Казіргі иммунология және оның мақсаттары мен жетістіктері. Иммунды жүйе, оның ұйымдастырылуы мен қызмет атқаруының негізгі принциптері




Скачать 455.55 Kb.
НазваниеКазіргі иммунология және оның мақсаттары мен жетістіктері. Иммунды жүйе, оның ұйымдастырылуы мен қызмет атқаруының негізгі принциптері
страница1/4
Дата конвертации13.02.2016
Размер455.55 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://sirius.ssmu.kz/fs/_14/12/23/54990f988f38b.doc
  1   2   3   4

G-041.07.05.13-2013

ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

1 бас.

Бет тен



СЕМЕЙ Қ. МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ


1. Тақырып №1. Казіргі иммунология және оның мақсаттары мен жетістіктері. Иммунды жүйе, оның ұйымдастырылуы мен қызмет атқаруының негізгі принциптері.

2. Мақсаты: студенттерді патогенезінде иммунды патологиялы механизмдер жататын бірқатар ауруларды бағалау және емдеу білімдерімен қамтамасыз ету;

студенттерді иммун жүйесінің мүшелік, клеткалық және молекулалық құрылысымен қызметі жөнінде ғылыми білімдермен қамтамасыз ету. Иммунитет теориялары мен антигендер туралы білімді бекіту.

3. Дәрістердің тезистері:

Қазіргі уақытта иммунология негіздерін білу барлық саладағы медик-студенттерді дайындаудағы керекті құрам бөлігі болып табылады. Казіргі кезде иммунология клиникалық медицинадағы көптеген сұрақтарды шешуге мүмкіндік беретін ғылымдар қатарына шықты. Иммунологияның жетістіктері – жаңа, тиімділігі жоғары диагностикалық және емдік препараттардың шығарылуымен, жұқпалы аурулардың төмендеуімен, көптеген ауруларды (қатерлі ісіктер, аутоиммунды, аллергиялық және созылмалы жұқпалы аурулар) емдеу кезінде иммунокоррекциялық терапияны қолдануымен, біріншілік және екіншілік иммун жетіспеушілік жағдайлардың патогенезі мен емін зерттеумен байланысты.

Иммунология дамуының жаңа кезеңі австриялық ғалымы Ф.Бернеттің атымен байланысты Бернет иммунитеттің клон-сұрыптау теориясымен иммунологиялық бақылаудың концепциясын негіздеді. Ол трансплантат тұрақтамаудың иммунологиялық себебін дәлелдеді.

Бернеттің клон-сұрыптау теориясы. Теориясының мағынасы: иммунды жүйенің негізгі қызметі - бөтенді өзінікінен ажырату. Әр антигенге белгілі лимфоцит бар. Лимфоидті клеткалардың популяциясы өте көлемді, гетерогенді, антигендік детерминанттардың көп санды түрлерінен асып түсіп, басып кетеді. Иммунитет – организмнің генетикалық бөгде информациясын тасымалдау- шылардан қорғану әдісі, ішкі гомеостазды сақтау үшін бағытталған. Иммунды жауап дегеніміз антигенді байланыстырып, инактивациялап, ыдыратып және организмнен шығаруға бағытталған иммун жүйесінің арнайы комплексті реакциясы. Иммунды жауап бір-бірін толықтыратын клеткалық және гуморалды иммунитет реакциялармен жүзеге асады.

ИММУН ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ:

  • Жұқпаларға қарсы қорғаныс.

  • Ісікке қарсы иммунитетке қатысу.

  • Трансплантациялық иммунитетке қатысу.

  • Аллергиялық реакцияларға қатысу.

  • Аутоиммунды патологияның даму механизмдеріне қатысу.

  • Ана мен бала организмдері өзара қатынасына қатысу.

  • Қабыну процессіне қатысу.

  • Қан ұю механизмдеріне қатысу.

Организмнің иммун жүйесі біртұтас морфофункционалды жүйеИммун жүйесінің жалпы салмағының мөлшері – 1,5-2 кг. тартады, ал лимфоциттердің жалпы саны 1013-і дәрежесінде болады. Лимфоциттер лимфатикалық тамырлар мен қан тамырлар арқылы лимфоидты мүшелер мен лимфоидты емес тіндердің арасында интенсивті түрде рециркуляциялайды. Бұл лимфоциттердің миграциясы керісінше де жүреді. Миграция механизмі лимфоциттердің бетіндегі белгілі молекулалардың қан тамырының эндотелийінің мембранасындағы белгілі бір молекулалармен әсерлесуден тұрады (адгезиндер, интегриндер). Лимфоциттердің миграциясы организмнің жүйелі физиологиялық мақсаттарына байланысты.

Иммун жүйесінің құрылысы. Иммун жүйесін зерттегенде мүшелік, клеткалық және молекулалық деңгейлер ажыратылады. Мүшелік деңгейге орталық және шеткі мүшелер жатады. Орталық мүшелерге сүйек кемігі мен тимус жатады. Сүйек кемігінде көп қабілетті бағана клеткаларынан лимфоидті - екі жасушалық сызық (Т- және В-лимфоциттердің ізашарлара түзіледі). Сүйек кемігінен Т-лимфоциттердің із ашарлары тимусқа миграцияланады. Онда олардың дифференцировкасы жалғасады.В-лимфоциттердің дифференцировкасы сүйек кемігінде өтеді. Түзілген лимфоциттердің клондарының әрқайсысы бір ғана антигендік детерминанттарға арналған. Иммунитеттің орталық мүшелерінде антиген тәуелсіз дифференцировка нәтижесінде лимфоциттердің клондары түзіледі – жетілген иммунды емес лимфоциттер. Иммунды жүйесінің шеткі мүшелеріне көк бауыр, лимфа түйіндері, пейер табақшалары, аппендикс, бадамша бездер, шырышты қабаттармен ассоциациялған лимфоидті түзілістер және басқа да лимфоидтық түзілістер жатады.Әрбір лимфоидтық мүше – дененің бір бөлігін бақылайды. Шеткі мүшелерде: антигенмен әсерлесу арқылы лимфоциттердің антигентәуелді дифференцировкасы, Т-, В- және антигентаныстырушы клеткалардың кооперациясы жүреді. Нәтижесінде - антигенге қарсы иммунды жауап пайда болады.Иммун жүйесінің клеткалық деңгейіне клеткалар жатады: Т, В, НК-клеткалар, лимфоциттермен бірлесіп істейтін дендритті клеткалар, макрофагтар, эозинофилдер, базофилдер, нейтрофилдер. Молекулалық деңгейге антиденелер, антигендер, лимфокиндер, МНС белоктары, лимфоциттердің беткей маркерлары, лимфоциттердің антиген танушы рецепторлары жатады.АНТИГЕНДЕР. Антигендер дегеніміз – иммунды жауапты шақыратын генетикалық бөгде зат. Антигендер 4 негізгі қасиетпен сипатталады: Бөгделік – генетикалық өзгешілік көрсететін ұғым. Антигендік – заттың иммун жауапты қоздыру мөлшерін көрсететін ұғым.Иммуногендік – иммунитет тудыру қабілеті. Ерекшелік- арнайылық – АГ-дің бір-бірінен ерекшеленіп ажырайтын қасиет.

4. Көрнекі материал: Презентация Power Point

5. Қолданылған әдебиет.

Негізгі:

1. Шортанбаев А.А., Кожанова С.В. «Жалпы иммунология», Алматы, 2008

2. Хаитов Р.М. «Иммунология», Москва, 2011

Қосымша:

  1. Иммунология: учебник / А. А. Ярилин . - М : ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 752 с.

  2. Словарь – справочник по иммунологии/ под ред.С.В. Кожановой Алматы, 2011

  3. Клиникалық иммунология және аллергология : учебник / Қ. А. Жұманбаев, Ғ. Қ. Жұманбаева, Ә. Ө. Байдүйсенова. - Қарағанды, 2009. - 354 б.

6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

1. иммунитеттің анықтамасы

2. иммунды жүйе құрылысы

3. иммунды жүйе жасушалары

4. иммунды жүйенің орталық және перифериялық мүшелері

5. иммунды жүйенің қызметтері


1. Тақырып №2. Гуморалды иммунитет жүйесі.

2. Мақсаты: гуморалды иммунитет жүйенің құрылысы мен қызметі жөнінде ғылыми білімдермен қамтамасыз ету

3. Дәрістердің тезистері

В-жүйе иммунитетіне сүйек қызыл май, пре-В-лимфоциттер, В-лимфоциттер және иммуноглобулиндер жатады. В-жүйенің негізгі қызметі – организмге түскен бактериялардан және токсиндерден қорғау. В-лимфоциттер сүйектің қызыл кемігінің бағаналық клеткасынан түзіледі. Сүйектің қызыл кемігінде В-лимфоциттердің антиген тәуелсіз жетілуі өтеді. Жетілген иммунды емес В-лимфоциттерден перифериялық лимфоидтық ткандерде плазмоциттер түзіледі. Жетілген В-лимфоциттер иммун жауапқа қатысу үшін, арнайы клеткалық рецепторлар жиынына ие болады. Пісіп жетілудің ерте кезеңінде IgM, ал кештеу IgG, ал шығу күйінде IgД класының иммуноглобулиндері сыртында пайда болады. В-лимфоциттердің сүйек кемігінде өтетін дифференцировкасында, IgД экспрессиясы- ның алдында, аутореактивті клондардың селекциясы жүреді. IgМ антигентанушы рецепторы болады.IgД рецепторы жоқ жетілмеген В-клеткамен антигеннің байланысы апоптозды шақырады. Бұл механизм клонның делециясы деп аталады.

Барлық лейкоциттердің бетінде моноклоналды антидене көмегімен анықтайтын антигендер болады (СД). Сонымен лимфоциттердің негізгі антигендік маркерлары дифференциа- ция кластері (СД) болып білінеді. В-лимфоциттер үшін СД5, СД19, СД20, СД21, СД40 рецепторлар маркерлері тән. СД19 молекуласы барлық В-клеткалар- да экспрессерленеді

Қазіргі кезде В-лимфоциттердің 2 субпопуляциясы анықталған: В-1 және В-2. В-1-ші лимфоциттерде, кейбір Т-лимфоцит терде эспрессерленетін, СД5 мембранды маркер бар. В-1 лимфоциттер белгілі бір бағытқа бағытталған, бірақ мамандануы аса жоғары емес, тез реакцияларға арналған бактерияларға қарсы шекаралық топ. В-1-ші лимфоциттермен түзілген антиденелер көбінесе IgM-ге жатады, В-2-ші лимфоциттермен түзілген иммуноглобулиндердің антигентанушы аймақтары әр түрлігімен сипатталады.

В-лимфоцит антигенді өзіндік иммуноглобулинды рецепторлары көмегімен таниды. АГ В-клетка ішінде процессингке ұшырайды. -Клетка ішінде антиген + молекула МНСІІ комплексінің түзілуі жүреді. Бұл иммуногенді комплекс В-лимфоциттің сыртына шығып,Т-хелперлерме танылады. Ары қарай Т-лимфоциттер активненіп, В-лимфоциттердің периферияда, (лимфоидты тканінің фолликуласында) пролиферациясы мен дифферецировкасын шақыратын сигнал береді. В-клеткалардың дифференцировкасында маңызды рольді Т-хелперлермен бөлінетін ИЛ4,5,6 цитокиндер атқарады. В-клетканың бір бөлігі Т-хелпермен байланысқаннан кейін еске сақтаудың арнайы В-клетканың пұлын түзейді. В-лимфоциттер мен Т-лимфоциттердің әсерлесуі процесіне беткей рецепторлар қатысады. В-клеткалардың бетінде СД40 антиген экспрессерленеді. Ал Т-клетканың бетінде, активациядан кейін СД40-қа контррецептор – СД40L. Рецепторлардың өзара әсерлесуі, В-клеткалық пролиферациясын және олардың, дифференцировкасын стимулдейді.

Антиденелер көбінесе гамма-глобулин фракциясында орналасады. Иммуноглобулин молекуласы 2 ауыр (Н) және 2 жеңіл тізбектен тұрады. Олар өзара дисульфидті байланыспен байланысқан. Жеңіл тізбектің – каппа және лямбда, 2 ауыр тізбектің – альфа, гамма, мю, эпсилон, дельта түрлері болады. Иммуноглобулиннің гетерогенділігі костантты бөлігімен байланысты. Олар иммуноглобулин дердің класстарын, түрін, қызметтерін анықтайды. Ig-н молекуласы ыдырағанда 3 фрагмент пайда болады: 2 Fab – фрагмент, бір Ғс-фрагмент түзіледі. Вариабельдік 2 Fab-фрагментпен байланысады. Fab-фрагменттің аяғында гипервариабельді бөліктер орналасады. Олар антигенді байланыстыратын активті орта түзеді. Ғс-фрагмент лейкоциттердің Ғс-рецепторымен байланысады.IgM -пентамер, барлық Ig-нің ішінде 5-10% құрайды, ең төменгі дәрежелі арнайылығымен сипатталады. В-клетканың бетінде антигенмен байланысуға мүмкіндік береді. Олар бірінші иммунды жауап түзеді, ағзаның антибактериалды қорғанысына қатысады және кейбір аутоиммунды ауруларда комплементті белсендіреді. Қалыпты жағдайда адам сарысуында 1-2 г/л болады. Комплементтің классикалық жолымен эффективті активатор болып табыладыIgG-молекулалық массасы өте төмен, сарысулық иммуноглобюулиндердің негізгісі. Барлық иммуноглобулиннің ішінде 75-85% құрайды.IgG-дің белсенді орталықтары антигенге аса биік авидтілігімен сипатталады.IgG екіншілік антигендік стимуляциядан кейін түзіледі. Сондықтан олардың мөлшері бактериалды инфекцияда жоғарылайды; плацента арқылы өтеді; ісікке қарсы иммунитетке қатысады;трансплантатты қабылдамауына қатысады; макрофагтарды опсонирлеуге қатысады, аллергиялық реакцияда комплементті байланыстырады. Қалыпты жағдайда адам сарысуында 7-16,8 г/л болады. IgА-10-15% құрайды, моно-ди-тример болады, 2 субкласстан тұрады. Қан сарысуында 2-3 г/л. IgА – негізгі секреторлы иммуноглобулин, жергілікті иммунитетте маңызды роль атқарады. Секретте димер немесе тример түрінде кездеседі. Кілегей қабықшаға вирустармен микробтардың енуінен қорғайды, токсиндерді бейтараптайды және тыныс алу жолдарының, асқазан-ішек жолдарының кілегей қабатының бетіне шығады, сілекейде, молозивада, сүтте көп мөлшерде болады. IgА комплементті байланыстырмайды.IgД -В-клетканың бетінде IgM-мен экспрессер -ленеді және жетілген В-клеткалардың негізгі мембраналық рецепторларының бірі болып табылады.IgД 0,3% құрайды, міндеті белгісіз. IgЕ-цитофильды, 0,03% құрайды. Жедел типті аллергиялық реакцияға және антипаразитар лық иммунитетке қатысады. Иммуноглобулиннің үш негізгі класы гельдегі радиалды иммунодиффузия және имммуноферментті әдісімен анықталады.

4. Көрнекі материал: Презентация Power Point

5. Қолданылған әдебиет.

Негізгі:

1. Шортанбаев А.А., Кожанова С.В. «Жалпы иммунология», Алматы, 2008

2. Хаитов Р.М. «Иммунология», Москва, 2011

Қосымша:

  1. Иммунология: учебник / А. А. Ярилин . - М : ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 752 с.

  2. Словарь – справочник по иммунологии/ под ред.С.В. Кожановой Алматы, 2011

  3. Клиникалық иммунология және аллергология : учебник / Қ. А. Жұманбаев, Ғ. Қ. Жұманбаева, Ә. Ө. Байдүйсенова. - Қарағанды, 2009. - 354 б.

6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

1.Иммуноглобулиндер кластарын атаңыздар

2.Иммуноглобулиндердің құрлысы мен қызметтері


1. Тақырып №3. Антигентаныстырушы клеткалар. Антигендердің өңделуі мен таныстырылуы. Иммунды жауапта комплементтің ролі.

2. Мақсаты:

1. Студенттерді антигентаныстырушы клеткалармен таныстыру.

2. Антигендердің процессингі мен презентациясымен таныстыру.

3. Иммунды жауапта комплементтің ролімен таныстыру.

3. Дәрістердің тезистері

Антигендерді Т-лимфоциттер танитын түрге дейін өңдейтін және оларды таныстыратын (процессинг және презентация) жасушаларды антиген таныстырушы жасушалар (АТЖ) деп атайды. Бұл жасушаларға жатады: моноцитарлы-макрофагалды жүйе жасушалары (МФ), дендритті жасушалар (ДЖ),В-лимфоциттер, Лангерганс жасушалары, маманданған эпителиалды жасушалар.

Моноцитарлы-макрофагалды жүйе жасушалары (МФ): перифириялық қанның моноциттері мен тіндік макрофагтары жатады;моноциттердің тіңге миграциясы үнемі жүреді ал қабыну кезінде кушееді; тіндік МФ-тар ұзақ өмір сүретін клеткалар; МФ-дың жетілуімен дифференцировкасына өсу факторлары әсер етеді (ИЛ-3, ГМ-КСФ, М-КСФ); МФ-дың активациясы IFN-γ байланысты.

Макрофагтардың қызметтері: фагоцитоз бен пиноцитоз,репарация процессіне қатысу, секреторлы қызмет,иммунды жауапты реттеу, эффекторлы қызметтер, антигенді өндеу мен таныстыру. АТЖ бетіндегі иммуногенді кешенді тану кезінде Т-жасушалық рецептор (ТЖР) көмегімен Т-хелпер қабылдаған белгіні арнайы деп атайды. Бұл белгіні қабылдау Т-хелперлердің белсенуі үшін өте қажетті, бірақ жеткіліксіз. Егер жасуша 2-ші костимулдаушы белгіні алмаса, онда ол апоптозға ұшырайды. Т-хелперлер өздерінің бетіндегі CD28 молекуласы мен АТЖ бетінде экспрессияланатын костимулятор молекулалары бір-бірімен жанасу кезінде Т-хелперлердің белсенуі басталады. Костимулятор қызметін макрофагтар мен дендритті жасушалар үшін В7 молекуласы атқарса, В-лимфоциттер үшін В40 молекуласы атқарады.

Дендритті жасушалар. Дендритті жасушалар макрофагтар сияқты, бетінде CD34 антигені бар ізашар миелоидты жасушалардан түзіледі. Альтернативті даму жолын цитокиндер анықтайды. Қан моноциттері ИЛ-4 пен ГМ-КСФ әсерінен дендритті жасушаға дифференциялана алады. Ал IFN-гамма моноциттерден дендритті жасушалардың түзілуін тежейді. Адамда ДЖ кездеседі: асқорыту жолдарының шырышты қабаттарында; тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарында; жыныс жолдарының шырышты қабаттарында;шеткері қанда; барлық лимфоидты мүшелерде; тимуста.Ізашар жасушалардан түзілу үрдісі кезінде МФ мен ДЖ өзара әрекеттеседі. Олардың атқаратын қызметтері ортақ: антигендерді жұту;өңдеу; таныстыру.

Дендритті жасушалардың макрофагтардан айырмашылығы: 1. Оларда фагоцитоз механизмі жоқ. 2. Антигенді жасушаішілік деградацияға ұшырататын лизосомды ферменттердің жиынтығы макрофагтарда кеңірек. Дендритті жасушалардың макрофагтардан айырмашылығы: Дендритті жасушаларда біріншілік иммундық жауап кезінде «аңқау» Т-лиммфоциттерді белсендіруге қажетті костимулдаушы аппарат бар. Дендритті жасушалар айқын және тұрақты (индуцибелді емес) түрде В7 костимуляторын, I және II класс МНС молекулалары мен адгезиндерді үнемі экспрессиялайды.Сондықтан дендритті жасушалардың иммуногенді потенциалы жоғары. I және II класс МНС молекулаларының үнемі экспрессиясы иммуногенді кешендердің тез түзілуіне әкеледі.

Сондықтан дендритті жасушалармен таныстырылатын антигендер CD4-лимфоциттердің де (Тн1 мен Тн2), CD8-лимфоциттердің де (Т-киллер) пролиферациясы мен дифференцировкасын шақыра алады. ДЖ микробты жасушалар мен ірі вирустарды жұту қабілеті болмағанымен, нәруыздар мен вирусты бөлшектерді пиноцитоз арқылы жеңіл жұтады Жұтылған нәруыздар мен вирус бөлшектері дендритті жасушаның цитолизінде жинақталады және протеосомаларда (28 суббірліктен тұратын үлкен протеазды каталитикалық кешен) қысқа пептидті фрагменттерге дейін ыдырайды. ТАР-I және ТАР –II тасымалдаушы нәруыздарының көмегімен эндоплазматикалық ретикулум қуысына қарай жылжиды. I класс МНС молекуласымен қосылу нәтижесінде иммуногендік кешен түзеді. Антигендерінің пептидті фрагменттері II класс МНС молекуласымен байланысқан иммуногендік кешен түрінде ДЖ бетіне шыққан жағдайда, иммундық жауапқа CD4-лимфоциттер қосылады. Сондықтан жасушалық және гуморалдық иммундық жауаптың қалыптасуы мүмкін.

Иммундық жауаптың қалыптасуында Лангерганс жасушалары ерекше орын алады

1) Зақымдалған тері арқылы енген антигендерді Лангерганс жасушалары жұтады, себебі олардың фагоцитарлық белсенділігі бар, бірақ олар В7 костимуляторын экспрессияламайды.

2) Лангерганс жасушалары лимфа тамырлары арқылы жақын орналасқан лимфа түйініне келеді. Бұл аймақта Лангерганс жасушалары В7 корецепторын экспрессиялайтын дендритті жасушаға дифференцияланады.

3) CD8-лимфоциттер мен CD4-лимфоциттердің иммундық жауапқа қосылуына жағдай туады. Лангерганс жасушаларының қызметтері: антигенді регионарлы лимфоидты түзіліске жеткізу, оны иммуногендік түрге дейін өңдеу, жасушалық пен иммундық жауапты іске қосу. Бетінде II класс МНС молекулалары үлкен мөлшерде экспрессияланған В-лимфоциттер де антигентаныстырушы жасуша бола алады. В-лимфоциттердің беткей иммуноглобулиндері 2 қызмет атқарады: антигенді детерминанттарды (гаптендерді) арнайы байланыстыру; 2) түзілген иммундық кешендердің эндоцитозы.

4. Көрнекі материал: Презентация Power Point.

5. Қолданылған әдебиет.

Негізгі:

1. Шортанбаев А.А., Кожанова С.В. «Жалпы иммунология», Алматы, 2008

2. Хаитов Р.М. «Иммунология», Москва, 2011

Қосымша:

  1. Иммунология: учебник / А. А. Ярилин . - М : ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 752 с.

  2. Словарь – справочник по иммунологии/ под ред.С.В. Кожановой Алматы, 2011

  3. Клиникалық иммунология және аллергология : учебник / Қ. А. Жұманбаев, Ғ. Қ. Жұманбаева, Ә. Ө. Байдүйсенова. - Қарағанды, 2009. - 354 б.

6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

1. Қандай антигентаныстырушы жасушалар бар?

2. Иммунитеттің арнайы емес факторларын атап беріңіз?

3. Антигендердің фагоциттермен жұтылу сатыларын атаңыз?

  1   2   3   4

Похожие:

Казіргі иммунология және оның мақсаттары мен жетістіктері. Иммунды жүйе, оның ұйымдастырылуы мен қызмет атқаруының негізгі принциптері iconҚазіргі иммунология, оның жетістіктері мен перспективалары
Мақсаты: студенттерге казіргі иммунология, оның жетістіктері мен перспективалары туралы ғылыми түсініктерді калыптастыру
Казіргі иммунология және оның мақсаттары мен жетістіктері. Иммунды жүйе, оның ұйымдастырылуы мен қызмет атқаруының негізгі принциптері iconАнатомия туралы түсініктеме, оның биологиялық ғылымдардың арасындағы орны. Адам эмбриогенезінің бастапқы сатылары
Дәрістің мақсаты: анатомиялық анықтамасын, оның мазмұны мен зерттеу методтарын беріп, адам организімінің құрылыс элементтерімен (тін,...
Казіргі иммунология және оның мақсаттары мен жетістіктері. Иммунды жүйе, оның ұйымдастырылуы мен қызмет атқаруының негізгі принциптері icon1 Тақырып. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық астары мен оның обьектісі
Мемлекеттің экономикалық функциясы және оның транзитті экономика жағдайындағы іс-әрекетінің ерекшелігі. Ұдайы өндіріс процесі мен...
Казіргі иммунология және оның мақсаттары мен жетістіктері. Иммунды жүйе, оның ұйымдастырылуы мен қызмет атқаруының негізгі принциптері icon1. ҚАзақстан республикасында жүргізілетін салық есебінің МӘні мен принциптері
Салық жүйесі, оның міндеттері мен құрылымы
Казіргі иммунология және оның мақсаттары мен жетістіктері. Иммунды жүйе, оның ұйымдастырылуы мен қызмет атқаруының негізгі принциптері iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Сабақтың мақсаты: Білімділік дк-мен, оның негізгі блоктарымен, және олардың міндетімен таныстыру. Эем мүмкіндіктерін көрсету. Жүйелік...
Казіргі иммунология және оның мақсаттары мен жетістіктері. Иммунды жүйе, оның ұйымдастырылуы мен қызмет атқаруының негізгі принциптері icon1. 1 Жобаның мақсаттары мен мәні
Операторлар тобының негізгі/ жүйе құраушы компаниялардың қысқаша сипаттамасы, топтағы өзара әрекет, ақшалай түсімді, активтерді қалыптастырудағы...
Казіргі иммунология және оның мақсаттары мен жетістіктері. Иммунды жүйе, оның ұйымдастырылуы мен қызмет атқаруының негізгі принциптері iconБілім беру ұйымдарындағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тамақпен, оның ішінде тегін және жеңілдетілген тамақпен қамтамасыз ету
Амтамасыз ету бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі — Стандарт) орта білім беру ұйымдарындағы білім алушылары мен...
Казіргі иммунология және оның мақсаттары мен жетістіктері. Иммунды жүйе, оның ұйымдастырылуы мен қызмет атқаруының негізгі принциптері iconЕң алдымен саяси жүйе дегеніміздің өзі не, соны айқындап алуымыз керек. Оның табиғаты, мазмұны, атқаратын қызметі қандай?
Бойынша, қоғамның саяси жүйесі –(ұйым) мемлекет, құқық және басқа саяси құбылыстар, инсти­туттар мен мекемелер сияқты таптық ұғым...
Казіргі иммунология және оның мақсаттары мен жетістіктері. Иммунды жүйе, оның ұйымдастырылуы мен қызмет атқаруының негізгі принциптері iconЕң алдымен саяси жүйе дегеніміздің өзі не, соны айқындап алуымыз керек. Оның табиғаты, мазмұны, атқаратын қызметі қандай?
Бойынша, қоғамның саяси жүйесі –(ұйым) мемлекет, құқық және басқа саяси құбылыстар, инсти­туттар мен мекемелер сияқты таптық ұғым...
Казіргі иммунология және оның мақсаттары мен жетістіктері. Иммунды жүйе, оның ұйымдастырылуы мен қызмет атқаруының негізгі принциптері icon«6М021000 – шетел филологиясы»
«Атаулардың дұрыстығы» туралы айтыс, анология және аномалия, тілдің негізгі бөлшектерін (дыбыс, буын, сөз, сөйлем) және негізгі грамматикалық...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница