Ішкі аурулар пәні бойынша білімді, іскерлік пен машықтарды бағалауға арналған бақылау-өлшеу қҰралдары




Скачать 416.39 Kb.
НазваниеІшкі аурулар пәні бойынша білімді, іскерлік пен машықтарды бағалауға арналған бақылау-өлшеу қҰралдары
страница3/6
Дата конвертации13.02.2016
Размер416.39 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://sirius.ssmu.kz/fs/_13/03/12/513eeee101301.doc
1   2   3   4   5   6

Болжам диагнозын қойыңыз және оны негіздеңіз.

  • Қажетті зерттеулерді атаңыз.

  • Болуы мүмкін асқынуларды атаңыз.

  • Осы науқасқа қатысты сіздің әрекетіңізді, емдеу қағидаларын, аурудың болжамы мен алдын алу шараларын анықтаңыз.

  • Дәрігерлік-еңбек сараптамасын жүргізіңіз.



    ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕП №20

    Науқас В., 44 жаста, төс артындағы қысып ауыру ұстамасына, ауырсынудың сол қолға, сол жауырын астына және сол бұғанаға таралуына шағымданып келді. Ауырсыну ұзақтығы 3-5 минут. Ауырсыну жүргенде және екі қабатқа көтерілгенде пайда болады, тыныштықта жойылады. Ауырғанына 3 ай болған.

    Объективті: температурасы 36,6С. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терісі таза. Тері асты май қабаты күшті дамыған. Өкпесінде везикулярлы тыныс, ТЖ-16 рет. Жүрек тондары қатты, ырғақты, ЖСЖ-84 рет, АҚ 120/80 мм с.б. Абдоминалды патология анықталған жоқ.

    Ситуациялық есептің тапсырмалары:
    1. Болжам диагнозын қойыңыз және оны негіздеңіз.

    2. Қажетті зерттеулерді атаңыз.

    3. Болуы мүмкін асқынуларды атаңыз.

    4. Осы науқасқа қатысты сіздің әрекетіңізді, емдеу қағидаларын, аурудың болжамы мен алдын алу шараларын анықтаңыз.

    5. Дәрігерлік-еңбек сараптамасын жүргізіңіз.




    ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕП №21

    Б атты науқасқа, 40жаста, үйге дәрігер шақыртылды, жүрек тұсындағы қатты қысып ауырсынуға, ауырсынудың сол қолға, сол жауырынға таралуына, төс артындағы күйдіріп ауырсынуға шағымданады. Ұстама 2 сағат бұрын пайда болған. Нитроглицерин көмектеспеген. Ауруын жұмысындағы стресспен байланыстырады.

    Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, есі анық, температурасы 36,8 С. Науқас төсекте қиналып жатыр, мазасыз. Терісі және шырышты қабаттары бозарған. Везикулярлы тыныс, ТЖ-20 рет. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ-92 рет. АҚ 110/70 мм с.б. Абдоминалды патология анықталған жоқ.

    Ситуациялық есептің тапсырмалары:
    1. Болжам диагнозын қойыңыз және оны негіздеңіз.

    2. Қажетті зерттеулерді атаңыз.

    3. Болуы мүмкін асқынуларды атаңыз.

    4. Осы науқасқа қатысты сіздің әрекетіңізді, емдеу қағидаларын, аурудың болжамы мен алдын алу шараларын анықтаңыз.

    5. Дәрігерлік-еңбек сараптамасын жүргізіңіз.




    ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕП №22

    Науқас әйел К., 68 жаста, дәрігерге тұрақты ентігу, ентігу күш түскенде күрт күшейіп кету, оң қабырға астындағы тұрақты тұйық ауырсынуға, аяқтарындағы ісінуге, шырышты қақырықты жөтелге, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. Көп жылдар бойы ЖИА-мен ауырады, 2 жыл бұрын миокард инфарктісі болған.

    Объективті: температурасы 36,4С. Терісі ылғалды, табандары мен сирақтарында ісіну, акроцианоз. Тынысы қатаң, төменгі бөліктерде үнсіз ылғалды сырылдар. ТЖ-26 рет. Жүректің сол жақ салыстырмалы шекарасы сол ортаңғы-бұғана сызығымен. ЖСЖ-100 рет. Тілі ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, оң қабырға астында әлсіз ауырады. Бауыр қабырға астынан 4 см шығып тұр, әлсіз ауырсынады.

    Ситуациялық есептің тапсырмалары:
    1. Болжам диагнозын қойыңыз және оны негіздеңіз.

    2. Қажетті зерттеулерді атаңыз.

    3. Болуы мүмкін асқынуларды атаңыз.

    4. Осы науқасқа қатысты сіздің әрекетіңізді, емдеу қағидаларын, аурудың болжамы мен алдын алу шараларын анықтаңыз.

    5. Дәрігерлік-еңбек сараптамасын жүргізіңіз.



    ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕП №23

    Дәрігерге 21 жастағы әйел қаралды, тамақтан кейін эпигастрий аймағындағы ауырсынуға, қышқылмен кекіруге, қыжылға шағымданады. Тамақтану режимін сақтамайды. Ауырсыну 2 жылдан бері мазалайды.

    Объективті: температурасы 36,6С. Жағдайы қанағаттанарлық. Терісі таза. Тілі ақ жабындымен жабылған. Пальпацияда іші жұмсақ, эпигастрий аймағында шамалы әлсіздік анықталады. Басқа органдарда өзгерістер жоқ.

    Ситуациялық есептің тапсырмалары:
    1. Болжам диагнозын қойыңыз және оны негіздеңіз.

  • 1   2   3   4   5   6

    Похожие:

    Ішкі аурулар пәні бойынша білімді, іскерлік пен машықтарды бағалауға арналған бақылау-өлшеу қҰралдары iconПатофизиология кафедрасы «стоматология» мамандығЫ Үшін бақылау өлшегіш қҰралдары
    ПӘн бойынша алған білімдерін, Үйренген дағдыларын қорытынды бағалауға арналған бақылау-өлшегіш қҰралдары
    Ішкі аурулар пәні бойынша білімді, іскерлік пен машықтарды бағалауға арналған бақылау-өлшеу қҰралдары iconПатофизиология кафедрасы «ҚОҒамдық денсаулық сақтау» бақылау-өлшегіш қҰралы
    ПӘн бойынша алған білімдерін, Үйренген дағдыларын қорытынды бағалауға арналған бақылау-өлшегіш қҰралдары
    Ішкі аурулар пәні бойынша білімді, іскерлік пен машықтарды бағалауға арналған бақылау-өлшеу қҰралдары iconМинистерство здравоохранения рк
    «Менеджменттің теориясы мен тәжірибесі» пәні бойынша бақылау өлшеу құралдары «Денсаулық сақтау мен фармацияда құқық негіздерімен...
    Ішкі аурулар пәні бойынша білімді, іскерлік пен машықтарды бағалауға арналған бақылау-өлшеу қҰралдары iconПән: «Мейірбике ісі негіздері»
    Силлабус (студенттің жұмыс бағдарламасы) «Ішкі аурулар пропедевтикасы» пәні бойынша интеграцияланған типтік оқу бағдарламасы негізінде...
    Ішкі аурулар пәні бойынша білімді, іскерлік пен машықтарды бағалауға арналған бақылау-өлшеу қҰралдары iconҮлгі Негізгі мектеп түлектеріне арналған қорытынды аттестаттау Химия
    Бақылау жұмысы 5 тапсырмадан тұрады, 2- білімді меңгеру, 2- білімді қолдану, 1- білімнің кіріктірілуі
    Ішкі аурулар пәні бойынша білімді, іскерлік пен машықтарды бағалауға арналған бақылау-өлшеу қҰралдары iconКурсы: 2
    Силлабус (студенттің жұмыс бағдарламасы) «Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы мейірбике ісі» пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы...
    Ішкі аурулар пәні бойынша білімді, іскерлік пен машықтарды бағалауға арналған бақылау-өлшеу қҰралдары icon«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Негізгі мектеп түлектеріне арналған қорытынды аттестаттау Химия
    Бақылау жұмысы 5 тапсырмадан тұрады, 2- білімді меңгеру, 2- білімді қолдану, 1- білімнің кіріктірілуі
    Ішкі аурулар пәні бойынша білімді, іскерлік пен машықтарды бағалауға арналған бақылау-өлшеу қҰралдары iconПәні: pvbsdt 2211 «Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядан мейірбикелік іс»
    Дәрістің мақсаты: студенттерді эндокрин және қан жүйесі ауруларының негізгі көріністерімен; бақылау мен күтудің негізгі ерекшеліктерімен,...
    Ішкі аурулар пәні бойынша білімді, іскерлік пен машықтарды бағалауға арналған бақылау-өлшеу қҰралдары iconПән бойынша білімін, іскерлігін және дағдыларын қорытынды бағалау үшін бақылаушы-өлшегіш құралдар
    Ық негіздері” пәні бойынша білімнің қорытынды бағасын анықтау үшін өлшем – бақылау құралдары
    Ішкі аурулар пәні бойынша білімді, іскерлік пен машықтарды бағалауға арналған бақылау-өлшеу қҰралдары icon6М030400 «Кеден ісі» мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтиханының бағдарламасы
    Кедендік бақылау объектілерін кедендік рәсімдеудің техникалық құралдары. Визуалды қадағалаудың техникалық құралдары. Аудио- жөие...
    Разместите кнопку на своём сайте:
    Документы


    База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
    обратиться к администрации
    Документы
    Главная страница