Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидалары




НазваниеМедициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидалары
страница2/6
Дата конвертации13.02.2016
Размер1.09 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.mzsr.gov.kz/sites/default/files/1_prilozhenie.doc
1   2   3   4   5   6

4. Мүгедектікті белгілеу критерийлері


38. Адамды мүгедек деп тану үшін мынадай бірнеше міндетті шарттардың бір мезгілде болуы:

1) организм функцияларының тұрақты бұзылуынан денсаулықтың бұзылуы;

2) тіршілік-тынысының шектелуі (адамның өзіне өзі қызмет көрсету, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлану, қарым-қатынас жасау, өзінің мінез-құлқын бақылау, оқу немесе еңбек қызметімен айналысу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылуы);

3) әлеуметтік қорғау шараларын жүзеге асыру қажеттігі негіздеме болып табылады.

Жас мөлшеріне қарай организмде пайда болатын өзгерістер мүгедектік тобын белгілеу үшін негіздеме болып табылмайды.

39. Тіршілік-тынысының мынадай санаттарының бірінің:

1) үшінші дәрежедегі өзіне-өзі қызмет көрсетуге;

2) үшінші дәрежедегі жүріп-тұруға;

3) үшінші дәрежедегі еңбек қызметіне (еңбек ету қабілеті);

4) үшінші дәрежедегі оқуға;

5) үшінші дәрежедегі бағдарлай білуге;

6) үшінші дәрежедегі қарым-қатынас жасауға;

7) үшінші дәрежедегі өзінің мінез-құлқын бақылауға қабілетінің өте айқын білінетін шектелуіне немесе олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын организм функцияларының тұрақты едәуір немесе өте айқын білінетін бұзылуы бірінші топ мүгедектігін белгілеу үшін критерий болып табылады.

40. Тіршілік-тынысының мынадай санаттарының бірінің:

1) екінші дәрежедегі өзіне-өзі қызмет көрсетуге;

2) екінші дәрежедегі жүріп-тұруға;

3) екінші дәрежедегі еңбек қызметіне (еңбек ету қабілеті);

4) екінші дәрежедегі оқуға;

5) екінші дәрежедегі айналасын бағдарлай білуге;

6) екінші дәрежедегі қарым-қатынас жасауға;

7) екінші дәрежедегі өзінің мінез-құлқын бақылауға қабілетінің айқын білінетін шектелуіне немесе олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын организм функцияларының тұрақты айқын білінетін бұзылуы екінші топ мүгедектігін белгілеу үшін критерий болып табылады.

41. Тіршілік-тынысының мынадай санаттарының бірінің:

1) бірінші дәрежедегі өзіне-өзі қызмет көрсетуге;

2) бірінші дәрежедегі жүріп-тұруға;

3) бірінші дәрежедегі еңбек қызметіне (еңбек ету қабілеті);

4) бірінші дәрежедегі оқуға;

5) бірінші дәрежедегі бағдарлай білуге;

6) бірінші дәрежедегі қарым-қатынас жасауға;

7) бірінші дәрежедегі өзінің мінез-құлқын бақылауға қабілетінің орташа білінетін шектелуіне немесе олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын организм функцияларының тұрақты орташа бұзылуы үшінші топ мүгедектігін белгілеу үшін критерий болып табылады.


5. Жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу критерийлері


42. ЖЕА дәрежесі өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына еңбек ету қабілетінен айырылуға (жоғалтуға) әкеп соқтырған оқиға (әлеуметтік қатер) туындағанда белгіленеді.

Тіршілік-тынысының шектелуіне әкеп соқтырған организм функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын құжаттар болған кезде ЖЕА туындады деп есептеледі.

43. ЖЕА туындаған кезде өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына ЖЕА дәрежесі 30-дан 100 пайызды қоса алғанға дейін белгіленеді.

44. Өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына жіктемеде көзделген, еңбек ету қабілетінен айырылуға әкеп соқтырған организм функцияларының бұзылу дәрежесі бойынша ЖЕА мынадай жағдайларда белгіленеді:

1) еңбек ету қабілетінің шамалы білінетін шектелуіне әкеп соқтырған организм функцияларының тұрақты шамалы білінетін бұзылуы кезінде 30-дан 59 пайызды қоса алғанға дейін;

2) еңбек ету қабілетінің білінетін шектелуіне әкеп соқтырған организм функцияларының тұрақты білінетін бұзылуы кезінде 60-тан 79 пайызды қоса алғанға дейін;

3) еңбек ету қабілетінің айқын білінетін шектелуіне немесе еңбек ету қабілетінен айырылуға әкеп соқтырған организм функцияларының айтарлықтай немесе айқын білінетін тұрақты бұзылуы кезінде 80-нен 100 пайызды қоса алғанға дейін белгіленеді.

6. Кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу критерийлері


45. Зардап шеккен қызметкерлерге жіктемеде көзделген еңбек ету қабілетінен айырылуға әкеп соқтырған организм функцияларының бұзылу дәрежесі бойынша КЕА дәрежесі мынадай жағдайларда:

1) егер зардап шеккен қызметкер өзінің кәсіби қызметі біліктілігінің шамалы немесе орташа төмендеуімен не атқаратын жұмысы көлемінің азайтылуымен немесе егер, организм функцияларының шамалы білінетін бұзылулары салдарынан оның кәсіптік қызметін орындауы бұрынғыдан көп күш қажет ететін жағдайда және (немесе) кәсіптік ауыруы кезінде зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактор әсерінің азайтылуымен жалғастыруға қарсы айғақтар болмаса 5-тен 100 пайызды қоса алғанға дейін белгіленеді;

2) егер зардап шеккен қызметкер өзінің кәсіби қызметін әдеттегі өндірістік жағдайларда біліктілігінің айқын төмендеуінен не атқаратын жұмыс көлемінің азаюынан жалғастыруға қарсы айғақтар болмаса немесе ол егер кәсіптік қызметін организм функцияларының шамалы білінетін бұзылулары салдарынан және (немесе) кәсіптік ауыруы кезінде зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактор әсерінің азайтылуымен жалғастыру қабілетінен айырылған жағдайда 30-дан 59 пайызды қоса алғанға дейін белгіленеді;

3) егер зардап шеккен қызметкер өзінің кәсіби қызметін организм функцияларының білінетін бұзылуы салдарынан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедекке жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленіп, мүгедектің жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып арнайы жұмыс орны құрылып, арнайы жасалған жағдайларда ғана айғақтар болғанда 60-тан 89 пайызды қоса алғанға дейін белгіленеді;

4) егер кез келген кәсіби қызмет түрін арнайы жасалған жағдайларда да атқаруға нақты қарсы көрсетілімдері болған кезде, зақым келген қызметкер организм функцияларының айқын бұзушылықтары салдарынан кәсіптік еңбек ету қабілетінен толық айырылған жағдайда 90-нан 100 пайызды қоса алғанға дейін белгіленеді.

46. Өндірістік жарақаттың немесе кәсіптік аурулардың салдары кезінде КЕА дәрежесі организм функцияларының білінетін бұзылу және еңбек ету қабілетінің шектелу дәрежесіне сәйкес келетін мөлшер шегінде белгіленеді. Өндірістік жарақаттар немесе кәсіптік аурулар салдары функциялардың бұзылу сипаты бойынша әртүрлі болған жағдайларда, КЕА дәрежесі ауырлық дәрежесі бойынша айқын білінетіндігіне қарай айқындалады.

КЕА дәрежесі егер өндірістік жарақат немесе кәсіптік ауру зардап шеккен қызметкердің бұрыннан бар ауруын (-ауруларын) және (немесе) өндірістік жарақатын (-жарақаттарын) нашарлатып жіберген әрбір жағдай бойынша жеке пайызбен белгіленеді. Кәсіптік еңбек ету қабілетін жоғалту дәрежесі туралы анықтаманың артқы бетінде бұрын белгіленген қайта куәландыру мерзімінсіз немесе белгілеу мерзімі өтпеген КЕА дәрежесі көрсетіледі. Бұл ретте КЕА пайызы организм функцияларының бұрынғы бұзылуының және еңбек ету қабілеті шектелуінің біліну дәрежесіне КЕА пайызы организм функцияларының білінетін бұзылулары мен еңбек ету қабілетінің шектелу дәрежесіне сәйкес келетін мөлшер шегінде жалпы айқындалатыны ескеріле отырып, белгіленеді.

47. МӘС бөлімі КЕА дәрежесі белгіленген мерзімге Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнің 937-бабына сәйкес медициналық ұйымдардың ұсынымдарының негізінде куәландырылатын адамның:

1) қосымша медициналық көмекке (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне енбейтін), оның ішінде қосымша тамақтануға және дәрі-дәрмек сатып алуға;

2) зақым келген қызметкерге басқа адамның, оның ішінде оның отбасы мүшелері жүзеге асыратын күтімге (арнайы медициналық және тұрмыстық);

3) санаторлық-курорттық емделу кезеңіндегі барлық демалыс уақытына және зақым келген қызметкердің емделу орнына баруына және келуіне, қажетті жағдайларда - оны алып жүретін адамның санаторлық-курорттық емделу орнына бару және кейін келу жол ақысын қоса алғанда, санаторлық-курорттық емделуге;

4) зақым келген қызметкерге еңбек қызметіне және тұрмыста қажетті техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарына;

5) мүгедектерді арнайы жүріп-тұру құралдарымен, осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес медициналық көрсетілімдер болған кезде мүгедектерді жүріп-тұру құралдарымен, сондай-ақ арнаулы автокөлікпен қамтамасыз етуге;

6) кәсіптік оқуға (қайта оқуға);

7) қажетіне қарай арнаулы жағдайлар жасай отырып жұмысқа орналастыруға қажеттілігін анықтайды.


7. Мүгедектік мерзімін және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін есептеу және бұрын белгіленген мүгедектік мерзімін және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін қайта

куәландыру тәртібі


48. Мүгедектер мен еңбек ету қабілетінен айырылған адамдар белгіленген мүгедектіктің және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесінің мерзімдерін сақтай отырып қайта куәландырудан өтеді.

Мүгедектер мен еңбек ету қабілетінен айырылған адамдарды қайта куәландыру мүгедектікті және еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу мерзімі өткеннен кейін бір ай ішінде жүргізіледі.

49. Егер куәландырылатын адам МӘС бөліміне мерзімінде келмесе және қайта куәландыру кезінде оған қайтадан мүгедектік және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі белгіленген болса, мерзімін өткізген кезеңге мыналар есептеледі:

1) бір айға дейін, қайта куәландырудың алдыңғы белгіленген күнінен бастап бір айдан аспайтын қайта куәландырудың кезекті мерзімін өткізіп алған жағдайда;

2) үш жылға дейін, дәлелді себептер (үздіксіз ұзаққа созылған стационарлық емделуіне не табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға байланысты келуге мүмкіндігінің болмауы) бойынша қайта куәландырудың мерзімін өткізіп алған жағдайда.

50. Мүгедектерді және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылған адамдарды, сондай-ақ оларға мүгедектік немесе еңбек ету қабілетінен айырылу қайта куәландыру мерзімінсіз немесе зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жасқа толғанға дейін белгіленген адамдарды мүгедектіктің және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылу мерзімінен бұрын қайта куәландыру осы Қағидалардың 9-тармағында белгіленген тиісті құжаттар бойынша мынадай жағдайларда:

1) денсаулық жағдайының нашарлауы кезінде;

2) мүгедектік себебін өзгерту мақсатында;

3) куәландырылатын адамның өтініші негізінде, бірақ белгіленген мүгедектік және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылу мерзімнің аяқталуына дейін екі ай қалғанда;

4) аумақтық бөлімшенің сараптамалық қорытындысының негізділігіне бақылау жүргізу кезінде;

5) жалған құжаттарды беру, сараптама қорытындысын негізсіз шығару фактілері анықталған кезде, мүгедектікті белгілеу мерзіміне қарамастан жүргізіледі.


8. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын іске асыру


51. Оңалту іс-шараларын жүргізу кезінде оңалту іс-шараларын жүзеге асырудың жеке-даралығы, дәйектілігі, кешенділігі, сабақтастығы және үздіксіздігі, жүргізілген оңалту іс-шараларын динамикалық байқау және тиімділігін бақылау қамтамасыз етіледі.

Медициналық оңалтуды денсаулық сақтау саласындағы заңнамаға сәйкес медициналық ұйымдар жүргізеді.

Әлеуметтік және кәсіптік оңалтуды халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдары жүргізеді.

52. Жүргізілген оңалту іс-шаралары аяқталғаннан кейін ОЖБ медициналық, әлеуметтік және кәсіптік бөліктеріне ОЖБ іске асыруға жауапты басшы қол қояды.

ОЖБ медициналық бөлігінің орындалуы туралы деректерді МОДҚ-ға МӘС мамандары ОЖБ медициналық бөліктің ұсынылған көшірмесі негізінде енгізеді.

ОЖБ әлеуметтік және кәсіптік бөліктің орындалуы туралы деректерді халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдары «Е-собес» ақпараттық жүйесіне енгізеді.

53. МӘС бөлімі ОЖБ іске асырылуына мониторингті және ОЖБ жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін бағалауды мүгедекті кезекті куәландыру кезінде жүзеге асырады.

ОЖБ медициналық бөлігінің жүргізілген кешенді оңалту іс-шараларының тиімділігін бағалауды мультидисциплинарлық команда, медициналық ұйымның ДКК жүзеге асырады.

54. Оңалту іс-шараларын орындамау себептеріне қарай, көрсеткіштердің болуы кезінде МӘС бөлімі ОЖБ әлеуметтік және кәсіптік бөлігіне түзету жүргізеді және (немесе) оңалту іс-шараларын одан әрі жүргізудің қажеттігі және орындылығы туралы мәселені шешеді.

ОЖБ іске асыру туралы қорытындыны МӘС бөлімі алқалық талқылаудан кейін ОЖБ медициналық, әлеуметтік және кәсіптік бөліктерін іске асырудың тиімділігін бағалау негізінде шығарады, МӘС бөлімінің басшысы бекітеді, мөртабанмен расталады.


9. Сараптамалық қорытындыға шағымдану тәртібі


55. Куәландырылатын адам немесе оның заңды өкілі МӘС бөлімінің сараптамалық қорытындысына оны алған күннен бастап бір ай ішінде МӘС әдіснама және бақылау бөлімінде МӘС актісіндегі құжаттар негізінде шағымдануға құқылы.

56. Куәландырылатын адам немесе оның заңды өкілі МӘС бөлімінің және/немесе МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің сараптамалық қорытындысына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.


Медициналық-әлеуметтік

сараптама жүргізу қағидаларына

1-қосымша


Нысан


Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеуге және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындауға арналған өтініш


Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ________________ облысы (қаласы) бойынша департаменті

ЖСН: _______________________________________________________________

Өтініш берушінің тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде): ______________________

Туған күні: _____ жылғы «___»_________

Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі: _____________________________

Құжаттың нөмірі:____________________________ кім берген _____________

Берілген күні _____ жылғы «___»_________

Тіркелген орны: _______________________________________

облыс _______________________________________________________________

қала (аудан) __________________________ ауыл: _______________________

көше (шағын аудан) __________________________ ____ -үй _____- пәтер

Сізден мына мақсатта куәландыру (қайта куәландыру) жүргізуіңізді сұраймын:

1) мүгедектік белгілеу: мүгедектікті алғашқы белгілеу, мүгедектікті қайта белгілеу (қайта куәландыру), еңбекке уақытша жарамсыздық парағын ұзарту, мүгедектік себебінің өзгеруі (қажетінің асты сызылсын);

2) жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін, кәсіптік еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу (жалпы, кәсіптік) (қажетінің асты сызылсын);

3) ОЖБ қалыптастыру, ОЖБ түзету, зардап шеккен қызметкердің қосымша көмек түрлеріне және күтімге мұқтаждығын айқындау (қажетінің асты сызылсын).

Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

Р/с



Құжат атауы

Құжаттағы парақтар саны

Ескертуге

1.

088/у нысаны







2.

ОЖБ-ның медициналық бөлімінің көшірмесі







3.

жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі







4.

Тіркелген орнын растайтын құжат







5.

амбулаториялық науқастың медициналық картасы, ауру тарихынан үзінді көшірмелердің және зерттеу нәтижелерінің көшірмелері







6.

медициналық ұйымға бекіту анықтамасының (талоны) көшірмесі







7.

еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (анықтамасы)







8.

еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі және (немесе) өндірістегі еңбек сипаты мен еңбек жағдайлары туралы мәліметтер







9.

ДКК қорытындысы







10.

міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу (немесе қатыспау) фактісін растайтын құжат







11.

жазатайым оқиға туралы актінің көшірмесі







12.

Еңбек гигиенасы мен кәсіптік аурулар ұлттық орталығы қорытындысының көшірмесі







13.

себеп-салдарлық байланысты белгілеген тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган берген құжаттың көшірмесі







14.

еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде алған жарақаттанумен немесе аурумен себеп-салдарлық байланысы туралы соттың шешімі







15.

мүгедектің тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі








Мүгедектікті және/немесе еңбек қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеуге және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындауға қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

Дәйексіз мәліметтер мен жасанды құжаттарды ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы ескертілді.


20 ____ жылғы «____» ___________ Өтініш берушінің қолы ________________


Медициналық-әлеуметтік

сараптама жүргізу қағидаларына

2-қосымша


Нысан


Пациентт/мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының

медициналық бөлігі

20__ жылғы «___»_____________№ ____


1. Мүгедектің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) _________________________

2. Туған күні______жылғы ______ ______

3. Мекенжайы, үй телефоны ___________________________________________

4. ОЖБ бірінші рет, қайта жасалды (қалыптастыру, түзету) (асты сызылсын) _________

5. Мүгедектік санаты (ол болған кезде) _____________________________________

6. Оңалту диагноз ____________________________________________________

_________________________________________________________________

7. АХЖ-10 бойынша шифр __________

8. Медициналық оңалтудың кезеңі мен көлемі (асты сызылсын)

8.1. кезеңі мен көлемі – науқастарды (неврологиялық және нейрохирургиялық, кардиологиялық және кардиохирургиялық, травматологиялық және ортопедиялық бейіндегі) оңалту үшін, екінші кезең – «Оңалту ІІ А», «Оңалту ІІ Б», үшінші кезең – «Амбулаторлық оңалту ІІ», қосымша кезең – қолдаушы (мүгедектер мен балалар үшін), қайталама (балалар үшін)

8.2. кезең – басқа бейіндегі науқастарды оңалту үшін екінші кезең (стационарлық), үшінші кезең (амбулаториялық)

9. Білімі _____________________________________________________________

10. Кәсібі (мамандығы) ________________________________________________

11. Оңалту-сараптамалық қорытынды:

11.1. басқа бейіндер үшін оңалту болжамы (қолайлы, тиісінше қолайлы, күмәнді, қолайсыз (асты сызылсын);

оңалту әлеуеті: жоғары, қанағаттанарлық, төмен, оңалту әлеуетінің болмауы (асты сызылсын);

11.2. оңалту болжамы және оңалту әлеуеті аурулар (неврологиялық және нейрохирургиялық, кардиологиялық және кардиохирургиялық, травмотологиялық және ортопедиялық бейіндер) үшін халықаралық критерийлерге сәйкес



Бейіндер

Оңалтуға дейін

Оңалтудан кейін

Нәтижелерді бағалау

1.

Неврология, нейрохирургия










2.

Кардиология, кардиохирургия










3.

Травмотология, ортопедия











12. Медициналық оңалту жөніндегі іс-шаралар*

р/с

Медициналық оңалту жөніндегі іс-шаралар мен қызметтер

Медициналық оңалту мерзімдері

Орындалғаны туралы белгі

(+, -)

Орындамау себебінің

негіздемесі

Медициналық оңалту күні, ұзақтығы, жүргізген ұйым (көрсетілсін)

1.

Дәрі-дәрмекті терапия физикалық оңалту

Физиотерапия

Психотүзету

Эрготерапия

Әлеуметтік қызметкер консультациясы

Пациентті оқыту










2.

Реконструктивті хирургия










3.

Қосымша қызметтер (енгізу керек)










Ескертпе: * - мультидисциплинарлық команданың бейіні бар маманы толтырады


13. Медициналық-әлеуметтік оңалту бойынша ұсыным*

Іс-шаралар, қызметтер, техникалық құралдар

Өткізу мерзімдері

(іске асыратын ай және жыл)

Пациент мұқтаж ететін нақты түрлері

Протездеу және ортездеу







Медициналық оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету







Санаторлық емдеу (бейіні көрсетілсін)







Пациентті үй жағдайларында оңалту әдістеріне оқыту







Басқалары







Ескертпе:* - мультидисциплинарлық команданың бейіні бар маманы/медициналық реабилитолог толтырады


14. ОЖБ медициналық бөлігін іске асыру нәтижелерін бағалау (кажетінің асты сызылсын):

14.1. бұзылған функцияларды қалпына келтіру (толық немесе ішінара), бұзылған функциялардың орнын толтыру (толық немесе ішінара), алынған нәтижелердің негізінде оң нәтиженің болмауы (асты сызылсын)

____________________________________________________________________

Күні 20 __ жылғы «____»_____________

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) ________________________ ____________

МДТ басшысы (қолы)


Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) ________________________ ____________

ұйымның басшысы (қолы)

МО

15. ОЖБ медициналық бөлігін іске асырудың нәтижелерін бағалау (асты сызылсын):

бұзылған функцияларды қалпына келтіру (толық немесе ішінара),

бұзылған функциялардың орнын толтыру (толық немесе ішінара), оң нәтиженің болмауы


Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) ________________________ _____________

МӘС бөлімінің басшысы (қолы)

МО

Медициналық-әлеуметтік

сараптама жүргізу қағидаларына

3-қосымша


Нысан


Өндірістегі еңбек сипаты мен жағдайлары туралы мәліметтер


1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) ______________________________________

2. Туған күні _______ жылғы « ___» ___________

3. Ұйымның атауы ____________________________________________________

____________________________________________________________________

4. Кәсібі, лауазымы, мамандығы_________________________________________

5. Тариф разряды, санаты______________________________________________

6. Еңбек ұйымының түрі: (еңбек шарты, ұжымдық еңбек шарты, жұмыс ауысымы, жұмыс күнінің ұзақтығы, іссапарлардың болуы, еңбек және демалыс режимі)__________________________________________________________________________________________________________________________________

7. Функционалдық міндеттері:__________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

8. Еңбек жағдайы (жұмыс орнының санитарлық-гигиеналық сипаты, зиянды өндірістік факторлардың болуы)________________________________________ ____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

9. Тиімді жұмысқа орналастыру мүмкіндігі_______________________________ ________________________________________________________________________________________________________________________________________


Күні 20__ жылғы «____» ________


Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) ________________________ ____________

басшы (қолы)


М.О.


Медициналық-әлеуметтік

сараптама жүргізу қағидаларына

4-қосымша


Нысан
1   2   3   4   5   6

Похожие:

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидалары icon5В110400 Медициналық-профилактикалық іс мамандығы
Тақырыбы: Темекі шегудің және алкоголдік ішімдікті қолданудың зиянды әсерлері. Әлеуметтік және медициналық бағыттары
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидалары iconПсихологиялық-медициналық-педагогикалықькеңесі қызметін ұйымдастыру тәртібі ережесін бекіту туралы
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының заңын іске асыру...
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидалары iconПсихологиялық- медициналық- педагогикалық консультациялардың қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ереже
Проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді психологиялық- медициналық- педагогикалық тексеру арқылы халыққа көмек көрсетеді, оқыту...
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидалары iconСот баллистикалық сараптама
Сот баллистикалык сараптама объектілерінін әр алуандығын ескергенде, ол мына түр тармақтарына жіктелуі мүмкін атыс қаруының (оның...
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидалары iconЗерттеу сот-сараптама әдістерін жетілдіру жӨнінде
Фараби атындағы ҚазҰу- дің криминалистика және сот сараптама кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидалары iconТегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде Аягөз қаласындағы «Қазығұл» медициналық мекемесінде көрсетілетін медициналық қызметтің тізбесі
«Қазығұл» медициналық мекемесі медициналық көмектің кепілді көлемін ШҚО денсаулық сақтау басқармасы 2007 жылдың 11 мамырында берген...
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидалары iconАқтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидалары iconМедициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу
Медициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар)...
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидалары icon«Бекітемін» «Ұлттық сараптама және сертификаттау» АҚ
Ақтөбе облысы бойынша «Ұлттық сараптама және сертификаттау» АҚ ТҚко мобильді линия арқылы механикалық транспорт құралдары және олардың...
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидалары iconАррениустың электролиттік диссоциация теориясының негізгі қағидалары. Күшті электролиттер тоериясының негізгі қағидалары
Д. И. Менделеевтің ерітінділер туралы ұғымдары. Ерітінді концентрацияларын өрнектеу
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница