 2016 жылға дейін онкологиялық қызметті дамыту және инфроструктурасын жетілдіру және материалды-техникалық базасын жақсарту. Формирование современной модели онкологической помощи, ориентированной на пациента, определяемый как координированная, интегрированная, комплексная и непрерывная помощь, доступная для всех. Ерте диагностикалау бағдарламасының дамуы арқылы онкологиялық аурулардың профилактикасының жетістіктері (скрининг): 2012 жылға – 4 скринингті бағдарламаны орындау: омырау безінің , жатыр мойнының , колоректальды обырына арналған скринингті жүзеге асыруды жалғастыру. Шығыс Қазақстан бойынша аталық без обырына скрининг бойынша ұшқыштық проекті еңгізу. 2013 жылға – 6 скринингті бағдарламаны орындау: омырау безінің обыры, жатыр мойнының обыры, колоректальды обыры, Қызылорда, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында аталық без обырына скрининг бойынша ұшқыштық проекті кезең бойынша кеңейту. 2014 жыл – 6 скринингті бағдарламаны орындау: омырау безінің обыры, жатыр мойнының обыры, колоректальды обыры, Қарағанды, Атырау, Ақмола, Жамбыл, Қостанай облыстарында аталық без обыры, бауыр обыры, асқазан және ішек обырына скрининг бойынша ұшқыштық проекті кезең бойынша кеңейту. 2015 жыл – 6 скринингті бағдарламаны орындау: омырау безінің обыры, жатыр мойнының обыры, колоректальды обыры, Манғыстау, Алматы, Онтүстік Қазақстан облысы қалалары Астана және Алматыда аталық без обыры, бауыр обыры, асқазан және ішек обырына скрининг бойынша ұшқыштық проекті кезең бойынша кеңейту. 2016 жыл– 6 скринингті бағдарламаны ұлттық деңгейде орындау:омырау безінің обыры, жатыр мойнының обыры, колоректальды обыры, аталық без обыр скринингі, бауыр обыры скринингі, асқазан және ішек обыры скринингі. Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін жоғарылату мақсатында 2004жылдан Министерство ''ауылдық аймақтағы денсаулық сақтаудың телемедицина және мобильді медицинаның дамуы'' атты инвестициялық проект жүзеге асырылуда. Қазіргі кезде телемедицина 14өңірге еңгізілді. Онда әртүрлі профилдегі мамандардын назарын аудару мақсатында телеконференция түріндегі телемедицина сеанстары өткізілуде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында «Әлеуметтік-экономикалық модернизация – Қазақстанның басты даму векторы»: «…Енді жоспардың бірінші тапсырмасына онкологиялық ауруларды және онкологиялық өлімді төмендету болады. Жүрек қантамыр жүйесінің аурулары мәселесінде істегеніміздей, Екі айлық мерзім ішінде Қазақстанда онкологиялық көмек бағдарламасын дамытуды Үкіметке тапсырамын. Сонымен қатар Астанада Ұлттық медициналық холдинг базасында Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық ашуды жүзеге асыру керек.» 4. Иллюстративті материал, презентация 5. Әдебиет Әдебиеттер тізімі 1.Аканов А.А. Политика охраны здоровья населения в Казахстане: Опыт разработки, реализации национальных программ здравоохранения и перспективы на 2010-2015 годы. Астана, 2006. 243 с. 2.Аканов А.А., Девятко В.Н., Кульжанов М.К. Общественное здравоохранение в Казахстане: Концепция, проблемы и перспективы. Алматы, 2001. 100 с. 3.Аканов А.А., Кульжанов М.К., Камалиев М.А. Новое общественное здравоохранение в Казахстане //Центрально-Азиатский журнал по общественному здравоохранению. 2005. № 2-3. С. 14-20. 4.Девятко В.Н., Аканов А.А. Здоровье народа и здравоохранение Казахстана в переходный период: Опыт, уроки, проблемы. Алматы, 1999. 140 с. 5.Девятко В.Н., Кульжанов М.К., Аканов А.А. Здравоохранение мира: состояние, перспективы, развитие (опыт Казахстана). Алматы, 1995. 128 с. 6.Организация здравоохранения Казахстана /Аканов А.А., Куракбаев К.К., Чен А.Н., Ахметов У.И. Астана-Алматы, 2006. 231 с. 7.Шарманов Т.Ш. Алматинский рубеж мирового здравоохранения (от Алматы к новому тысячелетию человеческого развития). Алматы-Вашингтон-Женева, 2008. 184 с. 6.Бақылау сұрақтары. 1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің дамуының қазіргі мәселелерімен даму перспективаларын айт? 2. Қазақстан Республикасындағы онкологиялық көмек көрсету жұмысының негізгі бағыттары ? ЛЕКЦИЯ КЕШЕНІ 1. Кредит 1 Тақырып 2: Менеджмент ғылым және тәжірибе ретінде. Басқару нысанасы. Ұйым басқару нысанасы ретінде. Менеджмент денсаулық сақтауда кәсіптік әрекеттің түрі ретінде.Менеджмент қалыптасуының шарттары мен алғышарттары. Менеджмент деңгейлері. Денсаулық сақтауда менеджмент табысының критерилері. 2. Мақсаты: Студенттердің менеджмент жайлы білімін ғылым және тәжірибе ретінде қалыптастыру. Ұйымды басқару нысанасы ретінде, басқару объектілерімен таныстыру. Менеджмент денсаулық сақтауда кәсіптік қызметтің түрі ретінде. Менеджмент қалыптасуының шарттары мен алғышарттарымен таныстыру. Менеджмент деңгейлері. Денсаулық сақтауда менеджмент табысының критерилері. 3. Лекция тезисі: Менеджмент (от англ. management — басқарма, жетекшілік, администрация, дирекция, билікке ептілік) —әлеуметтік экономикалық жүйені өңдеу, қалыптастыру (организация), максимальді эффективті пайдалану (басқару) және бақылау. Бизнесте, мемлекеттік әлеуметтік экономикалық жүйеде және коммерциялық емес ұйымдарда менеджмент жекелеген институциональды өріс ретінде қарастырылады. Менеджмент — экономикалық процесстерді рациональды басқаруды қамтамасыз ететін, ұйымдық жүйені басқару және әлеуметтік экономикалық талапқа сай жетілдіретін шаруашылық әрекет және басқарушылық облыс болып табылады. Менеджмент түрлері мен деңгейлері. 1. Жалпы менеджмент (өңір, облыс, ауданды басқару). Бұл деңгейде жалпы стратегия қалыптастырылады, шешім қабылданады, топ менеджерлер басқарады. 2. стратегиялық М ( стратегиялық жоспарлау, оны жүзеге асыру, мақсатты менеджмент) 3. Инновационды М( жаңалау, НТП, жоғары технологияны өңдеу) 4. функциональды М ( функциональді бөлім) Жіктелуі: маркетингтік , қаржылық , кадрлық, М сапа . 5. Операциялық М ( өнімді өндіру және шығару ). Менеджмент түрлері: Қаржылық, иинвестициялық, стратегиялық, иинновациялық , халықаралық, өндіруші, ақпараттық, кадрлық, тайм-менеджмент, антикризисті, әлеуметтік, банктік, салықтық , экологиялық, тәуекел-менеджмент Менеджментте 3 басты басқару дәрежесі бар :
басқарудың жоғарғы дәрежесінде ұзақ мерзімді периодқа бағдарланған стратегиялық тапсырмалар шешіледі. Олардың құзіретіне мынадай сұрақтар кіреді:жаңа филиалдарды ашу, жаңа акцияларды шығару, жаңа тауарларды шығару, өкілділікті ашу, миссияны өндеу. басқарудың орташа дәрежесі жоғарғы дәрежедегі басқарушыларға ақпаратты жинау және өңдеумен айналысады. Олар төмен дәрежедегі басқарушыларға жұмысты құрастырады яғни байланыстырушы түйін болып табылады. Басқарудың төменгі дәрежесінде материалдарды өндіретін және қызмет көрсететіндерді басқаратындар отырады. Назардың көпшілігін басқаруға жұмсайды. Басқару- алдын ала берілген мақсатқа сай ресурстарды ұйымда тарату және қозғалыс процессі. Алдын ала ойластырылған жоспары бар және қызмет нәтижесін үздіксіз бақылайды. Басқару адамзатпен бірге қалыптасты. Ортақ мақсатқа жету жолында кем дегенде 2адамның бірігуінде олардың жалпы қызметінің координациясында сұрақтар туындады және ол шешімді екеуінің біреуі алу керек болды. Бұл жағдайда ол не басқарушы не жетекші болуы қажет ал екіншісі бағынушы не орындаушы болу керек. Басқару объектісі Басқару принциптері мен функциялары Ұйымдардың тұтыну туралы білім жүйесі және әлеуметтік экономикалық жүйе әр түрлі ғылыми базаларда қалыптасады. Саяси экономикада, құқықта, психологияда және тағы басқа ғылымдарда басқарумен байланысты бөлімдер бар. Жоспарлау, шешім шығару және тіркеу сұрақтары, ақпаратты өндеу т.б басқарудың белгілі бір функцияларын зерттейтін ғылымның арнайы тізімі бар. Мұнда сандық әдіс және шешім қабылдау моделдері маңызды орын алады. Менеджмент денсаулық сақтау жүйесінде профессионалді қызмет түрі ретінде.
Медициналық клиникалар инвистициялық анализдің объектісіне айналып, осы бизнестің барлық артықшылықтарын зерттеу және бірінші кезекте кәсіпкерлік басқаруды зерттеу кезінде көптеген кәсіпкерлер үшін қолайлы сәт туды. Осы кезде инвесторлардың, менеджерлардың, эксперттердің пікірі екіге бөлінді. Оның бір бөлігі әртүрлі кәсіпорын салалары үшін басқару заңы бірдей деп ойлайды (1912 жылы Ф.Тейлордың США Конгрессіне баяндамамында мысал ретінде ''ғылыми басқару'' медициналық клиниканы келтіргеннен бастап бұған қарсыласу қиын), медициналық ұйымда қандайда бір принципиальды ерекшеліктер туралы айтудын мағынасы жоқ. Екіншілері керсінше денсаулық сақтау қызмет етудін спецификалық ортасы, дәстүрлі менеджментпен қатар денсаулық сақтау жүйесін және өзіндік емделуді білу қажет деп санайды. Медициналық мекемелерді басқарудың ерекшелігі неде? Ең бірінші дәрігер кейпі, кәсіпорынның негізгі қызметкері ретінде. Менеджменттің ең басты қызметі дәрігерге ортақ және эффективті жұмысты қамтамасыз ету. Не жеңіл болуы мүмкін? Осы жерде менеджер үшін сынақтар басталады. Дәрігер Мишель Фуко бұл туралы өзінің ''Клиниканың пайда болуы'' жұмысында жазған, басқаларға көмек көрсету арқылы өзіне өзі жұмыс істедім деп түсінетін еркін кәсіптің өкілі. Өзі үшін жұмыс атқаратын, жалданбалы, бағынышты жұмыскер сияқты статус дәрігер психологиясы мен идентификациясына сәйкес келмейді. Сол себепті қазір еңбек нарығында дәстүрлі менеджерлердің таң қаларлық дәрігер әрекетін көреміз: мінсіз клиника іздеуде үнемі миграцияда болуы, академия және университет дәрігерлерінің ескі жұмыстан жаңаға ауысуға қорқынышы, жақсы жабдықталған жекеменшік клиникаға, өзінің консультациясы үшін заңсыз түрде пара алуға әуестену, туған туысқандарын қымбат тексеру аппараттарынан кассаға төлем ақы жасамай тегін өткізу, ''жұлдыз'' ауруы, контракта қабылданған дәстүрлі формалардан бас тарту. |