Ішкі аурулар пәні бойынша білімді, іскерлік пен машықтарды бағалауға арналған бақылау-өлшеу қҰралдары




Скачать 416.39 Kb.
НазваниеІшкі аурулар пәні бойынша білімді, іскерлік пен машықтарды бағалауға арналған бақылау-өлшеу қҰралдары
страница1/6
Дата конвертации13.02.2016
Размер416.39 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://sirius.ssmu.kz/fs/_13/03/12/513eeee101301.doc
  1   2   3   4   5   6



«Астана медицина университеті» АҚ



Форма№ БҚ-7.3.2-12і


Шығарылған күні:

Интернатура бойынша жалпы практика дәрігері


Тексеріс күні:


Тексеріс #:


бет






ІШКІ АУРУЛАР ПӘНІ БОЙЫНША БІЛІМДІ, ІСКЕРЛІК ПЕН МАШЫҚТАРДЫ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫ


Жалпы практика дәрігері интернатура дайындығына бағытталған


Мамандығы : Жалпы медицина


Практикалық сабақ 240 (сағат)


ИӨЖ 120 (сағат)


Емтихан 11-12

(семестр)


Барлығы 360 (сағат)


Курс 6


Семестр 11-12


Астана 2012 ж.


  1. Емтихан сұрақтары:

60

  1. Жағдайлық есептер:

43

  1. Тәжірибелік дағдылар тізімі




16


1.ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ


  1. Жедел вирусты респираторлы аурулар. Синуситтер. Тонзиллиттер.

  2. Пневмония. Өкпе абсцессі. Плевриттер.

  3. Өкпенің созылмалы обструктивті аурулары. Бронх демікпесі.

  4. Бронхоэктатикалық ауру.

  5. Саркоидоз.

  6. Муковисцидоз.

  7. Идиопатиялық фиброздаушы альвеолит.

  8. Пневмокониоздар. Легионеллез

  9. Аллергоздар

  10. Эссенциалды артериялық гипертензия. Симптоматикалық гипертониялар.

  11. Атеросклероз. Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА). Стенокардиялар.

  12. Жедел коронарлық синдром. Миокард инфарктісі және оның асқынулары

  13. Жүрек ырғағының бұзылыстары және жүрек блокадалары

  14. Жүректің ревматикалық ауруы. Жүрек ақаулары.

  15. Созылмалы өкпелік жүрек

  16. Инфекциялық эндокардит.

  17. Миокардиттер. Кардиомиопатиялар.

  18. Өкпелік гипертензия. Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

  19. Созылмалы жүрек жетіспеушілігі.

  20. Қолқа коарктациясы. Қолқа және оның бұтақшаларының артерииті

  21. Митралдық және трикуспидалдық қақпақшалардың пролапсы.

  22. Кенеттен жүрек өлімі Жүректің ісіктері.

  23. Гастроэзофегалды рефлюксті ауру (ГЭРБ).

  24. Созылмалы гастрит.

  25. Асқазан мен 12-елі ішектің жара ауруы. Мэллори-Вейса синдромы. Асқазанның полиптері

  26. Өт қабы және өт шығару жолдарының аурулары.

  27. Ұйқы безінің аурулары.

  28. Созылмалы гепатиттер.

  29. Бауыр циррозы.

  30. Бадда-Киари синдромы. Дабин-Джонсон сарғаюы.

  31. Кригляр-Найяр синдромы. Жильбер типіндегі гипербилирубинемия.

  32. Спецификалық емес жаралық колит. Крон ауруы. Ішек диспепсиялары.

  33. Ішектің тітіркену синдромы. Дисбактериоз. Целиакия

  34. Жедел және созылмалы пиелонефрит.

  35. Жедел және созылмалы гломерулонефрит.

  36. Бүйрек амилоидозы.

  37. Бүйрек тас ауруы.

  38. Жедел және созылмалы бүйрек жетіспеушілігі.

  39. Ревматоидты артрит.

  40. Дәнекер тінінің диффузды аурулары (жүйелі қызыл жегі, жүйелі склеродермия, дерматомиозит).

  41. Антифосфолипидті синдром.

  42. Жүйелі васкулиттер.

  43. Бехтеров ауруы.

  44. Остеоартроз. Подагра. Остеопороз.

  45. Анемиялар.

  46. Жедел лейкоздар.

  47. Созылмалы миелопролиферативті және лимфопролиферативті аурулар. Көп ошақты миелома.

  48. Сезари синдромы. Брилл-Симмерс және Беркит аурулары.

  49. Геморрагиялық диатездер (ИТП, гемофилия, геморагиялық васкулит).

  50. ДВС-синдром.

  51. Қантты диабет.

  52. Метаболикалық синдром. Семіздік.

  53. Қалқанша безі мен қалқанша маңы безінің аурулары.

  54. Гипоталамо-гипофизарлық жүйенің бұзылулары (Иценко-Кушинга ауруы, акромегалия, қантсыз диабет).

  55. Бүйрек үсті безінің аурулары (Біріншілік гиперальдостеронизм, феохромоцитома).

  56. Бүйрек үсті безінің аденокарциномасы.

  57. Феохромобластома.

  58. Бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі.

  59. Аллергиялық аурулары бар науқастарды иммунологиялық тексерудің стандарттары.

  60. Иммундық жүйенің бұзылыстары бар науқастарды иммунологиялық тексерудің стандарттары



2.ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕПТЕР


ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕП №1

23 жастағы ер адам жалпы әлсіздікке, бас ауруына, дене қызуының 37,5С дейін көтерілуіне, құрғақ жөтелге шағымданды. Ауырғанына екі күн болған, ауруын суықтанумен байланыстырады.

Объективті: дене қызуы 37,2 С. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған. Өкпе перкуссиясында ашық өкпелік дыбыс. Аускультацияда тынысы қатайған, жайылған ысқырықты құрғақ сырылдар естіледі. Тыныс жиілігі - 16 рет минутына. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖСЖ - 72 рет минутына, АҚ- 120/80 мм с.б. Абдоминалды патология анықталған жоқ.

Ситуациялық есептің тапсырмалары:
  1. Болжам диагнозын қойыңыз және оны негіздеңіз.

  2. Қажетті зерттеулерді атаңыз.

  3. Болуы мүмкін асқынуларды атаңыз.

  4. Осы науқасқа қатысты сіздің әрекетіңізді, емдеу қағидаларын, аурудың болжамы мен алдын алу шараларын анықтаңыз.

  5. Дәрігерлік-еңбек сараптамасын жүргізіңіз.




ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕП №2

Науқас Б., жалпы әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, жұмысқа қабілетінің төмендеуіне, шырышты-іріңді қақырық бөлінетін жөтелге, ентігуге шағымданады. Жағдайының нашарлағанына 5 күн болды.

Жалпы ауырғанына 5 жыл болды, күз-көктем айларында кезеңді түрде өршулер болады және оны суықтанумен байланыстырады. Шырышты-іріңді қақырық өршу кезінде бірнеше ай бойы орташа көлемде бөлінеді. Науқас 20 жыл бойы күніне 1 қорап темекі шегеді.

Объективті: дене қызуы 37,5С. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терісі таза. Перкуссияда ашық өкпелік дыбыс. Тынысы везикулярлы, әлсізденген, екі жағынан да әр түрлі калибрлі ылғалды сырыл естіледі. ТЖ 22 рет минутына. Жүрек тондары анық, ырғақты. ЖСЖ 72 рет минутына. АҚ 120/80 мм.с.б. Абдоминалды патология анықталған жоқ.

Ситуациялық есептің тапсырмалары:
  1. Болжам диагнозын қойыңыз және оны негіздеңіз.

  2. Қажетті зерттеулерді атаңыз.

  3. Болуы мүмкін асқынуларды атаңыз.

  4. Осы науқасқа қатысты сіздің әрекетіңізді, емдеу қағидаларын, аурудың болжамы мен алдын алу шараларын анықтаңыз.

  5. Дәрігерлік-еңбек сараптамасын жүргізіңіз.


ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕП №3

Науқас В., 43 жаста, күнде болатын тұншығу ұстамасына, әсіресе тыныс шығаруының қиындауына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Ұстамадан кейін аз мөлшерде тұтқыр шыны тәрізді қақырық бөлінеді. 3 жылдан бері ауырады, жоғарыдағы шағымдар маусым айында басталып, шілде айында барлық симптомдар жойылады. Өз ауруын жақын адамын жоғалтумен байланыстырады. 7 және 13 жасар екі баласы бар, оларда да тұншығу ұстамалары болып тұрады. Анасы мен әжесінде де тұншығу ұстамалары болған. Науқаста құлпынай мен пенициллинге аллергиясы бар.

Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Науқас қолдарын орындықтың шетіне тіреп отыр. Терісі таза, цианозды. Кеуде сарайы бөшке тәрізді, бұғана үсті мен асты тегістелген, қабырға аралық кеңістік кеңейген, мойын көктамырлары ұлғайған, қосымша бұлшықеттер тыныс алуға қатысады, қабырға аралары тартылады. Тыныс алуы дөрекі, ысқырықты шуылмен, ТЖ 26 рет мин. Перкуссияда қорапты дыбыс, өкпенің төменгі шекарасы ортаңғы қолтықасты сызығымен 9 қабырға деңгейінде анықталады, осы сызық бойынша өкпе экскурсиясы 2 см. Әлсіреген везикулярлы тыныс фонында тыныс шығаруы ұзарған және құрғақ ысқырықты сырыл естіледі. Жүрек тондары анық, ырғақты, 92 рет мин., АҚ 110/70 мм с.б. Абдоминалды патология анықталған жоқ. Пикфлоуметрияда тыныс шығарудың жоғары жылдамдығы 70% құрайды.

Ситуациялық есептің тапсырмалары:
  1. Болжам диагнозын қойыңыз және оны негіздеңіз.

  2. Қажетті зерттеулерді атаңыз.

  3. Болуы мүмкін асқынуларды атаңыз.

  4. Осы науқасқа қатысты сіздің әрекетіңізді, емдеу қағидаларын, аурудың болжамы мен алдын алу шараларын анықтаңыз.

  5. Дәрігерлік-еңбек сараптамасын жүргізіңіз.




ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕП №4

Науқас Е., 50 жаста, стационарға бас ауруы, жоғары температура, кеудесінің оң жақ бөлігіндегі қатты шаншып ауырсыну, жөтелгенде ауырсынудың күшеюі, ентігу, қоңырқай түсті қақырықты жөтел шағымдарымен түсті. Ауруы суықтанудан кейін жедел басталған, екінші күн ауруда.

Объективті: температурасы 39,4С. Жалпы жағдайы ауыр дәрежеде. Беті қызарған, ернінде герпес бөртпелері бар. ТЖ - 28 рет мин. Қарағанда кеуде сарайының оң жақ бөлігі тыныс алуда қалыңқы, пальпацияда оң жақта дауыс дірілі күшейген, перкуссияда оң жақта төменгі бөлікте тұйықталу дыбысы анықталады, аускультацияда оң жақтың төменгі бөлігінде әлсіреген везикулярлы тыныс, крепитация анықталады. Жүрек тондары түйық, пульсі 110 рет мин., ырғақты, АҚ 110/70 мм с.б. Абдоминалды патология анықталған жоқ.

Ситуациялық есептің тапсырмалары:
  1. Болжам диагнозын қойыңыз және оны негіздеңіз.

  2. Қажетті зерттеулерді атаңыз.

  3. Болуы мүмкін асқынуларды атаңыз.

  4. Осы науқасқа қатысты сіздің әрекетіңізді, емдеу қағидаларын, аурудың болжамы мен алдын алу шараларын анықтаңыз.

  5. Дәрігерлік-еңбек сараптамасын жүргізіңіз.




ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕП №5

Науқас И., 36 жаста, дәрігерге қалтырау, дене қызуының көтерілуі, құрғақ жөтел, оң кеудесінің қатты ауырсынуы шағымдарымен қаралды. Науқасқа оң жағымен жатқан ыңғайлы.

Объективті: температурасы 37,8С. Жалпы жағдайы орташа дәрежеде. Науқас оң жағымен жатыр. Терісі таза. Қарағанда тыныс алуға оң жақ кеудесі толық қатыспайды. Оң жақта тынысы әлсіреген, плевра үйкеліс шуы естіледі. Жүрек тондары тұйықталған. ЖСЖ 92 рет мин. АҚ 120/80 мм с.б. Абдоминалды патология анықталған жоқ.

Ситуациялық есептің тапсырмалары:
  1. Болжам диагнозын қойыңыз және оны негіздеңіз.

  2. Қажетті зерттеулерді атаңыз.

  3. Болуы мүмкін асқынуларды атаңыз.

  4. Осы науқасқа қатысты сіздің әрекетіңізді, емдеу қағидаларын, аурудың болжамы мен алдын алу шараларын анықтаңыз.

  5. Дәрігерлік-еңбек сараптамасын жүргізіңіз.




ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕП №6

Науқас И., 26 жаста, қалтырау, құрғақ жөтел, терең тыныс алғанда күшейетін жөтел, оң кеуде бөлігіндегі ауырлық сезім, күшейіп келе жатқан ентігу шағымдарымен қаралды. Науқасқа жатқаннан гөрі отырған ыңғайлы. Екінші апта ауруда.

Объективті: температурасы 37,8С. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Терісі таза. Қарау кезінде кеуде сарайының оң жағы тыныс алуға толық қатыспайды, пальпацияда дауыс дірілі әлсіреген. Перкуссияда оң жақ ортаңғы қолтықасты сызығымен 7 қабырғадан әрі қарай төмен омыртқаға дейін тұйықталу анықталады. Осы аймақта тыныс бірден әлсіреген. Жүректің сол жақ салыстырмалы шекарасы ортаңғы бұғана сызығынан 1 см сыртқа орналасқан. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ 110 рет мин. АҚ 90/60 мм с.б. Абдоминалды патология анықталған жоқ.

Ситуациялық есептің тапсырмалары:
  1. Болжам диагнозын қойыңыз және оны негіздеңіз.

  2. Қажетті зерттеулерді атаңыз.

  3. Болуы мүмкін асқынуларды атаңыз.

  4. Осы науқасқа қатысты сіздің әрекетіңізді, емдеу қағидаларын, аурудың болжамы мен алдын алу шараларын анықтаңыз.

  5. Дәрігерлік-еңбек сараптамасын жүргізіңіз.




ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕП №7

Отбасылық дәрігерге 34 жасар науқас А. әскери қызметкер, бел-сегізкөз омыртқаларындағы, сол сан-жамбас буынындағы, оң білезік буынындағы, екі тізе және балтыр-табан буынындағы ауырсынуға шағымданып қаралды, ауырсыну кешке және түнде күшейеді, көзінің ашып ауырсынуы бар. Анамнезінде, жылдан бері ауырады, ауруы дизуриялық өзгерістерден кейін 1 айдан соң сол балтыр-табан буынының ауырсынуы, ісінуі және жергілікті температураның көтерілуімен басталған. Осы өзгерістер қайталанып тұрған. Содан кейін оң балтыр-табан және екі тізе буынындағы ауырсынулар қосылған. Соңғы 1-1,5 жылда аурудың өршуі кезінде бел-сегізкөз аймағындағы ауырсыну қосыла бастаған, дене қызуы 37,5-38,1 дейін көтерілген. ЭТЖ 49 мм/сағ дейін жоғарлаған. Соңғы екі жылда рецидив кезінде көзінде құм тұрған сезімі, көп жас бөліну, жұмыстан кейін көзіндегі ашытып ауруы байқалған.

ОБЪЕКТИВТІ ЗЕРТТЕУ: Науқас белсенді, дене бітімі қалыпты, тамақтануы қанағаттанарлық, тырнақтары трофикалық өзгерген, терісінде полиморфты бөртпе бар, аяқ-қолдарында бляшка тәрізді қабыршақтанулар байқалады. Склералары инъецирленген. Бел омыртқа тұсын пальпациялағанда ауырсынады және бұлшықеттері қатайған. Бел-сегізкөз бөлігінде қозғалыс шектелген. Отт симптомы-2,5 см, Шобер симптомы-1,5 см. Сегізкөз-мықын қосылысы жерінде ауырсыну бар, Кушелевский симптомы оң мәнді. Экссудатты-пролифератты өзгерістер нәтижесінен тізе, балтыр-табан және оң білезік буындарының орташа деформациясы анықталады. Осы буындарда қозғалыс шектелген және пальпацияда ауырсынады. Тізе, балтыр-табан және оң білезік буындар үстіндегі жергілікті температура жоғарлаған. Ахилл сіңірін пальпациялағанда ауырсынады, әсіресе оң жақтан. Іш құрылыс органдары айтарлықтай өзгеріссіз.

Ситуациялық есептің тапсырмалары:
  1. Болжам диагнозын қойыңыз және оны негіздеңіз.

  2. Қажетті зерттеулерді атаңыз.

  3. Болуы мүмкін асқынуларды атаңыз.

  4. Осы науқасқа қатысты сіздің әрекетіңізді, емдеу қағидаларын, аурудың болжамы мен алдын алу шараларын анықтаңыз.

  5. Дәрігерлік-еңбек сараптамасын жүргізіңіз.



ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕП №8

Отбасылық дәрігерге 39 жастағы науқас Л. автослесарь, бел-сегізкөз аймағындағы тұрақты ауырсынуға, сонымен қоса сан-жамбас және тізе буынындағы ауырсынуға, қозғалыста, түшкіргенде, физикалық күш түскенде ауырсынудың күшеюі, омыртқалардағы таңертенгілік құрысудың 40 минутқа дейін созылуына, зақымданған буындарда қозғалыстың шектелуі шағымдармен қаралды. Анамнезінде осы аурумен ауырғанына 10 жыл болды. Ауруы жедел бел омыртқаларының, тізе және сан-жамбас буындарының зақымдануымен басталған. Тізе буындары ісінетін болған және рецидивті қайталанған. Соңғы 2 жылда өршу кезінде зақымданған буындардың таңертенгілік құрысуымен жүретін болған. Беліндегі ауырсынуға және ЭТЖ 50 дейін көтерілуіне байланысты бірнеше рет невропатологта емделген.

ОБЪЕКТИВТІ ЗЕРТТЕУ: науқас тізе және сан-жамбас буындарындағы ауырсынуға байланысты қиын қозғалады. Конституциясы бойынша астеник, тамақтануы қанағаттанарлық. Терісі таза, ылғалдығы жоғары. Бел лордозы тегістелген, бұлшықет атрофиясы, «тетив» симптомы оң мәнді. Экссудативті өзгерістер нәтижесінен тізе буындары айқын ісінген және дефигурацияланған. Пальпациялағанда бел-сегізкөз, сегізкөз-мықын қосылысы жерінде және тізе буындарында ауырсыну анықталады. Кушелевский, Отто, Шобер, Томайер симптомдары оң мәнді. Іш құрылыс органдары айтарлықтай өзгеріссіз.

Ситуациялық есептің тапсырмалары:
  1. Болжам диагнозын қойыңыз және оны негіздеңіз.

  2. Қажетті зерттеулерді атаңыз.

  3. Болуы мүмкін асқынуларды атаңыз.

  4. Осы науқасқа қатысты сіздің әрекетіңізді, емдеу қағидаларын, аурудың болжамы мен алдын алу шараларын анықтаңыз.

  5. Дәрігерлік-еңбек сараптамасын жүргізіңіз.




ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕП №9

Науқас Н., 43 жаста, өзін соңғы 5 жылда ауру санайды, сол кезде бірінші рет қолдарының ұсақ буындарында, шынтақ буындарында ауырсыну пайда болған, ісінген, бірақ дәрігерге қаралмаған, өздігінен анальгетиктер қабылдаған. Сол кезде көктем-жаз айларында бетінде және мұрнында тұрақты эритема пайда болған, кейде ешқандай себепсіз дене қызуы субфебрильді цифрге дейін көтерілген. 4 жылдан кейін ауырсыну бүкіл буындарда, белінде пайда болған. Амбулаторлы жағдайда бел-сегізкөз остеохондрознан емделген, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер, физиоем қабылдаған, емнен шамалы эффект болған. Соңғы 6 айда сәл физикалық күш түскенде ентігу, кешке аяқтарының ісінуі, оң кеуде сарайында және оң қабырға астында ауырсыну пайда болған, 10 кг арықтаған. Дәрігерге қаралудан 2 апта бұрын ішінің үлкеюі, төс артында тұрақты ауырсыну, тыныштықтағы ентігу, ентігу ортопноэда жеңілдеу, дене қызуы күнде 38-38,5 С дейін көтерілу пайда болған. Амбулаториядан стационарға жіберілген. Қарағанда: жалпы жағдайы орташа дәрежеде, тамақтануы төмен дәрежеде, терісі бозарған, бетінде және мұрнында эритема бар. Пальпацияда артқы мойын, қолтық асты лимфа түйіндерінің ұлғайғаны анықталады, қозғалмалы, эластикалы, ауырсынусыз. Проксимальді фалангааралық және алақан-саусақ буындарының шамалы дефигурациясы анықталады, буындар деформациясы жоқ, пальпацияда шамалы ауырсынады. Кеуде сарайын перкуссиялағанда оң жақтан 4 қабырғааралықтан төмен жерде тұйықталу анықталады, сол жерде тыныс естілмейді, тұйықталу жерден жоғары аймақта ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі, ТЖ-26 рет мин. Жүректің сол жақ салыстырмалы шекарасы 5 қабырғааралық бұғана ортаңғы сызықта, жүрек тондары тұйықталған, перикард үйкеліс шуы естіледі, ЖСЖ-100 рет мин, АҚ-110/60 мм с.б. Іші үлкейген, перкуссияда іштің екі жағында тұйықталу анықталады, қалпын өзгерткенде тұйықталу орнын ауыстырады. Бауыр қабырға астынан 3 см шығып тұр. Балтырлары іскен. Екі жақтан соққылау симптомы оң мәнді.

Ситуациялық есептің тапсырмалары:
  1. Болжам диагнозын қойыңыз және оны негіздеңіз.

  2. Қажетті зерттеулерді атаңыз.

  3. Болуы мүмкін асқынуларды атаңыз.

  4. Осы науқасқа қатысты сіздің әрекетіңізді, емдеу қағидаларын, аурудың болжамы мен алдын алу шараларын анықтаңыз.

  5. Дәрігерлік-еңбек сараптамасын жүргізіңіз.




ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕП №10

Науқас М., 18 жаста. Ауруханаға түсерден 1 ай бұрын ЖРВИ-мен ауырған, амбулаторлы анальгин, парацетамол, бисептолмен емделген. Дәрілер қабылдап жүрген кезде тізе буындарының ауырсынуы мен ісінуі, балтырында геморрагиялық бөртпелер пайда болуын байқаған. Дәрілерді тоқтатып, антигистаминді дәрілер ішкеннен кейін буындардың ауырсынуы мен бөртпелер кеткен. 3 аптадан кейін қайта қызуы субфебрильді цифрге дейін көтерілгеннен кейін бисептолды қайта ішкен. Жағдайы күрт төмендеген: дене қызуы 38,8 С дейін көтерілген, балтыры, сандары, жамбасында геморрагиялық бөртпелер шыққан, бас ауруы қатты күшейген. Менингитке күдіктеніп жұқпалы ауруханаға жатқызылған. Екі күннен кейін ішінде ұстама тәрізді ауырсыну мен қан аралас іш өту қосылған. Бір рет “кофе” түсті құсу болған.

Қарағанда: жалпы жағдайы өте ауыр, температурасы 38,0 С. Науқас бозарған, арықтаған. Балтырдың алдыңғы терісінде көптеген қосылған геморрагиялық бөртпелер бар. Тізе және балтыр-табан буындары дефигурацияланған, қозғалыста қатты ауырсынады. Пульсі ырғақты, толымдылығы әлсіз - 110 рет мин. Өкпе перкуссиясында ашық өкпелік дыбыс, везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ, ТЖ - 24 рет мин. Жүректің салыстырмалы шекарасы қалыпты. Жүрек тондары дыбысты, ырғақты ЖСЖ - 110 рет мин. АҚ - 100/60 мм с. б. Тілі құрғақ, ақ жабындымен жабылған. Іші тартылған, беткей пальпацияда қатты ауырсынады. Үлкен дәреті тәулігіне 3-4 рет қан аралас. Соққылау симптомы екі жақтан оң мәнді.

Ситуациялық есептің тапсырмалары:
  1. Болжам диагнозын қойыңыз және оны негіздеңіз.

  2. Қажетті зерттеулерді атаңыз.

  3. Болуы мүмкін асқынуларды атаңыз.

  4. Осы науқасқа қатысты сіздің әрекетіңізді, емдеу қағидаларын, аурудың болжамы мен алдын алу шараларын анықтаңыз.

  5. Дәрігерлік-еңбек сараптамасын жүргізіңіз.



ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕП №11

Науқас Н., 20 жаста, студент. Туа біткен жүрек ақауы – қарыншааралық перденің ақауымен ауырады. Ауруханаға түскенде күрт әлсіздікке, қалтырау, дене қызуы 39-40 С дейін көтерілуге, температурасы түскенде қатты терлеуге, сәл күш түскендегі ентігуге, артралгияға шағымданады. Ауырғанына 1 апта болған, азу тісін жұлғаннан 3-4 күннен кейін дене қызуы көтеріліп, әлсіреген. Қызу түсіретін дәрі ішкен, нәтижесіз. Қалтырау және әлсіздік күшейе түскен, буындардағы ауырсыну, ентігу қосылған. Жедел жәрдеммен стационарға жеткізілген. Қарағанда: жағдайы ауыр, тамақтануы төмен, терісі бозылт-сары түсті, сол жақтан жақасты лимфа бездері анықталады-1,5-2 см, эластикалы, шамалы ауырсынады. Дене қызуы - 38,9 С. Буындары өзгермеген. Кеудесін перкуссиялағанда ашық өкпелік дыбыс, везикулярлы тыныс, төменгі бөліктерде тыныс әлсіреген, бірен-саран ұсақ көпіршікті сырыл естіледі, ТЖ - 24 рет мин. Жүректің салыстырмалы сол жақ шекарасы 5 қабырғарааралық ортаңғы бұғана сызықта, жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, төстің сол жағында 3-4 қабырғааралықта қатты систолалық шу естіледі, шу жауырын аралыққа беріледі, тік тұрғанда аортада диастолалық шу естіледі, ЖСЖ - 100 рет мин., АҚ - 110/60 мм с. б. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры қабырға астынан 5 см шығып тұр. Көкбауыры пальпацияланады. Балтырлары іскен. Соққылау симптомы екі жақтан оң мәнді.

Ситуациялық есептің тапсырмалары:
  1. Болжам диагнозын қойыңыз және оны негіздеңіз.

  2. Қажетті зерттеулерді атаңыз.

  3. Болуы мүмкін асқынуларды атаңыз.

  4. Осы науқасқа қатысты сіздің әрекетіңізді, емдеу қағидаларын, аурудың болжамы мен алдын алу шараларын анықтаңыз.

  5. Дәрігерлік-еңбек сараптамасын жүргізіңіз.




ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕП №12

Науқас С., 19 жаста, студент қыз. Тізе, шынтақ, балтыр-табан, білезік және шынтақ буындарындағы тұрақсыз, ұшпалы ауырсынуға, себепсіз жалпы әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, сәл күш түскенде ентігуге, субфебрильді қалтырауға, жүрек қызметінің бұзылысына және тоқтап қалуына шағымданады. Анамнезінде, мектеп уақытында жедел ревматикалық қызбамен ауырған, стационарда пенициллинмен емделген. 1 жыл бұрын университетке түскеннен кейін физикалық күш түскенде (2-3 қабатқа көтерілгенде, тез жүргенде) ентігу пайда бола бастаған, кейде прекардиалды аймақта шаншып ауырсынулар байқалған. Дәрігерге қаралмаған, өздігінен корвалол, валидол, валериана ішкен. Ауруханаға түсерден 1 апта бұрын фолликулярлы ангинамен ауырған, 6 күн эритромицин қабылдаған. Тамағындағы ауырсыну мен дене қызуының жойылғанына қарамастан, жалпы жағдайы жақсармаған, әлсіздік күшейе түскен, тершеңдік қосылған, 2 аптадан кейін дене қызуы субфебрильді цифрге дейін көтерілген. Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта, терісі бозарған, ылғалды, акроцианоз, бетінде іркілген қызару бар. Сол балтыр-табан және оң білезік буындары қызарған және дефигурацияланған, барлық ірі және орта буындары пальпацияда ауырсынады. Өкпе аускультациясында – тынысы әлсіреген және төменгі бөліктерде аз мөлшерде ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі, ТЖ - 20 рет мин. Жүректің салыстырмалы сол жақ шекарасы 5 қабырғааралықта алдыңғы қолтық асты сызығынан 1 см ішке орналасқан, оң жағы – 4 қабырғааралықта төстің оң қырынан 0,5 см сыртқа. Митральді жүрек конфигурация. Жүрек аускультациясында – жүрек ұшында 1 тон әлсіреген, өкпе артериясында 2 тон акценті, жүрек ұшында систолалық шу естіледі, ол сол қолтық астына таралады. Жүрек тондары ырғақсыз, минутына 8-10 кезектен тыс жүрек жиырылуы естіледі. ЖСЖ - 78-84 рет мин. АҚ - 110/70 мм с. б. Бауыры қабырға доғасынан 6 см шығып тұр, шеті дөңгелектенген, пальпацияда сәл ауырсынады. Балтырлары іскен.

Ситуациялық есептің тапсырмалары:
  1. Болжам диагнозын қойыңыз және оны негіздеңіз.

  2. Қажетті зерттеулерді атаңыз.

  3. Болуы мүмкін асқынуларды атаңыз.

  4. Осы науқасқа қатысты сіздің әрекетіңізді, емдеу қағидаларын, аурудың болжамы мен алдын алу шараларын анықтаңыз.

  5. Дәрігерлік-еңбек сараптамасын жүргізіңіз.



ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕП №13

Науқас М., 55 жаста, жүргізуші. Қаралуда оң балтыр-табан буынында және оң табанының ұсақ буынындарының ісінуі мен ауырсынуына, сол жердегі терісінің қызаруына, қозғалысының шектелуіне шағымданады. Анамнезінде, оң табан буындарында кенеттен ауырсынулар пайда болатынына 8 жыл болған, сол кезде қалыпты жағдай кезде бірінші рет түнде оң табанының 1 саусағында қатты ауырсыну пайда болған. Ісініп, қызарған, жергілікті температурасы жоғарлаған. Анальгетик ішкеннен кейін ауырсыну шамалы басылып, буынның қызметі қалыпқа келген. Кейіннен белгілі болғандай, 1-ші табан-фаланга артриті мерекелік дастарханнан кейін немесе күшті физикалық күш түскеннен кейін рецидив болатын. Соңғы 6 айда оң балтыр-табан буынының ауырсынуы қосылған. Кейде тегіс емес жерлерде жүргенде зақымданған буындарында сыртылдау сезімдері пайда болады.

Объективті: дене бітімі қалыпты, тамақтануы жоғары. Құлақ қалқандарында ауырсынбайтын тығыз, өлшемі 0,3 х 0,2 см түйін анықталады. Терісі таза, ылғалды. Тургоры сақталған. Оң табанының 1-ші және 2-ші табан-башпай буындарының деформациясы, hallus valgus қалыптасқан, осы буындар ісінген, терісі қызарған және жергілікті температурасы жоғарлаған. 1 саусақты жанынан қысу симптомы оң. 1-ші және 2-ші саусақтың қозғалысы шамалы шектелген. Оң балтыр-табан буыны ісінген, пальпацияда ыстық және ауырсынады. Активті және пассивті қозғалыстар ауырсыну нәтижесінен шектелген. Ішкі органдар айтарлықтай өзгеріссіз.

Ситуациялық есептің тапсырмалары:
  1. Болжам диагнозын қойыңыз және оны негіздеңіз.

  2. Қажетті зерттеулерді атаңыз.

  3. Болуы мүмкін асқынуларды атаңыз.

  4. Осы науқасқа қатысты сіздің әрекетіңізді, емдеу қағидаларын, аурудың болжамы мен алдын алу шараларын анықтаңыз.

  5. Дәрігерлік-еңбек сараптамасын жүргізіңіз.




ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕП №14

Науқас З., 59 жастағы әйел. Түскендегі шағымдары: аяқ буындарындағы ауырсыну, ұзақ жүргенде, физикалық күш түскенде, баспалдақтан түскенде күшейеді, таңертенгілік жарты сағаттық құрысу, тізе буының сыртылдауы, бел омыртқаларындағы жағымсыз сезімдер. Анамнезінде, осы аурумен ауырғанына 12 жыл болған. Ауруы біртіндеп тізе және балтыр-табан буындарын, кейін бел омыртқаларын зақымдаудан басталған. Сирек жағдайда ауыр күш түсуден кейін тізе буындары ісініп, индометацин майын жаққаннан 7-8 күннен кейін кететін болған. Соңғы кезде жағдайы нашарлап, буындары мен бел омыртқасындағы ауырсыну күшейіп, ұзаққа созылған, таңертенгілік құрысу қосылған.

Объективті: дене бітімі қалыпты, тамақтануы жоғары, тізе және балтыр-табан буындарындағы ауырсынуға байланысты қозғалысы қиындаған. Терісі өзгеріссіз, жергілікті температурасы жоқ. Пролиферативті өзгеріс нәтижесінде тізе буындары деформацияланған, белсенді қозғалысы шамалы шектелген, пассивті қозғалысы толық сақталған. Балтыр-табан буындары өзгеріссіз, қозғалысы сақталған. Тізе және балтыр-табан буындарын қозғалтқанда крепитация және сыртыл анықталады. Паравертебралды аймақты, тізе және балтыр-табан буындарын пальпациялағанда ауырсынады.

Ситуациялық есептің тапсырмалары:
  1. Болжам диагнозын қойыңыз және оны негіздеңіз.

  2. Қажетті зерттеулерді атаңыз.

  3. Болуы мүмкін асқынуларды атаңыз.

  4. Осы науқасқа қатысты сіздің әрекетіңізді, емдеу қағидаларын, аурудың болжамы мен алдын алу шараларын анықтаңыз.

  5. Дәрігерлік-еңбек сараптамасын жүргізіңіз.



ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕП №15

Отбасылық дәрігер К. аттынауқастың үйіне шақыртылды, 57 жаста. Шүйде бөлігіндегі бас ауруы, құсу, бас айналу, көз алдында шіркей ұшу сияқты шағымдар айтады. Жоғарыдағы шағымдар түстен кейін басталған. Осы уақытқа дейін дәрігерге қаралмаған. Басы анда-санда ұзақ жылдар бойы ауырады, бірақ науқас оған көңіл аудармай, дәрігерге қаралмаған.

Объективті: температурасы 36,4С. Жалпы жағдайы орташа. Терісі бозарған. Везикулярлы тыныс. Жүректің салыстырмалы сол жақ шекарасы бұғана ортаңғы сызықтан 1 см сыртқа орналасқан. Жүрек тоны тұйықталған, аортада 2 тонның өте айқын акценті. ЖСЖ 92 рет мин., пульсі қатты, күшейген, 92 рет мин. АҚ 200/110 мм с.б. Абдоминалды патология анықталған жоқ.

Ситуациялық есептің тапсырмалары:
  1. Болжам диагнозын қойыңыз және оны негіздеңіз.

  2. Қажетті зерттеулерді атаңыз.

  3. Болуы мүмкін асқынуларды атаңыз.

  4. Осы науқасқа қатысты сіздің әрекетіңізді, емдеу қағидаларын, аурудың болжамы мен алдын алу шараларын анықтаңыз.

  5. Дәрігерлік-еңбек сараптамасын жүргізіңіз.



ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕП №16
  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Ішкі аурулар пәні бойынша білімді, іскерлік пен машықтарды бағалауға арналған бақылау-өлшеу қҰралдары iconПатофизиология кафедрасы «стоматология» мамандығЫ Үшін бақылау өлшегіш қҰралдары
ПӘн бойынша алған білімдерін, Үйренген дағдыларын қорытынды бағалауға арналған бақылау-өлшегіш қҰралдары
Ішкі аурулар пәні бойынша білімді, іскерлік пен машықтарды бағалауға арналған бақылау-өлшеу қҰралдары iconПатофизиология кафедрасы «ҚОҒамдық денсаулық сақтау» бақылау-өлшегіш қҰралы
ПӘн бойынша алған білімдерін, Үйренген дағдыларын қорытынды бағалауға арналған бақылау-өлшегіш қҰралдары
Ішкі аурулар пәні бойынша білімді, іскерлік пен машықтарды бағалауға арналған бақылау-өлшеу қҰралдары iconМинистерство здравоохранения рк
«Менеджменттің теориясы мен тәжірибесі» пәні бойынша бақылау өлшеу құралдары «Денсаулық сақтау мен фармацияда құқық негіздерімен...
Ішкі аурулар пәні бойынша білімді, іскерлік пен машықтарды бағалауға арналған бақылау-өлшеу қҰралдары iconПән: «Мейірбике ісі негіздері»
Силлабус (студенттің жұмыс бағдарламасы) «Ішкі аурулар пропедевтикасы» пәні бойынша интеграцияланған типтік оқу бағдарламасы негізінде...
Ішкі аурулар пәні бойынша білімді, іскерлік пен машықтарды бағалауға арналған бақылау-өлшеу қҰралдары iconҮлгі Негізгі мектеп түлектеріне арналған қорытынды аттестаттау Химия
Бақылау жұмысы 5 тапсырмадан тұрады, 2- білімді меңгеру, 2- білімді қолдану, 1- білімнің кіріктірілуі
Ішкі аурулар пәні бойынша білімді, іскерлік пен машықтарды бағалауға арналған бақылау-өлшеу қҰралдары iconКурсы: 2
Силлабус (студенттің жұмыс бағдарламасы) «Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы мейірбике ісі» пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы...
Ішкі аурулар пәні бойынша білімді, іскерлік пен машықтарды бағалауға арналған бақылау-өлшеу қҰралдары icon«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Негізгі мектеп түлектеріне арналған қорытынды аттестаттау Химия
Бақылау жұмысы 5 тапсырмадан тұрады, 2- білімді меңгеру, 2- білімді қолдану, 1- білімнің кіріктірілуі
Ішкі аурулар пәні бойынша білімді, іскерлік пен машықтарды бағалауға арналған бақылау-өлшеу қҰралдары iconПәні: pvbsdt 2211 «Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядан мейірбикелік іс»
Дәрістің мақсаты: студенттерді эндокрин және қан жүйесі ауруларының негізгі көріністерімен; бақылау мен күтудің негізгі ерекшеліктерімен,...
Ішкі аурулар пәні бойынша білімді, іскерлік пен машықтарды бағалауға арналған бақылау-өлшеу қҰралдары iconПән бойынша білімін, іскерлігін және дағдыларын қорытынды бағалау үшін бақылаушы-өлшегіш құралдар
Ық негіздері” пәні бойынша білімнің қорытынды бағасын анықтау үшін өлшем – бақылау құралдары
Ішкі аурулар пәні бойынша білімді, іскерлік пен машықтарды бағалауға арналған бақылау-өлшеу қҰралдары icon6М030400 «Кеден ісі» мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтиханының бағдарламасы
Кедендік бақылау объектілерін кедендік рәсімдеудің техникалық құралдары. Визуалды қадағалаудың техникалық құралдары. Аудио- жөие...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница