Алғы сөз Кітап ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына




НазваниеАлғы сөз Кітап ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына
страница1/15
Дата конвертации13.02.2016
Размер2.45 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://multiurok.ru/uploads/e/7/d/e7d72164105a1a39c6602e6c8409e88ed5c49a92/patfiz.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15





Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы

«Түркістан» көпсалалы медицина колледжі


Жұманазаров Н.А.,Құрбанбаева А.Қ., Теріскенбаева Б.Б.


Патологиялық физиология негіздері

I бөлім


Оқу құралы


Түркістан-2015

Оқу құралын ҚР денсаулық сақтау министрлігі 2014 жылы 5 тамызындағы №604 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасы негізінде Түркістан қалалық орталық ауруханасының патологанатомы, ХҚТУ-нің бөлім меңгерушісі,адам патологиясы кафедрасының м.ғ.к. доцент Жұманазаров Н. А. Түркістан» көпсалалы медицина колледжінің « Жалпы кәсіптік пәндер»кафедрасының меңгерушісі: Құрбанбаева А.Д. № 4 ЦӘБ дәрігер-оқытушысы Теріскенбаева Б.Б. дайындаған.


Оқу құралы «Түркістан» көпсалалы медицина колледжінің ғылыми – педагогикалық кеңесіннің мәжілісінде қаралып мақұлданған.

Төрағасы колледж директоры, м.ғ.к., Рысбеков Қ.О.


Хаттама №1 28.08.2014жыл


Редактор: «Түркістан» көпсалалы медицина колледжі директорының орынбасары, жоғары санаттағы оқытушы Баратова Е.Е.


Оқу құралы медицина колледждерінің студенттеріне арналған.


Рецензенттер: Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-і, адам паталогиясы кафедрасының доценті., м.ғ.к. Камыспаев М.У.

«Түркістан» көпсалалы медицина колледжінің «Хирургиялық аурулар және туыстас пәндер»кафедрасының меңгерушісі Азизова Т.Б.

© Жұманазаров Н.А.Құрбанбаева А.Д. Теріскенбаева Б.Б. 2015

Алғы сөз


Кітап ақылына ақы сұрамайтын

алтын қазына

(Халық даналығы)

Ұсынылып отырған оқу құралы қазіргі замандағы ғылымдардың дамуына және медициналық колледждерде оқитын Мамандығы 0302000 - "Медбикелік ісі", Біліктілігі 0301023 - "Жалпы практикадағы" мамандықтары студенттеріне арналған. Оқу құралы аталған пәннің соңғы типтік оқу бағдарламасына сәйкес жазылған.

Оқулық екі бөлімнен тұрады, оның жалпы бөлімінде паталогиялық үрдістердің құрылымдық негіздері, паталогиялық анатомияның зерттеу әдістері, өлім себептері, атрофия, дистрофия, некроз, ісіктер жөнінде және иммунды процесстердің бұзылуы аллергия жөнінде мәліметтер келтірілген. Оқулықтың жеке бөлімінде жалпы паталогия пәнінің бағдарламамсында көрсетілген жеке аурулардың анықтамасы олардың туындау себептері (этологиясы), келіп шығу механизмдері (патогенезі) жөнінде мәліметтер келтірілген. Сонымен қатар қан жүйесі мен қан жасайтын мүшелердің паталогиясы және жүрек қан тамырлар жүйесінің, тыныс алу,ас қорыту мүшелерінің паталогиялық анатомиясы асқынулары, өлім себептері жөнінде толық түсінік берілген.

Оқу құралы орта медицина мамандарын дайындайтын медициналық оқу орнындарының студенттеріне жалпы паталогияны игеріп, күнделікті сабақтарға, емтиханға дайындалуға арналған.


1. КІРІСПЕ. ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ АУРУ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. АУРУ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН АЯҚТАЛУЫ


Жалпы паталогия пәні - аурудың пайда болуы, өтуі және аяқталуының заңдылықтарын, теориялық және тәжірибелік жағдайларын қамтып көрсететін біртұтас ғылым. Жалпы паталогияның негізделетін басты пәндері паталогиялық физиология және паталогиялық анатомия.

Бірінші бөлімі-жалпы паталогия негіздері. Бұл бөлім жалпы паталогиялық үрдістердің сипаттамалары мен олардың негізін құрайтын зат алмасу өзгерістерінің, қызметтердің, құрылымдардың өзгеруі, сондай-ақ ағзадағы аурудың пайда болуындағы, даму кезіндегі және соңында реактивтіліктің рөлін сипаттауға арналған.

Екінші бөлім- жеке паталогия негіздері, ауру кезінде патофизиологиялық механизмдер мен құрылымдардың, жүйелердің, ағзалардың,тіндердің, жасушалардың, морфологиялық өзгерістердің себептерін зерттейді. Жалпы паталогия пәні паталогиялық физиология және паталогиялық анатомия пәнімен тығыз байланысты.

Патологиялық анатомияның зерттеу әдістері


Патологиялық анатомияның зерттеу әдістеріне аутопсия, биопсия, және эксперимент арқылы тексеру кіреді.

Аутопсия - өз көзімен көру деп, өлу себептерін анықтау үшін мәйітті ашып көру әдісі аталады. Қазіргі таңда ауруханада өлген әрбір науқас осы әдіспен тексеріліп, клиникада қойылған диагноздың дұрыс не қателігі, қолданылған емнің қаншалықты пайдалы және уақтылы болғандығы, аурудың асқыну белгілері, өлу себептері анықталады.

Биопсия (bios- өмір, opsis- көру) деп ауру сипатын анықтау мақсатында науқастың зақымданған тінінен кесіп алып, тексеруді түсінеді. Демек, биопсия- тірі адамды морфологиялық әдіспен тексеру деген сөз. Биопсиялық тексеру үшін материалдар әртүрлі жолдармен алынады. Мысалы, асқазан-ішек және тыныс жолдарынан биопсия аспирация әдісімен алынса, бауырдан, бүйректен пункция арқылы алуға болады. Сүйектерді әдейі тесу арқылы алынатын биопсияны трепанобиопсия деп атайды.

Эксперимент арқылы тексеру әдісі де патологиялық анатомияда кеңінен қолданылады. Себебі, кейбір аурулардың шығу механизмін адамда зерттеу мүмкін емес, сол үшін эксперимент жасалады. Мысалы көптеген қатерлі ісік тудырушы (канцероген) заттардың, аса улы химиялық қосындылардың әсерін тек осы жолмен ғана үйренуі мүмкін.

Қазіргі кезеңде патологиялық анатомияда электрондық микроскопты, цитохимия, радиоавтография және т.б. жаңа әдістерді кеңінен қолдануға байланысты патологиялық үрдістерді молекула деңгейінде тексеру мүмкіндігі бар.


Өлім белгілері және өлімнен кейінгі өзгерістер

Табиғаттағы тірі жан-жануарлардың бәрі де өз тіршілігін өліммен аяқтайды, яғни мәйітке айналады. "Өмір сұру - өлу деген сөз" деп Ф.Энгельс бекерге айтпаған.

Өлу заңдылықтарын, оның себептерін және өлімнен кейінгі өзгерістерді зерттейтін ілімді танатология деп атайды. Адам өлімін бүкіл организмнің өлімі деп қарау керек. Бірақ, әр түрлі зерттеулер арқылы кейбір ағзалардың, тіндердің өз тіршілігін организм өлгеннен кейін де біраз уақытқа дейін сақтай алатындығы анықталған. Осыған байланысты өлген адам ағзаларын, тіңдерін трансплантация үшін пайдалану мүмкіншілігі туды. Қазіргі кезде бүйректерді, жүректі өлген адамнан ауру адамға көшіріп отырғызу тәжірибеде кеңінен қолданылады. Патологоанатом тек аурухана жағдайында қайтыс болған науқасты ашып көріп, өзінің қорытынды сөзін өлімнің қаңдай ауру салдарынан болғанын, оның пайда болу механизмдерін. Өлу үрдісі өте күрделі болып, бірнеше сатылардан тұрады. Негізінде өлім физиологиялық және патологиялық болып екіге бөлінеді. Физиологиялық немесе табиғи өлім-кенеттен ағза өмірінің тоқтауы. Патологиялық өлім кезінде адам, өлтіру немесе өзін-өзі өлтіруден және де аурудан өледі. Клиникадағы өлімді клиникалық және биологиялық деп бөледі.

Клиникалық өлім кезінде жүрек және тыныс қызметі толық тоқтайды, барлық рефлекстер жойылады. Клиникалық өлім 5-6 минутқа созылса ол қайтымды болып есептеледі. Осы кезде (реанимациялық) қайта жандандыру іс –шаралар жасалынса адам тірілуі мүмкін. Ал, одан кейін ми жасушалары қайтымсыз өзгерістерге ұшырайды. Нәтижесінде биологиялық өлімге апарады.

Биологиялық өлім деп- адам ағзасы өлімінің қайтымсыз кезеңін атайды. Биоллогиялық өлім кезінде бірінші болып ми қыртысы және мидың басқа да бөлімдері істен шығады. Содан кейін ішкі секреция бездерінің қызметі, паренхиматозды мүшелердің және басқада тіндердің қызметі тоқтайды.

Терминалдық жағдай. Бұл сатыны (грек . аgonia –жанталасу) деп атайды. Өліп бара жатқан адам есінен айырылады, рефлекстері жоғалады. Науқастың жүрек соғуы жиілеп, әлсірейді, артынан сирейді, тынысы үзілісті тыныстарға (Чейн-Стокс, Биот, Куссмауль) ауысады. Кейін тынысы, жүрек соғуы тоқтайды, терминалды үзіліс пайда болады. Бірнеше секунд – минуттан соң агониялық тыныс қозғалыстары байқалады. Науқас бұл жағдайда өлім мен өмір арасында болады. Агония кезінде артериялық қысым 15-20 мм с б б көтеріліп адам терең күрсініп, ауызын ашып тыныс алады. Бұл кездегі тыныс, ауаны жұтып алған сияқты болады, қан қысымының төмендеуі және жүрек қызметінің тоқтауы, адамда гипоксемия және гипоксия дамуына әкеледі. Қанда сүт қышқылының мөлшері артады. Ағзада зат алмасу процестері бұзылып, дене қызуы төмендейді, қоршаған орта температурасымен теңеседі.

Өлімнің алғашқы белгілеріне: 1) мәйіттің сууы; 2) мәйіттің сіресіп қалуы; 3) мәйіттің кебуі; 4) қанның қайта бөлінуі; 5) мөйіт дақтары кіреді.

Мәйіттің сууы өлгеннен соң организмдегі зат алмасу үрдісінің тоқтауына байланысты. Дене жылуы бірте-бірте азайып, айналадағы температурадан 0,5-1 °С төменірек дәрежеге дейін түседі.

Мәйіттің сіресіп қалуы дене бұлшықеттерінің қатайып, тартылып қалуына байланысты. Бұл өзгерістердің негізіндегі биохимиялық үрдістер жатады.

Мәйіттің сіресуі жақ, бет, мойын бұлшықеттерінен басталып, бүкіл денеге тарайды, бір тәуліктен кейін барып олар қайтадан босай бастайды. Мәйіттің сіресуін жасанды түрде жою үшін біраз күш жұмсау керек. Мәйіттің сіресу күші көптеген себептерге байланысты. Дене жаттықтырумен шұғылданатын адамдарда, кейбір науқастарда (холера, сіреспе ауруларында, стрихнинмен уланғанда) ол жақсы байқалса, ал кәрі кісілерде, жас балаларда, сепсистен кейін сіреспе күші өте әлсіз болады.

Мәйіттің кебуі - өлгеннен кейін денедегі сұйықтықтардың құрғап және буланып кетуінің нәтижесі.

Қанның қайта бөлінуі. Өлгеннен соң артерия қан тамырының қысқаруы нәтижесінде қан вена тамырларына өтеді және өзінің салмағына байланысты дененің төменде жайғасқан бөліктерінде жинала бастайды. Жүректегі және ірі вена тамырларындағы қан ұйып қалады. Егер жанталас дәуірі үзаққа созылған болса, қан ұйындылары ақшыл-сары түске кіріп, оның құрамы негізінен фибрин жіпшелерінен тұрады, ал ауру тез қайтыс болғанда ұйынды құрамында барлық қан элементтері болғаны үшін оның түсі қызыл болады.

Мәйіт дақтары өлгеннен соң 2-4 сағаттан кейін пайда болады. Олар мәйіттің төменгі бөліктерінде көкала-қызыл немесе қоңыр-күлгін түсте көрінеді. Қолмен басқанда олардың реңі ақтаң-дақтанып барып аз ғана уақыттан соң өз реңіне қайта кіреді.


Денсаулық және ауру туралы түсінік


«Денсаулық- баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болуы үшін, не уақытты, не күш жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін, не уақытты, не күш жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлігін де қиюға болады. «Денсаулықсыз өмір-қызықсыз әлем деп есептеймін»- деген М. Монтень.Осы арада денсаулық деген ұғыма түсінік бере кетейік. «Денсаулық дегеніміз – адам организмінің дұрыс әрі қалыпты жұмыс істеуі» яғни, адам организмінің әрбір органы, әр мүшесі сол жаратылған қалпында сақталып, оның дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір функцияларды атқаруы.


Жалпы нозология


Жалпы нозология грек тілінен аударғанда (nosos - ауру; logos-ілім) деген сөзден шыққан, яғни ауру туралы ілім. Бұл тарауда ауруды тудыратын себептерді, аурудың даму механизмдерін, аурудың кезеңдерін, аурудың аяқталуын оқыту қарастылады.


Қалыптылық

Қалыптылық адамның өлшем көрсеткіштерінің орташа есебін шығару ғана емес, адамның өзіне коршаған сәйкес бейімдеуін айтады.

Ауру дегеніміз - белгілі бір себептердің әсер етуі арқылы, ағза қызметтерінің бұзылып, бейімделу процестерінің нашарлауы.

Адам ағзасында аурумен қатар ағзаның қорғану -бейімделу механизмдері жүреді. Егер ағзаның қорғану — бейімделу күші белсенді болса, ауру тез жазылады. Мысалы: тұмаумен ауырған адам ем қабылдамаса да көбінесе 3-4 күннің ішінде ауруынан айығады. Ал иммундық жүйесі әлсіреген кейбір адамдарда ауру ағымында біраз ауыртпашылықтар, асқынулар дамиды. Адам ағзасында ауру кезінде патологиялық процестермен қоса патологиялық жағдайлар байқалады. Патологиялық процесс деп— ағза немесе мүшелерде зақымданған тіндер мен қорғану - бейімделу реакцияларының қосарлануын айтады. Патологиялық жағдай әртүрлі сырттан болатын тітіркендіргіштер әсерінен патологиялық процеске ауысады. Мысалы, туылғанда пайда болған меңді патологиялық жағдай деп айтатын болсақ, оны белгілі бір себептермен ұзақ уақыт тітіркендірсе, кейін келе ол қатерлі ісікке айналуы мүмкін. Керісінше, дәл сол сияқты патологиялык процесс патологиялық жағдайға ауысуы мумкін. Мысалы, ауыз қуысында тістерді жұлып алғаннан кейін, оның орнында яғни жақтың альвеолалық өсіндісі атрофияланады. Сөйтіп тыртықгы тін түзіледі. Бұл жерде түзілгін тыртықгы тін патологиялық жағдай болып есептеледі.

Аурудың нышандары:

Ауру деп айту үшін оның мынадай үш түрлі нышандары болуы қажет.

  1. Субъективті симптомдары немесе науқас адамның өзін -өзі сезінуі.

  2. Объективті симптомдары

  3. Қоршаған ортаның ықпалдарына науқас адамның икемделіп бейімделу мүмкіншіліктерінің шектелуі

Субъективті симптомдары негізінде адамды әлі ауру деп айтуға болмайды. Кейбір адамдар жоқ сезімді бар деп шағынуы мүмкін. Мәселен, ауыр қылмыс жасаған адам өтірік науқас болуға тырысатыны белгілі. Аурудың объективті симптомдары медициналық аспаптармен клиникалық және лабораториялық зерттеулер арқылы анықталады . Аурудың үшінші нышаны –қоршаған ортаның ықпалдарына науқас адамның икемделіп бейімделу мүмкіншіліктерінің шектелуі, осыдан ересек адамның еңбекке қабілетінің төмендеуі байқалады. Осы үш нышандары бірге қабаттасып адам бойында болғанда ғана оны ауру деуге болады.


Аурудың түрлері, ауру дамуының кезеңдері, ауру аяқталуының түрлері

Аурулардың жіктелулері

Пайда болу себептеріне қарай: туа біткен және жүре пайда болған аурулар деп ажыратылады. Туа біткен аурулар: тұқым қуалайтын тектік ерекшеліктерден немесе іштегі ұрықтың даму бұзылыстарынан немесе туылу кезкездеріндегі кесапаттардан дамитынболулары мүмкін . Жүре пайда болған аурулар:жұқпалы және жұқпалы емес болуы ықтимал. Даму жолдарынақарай олар аллергиялық, қабынулық, зат алмасулық, нервтік, дистрофиялық т.б. аурулар деп ажыратылады. Даму жылдамдығы мен көріну қарқынына қарай: қауырт, жіті, жедел дамитын, тез дамитын, баяу дамитын, созылмалы ауруларға ажыратылады. Арнайы дерттік өзгерістердің денедегі денгейіне қарай: молекулалық, хромосомалық, ағзалық, жүйелік деп бөлінеді. Науқас адамдардың жасына қарай: жаңа туған нәрестелердің, балалардың, ересек адамдардың және қарттардың аурулары болады; жынысына қарай: әйелдердің және еркектердің ауруларын ажыратады.

Кез-келген ауру белгілі бір уақыт ішінде дамиды. Біреуі тез, ал екіншісі баяу дамиды. Аурудың даму жылдамдығына қарай- 4 күнге дейін ауру дамыса- өте жедел, 15-40 күннің ішінде дамыса- жеделдеу және одан да ұзаққа созылса, онда оны созылмалы деп атайды.

Ауру дамуында 4 кезеңді айырады:

Латентті немесе оны жасырын кезең деп атайды. Жұқпалы аурулардың жасырын кезеңі инкубациялық деп атайды. Аурудың бастапқы кезеңі немесе продромальды кезең. Бұл кезеңде ағзада ешбір ауруға тән емес белгілер байқалады.

Ауру белгілерінің айқын көрінетін кезеңі. Әрбір ауруға тән клиникалық белгілер осы кезеңде байқалады. Мысалы: созылмалы бронхитте негізгі белгі жөтел осы кезеңде білінеді.

Аурудың аяқталу кезеңі. Оның бірнеше түрі бар:

А. Сауығу

Б. Аурудың созылмалы түрге ауысуы

В. Аурудың қайталануы

Г. Аурудың өліммен аяқталуы

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Похожие:

Алғы сөз Кітап ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына iconЛекция 45
Алғы сөз
Алғы сөз Кітап ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына iconЛекция 45
Алғы сөз
Алғы сөз Кітап ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына iconЛекция 45
Алғы сөз
Алғы сөз Кітап ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына iconЛекция: 15 сағат
Алғы сөз
Алғы сөз Кітап ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына iconАлғы сөз
Студентке арналған «Ем – дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» пәнінің бағдарламасы
Алғы сөз Кітап ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына iconАлғы сөз
В010900 Математика, 5В060400 Физика, 5В060200 Информатика, мамандықтарына арналған
Алғы сөз Кітап ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына iconҚазақстан халқының тілдері күні
Сонымен бірге «Тіл-ұлттық қазына» атты кітап көрмесі өтті. Онда мемлекеттік тілді дамыту жолында кітапхана тарапынан атқарылып жатқан...
Алғы сөз Кітап ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына icon9 – сынып оқушыларын мемлекеттік аралық бақылауға дайындауға арналған тест жинағы
Алғы сөз 3
Алғы сөз Кітап ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына iconАлғы сөз Әзірлеген
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті “Биология” кафедрасының доценті, а ш. ғ. к. Нұржанова К. Х
Алғы сөз Кітап ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына iconАлғы сөз
«Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәнінің оқу әдістемелік кешені
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница