Ішкі аурулар пәні бойынша білімді, іскерлік пен машықтарды бағалауға арналған бақылау-өлшеу қҰралдары




Скачать 416.39 Kb.
НазваниеІшкі аурулар пәні бойынша білімді, іскерлік пен машықтарды бағалауға арналған бақылау-өлшеу қҰралдары
страница6/6
Дата конвертации13.02.2016
Размер416.39 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://sirius.ssmu.kz/fs/_13/03/12/513eeee101301.doc
1   2   3   4   5   6

Болжам диагнозын қойыңыз және оны негіздеңіз.

  • Қажетті зерттеулерді атаңыз.

  • Болуы мүмкін асқынуларды атаңыз.

  • Осы науқасқа қатысты сіздің әрекетіңізді, емдеу қағидаларын, аурудың болжамы мен алдын алу шараларын анықтаңыз.

  • Дәрігерлік-еңбек сараптамасын жүргізіңіз.




    ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕП №32

    Науқас Н., 32 жаста, дәрігерге дене қызуының жоғарлауына, қалтырауға, оң белінің ауырсынуына, жиі ауырсынатын кіші дәретке шығу шағымдарымен келді. Ауруын суық тиюмен байланыстырады. Анамнезінде – жиі циститпен ауырады.

    Объективті: температурасы 38,0С. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Терісі таза. Тынысы везикулярлы. Жүрек тондары ырғақты, тұйықталған. ЖСЖ-92 рет. АҚ 120/80 мм с.б. Тілі таза, іші жұмсақ, іштің тік бұлшықетінің сыртқы жағы қабырға доғасы деңгейінде, кіндік және мықын аймағында ауырсынады. Оң жақта соққылау симптомы оң мәнді.

    Ситуациялық есептің тапсырмалары:
    1. Болжам диагнозын қойыңыз және оны негіздеңіз.

    2. Қажетті зерттеулерді атаңыз.

    3. Болуы мүмкін асқынуларды атаңыз.

    4. Осы науқасқа қатысты сіздің әрекетіңізді, емдеу қағидаларын, аурудың болжамы мен алдын алу шараларын анықтаңыз.

    5. Дәрігерлік-еңбек сараптамасын жүргізіңіз.



    ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕП №33

    42 жастағы науқас Н., үйіне дәрігер шақыртқан, тұрақты бас ауруына, тәбетінің болмауына, тұрақты жүрек айнуға, кезеңді түрде құсуға, іш өтуге, күрт әлсіздікке шағымданады. Бірінші рет 8 жыл бұрын ауырған, стационарда емделген, өршу кезінде де стационарда емделген. Науқастың айтуы бойынша, өршу кезінде бетінде, аяғында ісінулер болған, артериялық қысымы көтерілген. Несебі өзгерген, қандай өзгеріс болғаны есінде жоқ. 10 күннен бері жағдайы нашарлаған. Бас ауруы күшейген, жүрек айну, құсу, іш өту қосылған.

    Объективті: температурасы 37,3 С. Жалпы жағдайы ауыр, беті ісінген. Күрт арықтаған, терісі бозғылт, пергаментті реңді, құрғақ, ауызынан аммиак иісі шығады. Тынысы әлсіреген, төменгі бөлікте бірен-саран ылғалды сырыл естіледі. ТЖ-24 рет. Жүректің сол жақ салыстырмалы шекарасы ортаңғы-бұғана сызығынан 1 см сыртқа орналасқан. Жүрек тондары тұйықталған, аортада 2 тон акценті. Пульсі-76 рет, ырғақты, күшейген. АҚ 170/100 мм с.б. Іші жұмсақ, эпигастрийде ауырсынады.

    Ситуациялық есептің тапсырмалары:
    1. Болжам диагнозын қойыңыз және оны негіздеңіз.

    2. Қажетті зерттеулерді атаңыз.

    3. Болуы мүмкін асқынуларды атаңыз.

    4. Осы науқасқа қатысты сіздің әрекетіңізді, емдеу қағидаларын, аурудың болжамы мен алдын алу шараларын анықтаңыз.

    5. Дәрігерлік-еңбек сараптамасын жүргізіңіз.



    ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕП №34

    Сіз ФАП-та жұмыс істейсіз. 32 жастағы әйеле үйіне шақыртқан. Шағымдары дене қызуының 38-38,5 дейін көтерілуіне, қалтырауға, әлсіздікке, жүрек айнуға, кіші дәретте ашып ауырсынуға, белінің оң жағындағы ауырсынуға шағымданады. Зәрінің түсі бұлыңғыр. Жедел ауырған, жоғарыдағы шағымдары ның пайда болғанына бір күн болған.

    Объективті: терісі бозарған, ылғалды, сипағанда ыстық. Т=38,7 градус. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. АҚ 110/70 мм.с.б. Іші жұмсақ, ауырсынбайды. Бауыры ұлғаймаған. Белін пальпациялағанда оң жақта ауырсыну бар. Ісінулер жоқ.

    Ситуациялық есептің тапсырмалары:
    1. Болжам диагнозын қойыңыз және оны негіздеңіз.

    2. Қажетті зерттеулерді атаңыз.

    3. Болуы мүмкін асқынуларды атаңыз.

    4. Осы науқасқа қатысты сіздің әрекетіңізді, емдеу қағидаларын, аурудың болжамы мен алдын алу шараларын анықтаңыз.

    5. Дәрігерлік-еңбек сараптамасын жүргізіңіз.



    ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕП №35

    30 жастағы науқас А., дәрігерге жалпы әлсіздікке, бас ауруына, айналуына, жүргенде ентігуге, жүрек қағуына, көз алдына шіркейлердің ұшуына, бор жегісі келуіне шағымданады. Анамнезінде етеккірі ұзақ (8 күн) және көп мөлшерде қан кетумен жүреді.

    Объективті: температурасы 36,7С. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терісі құрғақ, бозарған. Тырнақтары сынған, қабатталған, көлденең сызықтар анықталады. Тынысы везикулярлы, ТЖ-26 рет. Жүрек тондары ырғақты, тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шу. Пульсі 100 рет, ырғақты, аз толымды, жұмсақ, АҚ 90/60 мм с.б. Абдоминалды патология анықталған жоқ

    Ситуациялық есептің тапсырмалары:
    1. Болжам диагнозын қойыңыз және оны негіздеңіз.

    2. Қажетті зерттеулерді атаңыз.

    3. Болуы мүмкін асқынуларды атаңыз.

    4. Осы науқасқа қатысты сіздің әрекетіңізді, емдеу қағидаларын, аурудың болжамы мен алдын алу шараларын анықтаңыз.

    5. Дәрігерлік-еңбек сараптамасын жүргізіңіз.



    ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕП №36

    46 жасар науқас С., дәрігерге күрт әлсіздікке, бас ауруына, бас айналуына, аяқ-қолдарының ұюына, сәл күш түскенде ентігу мен жүрек соғуының жиілеуіне шағымданады. Анамнезінде қатерлі ісікке байланысты асқазаны алып тасталынған.

    Объективті: температурасы 36,6С. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терісі бозарған, сарғыш түсті, тілі қара-таңқурай түсті, тегіс, жылтыр. Тынысы везикулярлы, ТЖ-26 рет. Жүрек тондары ырғақты, тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шу, пульсі әлсіз толымды, 96 рет мин. АҚ 100/60 мм.с.б. Іші жұмсақ, ауырсынбайды. Бауыры қабырға доғасымен. Көкбауыры пальпацияланбайды.

    Ситуациялық есептің тапсырмалары:
    1. Болжам диагнозын қойыңыз және оны негіздеңіз.

    2. Қажетті зерттеулерді атаңыз.

    3. Болуы мүмкін асқынуларды атаңыз.

    4. Осы науқасқа қатысты сіздің әрекетіңізді, емдеу қағидаларын, аурудың болжамы мен алдын алу шараларын анықтаңыз.

    5. Дәрігерлік-еңбек сараптамасын жүргізіңіз.



    ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕП №37

    25 жастағы науқас С., үйіне дәрігер шақыртқан, тамағының ауруына, сүйектердегі ауырсынуға, күрт әлсіздікке, бас ауруына, дене қызуының 40,0С дейін көтерілуіне, мұрыннан қан кетуге шағымданады. 1 апта бұрын ауырып қалған.

    Объективті: температурасы 39,5С. Жалпы жағдайы ауыр. Пальпацияда терісі ыстық, кеудесінде және аяқ-қолдарында ұсақ нүктелі қан кетулер көрінеді. Аузынан шіріген иіс шығады. Тілі қара жағындымен жабылған. Миндалиндері ұлғайған, іріңді ошақ анықталады. Жалпақ сүйектерді соққылағанда ауырсынады. Тынысы везикулярлы, перкуссияда ашық өкпелік дыбыс. ТЖ-26 рет. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ-120 рет, АҚ 100/70 мм с.б. Іші жұмсақ, шамалы ауырсынады. Бауыры қабырға доғасынан 3 см шығып тұр, көк бауыры қабырға доғасында пальпацияланады.

    Ситуациялық есептің тапсырмалары:
    1. Болжам диагнозын қойыңыз және оны негіздеңіз.

    2. Қажетті зерттеулерді атаңыз.

    3. Болуы мүмкін асқынуларды атаңыз.

    4. Осы науқасқа қатысты сіздің әрекетіңізді, емдеу қағидаларын, аурудың болжамы мен алдын алу шараларын анықтаңыз.

    5. Дәрігерлік-еңбек сараптамасын жүргізіңіз.



    ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕП №38

    56 жастағы науқас П., дәрігерге мойын аймағындағы ісінуге, тез шаршағыштыққы, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. 1,5 жылдан бері ауырады.

    Объективті: температурасы 37,5С. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, есі анық. Терісі және шырышты қабаттары бозарған. Тері асты май қабаты әлсіз жетілген. Үлкейген жақ асты, мойын, қолтық асты, шап лимфа түйіндері пальпацияланады. Өзара және айналасындағы тіндермен жабыспаған. Тынысы везикулярлы, перкуссияда анық өкпелік дыбыс. Жүректің сол жақ салыстырмалы шекарасы сол жақ ортаңғы-бұғана сызығынан 0,4 см сыртқа. Жүрек тондары ырғақты, тұйықталған. Пульсі 78 рет, ырғақты, толымдылығы қанағаттанарлық. АҚ 135/80 мм.с.б. Іші жұмсақ, ауырсынбайды. Бауыры қабырға доғасынан 4 см шығып тұр, көкбауыры қабырға доғасы деңгейінде.

    Ситуациялық есептің тапсырмалары:
    1. Болжам диагнозын қойыңыз және оны негіздеңіз.

    2. Қажетті зерттеулерді атаңыз.

    3. Болуы мүмкін асқынуларды атаңыз.

    4. Осы науқасқа қатысты сіздің әрекетіңізді, емдеу қағидаларын, аурудың болжамы мен алдын алу шараларын анықтаңыз.

    5. Дәрігерлік-еңбек сараптамасын жүргізіңіз.



    ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕП №39

    44 жастағы науқас З., дәрігерге әлсіздік, терлегіштік, қозғыштық, денесінің діріліне, ыстық сезімнің болуына, жүрек қағуға, арықтауға шағымданады. Ауруын стресспен байланыстырады. Ауырғанына 4 ай болған.

    Объективті: температурасы 37,2С. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терісі таза, ылғалды. Қол саусақтарының треморы, бақшаң көздік, кірпігін сирек қағу, көз жылтырының күшеюі, Грефе және Мебиус симптомдары оң мәнділігі анықталды. Қалқанша безі диффузды ұлғайған (толық мойын симптомы). Тері асты май қабаты әлсіз дамыған. Тынысы везикулярлы, ТЖ-20 рет. Жүрек тондары ырғақты, анық. ЖСЖ-100 рет. АҚ 140/70 мм с.б. Абдоминалды патология анықталған жоқ.

    Ситуациялық есептің тапсырмалары:
    1. Болжам диагнозын қойыңыз және оны негіздеңіз.

    2. Қажетті зерттеулерді атаңыз.

    3. Болуы мүмкін асқынуларды атаңыз.

    4. Осы науқасқа қатысты сіздің әрекетіңізді, емдеу қағидаларын, аурудың болжамы мен алдын алу шараларын анықтаңыз.

    5. Дәрігерлік-еңбек сараптамасын жүргізіңіз.



    ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕП №40

    48 жастағы әйел дәрігерге есте сақтау қабілетінің нашарлауына, тез шаршағыштыққа, жұмысқа қабілетінің төмендеуіне, ұйқышылдыққа, іш қатуға шағымданады. 2 жылдан бері ауырады.

    Объективті: температурасы 35,4 С. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, терісі құрғақ, қабыршақтанған. Беті ісінген, мимикасы жоқ, көз саңылауы қысқарған, қабақтары ісінген. Табандары ісінген, басқанда із қалмайды. Тері асты май қабаты артық жетілген. Жүрек тондары ырғақты, тұйықталған, ЖСЖ-52 рет. АҚ 110/70 мм с.б. Тілі ісінген, шеттерінде тістердің ізі бар. Іші жұмсақ, ауырайды.

    Ситуациялық есептің тапсырмалары:
    1. Болжам диагнозын қойыңыз және оны негіздеңіз.

    2. Қажетті зерттеулерді атаңыз.

    3. Болуы мүмкін асқынуларды атаңыз.

    4. Осы науқасқа қатысты сіздің әрекетіңізді, емдеу қағидаларын, аурудың болжамы мен алдын алу шараларын анықтаңыз.

    5. Дәрігерлік-еңбек сараптамасын жүргізіңіз.



    ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕП №41

    18 жастағы науқас К., дәрігерге шөлдеуге, тәбетінің жоғарлауына, ауызының құрғауына, көп мөлшерде зәр шығуына, арықтауға шағымданады. Ауырғанына 2 ай болған.

    Объективті: температурасы 36,6С. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терісі құрғақ, қабыршақтанған. Тері асты май қабаты әлсіз дамыған. Тынысы везикулярлы. Жүрек тондары анық, ырғақты. ЖСЖ-72 рет. АҚ 110/80 мм с.б. Абдоминальді патология анықталған жоқ

    Ситуациялық есептің тапсырмалары:
    1. Болжам диагнозын қойыңыз және оны негіздеңіз.

    2. Қажетті зерттеулерді атаңыз.

    3. Болуы мүмкін асқынуларды атаңыз.

    4. Осы науқасқа қатысты сіздің әрекетіңізді, емдеу қағидаларын, аурудың болжамы мен алдын алу шараларын анықтаңыз.

    5. Дәрігерлік-еңбек сараптамасын жүргізіңіз.




    ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕП №42

    67 жастағы науқас Т., дәрігерге шөлдеуге, ауызының құрғауына, бұтаралықтың терісінің қышуына, көп мөлшерде зәр бөлуге, әлсіздікке шағымданады. Осындай шағымдар 3 ай бұрын пайда болған.

    Объективті: температурасы 36,6С. Бойы 160 см, салмағы 92 кг. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терісі құрғақ, тырнау белгілері бар. Тері асты май қабаты артық дамыған. Тынысы везикулярлы, ТЖ-20 рет. Жүрек тондары ырғақты, тұйықталған. ЖСЖ-72 рет. АҚ 140/90 мм.с.б. Абдоминальді патология анықталған жоқ.

    Ситуациялық есептің тапсырмалары:
    1. Болжам диагнозын қойыңыз және оны негіздеңіз.

    2. Қажетті зерттеулерді атаңыз.

    3. Болуы мүмкін асқынуларды атаңыз.

    4. Осы науқасқа қатысты сіздің әрекетіңізді, емдеу қағидаларын, аурудың болжамы мен алдын алу шараларын анықтаңыз.

    5. Дәрігерлік-еңбек сараптамасын жүргізіңіз.



    ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕП №43

    50 жастағы науқас Д., дәрігерге білезік және қол саусақтарының ұсақ буындарындағы сыздап ауырсынуға шағымданады. Таңертеңгілік құрысу болады, буындары қиын қоғалады, тез шаршағыштық, жалпы әлсіздік байқалады. Бірнеше жылдан бері ауырады, көп рет стационарда емделген, соңғы өршуі 5-6 ай көлемінде.

    Объективті: температурасы 37,2С. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терісі таза. Алақан-саусақ және 2,3,4 проксимальді фаланга аралық буындарының ауырсынуы мен деформациясы анықталады, осы буындарда қозғалыс шектелген. Тынысы везикулярлы. Жүрек тондары ырғақты, анық, ЖСЖ-82 рет. АҚ 120/80 мм.с.б. Абдоминалды патология анықталған жоқ.

    Ситуациялық есептің тапсырмалары:
    1. Болжам диагнозын қойыңыз және оны негіздеңіз.

    2. Қажетті зерттеулерді атаңыз.

    3. Болуы мүмкін асқынуларды атаңыз.

    4. Осы науқасқа қатысты сіздің әрекетіңізді, емдеу қағидаларын, аурудың болжамы мен алдын алу шараларын анықтаңыз.

    5. Дәрігерлік-еңбек сараптамасын жүргізіңіз.




    3.ТӘЖІРИБЕЛІК ДАҒДЫЛАР ТІЗІМІ


    1. Пикфлоуметрия, спирометрия жүргізу;

    2. Науқастарға аэрозольді ингаляторларды, спейсер және небулайзерді қолдану және пикфлоуметрия техникасын үйрету;

    3. Тыныс алу органдарының зерттеу қорытындыларын интерпретациялау: ЖҚА, биохимиялық анализ, спирометрия, пикфлоуметрия мәліметтері мен қақырық анализі;

    4. Артериялық қан қысымын және пульс өлшеу;

    5. ЭКГ түсіру;

    6. ЭКГ сипаттау (қалыпты ЭКГ көрсеткіші, миокард инфарктісі, аритмиялар, блокадалар);

    7. Холтер бойынша ЭКГ мониторингін, АҚ тәуліктік мониторингін, велоэргометрия және функционалды күштеме тест қорытындыларын интерпретациялау;

    8. Миокард некрозының лабораторлы маркерларын, миокард және эндокардтың жедел фазалы көрсеткіштерін, қанның жалпы және биохимиялық анализін интерпретациялау;

    9. Асқорыту жүйесі мүшелерінің зерттеу қорытындыларын интерпретациялау: эзофагогастро-дуоденоскопия, колоноскопия, ректороманоскопия, құрсақ қуысы органдарының УДЗ-і, копрология, нәжісті бактериологиялық зерттеу;

    10. Зәр шығару мүшелерінің зерттеу қорытындыларын интерпретациялау: жалпы зәр анализі, Нечипоренко бойынша анализ, Зимницкий сынамасы, бүйрек жетіспеушілігінің лабораторлы маркерлері, УДЗ және рентген зерттеу мәліметтерін интерпретациялау;

    11. Жедел фазалы қабыну өзегерістерін интерпретациялау (ЖҚА, биохимиялық зерттеу), буындар мен омыртқаның МРТ, КТ, рентген зерттеу мәліметтерін интерпретациялау, аурудың рентген сатысын анықтау, синовиальді сұйықтықты зерттеу мәліметтерін интерпретациялау;

    12. Жалпы қан анализі, гемограмманы, қанның биохимиялық анализін (қансарысу темірін, ферритин, ЖТБҚ, қан ұю және қан ұюға қарсы жүйенің негізгі көрсеткіштері, тамырлы-тромбоцитті және коагуляциялық гемостаз), миелограмма мәліметтерін интерпретациялау;

    13. Диагностикалық экспресс-әдіс жүргізу: қанның глюкозасын анықтау;

    14. Көмірсу алмасуының зерттеу мәліметтерін интерпретациялау: глюкоза, гликозирленген гемоглобин, инсулин. Қалқанша без, бүйрек үсті безі, жыныс гормондары, гипофиздің тропты гормондары, гипоталамустың либериндері мен статиндері. Қалқанша безді, бүйрек үсті және жыныс бездерінің ультрадыбысты зерттеуі;

    15. Қалқанша безін пальпациялау;

    16. Дене салмағының индексін есептеу.
  • 1   2   3   4   5   6

    Похожие:

    Ішкі аурулар пәні бойынша білімді, іскерлік пен машықтарды бағалауға арналған бақылау-өлшеу қҰралдары iconПатофизиология кафедрасы «стоматология» мамандығЫ Үшін бақылау өлшегіш қҰралдары
    ПӘн бойынша алған білімдерін, Үйренген дағдыларын қорытынды бағалауға арналған бақылау-өлшегіш қҰралдары
    Ішкі аурулар пәні бойынша білімді, іскерлік пен машықтарды бағалауға арналған бақылау-өлшеу қҰралдары iconПатофизиология кафедрасы «ҚОҒамдық денсаулық сақтау» бақылау-өлшегіш қҰралы
    ПӘн бойынша алған білімдерін, Үйренген дағдыларын қорытынды бағалауға арналған бақылау-өлшегіш қҰралдары
    Ішкі аурулар пәні бойынша білімді, іскерлік пен машықтарды бағалауға арналған бақылау-өлшеу қҰралдары iconМинистерство здравоохранения рк
    «Менеджменттің теориясы мен тәжірибесі» пәні бойынша бақылау өлшеу құралдары «Денсаулық сақтау мен фармацияда құқық негіздерімен...
    Ішкі аурулар пәні бойынша білімді, іскерлік пен машықтарды бағалауға арналған бақылау-өлшеу қҰралдары iconПән: «Мейірбике ісі негіздері»
    Силлабус (студенттің жұмыс бағдарламасы) «Ішкі аурулар пропедевтикасы» пәні бойынша интеграцияланған типтік оқу бағдарламасы негізінде...
    Ішкі аурулар пәні бойынша білімді, іскерлік пен машықтарды бағалауға арналған бақылау-өлшеу қҰралдары iconҮлгі Негізгі мектеп түлектеріне арналған қорытынды аттестаттау Химия
    Бақылау жұмысы 5 тапсырмадан тұрады, 2- білімді меңгеру, 2- білімді қолдану, 1- білімнің кіріктірілуі
    Ішкі аурулар пәні бойынша білімді, іскерлік пен машықтарды бағалауға арналған бақылау-өлшеу қҰралдары iconКурсы: 2
    Силлабус (студенттің жұмыс бағдарламасы) «Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы мейірбике ісі» пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы...
    Ішкі аурулар пәні бойынша білімді, іскерлік пен машықтарды бағалауға арналған бақылау-өлшеу қҰралдары icon«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Негізгі мектеп түлектеріне арналған қорытынды аттестаттау Химия
    Бақылау жұмысы 5 тапсырмадан тұрады, 2- білімді меңгеру, 2- білімді қолдану, 1- білімнің кіріктірілуі
    Ішкі аурулар пәні бойынша білімді, іскерлік пен машықтарды бағалауға арналған бақылау-өлшеу қҰралдары iconПәні: pvbsdt 2211 «Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядан мейірбикелік іс»
    Дәрістің мақсаты: студенттерді эндокрин және қан жүйесі ауруларының негізгі көріністерімен; бақылау мен күтудің негізгі ерекшеліктерімен,...
    Ішкі аурулар пәні бойынша білімді, іскерлік пен машықтарды бағалауға арналған бақылау-өлшеу қҰралдары iconПән бойынша білімін, іскерлігін және дағдыларын қорытынды бағалау үшін бақылаушы-өлшегіш құралдар
    Ық негіздері” пәні бойынша білімнің қорытынды бағасын анықтау үшін өлшем – бақылау құралдары
    Ішкі аурулар пәні бойынша білімді, іскерлік пен машықтарды бағалауға арналған бақылау-өлшеу қҰралдары icon6М030400 «Кеден ісі» мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтиханының бағдарламасы
    Кедендік бақылау объектілерін кедендік рәсімдеудің техникалық құралдары. Визуалды қадағалаудың техникалық құралдары. Аудио- жөие...
    Разместите кнопку на своём сайте:
    Документы


    База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
    обратиться к администрации
    Документы
    Главная страница