Курсы 3 Оқу семестрі 6




Скачать 269.92 Kb.
НазваниеКурсы 3 Оқу семестрі 6
страница1/3
С И Ботабаев
Дата конвертации13.02.2016
Размер269.92 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://sirius.ssmu.kz/fs/_15/05/21/555d6e49c282f.doc
  1   2   3

G-041.07.05.23-2013


Силлабус

Бакалавриат МЖМБС

1 бас.

Бет тен




СЕМЕЙ Қ. МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ


ЖАЛПЫ ХИРУРГИЯ КафедраСЫ


Силлабус

бакалавриат МЖМБС




Пән: оториноларингология


Пәннің коды: 051302


Мамандығы: Стоматология


Оқу сағатының көлемі – 108 сағат


Курсы 3


Оқу семестрі - 6


Семей 2014 жыл

Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасы) жалпы хирургия кафедрасында, оториноларингология пәні бойынша типтік бағдарламасының негізінде, мед ЖОО студенттеріне құрастырылды, ҚР МД Оқу-әдістемелік секциясында пән бойынша жоғарғы және жоғарғы оқу орынынан кейінгі білімі «29» сәуір 2009 жылынан бекітілген.


Авторы: Жақиянова Ж.О.


_____ ____________2014 жыл кафедра отырысында талқыланды.


№____Хаттама


Жалпы хирургия кафедрасының

меңгерушісі, профессор, м.ғ.д.: ___________ С.И. Ботабаев


Оқытушылар туралы мәліметтер




Аты жөні

Қызметі

Ғылыми атағы

Ғылыми ықыласы және жетістіктері/категориясы

1.

Жакиянова Жаннат Оразмұхамбетқызы


Курс меңгерушісі,

ассистент

м.ғ.к.

Эндокринді патологиясы бар науқастардың синуиттерін емдеу/жоғарғы категория.

2.

Кулумбаева Батима Бибекқызы


Ассистент




Меньер ауруының патогенезі/жоғарғы категория.

3.

Ордабаева Дамегул Кумашқызы

Ассистент




Ішкі құлақтың аурулары.



2. Байланыс ақпараты: кафедраның орналасқан орны

адресі Сеченова, 1 СММУ МО.

телефоны 8 (7222) 534164

Пән саясаты

Пән саясаты – бұл білімалушының (студент, интерн, резидент, магистрант, докторант) оқу материалын анағұрлым толық меңгеруіне және оқытушылар мен білімалушылардың нәтижелі әріптестігіне бағытталған осы пәнді меңгеру үрдісінде білімалушыға кафедраның қоятын жалпы талаптары.

Білімалушы міндетті:

  • Білімді, шеберлікті, практикалық дағдыларды және біліктіліктерді толық көлемде меңгеру.

  • Таңдалған білім траекториясы бойынша біліктіліктерге жету үшін бірінші курстан бастап электронды нұсқада «Портфолио» жинау.

  • Оқытушыларға, қызметкерлерге және білімалушыларға құрметпен қарау.

  • Семей қ. ММУ Ұжымдық этика Кодексін, соның ішінде «Сыртқы түріне талаптар» тарауын білу және сақтау.

  • Мұнтаздай таза және тәртіпті болу, Университетте, емханаларда өзін лайықты ұстау, тыныштықты және сабақтарда, холлдарда, дәліздерде тазалықты сақтау.

  • Білімалушы сабақ басталғаннан соң (оқытушы сабақты нақты бастағаннан соң) аудиторияға тек оқытушының рұқсатымен кіріп шыға алады.

  • Пән бойынша оқу бағдарламасын толық меңгеру үшін дәрістерге, практикалық (зертханалық, семинар) сабақтарға қатысу міндетті болып табылады. Клиникалық кафедраларда профессордың немесе доценттің қарауына, дәрігерлер консилиумдарына міндетті түрде қатысу.

  • СОӨЖ (студенттердің оқытушы жетекшілігімен өздік жұмысы) қатысуға кафедраның талаптарын орындау.

  • Дәрістерге, практикалық, зертханалық және семинар сабақтарға, емтихандарға медициналық форма киіп қатысу.

  • Клиникалық кафедраларға СЭС рұқсаты бар санитарлық кітаптың болуы.

  • Кафедра мүлкіне ұқыптылықпен қарау, үстелдер үстін ластамау, жазу жазбау, мүлікті бұзған жағдайда келтірілген зиянның орнын толтыру.

  • Үшкір өкшесі бар аяқ киімді киюге тыйым салынады.

  • Өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау.

  • Университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтау.

  • Кафедра өміріне белсенді қатысу (СҒЖ үйірмесіне, кафедра іс-шараларына және т.б. қатысу).

  • Мамандық бойынша ғылыми-практикалық, патологоанатомиялық конференциялар мен ассоциациялардың жұмысына қатысу.

  • Дәрістер, сабақтар кезінде ұялы телефондарды өшіріп қою.

  • Емтихандарға ұялы телефондарды, i–Phone, i-Pad алуға тыйым салынады. Білімалушы ұялы телефондарды, i–Phone, i-Pad еске түсіру құралы ретінде пайдаланса, ол емтиханнан шығарылады, емтиханнан шығарылғаны туралы акт жасалады және F бағасы қойылады. Емтиханда немесе саралау сынағында білімалушы көмекші қағаздарды қолданса, автоматты түрде қорытынды «қанағаттандырарлықсыз» баға қойылады.

  • Кафедраларда өтемдер сабақтан тыс уақытта өткізіледі, дағдылы күндерде де жіберіледі (теориялық кафедрада кезекші оқытушы 18.00 сағатқа дейін болуы тиіс), клиникалық кафедрада өтемдерді профессорлық – оқытушылық құрамының түнгі кезекшілігі кезінде өткізуге болады.

  • Себепсіз және себепті жағдай бойынша сабақтарды босатқанда білімалушы сабаққа шыққан күннен бастап деканаттан бір апта ағымында рұқсатнама алуға міндетті.

  • Білімалушы себепті жағдай бойынша сабақтарды босатса бір ай ішінде өтеуі керек.

  • Себепсіз жағдайлар бойынша босатылған сабақтарды білімалушы 2 апта бойы қосымша оқыту түрі ретінде (ҚОТ) ақылы негізде өткізіледі, ҚОТ көрсетуге келісім шарт жасалады.

  • Егер білімалушының қосымша оқыту түріне және факультативті сабақтарға қажеттілігі болған жағдайда, онда да ҚОТ көрсетуге келісім шарт жасалады. ҚОТ барлық түрлері ақылы негізде өткізіледі.

  • Дәрістерді босатқан кезде себептерге қарамай білімалушы дәріс материалдарының конспектісі болуы керек және оны дәріскерге көрсетуі керек, босатқан дәрістерді өтеу – дәрісті өтеу үшін деканаттан рұқсатнама талап етілмейді.

  • Себепсіз жағдайлар бойынша босатылған сабақтарды өтеу кезінде білімалушыға 2,33 (70 %) артық баға қойылмайды.

  • Себепті жағдай бойынша босатқан сабақтарды өтеу кезінде білімалушыға жауап берген бағасы қойылады.

  • Білімалушы белгілі себептермен (стационарда емделсе, төтенше жағдайлар болған кезде: табиғат апаты, апаттар және басқалар) басқадай себептермен сабақ босатқан жағдайда топ старостасы немесе куратор бір тәулік ішінде кафедраны және деканатты (телефонмен және басқадай жолмен) болған жағдай туралы хабардар етуге тиісті және үш күн ішінде осы жағдайды куәландыратын құжат әкелуі керек. Ақтау құжаттары болып табылады: студенттік емханадан анықтама (нөмірі емхананың анықтама беру журналындағы нөмірмен бірдей болуы керек), жақындарының қайтыс болуы туралы куәлік, донорлық анықтама, некелесу туралы куәлік, баланың туу туралы куәлігі. Интерндер, резиденттер, магистранттар, докторанттар жұмысқа жарамсыздығы парағын беруі керек. Ақтау құжаттары болмаған жағдайда себепсіз болып саналады. Жалған анықтамалар берген жағдайда рұқсатнама берілмейді және білімалушыға қатысты ішкі тәртіп Ережелеріне сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады.

  • Кафедраға рұқсатнамамен бірге растайтын құжат көшірмесі беріледі. Білімалушы себепті жағдаймен босатылған 2 сабақты бір ретте өтеуіне болады.

  • Себепті жағдаймен босатылған сабақты өтеу кезінде қағаз журналда «бж» дөңгелектенеді және алынған баға қағаз және электронды журналға енгізіледі. Электронды журналға бағаларды қою үшін өтінім деканаттан рұқсатнама беру сәтінен бастап бір ай ішінде жүргізіледі.

  • Білімалушы бекітілген уақытта екі және одан да көп сабақтарды өтемеген жағдайда аттесталмаған деп есептеледі. Пәндердің аудиторлық (дәрістер, практикалық) сабақтары жалпы сағаттар көлемі босатылғандар санына байланысты мынадай әкімшілік шаралар енгізілсін:

- 5 - 10% - ескерту

- 11 - 15% - сөгіс

- 16-24% - қатаң сөгіс

  • Білімалушы ағымдағы үлгеріміне бақылау оқу пәнінің әрбір тақырыбы бойынша өткізіледі.

  • Соңғы сабақта пән бойынша жіберу рейтингісінің бағасы (ЖРБ) есептеледі, ЖРБ ведомостіне танысқаны туралы білімалушы өзінің қолын қояды, ал ЖРБ жетекші оқытушымен сынақ кітапшасында ЖРБ қойылады.

  • Пәндердің (дәрістердің, практикалық) аудиторлік сабақтардың жалпы көлемінен 25% себепсіз жағдаймен босатқан білімалушы пән бойынша аралық аттестаттауға (емтиханға/дифсынаққа) жіберілмейді және жазғы (ақылы) семестрден өтуге міндетті. Себепсіз жағдаймен босатқан білімалушы жеке кесте бойынша барлық өтеулерді өтеуге міндетті.

  • Деканаттан рұқсатнамалар оқу топтары журналдарында сақталады.

  • Егер білімалушы себепті жағдай бойынша аралық бақылауды босатқан және оны бір ай бойы өтемеген жағдайда, «бж» орнына журналда «0» қойылады. Және оның рейтингі автоматты түрде төмендейді.

  • Егер интеграцияның бір пәні немесе аралас пәндер бойынша «Жалпы медицина» мамандығы 4,5 курстары білімалушысы «F» алса, онда білімалушы жазғы (ақылы) семестр кезінде «F» бар пәнді ғана өтейді. Толық пән бойынша қорытынды баға ақылы семестрді өткеннен кейін қойылады.

  • Кафедра әрбір практикалық дағды (ҚКЕБ, ҚПЕБ, науқас төсегі қасындағы мини – клиникалық емтихан және б.) бағасының әдісін анықтауы керек, білімалушылармен дағдылар семестр бойы тапсырылады, оқу журналына қойылады, қосылады, практикалық дағдыларға қорытынды баға сессия кезінде эмтихандық ведомсотіге қойылады.

  • Егер емтихан екі және одан да көп кезеңдерден тұрған жағдайда және білімалушы кезеңдердің бірінен «0» алса, онда ол білімалушы үшін емтиханның келесі кезеңіне өту үшін кедергі болып табылмайды, емтихан бағасы әрбір кезеңнің үлес салмағына сәйкес саналады.

  • Егер жіберу рейтингісі бойынша және қорытынды бақылаудан да (емтихан/дифф сынақтан) білімалушы оңды баға алса ғана қорытынды баға есептеледі. Сонымен бірге оңды баға болып 50% -дан 100% -ға дейінгі баға болып саналады, қанағаттанарлықсыз баға - 0 -дан 49% -ға дейінгі баға болып саналады.

  • Егер емтихан үш кезеңнен тұрған жағдайда, онда тестілік емтихан үлес салмағы 20 % құрайды, практикалық дағдылар 10%, ауызша жауап - 10%. Егер емтихан тек қана ауызша сұраудан және практикалық жағдыдан тұрса онда тиісінше әрбіреуі -20%.

  • Ағымдағы сабақтарда және аралық бақылауда алынған қанағаттанарлықсыз бағалар өтелмейді. Қанағаттанарлықсыз бағалар болған жағдайда білмалушылар төмен ЖРБ алады, ол өз кезегінде емтихан рұқсатнамасына әсер етеді.

Аралық аттестаттау бойынша оңды бағаны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

  • ЖРБ сынақ кітапшасының оң жағына қойылады. Дифференциалды сынақ бағасы шәкіртақы тағайындауға әсер етеді.

  • Осы семестрдің оқу жоспарымен қарастырылған семестрдің барлық пәндері бойынша оқу бағдарламасын орындау шарттары барлық сынақтарды тапсыру/ алуда білімалушылар аралық және қорытынды аттестаттауға жіберіледі. Емтихан сессиясына жіберу деканат өкімімен рәсімделеді, сонымен қатар білімалушы сынақ кітапшасына «сессияға жіберілді» мөртабаны қойылады.

  • Білімалушыны курстан курсқа ауыстыру студенттің үлгерімінің орта баллы (GPA) негізінде жүргізіледі.

  • Егер білімалушы қажетті өту баллының GPA санын ала алмаса, білім грантынан айрылуымен қайталау курсын өтеді немес өз еркімен оқудан шығарылады.

  • Толық көлемде курс бағдарламасын орындаған білімалушы, бірақ өту баллын (GPA) жинай алмаған, өзінің үлгерімінің орта баллын көтеру мақсатында ақылы негізде пәнді қайта жазғы (ақылы) семестрде оқуға мүмкіндік беріледі («Қазақстан тарихы» пәнінен басқа, ол бойынша мемлекеттік емтихан тапсырылады) және және қайта емтихан тапсырады.

Қайта тапсырғанда алынған оңды баға шәкіртақыны тағайындауға әсер етпейді.

Академиялық демалыстан кейін оқуға келген немесе бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысқан кезде білімалушы барлық курсты толық өтуі және емтихан тапсыруы қажет.

  • «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан студент «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, ол ақылы негізде осы пәнге қайта жазылады, қайтадан келесі академиялық мерзімде немес жазғы семестрде оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, ағымдағы бақылаудың талаптарын орындайды, рұқсатнама алады және мемлекеттік емтиханды қайтадан тапсырады. (ҚР білім және ғылым Министрінің №125 бұйрығы 85т. 18 наурыз 2008ж.)

  • «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан оңды бағасын оны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. (ҚР білім және ғылым Министрінің №125 бұйрығы 85т. 18 наурыз 2008ж.)

  • Жұмыс және жеке оқу жоспарының және жұмыс оқу бағдарламаларының талаптарын орындамаған бітіруші курс студенті жазғы семестрді өтпей оқытудың қайталау курсына қалады. (ҚР білім және ғылым Министрінің №125 бұйрығы 85т. 18 наурыз 2008ж.)



1. Кіріспе

Оториноларингология – клиникалық пән ретінде құлақтың патологиясы мен морфофизиологиялық ерекшеліктерін, жоғарғы тыныс алу жолдарының және солармен аралас аймақтарды зерттейді. ЛОР ағзаларының басты ерекшеліктерінің бірі - олардың бас пен мойында орталық орналасуы. Олар бас-сүйек ойықтары, көз ұясы, тіс-жақ аппаратымен, омыртқа жотасымен және кеуде аралық ағзалармен, магистральді қан тамырлармен, негізгі нерв бағанымен және өрімдерімен тығыз байланысты. Патологиялық процесстер осы аймақтың кез-келген сегментінде дамитын жалпы механизмге ие болады және бір-бірінің ағымын асқындырады. Жиі бірдей клиникалық симптомдарымен өтеді. Стоматолог-дәрігер тіс және ауыз қуысы ауруламен шұғылданып ауыз қуысындағы клиникалық көріністерін, диагностика принциптерін және ЛОР ағзаларының ішінде дифференциальді диагностиканы және аурудың келесі ем тактикасын жақсы білу керек.

2.Пәннің мақсаты: ЛОР ағзаларының зақымдалуымен және стоматологиялық аурулар туралы студенттердегі осы пәндердің қарым-қатынасы туралы жалпы ұғым алып шығу, ЛОР ағзаларының негіздері бойынша тексерулер туралы және оториноларингологиядағы жедел көмекті көрсете алу.

3. Пәннің мақсаты:

  • құлақ, мұрын, тамақ ауруларының жақ-бет аймағының аурулары туралы білім беру;

  • ЛОР ағзаларын зерттеу әдістерін үйрету;

  • ЛОР ағзаларын және жақ-бет аймағынан қан кету, бөгде зат, жарақат кезінде жедел көмек көрсету әдістері мен тәсілдерін студенттерге үйрету.

4. Оқыту мақсаттары:

  • ЛОР ағзаларының негізгі ауруларының этиологиясын, патогенезін, клиникасын, олардың жақ-бет патологиясымен қарым-қатынасы, диагностикасының жалпы принциптері, емі және профилактикасын;

  • Ото- және риносинусогенді бас-сүйек және орбитальді асқынуларының негізгі клиникалық көріністерін;

  • ЛОР ағзаларынан қан кету, бөгде зат, жарақаттың себептері, клиникалық белгілері, емінің негізгі принциптері және осы жағдайлар кезінде алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуін.

  • маңдай рефлекторін қолдануды;

  • ЛОР ағзаларына сыртқы зерттеу жүргізуді;

  • мұрын маңы қуыстарының, көмейдің компьютерлі томографиясын, рентгенограммаларын бағалауды;

  • алдыңғы, артқы риноскопияны жүргізуді;

  • мезофарингоскопияны жүргізуді;

  • артқы бадамшаларына және көмейдің артқы қабырғасына жағу жасауды;

  • тура емес ларингоскопия жүргізуді;

  • ішкі трахеотомиялық түтікті өңдеу және оны ауыстыруды;

  • отоскопия жүргізуді;

  • сыбырды есту және сөйлеу арқылы зерттеуді;

  • құлақты жууды.

  • ЛОР ағзаларының сыртқы зерттеуін жүргізуді;

  • мұрынның шырышты қабатынан жағынды алуды;

  • мұрынның алдыңғы тампонадасын жүргізуді;

  • регионарлы лимфа түйіндерін пальпациялауды;

  • сыртқы есту түтігінен бөге затты алуды;

  • құлаққа тамшы тамызуды;

  • құлаққа таңғыш салуды.
  1   2   3

Похожие:

Курсы 3 Оқу семестрі 6 iconКурсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі
Жоғары оқу орнының атауы: С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
Курсы 3 Оқу семестрі 6 iconКурсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі
Жоғары оқу орнының атауы: С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
Курсы 3 Оқу семестрі 6 iconКурсы және оқу семестрі: 3 курс, 6 сместр Семей 2014

Курсы 3 Оқу семестрі 6 iconКурсы және оқу семестрі 4 курс, 7,8 семестрлар Семей 2013

Курсы 3 Оқу семестрі 6 iconКурсы және оқу семестрі 4 курс/7,8 семестрлер Семей 2014
Астана, 2012 Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы типтік оқу бағдарламасының негізінде
Курсы 3 Оқу семестрі 6 iconКурсы және оқу семестрі 1 курс 1 семестр Семей 2014
Казакстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігі Астана 2007 ж Типтік оқу бағдарламасының негізінде
Курсы 3 Оқу семестрі 6 iconКурсы және оқу семестрі 1 курс 1 семестр Семей 2014
Казакстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігі Астана 2007 ж Типтік оқу бағдарламасының негізінде
Курсы 3 Оқу семестрі 6 iconКурсы және оқу семестрі 3/5
Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасын) ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы құрастырды Клиникалық медицинаға кіріспе Типтік...
Курсы 3 Оқу семестрі 6 iconКурсы және оқу семестрі: 3, 6 семестр. Семей 2014
Пәннің Жұмыс бағдарламасы жалпы хирургия кафедрасында құрастырылды. Типтік оқу бағдарламасының негізінде оториноларингология пәні...
Курсы 3 Оқу семестрі 6 iconКурсы және оқу семестрі : 1 курс, 2 семестр
Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасын) әлеуметтік- гуманитарлық пәндер кафедрасы құрастырды «Құқық негіздері» типтік оқу бағдарламасының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница